Баланың жеке басының қалыптасуы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Баланың жеке басының қалыптасуы және оның ақыл-ойының өсуі әр түрлі әрекеттер процесінде жүзеге асады.

Бала өмірінің бірінші күнінен бастап, өзінің дамуына ықпал жасайтын және онымен эмоциялық қатынаста болатын адамдардың қоршауында болады. Сондай-ақ баланы қасиеттері мен сапалары әр түрлі көптеген заттар қоршап тұрады. Бөбектің өзін қоршаған ортамен танысуы және қабылдаған объектілеріые талдау жасауы үшін айтарлықтай үлкен мүмкіндіктері болатынын зерттеулер көрсетті. Бұл үнемі өзгеріп отыратын әрекет компоненттеріне (мысалы, тамақтандыру жағдайында) оның бейімделуін қамтамасыз етеді.

Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы буржуазиялық педагогикада әрқашан да ішкі себептермен пайда болған (спонтандық) процесс ретінде қарастырылды және бұл жастағы балалар үшін қатаң программаның қажеттігі теріске шығарылды. Ал мұндай көзқарастар қоғам талаптарына қарама-кайшы келді, сондықтан көптеген елдерде ең алдымен білім мазмұны бойынша кең эксперименттік жұмыстар жүргізіле бастады. Осындай эксперименттердің нәтижесінде ғалымдар бір ауыздан, мектеп жасына дейінгі балаларды да қоса алғанда, балалардың танымдық мүмкіндіктері бұрынғы ойлағандағыдан гөрі едәуір кең деген корытындыға келді.

Дайын білімді бала терең ой жүгіртпей-ақ еске сақтау арқылы меңгеріп алатыны белгілі. Міне, сондықтан да совет педагогикасы мен психологиясында оларды жете түсініп меңгеру қажет екендігі атап көрсетілген.

Тек есте сақтау арқылы устірт меңгерілген білім емірде де пайдаланылмайды. Білімді тек есте сақтау арқылы ғана меңгерген оқушы жауап беруге әрқашан әзір болады, себебі ол беретін жауабына күмәнданбайды. Әдетте мұндай оқушы жауап берген кезде кемшілігі байқадса, қатты танданатын болады. Егер оқушы білімді түсініп меңгерсе, ол жауап берер алдында қайтаратын жауаптарын өзі тексеруден өткізіп алады. Осы мәселе бойынша П. П. Блонский былай деп жазды: «Тексерусіз меңгеру - сананың жай есепсіз жасаған жұмысы; өзін-өзі тексеруден өткізіп меңгеру-ойлаудың бақылауында жұмыс істеген сана».

Демек, оқыту процесінде дамуға басшылық жасай отырып, оқушылардың назарын меңгерілетін материалдың тек мазмұнына ғана емес, орындалу әдістеріне де аудару қажет.

Педагогтың міндеті - балалар әрекетін ұйымдастыру, өйткені бала тек әрекет үстінде ғана жетіледі. Баланың алдына қандай да бір міндет қойылса, онда сол міндетті шешуге талпыныс пайда болады. Бірақ ол мұны әрекеттің, мінез-құлық пен ойлаудың жаңа әдістерін меңгергенде ғана іске асыра алады. Сондықтан қажеттілік пен мүмкіндіктің арасында, белгілі мен белгісіздің арасында қарама-қайшылық кездеседі. Бул қарама-қайшылық дамудың қозғаушы күші болып табылады.

Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту ісі білім беріп, іскерліктер мен дағдыларды қалыптастырып қана коймай, ақыл-ой қабілеттерін, танып-білуге қызығушылығын (оқуға ынтасын, жаңа біткеннің барлығын білуге құмарту) дамыту жөнінде, яғни баланың жеке басын дамытуды да ескеріп отыр.

Математикалық білімдерді оқыту методикасының негізінде жалпы дидактикалық принциптер жатыр: дамыта (тәрбиелей) оқыту принципі; ғылымның және өмірмен байланыс принципі; оқытудың ашық болу принципі; білімнің жүйелі, бірізді және берік игеру принципі; жеке ықпал принципі; балалардың білімді саналы түрде және белсенді түрде игеру принципі.

Элементар математикалық білімдерге оқытуда бұл принциптер қалайша нақтыланады?

Оқыту процесінде бала белгілі бір білімге ие болады. Алайда оқыту деген ересек адамның басынан білімді алып, баланың басына аудара салу емес. Керегі сол, игеру процесінде баланың ақыл-ой дамуы тиіс, білімге қызығатын болуы тиіс, белгілі бір қарым-қатынас қалыптасуы тиіс.

Тәрбиелей оқыту тұтасынан баланың жеке басын дамыту жарына

барытталған.

Кішкене балаларды элементар математикалық білімдерге тәрбиелей оқыту принципі ең алдымен балаларды сандық, кеңістік және уақыт қатынастарын тануға әкеледі. Әлем балаға жаңа байланыстар мен қарым-қатынастар тұрғысынан ашылады. Ал жаңа көрініс болса, тіпті жақсы таныс нәрселердің де, балалардың оларра жаңа қатынасын қалыптастырады, олардың танымдық қызығушылығына себеп болады, білуге құмартады.

Мысалы, бұрыннан таныс ағаштың биік те жуан діңін одан таралған шамасы мен формасы әр түрлі бұталарының (жуан, жіңішке, ұзын, қысқа, түзу, қисық, сынық) соншама көптігін көріп ол таңқалды. Ағаштарды салыстыра келе, балалар олардың қайсысы биік, қайсысы аласа екенін анықтайды; ол ағаштардың жапырақтарын қарастыра келе, олардың формалары шамалары (өлшемі) әр түрлі екенін көреді т. б. Жаңа көрініс айнала қоршаған нәрселерді қабылдауды күшейте түседі.

Алайда балалар бақшасында, мектептегі сияқты, тәрбиелей оқыту принципінің бұзылуы жиі кездеседі.

Біріншіден, баланың ойын сабақтың үстінде жандандыруға көңіл аздау бөлініп жүр. Оқыту ісі әдетте еліктеу мен есте сақтауға ғана негізделіп жүргізіледі. Әрине, кішкене балаларға жиындарға практикалық амалдар қолдануды, олардың сандарын салыстыру тәсілдерін, санау операциясын үйрету керек, оларға арифметикалық амалдар қолдана білуді үйрету керек, геометриялық фигуралар қасиеттерін түсіну тәсілдерімен, шамаларды өлшеумен таныстыру керек. Дайын, көпшілік қабылдаған амалдар тәсілдерін игермей тұрып, балалардың ой жұмысы жандана қоймайды. Жаңа материалды оқып үйренгенде тәрбиешінің нұсқауы да әрі көрсетіп беруі де қажет. Алайда амал тәсілдеріне балалардың игеру барысына қарай, олар (тіпті өте ерте кезеңде-ақ) өздігінен ойлап әрі әрекеттенуге үйренулері тиіс. Сол үш жасар бала, мысалы, тәрбиешінің қалай жасау керектігін көрсетпей-ақ, тек сөзбен нұсқау бергенде де әрекет жасай алады. Мұның өзі ерте кезде-ақ балаларда қалыптасқан амал тәсілдері жөніндегі түсінігін жандандыра түседі.

Практика тұсында кездесіп қалатын екінші бір қателік сол, алуан түрлі шешу тәсілдеріне және де балалардың өз жанынан айтқан тұжырымдамаларына көңіл бөлінбейді. Балалардың ақылға салмай-ақ жаттанды жауабы осыдан шығады. Алайда балалар қойылған сұраққа қалай тәуір жауап беруге болатынын немесе жауабын басқаша қалай тұжырымдауға болатынын, өз жауабының дұрыстырын қалай дәлелдеуге болатынын ойланғаны керек-ақ.

Мұнымен бірге балалар жауап беруге дайындалып қана қоймай, жолдастарының жауаптарын да, қажет болса тиісті түзетулер мен қосымшаларды енгізіп, тыңдап отыруы тиіс. «Қайырған жауаптан кім қандай қателік байқады (аты) ? Оны қалай түзету керек?» немесе «Оны кім толықтырады (аты) ?», «Басқаша қалай айтуға болады (дәлелдеу керек) ?» немесе «Кім мынадан басқаша орындады (аты) ?» т. с. с. Бұл сияқты қаратпа сөздер балалардың ойына қозғау салады.

Тәрбие жұмысының барысында балаларды игерген білімін сабақтан тыс, басқа жағдайларда пайдалана білуге үйрету аса маңызды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуы
Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық дамуы
Психика мен сананың пайда болуы, бала психикасының дамуы
Бала психикасы дамуының қозғаушы күші
Тәрбиенің тұлға дамуындағы рөлі
Жасөспірімдерде моральдық - адамгершілік қасиеттердің қалыптасу деңгейін диагностикалау
Жеке адамның жалпы қасиеттерінің дамуы
Жеке тұлғаның тәрбиесі, қалыптасуын зерттеу
Мектеп алды даярлық топтағы балалардың даму тарихы
Балалар психология пәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz