Балалардың психикалық процесінің деңгейін анықтау



Кіріспе ... ... ... 3

І Балалар психологиясының негізгі зерттеу әдістеріне
жалпы сипаттама
1.1 Балалар психологиясын зерттеудегі негізгі әдістердің бір түрі байқау әдісі. Тәжірибелік (эксперимент) әдістері және түрлері. Негізгі және Қосалқы зерттеу әдістері ... ... ...5
1.2 Баланың психикалық процестерін зерттеу материалдарын өңдеу ... ... ... .16
1.3 Баланың психикалық процестерін зерттеу материалдарын сапа жағынан өңдеу ... ... ..18

ІІ Баланың психикалық процестерін зерттеу
2.1 Мектеп алды тобындағылардың мектепте оқытуға даярлығын анықтау ... ... .23
2.2 Логикалық ойлауды дамыту әдістемесі арқылы бала психологиясын зерттеу ... ... ... 26
2.3 Баланың психикалық процестерін зерттеу материалдарын сан жағынан өңдеу ... ... ... ..29

Қорытынды ... ... ...32

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Білім беру туралы заң, Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңы — республика азаматтарының білім алуға конституциялық құқын қамтамасыз етуге арналған заң. 1999 жылы маусымның 7-нде қабылданды. Бұл Заңда мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері, орталық және түрлі деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар арасының білім беру саласындағы құзыретін шектеу белгіленген. Заңда білім беру саласындағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін, білім процесі субъектілерінің құқылары мен міндеттері, өкілеттілігі мен жауапкершілігі белгіленген. Білім беру жүйесінің міндеттері көрсетіліп, осы сала ұйымдарының ережелері, бағдарламалары мен білім деңгейлері айқындалған. Сондай-ақ, білім беру жүйесін басқару мен оның экономикасы, білім беру саласындағы халықар. қызмет көрсетілген. ҚР-ның білім беру саласында мұнан басқа да жекелеген нормативті актілері бар.
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010–2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасындағы көрсетілген міндеттің бірі: «… 2015 жылға дейін 5-6 жастағы балаларды білім беру ұйымдарында мектепалды даярлықпен толық қамтуды қамтамасыз ету» деп көрсеткен болса, бағдарламаның негізгі мазмұнында: «Балабақшаға бармайтын балалар үшін үй жағдайларында мектеп жасына дейінгі балалардың дамуын қамтамасыз етуге бағытталған «Язык детской игры» атты білім беру курсы әзірленді.
1. А.С.Макаренко. Тәрбие туралы лекциялары. - Алматы, 1968.
2. В.А. Сухомлинский. Балаға жүрек жылуы. - Алматы, 1976.
3. А.Г.Хрипкова, Д.В.Колесов. "Жаманнан жирен", "Зиянды әдебиеттер және
одан алдын ала сақтандыру туралы". - Алматы: Мектеп, 1988.
4. Т.Сабыров. Балаларға ақыл-ой тәрбиесін берудің кейбір мәселелері. –
Алматы, 1977.
5. Ө.А.Уманов, В.А.Парфенов. Бала бақыты. - Алматы, 1979.
6. А.Г. Хрипкова. Үл есейсе, қыз өссе. - Алматы, 1988.
7. Р. Қоянбаев. Тәрбиетеориясы. - Алматы, 1991.
8. Ж. Қоянбаев, Р. Қоянбаев. Педагогика. - Астана, 1998.
9. Е. Сағындықұлы. Педагогика. - А, 1999.
10. Аймауытов Ж. Психология А., 1995
11. Алдамұратов Ә. Жалпы психология Алматы., 1996
12. Выготский Л.С. Собр.сочинений в 6 томах. М., 1986.
13. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в психологию. М., 1988.
14. Дружинин В.Н. Психология общих способностей. - СПб., 2000
15. Жалпы психология. В.В.Богословский, А.Г.Ковалев т.б. редакциясымен.
А., 1980
16. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993.
17. Жұмабаев М. Педагогика А., 1992
18. Зинченко Т.П.Память в экспериментальной о когнитивной психологии –
СП.,2002
19. Итбаев Н.И. Жалпы психология. Ақмола, 1992.
20. Изард К. Психология эмоций (перевод с английского). - СПб., 2000
21. Құдайқұлов М.Ә. Қабілеттілік, дағды, шеберлік. А., 1986
22. Мирза Н.В.,Румянцева Л.Е. Основы профессионально- педагогического
общения. Караганда, 2003
23. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. - СПб., 2000
24. Сәбет Бап-Баба Жалпы психология Алматы., 2003
25. Тәжібаев Т. Психология. А., 1996
26. Темірбеков А. , Балаубаев С.П. Психология А., 1966
27. Мұқанов М.М. Жас және педагогикалық психология: Пед.ин-ттардың студ.арналған лекциялар жинағы/ М.М. Мұқанов. - Алматы: Б.ж., 1982. - 247 с.: сур.
28. Асылханова М.А. Психология: Жас ерекшелік және педагогикалық психология тұрғысынан таным әрекеттерін қалыптастыру жолдары:Оқу құралы/ Асылханова М.А.. - Алматы: АлМУ, 2000. - 47б.
29. Жалпы психология курсынан семинар және лабораториялық сабақтарына әдістемелік нұсқау. / Молдабаева Р.А., Жансерикова Д.А.-Қарағанды: ҚарМУ баспасы ,2005.
30.БейсенбековаГ.Б., Молдабаева Р.А., Нұрғалиева С.М. Жас ерекшелік психологиясы: Оқу-әдістемелік құралы. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы ,2005.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
М А З М Ұ Н Ы

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ..3

І Балалар психологиясының негізгі зерттеу әдістеріне
жалпы сипаттама
1.1 Балалар психологиясын зерттеудегі негізгі әдістердің бір түрі байқау
әдісі. Тәжірибелік (эксперимент) әдістері және түрлері. Негізгі және
Қосалқы зерттеу
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...5
1.2 Баланың психикалық процестерін зерттеу материалдарын
өңдеу ... ... ... .16
1.3 Баланың психикалық процестерін зерттеу материалдарын сапа жағынан
өңдеу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18

ІІ Баланың психикалық процестерін зерттеу
2.1 Мектеп алды тобындағылардың мектепте оқытуға даярлығын
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
2.2 Логикалық ойлауды дамыту әдістемесі арқылы бала психологиясын
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
2.3 Баланың психикалық процестерін зерттеу материалдарын сан жағынан
өңдеу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34

Кіріспе
Білім беру туралы заң, Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңы —
республика азаматтарының білім алуға конституциялық құқын қамтамасыз етуге
арналған заң. 1999 жылы маусымның 7-нде қабылданды. Бұл Заңда мемлекеттік
саясаттың негізгі принциптері, орталық және түрлі деңгейдегі жергілікті
атқарушы органдар арасының білім беру саласындағы құзыретін шектеу
белгіленген. Заңда білім беру саласындағы қоғамдық қарым-қатынастарды
реттейтін, білім процесі субъектілерінің құқылары мен міндеттері,
өкілеттілігі мен жауапкершілігі белгіленген. Білім беру жүйесінің
міндеттері көрсетіліп, осы сала ұйымдарының ережелері, бағдарламалары мен
білім деңгейлері айқындалған. Сондай-ақ, білім беру жүйесін басқару мен
оның экономикасы, білім беру саласындағы халықар. қызмет көрсетілген. ҚР-
ның білім беру саласында мұнан басқа да жекелеген нормативті актілері бар.
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету
жөніндегі 2010–2014 жылдарға арналған Балапан бағдарламасындағы
көрсетілген міндеттің бірі: ... 2015 жылға дейін 5-6 жастағы балаларды білім
беру ұйымдарында мектепалды даярлықпен толық қамтуды қамтамасыз ету деп
көрсеткен болса, бағдарламаның негізгі мазмұнында: Балабақшаға бармайтын
балалар үшін үй жағдайларында мектеп жасына дейінгі балалардың дамуын
қамтамасыз етуге бағытталған Язык детской игры атты білім беру курсы
әзірленді. Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгі ережесі, үй тәрбиесіне
қолдау көрсету мақсатында Ата-аналарға арналған консультациялық пункттерді
ұйымдастырудың үлгі ережесі, Отбасылық бала-бақшаның... ұйымдастырудың үлгі
ережелері жасалуы қажет делінген.[1]
Балбөбек бағдарламасындағы басты жаңалықтар: балабақшада өтілетін тәлім-
тәрбие мазмұнын түбегейлі жаңарту, халықтық педагогика мұраларыньщ кеңінен
қамтылуы, балалардың жас шамасына қарай даму ерекшелігі деп аталатын
бөлімінің М.Жұмабаевтың Педагогика атты еңбегі негізінде толықтырылуы;
баланың мінез-құлқын қазақтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріне үйлесімді
қалыптастыру көзделіп, бағдарламаға Имандылық тәрбиесі деген бөлімнің
жасалуы; бұл бөлімге халықтық педагогиканың бала жасына, психологиялық даму
деңгейіне лайықты, оның түсінігіне қонымды материалдар таңдалып, Имандылық
тәрбиесі, Жер байлығы - ел байлығы, Ақ дастарқан, Ақ боз үй,
Бабалар өмірі - ұрпақтарға үлгі тәріздес мақал-мәтелдер аттарымен аталуы;
баланың жас шамасына қарай әрбір топтардағы күн тәртібіне қойылатын
талаптардың нақтылйнуы, бүкіл тәлім-тәрбие жұмысын кешенді ұйымдастыру
тәсілі мектепке дейінгі тәрбиеде бірінші рет ұсынылды.
Психологтар арасында тұлғаға байланысты бірыңғай көзқарастардың
болмағандағынан 300 астам анықтамалар жүзеге асуда. Тұлғаның анықтамасы
сияқты оның құрылымдарында да біртұтас көзқарастар жоқ. Л.С. Выготский
алғаш рет психикалық қызметтерді жоғары - мәдени және төменгі - табиғи деп
бөлінуін ұсынды. Л.С. Выготский құрылымының негізінде, тұлғаның - өзегі -
оның бағыттылығы деп атады. Бұл көзқарас зерттеушілердің көпшілігіне негіз
болып қаланды (С.Л. Рубинштейн, Л.И. Божович, А.Н. Леонтьев, М. 3.Неймарк,
және т.б.). Алайда, көптеген авторлар тұлға бағыттылығының мазмұнын
(мотивтер мен қажеттіліктер, қызығулар, бағдар және т.б.) түрліше
қарастырады.
Л.С.Выготский пікірі бойынша, адамның тұлғасы өзінің енген қарым-
қатынастарының кешенді әсерінің нәтижесінде дамиды. Тұлға - бұл қоғамдық-
тарихи дамудың жемісі. Адамның қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны,
оның орындайтын іс-әрекеті - бұл оның тұлғасының қалыптасуын анықтайтын
жағдайлар. Тұлғаның қалыптасуы биологиялық және әлеуметтік факторларға
байланысты екені мәлім. Сонымен қатар тұлғаның дамуында негізгі болып -
нақтылы тарихи орта саналады. Оқушылардың тұлғасының дамуы - механизмді
құрастыратын көптеген ішкі және сыртқы факторларға тәуелді болып келеді.
Л.С. Выготскийдің: "баланың психикасы әлеуметтік табиғатқа...", - деген
пікірі осыған негізделеді. Л.С. Выготскийдің айтуы бойынша, баланың
тұлғалық дамуы - оның дамуындағы әлеуметтік жағдайлармен байланысты. [2]
Зерттеу жұмысының объектісі
Балалардың психикалық қасиеттерін эксперименталды зерттеп, коррекциялық
тәсілдермен дамыту.
Зерттеу жұмысының пәні:
Бала психикасын зерттеуде көлем, тұрақтылық, шоғырлану
деңгейлерін диагностикалық әдіспен анықтау және қасиеттерді дамыту
процестері арқылы зерттеу.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Балалардың психикалық процесінің деңгейін анықтау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Балаланың психикасының мәселелері туралы әдебиеттер мен материалдарға
психологиялық талдаулар жасау,
2. Бала психикасының өзекті мәселелеріне теориялық талдаулар жасау.
3. Бала психикасының процесіндегі орнын анықтау.
Зерттеу жұмысының болжамы:
1. Бала психикасының процесін эффективті түрде қатынас нәтижелі болады.
Зерттеу жұмысының методологиялық және теориялық негізі.
Кеңестік психологияда бала психикасының мәселелеріне көптеген
методологиялық және теориялық зерттеулер арналды, олар А.А. Леонтьев Г.М.
Андреева, В.М. Бехтерев, А.А, Бодадев, С.Л. Рубинштейн, Н.Ф. Добрынин, Д.Н.
Узнадзе, П.Я. Гальперин т.б., ғалымдардың еңбектерінен өз бейнелерін және
т.б. ғалымдардың еңбектерінде жазылған бала психикасының мәселелері жайлы
көзқарастарына теориялық талдаулар жасалды.

І Балалар психологиясының негізгі зерттеу әдістеріне
жалпы сипаттама
1.1 Балалар психологиясын зерттеудегі негізгі әдістердің бір түрі
байқау әдісі. Тәжірибелік (эксперимент) әдістері және түрлері. Негізгі
және Қосалқы зерттеу әдістері
Жаңа әрі тың фактілермен үнемі толықтырылып отырмаса, ғылым дами
алмайды. Фактілер жинау үшін ғылыми негізделген әдістерді пайдаланғанда
ғана ғылым дұрыс және табысты дамуы мүмкін. Сондықтан ғылым дамып, қоғамның
даму деңгейінен қалыспай отыруы үшін, зерттеу әдістерін қолданып, сол
пәннің мазмұнын байытып, кеңейтіп, жаңа табыстарға жетіп отыруы керек.
Психология, кез-келген ғылым сияқты, әр түрлі әдістердің біртұтас жүйесін
қолданады. Психология әдістерінің төрт түрлі тобын атап көрсетейік.
1. Ұйымдастыру әдістері: салыстырмалы әдіс (жас ерекшелік, іс-әрекеті
бойынша әр түрлі топтарды салыстыру); лонгитюдтік әдіс (бір адамдарды ұзақ
уақыт бойы бірнеше қайтара зерттеу), кешендік әдіс (зерттеуге әр түрлі
ғылым өкілдері қатынасады, бір объектіні әр түрлі амалдар арқылы
зерттейді).
2. Эмпирикалық әдістер. Оған байқау, эксперименттік әдістер (табиғи,
және лабораториялық); психодиагностикалық әдістер (тестер,
анкеталар, сауалнамалар, социометрия, әңгімелесу, сұхбат); іс-
әрекет
нәтижелерін талдау; биографиялық әдістер енеді.
3. Мәліметтерді өңдеу әдістері: сандық (статистикалық) және
сапалық (материалдарды топтарға бөлу, талдау).
4. Коррекциялық әдістер: аутотренинг, топтағы тренинг,
психотерапевтикалық әсер ету әдістері және т.б.
Байқау әдісі. Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына
зерттелуші адамның психикалық ерекшеліктерін қадағалауды байқау әдісі деп
атайды.
Байқау табиғи жағдайда, зерттелінуші адамның әрекетіне әдейі араласпай-
ақ жүргізіледі. Осы әдіс арқылы зерттелінүшінің мимикасын (бет құбылысын),
сөз реакцияларын, түрлі қимыл-қозғалыстарын, мінез-құлқының жекелеген
жақтарын байқауға болады. Сондай-ақ адамның ерік күші, сезім ерекшеліктері
мен темпераменті де байқау әдісі арқылы ажыратылады. Мысалы, мектептегі
оқушының ойлау және сөйлеу ерекшеліктерін зерттеу керек болса, ол үшін
зерттеуші оқушының әрбір сабақ үстіндегі жеке сөздері мен сөйлемдерін
стенографиялап, күнделікке түсіреді, кейін оны тиянақты түрде талдайды да,
тиісті қорытынды шығарады. [3]
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының түрлі ерекшеліктеріне қарай байқау
әдісінде кейде қарапайым аспаптар да қолданылады. Мәселен, зерттелетін
объектіні суретке түсіру үшін - фотоаппараттар, зерттелінуші адамның сөз
тіркестерін жазып алып, кейін оны қайтадан жаңғырту үшін магнитофон,
диктофон т.б. пайдаланылады.
Байқау әдісінің нәтижелі болып шығуы үшін қолданылатын қажетті кейбір
шарттар:
1) Байқаудың ұзақ уақыт бойына жүргізілуін және бір фактінің өзі бірнеше
рет қайталанып зерттелуін қамтамасыз ету;
2) Байқалған фактілерді сол сәтте жазып отыру, зерттелінүшінің сөз
реакцияларын стенографиялау; кейін оған мұқият талдау жасау; мұндағы басты
фактілерді іріктеп алу - осы әдіске қойылатын негізгі талаптардың бірі.
Сан рет жүргізілген байқаудың нәтижесіне байланысты (егер байқауға студент
алынған болса) ұстазбен бірлесе отырып, студенттің оқу әрекетін одан ары
жаксарту үшін нақтылы шаралар белгіленеді.
Бұл әдіс адамдардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеуде жиі
қолданылады. Байқау әдісінің кейбір кемшілікгері де бар. Біріншіден,
зерттеуші мұнда өзіне керек құбылыстарды әп сәтте зерттей алмайды да, көп
уақыт жіберіп алады, екіншіден, байқауды әр уақытта ойлағандай
ұйымдастыруға жағдай болмай да қалады. Бұл әртүрлі кездейсоқ объективтік
жағдай(байқауға алынған оқушының сабаққа келмей қалуы) субьективтік жағдай
(бақылаудың қиынға соғуы, зерттеушіде бақылағыштық қасиеттің жоқтығы т.б.)
себептердің кездесетіндігіне байланысты. Мысалы: Біз екі баланың ойынын
байқайтын болсақ, күнде сол балалар ойнайтын жерге берып, олардың ойындарын
байқап, мұны қағаздарға жазып отырамыз. Олардың ойнайтын, әрекет ететін
жағдайлары қандай болса, бізде сол жағдайларға байқау жүргіземіз. Егер сол
балалар күндегі ойнайтын жеріне, күнде келіп тұрмай, бірінші күні бір жерде
басқа күнде басқа жерге баратын болса, байқауды жүргізу үшін бізде олардың
артынан баруымыз керек, күнде ойнайтын балалардың саны да өзгеріп отыруы
мүмкін.Осы айтылғандарға қарай бұл әдістің ғылыми деректері кейде көмірек
болады. [4]
Байқауды жүргізіп болған соң, байқаушы толық психологиялық анализ
жасап, байқаудың қорытындысын шығарады, бірақ бұл қорытындыға өзіндік
пікірін қоспай, байқалған әрекеттердің қорытындысын объективтік түрде
шығарғаны жөн. Міне, осы айтылған шарттарды орындағанда ғана объективтік
байқау әдісі ғылыми әдіс бола алады. Байқау әдісінің бірнеше кемшіліктері
бар:
1. Байқаушы адам оны өне бойы белсенсіз болады, өздігінен байқауды
ұйымдастыра алмайды. Байқалатын адамдардың әрекеттеріне қатысып, оларды
өзгерте алмайды. Байқаушы көбінесе байқалатын адамның ықпалында болып, ол
қандай әрекет істесе соны ғана байқап, жазып отырады;
2. Байқау жүргізгенде, әр уақытта байқалатын жағдай бір қалыпта болып
келе бермейді. Сол себептен байқаудың нәтижесі әр уақытта әр түрлі болып
шығуы мүмкін. Қорытып айтқанда, объективтік байқауды жүргізгенде жағдай бір
қалыпты болмайды, сондықтан байқау нәтижесін де бірыңғай толық түрде
объективтік болып шықпайды;
3. Байқаудың нәтижесін қорытқанда, байқаушы адам қорытындыға өзінің
жеке субъективтік пікірлерін қосып жіберуі мүмкін. Байқау жөнді болу үшін,
объективтік байқау жүргізгенде осы кемшіліктерді еске алып, бұлардың басқа
әдістер арқылы жойып, объективтік байқау әдісі арқылы алынатын
материалдардың кемшіліктерін толықтырып отыру қажет.
Байқау әдісіне қарағанда психикалық құбылыстарды эксперименттік
әдіспен зерттеудің біраз артықшылықтары бар. И.П.Павлов: "Байқау табиғаттың
ұсынғанын жинайды, ал тәжірибе табиғаттан өзінің тілегенін алады",- деп
тегін айтпаған.
Негізгі зерттеу әдістері.
Ұйымдастыру әдістері көбіне жас ерекшеліктер психологиясында
қолданылады. Психологияның осы жүйесінің азды -көпті өзіндік ерекшеліктері
бар. 1)салыстырмалы әдіс.Әр жастағы баланың психикасын зерттеп, әр жас
туралы табылған мағлұматтар статистикалық жолмен салыстырылады.
Салыстыру жолының мұндай түрін кесінді тәсіл деп аталады. Себебі
салыстыру кезінде бала психикасы үздіксіз зерттелінбейді, оның әр жастағы
психикасын тиіп-қашып зерттейді.
Зерттеудің келесі жолы генетикалық жол. Бұнда баланың бір қасиетін
алады да, соны ұзақ уақыт(1 жыл немесе 3 жыл, одан да көп жылдар
зерттейді). Осы әдісті лонгитюдтік әдіс те атайды. Зерттеудің бұл жолы тым
сирек кездеседі. Себебі бір немесе бір топ баланы (10, 20, 30) үздіксіз
зерттеу қиын. Психикалық дамуды көлденең немесе кескінді зерттеулердің мәні
мынада: дамудың ерекшеліктері туралы қорытындылар, әр түрлі жастағы, әр
түрлі даму деңгейіндегі, әр түрлі тұлғалық ерекшеліктері, клиникалық
реакциялары және т.б. бар, салыстырмалы балалар топтарының бірдей
сипаттамаларын зерттеулер негізінде жажүйесіды. Бұл әдістің негізгі
ерекшелігі: зерттеудің салыстырмалы жылдамдығы - қысқа уақыт ішінде
нәтижелерге жету мүмкіндігі.
Салыстырмалық әдістің мәні: даму барысындағы жекелеген психологиялық
актілер мен мінез-құлық механизмдерін қарастырып, басқа ағзадағы ұқсас
құбылыстармен салыстыру. Бұл әдіс зоопсихология мен балалар психологиясында
кең таралған. [5]
Эмпирикалық әдістер. Бұл әдістер тобы негізгі әдістер болып саналады.
Эксперимент әдісі. Бұл әдіс бойынша зерттеуге керекті психикалық
құбылыстарды түрлі аппараттарды, аспаптарды қолдану арқылы жүзеге
асырылады. Экспериментті әдіс арқылы кейбір жеке психикалық функцияларды
даралап және дәл зерттеуге болады.Эксперименттің өзі лабораториялық және
табиғи болып бөлінеді. Лабораториялық эксперимент XIX ғасырдың ортасынан
бастап, жеке психикалық процестерді зерттеу үшін эксперимент кең түрде
қолданыла бастады. Неміс ғалымы В.Вундт психикалық құбылыстарды
эксперименттік әдіспен зерттеудің негізін салды, тұңғыш реет лаборатория
ашты. Психологтар алғаш рет көру, есту, иіс түйсіктерін зерттеу үшін
экспериментті пайдаланды. Сексенінші жылдары ес құбылыстарын зерттеу
лабораторияда тұңғыш жүргізіле бастады. Арнаулы әдістер қолдану арқылы
жаттап алудың тездігі мен дәлдігі, ұмытудың жылдамдығы т.б. өлшенілді. Орыс
психологы Н.Ланге эксперимент әдісімен зейін мен қабылдауға зерттеу
жүргізді. Француз психологы А.Бине алғаш рет ойлау процесіне тәжірибе
жасады. Осы зерттеулердің нәтижелері психологтардың І-ші дүниежүзілік
конгресінде (Париж, 1889) талқыланды. XX ғасырдың басында психология
ғылымының карамағыңда ондаған лабораториялар болды. Осындай жақсы
жабдықталған психологиялық лабораториялардың бірін орыс психологы
Г.И.Челпанов ұйымдастырды. Бұрынғы КСРО Педагогикалық ғылымдар академиясына
қарасты психологиялық институтының, (Мәскеу) лабораториялары жоғары
техникамен жабдықталған үлкен ғылыми-зерттеу мекемесі болып отыр. Киев,
Тбилиси қалаларындағы психология институттарында да осындай лабораториялар
бар.
Профессор Н.И.Красногорский балалардың жоғары дәрежелі нерв қызметінің
даму жолдарын, ал профессор А.Г.Иванов-Смоленский адамдардың бірінші және
екінші сигнал жүйелерінің қызметін зерттеген.
Психикалық процестерді зерттеуде көптеген аспаптар қолданылады.
Мысалы, психикалық процестердің пайда болу шапшандығын өлшеу үшін -
хроноскоп, тері түйсігінің сезгіштігін байқау үшін - эстезиометр, зейіннің
көлемін анықтау үшін - тахистоскоп, есітуді өлшеу үшін - аудиометр,
денедегі бұлшық еттердің жұмысын тіркеп отыру үшін - эргографты
пайдаланады.
Эксперимент әдісі - себеп-салдар байланыстарын қарастыру мақсатындағы
зерттеу әрекеті. Оның мәні мынада:
- зерттеуші зерттелетін құбылысты өзі тудырады және оған белсенді ықпал
етеді;
- эксперимент жасаушы құбылыс жағдайларын өзгерте алады;
- эксперимент нәтижелерді бірнеше рет шығаруға мүмкіндік болады;
- эксперимент математикалық формулалар арқылы белгіленетін санды
заңдылықтарды орнатады.
Байқау әдісі сияқты эксперименттік әдістің де дұрыс жағдайлары мен
бірге бірнеше кемшіліктері де бар. Бұл әдістің жасанды жағдайда жүргізіліп,
яғни зерттелетін адамдар, арнайы ұйымдастырылған лабораториялық қабинеттер
де зерттелетіндіктен, ол адам өзін табиғи жағдайда ұстамайды.
Жаңа жағдайдың әсерінен зерттелуші адам біраз қысылып, оның психикалық
әрекеттерінде кейбір өзгешеліктер пайда болады.
Ресейдің белгілі психологы А.Ф.Лазурский эксперименттік әдістің
кемшіліктерін жою мақсатымен оған бірнеше қосымшалар енгізіп, оны табиғи
эксперимент әдісі деп атаған. А.Ф. Лазурский байқау әдісімен экспериментік
әдістің дұрыс қолайлы жақтарын бір біріне қосып толықтырған.[6] Бұл әдіс
әдейі ұйымдастырылған лабораторияда, қабинеттерде жүргізілмей, табиғи
жағдайда жүргізіліп, адам күнделікте жүретін, тұратын, еңбек ететін
жағдайында зерттелінеді. Мысалы, балалардың психикалық әрекеттерін
зертейтін болсақ, ол балаларда күнделікті үйренген сыныбында немесе бірге
оқитын жолдастарының арасында, ойнап жүрген уақытында, үй ішінде, балалар
бақшасында зерттеуге болады. Бұл әдіс арқылы адамның жеке-жеке психикалық
функцияларын ғана емес, адамның барлық әрекеттерін тұтасымен толығымен
зерттеуге мүмкіндік бар. Зерттеу жүргізілерде, кейбір өзгешеліктер енгізіп,
солар арқылы зерттеуді жүргізуге болады. Мысалы, мұғалім кейбір балалардың
суреттерді байқауын сабақ үстінде зерттейтін болса, ерте бастан балаларға
көрсету үшін арнап, бірнеше суреттер даярлап, күндегі сабағын қалай
жүргізсе балаларға зерттеу жүргізетін күні де сабағын бұрынғы күйінде
жүргізеді
Жоғарыда айтылған әдістер сияқты табиғи эксперименттік әдістің де
бірнеше кемшіліктері де бар: бұл әдіс көп қолданылмаған, көп
зерттелінбеген, теориялық негіздері түгел ашылмаған және бұл әдіс арқылы
психологиялық функцияларды эксперимент әдісіндегідей жекелеп, даралап толық
түрде зерттеуге мүмкіншілік жоқ. Дегенмен, бұл әдісті эксперименттік
әдіспен салыстырғанда көп қолайлы жағдайлардың бар екенін көрсетуге болады.
Қосалқы зерттеу әдістері
Әңгіме әдісі. Әңгімелесу әдісі арқылы психолог белгілі жоспар бойынша
зерттелінуші адамның жас және дара ерекшелігіне, білім көлеміне қарай күні
бұрын әзірлеген сұрақтар қояды: зерттелінушіге күдік тудырмау мақсатында
әңгіме көбінесе жанама түрде ұйымдастырылады, мұнда сөйлесу әдісіне ерекше
мән беріледі.
Зерттелінушінің берген жауабы жазылып алынып, кейіннен мұқият
талданады да, осыған орай тиісті қорытындылар жасалады. Әңгімені де зерттеу
әдісі есебінде қолдануға болады, бірақ бұл негізгі әдіс емес, қосымша
әдістердің бірі. Әңгіме арқылы зерттелетін адам туралы кейбір жалпы
мағлұматтарды ғана алуға болады. Бұл әдіс арқылы, терең, толық зерттеу
жүргізуге ешбір мүмкіншілік жоқ. Бірақ, әңгіме ғылыми әдіс болу үшін,
әрқайсысымен әңгіме жүргізуде оның алдына мақсат қойып, оның не үшін
керектігін, ерте бастан жоспар құрып, әңгіме қай жолмен жүргізілетінін
белгілеп алған жөн. Не болса сол туралы әңгіме жүргізе бермей, керекті
мәселелер, жағдайлар туралы әңгіме жүргізу керек. Әңгімелескенде балаларға
түрлі сұрақтар қойып, олардың түрлі заттар, болмыстар туралы түсініктерін,
ұғымдарын, неге қызығатынын, білімінің көлемін, тұрақтылығын, тереңдігін
және т.б. білуге мүмкіншілік бар. Балалардың жауаптары толығымен
стенография арқылы жазылып отырады. Әңгіме уақытында балалардың қылығына
назар салып толық түрде белгілеп жазып отыруы қажет. [7]
Әлеуметтік психологияда жиі қолданылатын зерттеу әдістерінің бірі -
сұхбат. Мұнда сұрақ қоюшы сыналушымен әңгімелеседі, жол-жәнекей оның сөз
саптауына, түрлі реакцияларына, өң-ілтипатына зер салып отырады, зерттеуді
белгілі сұрақтың айналасында, арнаулы жоспар бойынша жүргізеді.
Анкета әдісі. Анкетаны қосымша әдістердің бірі есебінде қолдануға
болады; Әдейілеп белгілі мақсатпен және формамен қойылған сұрақтарға жауап
алу арқылы зерттелуші адамдардың психикалық әрекеттерін сипаттауда, немесе
кейбір психикалық проблемаларды шешуде жалпы мағлұматтар, кейбір фактілі
материалдар жинауға болады. Анкетаның бір қолайлы жері – жаппайлығы, яғни
бір уақыттың ішінде бірнеше адамдардан жалпылай мағлұматтарды алуды
мүмкіншілігі болуы. Мәселен, анкета әдіс арқылы күні бұрын бланкіге
жазылған сұрақтарға жазбаша жауап қайырады.Осы әдіспен ртүрлі топтың,
ұжымның психологиялық өзгешеліктері (талап-тілегі, мүддесі, алғамы, қызығуы
т.б.) зерттелінеді. Егер мұғалім шәкірттерінің қандай кітапты ерекше
құмартып оқитындығын, олардың сүйікті жазушылары мен әртістері кімдер
екендігін және осы тәріздес мәселелерді білгісі келсе, осы әдісті
пайдалануына болады. Анкеттадағы сұрақтар шұбалаңқы келмей, жалпы саны 5-8-
ден аспауы тиіс. Алынған материалдардың нәтижесі статистикалық (сандық)
талдаудан өткізіледі. Мұның негізгі кемшілігі - адамның шын көңіліндегісін
жаза бермейді, не болмаса, оны қағаз жүзінде дұрыс көрсетпеуі де мүмкін.
Бірақ анкетаның бұл жаппайлылығының кейбір елеусіз жетімсіздіктері бар.
Себебі анкета арқылы алынған материалдардың бәріне сене беруге болмайды.
Ӛйткені анкетадағы сұрауларға қайтарылатын жауаптар субъективтік үстіртін
қате болуы, я болмаса толық болмауы мүмкін.
Анкетаны барлық зерттеулерде орынсыз қолдана беруге болмайды. Оны
сондықтан адамдардың шығармашылық жемістері, сазгерлердің музыкалық
шығармаларын, суретшілердің суреттерін, сәулетшілердің жасаған мүсіндерін,
үйлерін, ақындардың, жазушылардың шығармаларын, кілемшілердің тоқыған
кілемдерін т.б. зерттеп, олардың психологиясымен танысуға болады.
Шығармашылық әрекеттердің ағымын зерттеп, адамның ақыл ойының әрекет
етуін зерттеуге болады.
Салыстырма – генетикалық зерттеу әдісіне бірнеше әдістер еніп отырады.
Бұл психикалық әрекеттердің өсіп-даму жолдарын салыстыра зерттейді, Ал
салыстырма филогенетикалық зерттеу жолы арқылы адамдардың психика дүниесін
хайуанаттар психологиясымен салыстырып, олардың арқасында қандай
айырмашылық, қандай ұқсастық бар екендігі, адамның психологиясы қалайша
адамдық психологияға айналғаны зерттеліп отырады.
Салыстырма тарихи зерттеу әдісінде – қоғамдық экономикалық
формациялардың өзгеруімен бірге адамның салт-санасы да өзгеріп, дамып
отырады. Сондықтан психикалық әрекеттерін зерттегенде, бұлар тек бүгінгі
күннің ғана жемісі емес екендігін, адам баласының ғасырлар бойы дамып
отыруының нәтижесі екендігін ескеріп, зерттеу жұмысында зерттеудің тарихи
жағын көздеу керек болады. Психологияда басқа ғылымдардағыдай тарихи әдісті
мейлінше қолданып адамның барлық әрекеттерінің ақыл-ойының санасының
бірқалыпта тұрмайтынын, қоғамның өзгеріп дамуымен бірге, ол қоғамда өмір
сүруші қоғам мүшелері – адамдардың сана – сезімдерінің өсіп, дамып, өзгеріп
отыратынын ескеріп, адам жалпы адамзатты зерттемей, белгілі қоғамда өмір
сүрген я нақты құрамының мүшесінің психикалық әрекеттерін зерттеу керек –
бұл тарихи психологияның міндеті. [8]
Салыстырмалы потологиялық зерттеу әдісімен зерттегенде, ақыл-ой
әрекеттеріне зақым келген ауру адамдардың психологиясымен дені сау адамның
психика дүниесімен салыстыра отырып, олардың арасындағы айырмашылықтарымен
өзгешеліктерді қарастырады. Мысалы, сөйлеуге зақым келуін (афазия) қимыл
әрекеттеріне зақым келуін (апракция), естің алжып, бәсеңдеп бұзылуын
(амнезия) т.б. қалыптағы психикалық әрекеттермен салыстыра талдаудың ғылыми
мәні зор. Физиология мен психопотологияда, медецинада бұл әдіс өте кең
қолданылады. Онда хайуанаттар миының түрлі жүйесіларын бұзып, оның
нәтижесінен пайда болатын психикалық әрекеттің зақымдану өзгешеліктерін
зерттеу үлкен орын алады.
Психологиялық тестілер. Тест әдісі балалардың білімі мен икемділігі,
бейімділігі, жалпы ақыл-ойының даму дәрежесі, не жекелеген жан
қуаттарының дамып, қалыптасуы жөнінен мағлұмат алуға көмектеседі. Мұндай
салыстырулар алдын ала белгіленген жас белгілеріне қарай жүргізіледі. Тест
арқылы, бала өз жасы.а қарағанда дұрыс дамыған ба, не оның дамуында өз
кезеңінен ауытқушылық (жоғары, төмен) бар ма деген сауалдарға жауап
алынады. Тесті толық орындауы мүмкін болатындай етіп іріктеу қажет.
Тест тапсырмаларын іріктеуге ғылыми тұрғыдан караудың маңызы зор,
өйтпеген жағдайда, оның қорытындылары бала ақыл-ойының дамуын бұрмалап
көрсетуі мүмкін. Тест баланың мектептегі оқуға әзірлігін, сондай-ақ
психикалық дамуы кешеуілдеп қалғандардың ерекшеліктерін талдап білуде көмек
көрсете алады. Тест деген ағылшын сөзі "сынақ" деген мағынаны білдіреді.
Бұл ұғымды американдық ғалым Дж.Кэттел өткен ғасырдың аяғында енгізді.
А.Бине мен Т.Симонмен бірге балалардың ақыл ойының дамуын анықтау үшін өз
жүйесін жасаған кезден бастап тестілер тәжірибелік мағынаға ие болып кең
тарала бастады. Тест дегеніміз - күрделі техникалық құралдарды қажет
етпейтін стандартты, қысқа сынақ.
Осындай қосалқы әдістердің қатарына биографиялық әдіс адамның іс-
әрекетінің нәтижесін талдау (яғни түрлі күнделік, естелік, хаттар, шығарма,
мазмұндама, диктант, сын жұмыстарымен түрлі формадағы шығармашылық
жұмыстарды талдау), өмірбаян (яғни зерттелүшінің туған күнінен бастап
есейген шағына дейінгі даму жолын зерттеу, оның өмірбаяны, естелік,
мінездемелерін талдау жатады. [9]
Коррекциялық әдістер. Қазіргі кезеңдегі психология әр түрлі жолдар
арқылы адамның практикалық әрекетіне ықпал етеді. Психологиялық көмек,
обьективтілік бар жағдайда ғана емеc, сондай-ақ субъективтілік
сәтсіздіктерді уайымдау жағдайларыида да көбірек көрсетіледі және тиімді
болады.
Мұндай жағдайларда, психологиялық көмек қандай түрде жасалса да, ол
жалпы сипатымен - өз бағытының жекелігімен ерекшеленеді және көмек
сұраушының тұлғасына - оның сезіміне, уайымына, көзқарасына, әлем
көрінісіне, айналасындағылармен қарым-қатынасының құрылымына терең үңілуіне
негізделеді. Бұл үңілу, арнайы психодиагностикалық әдістерді қажет
етеді. Алайда, психодиагностика өздігінен мағынасыз, оның мәліметтері
баланың өміріне немесе дамуына ыңғайлы жағдайлар жасау үшін, психологқа
тұтынушымен немесе баламен ары қарайғы жұмыс бағдарламасын анықтауға
мүмкіндік беру үшін қажет. Осы жерде психолог жұмысының коррекциялық
әдістері туралы айту керек.
Аутотренинг. Аутогендік жаттығулар әдісінің пайда болуы және енгізілуі
неміс психотерапевті И.Г. Шульцтің атымен байланысты. Аутогендік жаттығу -
психогигиена мен психопрофилактиканың, сондай-ақ төтенше жағдайдағы адам
күйін басқарудың әрекетті амалы. Бұл әдістің танымалдылығы өмір
жылдамдылығына, адамның нерв жүйесіне түсетін жүктеулердің артуына
байланысты болады.
Аутогендік жаттығуларда нерв жүйесінің жағдайына ықпал етудің үш
негізгі жолы қолданылатыны жайлы белгілі психотерапевт Л.Л. Примак жазды.
Бірінші жол қаңқаның бұлшық еттері мен демалу тонусының орталық нерв
жүйесіне әсер ету ерекшеліктерімен байланысты. Нерв жүйесі мен тонус
арасындағы байланыс бұлшық еттердің тонусын саналы өзгерту арқылы
психикалық белсенділік деңгейіне ықпал етуіне мүмкіндік береді. Адамның
сергектік күйі әрқашанда бұлшық еттің жоғары тонусын қалыпты түрде ұстап
тұруымен байланысты болады. Әрекеттің күшеюіне байланысты тонус та
көтеріледі. Бұл маңызды физиологиялық заңдылық аутогендік жаттығулардың
барлық жүйесінің негізіне жатады. Аутотренингті меңгеру үшін дененің бұлшық
еттерін толық босатуды алдын ала үйрену керек.
Нерв жүйесіне ықпал етудің екінші жолы сезім бейнелері мен елестетуді
пайдаланумен байланысты болады. Сезім бейнесі - бұл адам денсаулығы мен
психикалық күйіне ықпал етуші белсенді құрал.
Ағзаның психофизиологиялық функцияларына ықпал етудің үшінші жолы
айтылып қана қоймай, сондай-ақ ойдағы сөздің реттеуші және бағдарламалаушы
рөлімен байланысты болады. Ішкі сөздің бұл қасиеті жаттығулардың
тиімділігін арттыру, жарыс кезінде ішкі резервтерді жинақтау үшін спортта
ертеден қолданылады. [10]
Қиын жағдай туған кезде, ауытқыған функциялардың орнын толықтыру үшін,
нерв жүйесі тұрақты адам ағзасы бұл резервтерді өздігінен белсенді
қозғалтады. Алайда, көптеген жағдайларда бұл болмайды, өйткені адам өзінің
нерв жүйесінің зор мүмкіншіліктерін білмейді. Аутотренинг жаттығулары
адамның резервтік мүмкіншіліктерініи өсуіне ықпал етіп қана қоймай, сонымен
қатар мидың бағдарланалаушы механизмдерінің қызметін тұрақты жетілдіріп
отырады.
Топтық тренинг. Топтық немесе басқаша айтқанда, әлеуметтік
психологиялық тренинг ретінде қарым-қатынас жүйесіндағы білім беpy және
іскерлікке үйретудің өзіндік түрлерін, сондай-ақ оларға сәйкес коррекция
түрлерін түсінуге болады. Топтық тренинг амалдарымен шешілетін мәселелелер
шеңбері кең әрі алуан түрлі, сондықтан тренинг түрлері де әр түрлі болады.
Әлеуметтік психологиялық тренингтің барлық түрлерін екі үлкен топқа бөлуге
болады:
- әлеуметтік икемділікті дамытуға бағытталған (мәселелен, пікір сайысын
жүргізе білу, тұлғааралық дау-дамайларды шешу);
- қарым-қатынас жасау жағдайын талдау тәжірибесін тереңдетуге мақсатталған.
Баланың дамуына әсер ететін факторлар және оның мәні.
Даму - жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық процесі.
Балада анадан туа біткен белгілі идеялар мен түсініктер және өжет, жұмсақ
немесе байсалды мінез болмайды. Планың адамгершілік, әуестік, белсенділік
және батылдық сияқты қасиеттері даму процесінде қалыптасады. Өйткені, оның
өсіп жетілуіне белгілі әлеуметтік тәрбие мен орта әсер етеді. Адаманың
дамуы және оның дүниені тануы түрлі әлеуметтік жағдайларға байланысты.
Сондықтан оның мінезінде әр түрлі ерекшеліктер мен процестер пайда болады.
Баланың дамуына ықпал ететін факторларға тұқым қуалаушылың, әлеуметтік
орта, тәрбие, т.б. жатады.
Тұқым қуалаушылық - ұрпақтың ата-ананың биологиялық ұқсастығын
елестетуі. Кейбіреулері баланың сыртқы пішініне қарап, бірден қалай әкесіне
не шешесіне ұқсап қалған деп таңданады. Әрине бұл кездейсоқ нерсе емес.
Өйткені, баланың шашы мен көзінің бояуы, терісінің пигменті, бет келбеті
мен басының формасы, жүрісі мен өзін ұстау қалпы тұқым қуалаушылық арқылы
берілетін биологиялық ұқсастықты еске түсіреді. Бала қозғалыс мүшелерін,
нерв жүйесінің функциялық қасиеттерін, ал кейде дауыс тембрі, музыкаға,
биге, математикаға қабілеттілігі сияқты өте нәзік ерекшеліктерді тұқым
қуалау арқылы алады. Бірақ, өте нәзік ерекшеліктердің тұқым қуалау жолымен
берілуі өте сирек кездесетін жағдай. Мысалы: әйгілі ұлы компо-зитор Иоганн
Себастьян Бахтың ұрпақтарында 300 жыл ішінде тек қана 20 адамдай
музыканттар болған. Мұны бір жағынан отбасы мүшелерінің табиғи
мүмкіншіліктердің (нышанның) болуына, екінші жағынан отбасындағы музыкалық
дәстүрге, музыкалық тәрбиеге байланысты деп қарастырған жөн.
Тәрбиеші тәрбие арқылы баланың түрлі іс-әрекеттерін тиімді етіп, оның жақсы
дамуына қажетті материалдарды іріктеп алады, айналадағы табиғи және
әлеуметтік ортаға көзқарасын дамытады. Тәрбие жұмыстарының сара жолдарын
табу нәтижесінде баланың ой-өрісі кеңейеді, эстетикалық сезімі мен талғамы
артып, адамгершілік сапасы қалыптасады.
Мектеп мемлекет қолындағы ақпарат құралдардық (баспа-сөз, радио,
теледидар) көмегімен оқушыларға тәрбие береді, сондай-ақ, мемлекеттің
саясатын жүргізеді. Баланың жеке басының дамуы мен қалыптасуына ықпал
ететін үш фактордық ішінен тәрбие адамның дамуына орасан күшті ықпал етіп,
тұқым қуалаушылық пен ортаның ықпалына белсенді әсер етіп, баланың дамуын
қоғам талаптарына сәйкес бағыттап, белгілі бағытта баланың өмірі мен іс-
әрекеттерін ұйымдастырады, ортадағы жағдайлардан тұлға дамуына қажетті
материалдарды іріктейді, жеке бастың дамуына теріс, зиянды әсер қалдыратын
жағымсыз ықпалдардан аластайды. Осы тұрғыдан келгенде тәрбие аға ұрпақтың
жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихи тәжірибені беру процесі, жаңа ұрпақты өмірге,
еңбекке дайындау арқылы қоғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін
процесс. [11]
Сонымен, тәрбие бала дамуын бағыттайды, басқарады, сондықтан да ол —
баланы қалыптастырудағы негізгі күш. Тәрбие негізгі күш болғандықтан, оның
жетімсіздігі, әлсіздігі баланың қалыптасуына кері әсер етеді.
Бала туралы синтездік, комплекстік ғылым болып табылатын педогогия
ғылымының басты "айыбы"- балалар мәселелері мен әр типті мектептердегі
шәкірттердің жан жүйесін өрттеуде сауалнама мен тест әдістерін шамадан тыс
пайдалануы, сондай-ақ осы ғылымның "Бала ой-өрісінің дамуы түрліше болып,
әлеуметтік ортасына қарай олардың ойы, зердесінің деңгейі біреуде жоғары,
біреуде төмен болады," - деген тұжы-рымдарды жалған деп есептелуі.
Педогогия бала туралы ғылымдарды: психология, педагогиясы, физология,
психотехника, т.б. комплексті түрде біріктіретін, баланың жан-жүйесі жайлы
жан-жақты мағлұмат беретін синтездік ғылым болып табылады.
Х.Досмүхамедұлының педогогия саласында жүргізген іс-әрекетіне де ғылыми
әділеттілік тұрғысынан қарасаң, оның пікірінше, қазақ баласының шыр етіп
жерге түскеннен бастап кәмелетке толғанға дейінгі тыныс-тіршілігі ән-жырдық
құшағында өтеді, әдетте оның бірінші еститін үні - анасы айтқан бесік
жырының әуені. Қазақ баласын тәрбиелеуде дыбыстың ырғақтардың басты орынға
шығуына қазақтардың өмірін кез келген жағдайында өлең шығарып, ән ай-туы
себеп болған.
Сондай қысылтаяқ кезеңде қазақ педогогиясының бірнеше жыл басы-қасында
жүрген Х.Досмүхамедұлы осы саладағы еңбектерін қорытындылап үлгермеді.
Ғұлама ғалым өз еңбектерінде бала психологиясының қалыптасу жолдарын,
қазақ халқының үлттық ерекшеліктерін негіздей отырып түсіндіреді. Сол
кездегі көрнекті кеңес психологтары П.П.Блонский мен Е.С.Выготскийлер де өз
зерттеулерінде педогогиялық тұжырымдарға жүгініп отырған.
Жас ерекшеліктері туралы ұғым. Белгілі кезеңдерге бөлінуі. Белгілі бір
шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық
ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика
және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі шираңтықты,
өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын
қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Балалардың өсіп-
жетілуінің бір сатысынан екіншісіне көшуі кездейсоқ емес. Әр жастағы
кезеңге тән психологиялық ерекшеліктердің үштасуын жиі байқауға болады.
[12]
Сана-сезімнің, дене күш-қуаттарының дамуы адамдардық жас
ерекшеліктеріне байланысты. Баланың жасы өскен сайын бойлары өсіп, денелері
тұлғаланып, ақыл-саналары дамып, білімдері тереңдей бастайды. Балалардың
жас ерекшелігін есепке алу, Оқыту мен тәрбие жүйесіндегі негізгі
принциптердің бірі. Қоғамда атқаратын рөлі, белгілі құқығы бар адамды жеке
адам деп түсінеміз. Ал, қалыптасу дегеніміз - адамның жеке басының дамуы
мен тәрбиесінің нәтижесінде жетілуі, саналы өмір сүруге дайын болуы.
Жас ұрпақты қоғамдық өмірге және еңбекке араласуға дайындау міндетін
іске асыруда, баланың жеке басын қалыптастыруға әсер ететін тәрбие,
қоғамдық, әлеуметтік орта және тұқым қуалаушылық. перзент сүю - ата-ананың
бақыты, олардың қоғам алдындағы табиғи борышы. Ұрпақ жалғастыру - бүкіл
тіршілік дүниесінің эволюциялық жемісі. Адам табиғат-тан тыс өмір сүрмейді,
олай болса, оның табиғи зақына орай дүниеге ұрпақ әкеледі. Адам өзінің баға
жетпес ұрпағы үшін бар жағдайды жасайды.
Тәрбие ісінде балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп отыру қажеттігін
педагогика ғылымы ерте кезде-ақ көрсеткен еді. Ал белгілі педагогтер
Я.Коменский, Ж.Руссо тәрбие беру кезінде бала табиғатын, оның қабылдау,
ойлау ерекшеліктерін еске алып отыруға үндеген болатын.
Қазіргі педагогика және психология ғылымдары балалар мен
жеткіншектердің дамуындағы биологиялың фактордық рөлін айрықша көрсетеді.
Педагогика ғылымы жас ерекшеліктерін анықтауға баланың дамуын үнемі
қозғалыс үрдісі ретінде қарастыра отырып, бұл қозғалыстан сан жағынан
жинақталу, сапа жағынан елеулі өзгерістер болатынын алға тартады. Мәселеге
бұлайша қарау балалардың дене және психикалық дамуының бірқатар кезеңдерін
белгілеуге мүмкіндік береді. Осының негізінде мектеп жасындағы балалар мен
жасөспірімдердің өсіп-жетілуін мынадай кезеңдерге бөлу қабылданды:
1) төменгі сынып шағындағы кезең (7 жастан 11 жасқа дейін);
2) негізгі мектеп шағындағы жеткіншектік кезең (12 жастан 15 жасқа
дейін);
3) орта мектеп шағындағы жасөспірімдік кезең (15 жастан 18 жасқа
дейін).
Соңғы жылдары симпозиумда қабылданған жас кезеңдерінің сызбасына жаңа
туған баладан бастап жасөспірімдік шаққа дейінгі өзгерістер кіреді. Олардың
сатылары:
1. Жаңа туған бала (туған сәттен бір-екі айға дейін)
2. Нерестелік шақ (бір-екі айдан бір жылға дейін);
3. Ерте сәбилік шақ (бір жастан үш жасқа дейін);
4. Мектепке дейінгі балалық шақ (төрт жастан 7 жасқа дейін);
5. Бастауыш мектеп жасы (7 жастан 11,12 жасқа дейін);
6. Жеткіншек шақ (11, 12 жастан, 14, 15 жасқа дейін);
7. Жасөспірім шақ (14,5 жарым жастан, 17 жасқа дейін).
Тәрбие мен оқыту осы жас сатыларына сәйкес жүргізілуі керек. Өйткені,
адам жасының табиғи негізі - жас сатылары немесе биологиялық жетілу
сатылары. [13]
Әрбір жас шағы психикалық дамудық ерекше сапалы кезеңі болып табылады
және бала дамуының осы кезеңдегі жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығын
құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Осыған байланысты әрбір
педагог-маман орта мектеп оқушыларының жас кезеңдеріндегі ерекшеліктерге
сергек те сезімтал көзқараспен қарап, олардың жан дүниесін түсіне білуі
шарт.
Мектепке дейінгі балалық шақта, жас баланың 4 пен 7 жасының аралығындағы
өзіне тән ерекшеліктері, оның айналасындағы болып жатқан құбылыстарды жіті
аңғарып, көргені мен сезінгендерін зердесіне хаттай жазып ала қоятын
зеректігін ала бөтен ескерген жөн. Әрдайым қозғалыс үстінде жетіле дамыған
балалардың денесі мен салмағы да бір қалыпты мөлшерді сақтап өсіп отырады.
4-5 жасар балалардың салыстырмалы ойлай алатын қабілеттері ерекшелене
түседі. Санамақтарды әжептәуір игеріп, аз және көп сандарды, айдық, күн,
жыл мезгілдерін айыра алатын халге жетеді. Бұл жастағылардың ойыны, әрбір
әрекеттері мазмұнға айналып, белгілі бір мақсаттарды орындауға ұмтылыс
жасайды. Бұл жастағы балалар топ-топ болып, өзара бірігіп ойнағанды жақсы
көреді. Балабақшаларының өмірге қанат қақтырар жеткіншектері — 6 жастан
өтіп 7-ге толған балалар екені әркімге де аян. Баланың мектепке 7 жасында
баруы - негізінен биологиялық және физиологиялық заңдылықтарды басшылыққа
алудан деп түсінген жөн. Дендері сау боп дүниеге келген балалар, қашан да
алғыр да зерек үғымталдығышпен ерекшеленеді. Олар айналасындағы
құбылыстарды тез байқап қабылдауға да бейімді. Жете түсінген құбылыстарын
өмір бойы ұмытпайтындықтары да белгілі. [14]
Даму психологиясы – бұл негізгі академиялық ғылым. Бұл ғылым бірнеше
бөлімдерден тұрады. Әрбір бөлігі бір қызмет атқарады. Даму психологиясы
адамдардың психикасының дамуын зерттейді. Даму психологиясын негізгі 4
түрге бөліп көрсетуге болады:
1) Даму психологиясы – әртүрлі жастағы адамдардың концепциясы. Бірақ
басқа адамдар қатысты болып келеді.
2) Даму психологиясы – әртүрлі жастағы адамдардың арасындағы қарым-
қатынас болып табылады.
3) Даму психологиясы – бұл жеке адамның психикасының дамуына әсер етеді.
Даму психологиясының пәні: жалып заңдылықтардың онтогенездегі психикалық
өсуін, мәнін ашып, кең мағынада түсіну, жекешеліктің, себеп салдарының,
сананың 1 кезеңнен 2-ші кезеңге өтуі. Бұл адамның индивидуалдық өсу, тарихи-
мәдени, этникалық, әлеуметтік-экономикалық шарттардың әсерінсіз болмайды.
Даму психологиясының пәні мыналардан тұрады.
1) Өзгерістер – бұл адамның психикасында, өзін-өзі ұстау мәнерінде жас
ұлғайған сайын, яғни жастан 2-ші жасқа өткен сайын кезде болатын
өзгерістер.
– көп көлемділіктен тұрады – ол яғни сөздік қорының көбеюі, есте сақтау
қабілетінің көлемі.
– эволюциялылығы – бұл ақырын, жайымен, ретімен жинақталады.
– сапалығы – сөйлеу мәнеріндегі грамматикалық қиындықтары.
– революциялығы – өте терең, әр кезеңдерде тез әрі жылдам пайда болады.
– ситуациялығы – әлеуметтік орта мен оның балаға әсерімен тығыз
байланысты ұстамсыз.
2) Даму психологиясының түсінігі – адамның өзін-өзі ұстауындағы және
психикасындағы спецификалық қосындысы сияқты анықталады.
Жас немесе жастық кезең – бұл баланың өсуінің циклі, оның өзіндік
құрылымы мент динамикасы бар.
Психологиялық жас – психикалық жас баланың хранологиялық жасы мен яғни
оның куәлігінде жеке паспортындағы жасқа сәйкес келмеуі мүмкін.
Жас – бұл психологияда индивидтің жүріс-тұрысының жалып спецификалық негізі
болып табылады. Әрбір жаста адамның белгілі өзіне тән мінез-құлқы болады.
Осы мінез-құлық өзіні психологиямен және жүріс-тұрысымен байланысы деп
қарастырады және бұл басқа жастарда қайталанбайды.
Жастық шақ – өзіне тән белгілі бір уақытпен шектеледі. Бірақ бұл
хранологиялық шектеулердің жылжуыда мүмкін. Бір бала жастық шаққа басқа
балаға қарағанда тез кіруі мүмкін. Бұл балалардың жыныстық жетілуімен
байланысты.
3) Заңдылықтар – психологияның дамуына механизм және күш әсер етеді.
Олар психологиялық дамуға да әсер етеді.
4) Балалық шақ. Психологияның жастық шағының бір бөлігі.
Даму психологиясының міндеті.

1.2 Баланың психикалық процесін зерттеу материалдарын өңдеу
Балалар психологиясы өсіп, кемелденудегі адамның санасын, психикалық
процестерін, іс-әрекеттерін, барша тұлғалық сапа-қасиеттері мен жедел даму
шарттарының заң-заңдылықтарын зерттейді.
Психикалық процестер – психикалық іс-әрекет көріністерінің жиынтығы.
Әрбір психикалық процес жалпы бейнелеу нысаны мен бір текті бейнелеу –
реттеу ерекшелігіне ие. Мұндай процестер танымдық, еріктік және көңіл-
күйлік болып ажыралады.
Танымдық процестер әрекет-қылықтың бағыт-бағдар негіздемесін
қамтамасыз етеді және оның ақпараттық қорын қалыптастырады. Бейнелеу
нысанына орай олар бес түрге бөлінеді. [15]
1. Сезімдік (сенсорлы) процестер болмыстық жеке қасиеттерін
(физикалық, химиялық, т.б.) бейнелейді. Бұл процестердің психикалық
нәтижесі түйсік деп аталады. Сенсорлы процестер түр ерекшеліктерімен бір
қатар жалпы психикалық заңдылықтарға жүгінеді: олар сезімталдықтың жоғары
және төмен, айырма (дифференциалды) табалдырықтарымен шектелген, адаптация
(бейімделу), сенсибилизация (сезімталдық), шұғыл айырма (контраст) және
синестезия (қосарлы түйсік) заңдарына бағынады.
2. Қабылдау (перцептивті) процесі заттар мен құбылыстардың мәнді
айырмашылық белгілерін саналы түсіну арқылы оларды біртұтас күйінде
бейнелеу әрекеті. Бұл процестердің нәтижесін психологияда қабылдау деп атау
қалыптасқан. Перцептивті процестер өздерінің түр ерекшеліктерімен (көру,
есіту және сезіну) бір қатар ортақ, жалпы заңдылықтарға тәуелді. Олар -
қабылдаудың заттық тегі; таңдамалы бағыты; біртұтастығы; құрылымдығы;
апперцепциялылығы, яғни өткен тәжірибеге байланыстылығы;
константтығы, яғни заттық шынайы сана бейнесінің затты қабылдау шарттарына
тәуелсіздігі.
3. Ақыл-ес (интеллектуал) процестері- бұл заттар мен құбылыстардың
мәнді өзара байланыстары және ерекшеліктерін бейнелеу әрекеттері;
интеллектуал процестер (ойлау) болмысты салыстыру, бейнақтылау,
сәйкестендіру, ауыстыру, сырттай заттастыра тану (экстраполяция), іштей
ойда бейнелеу (интерполяция) жолдарымен бейнелеу қызметін атқарады;
проблемді мәселелерді шешу барысындағы танымдық іс-әрекеттер мен ойлау
әрекеттері және амалдар келесідей кезеңдерді өтуімен ажырылады: салыстыру,
қорытындылау, дерексіздендіру, нақтылау, топтастыру және жүйелестіру;
формальды нәтижелерге жету ерекшеліктеріне тәуелді ойлау формалары: пікір,
ұғым, түсінік-болып ажырылады. Сонымен бірге ойлау: практикалық және
теориялық, эмпирикалық және ғылыми, көрнекі-әрекеттік, көрнекі-бейнелі және
бейнақты, стандартты және шығармашыл - түрлеріне де бөлінеді; ашық сана мен
астар сананың өзара ықпалдасты қатынасынан сезімдік (көрегендік, аян) ойлау
қабілеті қалыптасады.
Тек өкілінің ақыл-ес қабілеттерінің тұрақты құрылымы – интеллект деп
аталады. Ол тұлғаның ақыл әрекеттері түрінде көрініп, проблемді мәселелерді
шешудің стратегиясын, ой қызметінің өнімді нәтижесін қамтамасыз етеді.
4. Қиял – іс-әрекеттің алда күтілген нәтижелері, әрекет-қылық
бағдарламалары ретінде, сонымен бірге баяндап, суреттеу негізінде пайда
болатын жаңа, бұрын соңды көрілмеген бейнелердің туындауы; қиял бейнелері
ақпараттық олқылықтардың орнын толтырады; қиял оқиғалардың алдағы дамуы мен
нәтижесін көрегендікпен сезуді қамтамасыз етеді.
5. Ес (мнемикалық) процестері - өткенде қабылданған материалды санаға
түсіру, оның сақталуы, қайта жаңғыруы және ұмытылуымен бірге жұретін
психикалық әрекеттер; естің келесідей жіктелуін аңғару қажет: ес түрлері
(бейнелі, қисынды, дыбысты, көңіл-күй есі), ес жүйелері (сезімдік, қысқа
мерзімді, нақты іс-әрекеттік, ұзақ мерзімді) және ес типтері (естің
бағдарлануына, оның кейбір түрлерінің беріктігімен, есте сақталу
жылдамдығымен, көлемі мен жетекшілік рөліне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зерттеу пәні - Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процесі
Балаларды мектепалды даярлау мәселелері
Сөйлеу дамуының ерекшеліктері
Жазбаша сөйлеу тілі бұзылысының этиологиясы
Сөйлеу - акустикалық, жазбаша немесе пантомимикалық белгілер арқылы мәліметті жеткізудің жоғары деңгейлі тәсілі
Сауаттылыққа үйретуге балалардың дайындығы
Бастауыш сынып оқушыларының мектепте ОҚУҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫ МЕН БЕЙІМДЕЛУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Мектепке дейінгі балалар - балалар мемлекетіндегі ерекше халық
Психологиялық - педагогикалық қолдаудың теориялық негіздері
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЕС ПРОЦЕСІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Пәндер