Баскетбол ойынның сипаты



1 Тарихы
2 Ойын туралы заманауй көзқарастар
3 Әлемдік баскетбол тенденциясы
IІ.тарау. ОЙЫН ӘДІСТЕРІ
2.1. Негізгі ережелер
2.2. Ойын әдістерінің жіктелуі
Баскетболдың отаны Америка Құрама Штаттары болып есептелінеді. Алғашқы ойын 1891 жылы Массачусетс штатының Спрингфилд қаласында құрылған Христиан жастар қауымдастығының оқу- жаттығу орталығында ұйымдастырылған. Сол кезде Канададан қоныс тепкен жас мұғалім, доктор Дисеймс Нейсмит гимнастика түрін әрі қарай жетілдіру мақсатында жаңа ойын түрін ойлап тауыпты- деседі.
Баскетбодың этимологиясы (basket – себет, boll -доп) деп жіктеледі. Алғашында ойынды футбол добымен өткізген. Арада бір жыл өткен соң, Д. Нейсмит арнайы доппен қоса, баскетболдың алғашқы 13 ережесін ойлап тапқан.
1893 жылы баскетболға қызығушылар саны бірден көбейген. Ал, 1894 жылы жаңа ойынға қызығып, әуестенушілер айтарлықтай артқан.
Сол кездері АҚШ–та алғаш рет ресми ережелер тіркелімге алынды. АҚШ-тан бастау алған баскетбол ойыны бірте-бірте Шығыс елдеріне таралды. Атап айтар болсақ, Жапония, Қытай, Филиппин, солай-солай Еуропа елдеріне, Оңтүстік Америкаға бет алды. Араға он жыл салып АҚШ-тың Сент-Луисе аумағында американдықтардың қолдауымен бірнеше қаладан құралған командааралық турнир өтті. командалары арасында турнир өткізілді.

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
БАСКЕТБОЛ
Ойын ережесі Баскетбол тарихын айтпастан бұрын, оның ойын тәртібіне
тоқтала кетсек. Бұл командалық бәсеке. Алаңдағы ойыншылар допты сақиналы
тор қалта себетке дөп түсіруі қажет.
Қақпа жерден кем дегенде 3 метр биіктікте орнатылады. Тор қалтаны жақын
жерден дәлдесе, 2 ұпай беріледі. Ал, егер доп 6,25 метрден сәтті лақтырылса
онда ұпай саны бірден 3-ке көбейеді. Матч 20 минуттық үш кезеңнен тұрады.
Бір мезетте алаңда 5 ойыншы бола алады. Осы аралықта ойында есеп тең болып
тұрса, төреші тарапынан қосымша уақыт қосылады. Кәсіби терминде мұны
Овертайм деп атайды.

Тарихы
Баскетболдың отаны Америка Құрама Штаттары болып есептелінеді. Алғашқы
ойын 1891 жылы Массачусетс штатының Спрингфилд қаласында құрылған Христиан
жастар қауымдастығының оқу- жаттығу орталығында ұйымдастырылған. Сол кезде
Канададан қоныс тепкен жас мұғалім, доктор Дисеймс Нейсмит гимнастика түрін
әрі қарай жетілдіру мақсатында жаңа ойын түрін ойлап тауыпты- деседі.
Баскетбодың этимологиясы (basket – себет, boll -доп) деп жіктеледі.
Алғашында ойынды футбол добымен өткізген. Арада бір жыл өткен соң, Д.
Нейсмит арнайы доппен қоса, баскетболдың алғашқы 13 ережесін ойлап тапқан.
1893 жылы баскетболға қызығушылар саны бірден көбейген. Ал, 1894 жылы
жаңа ойынға қызығып, әуестенушілер айтарлықтай артқан.
Сол кездері АҚШ–та алғаш рет ресми ережелер тіркелімге алынды. АҚШ-тан
бастау алған баскетбол ойыны бірте-бірте Шығыс елдеріне таралды. Атап айтар
болсақ, Жапония, Қытай, Филиппин, солай-солай Еуропа елдеріне, Оңтүстік
Америкаға бет алды. Араға он жыл салып АҚШ-тың Сент-Луисе аумағында
американдықтардың қолдауымен бірнеше қаладан құралған командааралық турнир
өтті. Сондай-ақ, баскетбол 1924, 1928 жылдары олимпиада бағдарламасынан
орын алды.
Жиырмасыншы жылдары алғашқы халықаралық кездесулер ұйымдастыра бастаған
ұлттық баскетбол федерациялары жұмыс жасады. Осылайша, 1919 жылы АҚШ,
Италия мен Францияның әскери командалары арасында турнир өткізілді.
Халықаралық қауымдастықтың құрылуы 1923 жылы Францияда әйелдер
арасындағы халықаралық кездесу тұсауын кесті. Оған Англия, Италия, АҚШ-тың
командалары қатысқан. 1932 жылы халықаралық баскетбол федерациясы (FIBA)
құрылды. ФИБА-ның алғашқы құрамына 8 мемлекет енді. Атап айтар болсақ,
Аргентина, Греция, Италия, Латвия, Португалия, Румыния, Швеция,
Чехословакия. 1935 жылы халықаралық олимпиадалық комитет баскетболды
олимпиада ойындары қатарына қосу жөнінде шешім шығарды. 1936 жылы Берлинде
өткен олимпиада ойындары аясында баскетболдың бағдарламасы дайындалды. Онда
аталмыш ойын түрін ойлап тапқан азамат Д. Нейсмит доданың құрметті қонағы
болды. Теннис алаңында өткен матчқа 21 ел қатысты. Олимпиада өтіп жатқан
кезде ФИБА-ның алғашқы конгресі өтті. Онда халықаралық ойынның ортақ
ережелері айқындалды.
Баскетбол КСРО-да Ал, Қазақстанға бұл ойынның келуі Ресеймен тікелей
байланысты Жерлесіміз Әлкен Жармұхамедов 70-80-жж КСРО құрамасы сапында
өнер көрсетіп олимпиада чемпионы атанғанын айта кеткен жөн. Ресей құрамасы
алғаш рет 1923 жылы Бүкілодақтық денешынықтыру мерекесіне орай кездесу
өткізді. Сәл осы кезде СССР құрыла бастаған еді ССР –дың екінші біріншілігі
1924 жылы өткізілді. Ал, 1934 жылдан бастап СССР-да баскетбол спартакиадасы
өткізіліп тұрады.
1946 жылы ФИБА шеңберінде жалпы одақтық баскетбол секциясы қабылданып, бір
жыл өткен соң ерлер командасы Y Еуропа біріншілігінде бақ сынап, чемпион
атанды. 1976 жылдан бастап әйелдер құрамалары да олимпиадалық ойындарға
қатыса бастады.

ОЙЫННЫҢ СИПАТЫ
Ойын туралы заманауй көзқарастар
Баскетбол ұжымдық ойын. Ойын 28х15м көлемдегі алаңда, 5 адамдық
командалар арасында 40 минут барысында 10 минуттық үзіліспен ойналады.
Ойын мақсаты – қарсылас шығыршығына көп мөлшерде доп салу.
Баскетбол ойынындағы соңғы нәтиже өте айрықша.
- соңғы нәтижеде үлкен сандық көрсеткіш (орта есеппен бір ойында 80-85
ұпай);
- аралық нәтижелердің өзгеру жиілігі (орта есеппен әрбір 30 сеундта есеп
өзгеріп отырады);
- тең нәтижесінің болмауы, яғни сайыстың тең шешілуі мүмкін емес.
Табысқа жету үшін барлық команда мүшелерінің әрекетінің үйлесімділігі,
өз әрекеттерін ортақ мақсатқа жұмылдырулары қажет.
Командадағы әрбір ойыншының әрекеті олардың алатын орнына қарай нақты
бағытта жүргізіледі:
- орталық ойыншы – бойы ұзын, дене бітімі шымыр, төзімді және серпінді
болуы тиіс;
- шеткі шабуылшы – бұл ең алдымен ұзын бой, шапшаңдық, секіргіштік, уақыт
пен кеңістікті сезінуінің жақсы дамуы, мергендік қабілет ойын барысын
бағалай білу мен батыл және шешімтал шабуылдай білу;
- қорғаушы өте шапшаң, қозғалғыш және төзімді, танығыш әрі мұқият зейінді
болуы тиіс.
Ойыншыларды қызметі бойынша бөлу – ойын әрекетінің негізгі
принциптерінің бірі. Ойыншыларды ойын амалдары мен алаңдағы орналасуына
қарай ғана емес, сондай-ақ оларды психофизиологиялық ерекшеліктеріне қарай
да ажыратады.
Ойын әрекетінің нәтижелігі мидың уақытқа шапшаң жауап беру
көрсеткіштерімен байланысты. Барынша шоғырланған мидың уақытқа шапшаң жауап
беруі уақытты сезіну болып табылады, оны баскетболшының арнайы
қабілеттерінің құрамдас бөлігі ретінде қарастыруға болады. Уақытты
сезінуді дамыту негізінде сезім кешендерінің әрекеті жатыр, яғни уақытты
қабылдау кеңістікті қабылдаумен байланысты. Түрлі амплуадағы баскетболшылар
уақыт аралықтарын айрықша қабылдай білуі қажет. Артқы сызықтағы ойыншылар
5-10 с аралығында бағдар алуы тиіс, бұл ойынды ұйымдастырумен байланысты,
орталықтағылар, айып алаңындағы белгіленген ережелермен 3с аралығында,
алдыңғы сызық ойыншылары лақтырудың тұрақты аралығымен 1с.
Командалар өз ойларын жасырын ұстанып және сонымен бір сәтте
қарсыласының жоспарын ашуға тырысып, қарсыласынан озуға тырысады. Ойын өз
команда ойыншыларының өзара әрекетімен және допты алып қойып, шабуылды
ұйымдастыруға барлық күші мен білігін салған қарсылас жүргізіледі. Осыған
байланысты бірінші кезекте ойыншының жедел ойлауына талап қойылады. Спорт
ойындарының өкілдері спорттың көптеген басқа түрлерімен салыстырғанда шешім
қабылдау шапшаңдығымен едәуір ерекшеленеді. Ойлау шапшаңдығы, әсіресе
жағдайдың өзгеруі мүмкіндігін есепке алу қажет болғандағы, сондай-ақ көңіл-
күйге қысым түскен жағдайларда шешім қабылдауда өте маңызды.
Баскетболшылардың ойын әрекетінің табыстылығын анықтайтын
психофизиологиялық қызметті бағалау үшін қимыл әрекеттерінің шапшаңдығы мен
дәлдігін, сондай-ақ зейінді аудару, бөлу және оның көлемін зерттеу әдістері
қолданылады.
Допты торға салу үшін қарсыласының қарсылығын бағындыру керек, бұл
егер ойыншы белгілі бір тәсіл мен әдіс амалдарын білетін болса, шапшаң
қозғалып, бағыты мен қозғалыс жылдамдығын тез өзгерте білсе ғана мүмкін
болады. Баскетболшының негізгі ойын әрекеттерінің параметрлер көрсеткіші 6-
кестеде көрсетілген.
Ойындағы баскетболшының әрекеті тек жекелеген қорғау мен шабуыл
амалдарының қосындысы ғана емес, ол біріккен қарқынды жүйеге ортақ мақсатты
біріктіретін қимылдардың қосындысы. Команда ойыншыларының дұрыс өзара
әрекеті ұжымдық қимылдардың негізі, ол команданың ортақ мүддесіне жетуге
бағытталып, әрбір ойыншының бастамасы мен шығармашылық белсенділігіне
сүйенуі тиіс.
Әрбір ойыншы тек шабуылдап қана қоймай, сондай-ақ өз орнын белсенді
қорғауы тиіс. Қарсыласынан допты тартып алып немесе оған еркін доп салуға
жол бермес үшін қарсылас команданың ойыншыларының, әріптесінің және доптың
тұрған орнын ескеріп, оның барлық қимылдарына дер кезінде және дұрыс жауап
беруі қажет. Ойын әрекеті қимыл дағдыларының тұрақтылығы мен
өзгермелілігіне, дене сапаларының даму деңгейіне, ойыншылардың денсаулық
жағдайы мен ақыл ойына негізделеді.
Жарыстарға қатысқанда баскетболшы үлкен жұмыс атқарады да, 5000-7000м
аралықты бағындырады, бұнда 130-140 рет секіру мен көптеген жұлқу (120-150-
ге дейін) үдетулер мен аялдаулар жасайды. Жоғары жылдамдықта қозғалу допты
беру мен торға тастаумен жалғасады. Зерттеулер 40 минут ойынға ауысусыз
қатысқан баскетболшы доппен небары 3,5-4 мин. қана жұмыс жасайтынын, ал
қалған уақытта допсыз ойнайтынын көрсетті.
Соңғы кезде ойын біршама қарқын алды. Бұл алдымен ойыншылардың
қозғалғыштығы мен айла тапқыштығының артуымен доп үшін немесе алаңның әрбір
бөлігіндегі орында қарқынды күрес жүргізуге ұмтылуынан көрінеді. Ойын
барысындағы қарқынды дене әрекеті үлкен күш жұмсауды талап етеді.
Ойын әрекетін қуатпен қамтамасыз ету аралас сипатта болатыны белгілі
(аэробтық-анаэробтық).
Аэробтық мүмкіндіктердің негізгі көрсеткіштері – баскетболшылардағы
оттегіні тұтынудың ең жоғарғы көлемі біліктілігінің артуына қарай өседі
және спорт шеберлерінде ол 5,1 минутқа жетеді (шамамен, 1 кг салмаққа 60
м). Ойын барысында баскетболшы жоғарғы қуат потенциалының 80-90%-ын
пайдаланады.
Ағзаның қызметтік жағдайының маңызды көрсеткіші жүрек-қан тамырлар
жүйесі. Жүрек жиырылу жиілігі (ЖЖЖ) дене жүктемесінің деңгейін көрсететін
кардиологиялық белгі болып табылады. Ойын барысындағы баскетболшылардың ЖЖЖ
180-210 секмин-қа жететіні белгілі.
Жаттықтыру жүктемесінің көлемі ойыншының орындаған кез-келген
жаттығуының оның ағзасына әсер ету деңгейін бейнелейді. Әрбір жаттықтырушы
пайдаланатын жаттығулардың машықтандыру әсерлерін және оларды ағзадағы
физиологиялық өзгерістер сипатына қарай жүйеленуін білуі керек.
Баскетболшылардың арнайы жаттығуларының ағзаның жауап беруі бойынша
түбегейлі айырмасы бар екенін зерттеу көрсетті. Мысалы, айып добын салуды
орындағанда ЖЖЖ орта есеппен 128 секмин. құрайды, оттегіні тұтыну деңгейі
жоғары шамадан 30% болады, орташа қарқындылықпен орындалатын арнайы
жаттығуларды жасағанда ЖЖ 140-150 секмин. шамасында, оттегіні тұтыну
деңгейі – ЖОТ-дан 50% шамасында болады. Ойын жаттығуларын орындағанда ЖЖЖ
172-187 соқмин. оттегі қарызының шамасы 5-7 минутқа жетеді.
Жаттықтыру жүктемесінің деңгейі бойынша типтік жаттығуларды топтастыру
қуатпен қамту және қажетті бағытпен жүрек жиырылу жиілігінің өзара
байланысы негізінде белгіленген педагогикалық міндеттерді шешуге құрылады.
Бір ойында спортшы 2-5 кг салмақ жоғалтады. Жынысы мен білігіне қарай
спортшылардағы қуат шығыны әртүрлі.
Егер ойыншылардың жүйке жүйесіне үлкен қысым түсуі мен жеңіске жету
үшін рухани-ерік күші қажеттігін ескермесе ойынның мәні толық ашылмаған
болар еді. Баскетболшылардың әрекетін сипаттайтын жақтардың барлығын білу
оқу-жаттықтыру және жарыс процестерін жоспарлауға, нормативтік негіздері
немесе үлгілік сипаттамаларды құруға көмектеседі, оған жетуге оқу-
жаттықтыру процесі түгелдей бағытталуы тиіс.
Әлемдік баскетбол тенденциясы
Соңғы жылдардағы халықаралық жарыстарда жүргізілген бақылаулар
сараптамасы осы спорт түрін сандық және сапалық тұрғыдан дамытуға болжам
жасаудың сенімділігін жеткілікті деңгейде білуге мүмкіндік береді:
- олимпиада ойындарында, әлем және Еуропа чемпионаттарында жоғарғы
орындарды талассыз иеленетін жоғары білікті мамандардың үнемі
санын көбейту, бұл командалардың шабуыл және қорғаныс
әрекеттерінің тұрақтылығын, белсенділігін, ықпалдылығын, тәсілдік-
тактикалық көрсеткіштерді теңестіру, олардың арасындағы
бәсекелестікті күрт өсіру;
- жарыс әрекетінің дене және психикалық қысымын біршама көтеру;
- шабуыл ойындарында да, сондай-ақ қорғаныста да белсенді шабуыл
сипатымен байланысты нағыз жауапты ойындарда елеулі кемшіліктер
көрсетпейтін, әлемнің ең күшті командалары ойыншыларының тәсілдік-
тактикалық шеберлігін, шабуыл мен қорғаныстың үйлесімділігін,
атлетизмге, ойша елестетуге, дәлдік пен тұрақтылыққа бағытталуын
тоқтаусыз дамыту;
- шабуылдағы дара шеберліктің шапшаң өсуі, ол амалдар мен финттерді
орындаудағы жеңілдік, бірізділік, мәжбүрліксіз орындауда, қимылдың
шапшаңдығы мен жылдамдығының өсуінде, өзгеріс ауқымын кеңейту мен
қимыл ойын дағдыларын басқаруда, тығыз қорғаныс арқылы, тез доп
беруде, алдап өтуде, дриблингте, өте алыс нүктеден ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баскетбол ойынының техникасы
Допты билел техникасы
Дене шынықтыру сабақтарында 10-11 жастағы оқушыларды баскетбол ойыны техникасына үйретуді оңтайландыру
Баскетбол секциясының маңызы
Допты билеу техникасы
Ойын кездегі баскетболдың техникасын үйрету
Спорт жаттықтыруының әдістері
дене тәрбиесі пәнінен оқушылардың кәсіби сапаларын теориялық және практикалық негіздеу
Дене тәрбиесі және спорт жұмыстарының жалпы жылдық жоспары
Баскетбол ойыны жайлы мәліметтер
Пәндер