Африка материгінің жер бедері мен геологиялық даму тарихы


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:
Африка материгінің жер бедері мен геологиялық даму тарихы.
Жоспары:
- Географиялық орны
- Жер бедері формалары
- Жер бедерінің табиғатының қалыптасуына әсері
- Геологиялық даму тарихы
Жердің Евразиядан кейінгі көлемі жағынан екінші үлкен материк. Оған қарасты аралдармен қоса есептегенде, ауданы 30. 3 млн км2, аралдарсыз 29. 2 млн км2
Африка материгі Евразиямен тығыз байланысты, оларды тек Қызыл теңіз бен Жерорта теңізі бөліп тұр. Африка мен Евразия шығыс жарты шардың бір тұтас құрлық массивін құрайды. Материктің шеткі нүктелері- солтүстікте Эль-Абьяд мүйісі, оңтүстікте - Игольный мүйісі, Африка солтүстіктен оңтүстікке 8 мың км созылып жатыр. Материктің ең жалпақ бөлігі экватордан солтүстікте 10 ◦ пен 16 ◦ аралығында жатыр. Шығыстағы және батыстағы нүктелері - Альмади мүйісі және Хафун мүйісі. Африка жағалауында аралдар онша көп емес. Олардың ішінде ең үлкені Мадагаскар. Үнді мұхитында одан басқа Сокотра, Занзибар, Пемба, Мафия, Комор, Маскарен аралдары бар. Олар түгел материктен пайда болған және материкке таяу жатыр. Атлант мұхитында материктік және вулкандық аралдар бар. Олар: Мадейра, Канар, Жасыл мүйіс, Масиас-Нгема-Биого, Принсипи, Сан-Томе, Аннабон.
Орографиясы жағынан тым көп бөлшектенген Евразияға қарағанда Африканың жері керісінше бет құрылысы біркелкі және пішінінің қарапайм болуымен ерекшеленеді. Оның рельефінде биіктігі 200 метрден 1000 метрге дейін баратын жазықтықтар мен тау үстірттері басым. Жерінің 10% жуығын ойпатты, ал 20% біраз астамын таулы аймақтар алып жатыр. Материктің шеткі бөлігі әдеттегідей ішкі аудандармен салыстырғанда көтеріңкі келеді. Олардың орташа биіктігі 750м құрайды. Африканың экватордың екі капталындағы негізінен тропиктік-экваторлық кеңістік алабындағы орны жоғары температураның басым болуына себепші болса, ішкі бөліктерінің онша тілімденбеуі әрі тұйықтығы Африкаға тән континенттік туғызады.
Африка жағаларын Атлант және Үнді мұхиттары шайып жатады. Атлант мұхиты оның жағасындағы бірден-бір ірі шығанақ -Гвинея шығанағы. Африканың аз жырымдалған батыс жағасын бойлай енсіз (100 км. дейін) материктік қайраңдар өнірі созылып жатыр, оның қия беткейі су асты үстірттеріне және оларды бөліп тұрған шұңғымалармен бөлінген. Орта Атлант жотасынан шығыста, Африканың қарсысында, терендігі 3000 метрден 7200 метрге дейін жететін Канар. Жасыл Мүйіс, Гвинея, Ангола, Кап және Агульяс қазан шұңқырлары жатыр. Қазан шұңқырлардың тегіс түбі кей жерлерде тау қыркаларымен күрделеніп тұрады, олардың вулкандық шыңдары Канар, Жасыл Мүйіс және т. б. аралдар түрінде көтеріліп тұрады. 20° о. е. манында, Ангола мен Кап қазан шұнқырларының аралығынан Африка жағаларына су асты Кит жотасы жақындап келеді.
Африка жағалауындағы Атлант мүхитында екі жарты шардың да ағыстарының күрделі тұйық жүйесін құрайтын солтүстік және оңтустік жарты шарлардың пассаттық циркуляциясы басым болады. Солтүстікте және оңтүстікте биік ендіктерден экваторға қарай Канар мен Бенгаль суық ағыстары бағыт алады. Олар солтүстік жәве оңтүстік тұйық айналмалық шығыс тармақтары болып келеді де Африканың батыс жағаларына біршама суық су алып шығады. Әсіресе қуаттысы - Бенгалъ ағысы, онын әсері экватор-дың өзіне дейін дерлік айқын сезіліп тұрады. Африканың батыс жағаларында үздіксіз соғып тұратын оңтүстік бағытының желдері судың жоғарғы қабатын айдайды, бұл үнемі экватор жаққа қарай қозғалатын суық терендік суларының жоғары көтерілуін туғызады.
Солтүстік айналымның онтүстік бөлігі мен оңтүстік айналымның солтүстік бөлігі Солтүстік және Оңтүстік Пассат ағыстарын туғызады. Африка жағалауынан пассат ағыстарының тармақтары батысқа бағыт алады. Олардың арасынан батыстан шығысқа карай экваторлық қарсы ағыс өтеді, оның шығыс бөлігін Гвинея ағысы деп атайды. Ағыстар Африка жағаларындағы жоғарғы қабат сулары температурасының таралуына айтарлықтай ықпал жасайды. Атлантиканын Африка жағаларындағы тұздылығы мұхиттың қалыпты тұздылығына жуық. Бұған пассат шөліне (әсіресе Сахараға) қарама-қарсы орналасқан акватория жатпайды, оның тұздылығы 37‰-ге дейін жетеді, Азор аралдарынан оңтүстік-батысқа карай 37, 9% 0 -ге дейін артады. Африканы шығысы мен оңтүстік шығысынан жиектейтін Үнді мұхитының солтүстік-батыс бөлігі Гондвананың ыдырауының нәтижесінде бордан кейінгі кезеңде қалыптасты. Мұхиттың басқа бөліктерінен оның солтүстік батыс бөлігін Аравия-Үнді су асты жотасы бөліп тұрады. Оның шегінде тереңдігі 5000 метрден асып түсетін шұңқырлар бар. Қазан шұңқырларды бөліп тұратын су асты жоталарының шыңдарын сулкандық және маржандық аралдар құрайды. Үнді мұхитының солтүстік және солтүстік-батыс бөліктеріндегі ағыстар жүйесін субэкваторлық және тропиктік белдеудің пассаттық және муссондық циркуляциясы айқындайды. Экватордан оңтүстікке қарай Африка жағалары маңынан Мозамбик және Игольный мүйісі жылы ағыстары өтеді. СОңғысы- Дүние жүзіндегі мұхииттың ең тұрақты және күшті ағыстарының бірі. Тұтас алғанда, Үнді мұхитында 10 ○ о. е. солтүстікке қарай жыл бойы судың температурасы үлкен тереңдіктерге дейін жоғары. Оның ең жылы болатын кезі мамыр айы. Африка жағаларындағы судың тұздылығы 35-36 промилле
Африканың даму ерекшеліктері оның жер беті құрылысының сипатты ерекшеліктерін айқындайды. Материктің көпшілік бөлігін Африка платформасы алып жатыр. Оған перм, карбон және триастан бастап, неогенге, антропогенге дейінгі тегістелу беттері кең тараған жазық рельеф тән, олардың арасында оқшау шығып тұрған жақпарлы тау массивтері мен вулкандвқ таулар бар. Платформаның қазіргі негізгі құрылымдық элементтері палеозойджың басынан қалған. Солтүстік, Сахара Аравия бөлігіне палеозойлық және фанерозойлық жэамылғысы бар плиталар мен синеклизалардың таралуы тән., олардың арасында архей, протерозой фундаментінің көтеріңкі учаскелері орналасқан.
Платформаның Камерун-Қызыл теңіздің солтүстік шеті сызығынан оңтүстік шығысқа қарай жатқан бөлігі көтерілуі басым тенденцияны бастан өткерген әсіресе шығыста күшті тектоникалық жандануғаұшыраған. Қызыл теңіз рифтімен қақ жарылған Нубия-Аравия қалқаны Мозамбик протерозой қатпарлық белдеуі жатады. Платформаның солтүстігі мен оңтүстігінде қатпарлық аймақтармен белдеуленген. Оңтүстікте ол палеозойлық Кап облысы, солтүстікте Жерорта теңіздік белдеудің бір бөлігі болып табылатын Атлас қатпарлы аймағы. Африка шегіндегі негізгі жазықтық -платформалық сморфоқұрылымдардың типтері мыналар:
рхей, протерозой фундаментіндегі тұғырлы жазықтар мен таулы үстірттер. Африканың солтүстігінде олардың биіктіктері әдетте 500 м-ден аспайды. Және оқта-текте 1000м жетеді.
Горизонталь немесе еңкіш және сатылы қабатты жазықтар мен қыраттар олар ежелгі синеклизалардың шеткері жағындағы шөгінді жамылғы кең тараған аудандарда және мезозой мен кайназойдың бірінші жартысында шөккен материктің шеттеріне тән.
Беті неогеннің және антропогеннің теңіздік және континенттік шөгінділерінен тұратын аккумуляциялық жазықтар.
Таулы Рельеф Африка платформасының жанданған учаскелеріне де материктің солтүстік және оңтүстік аймақтарының жас қатпарлық учаскелеріне тән. Платформа шегінде жарылулар мен вулканизммен қоса қабат жүрген мезокайназойлық және неотектоникалық көтерілулердің нәтижесінде пайда болған қайта жаңарған эпиплатформалық таулар мен таулы қыраттар етек алған. Олар негізінен Африканың шығыс шетіне және оны кесіп өтетін рифтік зоналар бойына тән. Бірақ таулы рельефтің жекелеген учаскелері тектоникалық жандануға ұшыраған массивтермен байланысты жазықтық-платформалық облыстардың арасында да орналасады. Жаңарған таулардың морфоқұрылымдық типтері мынадай:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz