Бастауыш мектептегі бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   

2. 1. Дайындау әдістері

Бастауыш мектептегі бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі өзінің қағидаларын жасауда педагогика ғылымының ғылыми мәліметтеріне сүйенеді. Бірақ педагогика ғылымы, практикасыз оқыту өнерін меңгеру нәтижесіне жете алмайды. Ол тек қана жалпы қағидаларды көрсетумен ғана шектеледі. Осыған керісінше жалғыз оқыту әдістемесі педагогикасыз мұғалімге оқу үдерісін дұрыс құра білуге мүмкіндік бере алмайды. Мұғалім бастауыш мектептегі педагогикалық қызметін сәтті жүргізу үшін, оған қазіргі дидактиканың негізгі қағидаларын жақсы біліп, оны практикада шығармашылықпен қолдана білуі тиіс.

Педагогика ғылымы оқыту мен тәрбиені танымдық, диалектикалық материализм тұрғысынан алғанда дидактикалық ұстанымдар жүйесін анықтайды. Сондықтан тәрбиелей отырып оқыту және идеялық бағыттылық принципі басты орын алады.

Диалектикалық дүниетаным мен адамгершілік тәрбиесін беру қазіргі мектептің негізгі міндеттерінің бірі. Бейнелеу өнері тәрбиелеп қана қоймай адамға қоршаған ортаны тануға көмектеседі. Білім беру, жолы оқушыны ғылыми мәліметтерге негізделген лайықты білімге апаруға тиіс. Бұл жерден екінші ұстаным - ғылымилық ұстанымы туындайды.

Мұнан соң көрнекілік ұстанымдар принципін айтуға болады. Балаларға меңгертілетіндердің бәрі көру арқылы қабылдауға негізделуі тиіс. Бұл бізден заттар мен құбылыстарға таным негізі ретінде қарауды талап етеді. Оқушылардың білімінің шыншылыдығына практика көз жеткізеді. Сондықтан да оқушылардың саналылығы мен белсенділігі ұстанымдары дидактикалық ұстанымдарының маңыздыларының бірі.

Балалар өз, білімдерін нақты және берік меңгергенде ғана оларды қолдануға мүмкіндік алады. Осыдан келіп білімді меңгерудің беріктілігі ұстанымы шығады.

Бейнелеу өнерін оқыту барысында қолданылатын ұстанымдардың бірі-жүйелілік ұстанымдар ұстанымы. Бейнелеу өнерін оқыту белгілі бір жүйеге құрылады. Заттардың суретін салудың өзі бірінші - заттың өлшемдерінің қатынастарын айқындау, формаларына талдау, кеңістіктегі орнына сипаттама беру; екінші зат құрлысын қағаз бетінде жобалау, зат құрлысын салу, формасын шығару, кеңістіктегі қалпын көрсету сияқты үлкен екі жүйеден тұрады

Оқыту барысында біз оқушыларды аз білімнен, көпке, жұмыстың қарапайым дағдыларынан күрделі, дағдыларын меңгертуге басшылық көрсетеміз. Бұл жерде біз жүйелік пен бірізділік ұстанымдарын басшылыққа аламыз, ал бұлар оқытудың лайықтылық ұстанымымен тығыз байланысты.

Сонымен мұғалім өзінің педагогикалық қызметінде тәрбиелей отырып оқытушылық, ғылымилық көрнекілік, саналылық және белсенділік, лайықтылық, меңгерген білімінің беріктігі ұстанымдарын басшылыққа алады. Енді, бейнелеу өнерін оқытуға байланысты осы ұстанымдарды қолдануға байланысты мәселелерді қарастырамыз.

Дидактика гректің “didaktikos” деген сөзінен шыққан. “Оқытамын” білдіремін деген мағынаны білдіреді. Дидактика - педагогиканың негізгі бөлімі. Бұл бөлімді оқыту теориясы деп атайды.

Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі болашақ мұғалімдерді, оқушыларға көркемдік білім беруге эстетикалық тәрбие беруге және олардың жеке тұлғалық қабілеттерін қалыптастыруға дайындау мақсатын көздейді.

Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің негізгі мәселелері: бейнелеу өнерін оқыту үрдісі; бейнелеу өнерін оқыту заңдылықтарын ашу; көркемдік білімнің мазмұнын ашу; бейнелеу өнерін оқытудың формаларын айқындау; бейнелеу өнерін оқытудың тиімді әдістерін айқындау; бейнелеу өнерін оқытуды ұйымдастыру жолдарын айқындауды талап етеді.

Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнерін оқытудың мақсаты оқушыларға көркемдік білім беру, эстетикалық тәрбие беру және олардың жеке тұлғалық қабілеттерін дамыту болып табылады. Бейнелеу өнерін оқытудың негізгі категорияларына, бейнелеу өнерін оқыту процесі (үдерісі) ; оқу үрдісі; оқыту үрдісі; оқыту принциптері; көркемдік білім беру мазмұны, оқытуды ұйымдастыру формалары кіреді. Бейнелеу өнерін оқыту үрдісі осы пән мұғалімнің оқушыларға көркемдік білім мен бейнелеу іскерліктерін, дағдыларын меңгертуге бағытталған іс-әрекеті болып табылады.

Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларға көркемдік білім беріледі. Көркемдік білім берудің мазмұнын бейнелеу өнері негіздерін құрайтын білімдер мен бейнелеу дағдыларының жүйесінен құралады.

Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнерін оқыту ұстанымдар- оқыту үдерісінің тиімділігін арттыруға қажетті дидактикалық талаптардан құралады. Олар көрнекілік, ғылымилық, бірізділік, жүйелілік, өмірмен байланыстылық, лайықтылық, саналылық түрлеріне бөлінеді.

Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнерін оқыту әдісі дегеніміз - мұғалімнің бейнелеу өнері сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының бейнелеу іс-әрекетіне басшылық ету тәсілдерінің жүйесі. Оқыту әдісі арқылы оқушыларды көркемдік біліммен, бейнелеудің іскерліктері мен дағдыларымен қаруландырады. Оқыту әдісі -мұғалім мен оқушы арасындағы танымдық - педагогикалық әрекет болып табылады. Бұл оқушы үшін танымдық - бейнелеу іс-әрекет болса, мұғалім үшін, оқушының көркемдік білімді меңгеруіне басшылық жасау мақсатын көздейтін қызмет. Оқыту әдісі арқылы мұғалім оқушының танымдық практикалық іс-әрекетіне жетекшілік жасайды.

Оқытуды ұйымдастыру формасы дегеніміз - мұғалім мен оқушының арнайы ұйымдастырған, тәртіп пен режимде жүргізілетін оқулық - танымдық іс-әрекет үдерісі.

Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнерін оқыту үдерісі - бейнелеу өнерінің негіздерін құрайтын білімдер жүйесін меңгерту мен бейнелеу икемділігі мен дағдыларын оқушыларға меңгертуге, жеке бастың жан-жақты дамуы мен ақыл-ой тәрбиесінің алдында тұрған міндеттерді шешуге арналған мұғалімнің іс-әрекеті деп түсінеміз. Бейнелеу өнерін оқыту үдерісі -мұғалім мен оқушының тану мен бейнелеуге бағытталған іс-әрекетінің қосындысы. Оқыту оқушының тану мен практикалық қимылдарды меңгеруге бағытталған іс-әрекеті үдерісі.

Бастауыш сыныптарда оқыту үдерісі оқыту теориясына негізделеді. Оқыту теориясы өз дамуында үш негізге сүйенеді. Олар: 1) оқыту теориясының шартты заңдарының философия ғылымы негізінде дамитындығы. 2) өткен заманнан қалған педагогикалық прогресшіл ұлы мұраның осы күнгі оқыту теориясын дамыту үшін бірден-бір білімнің сарқылмайтын қайнар көзі болып табылатындығы; 3) мектептердегі мұғалімдердің озық тәжірибелерінің оқыту теориясының дамуына ықпалы. Оқу үдерісі негізінде педагогтың өзіне тән даралық қолтаңбасы мен шығармашылығы қалыптасады.

Бастауыш сыныптардағы оқу үдерісі -ақиқат дүниені танып білу үдерісі. Ал танып білу ақиқат дүниенің адамның сана сезімінде бейнеленуі. Адамның сана-сезіміндегі ақиқат дүниенің бейнелену жолын мынадай формуламен көрсетуге болады: нақты пайымдаудан австрактілік ойлауға және онан практикаға көшу, ақиқатты тану обьективтік реалдық шындықты танудың диалектикалық жолы болады.

Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнерін оқу үдерісі бейнелеудің практикалық икемділіктері мен дағдыларын меңгеруге бағытталған оқушы мен мұғалімнің іс-әрекеті түрінде де қарастырылады. Оқу үдерісі ақыл-ой тәрбиесін беруге арналған оқушы мен мұғалімнің іс-әрекеті.

Бастауыш сыныптарда оқу үдерісіндегі оқушылардың таным әрекетінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Олар атап айтқанда:

1. Оқушылар ғылымдар зерттеген жүйені өздігінен оқу арқылы танып біледі. Олар ғылымның ашылған жетістіктерін игереді.

2. Оқушылардың таным қабілеттерін дамыту үшін бейнелеу өнері пәні бойынша маңызды білімдер негіздері іріктеліп алынады.

3. Оқу процесінің ерекшелігі оқушылардың оқуды әрі қарай жалғастыруға және өз бетінше еңбек әрекетіне дайындалуына қажетті іскерлік пен дағдыны игеру болып табылады.

4. Бейнелеу өнері сабағындағы таным үдерісі тек білім берушілік қана емес, сонымен қатар тәрбиелеушілік, дамытушылық сипатта болады. Білімді игеру барысында оқушылардың көзқарастары мен сенімдері қалыптасады.

5. Оқушылардың таным үдерісі олардың жастарына сай ұйымдастырылады.

6. Бейнелеу өнері сабақтарында таным үдерісі мұғалімнің бағыттаушылық рөлімен байланысты іс жүзінде асырылады.

Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнерін оқыту мазмұны, оқытудың мақсаты міндеттеріне байланысты анықталады. Бейнелеу өнерін оқыту заттар мен құбылыстарды бейнелеуге үйрету, белгілі тақырыптар бойынша композициялық суреттер салуға, сәндік безендіру жұмыстарының икемділік пен дағдыларын меңгерту, өнер шығармаларымен таныстыру бағыттарын қамтиды.

Бейнелеу өнері бастауыш сыныптарда оқушыларға көркемдік білім негіздерін бейнелеудің ептіліктері мен дағдыларын меңгеруге, эстетикалық тәрбие беруге, олардың әсемдік талғамдарын, дүниетанымын қалыптастыру, ақыл-ойын дамыту мақсатын көздейтін оқу пәні болып табылады. Бейнелеу өнерін мектепте оқытудың нәтижелі болуы бейнелеу өнерінің мұғалімнің қызметімен сипатталады.

Ғылыми педагогтардың әдебиеттерді сараптау мен тәжірибелік-эксперименттік зерттеу жұмыстары бейнелеу өнері мұғалімнің педагогикалық қызметке деген дайындығын жалпы педагогикалық-психологиялық, көркемдік - графикалық, өнертанымдық, әдістемелік дайындық түрлерін бөлуге болатындығын көрсетеді.

Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері пәні мұғалімнің жалпы педагогикалық-психологиялық дайындықтары, педагогика мен психология ғылымдарының теориялық білімдерін меңгергендігі мен тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастырудың іскерлік пен дағдыларын педагогикалық практикада қолдана білуімен сипатталады.

Бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнері пәнінің мұғалімнің көркем-графикалық дайындығы кескіндеме, графика, сәндік қолданбалы өнерден, мүсіннен көркемдік білімдер негіздерін меңгеруімен осылар бойынша бейнелеудің іскерлік пен дағдыларын меңгеру деңгейінен көрінеді.

Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері мұғалімінің өнертанымдық дайындығы бейнелеу өнерінің тарихынан, бейнелеу өнерінің сынынан, бейнелеу өнерінің даңықты шығармалары, көрнекті суретшілердің, мүсіншілер мен сәндік қолөнер шеберлерінің өмірі мен шығармашылығынан білім жүйесін меңгергендігімен сипатталады. Сонымен қатар белгілі бір өнер туындысының көркемдік ерекшеліктеріне өнер тарихы мен сыны тұрғысынан талдау жасау, өнер туындысының композициялық құрылымы, орындалу техникасы, колориті тұрғысынан талдау іскерліктері мен дағдыларының қалыптасуынан көрінеді.

Бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнері пәнінің мұғалімінің әдістемелік дайындығы үлкен екі дайындық түрінен тұрады: біріншісі-бейнелеу өнерінің оқыту әдістемесінің теориялық білімдерін меңгерумен өлшенсе; екіншісі-бейнелеу өнерін оқытудың практикалық іс-әрекеттерін меңгеру деңгейімен айқындалады.

Бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнері пәнінің мұғалімінің әдістемелік дайындығы теориялық мәселелерін құрайтын білімдер жүйесін бейнелеу өнерін оқыту мазмұнын, оқыту формалары, әдіс-тәсілдері, бейнелеу өнерінің сабақтарын ұйымдастыру, бейнелеу өнері сабағынан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру, бейнелеу өнерін оқыту ұстанымдары туралы білімдерді біріктіреді.

Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері мұғалімнің әдістемелік қызметі бірнеше бағыттарға бөлінеді.

1. Оқушылардың көркемдік білімдерінің деңгейін алғашқы бейнелеу сауаттылығын, бейнелеудің іскерлігі мен дағдыларын меңгергендігіне диагностика жасау қызметі;

2. Оқушыларға көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беру мақсатындағы оқыту үрдісін жоспарлау қызметі;

3. Оқушыларға көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беру үрдісін ұйымдастыру қызметі;

4. Оқушыларға көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылған оқу - тәрбие жұмыстарына сараптау және талдау жасау;

Бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнері мұғалімінің ең бірінші дайындық формасы, оның оқушылардың қазіргі кезеңде көркемдік білімдері, бейнелеу сауаттылығын, бейнелеу іскерліктері мен дағдыларын қай дәрежеде меңгергендігін айқындау болып табылады. Оқушылардың көркемдік білімдері мен бейнелеу іс-әрекеттері меңгергендігіне диагностика жасау мұғалімге көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беру жұмыстарын дұрыс жоспарлап, ұйымдастыруға жәрдемдеседі. Мұғалім тексеру негізінде алынған мәліметтерді сараптау нәтижесінде оқушылардың бейнелеу жұмыстары мен шығармашылық қабілеттерін дамытуды қандай бағыттарда жүргізуге болатындығына бағдар алады. Олардың әсемдік сезімі, талғамы, қызығушылығы қандай деңгейде екендігін біліп оларды дамыту үшін қандай іс-әрекетке бару қажеттігін айқындайды. Оқушылардың өнертанымдық түсініктерінің деңгейін біліп, олардың деңгейін арттыру үшін қандай әрекеттерге бару керектігін айқындайды. Бұл іс-әрекеттер көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбиенің, оқушыны жеке түлға ретінде дамытудың, сапасын арттыруға ықпал етеді.

Өнердің адамға деген әсерін, мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарында қолдануға кең көлемде мүмкіндік туғызады. Біз балаларды өнерге тартуда, оларға өнердің мақсат міндеттерін, қоғамдағы өнердің орнын ашып көрсетеміз. Бейнелеу өнері өмір құбылыстарын көркем образдар арқылы ашып көрсете отырып, өмірдегі әсемдікті танытудың сенімді құралына айналады. Адамның сезімдеріне әсер ете отырып, адам сезіміне қозғау салып, ақыл-ойын қалыптастырады, жеке тұлға ретінде дамуына ықпал етеді. Бейнелеу өнерінің осы қасиеттерін мұғалім оны оқу тәрбие мақсаттарына қолдануы тиіс.

Мұғалім бейнелеу өнері туралы әңгіме сабақтарда суретшілер Ә. Қастеевтің «Колхоз тойы», Қ. Телжановтың «Жамал», В. Крыловтың «Шахтерларды майданға шығарып салу», С. Айтбаевтың «Бақыт», К. Молдашевтің «Байқоңыр» атты картиналарының иллюстрацияларын қолдану арқылы оқушыларға еліміздің ерлік жолдарын көрсетеді. Өнер туындыларын таныстыру барысында еліміздегі колхоздастыру кезеңінен, ¥лы Отан соғысындағы ерліктерін сөз ету арқылы мұғалім балаларға аға ұрпақтың отансүйгіштігін, елжандылық сезімдерін үлгі етіп көрсетеді. Бұл жерде мұғалім суретшінің өмірдегі әсемдікті тауып, нені мұрат тұтқандығын, ненің шығармашылық ойына қозғау салғандығына назар аудару маңызды.

Эстетикалық тәрбиенің ұтымды болуы оқушылардың қоршаған ортаға деген сезімдерін бейнелеп көрсетуіне байланысты. Бұл мәселе өмірдің өзі тудырған мәселе. Мұғалім эстетикалық тәрбиемен айналыса отырып өнерге деген оң көзқарасты қалыптастырады, қоғамдағы өнердің орнын ашып көрсетеді. Бастауыш мектептегі бейнелеу өнерін оқыту балаларға қоршаған өмір шындығын танып, өнерді олардың санасына, сезімі мен еркіне әсер етеді. Мұғалім бұл міндеттерге көңіл бөлудің маңызын түсіне білуі қажет.

Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнерін оқытудағы ғылымилық ұстанымы, оқушыларға оқудың әрбір кезеңінде, сатысында бейнелеу өнерінің ұғымдарын үйретуді талап етеді, ал осы ұғымдар оқыту әдістерін ұтымды қолдану арқылы үйретіледі. Мұғалімнің оқушыларға ұсынатын білімдік материалдары осы заман ғылымының дәрежесіне сәйкес болуы керек. Ғылыми білімдердің шеңбері үнемі кеңи береді. Ал балалардың білім алу қабілеттілігі, өсіп отыратын ғылымның шеңберіндегідей кеңейе алмайды. Сондықтан ғылымның оқу мазмұны үстіндегі қажетті материалын іріктейтіндей ұстанымдарды табу қажет.

Бейнелеу өнерінің ғылыми негіздерін жарық-көлеңке перспектива, түстану симметрия композиция заңдылықтарымен оларды бейнелеудің ережелері құрайды. Мұғалім бұл заңдылықтармен оқушыларды таныстырады. Сонымен қатар мұғалім оқушыларға табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын ашып көрсетеді. Мысалы: түстану түс туралы ғылым. Түстер хроматикалы және ахроматикалық болып бөлінеді. Хроматикалық түстерге, түрлі-түсті түстер жүйесі кіреді. Ахроматикалық түстерге ақ және қара түстер жатады. Барлық хроматикалық түс үш параметрмен - ашықтылықпен, түстік өңмен және қанықтылықпен сипатталады. Ахроматикалық түстер бір-бірінен тек бір белгісі бойынша - ашықтығы (ашық сүрғылт немесе қара сүрғылт) бойынша ерекшеленеді. Түстік өң бұл «қызыл», «сары» және т. б. сөздермен анықталады. Мысалы қызыл, таза қызыл немесе сұрғылт қызыл. Бұл қызылға қосылған сұрғылт қоспа түстің өңін өзгертпейді, қызыл түс қызыл болып қалады. Ахроматикалық қоспадан, хроматикалық түстің қанықтығы азаяды. Мұндай қоспада ахроматикалық түс неғұрлым аз болған сайын оның қанықтығы арта түседі. Хроматикалық түстер шартты түрде жалпы түстер суық түстер болып бөлінеді. Жылы түске түс спектірінің сары-қызыл бөлігі, ал суық түске көк-көгілдір бөлігі жатады. Жылы түстерді күн мен оттың түсімен, суық түстерді аспан, су мен мүздың түсімен сипаттауға болады. Күлгін және жасыл түстер аралық жағдайға ие болады. Басқа түстермен қатынасына байланысты бірде жылы, бірде суық түске жатқызуға болады.

Түстік шеңбер-бірге қатар қойылған түстерден құралған шеңбер. Бұл шеңбер, сары, сарғыш қызыл, қызғыш қоңыр, жасыл көк, көк күлгін, көк, болып жалғасып отырады. Негізгі түстер Сары, қызыл және көк түстер контраст бір-біріне қарама-қарсы түстер. Контраст түстер - бір біріне қарама-қарсы түстер. Ақ түске, қара түстер қарсы ақ пен қызыл, ақ пен көк, қарамен қызыл т. б түстер контраст түстер сипатын береді.

Сурет салу негізінде біз нұсқаны бақылап қана, оның сыртқы формасын көшіріп салумен шектеліп қоймаймыз, сонымен қатар оның ішкі құрылымын түсінуге талпынамыз, заттың ішкі құрылымының скелеті көзге көрінбегенімен, ол заттың сыртқы формасын бейнелеу үшін өте маңызды. Мысалы, сурет салушы кубтың оның қабырғаларымен шектесіп жатқан қырларын және оның формасын елестетеді, куб құрылымының конструктивтік схемасын елестетеді, сонан соң барып, кубтың суретін салуға кіріседі. Біз кімге кубтың суретін сал десек те, олардың бірі жақсы бірі жаман қылып оның суретін салып береді, бірақ мүның себебі олардың зат формасы мен сипаты туралы анық елестетудің - зат құрылымы туралы білімінің болуына байланысты болып табылады.

Егер біз сурет салатын адамдарға, ол ешбір уақытта көрмеген заттың суретін салыңдар десек, олардың көпшілігі, логикалық құрылымы бар бейненің көрінісін бере алмайды. Себебі олардың саналарына ешқандай оның образы жоқ. Бұл сурет салу кезінде, сурет салушының зат туралы дұрыс елестетуі және түсініктері пайда болатынын көрсетеді немесе әрбір сурет салушы өз суретінде өмір шындығының елестерін білдіреді. Басқаша айтқанда өзінің санасында қалыптасқан зат образын бейнелейді. Сондықтан да үлы суреткер Микеланджело «Суретті қолмен емес, оймен салу керек» деп көрсеткен. Сонымен адам сурет сала отырып, қоршаған әлемді талдайды. Өмір шындығын тану үрдісі өнер мен ғылым арқылы тану негізі форманы шағылыстыру формаларына байланысты әр түрлі болып бөлінеді: ғылым өмір шындығын түсініп, ойлау және қорытындысын шығару формалары арқылы жүзеге асыратын болса, өнер өмір шындығын образдық түрде бейнелейді.

Оқушыны зат көрінісін дұрыс бейнелеуге үйрету үшін, мұғалім балаға ең бірінші зат құрылымының ерекшеліктерін дұрыс көре білуге үйретуі тиіс. Оқулық сурет салу барысында табиғатты бақылау мен тану маңызды роль атқарады. Мұғалім оқушылардың сурет салуды бастағаннан бастап заттың конструкциялық құрылымы, форма сипаты, пропорциялары сияқты зат құрылымының заңдылықтарын нұсқадан көре отырып түсінулеріне басшылық көрсетеді. «Зат формасын дұрыс көре білуге үйретуге болмайды» деген түсінік бар. Олар әркім әр түрлі субьективті көреді, сонан соң оларды қалай көрсе солай бейнелейді деп ойлайды. Бұл көзқарас қате. Әрбір адам затформасын дұрыс көре білуге мүмкіндігі бар екендігі ғылымда бұрыннан дәлелденген. Оқу үрдісінде әрбір оқушының нұсқаны өзінше әр түрлі етіп салуына мұғалім жол бермеуі тиіс. Ол барлық сурет салушылардан заттарды шынайы бейнелеуін, яғни көрініс бейнесінің нұсқамен сәйкес келуін талап етуі тиіс. Бұл шығармашылық қабілеттің дамуына қайшы келмейді.

Керісінше бұл шығармашылық қабілеттің дамуына қажетті білім мен дағдылардың мықты фундаментін қалайды. Тек қана жақсы меңгерілген заңдылықтар мен дәстүрлерден бастау алғанда ғана адам қолөнершілікті емес жаңашылдық өнімді жасай алады.

Материалдық әлем күрделі де көпқырылы болғандықтан оны танып, оның заңдылықтарын ашуға сезімдік қабылдау жеткіліксіз. Бұл жерге таным процестерінің екінші және сонымен бірге жоғарғы сатысы болып табылатын абстрактылық ойлау келуге тиіс. Біздің ойымыз түйсік пен қабылдаудан шыға отырып, өмір шындығы тікелей бейнелеу өрісімен шектеседі. Ол қоршаған дүниені бір орталықты, жалпылауы түсінік, ойлау, ой қорытындысы формасында көрсетеді. Көре білу ептілігі санамен және ойлаумен байланысты. Адам өмір шындығының ерекшеліктері мен нәзік бояуларын көре білумен қатар қабылдаудың күрделі жүйесін меңгеруге қабілетті. Бүркіттің көзі адамның көзіне қарағанда алыстағыны көреді, бірақ адам көзі бүркіттің көзіне қарағанда заттардағы өзгерістерді көп көретіндігі белгілі.

Таным теориясында табиғатты эстетикалық қабылдау енжар көре салу емес, қоршаған ортаны тануға оның заңдылықтарын ашуға, тануға үмтылған, өмірді тануға бағытталған шығармашылық белсенді әрекетке негізделген қарым-қатынас түрінде танылады.

Суретте өмір шындығы беріліп, ол бейне түрінде көрініс табады. Өмір шындығының суретін салу, танымдық үрдіссіз мүмкін емес. Оқушыға көргенін автоматты түрде қағаз бетіне түсіруге емес, оның санасында қалыптасқан нұсқа туралы түсініктері мен елестетуі арқылы көргенін бейнелеуге үйрету қажет. Затты әр түрлі көру нүктесінен қарау арқылы әдепкіде оны логикалық тануына қабілеті жете бермейді. Бұл кезде бірінші әсер толық болмай, түйсіктің бір-бірімен өзара логикалық нақты шешім шығаратын байланысы да болмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі
Саусақпен сурет салу әдісі
Пластикалық пішіндер өнері мен мүсіндеуді оқушыларға үйретудің әдістемесі
Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесі
Натюрморт бейнелеу өнерінің ерекше жанры
Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағында оқушылардың көрнекілік арқылы қызығушылығын ояту және құзыреттіліктерін дамыту
Бейнелеу өнерінің әдістемелік негіздері
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ НЕГІЗІ
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Бейнелеу өнерін оқытудағы технологиялық қатынасты ұйымдастырудағы дидактикалық шарттардың бағыттаушы қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz