Құрылысты механикаландыру және автоматтандырудағы құрылыс машиналары мен жабдықтарының рөлі және олардың дамуы


Құрылыс машиналары туралы жалпы мәліметтер. Құрылысты механикаландыру және автоматтандырудағы құрылыс машиналары мен жабдықтарының рөлі және олардың дамуы.
Құрылыс өндірісінің тиімділігін арттырудың негізгі бағыттары қолмен атқаратын жұмыс үрдістерін қысқарту, пайдаланудағы мехаикаландыру құралдарының өнімділігін арттыру және жаңа машиналарға байланысты оларды тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін деңгейде жұмысты ұйымдастырып, тезнологиялық үрдістерді жетілдіру. Құрылыстағы негізгі жұмыстар қолмен, механикаландырылған және кешенді механикаландырылған әдіспен, сондай-ақ механикаландырылған үрдісті жартылай автоматты түрде басқару жолымен атқарылады.
Құрылысты механикаландыру дегеніміз еңбек операцияларын қолмен атқару әдісін машиналық әдіспен ауыстыру мақсатында өндірістік үрдіске техникалық, технологиялық және ұйымдастырушылық әсер ету. Құрылысты кешенді механикаландыру дегеніміз барлық негізгі және қосалқы, ауыр және еңбеккөлемді операциялар мен үрдістер техниканың алдыңғы қатарлы дамыған деңгейінде, өнімділіктері өзара үйлескен, барлық үрдістің берілген ырғағын (мерзімін) қамтамасыз ететін және берілген жағдайда мүмкін болатын ең жоғары техникалық-экономикалық көрсеткіштерді, яғни жұмыстың ең төмен құнымен еңбектің ең жоғары өнімділігін қамтамасыз ететін механизмдер, машиналар және жабдықтар негізінде механикаландырылған үрдіс. Кешенді механикаландырылған жағдайда қол жұмыстары еңбеккөлемділігі төмен жерде ғана, олар үрдістің жалпы ырғағын төмендетпейтін және еңбекті жеңілдету мен экономикалық тұрғыдан қажеті жоқ жерде іске асырылуы мүмкін. Автоматтандыру кешенді механикаландырылған жерде ғана қолдану керек. Жартылай механикаландырылған жерде автоматтандырудың тиімділігі төмен болып қана қоймай тіпті үрдісті әрі қарай жетілдіруге зиянын тигізуі де мүмкін. Сонымен, кешенді автоматтандыру дегеніміз барлық негізгі және қосалқы басқару үрдістері, берілген өнімділік пен өнім сапасы, адамның араласуынсыз, автоматты түрде қамтамасыз етілетін жағдай. Бұл жерде адамның жұмысы арнайы құрылғылардың жұмысын бақылаумен ғана шектеледі. Құрылысты механикаландыру мен автоматтандырудың негізгі мақсаты - еңбек өнімділігін көтеру және адамды ауыр, еңбеккөлемді, шаршатып-жалықтыратын жұмыстардын босату. Механикаландыру мен автоматтандыру ресурстарды тиімді пайдалануды, өнім мен жұмыстың сапасын көтеруді және құнын төмендетуді қамтамасыз етеді. Осыған байланысты жұмыс жағдайы өзгереді, өндірістің мамандық және ұйымдастырушылық деңгейі өседі, қол жұмысы мен ой жұмысының айырмашылығы азаяды, өндірістік үрдіс қызғылықты және қауіпсіз болады. Жалпы алғанда құрылысты механикаландыру және автоматтандыру қоғамдық өндірістің тиімділігін көтерудің материалдық негізі және өндірістік күштердің даму аймағындағы техникалық прогрестің басты бағытының бірі болып есептеледі
Құрылыс машиналары мен жабдықтарын жіктеп-сұрыптау
Құрылыс өндірісіне тән технологиялық үрдістердің әр түрлілігі өзінің жұмыстарға арналуы, құрылымы, қуаты мен размерлері әр түрлі құрылыс машиналарын пайдалануды қажет етеді.
Әр түрлі жұмыстарды орындауға арналуы бойынша барлық құрылыс машиналары келесі топтарға бөлінеді: 1. Жер қазу жұмыстарына арналған машиналар; 2. Көтергіш-тасымалдау машиналары; 3. Бұрғылау машиналары; 4. Бетон және темірбетон жұмыстарына арналған машиналар; 5. Қада қағу машиналары; 6. Әрлеу жұмыстарына арналған машиналар; 7. Жол машиналары; 8. Қол машиналары (механикаландырылған құралдыр) . Әрі қарай бұл машиналар құрылымы, жұмыс жабдығы түрі, жылжу мүмкіндігі, жетек түрі, бұрылу дәрежесі, тірелу әдісі бойынша жіктеледі. Бұдан басқа барлық құрылыс машиналары қоршаған орта температурасына байланысты екі топқа бөлінеді:
- Жалпы жағдайға арналған машиналар, ±400С температура жағдайында жұмыс істеуге арналған.
- Арнайы, арнайы орындалған машиналар, -600С (хл) дейін және +600С (т) дейінгі жағдайда жұмыс істеуге арналған. ТМД елдерінде (негізінен Ресейде) шығарылған машиналар шартты әріп-сандармен белгіленген, машина моделімен оның басты параметрін айғақтайтын индекспен белгіленеді.
Бірақ көпнәрсе әр сала өзінде қабылданған ережелер бойынша машиналарды маркалай береді. Басқа мемлекеттерде шығарылған машиналар сол елдің ережелері бойынша маркаланады. Сонымен ТМД-да шығарылған машиналар келесідей әріптермен маркаланады: ЭО-жалғызшөмішті эксковаторлар;
ЭТМ - көпшөмішті шынжырлы траншея қазғыш экскаваторлар;
ЭТУ - әмбебап траншея қазғыш экскаваторлар;
ЭТР - көпшөмішті роторлы траншея қазғыш экскаваторлар;
ЭМ - көпшөмішті көлденең қазғыш экскаваторлар;
ДЗ - жер қазып, топырақ тасымалдауға арналған машиналар (бульдозер, скрепер, автогрейдер, грейдер-элваторлар) .
ДП - тамыр жұлғыштар, бұта қырққыштар, қопсытқыштар, тоқ оятын тіркемелі және аспалы машиналар;
ДУ - топырақты тығыздауға арналған машиналар;
СП - қада қағу жұмыстарына арналған машиналар;
БМ - бұрғылау және бұрғылау-кран машиналар
КС - оқтаулы крандар;
КБ - бұнаралы крандар;
СБ - бетон жұмыстарына арналған жабдықтар;
СО - әрлеу, еден және төбе жұмыстарына арналған машиналар мен жабдықтар;
ТО - жалғызшөмішті тиеуіштер;
ТМ - көпшөмішті тиеуіштер;
ТА- цемент түсіргіш маиналар;
ТК - конвейерлер мен қоректенгіштер;
ТР - кен емес (тас) материалдарды түсіргіш;
ТЦ - автоцементтасығыш;
ТЛ - машиналар лебедкалар;
ТП - мачталы құрылыс көтергіштері;
ПГП - жүк және адамдарды көтергіштер;
ПГ - жүк лифтлері;
ТА - автоцементтасығыштар;
ИГ - гидро және пневмогидравликалық аспап;
ИЭ - электр қол құралдары;
ИМ - іштен жанатын қозғалтқышты аспап;
ИП - пневаматикалық қол құралдары;
ИР - қол аспаптары;
ИВ - дірілдегіштер (вибратор) .
Осы әріптерден кейін цифрлар (сандар) келтіріледі. Жалғызшөмішті экскаваторлар, оқтаулы және мұнаралы крандар үшін төрт цифр-белгі қойылады. Бұл цифрлар келесі көрсеткіштерді сипаттайды: 1-цифр - размерлік топ; 2-цифр - жүру құрылғысының түрі; 3-цифр - жұмыс жабдығының орындалуы; 4-цифр - модельдің реттік номері. Осы цифрлардан кейін тағыда әріптер болуы мүмкін. Олар: А, Б, В, Г . . . кезекті жетілдіру (модернизация) ; климатқа бейімделуі (хл-суық, т-тропикалық, тв-тропикалық ыстық климатқа) . Құрылыс министрліктері мен ведомстволары крандарға ӛзінің индексін беруі мүмкін. Мысалы: СКГ-401 - арнайы жыланбауыр кран, 40т жүк көтереді, 1-і модель; МКГ-25БР - монтаждаушы жыланбауыр кран, 25т жүк көтереді, мұнаралы жабдықты, арба арасы жылжымалы; ДЭК-252 - дизель-электрлі кран, 25т жүк көтереді, 2-і модель; МСК-10-20 - монтаждаушы арнайы мұнаралы кран, 10т жүк көтереді, жүк беру қашықтығы 20м; МПК-25 - монтажды пневмодөңгелекті кран, 25т жүк көтереді; МКТТ-100 - тартқыш негізіндегі телескопты оқтаулы монтаждауыш кран, 100т жүк көтереді; МКАТ-40 - монтаждауыш автомобиль кран, оқтауы телескопты, 40т жүк көтереді; СМК-12 - арнайы монтаждауыш кран, 12т жүк көтереді; АБКС-6 - ауылшаруашылық құрылысқа арналған автомобильді мұнаралы кран, 6, 3т жүк көтереді.
П2С-800 - 800кг көтеретін көтергіш; МГПС-1000 - 1000кг көтеретін жылжымалы жүк-адам тасымалдауға арналған көтергіш. АГП-28 - автомобильді гидравликалық көтергіш, көтеру биіктігі 28м; ВС-18 - құрылыс мұнарасы, көтеру биіктігі 18м. Басқа машиналардың индексіндегі әріптерден кейін тұрған цифрлар тіркеу реестріндегі кезекті номерін ғана көрсетеді. Мысалы: ДЗ-124ХЛ - бульдозер, тіркеу номері 124, суық климатқа арналған; ДЗ-13 - скрепер, 13-і номермен тіркелген.
Құрылыс машиналарының жалпы құрылымы
Әр машина детальдардан (элементтерден) және жұмыс істеген кезде белгілі бір функция атқаратын жинақтаушы бірліктерден (түйіндерден) тұрады. Функционалды белгілері бойынша әр машинада келесі элементтер тобы болады:
- Күш қондырғылары (қозғалтқыштар) - энергия көзі және оны механикалық жұмысқа айналдырушы;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz