Балалар психологиясының теориялық дамуы
І Кіріспе ... ... ... ...2
ІІ Негізгі бөлім
І Балалар психологиясының теориялық дамуы.
1.1.Көне заманың философтарының балалар психологиясы туралы ойы ... ...3.6
1.2.ХІV.ХVғасырдағы қазақ ағартушыларының психология туралы ойлары ... ... ... ..7.9
1.3.ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ ғұламаларының психологиялық көзқарастары ... .
ІІ. Балалар психологиясы әдістемесінің дамуы.
2.1. 70.80 жылдардағы қазақ жазушыларының психологиялық көзқарасы ... ... ... ... .16.18
2.2. 80.90 жылдардағы балалар психологиясына үлес қосқан ғалымдар ... ... ... ... .19.22
2.3. ХХғасырдағы психологияға үлес қосқан ғалымдар ... ... ... ... ... ... 23.27
ІІІ Қорытынды

Ұлы ойшылдардың еңбектерінде бала психикасының қалайша дамып, жетілгендігі жөнінде де қызғылықты пікірлер көп. Баланың жасы өскен сайын оның ақылы да, яғни тәнімен бірге жаны да өсіп отырады. Мұның бәрі осы тіршілік қажетінен туындайды. Мәселен, балада ең алдымен өсіп-өну қуаты пайда болады. Бұл оның дене бітімінің қалыптасуында үлкен роль атқарады. Алдымен, тән түйсігі, кейіннен барып дәм, иіс айыратын түйсіктері, заттың түрін, түсін, пішінін түсіне алу қабілеті пайда болады. Адам психикасы негізінен өмір барысында, оқу-тәрбие үстінде қалыптасады. Бұл жерде оның өз бетінше әрекеттенуі, өзіндік белсенділігі қасиеттері де оның өмірден алатын тәжірибесінен туындайды. Адам дүниеге ақылды, не ақылсыз, тұлым, не ақ ниетті болып келмейді. Бала ойлау, сөйлеу қабілетіне туыстан болатын икемділікпен ғана дүниеге келеді. Оның осы пікірлері де қазіргі ғылыми психология түйіндеген тұжырымдармен ғажап үндеседі.
1.Қ.Жарықбаев. «Жалпы психология» Алматы «Дарын»-2008ж
2.А.В.Петровский. «Жас және педагогикалық психология» Алматы
«Мектеп» 1978ж.
3.Р.Р.Айтмамбетова. «Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері» Алматы-1991ж
4.Қ.Бержанова. «Педагогика тарихы» Алматы-1987ж
5. Н.Ф.Жұмабекова. «Мектепке дейінгі педагогика» Астана-2008ж
6. Н.Құлжанова. «Мектепке дейінгі тәрбие» Орынбор 1927ж

Жоспар
І Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...2
ІІ Негізгі бөлім
І Балалар психологиясының теориялық дамуы.
1.1.Көне заманың философтарының балалар психологиясы туралы
ойы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-6
1.2.ХІV-ХVғасырдағы қазақ ағартушыларының психология туралы
ойлары ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7-9
1.3.ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ ғұламаларының
психологиялық
көзқарастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
0-15
ІІ. Балалар психологиясы әдістемесінің дамуы.
2.1. 70-80 жылдардағы қазақ жазушыларының психологиялық
көзқарасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 16- 18
2.2. 80-90 жылдардағы балалар психологиясына үлес қосқан
ғалымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 19- 22
2.3. ХХғасырдағы психологияға үлес қосқан
ғалымдар ... ... ... ... ... ... 23- 27
ІІІ Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...28
ІV Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 29
V
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 30
Кіріспе
Ұлы ойшылдардың еңбектерінде бала психикасының қалайша дамып,
жетілгендігі жөнінде де қызғылықты пікірлер көп. Баланың жасы өскен сайын
оның ақылы да, яғни тәнімен бірге жаны да өсіп отырады. Мұның бәрі осы
тіршілік қажетінен туындайды. Мәселен, балада ең алдымен өсіп-өну қуаты
пайда болады. Бұл оның дене бітімінің қалыптасуында үлкен роль атқарады.
Алдымен, тән түйсігі, кейіннен барып дәм, иіс айыратын түйсіктері, заттың
түрін, түсін, пішінін түсіне алу қабілеті пайда болады. Адам психикасы
негізінен өмір барысында, оқу-тәрбие үстінде қалыптасады. Бұл жерде оның өз
бетінше әрекеттенуі, өзіндік белсенділігі қасиеттері де оның өмірден алатын
тәжірибесінен туындайды. Адам дүниеге ақылды, не ақылсыз, тұлым, не ақ
ниетті болып келмейді. Бала ойлау, сөйлеу қабілетіне туыстан болатын
икемділікпен ғана дүниеге келеді. Оның осы пікірлері де қазіргі ғылыми
психология түйіндеген тұжырымдармен ғажап үндеседі.
Фарабидің адамның әртүрлі дара өзгешеліктері туралы айтқан пікірлері
де көңіл қоярлықтай. Жеке ерекшеліктер адамның дербес өмір сүру
тәжірибесінен, оның дене бітімінен, өзіндік белсенділігінен туындайды, яғни
адам бір-бірінен тәні жөнінен өзгеше болса, жаны жөнінен де сондай өзгеше
болады, жан қуаты біреуде мол, біреуде кем келеді, бұл жағдай оның
темпераментіне де байланысты, тәнді жетілдіруге болатыны сияқты жанды да
жетілдіре беруге болады. Фараби еңбектерінде психология ғылымының бұдан
басқа мәселелері де жан-жақты сөз болады. Біз бұлардың бәр-бәріне тоқтала
бермей, ғұламаның психологияның жеке салдарына байланысты айтқан
пікірлеріне арнайы тоқталуды жөн көрдік [1.36-37б].
І. Балалар психологиясының теориялық дамуы.
1.1. Көне заманның философтарының балалар психологиясы туралы ойы.
Философия, психология ғылымдары үшін танымдық мәні зор, іргелі
мәселенің бірі – жан мен тән проблемасы.Осы мәселенің шешіміне қарай
ғалымдар сонау ескі заманнан бермен қарай қарама-қарсы екі топқа бөлініп
келеді. Мәселен, идеалистер жанды, рухты алғаш пайда болған, ол тән бөлек,
мәңгі бақи өмір сүре береді десе, материалистер дүниенің алғашқылығын,
жанның тәнме байланыстылығын, тән өмір сүруін тоқтатса, жан да бітетіндігін
дәйекті деректермен дәлел-деп түсіндіреді.
Әл-Фараби осы мәселеде дәйекті пікір айта алмай, материализм мен
идеализмнің арасында ауытқып жүрді, дін мен мистика түгелдей тұмшаланғансол
кездегі шығыс әлемінде жан туралы салиқалы тұжырымға келу оңай да емес еді.
Фараби өзінің Мәселелердің түпкі төркіні дейтін трактатында Плптонның
Жан тәннен бұрын пайда болған, бұл екеуі бір-бірімен байланысты емес
дейтін қате тұжырымын сынға алады. Сөз боп отырған мәселеге орай Фараби
былай дейді: жан мен тән бірлікте өмір сүреді, платонның жан тәннен бұрын
пайда болған деуі қате түсіні, жан-тәннің тірлік қасиеті, адамда қатарынан
екі жан болмайды. Жанның ойдағыдай дамып, қалыптасуы үшін тән саулығы
қажет. Тән саулығы жоқ жерді жан саулығы да жоқ. Міне, жан мен тән
жөніндегі Фараби түсінігінің негізгі желісі осындай еді.
Бірақ осы мәселеге байланысты айтылған Фараби пікірлерінде
қайшылықтар да кездеседі. Ол тәннен бұрын жан пайда болған дейтін
Платонның қате тұжырымына қарсы шыға отыра, өзі де жанның мәнгі бақи өлмей,
өмір сүретіндігін мойындайды. Дене қызметі тоқталып, тән де жан мәңгілікке
жасай береді, ол қайтіп оралмайды, жаңадан өзгеріске де түспейді. Денеден
кеткен рух басқа адамдардың жандар мен қосылып, бүкіл әлемдік жан дүниесін
құрайды. Әсіресе, көңілі, рухы таза, адал адамдардың жаны мәңгі өмір сүреді
де, залым зымиандардың жаны бірден шіріп, қурап бітеді, - дейді ғұлама.
Ұлы ойшылдың жан мен тән жайлы айтылған пікірлерінің осылайша екі
ұштылығы оның философиялық көзқарастарындағы кейбір қайшылықтармен ұштасып
жататындығы байқалады.
Әйтсе де, оның жан мен тән мәселесі жөніндегі пікірлері ғалым үшін
үлкен жаңалық еді. Фараби Платонға қарсы шығу арқылы бейнелеу теориясының
ілкі материастік сілемін салып, психологиялық құбылыстардың тән мен
байланыстылығын көрсетіп, адамның жан дүниесі сыртқы ортаның сәулесі
екендігіне жұрттың көзін жеткізді (барлық жерде астын сызған біз. –Қ.Ж.).
Өсімдіктерде де жан болады деген кейбір виталистік пікірлеріне қарамастан,
бүкіл Шығыс әлемінде психиканың пайда болу, даму жолдарында ғылыми тұрғыдан
алған түсіндірген, жан туралы ғылымның терминдерін мұсылман елдерінің
тарихында тұңғыш жүйеге салған да осы ұлы бабамыз Фараби еді.
Мистика мен қара түнек жайлаған Шығыс әлемінде ұлы ойшылдың осындай
батыл ғылыми пікірлері сол кездің өзінде-ақ дін иелерін қатты қобалжытты,
олар фарабиді құдайдан, дікнен безген адам деп, оған лағынат оғын жаудырды.
Фараби адманың жан дүниесін (психикасын құбылыстарын) тәннің
құрылысына орайлас түсіндіруге тырысты. Тәннің де, жанның да иесі – жүрек,
бұған мидың да қатысы бар, бірақ тәннің басқа мүшелері сияқты ми да жүрекке
бағынышты. Жүрек тіршілік тірегі, қан айналысы мен қимыл қозғалысының
орталығы. Жүрек пен байланыспайтын мүше жоқ, ми да жүректен қорек алып,
содан кейін ғана адамның жан дүниесін басқарады. Жан туралы ілімде Фараби
ұстазы Аристотельдің ықпалында болды. Ұлы грек ойшылы өзінің жан туралы
атты еңбегінде өсімдіктерде, жануарларда, адамдарда үш түрлі жан болады
десе, Фараби осы пікірді қуаттай келіп, адам жанының өзін үшке бөлді. Ол
психикалық құбылыстарды жан қуаттары деп атады. Жан қуаттарын ол алдымен
организімді қозғалтады және оған бір нәрсені танып білгізетін қуат деп
екіге бөлді. Қозғалыдыратын қуат бүкіл тірі организмге ортақ. Ал танып-білу
қуаты жануарлар мен адамдарға ғана тән, бұлар сыртқы дүниені түсіне, сезіне
алуға қабілетті. Өсімдіктерде мұндай қабілет жоқ. Сондықтан да, олар бұл
топқа кірмейді. Адамда ең алдымен қоректендіру қуаты пайда болады. Бұл
адамдардың тәні яғни өсіп өнуге негіз болатын дене бітімі. Адамның танып
білу қуаты да екіге бөлінеді. Оның біріншісі – сыртқы жан қуаты немесе оның
түйсіктену қуаты деп аталады. Мұндай қабілет сыртқы дүние заттарының сезім
жан қуатының бес түрі бар. Олар – көру, есту, дәм, иіс, тері түйсіктері.
Екіншісі – ішкі жан қуаты делінеді. Бұларға еске түсіру, талпыну
қабілеттері жатады. Адамның жануарлардан ерекше бөліп тұрған қуат – оның
ақыл-парасаты, яғни ойлай, сөйлей алу қабілеті. Фараби Ізгі қала
тұрғындарының көзқарасы туралытрактат дейтін еңбегінде жан құбылысының
түрлі көріністеріне жекелеп сипаттама береді. Мәселен, ол адам өмірінде
қиялдың қандай роль атқаратыны жөнінде былай дейді: Қиял адамға аса қажет
жан қуаты. Ол екі түрлі міндет атқарады. Қиял арқылы сыртқы дүние
заттарының бейнелері өңделіп, сұрыпталады, бір бейне екіншісіне қосылып,
одан жаңа бейне жасалады. Екіншіден, ол ойлауға терең, жан-жақты, орамды
болуына жәрдем етеді. Адамда түс көру неден болады деген сұраққа да Фараби
тыңғылықты жауап берген. Түс көру – адамның ояу кезіндегі шындықта көрген,
білген, естіген нәрселерінің мидағы бейнесі. Ұйқы кезінде мұндай бейнелер
адам ырқынан тыс жүріп жатады, бұл қиялдың енжар көріністері. Фарабидің түс
көру туралы тұжырымдарының қазіргі ғылыми психологияның айтқандарымен
тамаша үндесіп жатқанына қайран қалуға болады.
Фараби адамның тану процесі екі кзеңнен тұрады дейді. Оның біріншісі
– сезімдік кезең. Бұған түйсік, қабылдау, ес процестері жатады. Түйсік –
дүние танудың алғашқы көзі, бірінші баспалдағы. Адамның есі мен елесінің
сапалы, әрі нәтижелі болуы оның дұрыс түйсіктене алуына байланысты. Ойлау
дүниені әр қырынан тануға, мәселені теңінен түсінуге мүмкіндік береді.
Ойлау адам танымының екінші басқышы, танымның жоғары сатысы. Ойлау
сөйлеумен тығыз байланысты, ол жалпы адамзатқа тән құбылыс, ал тіл әр
ұлттың, әрбір халықтың өзіндік өрнегі. Жаттағанннан түсінген артығырақ.
Түсіну әр нәрсенің тегін ашып, жалпы ережелер мен канондар жөнінде талдау
жасауға мүмкіндік береді.
Ғұламаның түсінігінше адамның эмоция, сезім процестері жан қуатының
дербес көрінісі болып саналмайды бұлар психиканың қалған түрлеріне әр
береді, оларды қозғалысқа итермелейді. Талпыну, әсерлену қуаты адамның
мәнерлі қозғалыстарынан жақсы байқалады. Мәселен, адам ұялғанда қызарса,
қорыққан ккезде сұп-сұр болып, түсі қашады.
Жан қуаттары туралы теориясында Фараби адамның ерік-жігер, қажыр-
қайратын жеке процесс ретінде қарастырмайды. Бұларды этика ғылымына
орайлас пікірлерінде жол-жөнекей сөз етеді. Жақсы қоғам, ізгі адамдар,
олардың күшті қажыр-қайраты мен ерік-жігері-рухани қасиеттері
қалыптастырудың негізгі факторлары қалық пен ерлік іс-әрекетінің
саналылығы, тоқтамаған келушілік, батырлық пен ерлік, рухани жағынан жетілу
т.б. ерік-жігердің жақсы сапалары болса, мейірімсіздік, қорқақтық,
дүниеқоңыздық, нәсіпқұмарлық т.б. адамның ұнамсыз қасиеттері болып
табылады.
Фараби таным мәселесінің түп қазығына келгенде дуалистік көзқараста
болды. Мәселен, ол танымның бірнші басқышы – түйсіктерді материалистерше
түсіндіргенімен, ойлауға келгенде жаңсақ түсінікке жол береді. Ол ойлау
материядан тыс тұрған ерекше рухани күштің әсеріне туып отырады деп
тұжырымдады. Ал, Фарабидің түйсік, қабылдау, қиял процестерін сыртқы дүние
заттары мен құбылыстарының денедегі (нервтегі), мидағы түрлы бейнелері деуі
ғылыми тұрғыдан өте байсалды түсінік еді. Мәселен, көз айна тәріздес нәрсе,
ол сырқы дүниенің сәулесі түсіп отыратын алғашқы саңлау. Көру түйсігі көзге
зат әсер еткенде ғана пайда болады [1.32-35б].
1.2. ХІV-ХVғасырдағы қазақ ағартушыларының психология туралы ойлары.
Жан (психика) құбылыстары туралы әр кезде өмір сүрген қазақ
ойшылдары, ақын-жыраулар мен ғұлама-ойшылдардың шығармаларында көшпенді ата-
бабаларымыздың жан дүниесі әр қырынан сөз болған.
Мәселен, ортағасырлық ғұлама ғалым Өтейбойдақ Тілуқабылұлының (1388-
1483) жан туралы пайымдаулары ерекше назар аудартады. Оның басты еңбегі
Шипагерлік баянда көптеген психологиялық ұғымдар (түйсіік ойлау, сөйлеу,
қиял, дағды т.б.) туралы қызықты мағұлматтар бар. Ол өзінен бұрын өмір
сүрген ұлы ғұламалардың (әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни т.б.) жан туралы
түсініктеріне сүйене келіп, бүткіл тіршіліктің басқарушы, реттеушісі жүрек
дейді. Сөйте тұра жан құбылыстарын басқаруда мидың атқаратын рөлін де жоққа
шығармайды. Оның адам есіне, ойлануына байланысты айтқандары ғылыми
тұрғыдан дәйекті де нанымды.
Ғұлама есті – көрген, естіген нәрсені жадта сақтау үшін аса қажет
дейді. Адам тез аңғарғыш, байқағыш және есте қалдырғыш болуы тиіс (...тез,
шапшаң, жеткілікті аңғарып, ойға қонымды, көңілге толымды, өте нанымды,
бүге-шүгесіне дейінойда сақтау). Автор есті дамыту үшін көптеген тау-тас,
жер-су және жан-жануарлардың аттарын жаттап алудың қажеттілігіне үлкен мән
береді. Адамның есте сақтау қабілетінің ойдағыдай дамуына негіз болатын
қасиеттің бірі – зерделік пен зейінділік. Оныың пікірінше, саналы іс-әрекет
зейінсіз іске аспайды. Осы еңбекті зеййін көбінесе мәңгілік аңғарым деген
ұғым мағынасында беріліп, оның адамның мақсатты қызығуына байланысты
қалыптасатыны біраз сөз болады.
Ойлау процесінде сезім мүшелері арқылы затты, іс-әрекетті жан-жағынан
қара, қолыңмен ұстап көр, бір-бірімен салыстыр, одан соң барып толған,
өйткені толғану сараланбаса, ойлау дараланбайды дей келе, ойлаудың сөйлеу
қызметіне байланысты екендігін баса айтады. Ойдың сөз арқылы бейнелеуінің
арқасында адам өзінен бұрынғылардың ілім-білімдерін есіне сақтап қалады,
олардың ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырады. Айтар ойымызды шижамалап
(жазбаша деген ұғым Қ.Ж.) қағазға түсіргенде ғана оны түгелдей есте
сақтай аламыз. Ойды басқа адамға жеткізу үшін оны сараптап, толғана талдау
керек. Айтар ойыңды алдымен өзің түсініп ал, алдамшы сезімге беріліп,
үстірт ойлау – үлкен қателік, жақсылап түсіну үшін көзбен көріп, құлақпен
естіп, қолмен ұстай білу қажет.
Ғұлама-ғалым сөз саптау, сөйлеу мәнеріне де ерекше мән берген. Оның
пайымдауышпа, жұмсақ, байыпты, сыпайылықпен сөйлеуге кімге де болса
жарасымды қасиет (Жақсы сөйлемеліік (сөйлеу) жанға шырай бермек). Сөйлеу
әдебі дегеніміз ойды бүкпей ашық айту, яғни ой жинақтылығын, оның мазмұнды
болуымен байланысты.
Бала түйсігінің дұрыс қалыптасуы үшін сезім мүшелерін таза ұстап,
оның түрлі сырқаттарын дер кезінде емдеп отырған абзал.
Баланың өң мен түсті, тәтті мен ащыны дұрыс ажырата алуын, алыс-
жақыннан келетін дыбыстарды дәл естуін ата-аналар мұқият қадағалауы тиіс,
мұның өзі әр затты жан-жақты түсініп, оның сыр-сипатын түсіне білуге жәрдем
етеді.
Ғалым мінезге батырлық пен батылдықты, қайсарлық пен әділдікті
жатқызады. Ешнәрсеге қызықпайтын енжар адамның ешкімге шапағаты
болмайтындығын айта отырып, ондайларды барынша шенеп-мінейді. Адам өмірге
келген соң, белсенді өмір сүруге, сегіз қырлы, бір сырлы болуға ұмтылуы
тиіс дейтін тұжырым аталмыш еңбекте кеңінен орын алған.
Қазақ халқы өз алдына дербес ел болып, ірге көтруге бет бұрып жатқан
кездерде(ХІV – ХV ғғ.) осы өңірде бірнеше ғұлама өмір сүріп, тарихи
шығармалар жазған. Бұларда да тәлімдік тұжырымдар аз кездеспейді. Мәселен,
Ұлы жүздің Дулат тайпасынан шыққан Мұхаммед Хайдар Дулатидің (1499 – 1551)
Тарихи Рашиди (Рашидтің тарихы) атты шежіресінде сол кездегі көшпелі
қазақтардың өз көршілерімн қарым-қатынасы, олардың тыныс-тіршілігі
суреттеледі. Осы шығарманың қазақ тарихына қатысты тұстарын В.В.Веньяминов-
Зернов (1830 – 1904), сондай-ақ жекелеген үзінділерін қазақтың белгілі
тарихшысы С.Асфендиаров (1889 – 1938) та тәржімалаған. Шежіренің нұсқалары
Ленинград пен Душанбе кітапханаларында сақтаулы. Тарихи Рашидиде
кетерілген басты мәселенің бір – Сейіт хан мен Мұхаммед Хайдардың, Қасым
ханның ордасында қонақ болған кезінде сұхбаттасқан түрі тақырып
төңірегіндегі әңгімелері. Мұнда еөшпелі дала тұрғындарының әдет-ғұрып,
әлеуметтік-психологиялық, этнографиялық ерекшеліктері сөз болады. Мына
төмендегі шағын үзіндіде сол кездегі қазақ халқының этностық ерекшелігі,
өзіндік психологиясы жақсы көрсетілген: ...Біз – даланың халқымыз, бізде
сирек ұшырасатын, қымбат заттарымыз жоқ, біздің көңіл көтеретін жеріміз –
малдың жайылымы мен жылқы үйірі, сондықтан біз жылқыға көзіміз тоймай
қызыға қарап тамашалаймыз...
Дала адамдарына жылқысыз өмір – қараң қалған өмір...
...Біздегі ең кәусар ішімдік жылқының сүті және одан жасалатын сусын –
қымыз... егер де менің өтінішімді орындаудың ең жақсы жоғарғысы не деп
сұраса, онда Сізді мейман достықпен құрметке бөлеуді айтқан болар едім.
Мұхаммед Хайдар Дулати сол кездері құрыла бастаған Қазақ хандығының
күш-қуатын ерен тұлғалардың, аса қабілетті басшылардың қадір-қасиеттеріне
қарай таразылайды. Оның ойынша, білікті ел басшысы – мемлекет күштілігінің
тұтқасы. Автор осындай ерен тұлға қатарына Қасым ханды жатқызып. Қасым
салған қасқа жол деген ұлағатты сөздің мән-мағынасын түсіндіреді.
Қасым хан билік құрған кезде Қазақ хандығы өзінің саяси-әлеуметтік
қуатымен бүкіл Еуропа жұртына мәлім болғаны белгілі (299). Хандықтың
территориясы батыста Сырдарияның оңтүстік жағалауынан басталып, оңтүстік-
батыс Түркістанға дейін жетіп, оңтүстік-шығыста Жетісудың бөлігіндегі таулы
алқаптарды қамтыған. Хандық халқының саны бір миллионнан асып, орыс князі
Василий ІІІ бірінші болып онымен дипломатиялық байланыс орнатқан (108,445)
[2.109-111б.].

психологиялық көзқарастары.
Осы кезеңде қазақ жерін Ресей империясы түгелдей жаулап алуын
аяқтады. Өлкеге ішкі жақтан қоныстаушылар ағыла бастады. Ел билігімен
қатар, жер билігі де түгелдей патша әкімдерінің қолына көшті, жекелеген
өнеркәсіп орындары, сауда-саттық, ақша қатынасы дами түсті. Патшалық езгіге
қарасты күресте қанаты қатая түскен орыстың төңкерісшіл демократиялық
мәдениеті әр түрлі келімсектер арқылы қазақ даласына еніп, ол бұқара
халықтың жүрегін жылытатынын байқатты. Қала мәдеиетінің ықпалы күшейді,
ғылым мен мәдениетке қазақ жастарының ықпалы арта түсті.
Дала халқының сана-сезімі ояна түскен осынау кезеңде қоғамдық аренаға
халқымыздың аяулы перзенттері – ұлы демократ ойшылдары Ш.Уалиханов,
Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтар шықты.
Қазақ топырағында қоғам прогресс үшін ғылым-білімнің маңызын ерекше
көре білген Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов бүкіл әлемдік өркениет қорынан
мейлінше мол сусындаған, жан-жақты білімді, озат ойлы, ерекше дарынды адам
еді. Ол өзін терең тарихшы, ерінбес этнограф, батыл саяхатшы, талмас
географ, білгір әдебиетші, шебер суретші, жалынды публицист, жан сырын
ұққыш нәзік психолог ретінде көрсете білді. Не бары отыз-ақ жыл өмір сүрген
Шоқан аз ғұмырының ішінде білім-ғылымның көптеген салаларына бағасын мәңгі
жоймайтын үлес қосты.
Шоқан еңбектерінде психологиялық мәселелерге байланысты әр түрлі
сипаттағы деректер баршылық. Осылардың ішінде басқа мәселелерден көбірек
сөз болғаны – халқымыздың ұлттық санасы, оның ішінде өзіндік психологиялық
ерекшеліктері туралы мәселе еді.
Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстан тарихы мен этнографиясын
зерттеген шовинистік рухтағы орыс ғалымдарының еңбектерінде халқымыздың
ондаған ғасырлар тарихы бар мәдениетіне қиянат жасалып, екінші сорттағы
халық деп келгені белгілі.
Осындай келеңсіз көзқарасқа қыр жағдайында алғаш қирата соққы беріп,
туған халқының ұлттық ар-намысын қызғыштай қорғап, қазақ халқын тағы
халық деп қарау мүлде қате, бұл білместіктен айтылған сөз, халқымыз
ертеден елдігі, өзіндік өнері бар, ылғи да көшіп-қонудың салдарынан оқу-
білімінен кенжелеу қалса да, рухани дүниесі бай, прогресс атаулыға
ұмтылған, жаңалыққа ерекше бейім халық деп тебіренеді. Осымен қатар
Шоқанның алдына қойған тағы бір мақсаты өз халқының өмірін жете зерттеп,
кең даласы мен дархан халқын берісі орыс, арысы еуропа жұртшылығына
таныстыру еді. Сондықтан ол өз еңбектеріне дала халқының қоғамдық өміріне
ерекше үңіліп, жан-жақты зерттейді. Бұл жерде ол танымдық жағынан зор
ғылыми маңызы бар деректер келтіріп қана қоймай, кейбір қисынды ой
топшылауларын да ортаға салды. Шоқан өз халқының тарихын мәдениетін ерте
танылған елдермен сабақтастыра сипаттайды: Біздің бай және поэзиялық құны
жоғары, реалистік әдебиетіміз бар. Ол Шығыстың эпосына емес, индогермандық
эпосқа ұқсайды, - деп ой түйіндей келе, ол қазақтардың рухани байлығын
өркениеті аса бай ірі елдермен төркіндестіре қарайды. Енді бір еңбегінде ол
былай деп жазады: Түрік тектес халықтардың ішінде поэтикалық қабілеті
жағынан қазақ бірінші орын алады. Біздің Шығысты зерттеуші ғалымдарымыздың
арабтар туралы айтқан сөзі қазақтарға дәл келеді. Қазақтар да бәдәулер
сияқты жаратылысынан өлеңші және ақын.
Ұлттық психика өнер саласында ерекше көрінеді, өйткені өнер
адамдарының өз айналасын көркем түрде қабылдап алу ерекшеліктерін,
біртіндеп қалыптасқан халықтық эстетикалық талғамдарын көрсететін қоғамдық
сананың бір формасы.
Ы.Алтынсарин де Шоқан сияқты арнаулы психологиялық еңбектер жазып
қалдырмаған кісі, әйтсе де оның сан алуан ойға толы шығармаларынан (оқу
құралдары, хаттары мен жазбалары, т.б.) қоғамдық және педагогикалық
психология мәселелеріне орайлас айтылған көптеген қызықты деректер
табылады. Бұл пікірлер оның өзі айналысқан практикалық істерінен туындаған
сияқты. Ой қозғаған осындай түйіндерге: бала және оны тәрбиелеу жолдары,
оқыту процесінің психологиялық, педагогикалық негіздері, мұғалім-ұстаз
проблемалары, қоғамдық психология мәселелері, т.б. жатқызуға болады.
Ы.Алтынсарин өз христоматиясында жас өспірімдердің жан дүниесін,
ақыл-ойын қалыптастыруға ұдайы көңіл бөлу меткеп пен ата-ананың ортақ
міндеті деп есептеді. Көшпелі қазақ баласының айналасын дұрыс қабылдай
алуы, осыған орай оның байқағыштық қасиеттерін арыттыру, жетілдіру мақсатын
көздеп, Христоматияға үнді ертегісінен мынандай бір тамаша үзінді берген:
Біреу ағашқа іліп қойған етін ұрлатып алып, айналасына жар салады. Аласа
бойлы, қолында қысқа мылтығы бар, соңында тарақ құйрық иті бар, бір қарт
адам көрдіңізбе? деп.Бұл кісіні әркім көрген екен, сілтеумен барып тауып,
ұрысып ұстапты-мыс. Ауылдас адамдары үндіден Ұрының түсі-түгін қайдан
білдіңіз? - деп сұрапты. Сонда үнді айтыпты дейді: - Ұрының, аласа бойлы
екенін білгенім менің қолыммен ілінген етімді, ол ағаштың астына тас қойып,
соның үстіне шығып алыпты. Қарт екенін білгенім жүргендегі ізінен байқадым-
адымының арасы тым жақын екен. Мылтығының қысқа екенін: Етімді ұрларда,
мылтығын ағашқа сүйеп қойған екен, сонда мылтықтың аузы ағаштың кішкене
қабығын жырып кетіпті, жер мен сол жырылған қабықтың арасынан шамаладым.
Ұрының қасында иті бар екенін және ол иттің әрі кішкентай, құйрығы тарақ
құйрық екенін білгенім етімді ұрлап жатқанда, ит анадай бір құмайттырақ
жерде отырған екен; Соның құмға түсіп қалған ізінен және бұлғаңдатқан
құйрығының табынан байқадым депті – міс.
Ы.Алтынсарин осы үзіндіде байқағыш болудың адам өмірінде, оның дүние
тануында қаншама маңыз алатынын, тіпті мұндай қасиет білімі жоқ, бірақ өмір
тәжірибесі мол адамдардың басынан да біртіндей қалыптасатынын сөз етеді де,
шәкірттерді, өмірді жан-жақты зерттеп білуге, түймедейден түйедейді таба
білетін ізденімпаз, зерделі болуға меңзейді.
Психология ғылымы - адам өмірінде әр түрлі әдеттің алатын орны
ерекше екендігін, істеген істің жүріс – тұрыстың, демалыстың, яғни өмірдің
сан алуан саласының қай-қайсысы да біртіндеп ұнамды не ұнамсыз әрекетке
айналып отыратындығын, бірақ әдеттің де әдеті бар, яғни адамда жағымды
жақсы әдеттер мен қатар жағымсыз, жаман әдеттер де болатындығын ескертеді.
Мәселен, салақтық-жаман әдет, одан тәнге де, жанға да пайда жоқ. Осы орайда
Ы.Алтынсаринның Салақтық атты әңгімесі жағымсыз әдеттің адамға зиянды
екендігін жақсы көрсетеді. Кәрім деген жас жігіт жұмысқа ыждағатты болғаны
мен жуынып, таза жүруді білмейді. Ақыры сол тазалыққа бейғамдығының
кесірінен ауырып, қайтыс болады.
Бала жанының зергері Ы.Алтынсарин әңгімелерінің бәрі-бәрі де
балалардың жас ерекшеліктеріне орай тілі жеңіл, мазмұны тартымды, олардың
жан-дүниесіне әсер етерліктей етіп іріктелініп алынған. Осы әңгімелерде
мұғалімдер мен ата-аналардың балаларды әр түрлі ізгі қасиеттерге тәрбиелеу
мақсаты көзделеді.
Ақын творчествосында психологияның негізгі мәселесі – жан мен тәннің
арақатынасы, адамның психологиялық даму жолындағы тәрбие мен білімнің
атқаратын қызыметі, сондай-ақ бала психологиясымен қоғамдық, ұлттық
психологияның жекеленген мәселелері де ( адамның жеке басына және жас
денгейіне байланысты ерекшеліктер, әдеп, үлгі-өнеге, өзін-өзі тәрбиелеу
жайлы оқу мен үйретудің психологиялық негіздері, ұлттық мінез-құлық, т.б.)
көрініс тапқан. Ол бұларды талдап – талқылағанда адамның психологиялық
өмірінің қыры мен сырына жаратылыстық-ғылыми тұрғыда түсініктеме бере
қоймайды. Алайда Абай тұжырымдамаларының ауқымы мен тереңдігі - оның әлем
психологтарының еңбектері мен таныс болғандығын айқын дәлелдейді. Нақтырақ
айтсақ оның, психологиялық көзқарастары Аристотель, Әл-Фараби
көзқарастарымен астарласып жатады. Оның таным процесіне байланысты
материялистік түсініктері аллаға сену мен жанның мәнгілігі туралы ұғымдар
мен араласып отырады. Өлсе өлер табиғат, адам өлмес , Көк тұман-
алдыңдағы келер заман, т.б. Өлеңдерінде ойшыл ақын адамның тәні ғана
өледі, ал жаны ешқашанда өлмейді деп тұжырымдайды.
Абай қоршаған ортаның шындығын мойындап отырып ақыл мен сана еңбек
барысында қалыптасатындығы туралы: ақыл, ғылым-бұлар кәсіби,-дейді.
Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек,- деп, Абай адамның ішкі жан-дүниесінің
ақыл сезім және қайрат секілді қуаттарын бір тұтас етіп алады. Он жетінші
сөзінде (Қайрат, ақыл, жүректің сөз таластыруы) тек бірлесіп,
ынтымақтасқан жағдайда ғана күш алатын үш түрлі жан құбылысын әдеби –
публицистикалық тұрғыдан көрсетпек болады. Ойшыл ақын негізгі үш басту-
ақыл, сезім және қайрат арасындағы тартыс арқылы адам мінезінің қарама-
қайшылықтарын дұрыс түсіндіреді. Осы сұхпаттың логикалық үйлесімі дәлелдері
терминдік сөздердің байлығы (мақста, кішіпейілділік, әділдік ,
қайырымдылық, елгезектік, қатыгездік, реніш, аброй, қайрат, жауыздық, қулық
т.б.) оқырманды қайран қалдырады.
Ақын қағидаларында қоршаған әлемді тану үшін адамға алдымен- не
көрдің, естідің, әрнешік білдің, соны тездікпенен ұғып... алу; екінші –
... бір нәрсені естіп, көріп білдің, қош келдің қазір соған ұқсағандарды
тексерерсің. Түгел ұқсаған ба? Яки бір ғана жерден құсағандығы бар ма?
Әрнешік сол іске бір келіскен жері бар нәрселердің бәрін ойлап, білгенін
тексеріп, білмегенін сұрап, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz