Экономикалық теория пәнінің дамуы
1. Экономикалық теорияның қалыптасуы және даму кезеңдері
2.Экономикалық теория пәні мен зерттеу әдістері
2.Қоғамдық өндірістің негіздері
2.1. Адам және экономика
3.Экономикалық қатынастар
4. Экономикалық жүйелердің мәні және типтері
5. Меншіктің әлеуметтік.экономикалық мәні, объектілері, субъектілері.
6. Мультипликатор және акселератор әсері
7 Инфляцияның әлеуметтік.экономикалық зардаптары
8 Экономикалық өсудің моделдері

Экономикалық теория пәнінің дамуында үш кезеңді бөліп көрсетуге болады: экономия, саяси экономия, экономикс. Экономикалық теорияның пәні ғылым ретінде бірден қалыптасқан жоқ, ол ұзақ тарихи дамудың нәтижесі болып табылады. Экономикалық ойдың алғашқы көзі өзінің тамырларын ежелгі дәуірден бастайды. Экономика туралы алғашқы түсініктерді біз Ксенофонттың, Платонның, Аристотельдің және басқа ежелгі ойшылдардың еңбектерінен табамыз.
Ксенофонт (б.э.д. 445-335 жж.) «Экономия» деп аталатын (гректің «ойкос» -шаруашылық және «номос» заң деген сөздерінен шыққан) құл иеленушінің үй шаруашылығын басқару құралын жасады. Оны «үй салу» яғни, үй шаруашылығын басқару өнері (заңдары) деп те аударуға болады. Ол экономия - бұл оның көмегі арқылы өзінің шаруашылығын байытуға болатын ғылым деп жазды.
Орталықтандырылған мемлекеттердің пайда болуы мен біртұтас мемлекеттік шаруашылықты жүргізу ережелерін анықтау әрекеті пайда болды. «Ойкономия» түсінігі саяси экономияға айналды. «Саяси экономия» түсінігінің өзі алғаш рет француз экономисті Антуан Монкретьеннің (1575-162жж.) «Қоғамдық шаруашылықтың заңдары» («Саяси экономияның трактаты») деп аталатын еңбегінде қолданылған. «Политейя» - грек тілінде «қоғамдық құрылыс» немесе «қоғамдық ұйымдастыру» деген мағынаны білдіреді.
Саяси экономия қоғамдық шаруашылықтың заңдары туралы ғылым болып қалыптасады. «Саяси экономия» өзінің пәнін капитализмнің дүниеге келуімен кескіндейді (16ғ. соңы - 17ғ. басы). Буржуазия ең алдымен өндірісте емес байлықтың бейнесі болған алтын операцияларымен және саудамен айналысатын айналым сферасында әрекет етеді.

1. Экономикалық теорияның қалыптасуы және даму кезеңдері-
Экономикалық теория пәнінің дамуында үш кезеңді бөліп
көрсетуге болады: экономия, саяси экономия, экономикс. Экономикалық
теорияның пәні ғылым ретінде бірден қалыптасқан жоқ, ол ұзақ тарихи дамудың
нәтижесі болып табылады. Экономикалық ойдың алғашқы көзі өзінің тамырларын
ежелгі дәуірден бастайды. Экономика туралы алғашқы түсініктерді біз
Ксенофонттың, Платонның, Аристотельдің және басқа ежелгі ойшылдардың
еңбектерінен табамыз.
Ксенофонт (б.э.д. 445-335 жж.) Экономия деп аталатын (гректің ойкос
-шаруашылық және номос заң деген сөздерінен шыққан) құл иеленушінің үй
шаруашылығын басқару құралын жасады. Оны үй салу яғни, үй шаруашылығын
басқару өнері (заңдары) деп те аударуға болады. Ол экономия - бұл оның
көмегі арқылы өзінің шаруашылығын байытуға болатын ғылым деп жазды.
Орталықтандырылған мемлекеттердің пайда болуы мен біртұтас мемлекеттік
шаруашылықты жүргізу ережелерін анықтау әрекеті пайда болды. Ойкономия
түсінігі саяси экономияға айналды. Саяси экономия түсінігінің өзі алғаш
рет француз экономисті Антуан Монкретьеннің (1575-162жж.) Қоғамдық
шаруашылықтың заңдары (Саяси экономияның трактаты) деп аталатын
еңбегінде қолданылған. Политейя - грек тілінде қоғамдық құрылыс немесе
қоғамдық ұйымдастыру деген мағынаны білдіреді.
Саяси экономия қоғамдық шаруашылықтың заңдары туралы ғылым болып
қалыптасады. Саяси экономия өзінің пәнін капитализмнің дүниеге келуімен
кескіндейді (16ғ. соңы - 17ғ. басы). Буржуазия ең алдымен өндірісте емес
байлықтың бейнесі болған алтын операцияларымен және саудамен айналысатын
айналым сферасында әрекет етеді.
Сондықтан алғашқы экономикалық ғылым ретінде меркантилизм пайда
болды (итальян тілінде mегсапtе - саудагер). Оның мәні: байлық сыртқы
сауданың нәтижесінде жиналады. Меркантелизм 2-кезеңнен өтті. Ерте кезеңде
15-16ғ бұл байлықтың жалғыз формасы ретінде алтынмен күміске
тән.Мониталистер- ақша балансы теориясын үсынды.Ақшаны сыртқа шығаруға
тыйым салды. Сол себептен тек айналым сферасын зерттеу қажет.
Меркантилизмнің өкілдері Т.Мен, А.Монкретьен, У.Стаффорд, У.Кольбер,
Ресейде - Ордын-Нащокин (1605-1680), Петр I (1672-1725), И.И.Посошков (1632-
1726) және т.б. болып табылады. Европа әлі де аграрлы еді, сол себептен көп
экономистер ауыл шаруашылығы өндірісіне басымдылық танытты. Олар
физиократтар мектебінің өкілдері болып табылады (грек тілінде рhісіз –
табиғат, кrаtоs - билік). Ол 18ғ. ортасында Францияда қалыптасты және
классикалық саяси экономияның француздық нұскасы болып табылады. Оның
негізін салушы дәрігер Людовиг ХҮ және мадам Помпадур Франсуа Кенэ болды
(1694-1774 жж.), өкілдері Тюрго Дюпон де Нимур Мирабо және т.б. Классикалық
саяси экономияның ең жарқын окілдерінің бірі А.Смит (1723-1790 жж.) және
Д.Рикардо (1772-1823 жж.). А.Смит Халықтардың байлығының себебі және
табиғаты туралы зерттеу атты кітабын шығарды, А.Смиттің негізгі идеялары:
1. Мемлекеттің экономикаға минимальды араласуы;
2. Бәсекенің әсеріндегі ұсыныс пен сұраныстан тәуелді
үйлестірілетін еркін бағалардың негізінде нарыктың өзін-өзі
реттеуі. Ол бұл экономикалық реттеушілерді (баға, сұраныс, ұсыныс жәңе ең
маңыздысы-бәсеке) көрінбейтін қол деп атады.
Классикалық мектептің еңбектері: Зерттеудің басты объектісі ретінде
айналымды емес, өндіріс сферасын жасады;
Еңбектің барлық тауар кұнының өлшемі мен негізі ретіндегі мәнін
ашты;
Экономика нарықпен реттелуі керек екенін және оның өзінің әділ
заңдары бар екенін яғни хандармен де үкіметтермен де ауыстырыла
алмайтынын дәлелдеді;
Қоғамның барлық қабатының табыстарының қайнар көздері: кәсіпкерлерді,
жер иеленушілерді, банкирлерді, саудагерлерді айқындады. Экономикалык
ғылымның одан әрі дамуы күрделі жолдардан өтті. XIX ғ. 2-ші жартысының
басында саяси экономия терең дағдарысты басынан өткізді, ол екі тармаққа
бөлінді: марксизм және маржинализм.
Марксизмнің негізін салушы К.Маркс (1818-1883 жж.). К.Маркстің ең басты
еңбегі Капиталды Ф.Энгельс жұмысшы табының библиясы деп атады. Маркс
өзінің зерттеулерінің пәні - өндірістің капиталистік әдісі мен оған сәйкес
келетін өндіріс пен айырбастың қатынасы, ал түпкі мақсаты - капитализмнің
экономикалық заңдарын ашу деп есептеді. Маркстік теория бойынша қоғам
дамуының негізі- материалды өндіріс. К.Маркстің негізгі экономикалық еңбегі
4 томнан тұрады. Маркстің жақтаушылары, оның зерттеген және болжамдаған
капитализм! 30ж. ¥лы депрессия кезсңінде күйзеліске ұшырағандьқтан, Марксті
колдайды. Ал қазіргі нарықтық экономика - бұл Маркстің жағымды Гуманизм
деп атаған коғам жолындағы Маркстің болжамдаған жаңа кезеңі болып табылатын
баска модель. Маркстің экономикалық ғылымы 20 ғ. басында пролетариаттың
жағдайы Батыс елдеріндегіден біршама ауыр болған ел Ресейде кеңінен тарады.
Оны Г.В.Плеханов, В.И.Ленин (1870-1924 жж.), М.А.Бакунин, Капиталды орыс
тіліне аударудың алғашкы инициаторы А.Лопатин және т.б қолдады.
1917 жылдың казан айынан бастап 70 жыл бойы Маркстік экономикалық ғылым
СССР-дегі жалғыз, сол себептен билеуші ғылым болды. ХІХ ғасырдың екінші
жартысында экономикалық ғылымның жалпы жағдайының ауысуы үшін алғышарттар
қалыптасады. Экономикалық ғылымда жаңа бағыт-маржинализм пайда болады.
Маржинализм (француз тілінде mагgіпаl – шекті, шектеулі) марксизмнен
айырмашылығы – қанауға негізделген өндіріс әдісі ретінде капитализм мәнін
зерттеуден бас тартып, шаруашылық қатынастарын зерттеуге бет бұрды. Ол 19
ғ. 70 жылдары пайда болды. Оның өкілдсрі: Австрияда К.Менгер, Англияда
У.Джевонс, Швейцарияда Л.Вальрас. Маржиналистер саяси экономияның міндетін
рациоиналды шаруашылық пен шектеулі ресурстарды бөлудің ең тиімді
тәсілдерін іздеуден көрді.
Кейіннен маржинализм Д.М.Кейнстің нарықтық реттеу экономиканы тұрақсыз
етеді, сол үшін мемлекеттік араласу қажет деген теориясын өзінің бойына
сіңірді.
Д.М.Кейнс (1883-1946 жж.) А.Смитпен және К.Маркспен қатар әлемнің үш
ұлы экономистерінің бірі болып табылады. Экономикалық теорияда болған нағыз
революция 1936 жылы жарияланған Кейнстің Жұмысбастылық, пайыз бен ақшаның
жалпы теориясы (1883-1946) атты еңбегімен жасалды.
Сонымен, жоғарыда аталғандарды қорытындылай келе экономикалық теорияның
даму барысында оның пәні әртүрлі анықталғандығын көруге болады.
Меркантилистер экономикалық теорияның пәні сыртқы сауда мен елге ақшаның
келуімен байланысты іс-әрекет деп санады. Саяси экономияның классиктері оны
байлық жөніндегі ғылым ретінде қарастырды, ал тарихи мектеп өкілдері оны
адамдардың күнделікті іс-әрекеті жөніндегі ілім деп анықтады. Маржиналистер
мен неоклассиктер бұр қызметті нарықтық шаруашылық жағдайындағы шектеулі
ресурстарды пайдаланумен байланыстырды. Кейнсиандықтар бұған мемлекеттің
экономикалық саясатын зерттеу мен қалыптастыру қажеттілігін қосты,
институционалистер бұл саясаттың әлеуметтік аспектілеріне көңіл аударды.
Марксистер қоғамдық өндірісті, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың
диалектикасын зерттей отырып, саяси экономия адамзат қоғамының дамуының
әртүрлі кезеңдеріндегі осы дамудың экономикалық заңдарын, өндіріс, бөлу,
айырбас, тұтынуды басқаратын заңдарды зерттейді деген қорытындыға келді.
Сонымен, экономикалық теория қоғамдық жүйенің тарихи ерекшеліктерін ашып,
әлемдік өркениеттің даму заңдылықтарын түсінуге мүмкіндік береді.Эконом
теорияның дамуында 3-кезеңді бөліп көрсетуге болады:1.экономия.2.саяси
кономия.3.
2.Экономикалық теория пәні мен зерттеу әдістері- Бұрынғы ойшылдардан
қазіргі ғалымдарға дейінгі барлық экономистердің көзқарасында бір жалпы
сызба (шек) қарастырылған. Олардың іс-әрекетінің қызығушылығы әр уақытта
қоғамдық байлықтың өсуіне алып келетін рационалды шаруашылық жолын
зерттеуде болып қалады. Рационалды (оңтайлы) латын сөзінен аударғанда
орынды мақсатқа сай, парасатты мағынасын береді. Қоғамдық өмірдің әр түрлі
сатысында шаруашылықты оңтайландыру, әр уақытта басты байлықты құрушы
еңбеккер адамға қатынасты игілікті емес әр түрлі әдістермен жүзеге
асырылады. Экономикалық зерттеулерде ғылымдарға тек оқшауланған шындықпен
ғана емес, сонымен қатар олардың үлкен ауқымымен де іс жүргізуге тура
келеді. Индукцияның көмегімен жетістікке жететін фактілерді сыныптастыру
(классификациялау) және қорытындылау қажет. Индукция дегеніміз жаңа оқиға,
құбылыстардан логика арқылы жалпы қағидаларды шығару. Қорытындылау дедукция
деп аталатын әдістің көмегімен тексеріледі. Дедукция дегеніміз керісінше
жалпы қағидалар негізінде экономикалық объектілердің, процестердің кейбір
жеке ерекшеліктерімен сипатталады. Көп дүркінді тексерілген және қуатты
экономикалық процестердің қорытындысын заң деп атау қабылданған. Олар
экономикалық көрініспен процесс арасындағы күнделікті, тұрақты, қажетті
тәуелділікті көрсетеді және белсенді болып табылады. Яғни экономикалық заң
- бұл экономикалық қатынастардың тұлғаланған формасы. Олар адамдардың
қорытындылаған әрекетінің заңы болып табылады. 3.- Экономикалық заңдар
әлеуметтік, қоғамдық заңдарға жатады және бүл арқылы табиғаттың заңынан
ерекшеленеді. Екінші ерекшелігі табиғи заңдар өмір бойы, ал экономикалық
заңдар тарихи, шектелген мінезге тән. Экономикалық заңдар әрекетінің
ұзақтығынан тәуелді спецификалық және жалпы болып бөлінеді.
Спецификалық экономикалық заңдар - әрбір бөлек алынған формация үшін
сипатталады. Мысалы, құлдық пен феодализм негізінде материалдық игіліктерді
бөлу заңдарын айтамыз. Жалпы экономикалық заңдар барлық экономикалық
формацияларда іс-әрекет етеді. Мысалы, өндірістік еңбектің өсу заңы,
уақытты үнемдеу заңы және т.б. Экономикалық теорияның іс-әрекетін анықтауда
әр түрлі шаруашылық жағдайдағы экономикалық зандарды оқып біледі.
Микроэкономикада жеке фирмалар, бірлестіктер және т.б. аз шаруашылық
бірліктері орын алады.
Мезоэкономикада ұлттық экономика немесе шаруашылық жүйесімен (ауыл
шаруашылық кешені, әскери өнеркәсіптік кешені, аймақтық экономика және
т.б.) анықталынған әрекеті мен заңдарды оқып біледі.
Макроэкономикада толығымен елдегі экономикалық жағдай зерттелінеді.
Қоғамның байлығы мен табысы, экономикалық өсудің факторлары мен қарқыны
макроэкономиканың объектісі болып табылады. Макроанализ ұлттық шаруашылық
мәселелерін шешуге бағытталған, яғни инфляция, жұмыссыздық, іскерлік
белсенділікті ынталандыру сияқты мәселелер.
Мегоэкономика әлемдік экономикалық заңдар мен әрекеттерді толығымен
оқып біледі.
Экономикалық теория кез-келген ғылым сияқты өзінде шаруашылық өмірді
оқып білетін әдісі бар методологияны туралайтын әр түрлі тарту формасымен
тәсілін қолданады.
Жалпы ғылыми әдіс - бұл ежелгі грек философтарының негізі мен кейінгі
дамыған ғылымдардың ұрпағындағы диалектика материалдық принцип. Осы әдіске
байланысты барлық экономикалық процестер үнемі қозғалыста болады.
Бұл процестерді оқып білуде тарихи және логикалық әдіс қолданылады.
Тарихи әдіс пайда болған, дамыған және бірін-бірі ауыстырған дәйектілік
көрінісіне талдау жасауға көмек көрсетеді.
Логикалық әдіс осы көріністі зерттеуде оның тарихи жолындағы айнадай
бейнесіне қызмет етпейді. Ол бар, танып білген көрініске және абстрактіге
енуді болжамдайды. Экономикалық зерттеулердің маңызды әдісі – ғылыми
абстракция. Ғылыми абстракция дегеніміз зерттеу пәнін жеке, кездейсоқ,
қысқа мерзімді, дара құбылыстардан біздің түсінігімізді оқшаулап, оның
тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін, маңызын ашу. Абстракциялау нәтижесінде
экономикалық құбылыстардың жекелеген жақтарын сипаттайтын ғылыми ұсыныстар
пайда болады және логикалық түсініктер немесе экономикалық категориялар
қалыптасады. Мысалы, тауар, баға, ақша, бәсеке және т.б.
Экономикалық ғылымда қолданылған алғашқы тәсіл- бұл формальды логика.
Формальды логика – бұл ойдың оның құрылымы, формасы жағынан зерттелінуі.
Формальды логиканың қарапайым категориясы - түсінік. Ол зат жөніндегі ойды
белгілейді. Формальды логиканың әдіс-тәсілдеріне қадағалау, синтез және
анализ құралдары бойынша алынған материалдық өңдеу, индукция және дедукция,
салыстыру, ұқсату, гипотеза, дәлелдеме, заңдар мен категориялар жүйесінің
конструкциялануы, оларды тексеру, жүргізілген эксперименттер, модельдер
және т.б. жатады. Анализ – бүтінді құрамдас бөліктерге бөліп қарастырудан
тұратын танымның тәсілі, синтез – жекелеген бөліктерді бүтінге біріктіруден
тұратын тәсіл. Алайда анализ де, синтез де заттың ішкі қайшылығын ашпайды,
демек зерттелетін обьектінің қозғалысын көрсетпейді. Индукция – жеке оқиға,
құбылыстардан логика арқылы жалпы қағидалар, принциптер шығарады. Дедукция
керісінше жалпы қағидалар негізінде экономикалық обьектілердің,
процестердің кейбір жеке алынған ерекшеліктерін сипаттайды. Индукцияның
әлсіздігі жиынтықтың бөліктерін қарастырғандықтан жалпыны негіздей алмайды.
Ад дедукцияның кемшілігі жалпы алғышарттарды негіздей алмауында. Формальды
логикада маңызды рольді - салыстыру, яғни құбылыстар мен процестердің
айырмашылығы мен ұқсастығын анықтайтын тәсіл алады. Ол түсініктерді жүйелеу
мен жіктеуде кең қолданылады. Салыстыру зерттеудің небәрі алғашқы
қадамдарын көрсеткенімен ұқсатуды (аналогия) жүргізу үшін алғышарттар
дайындайды. Ұқсату (аналогия) – бұл белгілі құбылыстың бір немесе бірнеше
қасиеттерін белгісіз құбылысқа ауысыруға (өзгертуге) негізделген таным
тәсілі. Саяси экономияда көптеген жаңалықтар аналогия бойынша ашылған.
Мысалы, Ф.Кенэ адам организміндегі қан айналымы мен әлеуметтік қоғамдағы
тауарлы және ақшалай ағымдардың қозғалысы арасындағы ұқсастықты ұсынуы оған
алғашқы ұдайы өндірістің макроэкономикалық моделін құруға мүмкіндік берді.
Математикалық модель графиктер мен математикалық теңестірудің көмегімен
қалыптасады. Алайда, мынаны ескеру қажет, абстрактылық математикалық
тексерудің көбеюі шын экономикалық жағдай жөнінде жалған түсініктеме беруі
мүмкін, әсіресе егер модельде сапасыз экономикалық көрсеткіштер болса.
Экономикалық теория тарих, философия, статистика, математика және басқа
да ғылымдармен тығыз байланысқан. Экономикалық ғылым жүйесінде ол орталық
орынды алып отыр. Экономикалық теория бес басты функцияны орындайды:
практикалық (прагматикалық), танымдық, методологиялық, болжамдық және
дүниетанымдық. Танымдық –экономикалық заңдарды, құбылыстарды зертеу және
түсіндіру. Практикалық – іс жүзінде зерттелген обьектілер теориясын
қолдану, мемлекеттің экономикалық саясатының негізін құру. Болжамдық -
экономиканың және жалпы қоғам дамуының ғылыми болжамын жасау.
Методологиялық – экономикалық ғылымдар жүйесі үшін теориялық және
методологиялық негіз болады. Дүниетанымдық – ғылым негізінде қоғам өміріне
белгіленген көзқарастар жүйесін құру.
Ю.А.Львовтың айтуы бойынша фирмалар көп табыс алып келетін тауарларды
ғана өндіреді. Осымен не өндіру керек мәселесі шешіледі. Аз шығындарды
қамтамасыз ететін технологияларды қолдану арқылы қалай өндіру керек
мәселесі шешіледі. Халықтар сатып алу кезінде тауар бағасына және өз
табысына көңіл аударады. Осымен кім үшін өндіру керек сұрағы шешіледі.
Әрине өмірде бұл қарапайым схема қиындайды, бірақ бұдан
ештеңе өзгермейді. Тұжырым:
1). Экономикалық теория шаруашылық іс-тәжірибесі мәселелерін шешу
барысында дамыды. Теорияны модельдеуде зерттеуші позитивті және
нормативті пайымдауларды қолданады. Позитивті пайымдау не болды, не бар,
не болуы мүмкін жақтарын бейнелейді. Нормативті пайымдау - бұл ненің болуы
қажеттігі туралы пікір және әдетте позитивтіден шығарылады.
2). Экономикалық теория негізінде экономикалық саясат анықталады. Оның
міндеті экономикалық мәселелерді шешетін варианттар мен механизмдерді табу.
3). Экономикалық саясатты жүзеге асыру барысында экономикалық
теорияны жаңа қадамға көтеретін тұтас экономикалық жүйе дамиды.
5.Қоғамдық өндірістің негіздері
2.1. Адам және экономика- Адамдар экономикалық әрекеттерін белгілі
бір жағдайларда немес орталарда жүзеге асырады. Басты жағдайларда
әлеуметтік және табиғи орталар жатады.
Адамның әлеуметтік ортасы:
1. меншік қатынастары
2. қоғамның әлеуметтік құрылысынан тұрады.1- Меншік қатынастарына
байланысты адамның қоғамдағы алатын орны, қоғамдың өнімдегі оның үлесі,
адамның ролі анықталады. Меншік формалары іскерлік белсенділікке әртүрлі
әсер етеді. Жеке меншік жеке мүдделер тұрғысынан анағұрлым нәтижелі еңбекке
жетелейді. Алайда әлеуметтік көзқарас тұрғысынан қарастырсақ, кейде ол
барлық жағынан жақсы емес. Біреулердің қолына түскен нәрсе екінші біреулер
үшін қол жеткісіз болады. Байлық пен кедейлік жіктеліп, эгоизм
қалыптасады. Қоғамның мүліктік жіктелуі өсіп, бұл әлеуметтік шиеленісті
туғызады. Сондықтан қолайлы әлеуметтік орта қалыптастыру мақсатында
мемлекет игіліктердің бір бөлігін жалпыға ортақ игіліктер ретінде қалдыруы
қажет. 2- Қоғамның әлеуметтік құрылысы әлеуметтік заңдарға, яғни жұмыс
істейтін азаматтар, жұмыссыздар, әртүрлі себептерге байланысты жұмыс
істеуге мүмкіндігі жоқ адамдардың жағдайын реттейтін құқықтық нормалар
жиынтығына негізделеді. Әлеуметтік заңға елдегі зейнетақы, жәрдемақы,
мүгедектерге, ауруларға, қарияларға басқа да еңбекке жарамсыз халыққа
қызмет көрсетуді көздейтін әлеуметтік сақтандыру жағдайына тәуелді.
Қоғамның әлеуметтік ортасының деңгейін өмір сүру мен еңбек етудің, тұрғын
үй, коммуналдық және тұрмыстық жағдайлары, бос уақытты пайдалану
мүмкіндіктері, денсаулық сақтау, білім беру, мәдените және т.б.деңгейлері
сияқты көрсеткіштерге қарап бағалайды. Материалдық және материалдық емес
игіліктерді өндіру адам қажеттілігін қанағаттандыру үшін жасалынады.
Қажеттілік – бұл жеке тұлғаның немесе қоғамның өз өмір жағдайын немесе
дамуын қалыпты деңгейде жүргізуге қажет қандай да бір нәрсеге талабы. Ол
жоғарғы және төменгі деңгейлі, әлеуетті және төлем қабілетті және тағы
басқа болып келеді. Әдетте қажеттіліктерді үш топқа бөледі: материалдық,
рухани, әлеуметтік. Материалдық қажеттілік – бұл адамның киімге, тамаққа,
тұрғын үйге, сондай-ақ фирмалар мен мекемелердің ғимараттарға,
құрылыстарға, транспорт пен басқаларға деген сұраныстарын жатқызамыз.
Рухани қажеттіліктер – бұл ғылыммен, өнермен шұғылдану, білім алу және т.б
Қоғамның дамуына орай қоғамдық және ұжымдық қызмет формаларына қатысуына
байланысты әлеуметтік қажеттіліктерді кеңейту мен қанағаттандыру
мүмкіндіктері де өседі. Олар материалдық та, рухани да болуы мүмкін, бірақ
ең бастысы олар қоғамдық сипатта және көптеген адамдардың бірге өмір сүруі
мен ынтымақтасуы қажеттігіне байланысты. Материалды өндіріс сферасында
заттық игіліктер өндіріледі (өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы және
т.б.) және материалдық қызметтер көрсетіледі (транспорт, сауда, тұрмыстық
қызмет көрсету). Материалдық емес сферада рухани және басқа да құндылықтар
жасалынып, сәйкес қызметтер көрсетіледі (білім беру, мәдениет және т.б.).
Бұл екі сфера да ұдайы қарым-қатынаста болады және адам өмірінің негізін
құрайды.
Күнделікті өмірде "экономика" және "өндіріс" – ұқсас ұғымдар. Бірақ
экономикалық теорияда олар әртүрлі мазмұнға ие. Өндіріс бұл экономиканың
тек бір бөлігі ғана. Экономика әрқашан өндірістен тұрады, бірақ өндіріс
әрқашан экономика бола бермейді, демек, экономика ұғымының көлемі өндіріс
ұғымынан әлдеқайда ауқымды. Экономикаға синоним адамдардың біріккен іс-
әрекеті формасында жүзеге асырылатын "қоғамдық өндіріс" категориясы бола
алады. Саяси экономиялық теорияда "өндіріс" түсінігі екі жақты тұжырымға
ие: біріншіден, ол экономиканың фазалық сипаттамасында ерекше, дербес және
басты фаза, екіншіден, ол қоғамдық болып табылады, бұл жағдайда "бөлу",
"айырбас" және "тұтыну" өндіріс жүйесіне оның ажырамас құрамдас бөлігі
ретінде енген. . Өндіріс - бұл адамдардың табиғаттың заттарына
ықпал жасай отырып, материалды және рухани игіліктерді өндіру процесі.
Игіліктер деп адамдардың мақсаты мен талабына жауап беретін, олардың
кажеттіліктерін қанағаттандыратын заттарды айтамыз. Оларды екі топқа бөлуге
болады: табиғи заттар (жер, орман, өзен, көлдер т.б.) және экономикалық
игіліктер- адамдардың саналы өндірістік қызмет нәтижелері. Өндіріс үш
элементтің өзара әрекеттесуі арқасында жүзеге асады: адам еңбегі, еңбек
заттары және еңбек құралдары. Оларды еңбек процесінің қарапайым мезеттері
деп атау қабылданған. Еңбек - бұл адамдардың материалды және рухани игілік
пен қызметті құру бойынша мақсатқа сай қызметі. Еңбек заттары дайын өнім
жасаудағы адамның еңбегі мен ықпалы. Еңбек құралдары адамның еңбек
заттарына ықпал жасайтын құралдары. Қандайда бір тауар құруға қажетті еңбек
заттары мен құралдары өндіріс құраддарын белгілейді.
Игіліктер өндірісі: 1-ден, адам мен табиғатың қарым-қатынасы; 2-ден адамның
шаруашылық қызмет процесінде өзара әрекеттерін көрсетеді. Өзара байланыстың
1-ші түрін өндіргіш күштер деп атайды; 2-шісін экономикалық қатынастар
деп;атайды.
Өндіргіш күштер бұл қоғамдық өндірістің өзара әрекетіндегі жеке (жұмыс күш)
және заттай (өндірістің құралдары) факторлар.
10.Экономикалық қатынастар бұл материалды және рухани игіліктер мен
қызметтерді тұтыну және айырбастауда, орналастыруда, өндіріс процесінде
пайда болған адамдар арасындағы қатынас. Экономикалық қатынастардың сипаты
өндіріс құралдарына меншіктік формасымен анықталынады. Олар өздеріне 1-ден,
тек өндіріс саласында тартылатын өндірістік қатынастарды және 2-ден,
өндірістік емес саладағы қатынастарды қосады. Экономикалық қатынастар
құбылыс бойынша ұйымдастыру -экономикалық және әлеуметтік болып екіге
бөлінеді. Ұйымдастыру-экономикалық қатынастар өндірілген өнім өндірісінің,
бөлінуі мен айырбасталуының қалай ұйымдастырылғанына қарай қалыптасады.
Бұл қатынастардың құрылуымен дамуын тарихта үш этапқа бөлуге болады:.
1) Еңбектің қарапайым кооперациясы;
2). Мануфактура;
3). Машиналық өндіріс; 1.Еңбек кооперациясы бір адамның басқаруымен
біркелкі жүмыс орындайтын бірнеше адамдардың бірігуі. Бұл бір адамның
міндеттерді шешу үшін және мұнымен экономикалық тиімділікті қамтамасыз ету
үшін күшінің жетіспеуінен біріктіруге мүмкіндік берді.
2.Мануфактура бұл да еңбек кооперациясы, бірақ айырмашылығы өнімділікті
едәуір арттыратын еңбекті бөлу қатысады.
3.Машиналық өндіріс еңбектің өтімділігімен өндірістің тиімділігінің
өсуіндегі келесі нақты қадам болып табылады.
Қоғамдық өнім адамдардың жыл бойғы қызметтерінің нәтижесі болып
табылады. Өз айналымында ол төрт сатыдан өтеді: өндіріс, бөлу, айырбас және
тұтыну.
Өндіріс қоғамдық өнімді өндірудің бастапқы сатысы, осыдан
қозғалыс басталады. Ол қоғамның өмір сүруі және дамуы үшін
қажетті материалдық өнім өндіру процесі. Адамзат қоғамы дамуының барлық
сатыларында да өндіріс басты орын алады. .
Бөлу өндірілген өнімде адамның әрбір анықталған үлесін білдіреді. Айырбас
бұл бір тауарлар келесі тауарларға айырбасталатын процесс. Бір
шынжырдың бойы сияқты бөлу мен айырбас өндіріспен байланысқан. Айырбас пен
бөлу өндіріс пен тұтыну арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.
Тұтыну өз алдына адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін құрылған
игіліктерді қолдануды көрсетеді. Өнімді қолданудағы нәтиже қорытындысы
тұтыну болып табылады. Тұтыну өндірістік және өндірістік емес болуы мүмкін.
Өндірістік түтыну өндіріс процессінде өндіріс құралдары мен жұмыс күшін
қолдануды білдіреді. Өндірістік емес тұтыну қоғамдық және жеке түрінде
көрініс табады. Жеке тұтыну бұл адамдардың қажеттіліктерін тамақпен, білім
берумен, киіммен, демалыс орындарымен және т.б. өнімдермен қанағаттандыру.
Қоғамдық тұтыну қоғамның қажеттіліктерін ғылыммен, біліммен, мәдениетпен
басқару және т.б. қажеттіліктермен қанағаттандыру.
Адам тұтынған кезде, ол өнім сапасын жоғалтады, яғни оларды қайтадан
өндіру қажет.
6.Үдайы өндіріс бұл өндіріс процесінің қайталануы. ¥дайы өндіріс жәй
және үлғаймалы ұдайы өндіріс болып екіге бөлінеді. Жәй ұдайы өндіріс -
өндіріс процесінің алдыңғы масштабындағыдай қайталануы. Ұлғаймалы ұдайы
өндіріс - барлық ұлғайтылған мөлшерде жаңартылу түсінігін береді.
4Өндіріс факторлары.
Адамдардың экономикалық қызметінің бастапқы кезеңі өндіріс болып
табылады. Өндіріс әр түрлі өндіріс факторларының арақатынасын қарастырады.
Барлық өндіріс факторларын төрт негізгі топқа бөлуге болады: еңбек, жер,
капитал және кәсіпкерлік қабілеттілік. Еңбек бұл адамның физикалық,
интеллектуалды және рухани энергиясының жұмсалуы. Әр адамда жұмыс күші
немесе еңбекке деген қабілет бар. Еңбек -жұмыс күшін пайдаланумен
түсіндіріледі.
Жұмыс уақытындағы еңбекті қажетті және қосымша деп бөле аламыз. Қажетті
еңбек жұмысшының өз өмірі және жанұясының өмірі үшін өнім өндіруге жұмсаған
еңбегі. Бұл уақытта өндірілген өнім қажетті өнім деп аталады. Қосымша еңбек
қажеттіден аса жұмсалған еңбек. Қосымша еңбекпен өндірілген өнім қосымша
өнім деп атадады.
Өндіріс - бұл материалдық немесе рухани игіліктерді дайындау процесі.
Өндірісті бастау үшін не өндіру керек және қалай өндіру керек мәселесі
туады. Маркстік теория өндіріс факторлары ретінде адамның жұмыс күшін,
еңбек заты мен еңбек құралдарын қарастырып, оларды екі үлкен топқа бөледі:
өндірістің жеке факторы және заттық фактор. Жеке фактор адамның еңбекке
деген физикалық және ақыл-ой қабілеттіліктерінің жиынтығы ретінде жұмыс
күшін сипаттайды. Заттық фактор өндіріс құралдары болып табылады. Өндірісті
ұйымдастыру осы факторлардың үйлесімді қызметін көздейді. Маркстік теория
өндіріс факторларының өзара байланысы, олардың бірігу сипаты өндірістің
әлеуметтік бағыттылығын, қоғамдағы топтардың құрамы мен олар арасындағы
қатынастарды анықтайтындығынан келіп шығады.
Маржиналистік (неоклассикалық, батыс) теория өндіріс факторларының 4
тобын бөліп көрсетеді: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қызмет.
Жер - шаруашылық іс-әрекеттің негізі және табиғи байлық ретінде табиғи
фактор. Ол кең мағынада қолданылады, өйткені ол белгілі бір көлемде
табиғатпен берілетін барлық қазба байлықтарды қамтиды. Өндірістің басқа
факторларынан айырмашылығы жердің маңызды қасиеттерінің бірі оның
шектеулілігінде. Адам өз қалауы бойынша оның мөлшерін өзгерте алмайды. Бұл
факторға қатысты кемімелі қайтарым заңы жөнінде айтуға болады. Бұл жерде
сөз сандық дәрежедегі қайтарым немесе кемімелі табыстылық жөнінде болып
отыр. Адам жердің құнарлылығына ықпал ете алады, бірақ бұл әрекет шексіз
емес. Басқа тең жағдайлар тұсында жерге, пайдалы қазбаларды игеруге еңбек
пен капиталдың үзіліссіз салынуы сәйкес қайтарым өсімін қамтамасыз етпейді.
Еңбек - адамның ақыл-ой және физикалық қызметі, жинақтаған тәжірибе,
жалпы және кәсіптік біліміне негізделген өзіндік қабілеттіліктерінің
жиынтығы. Экономикалық теорияда өндіріс факторы ретінде еңбек адамдардың
пайдалы нәтижеге қол жеткізу мақсатымен шаруашылық іс-әрекет процесіне
жұмсайтын кез-келген ақыл-ой және физикалық күш-жігері. А.Маршалл: "кез-
келген еңбектің мақсаты белгілі бір нәтижеге қол жеткізу",- деп көрсеткен.
Адамның еңбек ететін уақыты жұмыс уақыты деп аталады. Оның ұзақтығы -
өзгермелі шама және белгілі бір шегі бар. Адам тәулігіне 24 сағат еңбек
ете алмайды. Оған еңбекке деген қабілеттілігін қалпына келтіруге және
рухани қажеттілігін қанағаттандыруға уақыт қажет. Ғылыми-техникалық
прогресс еңбектің мазмұны мен сипатына, жұмыс уақытының ұзақтығына
өзгерістер алып келеді. ҒТП жағдайында еңбек өнімділігі мен интенсивтілігі
артып, жоғары дәрежелі кадрларды кәсіби дайындауға деген уақыт артады.
Еңбектің интенсивтілігі уақыт бірлігіне физикалық және ақыл-ой энергиясын
жұмсау дәрежесінің өсуі. Ал еңбек өнімділігі уақыт бірлігіне өндірілген
өнімнің санын көрсетеді. Еңбек өнімділігін арттыруға әртүрлі факторлар
әсер етеді.
Капитал - тауарлар мен қызметтер өндірісінде қолданылатын еңбек
құралдарының жиынтығы ретінде қарастырылады. Капитал терминінің көптеген
мағынасы бар. Кейіннен капитал сөзін қолдануда екі түрлі түсінік пайда
болды: біріншісі-"бас, басты", екіншісі- "байлық". Бір жағдайда капитал
өндіріс құралдарымен байланыстырылса (Д.Рикардо), басқа жағдайда
жинақталған материалдық игіліктермен, қоғамдық интеллектпен байланыстырады.
А.Смит капиталды жинақталған еңбек ретінде, К.Маркс өздігінен өсетін құн,
қоғамдық қатынас ретінде қарастырған. Капиталды тауарлар мен қызметтер
өндірісінде және оларды тұтынушыларға жеткізуде пайдаланылатын
инвестициялық ресурстар ретінде анықтауға да болады. Капиталға деген
көзқарас әртүрлі, бірақ олардың барлығына ортақ нәрсе оның табыс әкелу
қабілеттілігі болып табылады.
Кәсіпкерлік қызмет - барлық басқа факторларды бір жүйеге келтіріп,
өндірісті ұйымдастыруда білімі, іскерлік, белсенділік, кәсіпкерлік тәуекел
арқылы олардың өзара бірлігін қамтамасыз ететін өндірістің ерекше факторы
ретінде қарастырылады. Бұл адам капиталының ерекше түрі. Кәсіпкерлік қызмет
өзінің ауқымы мен нәтижесі бойынша жоғары кәсіби дәрежелі еңбек шығындарына
теңестіріледі.
Еңбек факторы үшін құндылық оның төлем ақысында, жер факторы үшін - жер
рентасында, ал капитал факторы үшін – пайдадан көрінеді. Интенсивтілік бұл
еңбектің үдемелілігі, ол уақыт бірлігіне жұмыс күшінің жұмсалу деңгейімен
анықталады. Еңбек интенсивтілігі жұмыс уақытының ұзақтығы қаншалықты көп
болса, соншалықты аз болады. Керісінше, жұмыс уақытының ұзақтылығы азайса,
еңбек интенсивтілігі көбеюі мүмкін.
Өнімділік бұл еңбектің нәтижелілігі. Ол уақыт бірлігінде өндірілген
өнімнің санымен есептеледі. Еңбек өнімділігі тек еңбекпен ғана емес,
техникалық прогресске де байланысты. Еңбек өнімділігінің өсу жағдайында
өнім бірлігіне жұмсалған еңбек көлемі азаяды, ал өндіріске кеткен
құралдардың көлемі жоғарылайды. Бірақ толығымен өндіріс факторларының
жұмсалуы азаяды.
Өндірістік мүмкіндіктер- ресурстарды толық пайдаланғанда қол
жеткізілетін жоғарғы өнім шығару көлемі.Баламалы шығындар – дәл осы
қорларды басқа мақсаттар үшін пайдалану кезіндегі жоғалатын мүмкіндіктер
тұрғысынан қарағанда тауар өндіруге кететін шығындар
7-тақырып. Экономикалық жүйелердің мәні және типтері
. Экономикалық жүйе – бұл материалдық, рухани игіліктер мен
қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстардың ерекше
реттелген жүйесі. Оған әсер ететін факторларды үш құрылымға топтастыруға
болады:
1) шаруашылық құрылым;
2) әкімшілік құрылым;
3) ақпараттық құрылым.
Қоғамның тарихи даму процесін жіктеу критерийлері біркелкі емес:
1. Формациялық көзқарас – Маркстік теорияға тән. Ол үш типін бөліп
қарастырады. Алғашқы құрылыс – алғашқы қауымдық және азиаттық өндіріс
әдістерінен тұрады. Оның негізі патриархалдық шаруашылық шеңберінде қала
отырып, нарықтың көмегінсіз өзін-өзі қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін
үй өнеркәсібі мен жерге ұжымдық меншікке негізделген қауым. Азиаттық
өндіріс әдісі көптеген елдерге тән болғанмен ол ұзақ уақыт бойы тек Азия
елдерінде сақталынып келді.
Екінші ірі формацияны Маркс жеке меншікке негізделген деп атады.
Үшіншісі – жеке меншікті жоюға негізделген, екі сатылы формация.
Формациялық әдіске тән экономикалық жүйелер бес өндіріс әдістерінен
көрінеді: алғашқы қауымдық, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік,
социалистік. Өндіріс әдісі өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар
жүйесінің жиынтығы ретінде әрекет етеді.
ІІ. Өркениеттік көзқарас әлемдік тарихты біртіндеп өркениеті ауысып
отыратын тарих ретінде зерттеуді ұсынады. Өркениет сөзі латынның "civilis"
- азаматтық, қоғамдық сөзінен шыққан. Бұл мәдениеттің дәрежесі мен
деңгейін бағалау үшін қолданылады (мысалы, антикалық, азиаттық, европалық).
Алғашқы өркениет төңкерісі ауыл шаруашылықтық болды. Қазіргі төңкеріс
ғылыми-техникалық болып табылады. Кейбір экономистер 7 өркениетті бөліп
қарастырады: неолиттік (тас ғасыры)-30-35 ғасырлық; шығыстық-құл
иеленушілік (қола ғасыры)-20-23ғасырлық; антикалық 12-13 ғасырлық (темір
ғасыры); ерте феодалдық-7 ғасырға созылған; бастапқы индустриалдық 4-5
ғасырлық; индустриалдық – 2-3 ғасыр; кейінгі идустриалдық немесе ақпараттық
қоғам.
ІІІ. Қоғамның индустриалдық даму деңгейінің критерийлерін қолданатын
басқа жіктеуге сәйкес үш экономикалық жүйелер бөліп қарастырылады:
индустриалдық, кейінгі индустриалдық және жаңа индустриалдық. Соңғысын
немесе ақпараттық қоғам деп те атайды.
IV. Өндіріс құралдарына меншік формасы мен шаруашылық қызметін
басқару әдісі. Бұл екі белгінің негізінде әкімшіл нарықтық және аралас
экономика деп бөліну жүреді.
Экономикалық мәселелерді шешу үшін әрбір қоғам әртүрлі құрылымдар мен
механизмдерді пайдалана алады.
Дәстүрлі экономикалық жүйе әдет-ғұрыпқа, дәстүрлерге негізделеді.
Өндіріс процесі, айырбас, бөлу және тұтыну уақыт қалыптастырған әдет-
ғұрыпқа сүйенеді. Бұл жүйе мемлекеттілікке дейінгі алғашқы қауым кезеңіне
ұқсас келеді. Қазіргі уақытта ол амазондық үнділерге, австралияның
тұрғындарына, африка тайпаларына тән.
Дәстүрлі экономиканың өзіндік ерекшеліктері мынадай:
1. Өндіру, бөлу, және айырбастау үрдістері әдет-ғұрыпқа, салт-
дәстүрге, наным-сенімдерге негізделген;
2. Мұрагерлік пен сатылық бөлініс жеке адамның экономикалық ролін
анықтайды;
3. Әлеуметтік-экономикалық тоқырау анық байқалады, өйткені ұдайы
өндіріс қарқыны тек он жыл барысында ғана көрініс береді;
4. Техникалық прогресс дәстүрлі қоғамның бастамаларына қауіп
төндіретіндіктен барынша шектеледі;
5. Діни, касталық және мәдени құндылықтар экономикалық қызметтің жаңа
түрлеріне қарағанда басым тұрады;
6. Индустриялық өндірістің даму қарқынына қарағанда халықтың өсу
қарқыны артып отырады;
7. Халықтың сауатсыздығы, шамадан тыс тығыздығы, еңбек өнімділігінің
төмендігі және жұмыссыздықтың жоғарғы деңгейі.
8. Өндіру, бөлу, және айырбастау үрдістері әдет-ғұрыпқа, салт-
дәстүрге, наным-сенімдерге негізделген;
9. Мұрагерлік пен сатылық бөлініс жеке адамның экономикалық ролін
анықтайды;
10. Әлеуметтік-экономикалық тоқырау анық байқалады, өйткені ұдайы

11. Техникалық прогресс дәстүрлі қоғамның бастамаларына қауіп
төндіретіндіктен барынша шектеледі;
12. Діни, касталық және мәдени құндылықтар экономикалық қызметтің жаңа
түрлеріне қарағанда басым тұрады;
13. Индустриялық өндірістің даму қарқынына қарағанда халықтың өсу
қарқыны артып отырады;
14. Халықтың сауатсыздығы, шамадан тыс тығыздығы, еңбек өнімділігінің

Әкімшіл-әміршіл жүйе мемлекеттік монополиялық меншіктің және оның
монополиялық мемлекет өкіметі тудырған үстемдігімен сипатталынады. Бұл
жүйеге басқарудың қатаң типтік иерархиясы тән. Дәлірек айтсақ
жоспарлаушылар бұл жүйеде қандай тауарлар өндіріліп және қандай қызметтер
көрсетілуі керектігін анықтап алады.
Әміршіл-әкімшіл жүйеге тән ерекшеліктер мыналар:
1. Өндіріс факторлары жалпы халықтың немесе мемлекеттің меншігінде болады;
2. Экономикалық қызметті жоспарлай отырып, бір орталықтан шаруашылыққа
қатысты жалпы шешім қабылдау процесі барынша күшейеді;
3. Кәсіпорындар мемлекеттік жоспарларды орындауға қажетті ресурстармен
орталықтандырылған қорлар арқылы қамтамасыз етіледі;
4. Өндіріс құрал-жабдықтары мен халықтық тұтыну тауарлары өндірісі
арасындағы халықшаруашылық қатынас бір орталықтан анықталып бекітіледі;
5. Бәсеке жағдайы мүлдем болмайды, нәтижеде өндірушілер монополиясы
туындайды;
6. Өндірушілерді ынталандыруға бағытталған нарық жүйесі жоқ;
7. Өндірушінің тұтынушы алдындағы үстемдігі, билігі, абыройы артады,
өйткені тек өндірілген тауарлар ғана сатып алынады, яғни тұтынушының
таңдау мүмкіндігі жоқ.
Бұл жүйеде өндірушінің еңбегі қоғамдық бағалауға бұрмаланып, жалған,
субьективті бағалау түріне айналады. Нәтижесінде жүйенің тиімділігі
кемиді. Бұл жүйе бұрыңғы КСРО және социалистік елдерде үстемдік еткен.
Нарықтық экономикалық жүйе жеке меншік құқығының анықталуына, келісім-
шарт кепілдігінің сақталуына орай жеке меншіктікке және экономикалық
мәселелерді шешуге негізделеді. Ол ресурстарды тиімді пайдалануға және
экономиканың тез көтерілуіне ықпал етеді, алайда табыс жөнінен қоғамның
бөлшектенуіне ықпал етеді.
Нарықтық жүйенің ерекшеліктері:
1. Өндіріс факторлары жекешелендірілген;
2. Адамдардың шаруашылық қызметін басқару және үйлестіру нарықтық жүйеге
негізделген;
3. Жүйеге қатысушылардың іс-әрекетін олардың жеке, өзіндік мүдделерін
қорғау арқылы ынталандыру, соның негізінде қоғамдық мүддені қамтамасыз
ету үрдісі күшейген;
4. Капитал иесіне кәсіпкерлікпен емін-еркін айналысу және капиталын қашан,
қай жерде және қандай қызметке салу керектігін таңдауға құқық берілген
5. Әрбір шаруашылық субъект өздігінше шешім қабылдап, пайда табуға ұмтылады
6. Жекелеген өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық билігінің
әлсіздігі соншалықты, олардың белгілі бір бөлігінің шынайы экономикалық
билігі жоқ десе де болады, яғни олар нарықтағы жағдайды өзгертуге
дәрменсіз қалады;
7. Таза немесе дамыған бәсеке нәтижесінде өндірушілер тарапынан ресурстар
барынша тиімді, әрі үнемді қолданылады және "ең аз шығын жұмсап, ең көп
пайда табу" қағидасы жүзеге асырылады;
8. Тұтынушының өндіруші алдындағы үстемдігі, билігі, абыройы артады.
Өйткені тек сұраныс білдірілген тауарлар ғана өндірілетін болады.
Аралас экономикалық жүйе. Аралас экономика идеясы ХІХ ғасырда әлеуметтік
мәселені шешу қажеттігі туындап, мемлекеттің шаруашылық өмірге араласуы
нәтижесінде пайда болған, яғни аралас экономика теорияларында ең алғаш рет
экономика ілімінде мемлекеттің экономикаға араласу қажеттігі турасында ой-
тұжырымдар айтылған. Ол мемлекеттік реттеу арқылы нарықты толықтыруға
негізделінеді.
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуі- Қазақстандағы
экономиканы реформалау процесі 1991 жылы желтоқсанда тәуелсіздікті
жариялағаннан кейін күшейе түсті. Сол сәттен бастап қазіргі уақытқа дейін
бірнеше реформалар іске асырылды:
1. 1992 жылы қаңтарда-бағаны ырықтандыру;
2. 1993 жылы қаңтарда қабылданған Конституция;
3. 1993 жылы сәуірде-Ұлттық жекешелендіру бағдарламасы;
4. 1993 жылы қарашада – ұлттық валюта-теңге;
5. 1993-1994 ж.ж. дағдарысқа қарсы бағдарлама;
6. 1995 жылы ҚР Конституциясында жеке меншікті мойындау;
7. 1994-1996 ж.ж. қатаң ақша-несие саясатын жүргізу, индикативті
жоспарлар;
8. 1997 жылы қазан – Қазақстанды дамытудың 2030жылға арналған даму
стратегиясы;
Еліміздің 2030 жылға дейінгі мерзімге белгілеген басты жеті бағыты
мыналар:
1. ұлттық қауіпсіздік және тәуелсіздік
2. ішкі саясаттағы тұрақтылық және қоғамды нығайту
3. инвестицияның жоғарғы деңгейінен және ішкі қаражатпен нарықтық
экономика негізінде экономиканы көтеру
4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білім алуы, жақсы тұрмысы
5. Энергетикалық ресурстар және инфрақұрылым
6. Кәсіпқой үкімет
7. Сыбайлас жемқорлықпен және қылмыспен күрес.
ҚР-ның “Қазақстан-2030” даму Стратегиясына орай Үкіметтің 1998-2000
жылдарға арналған іске асырар бағдарламасы жасалынды. ҚР Үкіметінің алдағы
кезеңдегі қызметі төмендегідей басты міндеттерді орындауға бағытталған:
-ұлттық қауіпсіздікті нығайту;
-ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамды нығайту деңгейін ілгерілете беру;
-экономикалық өсу қарқынын үдету;
-әлемдік нарыққа энергия шығарушыларды анықтау, жобалау, оның
жекелеген учаскелерінде құрылысты бастап, аяқтау жұмыстары;
-халықаралық сауданы дамытуды қамтамасыз ететін көлік пен
коммуникацияның негізгі нысандарын қайта құру мен салуды аяқтау;
-мемлекетті басқарудың принципті жаңа жүйесін құру.
9-тақырып. Меншіктің әлеуметтік-экономикалық мәні, объектілері,
субъектілері.
. Меншік белгілі бір затты жеке мүлік ретінде адамның иеленуінен
шыққан. Меншік термині екі бір-біріне ұқсамайтын түсініктерді білдіреді:
1) Меншік экономикалық мағынасында немесе de facto (лат.-шын мәнінде,
нақты)
2) Меншік құқықтық мағынасында немесе de yure (лат.-заңды түрде, құқығы
бойынша)
Мұны анықтау үшін меншіктің экономикалық мазмұнын ашу керек. Меншік бұл
адамның белгілі бір затты пайдалануына байланысты құқығы. Осы жерде екі
элементті көруге болады: субьект (меншік иесі) және қандай да бір объект
(мүлік). Алайда бұл жағдайда жанама түрде басқа тұлғаның меншіктен
аластатылуы, яғни оның меншігін мойындамау көрінеді. Сондықтан меншіктің
экономикалық қатынасын субьект (меншік иесі)- объект (мүлік) -басқа
субъектілер (меншік иесі немесе меншікті уақытша пайдаланушылар)
формасында көрсетуге болады.
Меншікті экономикалық мағынасында жан-жақты зерттеу 3 басты
әлеуметтік-экономикалық мәселені шешуге мүмкіндік береді:
1. Экономикалық билікке кім ие, яғни өндіріс факторлары мен нәтижелерін кім
иемденеді?
2. Өндірістік шарттардың тиімді пайдаланылуын қандай экономикалық
байланыстар қамтамасыз етеді?
3. Шаруашылық қызметтен түсетін табыс кімге тиесілі?
Осыған сәйкес меншіктің экономикалық қатынастар жүйесі келесі элементтерді
қосады:
а) өндіріс факторлары мен нәтижелерін иемдену;
б) материалдық және басқа да құралдарды шаруашылық пайдалану;
в) экономикалық тиімділікке қол жеткізу; Иемдену-бұл нақты қоғамдық затты
иелену әдісі. Қоғамның дамуының әртүрлі кезеңдерінде затты иемдену әдістері
өзгеріп отырған. меншіктің экономикалық мағынасы өндірістік қатынастардың
жиынтығын көрсетеді, яғни бүкіл шаруашылық процесін қамтып, пайдалы
игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну қатынастарын
білдіреді.
. Меншік обьектісін иемдену мүмкіндігі мен құқығына ие меншік
субьектілеріне мыналар жатады:
1) адам;
2) заңды тұлғалар (ұйымдар мен мекемелер, кәсіпорындар, өндірістік
коллективтер);
3) жанұя;
4) әлеуметтік топтар;
5) тұрғындар;
Меншік обьектілеріне жер, табиғи ресурстар, өндіріс құрал жабдықтары,
мүлік, құндылықтар, ақша және бағалы қағаздар, ақпарат, интеллектуалдық
меншік, жұмыс күші жатады. Заңды актілерге сәйкес субъектілер меншік
құқығына ие болады. Бұл құқық меншік иесінің келесі элементтерін өзіне
қосады:
1. иемдену-затқа физикалық иелік ету;
2. пайдалану-қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін затты тұтыну;
3. басқару-мүлікті иемденуді өзгерту формасы. Ол әртүрлі келісімдерді
(сатып алу-сату, бір затты басқа затқа ауыстыру, сыйға тарту және т.б.)
жасау жолымен жүзеге асырылады.
Меншікті саяси-экономикалық категория ретінде өндірістің қоғамдық формасын
анықтайтын, адамдар арасында құрал-жабдықтарды пайдалану процесіндегі
болатын қатынастар жүйесі деп түсінеміз.
11.Меншіктің типтері мен формалары
Қоғам өзара қарым-қатынастағы және өздерінің ерекше мүдделері бар
элементтерден тұрады, яғни кәсіпкерлер және жұмысшылар. Өз тарпынан
мүдделер өндірістің бағдар-бағытын анықтайды. Оны екі вариантқа топтауға
болады:
1. Кәсіпкерлер мен жұмысшылардың қай-қайсысы болмасын өндірісті жүргізгенде
(ұйымдастырғанда) өздерінің мүддесінің қамтамасыз етілуін көздейді.
2. Өндірісті ұйымдастырғанда өздерінің мүддесін теңестіруге және
оларды оңтайлы үйлестіруге ұмтылады.
Адамзат қоғамының тарихи даму барысында құрал-жабдықтарға меншіктің әр
түрлі формаларының болғандығы белгілі. Меншік экономикалық мағынасында
шаруашылықты қоғамдастыру дәрежесіне тәуелді бөлінеді. Бұл жерде ең төменгі
деңгей – бұл жеке шаруашылық жүргізу. Қоғамдастырудың жоғарғы деңгейлері
адамдардың қандай да бір ұйымдарға бірігу масштабының кеңеюімен
қалыптасады.
Жеке иемдену- бұл жекелеген адамдардың мүлікке жеке байлық көзі
ретінде қарауын білдіреді. Жеке иемденудің 2 түрі бар: өз еңбегіне
негізделген меншік және біреудің еңбегіне негізделген меншік. Бірінші
жағдайда меншік иесі мен еңбек етуші бір адам. Мұнда жеке игілік үшін жақсы
жұмыс істеуге деген материалдық қызығушылық бар. Екінші түрі меншік иесі
мен жалданып жұмыс істеуші жұмысшылардан тұрады. Мұндай қатынастарға мысал
ретінде құл иеленушілік және феодалдық шаруашылықтарды алуға болады. Жеке
иемденумен салыстырғанда жалпы үлестік иемденудің ерекше белгілері бар:
А) меншік қатысушылардың жеке салымдарын біріктіру жолымен құрылады;
Б) жалпы үлестік меншік бірігіп басқару мен бақылау арқылы иемденушілердің
коллективтік мүддесімен пайдаланылады;
В) жалпы меншікті шаруашылық пайдаланудың соңғы нәтижелері коллективтік
шаруашылықтың қатысушылары арасында әрқайсысының меншік үлесін есепке ала
отырып бөлінеді.
Жалпы үлестік меншік келесі формалармен сипатталады: шаруашылық
серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив, шаруашылық
бірлестік, біріккен кәсіпорын.
Шаруашылық серіктестік-жарғылық капиталмен қатысушылардың үлесіне
бөлінген коммерциялық ұйым.
Акционерлік қоғам- жарғылық капиталы акциялардың белгілі бір санына
бөлінген ұйым. Акция дегеніміз – акционерлік қоғамға қаржы салғанын және АҚ
пайдасының бір бөлігін дивидент түрінде алуға құқық беретін құнды қағаз.
Өндірістік кооператив- біріккен өндірістік немесе шаруашылық қызмет
жасау үшін мүшелік негізінде азаматтардың ерікті бірлестігі. Мұндай қызмет
оның қатысушыларының мүліктік пай жарналарын біріктіруге және кооператив
мүшелерінің жеке еңбектік қатысуына негізделген.
Шаруашылық бірлестік – заңды тұлғалар: шаруашылық серіктестіктер мен
қоғамдар, өндірістік кооперативтер, мемлекеттік және басқа да
кәсіпорындардың ерікті бірлестігі. Мұндай бірлестіктер ассоциация
формасында құрыла алады. Ассоциация қатысушылары өздерінің дербестігін
сақтайды және мүлкі оның мүшелерінің жарнамаларынан, қызметтен түсетін
табыстан, несиеден тұрады.
Біріккен кәсіпорын – отандық және шетелдік серіктердің капитал салуы
негізінде құрылатын кәсіпорын. Ол шаруашылық қызметті, басқаруды және
пайданы бөлуді бірігіп жүзеге асырады.
Үлестік меншіктен айырмашылығы жалпы біріккен иемдену типі бірқатар
ерекшеліктерге ие:
А) әрбір меншік иесіне тиесілі мүлік иесі анықталмайды;
Б) біріккен меншіктің кез-келген қатысушысы өз бетінше, өз қалауы бойынша
жалпы мүліктің қандай да бір бөлігін шаруашылық мақсатында пайдаланып,
иемдене алмайды;
В) жалпы табыс қатысушылар арасында тең үлеспен немесе әрқайсысының
еңбектік үлесіне тәуелді бөлінеді.
Мүлікті жалпы біріккен иемдену келесі формаларда көрінеді:
Шаруа (фермер) қожалығының мүлкі оның мүшелеріне біріккен меншік
құқығында тиесілі. Бұл меншікте шаруашылыққа берілген немесе сатылып
алынған жер учаскесі, шаруашылық құрылыстар, мал, ауыл шаруашылық
техникасы, көлік құралдары және басқа да мүліктер болады. Бірігіп
шаруашылық жүргізуден алынатын өнім мен табыс қожалық мүшелерінің жалпы
мүлкі болып табылады және олардың арасындағы келісім бойынша
пайдаланылады.
Жалпы жанұялық меншік – жанұя мүшелерінің мүлікті бірігіп иемденуімен
сипатталады. Мемлекеттік меншік – бұл меншік нысандарын мемлекеттік билік
өкілдерінің басқаруымен жүзеге асатын қатынас. Мемлекеттік меншік бүкіл
шаруашылық деңгейде, аймақ, облыс, аудан, қала, ауыл деңгейінде бар.
Муниципалды меншік – қала және ауыл, сондай-ақ басқа да муниципалдық
құрылымдар, яғни жергілікті өзін-өзі басқару органдарының меншік құқығына
тиесілі мүлік.
13. Меншік формаларын өзгерту тәсілдері
Нарықтық экономиканың негізгі шарттарының бірі ол меншіктің алуан түрлі
формаларының болуы. Жекешелендіру мемлекет иелігінен алудың негізгі
бағыттарының бірі. Мемлекет иелігінен алу жекешелендіруге қарағанда кең
мағынадағы ұғым. Мемлекет иелігінен алу процесінде - кәсіпорындардың,
ұйымдардың экономикалық тәуелсіздігін көтеруде кәсіпорындардың орны күрделі
өзгереді. Жекешелендіру процесі - мемлекет меншігіндегі кәсіпорындарды,
көлікті, мүлікті, жеке меншікке немесе акционерлік қоғамға алу процесі.
Мемлекет иелігінен алу келесі проблемаларды шешуді көздейді:
3. Экономикадағы мемлекет секторын қысқарту;
4. Директивті реттеуден нарықтық реттеуге өту;
5. Мемлекет меншігіндегі кәсіпорындардың әрекетін
коммерциялизациялау;
6. Өзін-өзі қаржыландыру, нарықтың толық субъектілеріне айналуына баға
саясатын шаруашьшық өздері анықтауы;
7. Өндірістің демонополизациясы. Бәсекенің дамуы, сыртқы
экономикалық әрекетте мемлекеттің монополиясын жою .
Қазақстан Республикасында меншіктің алуан түрлері мен формаларын
қалыптастыру мемлекеттенген меншікті қайта құру жолымен немесе мемлекет
иелігінен алу және жекешелендіру жолымен жүзеге асырылады.
Мемлекет иелігінен алу бұл -мемлекеттік кәсіпорындарды шаруашылық
басқару міндетін және тиісті өкілеттіліктерін тікелей шаруашылықты
жүргізуші субъектілерге беру арқылы қайта құру. Ал жекешелендіру
мемлекеттік меншік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz