Мектепке дейінгі балаларды бейнелеу өнері сабақтарында бояу түстері арқылы сұлулыққа баулу


Мазмұны
Кіріспе
1бөлім. Мектепке дейінгі мекемелерде бояу түстері арқылы балалардың сұлулық сезімдерін тәрбиелеудің теориялық негіздері.
- Балаларға бейнелеу өнері құралдары арқылы эстетикалық тәрбие беру туралы ой-пікірлер
- Мектеп жасына дейінгі балаларға бояу түстері арқылы сұлулық сезімдерін тәрбиелеудің өзіндік ерекшеліктері
ІІ бөлім Балабақшадағы бейнелеу өнері сабақтарында бояу түстері арқылы балалардың сұлулық сезімдерін тәрбиелеу әдістемесі
2. 1 Балабақшада балаларды бейнелеу өнеріне үйретуде бояу түстерін пайдалану мазмұны
2. 2 Балабақшадағы бейнелеу өнері сабақтарында бояу түстері арқылы балалардың сұлулық сезімдерін тәрбиелеу әдіс-тәсілдері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Болашақ ұрпақтың эстетикалық тәрбиесі мен көркемдік білімін жетілдіру қажеттілігі - қазіргі заман талабы. Жас өркендерді ар-ожданы таза, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуде халқымыздың сұлулыққа бағытталған тәрбие көздері маңызды орын алады. Сұлулыққа тәрбиелеу қоғамдық өмірде, адамдар қарым-қатынасында, олардың рухани қажеттіліктерін өтеуде, эстетикалық көзқарастар мен көркемдік талғамдарын қалыптастыруда барған сайын сұранысқа ие болуда.
Бүгінгі күнде біздің елімізде мектеп жасына дейінгі балаларға тәрбие берудің ықпалы ұдайы өрісін кеңейтіп келеді. Мектепке дейінгі мекеме-білім беру жүйесіндегі алғашқы буын ғана емес, сонымен бірге басқа да оқу-тәрбие мекемелерімен қатар деңгейде біздің қоғамдық құрылысымызға сай келетін баланың жеке тұлғасын, оның әлеуметтік бағдарларын қалыптастыру бағытында жауапкершілігі де жүктелген. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің жаңаша даму үрдісінің ішінде жас ұрпаққа берілетін білім мазмұнын жаңарту және оны игерту мәселесі қазіргі таңда ерекше орын алады.
«Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауында «Білім туралы» Заңда балаларды шығармашылықпен қалыптасқан жеке тұлға ретінде оқытып, даму қажеттілігі айтылған. Баланың құқықтары туралы конвенцияға сәйкес әзірленген Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында 5-6 жас аралығындағы балаларды мектепалды дайындыққа тәрбиелеу мен оқыту мәселесіне ерекше көңіл бөлінген. «Балапан» бағдарламасына сәйкес балабақшалардағы балалардың жан-жақты тәрбиелеп, оқыту-еліміздің алдыға қойған күрделі міндеттердің бірі болып табылады.
Білім беруді дамыту тұжырымдамасы мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайтын ҚР білім беру жүйесін дамытудың мақсаты мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын ғылыми теориялық әдіснамалық құжат болып табылады.
Бұл құжатта мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың ұйымдастырылған бағдарламаларына толықтырулар енгізіліп, балалардың мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға деген құқығын қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі білім беру, сауықтыру және түзеу бағдарламаларымен қамтуды дәйекті түрде ұлғайту жолымен балалардың білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мақсатына сай, барлық балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен ертерек қамту, 5 жастағы балаларды мектепалды даярлығының мазмұнын қайта қарау, мектепке дейінгі және бастауыш білімінің оқыту бағдарламаларының үйлесімділігін қадағалау және балалардың бойында оқу қызметін меңгеругеқажетті жеке қасиеттерді тәрбиелеу мен дамыту міндеттері жүктелген.
Жас ұрпаққа саналы тәлім-тәрбие беру оларды заман талабына сай, жан-жақты дамып жетілген, жаңашыл көзқарастағы азамат етіп қалыптастыру, кең көлемді және сан тармақты іс дейтін болсақ, осыған жету баспалдағының алғашқы қадамы оның отбасындағы алатын тәрбиесіне байланысты болады.
Жас ұрпақты әрі қарай мектеп табалдырығына жетектеп әкелетін екінші қадам-мектепке дейінгі мекеме мен ұйымдарда алатын тәрбие мен білім. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев бәсекенің басы білімде екендігін әрбір білім туралы кеңестерде көрсетіп отырады. Яғни, қазіргі басты басты талап-әрбір балаға өнегелі тәрбие, сапалы да терең білім беру. Соның ішінде балабақша санатынан бастап баланы әдемілікке, көркем іс-әрекеттерге үйрету қажеттілігі де арта түсуде. Қазіргі кезде эстетикалық көзқарастарды тәрбиелеу-тәрбие барысында зейін салуды, күн санап өсуді талап ететін мәселесі. Біздің қоғам адамына тек қана өнердің емес, еңбек, қоғамдық қатынастар, қоршаған орта, тәртіп, тұрмыс, табиғаттың да әсемдік жақтары ықпал етеді. Эстетикалық көзқарастар адамның шындыққа қатынасын анықтайды.
Келешек ұрпақты эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеу мәселесі, балаларды сұлулыққа тәрбиелеудің мәні мен маңыздылығы туралы ұлы ғұлама Әл-Фараби, демократ-ағартушы Ш. Уәлиханов, кемеңгер ақын А. Құнанбаев, ағартушы-педагогтар Ы. Алтынсарин, М. Жұмабаев, С. Торайғыров, Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов т. б. жазып, өзіндік іздерін қалдырды. Олар халқымыздың рухани дамуына өлшеусіз үлес қоса отырып, эстетикалық тәлім-тәрбиенің маңызына ерекше мән беріп, эстетикалық тәрбиенің бала дамуындағы ерекше орнын анықтап берді.
Эстетикалық тәрбие берудің мазмұны көркемдік талғамды жетілдірумен, балаларды өнерге тартып таныстырумен ғана шектелмейді. Ол ақиқатқа эстетикалық көзқарасты, өмірдегі әсемдікті дұрыс қабылдауды, табиғатты эстетикалық тұрғыда қабылдауды қарастырады.
Зерттеудің көкейкестілігі: бейнелеу өнері балалардың сұлулық сезімдерін тәрбиелеудің өзіндік ерекшеліктерін және көзқарастарын қалыптастыруда көркемдік шығармашылықтарын, бейнелеу өнері туралы қажетті түсініктерін дамытуды көздейді.
Зерттеудің мақсаты: мектепке дейінгі балаларды бейнелеу өнері сабақтарында бояу түстері арқылы сұлулыққа баулудың теориялық негізін ашу және әдістерін көрсету.
Зерттеудің міндеттері:
- балаларға бейнелеу өнері құралдары арқылы эстетикалық тәрбие беру туралы ой-пікірлерді талдау;
- мектеп жасына дейінгі балаларға бояу түстері арқылы сұлулық сезімдерін тәрбиелеудің өзіндік ерекшеліктерін анықтау;
- балабақшада балаларды бейнелеу өнеріне үйретуде бояу түстерін пайдалану мазмұнын ашу;
- балабақшадағы бейнелеу өнері сабақтарында бояу түстері арқылы балаларды сұлулық сезімдерге тәрбиелеу әдіс-тәсілдерін көрсету.
Зерттеудің нысаны: балабақшадағы оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні: балабақша балаларына өнері арқылы эстетикалық тәрбие беру.
Зерттеу жұмысының құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
1бөлім. Мектепке дейінгі мекемелерде бояу түстері арқылы балалардың сұлулық сезімдерін тәрбиелеудің теориялық негіздері.
1. 1 Балаларға бейнелеу өнері құралдары арқылы эстетикалық тәрбие беру туралы ой-пікірлер
Адамдардың сұлулық сезімдері олардың өмірлерінде зор рөл атқарады. Әсемдікті көре, түсіне жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Біз әр адамның адамгершілікті тұлғалық мәнін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз. Сондықтан әр баланың сезім нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені сүйетіндей етіп дамытуымыз керек. Адам өмірінде эстетикалық көзқарас әрдайым қуатты рухани күш ретінде көрінеді. Балаға балғын бөбектік кезеңнен бастап әсемдікке ұмтылу тән нәрсе. Ол әрдайым бойларында әсемдік құндылықтары бар қатар құрбыларына, ересектерге еліктейді. Балалардың өз еңбек іс-ерекеті тиімді және сапалы болуы үшін оның ұйымдастырылуы толысып, тамаша нәрсені қабылдау деңггейіне жеткені жөн. Балаға сонымен қатар, жасампаздықтың да әсемдігі ашылады.
Табиғат әсемдігін қабылдауды үйретіп, қоғамдық іс-әрекет әсемділігіне сезімталдығын тәрбиелеп, мұғалім немесе тәрбиеші балалардың оқу, еңбек белсенділігін кеңейтуге дем береді. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің экономикалық мәселелерге әрі тікелей, әрі жанама қатынасы бар. Бұл біздің қоғамдағы қоғамдық өндіріс адамдардың өскелең рухани және материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталғандығынан туындайды. Өндірілген тауарлар сапасының әсемдігі тұтынуы жағына үлкен әсер етеді. Мұның өзі әр баланың тәрбиеленуінде белгілі дәрежеде эстетикалық көзқарас мәдениеті болуын талап етеді.
Өнерде шоғырланған адамдардың шындыққа эстетикалық қарым-қатынасы қоғамдық идеяларды алға алып баруымыздың құралы, сол арқылы санаға өте күшті әсер етуі жүзеге асады. Өнер синтезінің ерекше қолдану кезіндегі бейнелеу немесе музыкалық сананың қалыптасуы мен дамуы - баланың келешек тұлға ретінде қалыптасуының маңызды педагогикалық жолы болып табылады. Кезінде Гегель өнер түрлерін қарастырғанда абсолюттік идеяның қырын, көркем бейнені байқаған.
Сондықтан көркем бейне сияқты, өзіне бояу, дыбыс, қимыл, силуэтті жинап, бейнелеу өнері, поэзия, драмалық театр, архитектура, қолөнер балаларға ерекше ықпал жасайды.
Х1Х ғасырдың ортасына дейінгі эстетикалық көзқарас ерте және орта ғасырдың алғашқы кездерінде-ақ Қазақстан жерін мекендеген түркі тілдес тайпалардың өзіндік мәдениеті, жазуы болған қазақ халқының одон кейінгі замандардың рухани саладағы жетістіктері сол замандағы мәдениетпен сабақтас және байланысты болады.
Көне түркі мәдениетінің «Диуани хикмет», «Хибатұлы Хаконик» сияқты үздік үлгілері қазақ халқының құралуы кезінде оның эстетикалық мәдениетінің қалыптасуына зор ықпалын тигізді. Сол заманның ойшылдарының ішінде Әл-Фараби ерекше орын алады. Ол Платон мен Аристотельдің еңбектеріне сүйене отырып эстетиканың кейбір мәселелерін талдады .
Тұңғыш рет «эстетика» ұғымын ғылыми термин ретінде неміс философы Баумгартен 1750 жылы осы аттас кітабында қолданған болатын. «Эстетика» гректің «эстезис» сөзінен алынған, ол «сезімдік», сезіммен қабылдайтын дарындылық деген ұғымды білдіреді. Жалпы эстетика жайлы неміс, ағылшын, француз, орыс тілінде жазылған көптеген еңбектер бар. Осы орайда ғылыми еңбектерін эстетикалық қызығушылық, тәрбие жалпы эстетикалық мәдениет саласына арнаған ғалымдар Н. Кипященко мен Н. Лейзеров: «Эстетикалық тәрбие-сұлулық пен эстетикалық даму заңдылықтарына сай сұлулық пен әсемдікті бағалай білу қабілетін жетілдіруге бағытталған мақсатты жүйе», -деп анықтама берді.
Қазақ зиялыларының бірі М. Жұмабаев өзінің «Педагогика» еңбегінде: «әр адамның сұлулық сезімдері әр түрлі нәрседен оянымпаз болады. Біреудікі-музыкадан, біреудікі-сұлу суреттен, ал біреудікі-поэзиядан. Искусствоның әйтеуір бір түрінен ләззат алмайтын, біреуіне құмар болмайтын адам болмайды, ал тәрбиенің міндеті-балада искусствоның қандай түріне ынта бар екенін тауып, сол ынтасын, қызығушылығын, сол түр туғызатын қызығушылық сезімдерін оятып, өркендету», -деп эстетикалық қызығушылықтың, яғни, тәрбиенің бала дамуындағы маңызына ерекше тоқталған. Эстетикалық қызығушылық-адамның әдебиет, өнер, кино, музыка салаларында қоршаған орта, табиғатқа көңіл аударуы, оны сезім арқылы бағалап, қанаттанып, толғанысқа ұшырауы. «Қызығушылық» латын тілінен аударғанда- «маңызды мәні бар» деген мағынаны білдіреді.
Балалардың сұлулық сезімін қалыптастыруда бейнелеу өнерінің алатын орны ерекше. Бейнелеу өнеріне оқытудың балалардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеуде ықпалы мол.
Дүниежүзілік деңгейінде егеменді еліміздің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық бетбұрыстарына қарай болашақ ұрпақты тәрбиелеуде басты шығармашыл тұлғаны дайындау мектепке дейінгі ұйымнан басталады. Шығармашыл тұлғаны тәрбиелеуде бейнелеу өнерінің орны ерекше. Қазақстан республикасының «Білім беру туралы» Заңында «жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру» білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрсетілген. Олай болса мектепке дейінгі кезеңнен шығармашыл тұлғаны қалыптастыруда бейнелеу өнері әрекетінің орнын баса айтуға болады.
Мектепке дейінгі кезеңдегі шығармашылық қабілеттің дамуын Е. Новикова өзінің еңбегінде айта келе «шығармашылық процесс-бұл бұрын белгіліден жаңаға өтіуі. Мектеп жасына дейінгі балаларда бейнелеу өнерінде пішін және бояуды сәйкестендірудің басқа жолын іздеу» деп анықтама берген.
Мектепке дейінгі кезеңдегітбалалардың бейнелеу әрекеті туралы Я. А. Коменский, И. Г. Пестолоций, Ф. Фреблдің еңбектерінде көркемдік-шығармашылық әрекет баланы көңілсіз жағдайдан шығарып, жүйкеге түскен салмақты түсіріп, эмоцианалдық көңіл-күй туғызатындығымен түсіндірілген.
Сондықтан мектепке дейінгі ұйымда баланың басты әрекеті ретінде педагогикалық процеске бейнелеу өнерін енгізген маңызды болып саналады. Белгілі ғалым А. Лилов шығармашылықты сипаттайды «шығармашылық қоғамдық құбылыс, оның әлеуметтік мәнділігі қоғамға қажеттілігін өтейді, обьективтік шындықпен бірлескен саналы қоғамдық субьектінің жасампаздығы». В. Г. Злотников өзінің зерттеуінде «көркемдік шығармашылық таным мен қиялдың, практикалық әрекет пен психикалық процестің үздіксіз тұтастығы. Рухани-практикалық әрекеттің нәтижесінде ерекше материалдық өнім-өнер туындысы пайда болды» деп тұжырымдаған.
Көптеген зерттеушілер балалардың шығармашылығын ересектердің шығармашылығымен салыстыра келе Н. П. Сакулина балалардың шығармашылығы туралы: «Балалар суретшілер тәрізді жасамаса да, мектепке дейінгі кезеңде бірнеше шынайы көркем бейнені жасай алады. Осының өзі оның жеке тұлға болып дамуында терең із қалдырып, нағыз шығармашылықтың тәжірибесін меңгеріп, оны болашақта кез келген еңбек аймағында пайдалана білетіндей болады» деп түйіндеген. Олай болса, ғалымның пікірін негізге алсақ, мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері балалардың бейнелеу әрекетін ұйымдастыруда болашағын меңзеп жүргізуді ескерген жөн.
Балалардың сұлулыққа қызығушылығын қалыптастыруда бейнелеу өнерінің алатын орны ерекше. Бейнелеу өнеріне оқытудың балалардың сұлулыққа көзқарасын тәрбиелеуде ықпалы мол. Бейнелеу өнері шығармалары әсемдік үшін күреске шақырады, адамдар мұраттарына, күнделікті өмірдегі тәртібіне үлкен ықпал жасайды.
Демек, сезім адамның моралдық және адамгершілік бейнесіне асыл қасиет беріп тұрады, сондықтан да балалардың сұлу сезімдерін, мәдениетінің негіздерін, талғамы мен қызығуын қалыптастырудың, оны әрдайым дамытып отырудың қажеттілігі осында. Бейнелеу әсемдікті түсіну мен нәзік сезіну, алған әсерін бейнелеу өнері құралдарымен шамасына сай беру, сызықтық сурет салу сауатын меңгеру, жеке балаларда кескін, мүсін, сызықтық суреттерде әсемдікті жасау қабілеті, олардың өзіндік іс-әрекеті бейнелеу өнерін тану барысында қалыптаса бастайды.
Өнер-өмір бұлағы, ізгілік пен әсемдік бұлағы. Өнерді, оның қоғамдық тәрбиелік мәнін жан-жақты түсіну үшін әсемдік, әдемілік заңдарын жақсы түсінуі шарт. Жалпы білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізіне балабақша баласын белгілі бір қажетті біліктілер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі, әр түрлі мәдениеттермен өз көзқарасы тұрғысынан диалогқа түсетін автор және жас ерекшелігіне байланысты өз жасын қалыптастыруға күш жұмсап, еңбектенетін бала деп қарастыратын, осыған орай көп қырлы құрылымды білім-тәрбие мазмұнын анықтап, құруғакөмектесетін қазіргі заманғы дамыта оқыту идеясы арқау болған.
Бейнелеу өнері-көру, шолу арқылы қабылданған шындықты көрсететін көркем шығармалар түрлерінің тобы.
Бейнелеу өнері пәнінің мазмұны осы міндетті жүзеге асыратын ұғымдар мен түсініктер жүйесін біріктіретін мынадай блоктардан тұрады:
- кескіндеме сәндік қолданбалы өнер,
- мүсін өнері және сәулет өнері.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz