Асқорыту мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу жолдары



1 Асқазан.ішек аурулары
2 Ішек.құрт аурулары
3 Тағамнан улану
4 Дұрыс тамақтану және денсаулық
5 Тамақтану ережесі
Сапасы төмен және көп тұрып бүліне бастаған азық-түліктерді пайдалану тамақтан улануға соқтыруы мүмкін. Мұндай жағдай көбіне тұрып қалған шұжықтарды, консервілерді, улы саңырауқұлақтарды пайдалану кезінде байқалады.
Асқазан-ішек аурулары кейде ауру қоздырғыш микробтар арқылы таралады. Ондай микробтар қайнамаған су ішкенде, таза жуылмаған көкөністер мен жемістерді жегенде ағзаға түседі. Таза жуылмаған ыдыстарды пайдаланғанда немесе қолды таза жумаған кезде микробтар ағзаға түсуі мүмкін. Ішекке түскен микробтар тез көбейіп, өздерінен улы заттар бөледі де, ағзаны улайды. Асқазан мен ішектің қауіпті ауруларына – дизентерия (қантышқақ), іш сүзегі, тырысқақ және т.б. аурулар жатады. Бұл аурулардың көпшілігінде дене қызуы көтеріледі, құсады, ішек қызметі бұзылып, іш өтеді. Бұл кезде адам өздігінен емделмеуі тиіс. Ауру белгілері біліне бастағаннан-ақ дәрігерге көріну қажет.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Асқорыту мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу жолдары
 
Асқазан-ішек аурулары. Сапасы төмен және көп тұрып бүліне бастаған азық-
түліктерді пайдалану тамақтан улануға соқтыруы мүмкін. Мұндай жағдай көбіне
тұрып қалған шұжықтарды, консервілерді, улы саңырауқұлақтарды пайдалану
кезінде байқалады.
Асқазан-ішек аурулары кейде ауру қоздырғыш микробтар арқылы таралады.
Ондай микробтар қайнамаған су ішкенде, таза жуылмаған көкөністер мен
жемістерді жегенде ағзаға түседі. Таза жуылмаған ыдыстарды пайдаланғанда
немесе қолды таза жумаған кезде микробтар ағзаға түсуі мүмкін. Ішекке
түскен микробтар тез көбейіп, өздерінен улы заттар бөледі де, ағзаны
улайды. Асқазан мен ішектің қауіпті ауруларына – дизентерия (қантышқақ), іш
сүзегі, тырысқақ және т.б. аурулар жатады. Бұл аурулардың көпшілігінде дене
қызуы көтеріледі, құсады, ішек қызметі бұзылып, іш өтеді. Бұл кезде адам
өздігінен емделмеуі тиіс. Ауру белгілері біліне бастағаннан-ақ дәрігерге
көріну қажет.
Кейбір ауру қоздырушы микробтар көбіне сілекейдің, қарын сөлінің, өттің
әсерінен тіршілігін жояды. Тіршілікке ерекше бейім микробтар ішекке түсуі
де мүмкін. Мұндай микробқа тырысқақ ауруының қоздырғышы – тырысқақ
вибрионын жатқызуға болады. Оның пішіні үтірге ұқсас. Ол сулы ортада ұзақ
уақыт тіршілік етуге әбден бейімделген және тіршілігін ұзақ уақыт жоймайды.
Тырысқақ вибрионына хлорлы ізбес тез әсер етеді. Сондықтан да тырысқақ
індеті таралған жерде алдымен қолды сабынмен жуады. Одан кейін арнайы
дезинфекциялық ерітіндімен қолды шайып, артынан таза сумен жуады. Тырысқақ
ауруының микробтары аш ішекті, дизентерия микробтары тоқ ішекті зақымдайды.
Ішек-қарын ауруларын көбіне тағам қалдықтарымен қоректенетін шыбындар,
таракандар таратады. Олар тағамдарды әр түрлі ауру қоздырғыш микробтармен,
ішек құрттарының жұмыртқаларымен ластайды. Сондықтан да тағамдарды
тоңазытқышта, арнайы ыдыстарда, қораптарда сақтау керек. Жәндіктердің
жаппай көбеймеуі үшін пәтерлерде, үйлерде, аулаларда гигиеналық ережелерді
қатаң сақтау қажет.
Ішек-құрт аурулары. Адам ағзасында пішіні мен мөлшері түрліше ішек
құрттары тіршілік етуі мүмкін. Ішек құрттарының көпшілігі жабайы және үй
жануарларының ішкі мүшелерінде тіршілік етеді. Ішек құрттары өз иелеріндегі
дайын тағамдық заттармен қоректеніп, у бөледі. Бөлінген у ағзаны улап түрлі
ауруға шалдықтырады. Ішек құрттарымен зақымданған ауруларға тән белгілер:
тез шаршайды, басы ауырады, лоқсиды, құсады. Кейде қаназдық ауруына да
шалдығуы мүмкін. Ішек құрт аурулары кейде сырттай білінбегенімен, адам
ағзасына көп нұқсан келтіреді.
Адам ағзасы көбіне таспақұрттар, аскарида, қылқұрттар, эхинококкпен
зақымданатыны сендерге жануартанудан таныс. Ішек құрттар өте өсімтал
келеді. Олардың жұмыртқалары көбіне шыбындар арқылы таралады. Қолды таза
жумау, көкөністер мен жемістерді жумай жеу де ішек құрттарының таралуына
себеп болады. Ішек құрттары жабайы және үй жануарлары арқылы да таралады.
Етті, балықты шала пісірген кезде де, ішек құрттары тіршілігін жоймайды.
Балаларда қылқұрттар кір қол, тырнақтары, лас киім, төсек-орын арқылы
таралады.
Ішек құрттарынан сақтану үшін әрбір адам өзінің жеке басының тазалығына
зор мән беру қажет. Сонымен бірге көпшілік орындарда (мектепте, аулада және
т.б.) да гигиеналық талаптар қатаң сақталуы тиіс.
Тағамнан улану. Тағаммен улану тез арада байқалады. Тамақпен уланудың
басты белгілері: іш ауырады, лоқсиды, құсады, іш өтеді, жалпы әлсіздік
байқалады. Кейде адамның дене қызуы көтеріледі.
Тамақпен уланған кезде алғашқы көрсетілетін жедел жәрдем – ішекті,
қарынды жуып тазалау. Ішті тазалау үшін жылы суға ас содасын (кейде
марганцовка ерітіндісін) қосып ішкізеді. Бұл кезде бір стақан суға толық
бір шай қасық ас содасы араластырылады. Ішті тазалауды бірнеше рет қайталау
керек. Іш тазаланғаннан кейін ауру адамға қою шай беріп, төсекке жатқызады.
Тамақтан уланудан сақтану үшін: тағамдық заттарды көбіне тоңазытқышта
ұстау; жылы жерде сақталған шұжық, қалбырлы ыдыстағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануардың ас қорыту мүшелерінің аурулары
Ас қорыту мүшелерінің аурулары. Ауыз қуысының аурулары, стоматит, фарингит, өңештің бітелуі, гастриттер, асқазан және 6, 12-елі ішек аурулары, өт жолдарының дискенезиясы, холециститтер, гельминтоздар
Студенттер арасындағы дұрыс тамақтану режимін сақтану маңызы
Жоғары тыныс жолдары аурулары
Асқазан - ішек жолдарына түсініктеме
Қарын сөлінің бөліну кезеңдері
Диспепсиялық бұзылулар
Ана құрсағындағы баланың дамуы
Асқазан- ішек жолдарының және билиарлық жүйенің аурулары
Санитарлық паразитология - ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ
Пәндер