Бейнелеу өнерінің оқу курсы


Егеменді Қазақстанының қазіргі даму бағыты жалпы білім беретін мектепте жас ұрпақты нарықтық заман талаптары мен мәдениеттің даму деңгейіне сай дайындауды қажет етеді. Жалпы білім беретін орта мектептерде барлық оқу пәндерін оқыту, жеке пәндердің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, еліміздің болашақ азаматтарын дайындау мен тәрбиелеу мақсатын қояды. Сондықтан бастауыш сыныпта бейнелеу өнері сабақтары, жас ұрпақтарды іс-әрекетке және іс-әрекет технологиясын түсінуге бағытталуы тиіс.
Еліміздің перспективалық бағыттарына сәйкес бастауыш сыныпта бейнелеу өнерінің оқу курсы өзінің мақсатын мынандай құрылымда айқындайды:
1. Еліміздің мемлекеттік, қоғамдық және шаруашылық өміріне белсене араласуына қабілетті, білімді, тәрбиелі азаматтарын дайындау;
2. Балалардың дүниетанымын қалыптастыра отырып, олардың эстетикалық көзқарасына дұрыс бағыт олардың эстетикалық талғамын дамыту, эстетикалық тәрбие беру.
3. Балаларға қоршаған ортаны тануға жәрдемдесіп, олардың байқампаздығын дамыту, логикалық ойлауға үйрету, көргендерін саналы ой елегінен өткізе білуге үйрету.
4. Бейнелеу өнерінің адам өміріндегі практикалық мәнін ашып көрсету, сурет өнерін еңбек қызметінде қолдана білуге үйрету.
5. Сурет өнерінің элементарлық негізі туралы оқушыларға білім беру. (Бейнелеу өнерінің алғашқы дағдылары мен ептейліктерін меңгерту) бейнелеудің негізгі бейнелеу тәсілдерімен таныстыру.
6 . Оқушылардың шығармашылық қышеттерін дамыту, өмір шындығын эстетикалық қабылдауға дұрыс бағдар беру, кеңістікті ойлауын, образдық елестетуін және қиялын дамыту.
7. Бастауыш сынып оқушыларын әлемдік және қазақ бейнелеу өнерінің данықты шығармаларымен таныстыру. Бейнелеу қызметіне деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын қалыптастыру.
Осы айтылған мақсат міндеттерді тереңірек таныстыратын болсақ олар мынандай бағыт бағдарларды қамтиды.
1. Бейнелеу өнерін бастауыш сыныпта оқыту ең бірінші жалпы білім, берушілік мақсаты көздейді. Негізгі міндет адамның ой өрісін кеңейту, қоғамның жан -жақты білімді мүшесін тәрбиелеу болып табылады. Көпшілік қауым бастауыш мектептегі бейнелеу өнерін жалпы білім беретін пән емес, ол арнаулы пән деп қарастырады. Бұл дұрыс емес. Жалпы білім беретін мектеп математиктерді, химиктерді, ақындарды композиторларды дайындамайтыны сияқты суретшілерді де дайындамайды. Мұндай мамандар арнаулы оқу орындарында дайындалады. Жалпы білім беретін мектептегі әрбір пән жеке -жеке және бірлесе отырып оқушылардың жан-жақты дамуына ықпал етуге тиіс. Бейнелеу өнері адамның дамуын өте бай мүмкіндік туғызады. Бұл істе әсіресе сурет салудың орны ерекше. Сурет салу заттардың формасын талдауға және оны ұқыпты бақылауға үйретеді, дүннені тануға жәрдемдеседі, ойлауға және эстетикалық мәдениетінің дамуына көмектеседі. Сурет өнері көру есін, кеңістікті ойлауды дамытып, образды елестету қабілетін арттырады. Ол нақты есептеуге, табиғат әсемдігін тануға үйретеді, ойлау мен сезу икемділігін арттырады.
Бейнелеу өнерінің сабақтары өздерінің оқу-тәрбие жұмыстары бойынша да, түрлеріне байланысты да әр түрлі болып келеді. Бастауыш мектеп бағдарламасында оқу сабақтарының төрт түрі қарастырылады, Олар: нұсқаға қарап сурет салу, сәндік сурет салу, тақырыптық сурет салу, өнер туралы әңгіме. Нұсқадан қарап сурет салу сурет және кескіндеме жұмыстарымен айналысуды көздейді, сәндік сурет салу - ою-өрнектерді көркем конструкциялау, ою-өрнек элементтерін құрастыру және т. б. жұмыстарын қарастырады.
Бастауыш мектептегі өнер туралы әңгімеде оқушылар кескіндеме, графика, мүсін, сәулет ескерткіштерімен және сәндік қолданбалы өнер шығармаларымен танысады. Бұл аталған әрбір сабақ жеке тұлғаның эстетикалық тәрбиесіне, шығармашылық қабілеттерінің дамуына, дүниетанымына, эсетикалық мәдениетінің дамуына ықпал етеді.
Бастауыш мектептегі бейнелеу өнерін оқытудың теориясы философия, мен эстетикаға, педагогика мен психологияға, және бейнелеу өнерінің теориясы мен практикасына сүйенеді. Бүл жалпы білім беру мен тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерінің орындалуын әдістемесінің ғылыми негізделуін қамтамасыз етеді. Кейде бастауыш мектептегі бейнелеу өнерін оқыту сыңар жақты түсініледі. Барлық ықылас тәрбие мен шығармашылық қабілеттерді дамытуға аударылып, білім мен оқыту екінші кезекке шығарылады. Тәрбені оқытудан бөліп қарауға болмайды. Кейбіреулер мектеп суретшілерді дайындамайды сондықтан, көркемдік білім беру қажет емес деп ойлайды.
2. Бастауыш мектепте бейнелеу өнерін оқыту мақсаттарының бірі көркемдік білім мен қатар эстетикалық тәрбие беру. Эстетикалық тәрбие-өмірдегі, табиғаттағы, өнердегі, ғылымдағы және қоғамдағы әсемдікті оқушылардың қабылдауын тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие - бұл адамды тек қана өнерге тарту емес, өмірдегі әсемдіктің барлық түрлері мен формаларына тарту болып табылады. Эстетикалық тәрбиенің мәні, әрбір адамның қызықты әдемі өмір сүруі, әсемдік қандай түрде кездесетіндігін түсініп, көре білуге үйренуі. Эстетикалық тәрбие адамның шығармашылық қызметіндегі рөлі ете ауқымды. Өмірге деген эстетикалық қатынас адамға жігер беретін алғашқы негіз болып, еңбектің рухани қанағатқа жеткізетін қуаныш көзіне айналуына ықпал етеді.
Эстетикалық тәрбие үдерісінде адамның эстетикалық көзқарасы, сезімі, талғамы және идеалы қалыптасады. Эстетиісалық тәрбие адамды игілікті істерге, әсемдікке, адамгершілік істерге бастайды. Бастауыш мектептегі бейнелеу өнерін оқытудың міндеті-эстетикалық тәрбиенің әртүрлі әдістерімен эстетикалық эмоциясын тудыра отырып әсемдікке тарта отырып, шығармашылық мүмкіндік тудыра отырып, оқушылардың әсемдік талғамын тәрбиелеу болып табылады.
Әсемдіктің барлық қыр сырын түсіну мен сүйе білу әр бір адамға рухани байлығы үшін ғана емес, еңбекте де жаңа жетістекке жету үшін қажет. Ол қандай мамандық иесі болмасын, ол әсемдіктің нәзіктігін түсіне де, көре де білуі тиіс. Балалардың әсемдікке деген талғамдарын ояту үшін бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі балалардың назарын өмірдегі сүлулыққа аударып, оларды байқауға, сезуге, қабылдауға, сүйене білуге, қуана білуге үйретуі тиіс. Әсемдік талғам адамның туғанан пайда болатын қасиеті емес, ол дамиды. Оны мектепте дамытатын бейнелеу өнерінің мұғалімі. Мұғалім балаларға табиғаттағы түстердің реңдерінің формалардың сан алуандығын көрсетеді. Нұсқасына қарап отырып табиғатты, ағаш жапырақтарын, гүлдерді салу барысында, зат формасын оқып үйрену кезінде балалар табиғатқа, олардағы бояулар мен формалардың алуан түрлігіне онан сайын қызыға түседі. Бастауыш мектептегі сурет салу адамға өмірді жан -жақты көре білуге үйретеді. Сондықтан өмір шындығын көре білу де өз алдына бір өнер.
З. Сурет салумен айналысудың ең басты міндеті - балаларға қоршаған өмір шындығын тануға көмектесу, олардың байқағыштығын дамыту, оларды дүрыс көре білуге үйрету. Сурет сабағында балалар қоршаған заттарды, олардың алуан түрлі формаларымен, түстерімен, өлшемдерімен және басқа да ерекшеліктерімен, танысуға тиіс. Бұл таныстық зат туралы елестетулерінің нақты және толық болуына ықпал етіп, көру әсерін кеңейте түседі. Бейнелеу үдерісі оқушыға бұрын бірақ рет шала көрген затты терең зерттеуге мүмкіндік туғызады. Сурет салу кезінде оқушы заттың формасын, құрылымын, пропорцияларын, түстер мен реңдік қатынастарын кеңістікте орналасуын зерттейді, сол арқылы оларды ұтымды да жан-жақты, терең де нақты қабылдауға үйренеді.
Бастауыш мектептегі сурет салу балаларға өмірді кең көлемде және жан жақты көре білуге жаттықтырады. Сурет салуға оқыту өзара байлынысты екі міндетті шешуге ықпал етеді; Олар: оқупылардың көру арқылы қабылдауын дамыту және олардың көргендерін ой елегінен өткізу дағдыларын қалыптастыру. Баланың байқағыштығын дамыту - күрделі іс -әрекет сонымен бірге ол, оқыту әдістемесі үшін ең маңызды міндет. Баланың байқампаздығын дамыту жас кезінде, әсіресе адам қоршаған өмір шындығын жаңадан тани бастағанда маңызды. Ғылымдар қоршаған ортаны танудағы көру арқылы қабылдау басты орын алатындығын көрсеткен. Себебі олар 90% қабылданатын мәліметтердің көру арқылы алынатындығын дәлелдеген. Бұл адамға көрудің маңызды екендігін білдіреді. Сондықтан көруді дамытуды бастауыш мектеп жасынан, жас шақтан бастап қолға алу қажет.
Ғалымдар бақылауды әлі де дұрыс кере білу, көргенін түсіне білу емес екендігін көрсеткен. Ересек адамдардың өзі заттың форма құрылысындағы ерекшеліктерді, оның ұсақ бөлшектерін, форма сипатын көбінесе анғара бермейді. Бастауыш мектеп мұғалімнің міндеті балаларды осы қиындықтан шығару. Бейнелеу өнері сабақтарының міндеті нақтылы зейінге, ойлауға және зат формасына нақты талдау жасауға, үйрету. Сан түрлі әсерлерден байқағандардан дұрыс қорытынды жасап, оларды жалпы сипатқа біріктіру окушылардың ойлауын дамытып, оларды жаңа білімге ұмтылдырады. Саналы көру зейініні ретке келтіру, басқа зейін түрлерінің дамуына ыпқал етеді. Сонымен мектептегі бейнелеу өнерін оқыту көптеген оқу-тәрбие міндеттерінің жүзеге асыру процесі, оқушылардың қоршаған орта туралы елестетулерін жинақтап, тереңдетуге, дамытуға мүмкіндік тудырады, түптеп келгенде ғылыми дүниетанымының қалыптасуына ықпал етеді.
4. Мектептегі бейнелеу өнерін оқытудың бір мақсаты- сурет сала білу адамға кең көлемдегі іс-әрекет мүмкіндігін беретіндігін оқушыға ұғындыру. Мұғалім алғашқы сурет сабағында оқушыларға сурет өнерінің адам өміріндегі рөлі ашып көрсетілуі тиіс. Сурет салу кез келген іс-әрекетке, кез келеген мамандыққа қажет. Сурет салудың қарапайым бағдарын меңгеру адамға машина деталдарының суретін салуға, үй құрылысының жоспарын жасауға, қарапайым заттардың формасын салуға жәрдемдеседі. Кейде біз біреуге таныс емес, бір жерге қалай беру керектігін түсіндіру үшін жолдың бағыттарын суретке салып көрсетеміз.
Сурет салу ғалымдарға да жәрдемін тигізген. Ғалым Ш. Уалихановқа сурет салу Қашқарияға барған сапарында көп жәрдемін берген. Ол бұл сапарда этнографиялық сипаттағы көптеген суреттер салғандығы белгілі. Бейнелеу өнерінің сауаттылығының негіздерін меңгеру әскерилерге, әскери барлаушыларға, космоновттарға да жәрдем беретіндігін олардың жазған естеліктерінен оқуға болады. Жау тылына барған барлаушы жаудың әскери күштерінің орналасу құрылымын суретін салу арқылы нақты да дәл өлшем бірліктерімен көрсете білген. Кеңес одағының батыры И. Кожедуб өзінің сурет сала білу қабілеті, сандаған әуе шабылуы кезінде көмек бергендігін айтқан. Сурет салу сондай-ақ агрономға, шоферға, станоктағы жұмысшыға, хирургке де күрделі істер атқаруға жәрдемдескен. Бұлармен қатар сурет салудың жобасы архитекторларға, конструкторларға қажеттігі көпшілікке мәлім. Бұл жас ұрпақты өмірге дайындаудағы суреттің практикалық мәнін көрсетеді.
5. Бейнелеу өнерін бастауыш мектепте оқытудағы басты тағы бір міндеті -оқушыларға реалистік суреттің қарапайым негіздерін, сурет салудың ептейліктері мен дағдыларын меңгеру болып табылады. Мұғалім балаға қарандашты қолға қалай ұстау керек екендігін, сызықты қалай жүргізу қажеттігін, қағаз бетіне заттардың көлемін қалай бейнелеу керектігін көрнекті түрде салып көрсетеді. Сонымен қатар ол сурет салуға қажетті әр түрлі материалдармен, құралдармен таныстырып, суретті қандай әдістемелік бірізділікпен орындау қажеттігі жайлы айтып түсіндіреді.
Бастауыш мектепте баланы сурет салудың техникалық тәсілдерін меңгертудің қажеттігі аз деп ойлау дұрыс емес. Шын мәнінде бала мектепте осы тәсілдермен танысуы тиіс.
Бастауыш мектепте оқушы суреттегі тональдық қатынастар туралы түсінік алып, қылқаламмен, қажетті бояу түсін алу үшін бояуларды араластыруға үйренуі тиіс. Мұндай техникалық дағдылар адамға еңбекте қажет іс-әрекеттер. Түсті көре білу және оны бояумен қағаз бетінде бере білу, жазықтың бетін тегіс етіп бояу халық шаруашылығының барлық саласында қолданылады. Мысалы құрылысшыға қабырғаны бояу үшін колор дайындау қажет болса, химикке реакцияны жасау барысын байқау үшін түстердің түрлі реңдерін жақсы ажырата білу керек. Бояғыш заттарды дайындау сонымен қатар текстиль және баспа қызметінің сапасын арттыруға жәрдемдеседі. Балқыған заттың түсіне қарап, металлург балқыған металдың дайын болғанын білуге мүмкіндік алады.
Бастауыш мектептегі бейнелеу өнері сабақтарының міндеттерінің бірі-балаларға жүмысты ұйымдастыру, жұмыс жүргізу тәртібін ойластыру, ойлау, саналы да жоспарлы жұмыс істеуге үйрету болып табылады. Сурет салу мақсатқа бағытталған жұмыс. Сурет сала отырып оқушы белгілі бір мақсатқа жетуге ұмтылады. Бірақ оның алдында көптеген кедергілер кездеседі. Олар кейде «Менің қолымнан келмейді» деп ойлайды. Бірақ ол бар қабілет мүмкіндіктерін жұмылдыру нәтижесінде белгілі үлгілерімге жететіндігін түсіне бермейді.
Оқушының жұмыс үрдісіне ұмтылысын дамыта отырып бастауыш мектеп қабырғасында біз балаларды ертеңгі өмірге қажетті сапаларды тәрбиелеу іс -шараларын жүзеге асыруымыз қажет. Бастауыш мектептегі бейнелеу өнері зат формасы туралы анық та, нақты түсініктерінің жинақталуына жәрдемдесе отырып, айқын да нақты ойлауға ықпал етеді, сонымен қатар шығармашылық пен жаңадан ойлап табу қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бастауыш сыныпта бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың образды ойлауын дамыту оқыту міндетнің бірі. Бұл көру арқылы қабылдауды дамыту, байқауға үйрету, көру есінің, образдық қиялынның дамуымен байланысты. Бұл қасиеттердің маман жүмысшыларда, техникте, инженерде болуы өте маңызды.
Авиоконструктор Еңбек ері А. С. Яковлов (Рассказы авиаконструктора. М, 1958. 79 с) өз естелігінде «Мектепте сурет пәнін дұрыс жолға қойғандығы үшін ризамын, менің болашағыма сурет сала білу көп көмек берді. Инженер -конструктор қандайда бір машинаны ойластырысады «ол өз ойменен өзінің санасындағыны карандашпен қағазға түсіреді. Бұл сурет болашақ машина формаларын көз алдымызға әкеліп көрсетеді» деген
Састауыш сыныптағы бейнелеу өнері сабағында мұғалім оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатын қою арқылы, ол балалармен дұрыс жұмыс әдісін тандап алуы тиіс. Көптеген мүғалімдер өздерін қинамай -ақ өз оқушыларының шығармашылық қабілеттерін бетімен жібереді, сонан келіп әрбір оқушы өзінің шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатындағы тапсырманы өз бетінше орындауға талпынады. Сондықтан бастауыш мектепте оқушының шығармашылық жұмыстарын басшылық жасауға болатын, бағыттауға болатын іс-әрекет деп тану қажет.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында мүғалім балалардың қиялын дамытуға көңіл бөлуі тиіс. Адам қиялы адамның көңіл күйімен байланысты, сонымен қатар өнердің өзі көңіл күйге әсер етеді. Сондықтан бейнелеу өнері мұғалімі оқушылардың елестетулерін жинақтау процесін реалдық өмір шындығынан бастап, қиялмен шығармашылықпен өмірмен байланысты жаңа елестетулерге дейін бағыттауға болады.
Жаңа ашылымдар, шығармалар жасау үшін қажетті маңызы бар балалардың таң қалу, ырзалық сезім қабілеттеріне қолдау көрсету және сақтау бейнелеу өнерін оқыту мақсатына кіреді. Таң қалу ғылым мен өнерде жаңа ашылымдарға қозғау салатындығына ғылымдар мен суретшілер аса көп мән берген. Эйнштейн ересек адамдардың таң қалу қабілеттерінің жойылуына өкініш білдірген. Ол егер бұл қабілет адам өмірінің соңына дейін сақталғанда, ұлы ашылымдардың саны мұнанда көп болар еді, -деп есептеген.
7. Бейнелеу өнерін бастауыш сыныпта оқытудың маңызды міндеттерінің бірі -оқушыларды өнердің даңықты шығармаларымен таныстыру. Мұғалім өнер туралы әңгіме кезінде графика, кескіндеме, мүсін, сәулет, сәндік қолданбалы өнердің түрлері туралы әңгіме қозғайды. Өнер туралы әңгіме оқушыларды адамзат мәдениетінің даму тарихымен, өнердің даңықты шығармалармен, ұлы суретшілердің өмірі мен шығармашылығымен, өнердің дамуындағы белгілі кезеңнің стилімен, бұрынғы және қазіргі даңықты өнер адамдарымен таныстырады.
Бастауыш сынып мұғалімінің міндеті өнердің мәнін қарапайым, түсінікті, лайықты формада бала санасына дейін жеткізу болып табылады. Ол үшін бейнелеу өнерінің түрлерінің ерекшеліктерін атап көрсетіп, олардың жанрларына түсінік беру қажет. Өнер шығармасының көркемдік ерекшеліктерін талдап, оқушылардың қөзқарасы мен ойлау қабілеттерін қалыптастыру аса маңызды міндет болып табылады. Әңгіме кезінде мүғалім оқушыға өнер шығармасының көркемдік ерекшеліктері мен онан алған әсері туралы ойларын айтуға мүмкіндік туғызады. Шығармаға оң баға берген оқушыны мадақтап, ал егер ол суретші шығармасындағы басты және бағалыларын түсінбеген жағдайда лайықты түзету жасап, түсініктемелер береді.
Бейнелеу өнерімен таныстыру өмірдегі және өнердегі әсемдікті түсінуге, отан мен табиғатты сүюге бағытталады. Әңгіме барысында бастауыш сынып мұғалімі балалардың назарын өмір шындығының көркемдік бейнеленуі мен орындау техникасына талдау жасау арқылы өнер шығармасын тани білуге үйретеді. Атап өтілген оқу -тәрбие міндеттерін жүзеге асыру үшін мүғалімге өнерді таныстырудағы белгілі жүйені ұстанып, оқушылармен жүмыс жүргізудің әртүрлі әдістерін қолдану қажет. Әрбір оқу сабақтары өзінің лайықты әдісі мен іс-әрекетке деген ерекше қатынасты қажет етеді. Бұл қызметте әсіресе дәрістерді өткізуге деген тапқырлық пен педагогтық шеберлік маңызы орын алады.
Бастауыш сынып мұғалімі оқушыларға өнерді таныстыруда үлгерімге жеткізу үшін оқушылардың меңгеретін білімі мен дағдыларының көлемін біліп оқушылармен қандай жұмыс әдістерін таңдап алу керектігін білуге тиіс. Бұл міндеттер бейнелеу өнерін оқытудың бағдарламасында қарастырылған. Бірақ оқу бағдарламысы мұғалім қызметінің ерекшеліктерін көрсетпейді. Ең бастысы бағдарлама туралы білім формалды емес, ойластырылған, теориялық білімдерге сүйенген білім болуы тиіс. Бастауыш мектептегі бейнелеу өнерін оқыту бағдарламасын талдау сурет сабақтарының мазмұнына кіретін нақты мәселелерді ашып көрсетуді қажет етеді.
Бастауыш мектептегі бейнелеу өнері сабақтарының мазмұны
Бастауыш мектептегі бейнелеу өнері сабақтарында оқу-тәрбие міндеттерін шешуде сабақтың төрт түрі қарастырылады. Олар нұсқаға қарап сурет салу сабағы, сәндік сурет салу сабағы және өнер туралы әңгіме сабақ.
Бастауыш мектептегі бейнелеу өнері сабақтары бірінші сыныптан, төртінші сыныпқа дейін жүргізіледі. Бастауыш сыныпта бейнелеу өнері сабақтарына 108 сағат берілген. Оның 35 сағаты нұсқаға қарап сурет салу сабағына, 24 сағаты сәндік сурет салу сабағына, 37 сағаты тақырып бойынша сурет салу сабағына, 12 сағаты өнер туралы әңгіме сабағына бөлінеді. Бұл сабақ сағаттары оқу жылдары бойынша төмендегі түрде бөлуге болады.
Бұл тәртіп бойынша бастауыш сыныптағы бейнелеу өнері сабақтарының ішінде нұсқаға қарап сурет салу сабағына 19 сағат, сәндік сурет салу сабағына 47 сағат, тақырыптық сурет салу сабағына 30 сағат, өнер туралы әңгіме сабақтарына 12 сағат берілген. Енді осы сабақтарды жеке қарастырамыз.
Бастауыш сыныптағы нұсқаға қарап сурет салу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері бар. Нұсқаға қарап сурет салу сабағы бейнелеу өнерін оқытудың негізі болып табылады. Бұл сабақтарды өткізудің мақсаты оқушыларды бейнеленетін заттардың нұсқасына қарап бейнелеуге үйрету болып табылады. Заттардың формасын, өлшемдерін, түр-түсін дүрыс қабылдауға үйрету, олармен таныстыру барысында заттың қасиеттерін сараптауға үйрету міндеті қойылады.
Мұғалім бұл сабақтарда нұсқаға қойылған заттардың формасына өлшемдер қатынасына, жарық пен көлеңке құбылысына, көз деңгейінен жоғарғы немесе төмен болуы сияқты ерекшеліктеріне талдау жасайды. Мысалы, оқушы жалаудың суретін салу алдында мұғалім оған өлшемдерінің қатынастарына көңіл аударады. Үлкен өлшемнің көлденеңінен бағытта кіші өлшемнің тігінен бағытты орналасқандығына, түстерінің аспан көк екендігіне және ондағы жарық пен көлеңке, ою-өрнектер көріністеріне оқушылардың назары аударылады. Мұғалімнің мұндай жүйелі түрдегі талдаулары нәтижесінде оқушылардың көру аппараты арқылы алынған әсері талдау, сараптау қабілеттері артып отырады. Нұсқаға қарап сурет салу барысында оқушы зат туралы мәліметтері толыға түседі. Сурет салу барысында бала нұсқаны мұқият қарап, оның қүрылымындағы ерекшеліктерін табуға талпынады. Бастауыш сыныптағы зат формасын тану екі бағытта жүргізіледі бірі-көру арқылы (яғни нұсқаға қарап сурет салу) және ұстап білу арқылы жүзеге асады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz