Мемлекеттік бағалы қағаздар эмитенті


Мазмұны.
Кіріспе.
І Негізгі бөлімі
Бағалы қағаздардың мәні.
1. 1. Бағалы қағаздардың түрлері және олардың
жіктелуі.
1. 2. ҚР-ның мемлекеттік бағалы қағаздардың
нарығын реттеу
ІІ Бөлім
Банктегі бағалы қағаздар операцияларының есебі.
2. 1. Банктегі бағалы қағаздар операцияларының
есебін жүргізу
2. 2. Банк шығаратынбағалы қағаз есебі.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.
Кіріспе.
Құнды қағаз нарығы бұл эканомиканың түрлі секторларының қаржы қаражаттарын жылдам оперативті құйылу мүмкіндігін және
Инвестицияларды активизациялауын қамтамасыз ететін қаржы нарығының бір түрі.
Құнды қағаз нарығы- ақша нарығы және копитал нарығынан қалыптасады.
Ақша нарығы- бұл айналымда қысқа мерзімді бағалы қағазбар болатын нарық. ( қазыналық, комерциялық векцельдер, депозит-
тік сертификаттар. )
Капитал нарығы- бұл мерзімсіз жн мерзімі 1-жылдан асатын
ұзақ мерзімді бағалы қағаздар. ( акция, облигация )
Құнды қағаз нарығының қызыметтері.
1. Қаржы ағымдарын бағыттайды және реттейді.
2. Бағалы қағаздарды сатып алу арқылы инвесторларды тарту механизмі болып табылады.
3. Мемлекеттік бағалы қағаздарды сату арқылы мемлекеттік бюджетке ақша тарту механизмі рөлін атқарады.
4. Экономикада табиғи іріктеу механизмі болып табылады. ( әдетте акцияларды бақылаушы пакеттерге деген құқықтарды қайта бөлу барысында)
Құнды қағаз нарығының түрлері.
1. Стихиялық ( ережесіз нарық. )
2. Аукциондық.
▪ жәй және голандиялық.
▪ екі жақтық аукциондық нарық.
▪ диллерлік.
Құнды қағаз нарығының субъектілері.
- Эмитенттер-бағалы қағаздарды шығару негізінде қажетті ақшалай қаражаттарды тартатын және осы бағалы қағаздар бойынша міндеттерді өз жауапкершілігіне алатын уәкіл етілген оргондар бизнесі реттелген мемлекет және жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, корпарация, банктер.
- Инвесторлар- бағалы қағаздарға деген мүліктік құқықтарды іске асыру, пайдалану мақсатымке з меншігіне немесе басқаруына бағалы қағазды сатып алушы заңды немесе жеке тұлғалар. ( сақтандыру компаниясы, инвестициялық банктер,
зинетақы қорлары )
- Құн ды қағаз нарығының маманданған қатысушылары-
бұл құнды қағаз нарығы професционалды деп танылған қызымет түрлерін атқаратын заңды және жекетұлғалар. ( брокер, диллер, депозитари, клиринг, тіркеуші, джобер және т. б. )
Алғашқы нарық бұл- инвестор арасында бағалы қағаздарды алғашқы үлестіруші іске асыруын олардың алғашқы және қайта шығару нарығы.
Екінші нарық бұл- алғашқы нарықта шығарылған бағалы қағаздар
айналымда болатын нарық.
Мемлекеттік емес бағалы кағаздар корпорациялык және жеке қаржы институттарымен ұсынылады. Корпорацияға кәсіпорындардың, ұйымдардың, банктердің қарыздық міндеттемелері мен акциялары жатады. Жеке бағалы кағаздарға жеке тұлғалар шығаратын вексель-дер, чектер жатуы мүмкін.
Бағалы қағаздарды иемденудің мақсаты табыстылык, өтімділік және каржыландыру кезінде кажет-тіліктерді қанағаттандыру болып табылады. Инвесторлар үшін мемлекеттік бағалы қағаздар операцияларының тағы бір тиімді түрі, мемлекеттік кысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелерді Бағалы қағаздардың әділ кұны бір немесе бірнеше жалпы жұрт қабылдаған әдіс көмегімен анықталуы мүмкін. Бағалау әдісі негізінде әділ құнын есептеу кезінде нарық катысушылары пайдаланатын бастапқы деректер жатады. Сонымен катар әділ құнын есептеу кезінде әдістер мен бастапқы деректерді ашып қарастыру қажет.
Негізгі бөлім
1. Бағалы қағаздардың мәні
Қазақстан Республикасы Азашттық кодексі бойынша багалы қагаздар дел мүліктік құқықты бекітілген нысанда және міндетті деректемелерді сақтай отырып куәландыратын құжат.
Бағалы қағаздардың экономикалық мәнін ашуда құжаттың бағалы қағаздар мәртебесіне ие болуы үшін қосымша сапаларын анықтау қажет.
Біріншіден, бағалы қағаздар ез кезегінде меншік титулы нысанын-да мүліктік құқты (корпорация акциялары, вексельдер, коносамент-тер және т. б. ) немесе құжат иесі мен оны шығарушы тұлға ара-сындағы қарыздық қатынасты куәландыратын ақша кұжаты.
Екіншіден, бағалы қағаз қорларды инвестициялау туралы куә-ландыратын құжат ретінде кызмет етеді. Бұл әсіресе багалы қағаздардың рөлі мен экономикалық мәнін түсіну үшін өте маңызды. Бүл жерде олар инвестицияның жоғары нысаны ретінде басты рөльде ойнайды.
Үшіншіден, бағалы қағаздар - бүл нақты активтерге (акциялар-ға, чектерге, коносаменттерге, түрғын үй сертификаттарына және т. б. ) талап етуі көрсетілетін қүжаттар.
Төртіншіден, бағалы қағаздардың экономикалык мәнін түсіну үшін маңызды сәті - олардың табыс әкелуі болып табылады. Алайда, мұндай капиталдың нақты капиталдан айырмашылығы бар: ол өндірістік үдерісте қызмет етпейді немесе катыспайды.
Сонымен қатар бағалы қағаздардың өтімділік, айналымдылық, нарықтық сипат, стандарттылық, сериялық сияқты сапалық қасиет-терімен азаматтық айналымда қатысуын атамай өтуге болмайды.
Өтімділіктің астарында бағалы қағаздардың сатылуы нәтижесін-де ақша қаражаттарына айналу мүмкіндігі жатыр. Ол үшін бағалы қағаз нарықта айналыста болуы қажет. Бағалы қағаздардың айналымдылық қасиеті сатып алу-сату негізінде (акция, облигация және т. б. ) немесе баска тауарлар нарығымен (чектер, вексельдер, коносаменттер, жекешелендіру құжаттары) айналымды байланыс-тырып, төлем құралы ретінде іске асырылады.
Бағалы қағаздар ерекше тауар ретінде, яғни өзіне тиесілі үйым-дары және онда жұмыс істеу ережелері бар нарығы болуы керек. Алайда бағалы қағаздар нарығында сатылатын тауарлар ерекше тауарлар болып табылады. Себебі бағалы қағаздар - бүл тек меншік титулы, табыс алуға құқық беретін, бірақ накты капитал алуға құқығы жоқ қүжат. Бағалы қағаздар нарығының оқшаулануы олардың осы сапасымен анықталады.
Бағалы қағаздар нарығы басқа нарықтар сиякты күрделі ұйым-дық және техникалық циклдардың толыктылығы мен аяқталғанды-лығын жоғары деңгейімен ұсынады. Онда бағалы қағаздар бага кешенін колдану арқылы сатып алу-сату заты ретінде пайдала-нылады, бұл жай тауарлардан ерекшеленеді.
Бағалы қағаздардың айналымға түсу уақыты мен әдісіне бай-ланысты олардың нарығы алғашкы және екінші болып бөлінеді. Алғашкы нарықта жаңадан шығарылған бағалы кағаздарды олардың алғашқы иемденушілеріне сатады; екінші нарықта бағалы қағаз-дардың айналысы, яғни олардың иемденушілерінің ауысуы. Бағалы кағаздардың атаулы (атаулы кұн - оларды шығару кезінде
Коммерциялык банктердің бағалы кағаздармен жасалатын операциялар көлемінің ішінде негізгі үлесті мемлекеттік бағалы қағаздардың түрлері алып отыр. Мемлекеттік бағалы кағаздар - бүл эмитенті мемлекет болып табылатын, мемлекеттің ішкі қарыз нысаны, қарыздық бағалы кагаздар.
Коммерциялық банктердің мемлекеттік бағалы кағаздармен жүргізілетін операцияның ішінде ең көп колданылатын түрі Үлттық банктің қысқа мерзімді ноталарын сатып алу-сату операциялары болып табылады.
Қысқа мерзімді ноталар1997 жылғы 30 маусымдағы Қазакстан Республикасының ¥лттық банкінің қыска мерзімді ноталарын орналастыру, айналысқа жіберу және өтеу Ережесіне сәйкес Ұлттык банк айналысқа шығаратын және тоқсан күнге дейін айналым мерзімі бар мемлекеттік дисконтталған бағалы кағаздар.
- БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ.
Бағалы қағаздардьщ түрі түсінігінде бағалы қағаздарға тиісті жалпы және бірдей белгілердің жиынтығы. Бағалы қағаздар жікте-луін және бағалы қагаздар түрлерінің жіктелуін айыра білу керек.
Бағалы қағаздардың жіктелуі мен бағалы кағаздар түрлерінің жіктелуін бөліп қарастыруға болады.
Бағалы кағаздардың жіктелуі - бұл бағалы қағаздардьщ өздеріне тиісті белгілері бойынша бөлінуі.
Бағалы ңағаздар түрлерінің жіктелуі - бұл бір түрдегі бағалы қағаздарды топтастыру; багалы қағаздарды басқа да түрлерге бөлу. Өз кезегінде түрлерді одан әрі бөлуге болады. Әрбіртөменгі жіктеу жогары түрған жіктеудің қурамына кіреді. Мысалы, акция - бағалы кағаздардың бір түрі. Қарапайым акция бір дауысты немесе көп дауысты, номиналмен немесе номиналсыз болуы мүмкін.
Бағалы қағаздар жоғарыда айтылғандай белгілі бір сипаттың жиынына ие.
Уақыт сипаттамасы:
• қызмет ету мерзімі: айналысқа кай уақытта шығындарды, қай уакыт кезеңіне немесе мерзімсіз;
• пайда болуы: басы өзінің бірінші негізінен келе ме немесе басқа бағалы кағаздардан.
Кеңістік сипаттамасы:
• кызмет ету нысаны: қағазды немесе заңды түрде айтқанда кұжатты нысан немесе қағазсыз, құжатсыз нысан;
• ұлттық белгісі: отандык немесе басқа мемлекеттік, яғни шетелдік;
• аймактық белгісі: елдің кай аумағында шығарылған. Нарыктық сипаттамасы:
• бағалы қағаздар негізівде жаткан актив түрі немесе оның шығу негізі (тауар, ақша, фирманың жиынтық активі және т. б. ) ;
• иемдену тәртібі: ұсынушыға, атаулы, ордерлі. Атаулы бағалы кағаздар - онда көрсетілген тұлғаның кұқығын куәландыратынын
көрсетеді. Үсынушы бағалы қағаздары -құкық оны ұсынушы адамға жатады. Ордерлі бағалы қағаздар - құкык онда аталған адамға тиесілі.
• шығару нысаны: эмиссионды, яғни ішінде барлық бағалы қа-ғаздар өздерінің сипаттары бойынша бірдей болып келетін бө-лек сериялар бойынша шығарылады немесе эмиссиялық емес;
. меншік нысаны және бағалы қағаздарды нарыққа шығарушы эмитент түрі: мемлекет, корпорациялар, жеке тұлғалар;
• айналыс сипаты: нарыкта еркін немесе шектеулі айналады;
• бағалы кағаздар ұсынатын құқық түрі негізінде экономи-калық мәні;
• тәуекел деңгейі: жоғары, төмен және тағы баска;
• табыс көзі: бағалы кағаздар бойынша табыстың қандай да болса бөлігін төлей ме, жоқ әлде төлемей ме;
• каражат салымның нысаны: ақша қарызға немесе меншік құқыгын иемденуге каржылана ма.
Бағалы қағаздар сонымен қатар мерзімді және мерзімсіз болып бөлінеді.
Мерзімді - оларды шыгару кезінде мерзімі белгіленетін бағалы қағаздар, Әдетте мерзімді бағалы қағаздар үш түрге бөлінеді:
• қысқа мерзімді, айналымда бір жылға дейін жүретін;
• ұзақ мерзімді, айналымда бір жылдан жоғары мерзімде жүреді.
Мерзімсіз - айналым мерзімі шектелмеген багалы қааздар, ягни олар шексіз қызмет етеді және бағалы бағаздар шығару кезінде өтеу мерзімі көрсетілмейді.
Бағалы қағаздардың пайда болуының классикалық нысаны -қағаз, яғни бағалы кағаз кұжат түрінде колданылады. Бағалы қағаз-дар нарығының дамуы бағалы кағаздардың көп түрінің, ең алдымен эмиссиялык нысанын күжатсыз нысанға ауысуын талап етеді.
Инвестициялык (капиталдың) - капитал салымы үшін объекті болып табылатын бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар, фьючерлік келісімдер және т. б. ) .
Инвестициялық емес - тауар немесе басқа нарықта ақшалай есеп айырысуға қызмет көрсететін бағалы кағаздар (вексельдер, чектер, коносаменттер) .
Эмитенттің кұкыктық мәртебесін, инвестициялық және несиелік тәуекел деңгейін, инвесторлардың кызығушылығы мен баска фак-торларды ескергенде қордың бағалы кағазы үш топка бөлінеді:
• мемлекеттік;
• муниципалдық;
• мемлекеттік емес.
Мемлекеттік бағалы кағаздар - мемлекеттің ішкі қарыздарының нысаны; эмитенті мемлекет болып табылатын қарыздык бағалы қағаздар. Мемлекеттік бағалы кагаздар ішінде казынашылык век-сельдер мен міндеттемелер, мемлекеттік және жинақ қарыздарының облигациялары кең тараған.
Муниципалдық бағалы кағаздарға жергілікті өкімет органдары-ның карыздық міндеттемелері жатады.
Мемлекеттік емес бағалы кағаздар корпорациялык және жеке қаржы институттарымен ұсынылады. Корпорацияға кәсіпорындардың, ұйымдардың, банктердің қарыздық міндеттемелері мен акциялары жатады. Жеке бағалы кағаздарға жеке тұлғалар шығаратын вексель-дер, чектер жатуы мүмкін.
Нарықтағы айналым ерекшелігіне байланысты бағалы кағаздар-ды нарықтық (айналымды) және нарықтык емес (айналымсыз) деп бөледі.
Нарықтык бағалы қағаздар екінші нарықта биржалық және биржадан тыс айналыс шегінде еркін сатып алынуы және сатылуы мүмкін. Ол шығарылғаннан кейін эмитентке кезектен тыс ұсыныл-майды.
Нарықтық емес бағалы кағаздар бір колдан екінші қолға еркін ауыспайды, яғни оларда екінші айналыс болмайды. Бұл мынадай бағалы қағаздарға жатады, мысалы, эмитент багалы қағаздарды шығару кезінде тек эмитенттен баска адамға сатылмауы тиіс деген шарт қояды.
Сонымен катар, айналысы шектелген бағалы қағаздар туралы айтып кетуге болады. Сатып алу - сату мәмілесі бойынша шектеулер жабық акционерлік қоғамының акцияларына жатады.
Бағалы қагаздардың борышкорлық және иемденуші үлесіне бөлінуі өз кезегінде акша қаражаттарын пайдаланудың екі мүмкін тәсілдерін көрсетеді:
• әр түрлі активті меншікке алуға;
• уакытша пайдалануға.
Егер бағалы кағаздар салынган акша сомасын кайтарып беру шартымен шектелген мерзімге шығарылса, онда олар борышқорлық болып табылады. Бұл облигациялар, банктік сертификаттар, век-сельдар және т. б. Иеленуші бағалы кагаздар активтерге сәйкес меншік кұқығын береді. Бұл акциялар, варанттар, коносаменттер және т. б.
Эмиссиялық бағалы кағаздар ірі серияда және көп көлемде және әрбір серияның ішінде ұқсас шығарылады. Бұл - акция және облигация.
Эмиссиялык емес бағалы қағаздар аз серияда немесе санаулы түрде шығарылады.
Қазіргі әлемдік тәжірибеде колданылатын бағалы кағаздар екі үлкен сыныпқа бөлінеді.
1-сынып - негізгі;
2-сынып - туынды.
Негізгі бағалы кағаздар - қандай да болса бір актив (тауар, ақша, капитал, мүлік, әр түрлі ресурстар және т. б. ) негізіне мүлік қүқығы жататын бағалы қағаздар. Негізгі бағалы қағаздарға акциялар мен облигациялар жатады.
«Қазақстан Республикасындағы бағалы кағаздар нарығы туралы» Заңында туыиды бағалы кағаздар - басқа багалы қағаздар арқылы өзінің қүнын айырады деп айтылған. Туынды бағалы кағаздар - бұл әр түрлі базистік активтермен бейнеленген, мүліктік жағдайға негізделген ерекше әмбебап тауар. Туынды бағалы қағаздарға фьючерстер, опциондар, форварттар, варанттар, своптар, споттар, депозитарийлік куәліктер және тағы басқалар жатады. Туынды бағалы кағаздар коғам капиталының белгілі бір бөлігіне тіркелетін меншік кұкын тұрақтандыруға қарағанда, туынды бағалы кағаздарды пайдалана отырып, болашақ кезеңде орындалатын кәсіпкерлік табысты алуға күкықты тіркейді. Олардан пайданы бағамдар айырмашылығынан немесе әр түрлі нарықта бір активті бір уақытта сатып алу-сатудан алады.
«Қазақстан Республикасындағы акционерлік коғам туралы» Заң негізінде акционерлік коғам акционерлердің жалпы жиналысының
немесе коғамның директорлар кеңесінің шешімімен туынды бағалы қағаздарды, соның ішінде бағалы қағаздар нарығы туралы зандылықтарга сәйкес варранттарды да шыгаруға кұқығы бар. Қоғам Қазақстан Республикасының сыртында да туынды бағалы кағаздарды шығарып, орналастыруға кұкылы. Коммерцияльщ емес ұйым болып табылатын қоғам туынды бағалы кағаздар шығаруға құқығы жоқ.
Вяррант акционерлік қогам шыгаратын және варрантта бекітіл-ген бага бойынша багалы қағаздардың белгілі бір көлемін одан сатып алу үшін ұстаушы құқыгын куәландыратын туынды бағалы қагаздар болып табылады. Қоғам акция және облигация эмиссиясы-мен қатар варрант шығаруға құкы бар. Варранттар бағалы қағаздардан оларды шығарғаннан кейін бөлінеді және оларда көрсетілген бағалы қағаздарды сатып алғанға дейін нарықта өз бетінше айналыста жүреді. Варанттар бөлініп шыққаннан кейін бағалы қағаздардың сатылу құны олардың бағасына азайтылады. Қоғам варрантты коғамның болашақтағы бағалы қағаздар эмиссия-сымен шыгаруға кұкы бар. Олар иемденушіге қоғамнан бағалы қағаздарын варрантта келісілген баға бойынша белгіленген кезең шегінде, кез келген уакытта алуға кұқық береді. Варрант иемденушіге дауыс беру кұкығын бермейді және олар бойынша дивидент есептелінбейді.
Қоғам басқару органының шешімі бойынша опцион жағына шығарылатын бағалы қағаздардың белгілі бір көлемін сатып алуға және сатуға артықша кұқык беретін опцион жасауға кұқығы бар. Опционды жасау жағдайы және тәртібі және олардың айналысы бағалы қағаздар нарыгы туралы заңдылыкпен реттеледі.
Туынды бағалы қағаздар санатына ең алдымен депозитарийлік колхаттар жатады. Депозитарийлік колхат - бұл шетел эмитен-тінің бағалы қагаздар бойынша шығарылган және елде еркін айналыста жүретін туынды бағалы кагаз. Бұл инвесторлардың шетел эмитенттерінің бағалы қағаздарын иемдену үшін қаржылық құрал болып табылады. Эмитенттердің депозитарийлік қолхаттарын шығару шетел капиталының инвестициясының өсуімен, оларды тіркеу кажеттілігінің болмауымен, оларды жергілікті салықты тө-леуден босатумен және барлык инвесторлар үшін қол жеткізілуімен байланысты. Депозитарийлік колхаттардың келесі түрлерін бөліп қарастыруға болады:
» американдық (АБК. ) ;
. ғаламдык (СОК) ;
• халықаралық (ШК. ) .
АЭК АҚШ нарығында айналады және долларлы номиналы болады, ал СЭК. американдык нарықтан басқа бірнеше нарықта сатылуы мүмкін және сонымен бірге эмитентке дүниежүзілік нарык капиталын жаулап алуға мүмкіндік береді. Әдетте американдық банктер эмитенттерге акциялары қор нарығында бағаланатын елдерде кастодиандық кызмет көрсетуді ұсынады. Осы Атаулы ие депозиттеу акция негізінде депозитарийлік қолхат шығарылады. Америка Қүрама Штатында осындай депозитарийлік қолхаттың біршама ірі депозитарийлік эмитент-банктері «Сііу Вапк Ые\у Үогк», «Тһе Вапк оҒ №\у Үогк», «Мог§ап Вапк» болып табылады. Ғаламдык депозитарийлік қолхаттар тіркелуі, шыгарылуы мүмкін, олармен АҚШ ашық нарығында мәміле жасауға болады, сонымен қатар олар АҚШ-тың негізгі қор биржаларында, сондай-ақ сол елдің шегінде бағаланады. СОЯ-ді шығарғанға дейін банктер мен компаниялар алдымен АҚШ-та АӘК шығаруы тиіс, одан кейін Батыс Еуропада осы екі нарықка шығарудың алгашкы қадамы ретінде ГОК шығаруы керек.
Қазақстан Республикасында алғаш рет депозитарийлік колхат 1996 жылдың басында ресейлік «Аьфа-банк» филиалымен колда-нылды. 1997 жылы американдық депозитарийлік қолхатты «Казком-мерцбанк», 1998 жылы «ШНОС» мүнай компаниясы шығарды. Бұл компаниялардың АОК. котировкасы барлык ірі қор биржаларында жүргізіледі.
Банк өзінің қызмет етуін жүзеге асыру үдерісінде айналымға бағалы кағаздардың келесі түрлерін шығарады:
• акциялар;
• депозиттік сертификаттар; облигациялар;
• бағалы кағаздардың басқа түрлері.
Акция - бұл акция иемденушісініц акционерлік қогам капиталына катысқандыгы туралы куәландыратын және оның иесіне осы қоғамның пайдасынын белгілі бір бөлігін дивидент түрінде алуға құқық беретін акционерлік қогам шығаратын багалы қагаз.
Акциямен келесідей құқыктар байланысты:
- белгілі жағдайда пайдаға катысу (дивидентке құқық) ;
- акционердің жалпы жиналысына қатысу;
- акционердің жалпы жиналысында дауыс беру қүқығы;
- капиталдың көбеюі кезінде жаңа акцияларды алуға артықшылық кұқығы.
Акция үсынатын құқық көлеміне қарай жай және артыкшылығы бар болып бөлінеді. Жай акциялар акционерлерге жоғарыда аталған кұқықтарды банктің заңы мен жарғысына сәйкес ұсынады. Артықшылығы бар акцияны ұстаушылардың жай акцияны ұстау-шыға қарағанда біршама артықшылығы бар.
Акцияның түрін ажыратудың тағы бір критерийі өткізу тәсілі болып табылады. ¥сынушы және атаулы акциялары бөліп қарасты-рылды. Үсынушы акциялары екі жақтың келісімі бойынша және акцияларды беру арқылы жүзеге асырылады. Атаулы акциялар екі жақтың келісімі бойынша және индоссаланған кұжаттар аркылы беріледі.
Банктердің акцияларды айналысқа шығару тәртібі «Банктің меншікті қаражат есебі» тарауында қарастырылған.
Банктік сертификаттар - ақша қаражаттарын салу туралы салымшыга онда белгіленген салым мерзімі аяқталганнан кейін, олар бойынша пайыз алу құқыгын куәландыратын банктің жазбаша куәлігі. Сертификаттардың екі түрі болады: депозиттік және жинақтық. Депозиттік сертификат занды тұлғаларға, ал жинақтық -жеке тұлғаларға беріледі. Депозиттік сертификаттар, депозиттік сертификатты ұсыну бойынша белгілі бір соманы тартуға құкык беретін талап еткенге дейінгі және салымды тарту мерзімі және тиесілі пайыз көлемі белгіленген мерзімді болып бөлуге болады. Депозиттік сертификаттардың экономикалық мәні нарықтық құрал және несие ресурстарының мультипликаторы ретінде қатысуында.
Депозиттік сертификат бойынша пайыз түріндегі алынған табыстар белгіленген тәртіпте осы табыс көзіне салық салынады. Банктердің ҚР ¥лттық банк лицензиясы негізінде сертификаттарды шығаруға құқығы бар. Сертификаттар сатылған тауарлар немесе көрсетілген қызмет үшін есеп айырысу немесе төлем кұралы бола алмайды. Ол кепіл заты, сатып алу-сату объектісі бола алады. Сертификаттарды сатып алу-сату бойынша есеп айырысуларды қолма-қол және қолма-колсыз түрде завды және жеке түлғалар жүзеге асырады. Депозитті талап ету мерзімі келгенде банк серти-фикатты иемденушінің алғашқы талабы бойынша сертификатты үсыну кезіндегі төлемді жүргізеді. Өтеу үш әдіс бойынша жүзеге
асырылады:
• жаңа шығарылған сертификаттарды иемдену жолы;
• салымның басқа түрлеріне колма-қолсыз аударымдар;
• қолма-кол ақша.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz