Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің мектепте халық ойындарын оытуда қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалану


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру теориясы мен әдістемесі кафедрасы

Курсттық жұмыс

6N0102 - Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі

Ғылыми жетекшісі:

п. ғ. к., доцент Қосанов Б. М

Орындаған: 1-курс магистранты

Кадырова М. С

Алматы, 2008

процесінде халықтық ойындарды қолдануға даярлықтың педагогикалық негіздері

1. 1. Педагогика ғылымында ұлттық ойындардың зерттелу жайы . . .

1. 2. Болашақ мұғалімнің даярлығын қалыптастыру шарттары . . .

II- тарау. Жалпы бастауыш білім беруде халық ойындарын қолдануға болашақ мұғалімдердің даярлығын қалыптастыру жолдары . . .

2. 1. Жоғарғы оқу орындарындағы болашақ мұғалімдерді қалай даярлауының жолдарын қалыптастыру.

2. 2. Болашақ білім беру сатысында болашақ мұғалімінің халық ойындарын қолдану . . .

Қорытынды . . .

Тұжырым

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

Кіріспе

Зерттеудің көкейтестілігі : Егемендікке қолы жеткен қазақ елі өміріндегі әлеуметтік, экономикалық өзгерістер уақыт талабына сай қабілетті, жан-жақты жетілген парасатты адамдар тәрбиелеп өсіруді көздеп отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" атты 2007жылғы Қазақстан халқына жолдауында: "Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек" деп Республикамыздың білім беру жүйесіне үміт артқан болатын. Тәуелсіз мемлекетіміздің болашағы, ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын ұлт жанды ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігіне, ұлттық ойлау қабілеті мен іскерлігіне, кәсіби шеберлігі мен сапалы біліміне, заман талабына сәйкес туындап отырған мәселенің түп-тамырын айқындап, болашақ мамандардың бет-бейнелерін тиісті арналарға бағыттау мүмкіншілігі ұстаз - тәрбиеші деген қасиетті мамандыққа тікелей байланысты.

Болашақ ұрпақтың ұлттық санасын тәрбиелеп, рухани мәдениетті жетілдірумен бірге қаралады. Ал, рухани мәдени байлықтың байырғы саласының бірі - ойын. Халықтың әдет - ғұрпын, салт - дәстүрін, әдеп дағдыларын жас ұрпақтың бойына ойын арқылы дарытып, көңіліне қондыра білу өмір қажетінен туып отыр. Өйткені баланы нәресте жағынан бастап адалдыққа, батылдыққа, елін, жерін, тілін сүйетін отаншылдыққа, адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеудің құралы - ойын. Оның тәрбие, тәлім берудегі сиқырлы сырын терең меңгеру үшін ежелден бері өркен жайып, үздіксіз дамып келе жатақн ұлттық ойынды тәрбие мақсатына пайдаланудың тиімді жолдарын қарастыра түсу бүгінгі күннің кезек күттірмейтін міндетіне айналғандығын мойындауға тиістіміз. Бүгінгі таңда қоғамның ұлттық мәдени тұрғыдан кемелденуі жас ұрпақты өз халқының рухани қазынасымен, игі дәстүрлерімен тереңірек таныстырып, солардың негізінде тәрбие мен білім беруге болашақ мұғалімнің кәсіптік даярлығын қамтамассыз етуді талап етеді.

"Қазақстан Республикасындағы бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты" бойынша жасалынған жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасында: "Бастауыш сатыда оқушының жалпы және психикалық дамуының жеткілікті деңгейіне қол жеткізу үшін, ең алдымен білім берудің мақсат приоритеті түбегейлі өзгеру керек: бірінші кезекке бұрынғыша оқушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылады", - делінген.

Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін, біріншіден оқытуда ғасырлар сынынан өткен тәлім-тәрбиелік және танымдық мүмкіндіктері мол қазақ энопедагогикасы материалдарын пайдалану қажет, екіншіден, оларды оқу процесінде тиімді пайдалана алатын мұғалімді әдістемелік тұрғыдан даярлаған жөн.

Педагогика ғылымы саласында жарық көрген бірқатар зерттеулерде (С. И. Архангельский, Н. К. Ахметов, Ю. К. Бабанский, И. Б. Бекбоев, Л. В. Занков, А. И. Пискунов, Н. Д. Хмель және тағы басқа) мұғалімдерді кәсіптік даярлаудың теориялық негіздері қарастырылып, педагогикалық жоғары оқу орындарындағы оқу процесінің тиімділігін арттыру жолдары айқындалады.

Педагогикалық қабілеттерді қалыптастыру (Ф. Н. Гоноболин, А. Г. Ковалев, А. А. Люблинская тағы басқа ) әне шеберлікті дамыту (З. Ф. Ефименко, Т. С. Деркач, Н. М. Яковлева тағы басқа), педагогикалық іс-әрекет құрылымы, мұғалімнің жеке тұлғасын қалыптастыру (Н. В. Кузьмина, В. А. Сластенин, А. И. Щербаков), кәсіби іскерлікті шындау (О. А. Абдуллина, Қ. Аймағанбетова, С. И. Кисельгоф, Л. Ф. Спирин тағы басқа) мәселелеріне арналған зерттеулер қазіргі кезде ерекше ғылыми құндылыққа ие болып отыр.

Болашақ мұғалімдердің даярлығын қалыптастыру проблемасы кәсіптік даярлаудың құрамды бөлігі ретінде көптеген зерттеулердің арқауы болды. Жалпы, "даярлық" ұғымы психологичлық жағдай сипатында М. И. Дьяченко, Л. А. Кандыбович, К. К. Платонов, А. С. Прангишвили, Д. Н. Узнадзе тағы басқа, жеке тұлғанын күрделі құрылымы, қасиеті ретінде К. М. Дурай- Новакова, М. С. Кобзев тағы басқа еңбектерінде қарастырылады.

Соңғы жылдары студенттерді әдістемелік және дидактикалық білім көздерімен қаруландырудың ғылыми негіздері мен кәсіптік - педагогикалық бағыттары бірқатар зерттеу еңбектерінде ( Д. Бабаев, С. С. гомидов, Г. Л. Луканкин, А. Г. Мордкович, Э. Мамбетакунов, И. Н. Нұғыманов, Д. Рахымбек тағы басқа) айқындалғанын атап айтқн жөн. Қазақстанда болашақ мұғалімдердің әдістемелік - математикалық даярлығы проблемасын зерттеуге А. Е. Әбілқасымованың қосқан үлесі зор. Оның ғылыми жетекшілігімен орындалған зерттеу еңбектері де баршылық. Аталмыш жұмыстарда студенттерді болашақ кәсіптік іс - әрекеттеріне даярлау, математика мұғалімдерінің кәсіби ізіенімпаздығын қалыптастырып, жетілдіру

тағы басқа мәселелер қарастырылады. Қазақ этнопедагогикасы материалдарын жоғары және арнайы педагогикалық оқу орындарының оқу-тәрбие ісінде пайдалану проблемасы бойынша С. А. Ұзақбаеваның жетекшілігімен жалпы педагогика саласында бірқатар ғылыми-зерттеу еңбектері орындалды.

Демек, бастауыш сынып оқушыларын халық ойындарын оқытудағы педагогикалық мүмкіндіктері мен олардың студенттерді оқытуға даярлау процесінде жүйелі пайдаланылмауы арасындағы, бастауыш сынып оқушыларын оқытуда халық ойындарының материалдарын пайдалануға болашақ мұғалімдерді даярлау қажеттілігі мен оны жүзеге асыруға байланысты әдітемелік нұсқаулардың жоқтығы арасындағы қайшылықтар анық байқалады.

Жоғары оқу орындары студенттерінің қазақ этнопедагогикасы материалдарын соның ішінде халық ойындарын оқыту процесінде пайдалану даярлығын қалыптастырпу шарттарын іздестіру және әдістемесін жасау біздің зерттеу проблемамызды айқындап, тақырыпты "Жалпы бастауыш білім беруде халық ойындарын қолдануға болашақ мұғалімдердің даярлығын қалыптастыру" деп таңдауымызға себепші болды.

Зерттеудің объектісі:

Жоғары оқу орындарында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерді халық ойындарын оқытудағы кәсіби даярлығын қалыптастыру.

Зерттеу пәні: Болашақ мұғалімдерінің мектепте оқытуда қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалану даярлығын қалыптастыру процесі.

Зерттеудің мақсаты:

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің мектепте халық ойындарын оытуда қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалану даярлығын қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеп, әдістемесін жасау.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер университет даярлығы барысында студенттерге олардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, халық ойындарын оқытуға әдістемелік даярлығы моделі негізінде қазақ этнопедагогикасы материалдарын оқу-тәрбие процесінде жүйелі түрде пайдаланудаы меңгертсе, ол болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің мектепте халық ойындарын оқытуда қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдаланудағы әдістемелік даярлығын қалыптастыруға негіз болады.

Зерттеудің міндеті:

1. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби даярлығын қалыптастыру мәселесіне мазмұнды сипаттама беру;

2. Мектепте халық ойындарын оқытуға болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін әдістемелік тұрғыдан даярлау ерекшеліктерін ашып көрсету;

3. Бастауыш мектепте оқыту процесінде халық ойындары материалдарын пайдалану қажеттілігін дәлелдеп, оның оқушылардың білім деңгейін көтерудегі мүмкіндіктерін ғылыми тұрғыда негіздеу;

4. Бастауыш мектепте оқыту процесінде халық ойындарын пайдалануға орай болашақ мұғалімдердің даярлық деңгейін жетілдіруге қажетті әдістемені жасау және оны тәжірибелі жұмысы арқылы практикаға ендіру.

Зерттеу әдістері: Зерттеу проблемасы боынша философиялық, ғылыми педагогикалық еңбектерді және озот іс-тәжірибелерді талдау, жинақтау, әңгімелеу, бақылау. Мектептер мен жоғары оқу орындарының құжаттары мен іс-тәжірибелерін жинақтап, оқып үйренудің негізінде талдау жасау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы :

1. Болашақ мұғалімдердің кәсіби даярлығын қалыптастырудың мазмұнды сипаты ұсынылды.

2. Болашақ мұғалімдерінің оқытудағы әідстемелік даярлығының моделі асалып, өзіндік ерекшеліктері айқындалды.

3. Болашақ мұғалімдерін оқытуда халық ойындары материалдарын пайдалану мүмкіндіктері анықталды.

4. Болашақ мұғалімдерді оқыту процесінде халық оындары материалдарын пайдаолануға даярлығын қалыптастыру әдістемесі жасалды.

Қорғауға ұсынылған қағидалар:

1. Болашақ мұғалімдерінің оқытудағы әдістемелік даярлығының моделі теориялық, оқу-зерттеушілік және практикалық даярлық компонеттерінің бірлігі ретінде қарастырылады.

2. Бастауыш мектепте оқытудың құралы мен әдіс-тәсілі тұрғысында халық ойындары материалдарын пайдалану оқушылардың білім деңгейін көтереді, танымдық іс-әрекетін белсендіреді, ойлаудың стилін қалыптастырады, оқытудың тәрбиелік бағыттылығын күшейтеді тағы басқа.

3. Болашақ мұғалімдердің оқыту процесінде халық ойындары материалдарын пайдалану даярлығын қалыптастыру әдімстемесі оқыту процесінде халық ойындары материалдарын педагогикалық пратика және студенттердің аудиторядан тыс жұмыс әрекеттері арқылы жүзеге асады.

Зерттеу кезеңдері:

Бірінші кезеңде (1993-1994жж. ) зеттеудің теориялық негіздері анықталған; философиялық, психологиялық-педагогикалық, ғылыми-әдістемелік зерттеулер мен қазақ халық шығармашылығы жөніндегі әдебиеттер оқып-үйреніліп, теориялық тұрғыдан талданды.

Екінші кезеңде (1991-1996жж. ) оқу жоспарлары, бағдарламалары, әдістемелік оқу құралдары талданды, зерттеліп отырған даярлықтың қалыптасу көрінісі нақтыланды.

Үшінші кезеңде (1996-1998жж. ) болашақ мұғалімдерді оқыту процесінде ұлттық ойынды пайдалану даярлығын қалыптастыру әдістемесінің тиімділігін айқындау масатында жұмыстар жүргізілді; алынған нәтижелер талқыланып, жүеге келтірілді; диссертацияның әдеби даярлығы аяқталды.

Диссертацияның құрылымы : Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, тұжырымнан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде зертеу тақырыбының көкейкестілігі дәлелденіп, зерттеудің ғылыми-әдіснамалық аппараты әзірленді.

"Болашақ мұғалімнің білім беру сатысының оқыту процесінде халықтық ойындарды қолдануға даярлықтың педагогикалық негңздері" атты бірінші тарауда ұлттық ойындар мен "болашақ мұғалімнің кәсіптік даярлығы", "болашақ мұғалімеің оқыту әдістемелік даярлығы" ұғымдарының мәні анықталып, мазмұны, құрылымы ашып крсетіледі, оқыту процесінде халық ойындары материалдарын пайдалану мүмкіндіктері қарастылылады.

"Жалпы бастауыш білім беруде халық ойындарын қолдануға болашық мұғалімдердің даярлығын қалыптастыру жолдары" атты екінші тарауда оқыту процесінде халық ойындары материалдарын пайдалануға кәсіби даярлығын қалыптастыру жолдары қарастырылады және талдау жасалынады.

Қорытындыда теориялық және жұмыс нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ұсыныстар беріледі.

1-тарау. Болашақ мұғалімнің білім беру сатысының оқыту процесінде халық ойындарды қолдануға даярлықтың педагогикалық негіздері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектепте математиканы оқытуда этнопедагогика элементтерін сабақта қолдану
Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру (математика пәні 3-сынып)
Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру
Сыныптан тыс жұмыс арқылы студенттерді математиканы оқытуға даярлау
Қазақ балаларының тәрбиесін қазақ этнопедагогикасы арқылы дамытудың моделін жасау
Бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үрдісінде ұлттық ойындарды пайдалану
Бастауыш сынып оқушыларын этнопедагогика арқылы математиканы оқытудың маңызы
Халық ойындар теориясы мен проблемасының педагогикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттерде зерттелуі
Математика сабақтарында халық педагогикасының озық үлгілерін қолданудың әдістемесі мен тәжірибесі
Мінез және оны тәрбиелеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz