Б.КЕНЖЕБАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ


Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ ШЫҒЫС ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ
Б. КЕНЖЕБАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ПӘНІНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ТҮРКІСТАН - 2012 ж.
№1
- Лекция таќырыбы: Кіріспе
- Лекция жоспары:
1. Б. Кенжебаев- єдебиет сыншысы
2. Б. Кенжебаев - фольклорист
- Б. Кенжебаев - єдебиет тарихын зерттеуші.
- Б. Кенжебаев - єдебиет теориясы мєселелерін ќарастырѓан теоретик ѓалым.
3. Лекция маќсаты: Ќазаќ єдебиетін дєуірлеуде мектеп ќалыптастырѓан ѓалым ењбектеріне
зерттеушілердіњ баѓасы мен шєкіртері арсындаѓы байланыстар
- Лекцияныњ мазм±ны:
Көркем әдебиет өскен жерде - әдебиеттану ғылымы да туып, қалыптаcады, өседі, өркендейді. Әдебиетші қаламгерлер буын - буын болып дәстүр жалғады. Ғасыр бойы келе жатқан халық әдебиеті үлгілері негізінде қалыптасқан халықтық эстетика ұлы ойшыл А. Байтұрсынов тұсынан бастап, маманданған әдебиеттануға ұласты. Әдебиеттану ғылымының маман кадрлары осы кеңестік кезеңде туып, өсіп жетілді. Соның бірі - көрнекті әдебиеттанушы ғалым, профессор Б. Кенжебаев.
Кеңестік кезең әдебиеттану ғылымы үшін аянбай еңбек еткен, сол арқылы қазақ әдебиеті тарихындағы өзінің орнын анықтаған профессор Бейсембай Кенжебаевтың әдеби мұрасын зерттеу- көкейкесті міндет, кезек күттірмес мәселе. Оның қазақ әдебиеті тарихындағы орны - аса көрнекті орын. Ол - қазақ әдебиеттану ғылымында қазақ әдебиеті тарихын зерттеу және зерттеулерге басшылық жасау арқылы өзінің мектебін қалыптастырған ғалым.
Ұлттық әдебиет тарихын ғылыми тұрғыдан жүйелеу ісінде кеңес дәуірінде атқарылған істерде бүгінгі уақыт биігінен қарап, қайта таразылап жатқан кезеңде көрнекті әдебиеттанушы ғалымдар әдеби мұрасын жинақтай сөз ету, тақырыптарға жүйелей зерттеу аса қажет.
Б. Кенжебаев кеңестік кезеңде өмір сүріп, әдебиеттану ғылымының әр саласында көрнекті, толымды мұра қалдырған ғалым. Ол - әдебиет сыншысы. Ол - фольклорист. Ол - әдебиет тарихын зерттеуші. Ол - әдебиет теориясы мәселелерін қарастырған теоретик - ғалым.
Әдебиетші - ғалымның соңында қалдырған сала-сала еңбектердің қайсысы да бүгінгі ғылым үшін көкейкесті. Өйткені ол әдебиетіміздің дау-таласы көп, кеңестік идеологияға мүлдем қайшы келетін барынша тартысқа толы әр түрлі көзқарастарға негіз болған еңбек қалдырған ғалым. Б. Кенжебаев алғашқы зерттеушілерінің бірі болып табылатын ХХ ғасырдың басы мен жиырмасыншы жылдардағы қазақ әдебиетін дәуірлеудің бұрынғы қалыптасқан жүйесі қазіргі таңда үлкен өзгерістерге ұшырауда. Осыған байланысты Б. Кенжебаев зерттеулерінің толықтыруды қажет ететін жағы да аз емес. Әсіресе Алаш ұранды әдебиеттің қыр-сырының тереңдеп ашылуы Б. Кенжебаев негіздеген ғылыми тұжырымдардың сол заман, сол кезең қыспағынан туып, бойын еркін тіктей алмағанын айқындай түсуде.
Осыған дейінгі көрнекті ғалым жайында жазылған зерттеу мақалаларда оның тарихи мектеп қалыптастырудағы орнына ерекше мән беріліп келеді. Сондықтан Бейсембай Кенжебаевты осындай еңбегіне қарай - әдебиет тарихын зерттеу мектебі бар ғалым деп атаймыз. Оның бұл саладағы еңбегі бүгінде айырықша жоғары бағаланып келеді.
Қай кезде де Б. Кенжебаев концепциясы кейде сыналып, кейде қолдау көріп, әдеби жұртшылық арасында әңгіме болып отырғаны мәлім. Көзі тірісінде қазақ әдебиеті тарихы жайындағы көзқарасы көп мойындала қоймағаны да шындық. Б. Кенжебаев еңбектері жөнінде пікір, мақала, рецензия жазылды. Ол аз болса ғалым жайында әділетсіз фельетон, пародия да жарық көрді. Көрнекті ғалымның көзі тірісінде жарияланған, жарияланбаған да бірсыпыра материалдар бар. Әдебиет сыншысы, публицист ретінде Бейсембай Кенжебаев жөнінде баспасөз бетіндегі портреттік мақалалар жиі көрінді. Мұндай пікірлер жүйесі жиырмасыншы жылдардан басталады. Ұлы жазушы ойшыл М. Әуезовтен бастап, Ә. Тәжібаев, С. Мәуленов, Т. Кәкішев, Р. Бердібай, З. Қабдолов, Т. Қожакеев, Р. Нұрғалиұлы, Б. Майтанов, Ж. Дәдебаев, Х. Сүйіншәлиев, Н. Төреқұлов, К. Сейдеханов, өзбек ғалымы Н. Маллаев, қырғыз ғалымы Қ. Артықбаев, татар М. Ғайнуллин, башқұрт А. Харисов секілді көп қаламгерлер Б. Кенжебаев жөнінде әр кез пікір айтқан.
Кітаптарына насихаттық рецензия, мақалалар көп жазылып, жарияланған.
Кандидаттық, докторлық диссертациясына жазылған пікір, протоколдық лебіздер ҚР Орталық Мемлекеттік архивінде сақтаулы. Бұл тарапта М. Әуезовтен бастап Ә. Марғұлан, І. Кеңесбаев, М. Богданова, А. Тоқомбаев секілді бірсыпыра ұлы тұлғалардың пікірі ғалымның жеке архивтік қорында сақтаулы. Ал, қорғалған диссертация жөнінде С. Ордалиев “Көрнекті ғалым”, Б. Абдуллин “Б. Кенжебаев - ғылым докторы” аталатын арнайы мақала жазып жариялады. Ғалымның елу, алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан жылдық мерейтойлары кезінде мерзімді баспасөз бетінде біраз мақала жарияланды.
Б. Кенжебаевтың қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеу жөніндегі ұстанған бағыт-бағдарының тұтас концепция екендігін ғылыми тұрғыдан жан-жақты дәлелдеу бүгінгі қазақ әдебиеттану ғылымының алдында тұрған маңызды мәселе екендігіне ешқандай дау жоқ.
5. Баќылау с±раќтары:
1. Б. Кенжебаев- єдебиет сыншысы
2. Б. Кенжебаев - фольклорист
3. Б. Кенжебаев - єдебиет тарихын зерттеуші.
6. Лекция таќырыбына сєйкес С¤Ж тапсырмалары:
- Б. Кенжебаев - єдебиет теориясы мєселелерін ќарастырѓан теоретик ѓалым.
7. Ќажетті єдебиеттер:
- Кенжебаев Б. Жылдар жемісі. А., 1984
- Кенжебаев Б. Әдебиет белестері. А., 1986
- Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. А., 1993
- Кенжебаев Б. Қазақ әдебиетінің тарихының мәселелері. А., 1973
- Бердібай Р. Ел боламыз десек. А., 1995
- Кәкішев Т. Санадағы жаралар. А., 1992
- Мағауин М. Мен: Роман-эссе. А., 1999
- Тілепов Ж. Қазақ поэзиясының тарихилығы. А., 1994
- Нұрқатов А. Жалғасқан дәстүр. А., 1980
№2
1. Лекция таќырыбы: Б. Кенжебаев жєне ХХ ѓасыр басындаѓы ќазаќ єдебиеті.
Б. Кенжебаев - дєст‰рлі єдебиеттану арнасында.
- Лекция жоспары:
1. Б. Кенжебаев - абайтанушы.
2. “Абай” аталатын маќаласыныњ жарыќќа шыѓуы
3. “Абай ќазаќтыњ реалистік єдебиетініњ негізін салушы” зерттеу ењбегі.
4. “Абай- ќазаќтыњ ±лы аќыны” кітапшасыныњ жазылу тарихы.
5. “Абайдыњ ќара сµздері”туралы маќаласыныњ тарихи мєні.
6. Абай шыѓармаларыныњ текстологиялыќ мєселелерін талдауы.
3. Лекция маќсаты:
Б. Кенжебаевтыњ ХХ ѓасыр басындаѓы ќазаќ єдебиеті тарихына ќосќан ‰лесі
мен зерттеулері
4. Лекцияныњ мазм±ны:
Ұлы жазушымыз М. Әуезов 1925 жылы Санкт-Петербургта “Әдебиет тарихы” аталатын еңбегін жазып жүрген тұста қазақ әдебиеті тарихын жазудың қиындықтарын еске алыпты. Онда кітаптың тарихсыз заманда шыққанын еске алуды өтінеді. Азаматтық тарихымыздың жазылмай жатқанына қынжылады. Одан әрі “ онан соң кітапты тізудің үстінде көзге көрінген айқын кемшілік: бізде бұл уақытқа шейін Абайдан арғы ақынның өмірі туралы жиналған мағлұмат жоқ”. “Бүгінде қазақ ескілігіне көз салып, жинастырылып жүрген азаматтардың қатты ескеретін бір жұмысы осы болуы керек сияқты. Ескі ақындардың өмірбаянын білсек, соның әрқайсысы өмір сүрген заманның тірі пішінді белгісін тауып алғандай боламыз. Әрбір дәуірдің сондайлық бір-бір белгісі болса, “темір таяқ тебендей” болатын көмескі, күңгірт, ертегі заманның ұзақ сапарында қадам басып, жылжи беруге болады. Сонда ертегі сапарындай алыс көрініп тұрған кәрі күннің өзі де жақындап келіп, ескі тұлғасын көрсетіп қалуына да болады” - деген екен.
Ұлы жазушының осы ойларынан қазақ әдебиетінің тарихын жазып, қалыптастыруға қиындық келтіретін үш түрлі мәселе айтылған: ол - қазақтың азаматтық тарихының өз дәрежесінде жазылмауы, Абайға дейін өмір сүрген ақындардың өмір дерегінің сақталмауы, қазақ әдебиеті тарихын жасағанда (түзгенде) бүгіннен көне замандарға қарай біртіндеп жылжу қажеттілігі.
М. Әуезов осы ойын аталған еңбегінің екінші бір сәтінде “ Қазір де әдебиет тарихы сияқтыларды тізу қиын. Әуелден алыс жерден бастауға болмайды. Әуелі өзімізге таныс бергі заманнан бастау керек. Ізденушілер көбейіп, табылған ескіліктің жұрнақтары көбейген соң, сол бұйымдардан құрап, қолға таяқ алып, ескілікті ерте заманға қарай тереңдетіп, жылжи беру керек” деп ойын методологиялық негізде тиянақтай айтқан. Қазақ әдебиетінің тарихын жасау күрделі іс. Ол бүгін де шешімін тапты деу қиын. Кезінде қазақ әдебиетінің бастау көздері туралы пікірлер де бір арнаға түспеді. Оның басты себебі әрбір дәуірдің әдеби жәдігерліктерінің сақталмауы. Қазақ халқының ғасырлар бойы көшпелі тіршілік кешуінің салдары еді.
Сонымен, әрбір ұлт әдебиеті тарихын бір түбірге қарай ілгерілету идеясы нақты проблема ретінде қойылмаса да 20-шы жылдары көңілде жатқан болса керек. Бірақ, ол идея 30-шы жылдардың өн бойында өшірілді.
Отарлау дәуірі мен оянушылық кезең арасында XІX ғасыр үлкен меже. Ол дәуірдің әдебиеті де мейлінше үлкен . XІX ғасыр орыс әдебиетінің алтын ғасыры саналады. Шығыс әдебиетін Батыс әдебиетіне сабақтастыра үйренетін XІX ғасырдағы қазақ әдебиеті өзіне дейінгі ұлттық әдебиеттің жиынтығы, қорытындысы ол өзінен кейінгі, яғни XX ғасыр басындағы әдебиетке дәстүр болған ұлы ағартушылық әдебиет еді. Абай, Ыбырай, Шоқандай үш ұлы тұлғаны атасақ та XІX ғасыр әдебиетінің мерейі тасып жүре береді.
Бейсембай Кенжебаев XІX ғасырдағы қазақ әдебиетіне, оның ұлы тұлғаларына мейлінше қызыққан. Біраз зерттеулер жүргізген. Зерттеулері - Абай, Шоқан, Ыбырай өмірі мен әдеби мұрасына қатысты.
Сыншы Құлбек Ергөбектің жазуына қарағанда, Бейсембай Кенжебаев Абай өлеңдерімен Ташкент жетім балалар үйінде тәрбиеленіп жүрген кезінде танысады. Онда әдебиет пәнінен Садуақас Оспанов деген кісі сабақ береді. Оған қоса Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің баласы Әмин Жүсіпов те сабақ береді. Екеуі де ұлы ақын өлеңдерін сүйіп оқитын жандар екен. Жасөспірім балаларға Абай өлеңдерін жаттататын болыпты. Б. Кенжебаев ұлы ақын мұрасына сол кезден бастап қызыққан деуге болады. Оның үстіне Мәскеудегі Күншығыс еңбекшілерінің И. В. Сталин атындағы коммунистік университетінде оқығанда, оларға ұлы ақын Мағжан Жұмабаев дәріс беріпті. Ол да Абайды сүйетін кісі. Өз көңіліндегі құштарлық бар оған осындай түрлі жағдайлардың септесуі бар, Б. Кенжебаев Абай өмірі мен шығармашылығына ерте ден қойыпты. Абай туралы алғашқы мақаласын аталған университетте оқып жүрген кезінде, 1925 жылы, 21 жасында жазды. Студент жастың “Абай” аталатын мақаласы “Еңбекші қазақ” газетінде жарық көрді. Мақала кезінде жақсы қабылданыпты. Мақаланы жазушы Бейімбет Майлин қуана қабылдап, газетте жариялатыпты, Міржақып Дулатов мақаладан “Абай -халық ақыны. Халықтың тумысындағы кем-кетіктерін, жайсыз қылықтарын жазған. Олардан құтылуды көрсеткен. Абайдың ұстаған жолы, көздеген мақсаты елді түземек болған. Абай ілгерішіл ақын” - деген пікірін үзіп алып, өзі түзіп жүрген “Қазақ кітаптарының көрсеткіші” (Қызылорда, 1926) . Бибилиографиялық анықтамалығына енгізіпті.
Қазақстанда Абайдың басы даулы болып жатты. Ұлы ақынды жазғанына, жұртына қалдырған әдеби мұрасына қарап емес, шыққан тегіне қарап, оны “шонжардың” баласы деп сыртқа теуіп “қажының баласы” деп бұқара халықтан қашыртқан науқан жүріп жатқан болатын. Сол сәтте Мәскеуде оқып жүрген студенттің “Абай - халық ақыны” деген үлкен тезис ұсынып, Абайдың халық ұлы, халық ақыны екенін мойындатқан. Бірақ, уақыт, кеңестік саясат билігінен, асып кете алмай тұрған сәт. Міне, осындай сәтте Б. Кенжебаевтың мақаласы дәл келген. Сөйтіп, Б. Кенжебаев Абай туралы алғашқы мақаласыменен-ақ “Абай - халық ақыны” (Халықтың мұң-мұқтажын айтқан халықтық ақын мағынасында) деген үлкен концепция ала келді. Абай туралы алғашқы мақаласымен-ақ көпшіліктің көңілінен шықты. Мақаланың жазылу тарихы жөнінде ғалымның өзі “…алғашқы мақала жазарда КУТВ студенті едім. Әдеби үйірмеміз болатын. Көзқарасын қайдам, талғамы сұлу кісі әдебиет пәнінін сабақ берді. Ол ұстазымыз (Мағжан Жұмабайұлы. Д. С) Абайды табына қарай, феодал ақыны деп бағалар еді. Бір ғажабы, өзі солай ойлай тұра, өзіміздің пікірімізге еш қарсы болмайды. Әдеби үйірмеде осы мәселе жөнінде баяндама жасау маған жүктелді. Москвада оқитындықтан, А. В. Луначарскийден лекция тыңдап, орыс жазушыларымен араласқанның әсері ме, әйтеуір мен Абайды шыққан табына, тегіне қарамай, халық ақыны, қазақтың жаңа жазба әдебиетінің ағасы деп бағалаппын. Бай таптан шығып, халық ақынына айналғандар орыс әдебиетінде қаншама? Бір Л. Н. Толстойды алсақ та бұған көз жеткіземіз ғой” - деп жазды.
Бұл Кенжебаевтың абайтануға басқан алғашқы қадамы болатын. Одан кейін де Б. Кенжебаев Абай тағдыры, поэзиясы жөнінде әрдайым, әрбір мақаласында айтып отырады.
Ал, Абай мұрасын тануға беттеген екінші сапары - 1945 жылы. Абайдың 100 жылдығына байланысты Республика үлкен шаралар дайындаған. Бас абайтанушы М. Әуезов сыйлас інісі Б. Кенжебаевты ұлы ақын жайында қазақша, орысша монографиялық очеркті бірге жазуға шақырады. Екеуі бірлесе жазған еңбек “Абай қазақтың ұлы ақыны” деген атпен қазақша, орысша екі кітапша болып жарық көрді.
Бұл ұлы ақын өмірі мен шығармашылығына арналған зерттеу очеркі дерлік. Отызыншы жылдың өн бойында абайтанушы-Алаш ордашылар қатаң сыналатын. Бейсембай Кенжебаевтың бір әдеті өз мақалалаларында “ұлтшылдарды” сынап солақайшылыққа бармайды. Ал, пікірі солардың пікірлерімен үндесіп, сабақтасып отырады. Отызыншы жылдары абайтанушыларды ұлтшылдар ретінде солақай сынаушылар арасында Есмағанбет Ысмайылов сияқты білімді әдебиетшілер де болған. Мұхтар Әуезовтың 1945 жылы ұлы ақын жайлы кітапты Б. Кенжебаевпен біріге жазуында оның қиын кезеңдердің өзінде саясатқа араласпайтын, өз танымынан танбайтын, табандылығын бағалауында жатқан шығар.
1945 жыл - ұлы ақынға қоғамдық пікірдің түзелген кезі. Абай шығармаларын жарыққа шығару, зерттеулерді жариялату жаңа өріске шыққан кез. Міне, осындай сәтте Б. Кенжебаевтың М. О. Әуезовпен бірге жазған “Абай - қазақтың ұлы ақыны” (1945) аталатын кітабы ұлы ақын жайындағы жаңа көзқарас көшбасшысы болды.
Б. Кенжбаев Абай тақырыбына әр жылдары оралып отырды. 1945 жылы “Абайдың қара сөздері” хақында толғанады, 1954 жылы ұлы ойшыл жайлы ойларын ұластыра түсіп “Абай қазақтың реалистік әдебиетінің негізін салушы”- аталатын шағын зерттеу жазды, 1955 жылы ұлы ақын шығармалары текстологиясы мәселесіне оралады, 1971 жылы жасынан жанына жақын тақырыпқа және бір рет оралады. Ғұмырының аяғында осы жазғандарының бәрін қорытты.
Мәселе - зерттеушінің тақырыпқа қашан оралуында емес, оралған сайын қандай салмақты ой қосқанындығында. Әрине, Абай тақырыбын сүймес кісі қазақта болмас. Бірақ, сүйіспеншілікпен ғана барып Абай мұрасын жарқыратып жаңа қырынан ашу қиын екенін Б. Кенжебаев білген. Сондықтан ол Абайға әйтеуір насихатшы болып баруды емес, ізгі ниетпен барған сайын ұлы ақынның тың қырын ашуды ойлаған секілді.
Мысалы, 1945 жылдары Абайдың қара сөзі тың жатқан мәселе болатын. Осы мәселеге зерттеуші көзімен қараған Б. Кенжебаев Абайдың қарасөздерін жанрлық тұрғыдан зерттеудің тәуір үлгісін көрсетті. Ол Абай сөздерін тек “Ғақлия” деп атауға қарсы болады. “Тегінде Абайдың қара сөздерін “Ғақлия” деп қана атау дұрыс емес. Өйткені, Ғақлия-ғибрат, мысал жөнімен дін, мінез-құлық жайында айтылған өсиет, насихаттау сөздер. Абайдың қара сөздерінің бәрі бірдей мұндай ғибрат, мысал болып, бәрі бірдей дін, мінез-құлық туралы болып келе бермейді” дейді. Абайдың қара сөздері нақыл, мақал-мәтел, афоризм деген пікірге де қосылмайды. Өйткені, ондай сөздер өлеңше қиысып, ұйқас, ырғақпен құйылып тұруы керек қой деген ой айтады. Енді бір кісілердің Абайдың қара сөздерін ғылыми трактат деген пікіріне де қарсы. Түгелімен ғылыми трактат емес - дейді. “Біздіңше Абайдың қара сөздерінің басым көпшілігі сын, сықақ жөнімен сюжетсіз жазылған көркем публицистика. Эссе - жазба” -дейді ғалым.
Б. Кенжебаевтың Абайдың қара сөздерінің жанрлық ерекшелігін іздеуі- табиғи, ғылыми. Оларды бір ғана жанрға жатқыза қою қиын. Бұл орайда Б. Кенжебаев сыны орынды. Сөйте тұра қара сөздерді “көркем әңгіме”, “көркем проза”, “көркем публицистика”-дегенге де қосыла қою қиын. Бұл - ежелден шығыста да, батыста да ірі ойшыл, ұлы философ, ғұламалар әбден кемеліне келгенде жазатын “оракул” сынды ой қорытулар.
Нысанды тақырыпта профессор Х. Сүйіншәлиев тақырыптық, мазмұндық сипатын ашып монография жазды. Профессор М. Мырзахметов қара сөздерді ұлы ақын дүниетанымы, көзқарасынан туындатып, бүкіл шығармашылық тағдырымен сабақтастырып бірсыпыра зерттеулер берді. Бүгінгі күн, бүгінгі ғылым, білім биігі үшін орынды. Алайда, осы зерттеулердің туу бастауында М. Әуезов бастаған аға буын зерттеушілер тұрды ғой. Бәлкім, соның бірі: - Е. Ысмайылов, келесісі - Қ. Жұмалиев, енді бірі- Б. Кенжебаев болар. Жақсы дәстүрді дер кезінде іліп әкетіп, үлкен ғылыми арнайы зерттеуге айналдырған - академик Зәки Ахметов. Қазіргі таңда Тұрсынжан Шапай секілді дарынды жастар абайтануға жаңаша келу үстінде.
Б. Кенжебаевтың Абайтануда текстологиялық, тілдік, поэтикалық, өлең өлшемдік зерттеулерінің қай-қайсысы туралы да осыны айтуға болады. Қай-қайсысы да уақытындағы бағалы еңбектер. Б. Кенжебаев әдеті - айтары болмаса қолына қалам алмайды, жан-жақты шашылмай, алған объектісін нақты зерттеуге құрады.
Б. Кенжебаев - абайтанушы. Бірақ, Абай жайында көл-көсір еңбек жазбаған, ұдайы шұғылданды деуге келмейді. Сонымен қатар, Б. Кенжебаев Абай жайлы еңбегі болсын, өзге еңбегі болсын, редактор тарапынан қысымды көп көрген. Мына бір хат та соған куә:
Құрметті Мұсатай.
“Абайдың өмірі мен творчествосы “ деген жинақты қарап шықтым. Ондағы менің мақалам біраз бұзылып шығыпты. 1) Қараған кісі (Сол тегі Қалижан болу керек ғой?) оны қысқартыпты, қысқартқанда әйтеуір қысқарту керек деп қысқартыпты. Осыдан кей жерлерде ойдың, сөздің жүйесі, байламы болмай қалыпты. 2) Кей жерінде менің сөзімді, сөз байламымды түзетіпті. Ол түзету болмай, бұзу болып шығыпты. 3) Мен мақаламды бөлім-бөлім етіп жазған едім. Оны алып тастапты. Содан бәрі араласып кетіпті. Осының бәрі неме керек еді?
а) -сыймайды деп қысқартатын бұл газет емес ғой;
б) Түзейтін мен ауылдан жаңа жазып отырған тілші емеспін де, бұл хабар емес ғой;
Ертеңгі күні бұл мақаланы біреу-міреу сынаса тек мен жауап беремін ғой. Сонда өз қолыммен істегеніме жауап бермей, біреудің істегеніне жауап беруім қалай болады? Осыны ойланатындай дәрежеге әлі жетпегеніміз бе? Әлде жақсысын көре алмай, авторға әдейі істегеніміз бе?
Сәлеммен Бейсембай”.
Б. Кенжебаевтың Абайды зерттеуіне мұндай жағдайлар да кедергі болған шығар.
Б. Кенжебаев - абайтанушы. Ол - Абай шығармаларындағы әлеуметтік сарындарды, өлең құрылысын, текстологиясын, қара сөздерін бір кісідей талдаған. Біз Б. Кенжебаевты абайтанушы дегенде, ұлы ақын мұрасын ұдайы зерттеп, айырықша мол үлес қосты демейміз. Әркезде атсалысып, тәуір үлес қосты дейміз. Бертінде З. Ахметов, М. Мырзахметов, Қ. Мұхамедханов, Ж. Ысмағұлов, Т. Әлімқұлов, Ғ. Есім, Х. Сүйіншәлиев. Т. Шапай сынды әдебиетші, ғалымдар атсалысқан абайтану - арналы ғылым. Б. Кенжебаевтың бұл тақырыптағы еңбектері абайтанудың кезіндегі бір биігі. Оған тарихи тұрғыдан қарап, бағалауымыз керек. Кезінде жасалған зерттеулер өз уақытына қызмет етті. Сонысымен бүгінгі уақытқа да қызмет етеді.
5. Баќылау с±раќтары:
- Б. Кенжебаев - абайтанушы.
- “Абай” аталатын маќаласыныњ жарыќќа шыѓуы
- “Абай ќазаќтыњ реалистік єдебиетініњ негізін салушы” зерттеу ењбегі.
- “Абай- ќазаќтыњ ±лы аќыны” кітапшасыныњ жазылу тарихы.
- Абай шыѓармаларыныњ текстологиялыќ мєселелерін талдауы.
6. Лекция таќырыбына сєйкес С¤Ж тапсырмалары:
1. “Абайдыњ ќара сµздері”туралы маќаласыныњ тарихи мєні.
7. Ќажетті єдебиеттер:
- Кенжебаев Б. Жылдар жемісі. А., 1984
- Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. А., 1993
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz