Психология ғылымындағы ойлау мен сөйлеу арақатынасы



Кіріспе

І.Бөлім
1.1. Ойлау мен сөйлеу
1.2.Ойлау
1.3.Сөйлеу ойлаудың құралы ретінде
1.4. Ойлау мен сөйлеудің арақатынасы
1.5. Бастауыш мектеп оқушыларының ойлауы мен сөйлеуі арақатынасын салыстырмалы эксперименттік зерттеу

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Егеменді мемлекеттің жағдайында өскелең ұрпаққа тәлім- тәрбие – тәрбие беріп, олардың білімін барынша жоғарғы сатыға көтеруде, ғылымда өзінің жемісті нәтижелерін берген теориялар мен қағидаларды басшылыққа ала отырып, психологиялық зерттеулерді жаңаша бағдарда жүргізу керек екенін талап етеді. Осы бағытта тиісті мақсатты жүзеге асыру үшін, біз психология ғылымындағы ойлау мен сөйлеу арақатынасы / проблемасы/ жөнінде қарастырсақ.
Ойлау және сөйлеу проблемасы сана іс - әрекетінің сан алуан түрлері, түрлі психологиялық функциялардың қатынастары жөніндегі сияқты психологиялық проблемалар шеңберіне жатады. Ойлау мен сөйлеу проблемасы – психология ғылымының өзі сияқты көне, сондықтан ойдың сөзге қатынасы мәселесі аз да болса зерттелген болып есептеледі. Ғылыми психологияда соңғы онжылдық көлемінде билік еткен атамистік және функцияоналдық талдау кейбір психологиялық функциялар жекелеген жағдайда қарастырылып, психологиялық таныш әдісі осы жекелеген процестерді зерттеуде қолдануға жетілдіріледі.
1. Жинкина Н.И., Шемякина Ф.Н. Мышление и речь. Москва 1963
2. Выготский Л.С. Мышление и речь м:, Лабиринг 1986
3. Выготский Л.С. Основы дефектологии собр. Чос. М. Педагогика
4. Пиаже Ж., Инельдер Б. Генезис элементарных логических структур классификации и сериации М., 1968
5. Выготский Л.С. Психология. Москва 2000
6. Мұқанов М.М. Ақыл-ой өрісі. Алматы, 1980
7. Алдамұратов Ә.Ж. Оқушылардың ойлау әрекетін дамыту. Бастауыш мектеп №11., 1999
8. Шайжанова Қ.И. Бастауыш сынып оқушыларында жазбаша тілді қалыптастыру арқылы ойлауын дамыту. Алматы 2002
9. Аймауытов Ж. Психология, Алматы, 1938

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

І-Бөлім
1.1. Ойлау мен сөйлеу
1.2.Ойлау
1.3.Сөйлеу ойлаудың құралы ретінде
1.4. Ойлау мен сөйлеудің арақатынасы
1.5. Бастауыш мектеп оқушыларының ойлауы мен сөйлеуі арақатынасын
салыстырмалы эксперименттік зерттеу

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Егеменді мемлекеттің жағдайында өскелең
ұрпаққа тәлім- тәрбие – тәрбие беріп, олардың білімін барынша жоғарғы
сатыға көтеруде, ғылымда өзінің жемісті нәтижелерін берген теориялар мен
қағидаларды басшылыққа ала отырып, психологиялық зерттеулерді жаңаша
бағдарда жүргізу керек екенін талап етеді. Осы бағытта тиісті мақсатты
жүзеге асыру үшін, біз психология ғылымындағы ойлау мен сөйлеу арақатынасы
проблемасы жөнінде қарастырсақ.
Ойлау және сөйлеу проблемасы сана іс - әрекетінің сан алуан
түрлері, түрлі психологиялық функциялардың қатынастары жөніндегі сияқты
психологиялық проблемалар шеңберіне жатады. Ойлау мен сөйлеу проблемасы –
психология ғылымының өзі сияқты көне, сондықтан ойдың сөзге қатынасы
мәселесі аз да болса зерттелген болып есептеледі. Ғылыми психологияда соңғы
онжылдық көлемінде билік еткен атамистік және функцияоналдық талдау кейбір
психологиялық функциялар жекелеген жағдайда қарастырылып, психологиялық
таныш әдісі осы жекелеген процестерді зерттеуде қолдануға жетілдіріледі.
Сол уақытта функциялар байланысы, оларды сана құрылымында ұйымдастыру
проблемасы барлық уақтытта зерттеушелердің назарынан тыс қалды. Егер бұл
проблеманың зерттелу тарихын қарасақ, ойдың сөзге қатынасы туралы орталық
пункт зерттеушілердің назарынан шет қалғанына көз жеткіземіз.
Ойлау мен сөйлеу жөніндегі түрлі зерттеулер осы күнге өз шешімін
таппады. Ойлау мен сөйлеуді психологиялық тіл білімі ретіндегі ертерек
көнеден тежелген рефлекс ретінде қарастырды. Бұл тізбекке қосылатын барлық
зерттеулер өзінің, туындау мәні бойынша ойлау мен сөйлеу табиғатында ойдың
сөзге қатынасы жөніндегі мәселені шешу мүмкін еместігінен бұрын тоқтатуға
дейін барды.

1.1 Ойлау мен сөйлеу.
Адамның ойлану әрекеті тікелей сезімдік таным процестерімен ғана
емес, тілмен де, сөйлеумен де тығыз байланысты. Міне, осындай ерекшелік
адам психикасының жануарлар психикасынан сапалық өзгешелігін көрсетеді.
Жануарлардың қарапайым ойы нақтылы әрекетке байланысты, ол жанама,
абстракты ой бола алмайды.
Адам сөйлеу, дыбысты тіл нәтижесінде нәрселер мен құбылыстардың мәнді,
тұрақты белгілерін ой арқылы бейнелей алады. Бұл ретте, тіл адам ойының
заттық қабыршағы болып табылады. Адамның ойы әрбір нәрсенің сипаты мен
қасиеттерін сөз арқылы ажыратып көрсете алады. Сөйтіп, заттар мен
құбылыстарды әртарапты танып білуге мүмкіндік туады.
Адам тілдік материалдар негізінде ойланады. Өз ой-пікірлерінің жүйесін,
нәрселер жайындағы нақты түсініктерін жасайды. Әрбір ойдың ақиқаттығы ой
талқысы арқылы қарастырылады. Адам ойының жүйелі болып, оның нәрселердің
мәнін түсініп білуі сөйлеу арқылы жүзеге асып, өзгелерге жеткізіледі.
Адамның ойы тілмен, анық сөйлеумен тығыз байланысты және ойлау осы тілдік
марериал арқылы өзінің шындығы мен ақиқаттығын бейнелей алады.

Ойлау процесінің психологиялық және логикалық астарлары.
Адамның дүниетанымы қоғамдық-тарихи даму нәтижесінде өрістейді. Ол
табиғатқа әсер етіп, қоғамды өзінің белсенді-әрекетімен байытады. Сөйтіп,
адамзаттың ғылыми білімі дамып, белгілі бір жүйеге түседі. Басқаша
айтқанда, адамдардың танып білу процесінде тіл арқылы жинақталып
қорытылған білімі мен оның нәтижелері жүйеленіп, ғылым салаларына
бөлінеді. Мысалы: физика, химия, биология, тарих, социология, психология
т.б. Танымдық процестердің осы тарихи дамуы және олардың ғылым жүйелеріне
жіктеліп бөлінуі дүниетану теориясын немесе гносеологияны құрайды.
Гносеология- философия мен логиканың дүниетану теориясын құрайтын құрамдас
бөлігі, танып білудің теориялық негізі.
Логика ғылымы ойлаудың формаларын, ұғымдар мен пікірлерді, ой
қорытындыларын және ойлау заңдарын зерттейді.
Ұғым - болмыстағы нәрселер мен құбылыстардың жалпы, мәнді және өзіндік
белгі қасиеттерін бейнелейтін ойлау формасы. Мысалы, "адам" деген ұғымның
мәні оның өндіріс құралын жасап шығаратын қабілеті бар, дыбысты тіл арқылы
сөйлесетін ақыл иесі екендігін білдіреді. Ал "емтихан" деген ұғымның мәнісі
– оқушылардың, студенттердің білім деңгейін анықтап, олардың дәрежесін
тиісті белгілермен анықтайтын оқу процесі. Ұғымдардың мазмұны пікірлер
арқылы ашылады. Мұнда нәрсе мен оның қасиет белгілері арасындағы
байланыстар ашып көрсетіледі. Мысалы, металдарды қыздырса, олардың көлемі
ұлғаяды. Бұл пікірдің формуласын – S дегеніміз P, не S дегеніміз P емес
деп жазып көрсетеміз. Пікірлер сапаларына қарай қостаушы, терістеуші
болады. Мәселен, Жер Күнді айналады – S дегеніміз P; Су металл емес – S
дегеніміз P емес. Пікірлер ақиқат және жалған болып келеді. Астана –
Қазақстанның астанасы (S дегеніміз P) Пікірлер сан жөнінен
жалпы, ішінара, дара болып бөлінеді. Сапа мен сан жағынан біріктіріп,
оларды мынадай таңбалармен белгілейміз: A,E,I,O. Пікірлер екі түрлі
тәсілдермен құралады: а) Тікелей қабылдау арқылы құралатын пікірлер.
Мысалы, (Мына бала сабақты нашар даярлады.)
ә) Жанама жолмен не ой қорытындысы, ой талқысы арқылы жасалатын
пікірлер. Логика ғылымында пікірлер бұдан басқа да негіздерге сүйене
отырып, түрлі-түрлі болып бөлінеді.
Ой қорытындылары бойынша алғышарттар негізінде ұғымдар мен пікірлердің
байланысынан жаңа пікірлер аламыз не ой қорытындысынан шығарамыз. Мәселен,
үлкен алғы шарт: Барлық металлдар электр тогын өткізеді; кіші алғышарт:
сынап та – металл. Қорытынды: олай болса, сынап таэлектр тогын өткізеді. Ой
қорытындыларының мынадай үш түрін ажыратамыз: дедукциялық ой қорытындысы,
оған металлдардың электр тогын өткізетіні туралы жоғарыдағы мысалды
келтіруге болады. "Дедукция" – латын сөзі, қазақша мағынасы – шығару. Ой
қорытындысының бұл түрі бойынша ой жүйесі жалпы жағдайдан жеке, дара
жағдайға қарай өрбиді. Индукциялық ой қорытындысы – ой қорытындысының
жекеден жалпыға қарай дамып отыратын түрі. Мысалы, Алматыда өткен жетіде
дүйсенбі күні ауаның температурасы 200С-тан асқан жоқ. Сейсенбі ,
сәрсенбі күндері де ссолай болды. Жұма, сенбі күндері 18-190 С болды. Ой
қорытындысын үшінші түрі – традукция деп аталады. Оған аналогия арқылы
жасалатын ой қорытындылары жатады. Бұл – жеке-дара жағдайдан жекеге қарай
өрбіп отыратын ой қорытындысы. Дедукциялық ой қорытындысының кең тараған
түрі – силлогизм. Формальдық логикада зерттелген мәселелер – дұрыс ойлаудың
формалары мен заңдары. Ғылыми пән ойлау формалары мен заңдарды қолдана
отырып, нәрселер мен құбылыстардың ақиқаттығы мен шындығын такнып
білуді мақсат етеді.
Ойлау әрекетінің ерекше мәнді тағы бір жағы бар. Ол – ойлау процесінің
өзі. Психология ғылымы әрбір дара адамда осы ойлау процесінің қалайша
дамып, өрістеп отыратынын зерттейді. Оқыту процесінде ойлаудың дамуы,
білімдерді ойлау әрекеттері арқылы меңгеру, ойын, оқу, еңбек процестерінде
ойлауды дамыту мәселелері – психология ғылымы қарастыратын жайттар. Әрбір
жеке адамда ойлау процесі қалайша пайда болып, дамып жетіледі деген
мәселенің мән-жайы психологияда осы бағытта қарастырылады. Ал логика
ойлауды таным процесі деп санап, шындықты, ақиқатты нендей әдістер арқылы
танып, білуге болатындығын анықтауды көздейді. Қорыта айтқанда, логика
ойлаудың жемісті болу жолдарын іздестірсе, психология сол процестің даму
заңдылықтарын зерттейді.
Ойлау – дербес процесс. Ойлауды психологиялық тұрғыдан зерттеу
дегеніміз – оның ішкі, танымдық құпия мәнін және жемісті болуының себебін
ашып көрсету, яғни психология детерминизм принципіне сүйене отырып,
ойлаудың мәнін зерттейді, әрбір адамның өзіндік ойлау ерекшеліктерін
дамытып отыруға баса мән береді.
Ж.Пиаже ойлаудың осы ең күрделі тәсілі – формальдық операция жасауға
үйрену жеткіншектерде 12-13 жаста басталынады, оған дейінгілерге
кездеспейді деген болатын. Осылай деу жеткіншектің ақыл-ойға орай
мүмкіншілігін жоғары дәрежеде деп бғалау болып есептелінеді.
Ж.Пиаженің соңғы еңбегінде жеткіншектер өздерінің жаңа ақыл-ой санасын
олар үшін маңызды әрі қызықты әрекет сферасына таңдамалы түрде қолданады.
Ал басқа жағдайда бұрыңғы дағдыларды қолданады. Сондықтан да жеке адамның
ақыл-ой потенциялын жариялау үшін ең алдымен өзіндік қызығушылықтар
сферасын бөліп алу қажет. Онда өзіндік икемділіктер максимальды түрде
көрініс береді және есепті осы икемділікке қарай құру қажет.
Кейбір психологтар (В.В.Давыдова) баланың абстрактылы ойынның дамуына
ерекше мән береді. Абстрактылы ой дегеніміз нақты заттарға мән бермей
(ұмтылып), солардың негізгі белгілерін біріктіріп, жалпылап бейнелеу.
Жеткіншекте осы тәсіл кеңінен өріс алғанымен, оның бұрын келген нақты ойы
бірден жоқ болып кетпейді. Сонымен қатар, жеткншек жекеден жалпыға
(индукция), жалпыдан жекеге (дедукция) ой үстінде көшіп отырады. Немесе
бұлар нәрселердің сырын көбінесе жорамал амалына (аналогияға) сүйеніп
біледі. Тиісті мәселенің сырын жорамалға сүйеніп білу ойланудың ең жоғарғы
түрі болып саналады. Жеткіншек тиісті мәселені шешу кезінде бәлкім,
солай болуы мүмкін немесе; егер бұлай болса, онда анау солай болады,
осылай деуден мынадай қорытынды шығады, осылай, не былай тағы сол
сияқты тәсілдерді математика, физика сабақтарында қолдануға үйренеді.
Мұндай формальдық операцияларды ойша қолдана алу, жеткіншектің ой-өрісін
кеңейтіп, келесі міндеттерді шешуге жағдай туғызады.
Ой арқылы мәселені шешу қабілеті жеткіншектерде недәуір қалыптасып
қалған. Осының өзі жеткіншектерде ой өрісінің одан әрі дамытуында мүмкіндік
туғызады.
Егер адам бір құбылысты затты бейне арқылы қабылдаса, онда ол
жағдайды көп рет айқын анық түрде көбірек қабылдайды, - деп жазды
Л.В.Луначарский. сондықтан әрбір оқытушы жеткіншетердің қабылдау
ерекшелігін максимальды түрде қолдану керек.
Л.Ширунг, Х.Кобес, Е.Кестер (Берлин, 1976) жеткіншектердің оқу
процесіндегі танымдық іс-әрекеттің жандандыру үшін әртүрлі бейнелі
көрнекіліктерді, логикалық схемаларды қолдану қажет екенін айтты.
Мұндай көрнекі құралдарды сабақ барысында қолдану В.Янтостың (Берлин,
1976) ойынша, жеткіншектердің творчестволық ойлауын, өздері бұрын көріп
жүрген бір объектінің жаңа қасиетін көру, өз бетімен информацияларды іздеуі
тағы басқа қызығушылықтары дамиды деді.
Ал С.М.Джакупов (1992) өз еңбегінде бейнелі көрнекіліктердің құралдарын
мазмұны мен сипатына қарай және көріну тәсіліне байланысты;бейнелі және
шартты – графикалық екіге бөліп, оларға жеке-жеке анықтама берді.
Бейнелі құралдар – адамдарды, заттарды, оқиғаларды шындық түрде іске
асатындай етіп көрсетсе, ал шартты–графикалықта – уақытта және кеңістікте
орналасуын бейнелейді. Және қарым-қатынас пен байланыстың әр түрін түрліше
іске асырады.
Гуманитарлық ғылымды оқытуда адам және қоғам дамуының ішкі заңдылығын
ашуда, сонымен бірге онда өтетін процестердің мәнін ашуда абстрактілі
материалдың ролі өте зор. Шартты-графикалық көрнекілікте осындай нақты
материал арқылы жеткіншектердің абстрактылы түсінікткрі құрылады және
кеңейеді. Гуманитарлық ғылымды оқытуда символдық немесе логикалық
көрнекіліктер маңызды роль атқарады. (Статикалық таблица, график, схема,
цифр т.б.). Оқу материалын әсерлі қабылдап меңгеруде немесе абстрактылы
талдап қорытуда логикалық схемаларды пайдаланады. Оларды құру үшін әртүрлі
геометриялық фигуралар, стрелкалар, бөлек сызықтар және тағы басқа
логикалық – математикалық символдарда пайдаланады. Логикалық схема
нәтижесін құру және қолдану түрлі болып келеді. Логикалық схема түрлерін
бейнелеуде көру қабілетінде тітіркендіргіш пайда болады. Ал оқуға зейіні
күшейіп, тұрақтылығы көбірек қалыптасады. Кейде тіпті жай схемаларды
қолданудың өзі жеткіншектердің зейінін жандандырып меңгерген информацияны
есте сақатау процесін басқару қабылдау мен зейін процесін басқаруға
қарағанда маңызды емес, демек әрекеттің мимикалық күшті әсернің (есте
сақтау әрекеті) жоғары көрсеткіші мұғалімге байланысты емес, ол жеткіншекке
байланысты. Сонда да кейбір психологиялық заңдылықтары бойынша
жеткіншектердің есте сақтауын оқу материалын қабылдау процесінде іске асыру
керек.

1.2. Ойлау
Ойлау дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс –
қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Ойлау дегеніміз – адам осының негізінде заттар мен шындық
құбылыстардың елеулі белгілері бойынша бейнелендіретін және олардың ішінде
сондай-ақ арасында болатын әртүрлі байланыстарды ашатын психикалық процесс.
Ойлау қыбалдау елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау
танымның бірінші баспалдағы болғандықтан олардан тыс ешбір ойлау болмайды.
Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Ойлау сезімдік
мағлұматтардың негізінде ғана мүмкін болатын нәрсе.
Ойлаудың түрлері:
1. Теориялық ойлау. Адамның белгілі бір заттар мен құбылыстар бойынша
ұғымдар мен елестер арқылы білімді меңгеру. Соның негізінде кез-келген
заттың нәрсенің шығу тегін қандай түрге жататынын, оның
классификациясын тәжірибе жүзінде дәлелдеп, оның тұжырымдамасын
баяндауын айтамыз. Яғни айтылған зерттелген құбылыстар бойынша
теориялық негізделе жасалады. Әр адам өзінің пікірін білдіруде
көзқарасын айтуда осындай теориялық заңдылықтарға сүйене отырып
түсіндіреді.
2. Практикалық ойлауға көшу теориялық ойлауды жан-жақты толық меңгеруге
байланысты. Адамның өмірде алғандарын, көріп білгендерін, тоқығандарын
яғни теориялық білімдерін іс жүзінде қолдану, пайдалану.
3. Нақтылы бейнелі ойлау. Белгілі бір заттарды нәрселерді сипаттауда, сол
заттың көрнекі түрде нақтылы болуын айтамыз.
4. Сөздік логикалық ойлау. Жаңа мағлұмат пен және соңғы мағлұмат
бөлшектері арасындағы жүйелі мағыналық байланыс жасауға негіздерді
айтамыз.
Ойлаудың түрлері әртүрлі жағдайлармен ерекшеленеді. Теориялық
практикалық түрі шешілетін тапсырмалардың мінездемесімен, сипатымен
ерекшеленеді.
Көрнекі әрекет, көрнекі бейнелік, сөздік логикалық, сыртқы пішінімен
ерекшеленеді.
Қосымша ойлаудың түрі.
Продуктивті ойлау. Ерекшелігі шығармашылық ойлау барысында пайда
болатын жаңалықтар және қайталанбас белгілі бір түр ңұсқалық табыстар.
Репродуктивті ойлау қайта жасалу, қайта жасау процесі.
Интуитивті ойлау негізгі ерекшелігі мәліметтердің жайылу деңгейінің
шексіздігімен ерекшеленеді.
Ойлау формалары.
Ұғым – болмыстағы заттар мен құбылыстардың жалпы мәнді және өзіндік
белгі қасиеттерін бейнелейтін ойлау формасы.
Пікір – айналадағы болып жатқан құбылыстарға өзінің қатынасын
білдіру.
Ой қорытындысын – ол 3-ке бөлінеді.
1. Дедуктивті ой қорытындысы дегеніміз ой жүйесі жалпы жағдайдан жеке дара
жағдайға қарай ойысуын айтамыз;
2. Индуктивті ой қорытындысы жекеден жалпыға қарай ойысу;
3. Традуктивті ой қорытындысы жеке дара жағдайдан жекеге қарай ойысып
отырады.
Ойлау операциялары.
Талдау – заттардың ойша жеке бөліктерге қасиеттерге бөлінуі (пішіні,
түсі, дәмі т.б.).
Топтау – осы ойша бөлінген бөлшектері мен қасиеттерінің ойша біртұтас
болып қосылуы.
Салыстыру – заттар мен құбылыстардың сәйкестігі салыстырылып оалрдың
айырмашылықтары, қарама-қарсылығын, ұқсастығын ойша табу.
Дерексіздендіру – біртұтас заттың басқа бөлшектерден ерекшеленеді.
Жалғыз бір қасиеттің ойша бөлініп алынуы. Бұл операция талдау арқылы жүзеге
асады.
Талдап қорыту – заттардың ойша біріктірілуі және олардың ортақ қасиеті
мен бейнеленуі.

Б) Сөйлеу
Сөйлеу дегеніміз - тілдің көмегімен қарым-қатынас жасау процесі.
Тіл – адам қоғамының рухани өмірінде объективті түрде өмір сүретін
құбылыс. Тіл қатынасы негізінен әңгімелесушілердің өзара ақпарат алмасуынан
қалыптасады. Бұл ақпарат алмасу тіл қатынасының коммуникативтік сипатын
құрайды. Тілдесудің екінші тарапы - сөйлеушілердің өзара ықпалы, яғни
сөйлесу барысындағы сөз алмасу ғана емес, сонымен қатар бір бірінің
әрекетін, қылығын танып, оны өзгеріске келтіруі, жауап беруі. Үшінші ақырғы
тарапы тіл қатынасы сөйлеу арқылы адамдардың бірін бірі қабылдап, өздерінің
психологиялық бейнесін түзуі. Сонымен, біртұтас тілдесу процесінде 3 бағыт
байқалады: коммуникативті, интерактивті, перцептивті. Осы үшеуі бір-біріне
байланысты тілдесудің қырлары бірлікті қызмет орындауымен сол қызметке
араласқан адамдардың өзара қатынасын ұйымдастырудың әдісін құрайды.
Сөз сөйлеу стилін әртүрлі мамандығына байланысты және қалыптасқан
дағдысына байланысты бірнеше түрге бөліп қарастырады. Бұлар күнделікті
тұрмыстық, ғылыми, көркем және іскерлік болып бөлінеді.
Сөйлеудің түрлері. Сөйлеуді сыртқы сөз – дауыстап сөйлеу және іштей
сөйлеу деп 2 топқа бөлеміз.
Сыртқы сөйлеу ауызша және жазбаша сөйлеуге, диалогты және монологты
болып бөлінеді.
Диалогтық сөйлеус – екі немесе бірнеше адамдардың тікелей қарым-
қатынас жасай білуі.
Монологты сөйлеу – бір адамның өзінің ойын, білімін ұзақ уақыт
жйүелей сабақтай баяндауын айтамыз.
Жазбаша сөйлеу – бұл кейде идеографиялық сөз сөйлеу деп атайды.
Жазбаша сөз ауызша сөйлеуге қарағанда, ой-пікірді кеңінен, жүйелі, ерікті
түрде жеткізеді.
Іштей сөйлеу – адамның практикалық іс-әрекетімен теориялық ой-пікірі
жоспарланып, белгілі жүйеге салынуы. Іштей сөйлеуде адамның жыбырлап, тілі
қозғалып, дыбыс сыртқа шықпайды.
Сөйлеудің қызметі.
Коммуникативті түрдегі сөйлеудің қызметі – сөйлеу арқылы өзінің
білімін, қатынасын, сезінуін сыртқа шығару. Бұл қызмет дауыстап сөйлеу
арқылы жүзеге асады.
Сигнификативтік - бұл заттың атауын, қимылды, қалыпты т.б. білдіреді.
Экспрессивті қызметі – барынша ашық дауыспен жағымды үнмен ойын айқын
білуді айтамыз. Бұны кейде фастенация қызметі дейді.

Сөйлеудің теориясы
Сөйлеу теорияларының ішіндегі алғашқы үйрену теориясында адамда
сөйлеудің дамуы мен қалыптасуының негізгі механизмі еліктеу болып табылад
мұнда балада еліктеу іштен туа берілетін қажеттілік және қабылет болады.
жағымды эмоционалдық еліктеу болғанда адам сөйлеудің дыбыстарын жылдам
меңгеруге алып келеді. сонымен сөйлеуді меңгеру оның негізгі элементтерін
меңгеруге жетелейді.
Алайда бұл теория тілді меңгеру процесін, оның ішінде ерте бала шақта
баланың жылдам сөйлеуді меңгеруін толықтай түсіндіріп бере алмайды. Бұған
қоса кез-келген қабілеттің дамуы үшін, соның ішінде сөйлеу қабілетінің
дамуында нышан болуы қажет, онсыз үйрету нәтижесінде қол жеткізілмейді. Бұл
теория тұрғысынан баланың сөз шығармашылығын, сондай – ақ ересектерде
кездеспейдін баланың сөйлеуі дамуы кезеңдерін түсіну қиын, яғни еліктеу
әдісімен игерілмейтінлер.
Тәжірибе көрсеткендей, үлкендер балаларға грамматикалық жағынан
дұрыс, семантикалық нақты хабарларды бекітеді. Осыған қарап, сөйлеуді
үйрету теориясы шеңберінде балаларда сөздік пікірлерді грамматикалық
жағынан дұрыс, жылдам қалыптастыруды түсіндіру күрделі.
Сөйлеу теорияларының ішіндегі келесісінің авторы Н.Хомский болды. Ол
адамның миы мен ағзасында туылғаннан меңгерудің негізгі атрибуттарында
бірнеше спецификалық нышандар болады деп тұжырымдайды. Бұл нышандар шамамен
1 жасқа жуық пісіп жетіледі және 1 жастан 3 жасқа дейін сөйлеудің шұғыл
дамуы үшін мүмкіндік ашады. Бұл жас сөйлеудің қалыптасуы үшін сензитивтік
деп аталады. Бұдан да кеңірек жас шеңберінде адам өмірінде 1 жасқа жуық
жыныстық жетілуге дейінгі аралықты алады. Мұнда қарым-қатынастың құралы
ретінде тілді меңгеру ғана емес, сондай-ақ оны сөйлеу құралының түсініктік
деңгейінде меңгеруді меңзейді.
Тағы бір тілді меңгерудің танымал теориясы когнитивтік, яғни танымдық
теория деп аталады. Бұл теорияға сәйкес сөйлеудің дамуы туылғаннан балаға
тән информацияны интеллектуалды түрде қайта өңдеу және қабылдау
қабілеттеріне тәуелді. Мұнда баланың сөз шығармашылығының ішкі себептерден
пайда болатынын еске салады. Сөздік даму басқалай емес, ойлаудың дамуына
тәуелді.
Бұл теорияның ішіндегі бірден бір негізгісі баланың алғаш рет
айтқан сөзін өзі түсіне алатындығы дәлелденген. Бұған қоса балалар әдетте
өзін қызықтыратын зат, нәрсе туралы айтады. Демек сөйлеудің дамуына баланың
мотивациясы әсер етеді.
Сөйлеудің дамуын психолингвистикалық тұрғыдан оның құрылымының
жеткілікті дәрежеде құрылуы ретінде қарастыруға болады. Осы көзқараста
сөйлеудің даму процесінде үздіксіз қайталанатын ойдан сөзге, сөзден ойға
өту жүреді және бұл мазмұны жағынан саналы түрде сезіледі. Бастапқы ой
сөзде қалыптасып, бір уақытта фраза және сөйлем ретінде жүреді. Баланың
сөйлеуді меңгеруі дыбыстық тітіркендіргіштер жиынтығынан сөздік каналдарды
бөлуден басталады, сонан кейін қабылдауында бұл сигналдар сөзде, сөйлемде,
фразада бірігеді. Осылардың негізінде ойлау мен сөйлеу қалыптасады. Мұнда
ойдың сөзге ауысу процесі кері бағытта жүреді.

1.3.Сөйлеу ойлаудың құралы ретінде
Сөйлеудің интеллектуалды функциясы көрінуін қалай түсінуге болады.
бұл көрінуді адамның сөйлеуінің оның ойлауын ұйымдастырудағы атқаратын
рөлін көрсету ретінде түсінген жөн. Сөйлеудің барлық уақытта ойлау
процесіне қатысқанын анықтауда біз сөйлеудің интеллектуалдық функциясы
туралы сөз ете аламыз.
Белгілі болғанындай ойлау немесе ой бір уақытта процесс ретінде және
осы процестің нәтижесі ретінде көріне алады. Ойлау өзімен бірге тапсырманы
шешу процесін ұсынады және егер оны бағыттап реттейтін сөйлеу қатынасса,
онда біз сөйлеудің ойлауға белсенді қатысуын көрсетеміз.
Тапсырманы шешудің нәтижесі ретінде қандай да бір ой не идея түседі.
Әдетте ол сөзде көрінеді. Бұл жағдайда сөз сөйлеудің бөлшегі ретінде
ойлаумен тығыз байланысты болады. Ең соңында, адамға тән ойлау дамуының
жоғары деңгейі – сөздік-логикалық ойлауда сөйлеу ойлау процесін
ұйымдастырушы ішкі құрал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Когнитивтік лингвистика тілдің танымдық табиғи болмысын зерттейтін ғылым
Когнитивті лингвистика мен қазақ тіл білімінің байланысы
Жүсіпбек Аймауытов шығармаларындағы психологизм
Қарым-қатынасқа және сөйлеуге жалпы сипаттама
Когнитивті лингвистика – жеке ғылым саласы
Түйсік пен қабылдау
Когнитивтік парадигмадағы терминология
Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш» еңбегі ХХ ғасыр басындағы әдебиеттану ғылымының контексінде
Іс -әрекет психологиясын қалыптастыруға қажетті негіз
Психодиагностиканың даму тарихы
Пәндер