«Археология теориясы» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
1. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
2. Археологиялық зерттеулерінің даму тарихы

Археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған заттар археологтардың зерттейтін негізгі деректері болып келеді. Осы факт археология ғылымының өзгешелігін құрайды. Археологтар зерттейтін заттар негізінде көне зираттарда немесе ежелгі заманда адамдар қоныстанған жерлерде табылуы мүмкін. Ол о дүниелік өмірге сенгендіктен, адамдар, бұл дүниеден кеткен адамдарды қасына кейбір заттарды қойып жерлейтін. Сондықтан, археологтар қабірлерді зерттеген кезде сүйектердің қасынан ыдыс-аяқ, темірден, қоладан, мыстан (т.б.) жасалған заттарды табады. Адамдар тұрмаған жерлерде заттар табылуы мүмкін емес. Алғашқы қоныстанған адамдар өздеріне үй салған. Үйлерінен күл-қоқыс, тамақтың қалдықтарын, бұзылған, бүлінген үй тұрмыстық заттарды шығарып тастайтын болған. Осы заттардың үстіне шаң түседі. Араға біраз уақыттар түскеннен кейін жердің деңгейі көзге көрінбей көтеріледі. Осылайша адамдардың қоныстары жердің астында қалып қояды. Археологтар табылған заттарды зерттеп, көне заманның тарихын көз алдына келтіреді. Археологтардың зерттейтін заттары әртүрлі: еңбек құралдар, қару-жарақ, әшекей бұйымдар, ыдыс-аяқ, теңгелер, ежелгі мөрлер, үйдің қалдықтары, шеберханалар, бекіністер, заттардың үстіндегі жазбалар және тағы басқа. Сонымен, археология ғылымының зерттейтін және материалдық мәдениетін аталған адамзаттың тарихы құрайды.
1. Авдусин Д.А. Основы археологии. М., 1989.
2. Авдусин Д.А. Археология СССР. М., 1977.
3. Валк С.Н. Советская археология. М., 1948.
4. Гальперина Г.А., Доброва Е.В. Популярная история археологии. Москва, «Вече».- 2002.
5. Мартынов А.И. Археология. М., 2002.
6. Мартынов А.И. Методы археологического исследования. М., 1989.
7. Массон В.М. Историческое реконструкция в археологии. М., 1990.
8. Федоров-Давыдов Г.А. Статистические методы в археологии. М., 1987.
9. Формозов А.А. Археологические путишествия. М., 1974.

Пән: Геология, Геофизика, Геодезия
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:
Ф-ӘД -00126
Қ.А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ТҮРКІСТАН ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ БИЗНЕС ИНСТИТУТЫ
ТАРИХ-ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ
АРХЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
БЕКІТЕМІН
ТГҒБИ оқу
ісі бойынша орынбасары
э.ғ.к.,
доцент С.Ыдырыс
2007 ж.
Ахеология теориясы пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Мамандығы: 050208 – Археология және этнология
Оқу формасы: Күндізгі
Курс : ІІ
құрастырған: оқытушы А. Бекбергенов
Түркістан 2007
К І Р І С П Е
1. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
2. Археологиялық зерттеулерінің даму тарихы
Пайдаланылатын деректер тізімі:
Авдусин Д.А. Основы археологии. М., 1989.
Авдусин Д.А. Археология СССР. М., 1977.
Валк С.Н. Советская археология. М., 1948.
Гальперина Г.А., Доброва Е.В. Популярная история археологии. Москва,
Вече.- 2002.
Мартынов А.И. Археология. М., 2002.
Мартынов А.И. Методы археологического исследования. М., 1989.
Массон В.М. Историческое реконструкция в археологии. М., 1990.
Федоров-Давыдов Г.А. Статистические методы в археологии. М., 1987.
Формозов А.А. Археологические путишествия. М., 1974.
1. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған заттар
археологтардың зерттейтін негізгі деректері болып келеді. Осы факт
археология ғылымының өзгешелігін құрайды. Археологтар зерттейтін заттар
негізінде көне зираттарда немесе ежелгі заманда адамдар қоныстанған
жерлерде табылуы мүмкін. Ол о дүниелік өмірге сенгендіктен, адамдар, бұл
дүниеден кеткен адамдарды қасына кейбір заттарды қойып жерлейтін.
Сондықтан, археологтар қабірлерді зерттеген кезде сүйектердің қасынан ыдыс-
аяқ, темірден, қоладан, мыстан (т.б.) жасалған заттарды табады. Адамдар
тұрмаған жерлерде заттар табылуы мүмкін емес. Алғашқы қоныстанған адамдар
өздеріне үй салған. Үйлерінен күл-қоқыс, тамақтың қалдықтарын, бұзылған,
бүлінген үй тұрмыстық заттарды шығарып тастайтын болған. Осы заттардың
үстіне шаң түседі. Араға біраз уақыттар түскеннен кейін жердің деңгейі
көзге көрінбей көтеріледі. Осылайша адамдардың қоныстары жердің астында
қалып қояды. Археологтар табылған заттарды зерттеп, көне заманның тарихын
көз алдына келтіреді. Археологтардың зерттейтін заттары әртүрлі: еңбек
құралдар, қару-жарақ, әшекей бұйымдар, ыдыс-аяқ, теңгелер, ежелгі мөрлер,
үйдің қалдықтары, шеберханалар, бекіністер, заттардың үстіндегі жазбалар
және тағы басқа. Сонымен, археология ғылымының зерттейтін және материалдық
мәдениетін аталған адамзаттың тарихы құрайды.
Археология адамзаттың материалдық мәдениетін зерттейді, яғни адамның
іс-әрекетінің негізінде пайда болған барлық нәрселерді. Оның бәрін атап
өтуге мүмкіндік жоқ. Сондықтан, археологтар деректерді негізгі түрлерге
бөлген. Археологиялық деректер барлық жерлерде табыла бермейді. Олар
негізінде адамдар қоныстанған жерлерде немесе адамдардың іс-әрекетіне
байланысты жерлерде кездеседі. Ондай жерлер көп емес. Сондықтан,
археологтар деректерді екі негізгі түрге бөлген. Олар: қоныстан табылған
заттар және қабірлерден табылған заттар, яғни оларды қоныс және қорым деп
атауға болады. Сонымен, археологияның зерттейтін объектісі – археологиялық
ескерткіштер болып табылады.
Жазба деректердің сақталатын және зерттелетін орны архив болып
табылады. Заттай деректер мұражайлардың қорында сақталып, зерттеледі.
Бірақ, ол жақта заттай деректер өте аз. Археологиялық ескерткіштердің
сарқылмайтын қоры – жер. Мәдени қабат деп аталатын нәрсе – археологтың
архивы болып табылады.
Адамның іс-әрекеті нәтижесінде, жер бетінде материалдық заттармен,
құрылыстармен және тағы басқа түрінде көрсетілген іздері сақталады.
Солардың ішінде көбісі уақыт өткеннен кейін жердің астында қалып қояды.
Мысалы, ескі үйдің орнына жаңа үй салынған кезде, оның астында ескі үйдің
қалдықтары қалып кетеді (фундамент, қабырғаның төменгі бөліктері). Осылай,
біраз ғасырлар өткеннен кейін қатпарлар пайда болады. Осы қатпарларды
тастап кеткен қоғамдардың мәдениетінің деңгейін қабаттарда табылған заттар
көрсетеді. Сондықтан осылай пайда болған жердің қабатын мәдени қабат деп
атайды. Сонымен, мәдени қабат дегеніміз – адамның іс-әрекетінің нәтижесінде
пайда болған, тарихи құралған қатпарлардың жүйесі.
Мәдени қабаттың қалыңдығы әр түрлі болып келеді. Мысалы, Москваның шет
жақтарында мәдени қабаттың қалыңдығы 10 см-ден аспайды, ал орталығында 8 м-
ге дейін жетеді. Новгородтың мәдени қабатының қалыңдығы 9 м-ге дейін
жетеді. Әлемде ең қалың мәдени қабат Месопотамияда – 20м. және Орта Азияның
кейбір қалашықтарында – 34 м-ге дейін барады.
Мәдени қабаттың астындағы, адамның ізі басылмаған жерді материк деп
атайды.
Археологиялық ескерткіш – жан-жақты қамтитын түсінік. Олардың қатарына
тұрғын үйлердің қалдықтары, зираттар, оттың іздері жатады. Археологиялық
ескерткіштер көп және әртүрлі болып келеді. Олардың негізгі түрлері:
тұрақтар, қалашықтар, қорымдар, қоныстар, шеберханалар, кен орындары,
архитектуралық құрылыстар, тасқа салынған суреттер және тағы басқа жатады.
Археологияда тұрақ деп тас және қола дәуірінің уақытша қоныстарын атайды.
Бірақ, археологияда қазіргі кезде бұл терминді қате деп есептейді.
Сондықтан тұрақтарды қоныс деп атауға болады. Қалашық деп бекініспен
қоршалған қоныстарды атайды.
Қорымдар археологиялық ескерткіштердің негізгі бір түрін құрайды. Ең
алғашқы зираттар тас дәуірінде пайда болған. Зираттарды екі негізгі түрге
бөледі. Ол: обалар және қорымдар. Төбесінде тастан немесе топырақтан
құрылған үйіндісі болса, оны қорған деп атайды. Қорғандар әртүрлі болады.
Үйінділерінің биіктігі бірнеше сантиметрден бірнеше метрге дейін жетеді.
Мысалы, түркі дәуірінің кейбір қорғандарының биіктігі 15-20 см болады, ал
сақтардың қорғандарының биіктігі 30-35 метрге дейін жетеді.
Төбесінде үйінділері жоқ зираттарды қорым, зират немесе қабір деп
атайды. Қорғандардың жиынтығы – қорғандар тобы деп аталады, ал зираттардың
тобын қорым деп атайды. Зираттарды табу өте қиын. Қорғандарда немесе
зираттарда табылған заттарды жерлеу инвентары деп атайды. Қорғандар мен
зираттардың көпшілігі көне замандарда тоналып кеткен. Бірақ, қалған заттар
да өте көп тарихи мәлімет береді.
Жалпы айтқанда, адамзаттың іс-әрекетінің нәтижесінде пайда болған
заттардың барлығы археологиялық ескерткіштердің қатарына жатады.
Тарих ғылымында уақытын анықтайтын екі жүйе бар. Ол: хронология және
кезеңге бөлу. Хронология – болған оқиғаның уақытын анықтайды, ал кезеңге
бөлу сол оқиғаларды кезеңімен орналастырады.
Адамзат тарихын кезеңге бөлудің ғылымда бірнеше түрлері бар. Соның
бірі – арнайы археологиялық кезеңге бөлу. Археология ғылымының негізгі
деректері заттай деректер болып есептеледі. Яғни, адамның іс-әрекетінің
нәтижесінде қалып кеткен материалдық заттар. Лукреций Кар адамзат тарихын
тас, мыс және темір дәуірлеріне бөлген. Адам өзінің өмір тұрмысын
қамтамасыз ету үшін, табиғаттың дәстүрлі материалдарын еңбек құралдары
есебінде пайдаланғанын б.д.д. І ғасырда өмір сүрген ғалым байқаған. Осының
негізінде археорлогия, этнография, геология, химия және тағы басқа
ғылымдардың жетістіктерін пайдалана отырып, іргетасын адамзат тарихының әр
кезеңінде қорланған білімі қорытып, дәлірек кезеңге бөлуін шығарған.
Сонымен, адамның еңбек құралдарының геометриялық прогрессиямен жақсарғанын
археологтар байқады. Осы негізде адамзаттың тарихы бірнеше кезеңге
бөлінген, яғни еңбек құралдарының жасау техникасының және материалдарының
өзгешеліктері археологиялық кезеңге бөлінуінің негізгі белгісі болып
табылады, яғни технологиялық ерекшелік белгісі.
Осыған байланысты адамзат тарихы археологиялық кезеңге бөлу бойынша үш
үлкен дәуірге бөлінеді: тас, қола және темір. Осы дәуірлер өздері бірнеше
кезеңге бөлінеді. Тас дәуірі – көне (палеолит), орта (мезолит) және жаңа
тас (неолит) болып бөлінеді. Көне тас дәуірінің өзі ерте және соңғы
палеолиттерге бөлінеді. Ерте палеолит үш кезеңге бөлінеді: олдувай, ашель
және мустье. Ал соңғы палеолит Европада ориньяк, солютрэ және мадлен
кезеңдеріне бөлінеді. Тас дәуірі адамзаттың тарихында ең ұзақ мерзім болып
есептеледі. Ол екі миллионнан астам жыл уақытқа созылған. Палеолит сөзі –
көне тас дәуірі деген мағынаны білдіреді, мезолит – орта тас, ал, неолит –
жаңа тас деген мағынаны білдіреді. Тас және қола дәуірлерінің өтпелі
кезеңін энеолит, яғни мыс-тас дәуірі деп атайды. Қола дәуірі негізінде
б.д.д. ІІІ-ІІ мыңжылдықта басталады. Ал, темір дәуірі б.д.д. І жыңжылдықта
басталады.
Археологиялық қазба жұмыстарды арнайы ғылыми білімі бар адамдар
өткізеді. Қазба жұмыстарының әдістемесі – археологияның маңызды бөлімі
болып келеді. Экспедицияға шығар алдында, археолог мұқият дайындалады. Ол
барлық деректемелермен танысады, сосын ғана экспедицияны дайындайды.
Археологтың мақсатына байланысты қазбаның орны анықталады. Қазбаны
бастар алдында объектінің толық жоспарын салады. Ол жоспарға барлық нәрсе
кіруге тиіс. Қазбаны тек қана күрекпен қазады. Керек кезде пышақ немесе
щеткаға өтеді. Мәдени қабатты 20 см қалыңдығымен ашады.
Археологиялық қазба жұмыстарының негізгі екі түрі бар. Біріншісі,
стратиграфиялық қазба жұмысы лат. стратум-қабат, грек. графо-жазу.
Стратиграфиялық қазба жұмысын тарихи ескерткіштердің жасын анықтау үшін
жүргізеді, яғни стратиграфиялық қазба жұмысының негізгі мақсаты тарихи
ескерткіштің пайда болған уақытын және хронологиясын дұрыс анықтау.
Стратиграфиялық қазба жұмыстары үлкен көлемде жүргізілмейді. Мәдени қабатын
тура анықтау керек. Қазба жұмыстарының екінші түрі – стационарлық қазба
жұмысы. Стационарлық қазба жұмыстарының мақсаты көп. Мақсатының бірі –
тарихи ескерткішті анығырақ зерттеу, археологиялық деректерді көбірек табу,
тарихи объектінің анығырақ картасын құрастыру және тағы басқа болып
табылады.
Лекция-2
Археология ұғымы және археологияның қалыптасу тарихы.
Археологиялық ескерткіштер.
Археологияның зерттеу тәсілдері мен әдістері.
Археологиялық материалдарды өңдеу.
Археологиялық жұмыстарға дайындық және археологиялық
ескерткіштерді қорғау.
Қазақстандағы археологияның дамуы.

Авдусин.Д.А. Археологические разведки и раскопки. М., 1959.
Акишев К.А., Вапросы археологии Казахстана. А., 1979.
Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К., Жумаганбетов Т. Археология Казахстана.
А., 1993.

1. Археология – адамзаттың өткен тарихын заттай ескерткіштер арқылы
зерттейтін ғылым. Археология терминін ежелгі грек тілінде – архайос-ежелгі,
логос-ғылым – деген мағынаны береді. Бұл терминді алғаш рет ежелгі грек
философы Платон (427-347жж.) пайдаланған. ХҮІІІ ғасырда бұл терминді ежелгі
өнер тарихы деген мағынада пайдаланған. Осы уақытқа дейін көптеген елдерде
археология тарих ғылымдарына емес жаратылыстану ғылымдарына қосылады.
Біздің елде (Бұрынғы Кеңес Одағы территориясында) археология тарихтың
бір саласы болып саналады.
Археология – тарихтың жазуға дейінгі кезеңін зерттеуде үлкен рөл
атқарады. Егер адамзат тарихы 2,5 млн. жылды құрайтын болса, жазуға дейінгі
тарих адамзат тарихының 99,9 % құрайды. Сондықтан, адамзат тарихының көп
бөлігі археологиялық деректер арқылы зерттеледі.
Алғашқы археологиялық қазба жүргізу және деректерді түсіндіруге
талпыныс ежелгі дәуірде басталған.
Ежелгі рим ақыны және ойшылы Лукреций Кар (б.д.д. Іғ.) жазуға дейінгі
тарихты тас, мыс және темір дәуірлеріне бөлген. Лукрецийдің дәуірлерге
бөлуін археологтар қазір де пайдаланады.
Орта ғасыр кезеңінде археология біржолата ұмытылған болатын.
Археологияға жаңа көзқарас қайта өрлеу дәуірінде болды. ХҮ-ХҮІ ғасырларда
Италияда көптеген археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген болатын. Бұл
қазба жұмыстарының басты мақсаты ежелгі грек және ежелгі рим
ескерткіштерін, әшекейлерін, асыл заттарын табу болды. ХҮІІІ ғасырда Помпей
және геркуланума қалаларында археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді.
Археологиялық жұмыстардың қайта жандануы ХҮІІІ ғасырдың 40-жылдары
басталды. Бірақ нағыз ғылыми зерттеулер тек ¦лы Француз революциясынан
кейін бастау алды. Археология ғылым ретінде тек ХІХ ғасырда қалыптасты. Бұл
кезде Қосөзен мен Египеттегі ежелгі өркениеттер табылған еді. 1836 жылы дат
археологы Х.Томсен археологиялық материалдар бойынша адамзат тарихының
алғашқы үш ғасыры (тас, қола, темір) туралы гипотеза айтты, оның
гипотезасын Е.Ворсо ары қарай дамытты. Буше де Перт табылған тастарды еңбек
құралдар екенін дәлелдеді. 1837 жылы француз археологы Э.Лартэ алғашқы тас
құралдар жасаған адамдар мамонттар және басқа да қазба жұмыстары кезінде
аталған жануардың замандасы болғанын анықтады.
1869-1893 жж. белгілі француз зерттеушісі Г.Мортилье Томсеннің және
Ворсоның хронологиялық жүйесін ары қарай дамытты. Ол тас құралдардың
алғашқы хронологиялық сызбасын (схемасын) жасады. Оның ғылыми айналымға
енгізген терминдері (ашель, мустье және т.б.) әлі күнге дейін қолданылады.
1865 жылы археолог және этнолог Д.Леббок тас ғасырын екі дәуірге: палеолит
және неолитке бөлуді ұсынды. ХІХ ғасырдың аяғында француз археологы Э.Пьет
олардың арасындағы өтпелі кезең мезолитті ашты.
Қола және темір ғасырлары да ежелгі және кейінгі болып екі дәуірге
бөлінді, ХІХ ғасырдың аяғында археологиялық жаңа термин Энеолит - мыс-тас
ғасыры пайда болды. Ол тас ғасыры мен қола дәуірінің арасындағы өтпелі
кезең.
2. Археологиялық ескерткіштерді шартты түрде топқа бөлсе болады.
Олардың ішіндегі ірі екеуі – елді-мекендер және қабірлер болып табылады.
Елді-мекендер бекініссіз (тұрақтар, ауылдар) және бекіністі (қала,
қалашық) болып бөлінеді. Қалашық және ауыл деп қола және темір дәуірлерінің
ескерткіштерін атайды. Тұрақтар деп тас және қола дәуірлерінде адамдар
мекендеген жерлерді айтады.
Қабірлердің негізгі екі түрі бар: мола басында белгілері бар
(қорғандар, мегалиттер және т.б.) және топырақты қабірлер, яғни басында
ешқандай белгілері жоқ. Ең күрделісі – мегалитті қабірлер (мегас – үлкен,
литос - тас), яғни үлкен тастардан салынған қабірлер – дольмендер,
менгирлер және т.б. Батыс Еуропа мен Россияның оңтүстігінде дольмендер
(доль – стол, мен - тас) кең тараған.
Үлкен тастардан жасалған қабірлер – пирамидалар. Пирамиданың ең үлкені
– Хеопс пирамидасын салу үшін 6,5 млн. т. тас кеткен. Оның биіктігі – 140м.
Бұрынғы Кеңес Одағы территориясындағы пирамидалар ағаштан және топырақтан
жасалған. Олардан тек топырақты қорғандар сақталған.
Қабірлер - өлген адамның жасын анықтайды, яғни сол дәуірдегі
адамдардың орташа өмір сүру мерзімін, олардың өмір салтын, немен
қоректенгенін анықтауға мүмкіндік береді. Мамандар адамның сыртқы бейнесін,
бойын, жыныстық айырмашылығын және тағы басқа белгілерін адам сүйектері
толық табылмаса да анықтай алады. Кейде ұйықтан (болотадан) адамның
шірімеген сүйектері табылады. Мысалы, 1984 жылы Линдоу-Мосс ұйығынан жасы
жиырма-отыздағы, бойы – 167 см, сары сақал-мұртты, самай шашы
(бакенбардасы) бар, тырнақтары алынған ер кісінің сүйегі табылған. Оның
денесі 2500 жылдай балшықтың арасында жатып шірімеген. Оны арқанмен
қылқындырып өлтіріп ұйыққа тастаған. Осындай табылымдар өткен өмір туралы
көптеген мәліметтер береді.
Қабірлер, әсіресе жерлеу рәсімдері өлген адамның руластарының діни
көзқарастарын, сенімдерін, дүниеге көзқарасы туралы мағлұматтар береді.
3. Археологиялық зерттеулер далалық және камералды, яғни
лабораториялық болып екіге бөлінеді.
Далалық зерттеу тек қазба жұмыстары емес, ол ең алдымен археологиялық
ескерткіштерді іздеу.
Кез-келген құрылыс басталмас бұрын (қала, завод, су қойиасы және т.б.)
ескерткіштерді қорғау туралы Заңға сәйкес құрылыс аймағында археологиялық
зерттеулер жүргізілу керек. Егер ескерткіш табылса құрылыс басталғанша
зерттелуі тиіс.
Ескерткіштерді табу үшін алдымен археологиялық барлау жүргізіледі.
Барлау жүргізудің ең сенімді әрі қарапайым тәсілі – зерттейтін территорияны
жаяу аралау қажет. Ортағасырлық қалалар, пирамидалар, қорғандар алыстан
көзге түсіп тез табылады. Ал, көне тұрақтарды табу үшін археолог жерде
жатқан заттарға ерекше назар аударуы тиіс. Сондықтан, археолог зираттардың
әрбір кезеңге тән белгілерін білуі керек және заттың табылған жерін
топографиялық картаға түсіріп отыруы қажет. Карта арқылы заттардың көп
шоғырланған ауданын анықтап, сонда қазба жүргізуі мүмкін. Егер жер бетінен
заттай дерек аз табылса немесе кездеспесе, онда барлау шурфын немесе
траншеясын (ор) қазады.
ХХ ғасыр басында әуе шары арқылы римдік Ости портының фото суреті
түсірілген. Осыдан бастап аэрофотосурет тәсілі пайдаланылған. Аэрофото –
тәсілі ежелгі қаланың көлемін, жолдарын, ежелгі каналдардың орындарын
табуға мүмкіндік береді.
Электро барлау тәсілі де кең қолданылады. Оның негізінде ток арқылы
жер қарсылығы өлшенеді.
Жер қарсылығы оның ылғалдылығына байланысты.
Егер жердің астында ежелгі қабырғалар болса ылғалдылығы төмен болады.
Сондықтан, электроқондырғыдағы көрсеткішті өзгеруіне қарап отырып көзге
көрінбейтін жердің астындағы ежелгі тұрғын үйлердің жоспарын (жобасын)
қалпына келтіруге болады. Сондай-ақ, металды деректорларды және радарлы
аппараттар да пайда болды.
Далалық жұмыстардың негізгі түрі – қазба жүргізу.
Қазба жүргізу – мыңдаған жылдар бойы желмен, сумен, өсімдіктердің
шіріген қалдықтарымен қалыптасқан жердің беткі қабатын, оның астында қалған
ежелгі заттар немесе қабырға қалдықтарына зиян келтірместен қазып, аршып
алу. Қазба жұмыстары тек күрекпен ғана емес, сонымен қатар, пышақпен,
медициналық скальпельмен, кейде сурет салатын щеткамен жүргізіледі.
Қазба жүргізілетін жер алдымен бірдей квадрат алаңдарға бөлініп, әрбір
квадрат нөмірленеді. Бұл тор деп аталады.
Қазба жүргізілгенде адамдар бірнеше рет мекендеген көп қабатты
ескерткіштер жиі кездеседі. Адам өмірінің қалдықтары кезедесетін қабатты
археологияда – мәдени қабат деп атайды. Мәдени қабаттың қалыңдығы әртүрлі
болып келеді. Кейбір ескерткіштерде мәдени қабаттың қалыңдығы см-ді құраса
кейбірінде 50-60 м-ге дейін барады.
Сондықтан археолог қазба жүргізгенде ежелгі заттарды тек тауып қана
қоймай, оны жойылып кетуінен сақтау керек. Затты тапқан соң жалпы
сипаттамасын жасау керек, суретін салады, фото суретке түсіреді, қандай
квадраттан, қанша тереңдіктен табылғанын белгілеп жоспарға енгізеді,
стратиграфиясын жасайды, барлық жарамды материалдарды талдауға (анализге)
алады. Сондықтан, археологтың жұмысын хирургтың жұмысымен салыстыруға
болады.
3. Табылған материалдырды лабораториялық өңдеуде оңай шаруа емес. ¤ңдеу
жұмыстары далалық қазба кезінде басталады. Онда табылған заттарды
тазалайды, жуады және шифрлайды, яғни әр затқа арнайы номер қойып,
жинақтық жазбаға енгізіледі. Осы номерге қарап оны қай жерде табылғанын
білуге болады.
Археологияда табылған ескерткеіштің жасын анықтау маңызды рөл
атқарады. Мұнда ғылымның классикалық әдістерімен қоса (салыстырмалы –
типологиялық, картографиялау және т.б.) археомагниттік, дендрохронлогиялық,
радиокөміртектік (С-14) және тағы басқа әдістер қолданылады.
Археомагниттік әдістің зерттеу амалы балшықтың магниттелуіне
негізделген. Балшықтан кірпіш немес керамикалық ыдыс жасап күйдіргенде
жердің магнитті кеңістігі тоқтап қалғандай болып есептеледі. Сондықтан
магнитті кеңістіктің бағыты мен күшін өлшеп және жердің магнитті
полистерінің өзгермелілігін біле отырып кірпіш немесе ыдыстың күйдірілген
уақытын анықтауға болады.
Радиокөміртекті әдіс физикадан алынған. Тір организм мен атмосферада
бірдей көлемде радиоактивті көміртек болады. Организм өлген соң көміртектің
жиналуы тоқтап, көміртек жойыла бастайды, оның жартылай жойылуы 5730 жылға
тең. Табылған зат көне болған сайын оның құрамындағы көміртек азая береді.
Ол туралы арнайы құрал хабарлайды. Сондықтан, органикалық заттардың жасы
дәл анықталады.
Дендрохронологиялық әдіс – ағаш құрылыстардың жасын бір жылға дейін
дәл анықтай алады.
Термолюминесценциялық әдіс – заттардың С-14 және дендрохронологиялық
әдіспен анықталған жасын нақтылауға көмек береді. Бұл әдістің негізі
заттарды 400-500º -та қыздыру болып табылады.
Ежелгі керамика немесе жер қабатын қыздырғанда олар сәуле шығарады,
зат неғұрлым көне болса, сәуле шығару соғұрлым жарық болады.
Бұлардан басқа археологияда заттадың жасын күн радиациясының
белсенділігі (астрофизикалық әдіс) бойынша және биологиялық әдістерді
пайдалану арқылы анықтайды (ленталы балшық, шаңтозаң).
Материалдарды өңдеуде тек жасын анықтап ғана қоймайды, сонымен қатар,
табылған заттардың қолдану әдістерін анықтаумен айналысады.
Тас құралдарда қалған іздер бойынша зерттеу әдістерін функционалды
және трассологиялық анализ деп атайды. Бұлардан басқа, химиялық,
рентгендік, ядролық анализдер де бар.
Археологиялық материалдарды өңдегенде заттарды категорияға, топқа,
класқа, типке және түрге бөледі.
5. Кез-келген елде археологиялық ескерткіштері ұлттық мақтанышы болып
табылады. Сондықтан, археологиялық ескерткіштер мемлеет қорғауында болады.
Қазба жұмыстарында химия мен физикадағы сынақ сияқты қайталау
болмайды. Сондықтан қазба жұмыстарын жүргізу маман археологқа тапсырылады
және арнайы рұқсат ашық қағазы беріледі. Кез-келген археологиялық
ескерткіш территориясында ашық қағазсыз қазба жүргізу немесе басқа да
жұмыстар жүргізу қылмыстық іс болып саналады және ол жауапқа тартылады.
Ашық қағаздың төрт түрі бар:
1-форма: кез-келген археологиялық жұмыстар жүргізуге рұқсат береді;
2-форма: барлау жұмыстарын жүргізу және кішігірім бөліктерін қазуға
рұқсат береді;
3-форма: тек барлау жүргізуге рұқсат береді;
4-форма: табиғи апат салдарынан құрып кету қаупі төнген немесе жер
қазу жұмыстары кезінде кездейсоқ табылған археологиялық
ескерткіштерді зерттеуге рұқсат береді.
Заңға сәйкес жергілікті басқару органдары археологиялық ескрткіштерді
қорғалуын қадағалауы тиіс. Егер ескерткіш орналасқан жерде құрылыс
жұмыстары жүргізілсе, құрылыс жүргізуші ұйым алдын-ала ол жердің толық
зерттелуіне шара қолдануы қажет немесе қазба жұмыстарын қаржыландыруы
керек.
Ашық қағаз бір адамға бір мерзімге археологиялық мекемелердің сұранысы
бойынша беріледі. Ашық қағаз алған адам келесі жылдың 1-мамырына дейін және
жаңа далалық мерзім басталуынан екі ай бұрын ашық қағаз берген мекемеге
ғылыми есеп беруі керек.
Ескерткіштер территориясында жаңа құрылыс салуға және жобасын
ауыстыруға тыйым салынады. Ескерткіштің көрінуіне кедергі болатын және
ескерткіш территориясын ластайтын құрылымдар бұзылуы тиіс.
Ескерткішті қоршап жатқан жер қорғаулы аймақ болып саналады.
Мәдени қабаты бар ескерткіштер үшін қорғау аймағы мәдени қабат
табылған жерден 50 м радиусте болады. Барлық дәуірлердің шекарасы белгілі
елді-мекендер үшін қорғау аймағының шекарасы 25 м. болып есептеледі.
Қорғандар тобы үшін қорғау аймағы шеткі қорғаннан басталып 50 м.
көлемінде қоршалады. Тасқа салынған суреттер, қабірлер және ескі жолдар
үшін де осындай қорғау аймағы болады.
Жақын маңда карьер, шұңқырлар орналасқан ежелгі елді-мекендер,
қабірлер үшін және сонымен қатар көрнектілікпен қамтамасыз етілуге тиіс
ескерткіштер үшін қорғау аймағының радиусі 200-300 м. болады. Бұл жерлерге
құрлыс жүргізуге тиым салынады, бірақ жер айдауға, бақша егуге рұқсат
етіледі.
Археологиялық ескерткіштер мен тағы басқа тарихи және мәдени
ескерткіштерді қорғауда мемлекеттік органдар: Мәдениет министрлігі
жанындағы ескерткіштерді қорғау инспекциясы және облыстық, аудандық
мәдениет бөлімінің жанындағы есекеткіштерді қорғау инспекторлары жауапты
болып табылады.
6. Қазақстандағы Археологиялық жұмыстарының тарихы.
Қазақстандағы археологоиялық ескерткіштер туралы мәліметтер бұрыннан
бері белгілі. Олар туралы ортағасыр тарихшылар, географтары және
саяхатшылардың мәліметтерінен белгілі. 1707 жылы Петр І-нің бұйрығымен
С.Ремезов Сібірдің картасын сызған. Соған Қазақстанның біраз тарихи
ескерткіштері кірген. Кейінен де ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ. Қазақстанның біраз
ескерткіштері туралы Ресей ғалымдарының еңбектерінде мәліметтер
кездестіреміз.
Ш.Уәлихановтың еңбектерінде Талғар және Шынгелді ескерткіштерін
зерттегенін байқаймыз. 1862 жылыдан бастап Қазақстанда В.В.Радлов
археологиялық зерттеу жұмыстарын бастайды. Сол жылы ол Семейдің төңрегінде
археологиялық қазба жұмыстарын жүргізеді. 1866 жылы Павлодардың қасында,
1869 жылы Жетісуда археологиялық зерттеу жұмыстарын жалғастырады. 1867 жылы
белгілі орыс шығыстанушысы П.И.Лерх Түркістан аймағын зерттейді. Оның
экспедициясы Сауран, Сығанақ, Талас алқабынан өтеді. Жанкент қалашығында
қазба жұмыстарын жүргізеді.
Археологиялық кеңесінің рұқсатымен 1884 жылы Ф.Д.Нефедов Торғайда,
1889 жылы Э.Ю.Петри мен С.Н.Назаров Солтүстік Қазақстанда, А.Н.Харузин
Батыс Қазақстанда, ал Н.Н.Пантусов Жетісуда археологиялық қазба жұмыстарын
жүргізеді. Қазақстанның тарихын зерттеуде 1893-1894 жылы Бартольдтың
экспедициясының маңызы зор болып келеді. 1904 жылы Кларе мен Черкасов
Отырар қаласында қазба жұмыстарын бастайды.
1925-1928 жылдары Массонның экспедициясы Оңтүстік Қазақстанның аймағын
зерттеп өтеді. М.П.Грязнов 1926 жылы Батыс Қазақстанда арахеологиялық қазба
жұмыстарын өткізеді. 1936-1940 жылдары Бернштам бастаған Жетісу
археологиялық экспедициясы бір қатар қалаларды зерттейді (Тараз, Луговое,
Аспару).
1946 жылы Қазақ ССР-дің Ғылым Академиясы ашылды. Осы уақыттан бастап
Қазақстанда барлық археологиялық зерттеу жұмыстарын Қазақ ССР ҒА
Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, архехеологи және этнография институты
жүргізеді.
Тас дәуірі
1. Тас дәуірінің географиялық-климаттық жағдайы.
2. Тас дәуірінің зерттелу тарихы.
3. Тас дәуірінің кезеңге бөлінуі.
Пайдаланылатын деректер тізімі:
1. Авдусин Д. А. Основы археологии. М., 1989.
2. Археологические исследования. М., 1990.
3. Археология Центральной Африки. М., 1988.
4. Блаватский В.Д. Античная полевая археологии. М., 1967.
5. Борисковский Р.И. Древнейший каменный век Южной и Юговосточний
Азии. М., 1971.
6. Гальперина Г.А., Доброва Е.В. Популярная история археологии.
Москва, "Вече".-2002.
7. Каменный век. Памятники. Методика. Проблемы. М., 1989.
8. Каталог археологических материалов эпохи кампя и бронзы. М., 1973.
9. Кругликова И.Т. Античная археология. М., 1984.
10. Ларичев Б.Е. Палеолит средней, централной и восточной Азии. М., 1972.
11. Мартынов А.И. Археология. М., 2002.
12. Новое в археологии. М., 1972.
13. Федоров-Давыдов Г.А. Статистические методы в археологии.
М., 1987.
14. Формозов А.А. Археологические путишествия. М., 1974.
15. Палеолпт ближнего и среднего востока. М., 1978.
1. Жер тарихы 5 млрд. жылды құрайды. Адамзат тарихы оның ішінде қысқа ғана
кезеңді қамтиды. Ғалымдар жер тарихын геологиялық кезеңге немесе реттік
топқа бөлді. Геологиялық кезендердің соңғысы — кайнозой кезеңі, яғни
қазіргі біз өмір сүріп отырған геологиялық кезең. Бүл кезең бұдан 60-70
млн. жыл бұрын, адам пайда болғанға дейінгі уақыттан бастау алады. Бүл
кезенде толықтай сүтқоректі жануарлар үстемдік етті. Кайнозой үш кезеңге:
палеоген, неоген және антропоген болып бөлінеді. Бүған дейін геологиялық
әдебиетте палеоген мен неогенді үшінші кезең деп атады, сондай-ақ, оны көп
қолданбайды. Антропоген (гр. антропос - адам, генезис - пайда болу) немесе
ескіше төртінші кезең, яғни адамның пайда боду уақыты мен адамзат дамуы
және оның материалдық мәдениеті деп аталды. ¦лы ғалым В.И. Вернадскийдің
көзқарасы бойынша, бүл жер тарихында орасан зор маңызы бар кезең:
биосфераның (жер шарының тіршілік тараған аймағы) ноосферамен толығуы (гр.
ноос — ақыл, ес, парасат) — деді.
Антропоген кезеңінің басталуы туралы сұраққа жауап беру геологтарға, сондай-
ак, археологтар мен басқа да ғылым өкілдеріне ортақ міндет. Қазіргі
калыптасқан достүр бойынша антропогеннің ең көне кезеңі – плиоцен, яғни
қазіргі өсімдіктердің пайда болуы мен қалыптасу кезеңі. Соңғы мәліметтер
бойынша адамның пайда болған уақыты 3-3,5 млн. жыл бүрын, ал жоғарғы уақыты
1,8-2 млн. жыл бұрын болып табылады.
Антропоген - эонлейстоцен, плейстоцен және голоцен болып бөлінеді.
Антропоген кезендерінің негізінде климаттық жағдайдың тұрақсыздығы
байқалады, яғни мұздықтан — мұз аралас кезеңге алмасты. Мүндай
стратиграфиялық жүйелер және геологиялық бөліністер мен тарихи оқиғалар
тұтастай бір ТМД территориясында немесе шетел территорияларында болған жоқ.
Климаттың түрақсыздығы тек жекелеген аудандар көлемінде жүрді. Мысалы,
мұндай жүйе Русь жазығынан көрінеді. Сопдай-ақ, антропоген кезеңдері Батыс
Сібірде, Қиыр Шығыста және Ортя Азияда жақсы байқалады. Бұлардың барлығы
Батыс Европа кезеңдерімен сәйкес келеді, бірақ өзара байланыстылығы
(корреляция) жөпінде шиеленіскен түрлі көзқарастар калыптасқан. Ойткені,
кейбір археологиялық ескерткіштер (тұрлі) әр түрлі уақытпен белгіленеді.
Антропогеннің плейстоцен уақыты суық болуымен, яғни мұздық кезеңмен
сипатталады. Мұздардың бірнеше факторларға, ең бастысы - тектоникалық
(геол. терм. - жер қыртысы) козғалыстарға әсер етті. Аталған кезеңде орасан
зор территорияларды мұздар басып жатты.
Русь жазығындағы ең көне мұз басқан жерлер - Окс, яғни Альпадағы миндельге
(геол. кезең) сәйкес келеді. Одан кейін лихвиндік (Альпадағы - миндель-
рисс) мұз аралас аймақ болды. Днепрлік мүздық Европа жазығының орталық
аудандарын жауып жатты. Рисс мүздары (миндель-рисс) Батыс Европада Лондонға
дейін созылып жатты. Микулин (рисс-вюрмдік - геол.кез.) мұзаралығы
негізінен жылы және ылғалды болды. Бұл кезеңде ормандар (көпшілігі қызыл
қайың) кең тарала бастады. ТМД территориясындағы ең соңғы мүздық -
валдайлық, яғни вюрмдікпен үйлеседі. Осы геологиялық кезеңмеи ІІлейстоцен
аяқталады. Мұздықтан кейінгі кезең қазіргі геология бойынша голоценге
сәйкес келеді. Мүздық пен теңіз деңгейінің тепе-теңдігі адамзат тағдырына
үлкен әсерін тигізді.
2. ХҮПІ-ХІХ ғасырларда табиғат зерттеушілері ежелгі уакыттарда адам
мен маймылдың зоологиялық жақындығы туралы ғыдымда анықтады. Ч.Дарвин
өзінің "Происхождение человека" ("Адамзаттың пайда болуы") деген еңбегінде
хайуанаттан адамдыкқа өту жолы туралы жазды. Бірақ, Ч.Дарвин адамның басты
айырмашылығын көрсете алмады, яғни биологиялык. факторларды мәлімдеу
(таныстыру) мүмкін болмады. Бұл айырмашылык Энгельстің "Роль труда в
процессе превращения обезьяны в человека" ("Маймылдардың адамға айналу
процесінде еңбектің рөлі") деген еңбегінде дәлелденді.
Адамзаттың пайда болуы мен қалыптасуы ұзаққа созылған процесс болды.
Неоген кезеңінің соңында және неоген мен эоплейстоцен аралығында Африкада,
Оңтүстік Европада және Оңтүстік Азияда адам тектес маймылдардьң бірнеше
түрі өмір сүрді, олардың физикалық құрылымы мен өмір сүру үлгілерінен
адамға айналуының алғышарттары байқалды. Олардың бірнеше түрі:
дриопитектер, рамапитектер, удабнопитектер және түрлі австралопитектер
болды. Олардың көпшілігінің үрпақ эволюциясы (даму, өрістеу) түйыққа
тірелді, өмір сүруі тоқтады. Тек олардың аз ғана бөлігі неогендегі адам
тектес маймылдар австролопитектерге жақындығы байкалады. Сүйек
қалдықтарынан бізге белгілісі, осы кезеңде аңшылықпен айналылсу және ет
тағамдарын қолдану біртіндеп белгілі орынға ие болды. Адам сипаттамасы: екі
аяқпен жүру, еңбек дағдылары және жүйелі түрде құрал-сайман дайындау әдісі
қалыптаса бастады.
Адамзаттың пайда болуы туралы сұрақтың әлі күнге дейін толық шешімі
жоқ. Қалыптасу процесі кең ауқымды территорияны қамтыды. Адамзат дамуындағы
оқиғалар шешімін Африкадан табылып, ашылған орындардан байқауға болады.
1960 жылы Танзанияда, Олдувай шатқалында Луис Лики (зерттеуші)
адам тектес тіршілік иелерінің сүйек калдықтарын ашты. Бұл тіршілік иесін
Homo habilis деп атады. Калийаргондық әдіс оның көнелігін 1,75-1,85 млн.
жыл деп бөледі. Ол жерден бас сүйек қалдықтары, төменгі жақ сүйегі, бұғана,
табан сүйектері және қол сүйектері табылған. Миының көлемі - 657см. куб.
Аяқ сүйектері екі аяқпен жүргендігін дәлелдейді, ал қол сүйектері – күшті,
қатты қысуға икемділігі болғандығын дәлелдейді. Homo – аталуының
маңыздылығы оның табылған барлық сүйектерімен қоса ежелгі, сапалы тас
құралдардың табылуымен тығыз байланысты. Бұдан байқалатыны, Homo habilis-
тің екі аяқтап жүретін приматтардан (сүтқоректі маймыл) адамдыққа қадам
басуы жоғары дамушылықты көрсетеді. Тас құралдың көмегімен ол өзіне ағаштан
құралдар жасаған. Оның еңбекке икемділігі антропологиялық даму деңгейін
байқатады: шыныққан қолы, ми көлемінің біршама үлкендігі. Осы даму
сатысындағы адам сүйектерінің қалдықтары көпшілігінде Африка жерлерінен
белгілі. Сондай-ақ, Ежелгі қалыптасушылық Эфиопияда да табылды, абсолюттік
жасы шамамен 2,8 млн. жыл.
Алғашқы жүре бастаған адамдар түрі архантроптар (гр. архайос – көне,
ежелгі) деп аталады. 1891 жылы Ява аралынан (Оңт. Азия) Евгений Дюбуа
питекантроп (гр. питекос - маймыл) деп аталатын маймыл тектес адамның сүйек
қалдықтарын тапты. Қазіргі уақытта антропологиялық қорытынды бойынша
питекантроп адамы түрінің едәуір негізгі бөлігі болып табылады. Явадан
табылған ежелгі архантроптар шамамен 1,16 ( 0,24 млн. жыл бұрыннан 0,71 (
0,10 млн. жыл бұрынғы аралықта болғандығы анықталды. Бұл архантроптардың
маңдайы шығыңқы болған, оған миының алдыңғы бөлігінің әлсіздігі дәлел
болады. Қазіргі адамдардың қабақ үсті сүйектері жақсы қалыпқа келген және
шығыңқы иектері тартылған. Явалық архантроптардың бірінші табылған орнынан
бірнеше қашықтықта ежелгі геологиялық қабаттан күрделі қирандылар, формасыз
жаңқалар және тас үгінділері табылды, ең маңыздысы бұлармен қоса ондағы
архантроптардың да қаңқа құрылыстарынан байқалатыны, олар да еңбек құралын
жасаған. Пекинге жақын маңдағы Чжоукоутянь жерінде терең жарылған жер
кездеседі, ол жерден синантроп (лат. сина - қытай) деп аталатын қытайлық
архантроп сүйегі табылған. Қазірде олар көпшілікке белгілі. Олардың
көпшілігінің ми көлемі 915-тен 1225 см3-ке дейін жетеді. Синантроп тастан
құралдар жасай білді; онда мыңдаған құрал табылған. Құралдардың басым
бөлігі көптеген метрлік қабатты және оның жоғарғы бөліктерінде жатты,
олардың аралығы жүздеген мың жылды құрайды, ондағы процестердің дерлігі бір
қалыпты өте жай жүрді. Археологтардың бірсыпырасы мұндағы қарулардан
тұрақты формаларды байқады, сондай-ақ, ол жерден (Чжоукоутянь) ашельдік
кескіндер де байқалады. Қытайлық архантроп шамамен 300 мың жыл бұрын өмір
сүрген, кейбір зерттеушілер оларға 500 мың жыл бұрынға дейінгі уақытты
көрсетеді.Чжоукоутяньда көп метрлік көмір мен күл қалдықтары синантроптың
отты пайдаланғандығына дәлел болады. Адамдардың алғашқы отты пайдалануының
қиын болғандығы белгілі. Олдувай шатқалында мұндай нәрсе табылмаған. Бұл
уақытта архантроп әлі отты пайдалануды білмеген, олар табиғи отты
(найзағай, вулкан және т.б. болған жерлерде жүрген) қолданған деп санайды.
Адамдардың ежелгі тұрақтарында оттың іздері өте сирек кездеседі. Синантроп
аң аулауды білген, оны қоныстардан сүйектерден (негізгісі бұғы) байқауға
болады. Сонымен қатар, жеміс-жидек, тамырлар және жеуге жарамды
жәндіктермен қоректенген.
Синантроп отты тек жылыну үшін ғана емес, соған қоса жыртқыш аңдардан
қорғану үшін және сондай-ақ, ыстық шоққа (отқа) ет қуырған.
1907 жылы ФРГ-де Гейдельберг маңында тағы бір архантроп қалодықтары
ашылды. Табылған жақ сүйектерінен байқалатыны әлі маймыл тектес иегі
шығыңқы, бірақ тістерінің орналасуы (құрылысы) адамдікі секілді. Европада
тағы үш жерде (Венгрияда, ЧССР (Чехославакия), Францияда) питекантропқа
ұқсас жетілген адам қалдықтары табылды. Homo habilis архантроптың ең ежелгі
және анайы (жабайы) сатысындағы өкілі болуы мүмкін, явалық питекантроп
дамушылықтың айтарлықтай жоғарғы сатысында тұр, ал венгрлік және Қытайдан
табылғандар ең кейінгі сатымен (стадия) сипатталады.
Қазіргі адамзат баласына мұндай заттар қалдығы әлемнің көне
құрлықтарының барлығынан белгілі. Тек Америка мен Австралияда адам тектес
маймылдардың қалдықтары кездеспеген.
3. Тарихтың алғашқы кезеңдерін археология ғылымы тастың өңделу
технологиясына қарап бөледі. Археологтар өңделген тас пен өңделмеген тастың
айырмашылық белгілерін анықтайды. Алғашқы құралдар дөрекі келеді, онда
анайы өңделгендіктің іздері болады.
Тарихтың ең көне дәуірі палеолит ( гр. палайос – ежелгі, көне, литос -
тас), яғни көне тас дәуірі деп аталады. Ол плейстоценнің басталуынан
голоценге дейінгі аралықты қамтиды, бұл аралық кем дегенде 2 млн. жыл.
Палеолитті ежелгі және кейінгі немесе төменгі және жоғарғы деп екіге
бөледі. Ежелгі палеолит үш кезеңге: Олдувай (бұл термин бұрын “ашельге
дейінгі кезең” деп аталған), ашель және мустьер (мустье) болып бөлінеді.
Қазіргі кезде адамдардың белгілі ең көне тұрағы Ефиопиядағы Вест-Гона
жерінде орналасқан (2,8-2,4 млн. жыл бұрын). Бұл тұрақтан Homo habilis-тің
көне қалдықтары табылған. Кооби-Фора тұрағы Кенияда орналасқан (2 млн. жыл
бұрын). Онда да мәдени қабат сақталған. Осында табылған 139 бұйымның
барлығы дерлік лавадан жасалған, оны тұраққа 10 шақырым жерден тасыған. Тек
төрт бұйым ғана кварцтан және кремнийлі (хим. элем. Тас шыны) тақта тастан
(сланец) жасалған. Кремний шикізатынан құрал жасау алыдңғы қатарлы болды.
Кремнийдің отаны Африка болып табылады. Бірақ онда кремний өте сирек
кездеседі.
ТМД елдерінде палеолиттік тұрақтар көп, бірақ Олдувай кезеңіне жататын
тұрақтар жоқ.
Палеолит кезеңі адамның қалыптасқан уақыты. Ерте палеолитте архантроп
– ежелгі адам және палеоантроп – көне адам (неондертальдықтар) өмір сүрген
кезеңі. Соңғы палеолитте неоантроп – жаңа адам (Homo sapiens) пайда болды.
Бұл кезеңде адамдардың әлеуметтік құрылысында тобырдан рулық қауымға өту
процесі жүрді. Адамдар өздеріне тастан, ағаштан және сүйектен құралдар
жасады, олардың дерлігі бізге белгілі, әрине кейде белгісіз жайттар да
кездеседі. Бұл уақыттағы құралдардың жалпы формасы дөрекі болды. Олардың
құралдар жасағандығын тастардағы, сүйектер мен өсімдік жемістеріндегі
іздерден байқауға болады. Құралдар формасы алмас секілді болған.
Ерте тас дәуірі.
Олдувай кезеңі.
Ашель кезеңі.
1. Мустье кезеңі.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1. Авдусин Д.А. Основы археологии. М., 1989.
2. Алпысбаев Х.А. Памятники нижнего палеолита Южного Казахстана. А., 1979.
3. Археология зарубежной Азии. М., 1986.
4. Археологические исследования. М., 1990.
5. Археологичкскии сборник. Вып. 21. М., 1980.
6. Археология СССР. Палеолит СССР. М., 1984.
7. Археология Центральной Африки. М., 1988.
8. Борисовский Р.И. Древнейший каменный век Южной и Юговосточный Азии. М.,
1971.
9. Деревянко А.П. и др. Археологические исследования Россиско-Монголско-
Американской экспедиции в Монголии в 1996 году. Новосибирск. 1998.
10. Деревянко А.П. и др. Археологические исследования Россиско-Монголско-
Американской экспедиции в Монголии в 1997-1998 гг. Новосибирск. 1999.
11. Деревянко А.П. и др. Раннепалеолитические микроиндустриальные комплексы
в травертинах Южного Казахстана. Новосибирск. 2000.
12. Деревянко А.П. и др. Палеолит северного Прибалхашия. Новосибирск. 1993.
13. Каменный век. Памятники. Методика. Проблемы. М., 1989.
14. Ларичев В.Е. Палеолит средней, центральной и восточной Азии. М., 1972.
15. Палеолит ближнего и среднего востока. М., 1978.
16. Эпоха камня и полиметалла азиятской части СССР. М., 1988.
1. ОЛДУВАЙ кезеңінің (2 млн. жыл – 700 мың жыл бұрын) ең көне
ескерткіштері Африкада табылды. Ежелгі құралдардың дөрекілігі тек тасты
өңдеу техникасының нашарлығында емес, сондай-ақ, адам құрлысының физикалық
жетілмеуінің де айғағы. Оларға көздеген жерінен ұру қиынға түсті, сондықтан
тас пен ағашты тура өңдей алмады. Олдувай кезеңінде еңбек құралдардың үш
түрлі сипаты болды. Бірінші түріне дөрекі, көп қырлы еңбек құралдары
жатады. Оларды сфероидтар деп атайды. Бұл күрделі, икемсіз домалақ келген
көп қырлы құрал, мұны өсімдік пен аңды азық еткенде қолданған. Еңбек
құралының екінші түрін алдын-ала тасты жаңқалап жасады, оны ұсақ соққыларға
пайдаланды. Мұны археологтар ретушь өңдеу әдісімен жасалған еңбек құралдар
деп атайды. ¤ндірілген ұсақ құралдардың әлі де болса нақты (тұрақты)
формасы болмады. Бұл құралдың қызметі малды бөлшектеуге арналған. Үшінші
түріне кесуге және шабуға арналған құралдар жатады. Оларды чопперлер және
чоппингтер (шабуға арналған) деп атайды. Бұлар ұсақ жұмыр тастардан екі
жағы ұрылып (жонылып) алмас сияқты жасалды және ұстауға ыңғайлы болды.
Олдувай кезеңінде жасалған тастарды нуклеустер (ірі, сапалы) – арнайы
тас құралдарды жасауға арналған тас үккіштер деп атады. Бұл уақытта
чоппепрден және басқа да ірі құралдардан нуклеустерді ажырату әлі де қиын
болды.
Ежелгі даму сатысында тас өңдеу өнеркәсібінде бір ғана құралды
қолданған жоқ, бүтіндеу жиынтық тас құралдар болды. Құралдардың өлшемі
(размер) 8-10см-ден аспайды.
Бұл кездегі құралдардың формасы кездейсоқтық, бірақ жеклеген еңбек
құралдардың біршамасы алмас секілді болып келеді. Олдувай кезеңінің еңбек
құралдарымен бірге аң сүйектерінің сынықтары қоса табылады. аңдарды адамдар
ұжымдасып аулаған. Олдувай ескерткіштерінен көптеген өлтірілген аңдардың
сүйектері кездеседі. Кейбір сүйектердің ұрылғандығы және ұшы ұшталғаны
байқалады, бірақ мұндайлар өте сирек кездеседі. Мүмкін бұл сүйекті өңдеудің
бастамасы болса керек.
Олдувай шатқалындағы ДК деп аталатын тұрақтағы қазбадан кесектеліп
қалған базальттан (жанартаудан шыққан тау жынысы) шеңберленген, көлденеңі
төрт метр келетін орын ашылды. Зерттеушілердің бірқатары қазба нәтижесін
ежелгі адамдардың қарапайым түріндегі немесе жерден тосқауыл болатын
бұтақтан жасалған қарапайым қос (қарапайым үй) деген тұжырым жасады. Егер
бұлай болса, үй тұрғызу адам өмірінде ежелгі дәуірден-ақ басталғаны
байқалады.
Адамдар терімшілікпен айналысты. Олардың басым бөлігінің жейтін азығы:
жеміс-жейдек, тамыр, саңырауқұлақтар, жеуге жарамды жәндіктер болды. Аң
аулаушылықпен тек ежелгі адамдар ғана емес, сондай-ақ, аңшылықпен
авсралопитектер де айналысты. Оларда павиандардың (ит басты, тар танау
маймылдардың бір түрі) сынған ба сүйектері, жылдам жүгіретін және күшті
(жыртқыш) аңдардың сүйектері кездеседі. Мұндай аңшылыққа үлкен ептілік,
тәсілқойлық пен күш қажет болды. Алғашқы адамдар қазіргідей аң аулайтын
қаруларды (үлкенді-кішілі) жасауды білмеген. Ол кездегі аңшылықтың түрі
ұжымдасып қаумалау болды.
Олдувай кезеңіндегі адамдар қауымы түгелдей табиғатқа тәуелді болды.
Адамдар бұл кезде әлі от жағуды, жыртқыш аңдармен күресуге тиімді қаруларды
да білмейтін. Сондықтан адамдар жылы климат аумағының шегінен шыға алмады.
Суық климатты жерлерді адамзат баласы мекендеуге тиімсіз болды. Солтүстік
субтропик шекарасына қазіргімен салыстырғанда сол уақытта жақынырақ барған.
Европада жылу сүйгіш жануарлар – піл, бегемот, мүйізтұмсық және тағы басқа
мекендеді. Оңтүстік Европадағы жаңа жерлерге де адамдар мекендей бастады,
бірақ өте сирек, дегенмен олдувайлық құралдардың кескіні кездеседі.
Алғашқы адамдар тобыр болып өмір сүрді. Адамдардың ұжымдасуы тамақ
табуға жеңілдік түсірді және жабайы аңдардан қорғануға тиімді болды. Ежелгі
адамдар ұжымын ғылыми әдебиетте алғашқы адамдар тобыры деп атайды.
Энгельстің Лавровқа жазған хатында: алғашқы адамдар, бәлкім, тобыр болып
өмір сүрді, бұл жайындағы біздің көзқарасымыз көп ғасырлар өткенннен соң
шындық болуы мүмкін, біз табармыз, бұның солай екендігін және болғандығын.
Ал, В.И.Лениннің Горькийге жазған хатында: Шындығында зоологиялық
индивидуализм құдайдың ісі емес, оған ауыздық болған алғашқы тобыр мен
алғашқы ұйым - делінген.
Жануарлар тобырынан алғашқы адамдар тобырының айырмашылығы ақылменен
еңбек құралын жасау болды. Бұдан басқа, алғашқы адамдар тобыры жалпылама
әдістер мен білімдерді жинақтады және жетілдіріп, оны кейінгіге қалдырды.
Адамдар құралдар жасауды өзінен бұрынғы ұрпақтан үйренді. Соңғысы – от
жағуды білді. Алғашқы адамдар тобыры – бұлар енді жабайы, дөрекі, қарапайым
болып саналады.
2. АШЕЛЬ кезеңі (700 мың – 150-120 мың жыл бұрын). Ең көп тараған
түсінік бойынша, ашельдің ежелгі даму сатысы архантроптармен, кейінгісі –
палеоантроптармен байланысты.
Ашель кезеңінің басталуы жаңа құралдардың пайда болуымен сипатталады.
Олар: қолшапқы (шот секілді) және шапқыш немесе жарғыш (кливер). Олар
Олдувайлық құралдардан күрделі. Қолшапқының ұзындығы 35 см-ге дейін жетеді,
оның формасы миндаль дәні секілді немесе сопақша болып келеді, бұл
ескерткіштердің көпшілігінде қайталанады (кездеседі). Қолшапқыны жасауда,
оны өңдеу жүйесін, жасау әдісін адамзат баласы жүз мыңдаған жылдар бойы
тәжірибеден жинақтады. Қолшапқы әмбебап қызмет атқарған: онымен бұтақ
шапты, ағаш құралдар дайындады, тамыр және ұсақ аңдардың інін қазды.
Жарғыш (кливер) құралдың тағы бір түрі екі жағы да өңделген, ол ұсақ
сынықтардан немесе кесек тастардан жасалады. Жарғыштар - ұзынша, трапеция
(дөңес төртбұрыш) түрінде немесе үшбұрышты, екі жағы параллель болып
келеді.
Шапқы мен кливерлер басты құрал болды, бұлардың сапасы ұсақталған
тастармен салыстырғанда аз ғана айырмашылық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz