Қаржы саясатының теориялық аспектілері


Мазмұны

Кіріспе 3

1 Қаржы саясатының теориялық аспектілері 5
1.1 Қаржы саясаты түсінігі, мақсаты, мазмұны, міндеттері 5
1.2 Қаржы саясатының формалары 9

2 ҚР қазіргі кездегі қаржы саясатын талдау 11
2.1 Қаржы саясатының қоғамның әлеуметтік
дамуына тигізетін ықпалы 11
2.2 Қаржы саясатының салықтық фискалды саласын талдау 15

3 Қазіргі кезде қаржы саясатын жетілдіру жолдары 21

Қорытынды 25

Қолданылған әдебиеттер тізімі 27
Кіріспе


Саясат мемлекет қызметінің барлық бағыттарын қамтиды. Саяси ықпал жасаудың элементі болып табылатын қоғамдық қатынастардың сферасына қарай экономикалық немесе әлеуметтік, мәдени немесе техникалық, қаржы немесе кредит, ішкі немесе сыртқы саясат туралы айтады.
Бұдан бұрын айтылғандай, кез келген қоғамда мемлекет қаржыны өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін, белгілі бір мақсаттарға жету үшін пайдаланады. Қойылған мақсаттарды іске асыруда қаржы саясаты маңызды рөл атқарады. Оны жасап, жүзеге асыру процесінде қоғам алдында тұрған міндеттерді орындаудың шарттары қамтамасыз етіледі; ол экономикалық мүдделерге ықпал жасаудың белгілі құралы балып табылады.
Қаржы саясаты – бұл қоғамның элеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі міндеттерді шешу үшін қаржыны пайдалану жөніндегі мемлекеттің нысаналы қызметі, қаржыны басқарудың түпкілікті мақсаты, оның нақтылы нәтижесі. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі болып табылады.
Материалистік диалектика жүйесінде түрлі басқа саясат сияқты қаржы саясаты қондырмаға жатады, ал қаржы саясатында білінетін және өндірістік қатынастардың, белгілі бір экономикалық формацияның бір бөлігі ретінде көрінетін қаржы қатынастары базистік болып табылады. Қаржы саясатын жасау процесінде елдің алдына қойылған міндеттердің орындалуы үшін материалдық жағдайлар қамтамасыз етіледі. Сондықтан тап қаржы саясаты экономика мен әлеуметтік сфераға ықпал жасаудың белсенді тетігі болып табылады.
Демек, қаржы саясаты қаржы ресурстарын іздестіру, шоғырландыру және жинақтау және экономикалық саясат жасайтын дамудың бағыттары бойынша оларды бөлудің міндеттерін шешеді.
Қаржы саясаты өзіне бюджет, салық, ақша, кредит, баға және кеден саясатын қамтиды. Өз кезегінде мемлекеттің қаржы саясаты тек оның экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асырудың құралы болып келеді, яғни қосалқы рөлді орындайды. Мемлекеттік саясаттың басқа да бағыттарын – ұлттық, геосаясатты, әскери саясаттарды да ұмытуға болмайды.
Қаржыны басқарудың бүкіл жүйесі мемлекеттің қаржы саясатына негізделеді. Қаржы саясатын жасауға биліктің заңнамалық және атқарушы тармақтары қатысады. Қазақстан Республикасында оның конституциялық ерекшеліктеріне қарай жалпы экономикалық саясат сияқты қаржы саясатын жасаудағы басымдық Қазақстан Республикасының Президентіне жатады, ол жыл сайынғы Жолдауында ағымдағы жылға және перспективаға арналған қаржы саясатының басты бағыттарын анықтайды. Үекімет экономиканы дамытудың басты бағыттарын жүзеге асыру және қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатымен осы Жолдаудың шеңберінде іс-қимыл жасауы тиіс. Осыған орай биліктің атқарушы тармағының бір бөлігі ретінде Үкімет қаржы саясатын іске асыруға қажетті заңдардың жобаларын жасайды және оларды қарап, қабылдау үшін Президентке тапсырады.
Мезгілінің ұзақтылығына және шешілетін мәселелердің сипатына қарай қаржы саясаты қаржы стратегиясы мен қаржы тактикасы болып бөлінеді.
Қаржы стратегиясы экономикалық және әлеуметтік стратегия мен анықталып, перспективаға есептелген және ірі ауқымды міндеттерді шешуді қарастыратын қаржы саясатының ұзақ мерзімді курсы. Ол макроэкономикалық процестер дамуының ұзақ кезеңіне бағытталған, ал оның шеңберіндегі күнделікті міндеттер басты стратегиялық мақсатқа жетудің кезеңдері ретінде жүзеге асырылып отырады. Сөйтіп, қаржы саясатының мазмұны экономикалық жүйеде қаржыны пайдаланудың стратегиялық бағыттылығымен үнемі анықталып отырады.
Қаржы стратегиясын мемлекет қоғам дамуының ірі тарихи кезеңдеріне үлестіре отырып жасайды. Оны жасау процесінде қаржыны дамытудың негізгі тенденциялары болжанады, оны пайдаланудың тұжырымдары қалыптасады, қаржы қатынастардың ұйымдастырудың қағидаттары белгіленеді. Ұзақ мерзімді мақсаттарды таңдап алу және қаржы саясатында мақсатты бағдарламаларды жасау қаржы ресурстарын экономикалық және әлеуметтік дамудың басты бағыттарында шоғырландыруды қажет етеді.
Зерттеу жұмысының мақсаты қазіргі кездегі қаржы саясатын зерттеу
Зерттеу міндеттері
- Қаржы саясатының теориялық аспектілерін талдау;
- Қаржы саясаты түсінігі, мақсаты, мазмұны, міндеттерін ашу;
- Қаржы саясатының формаларын қарастыру;
- ҚР қазіргі кездегі қаржы саясатын талдау;
- Қаржы саясатының қоғамның әлеуметтік дамуына тигізетін ықпалын анықтау;
- Қаржы саясатының салықтық фискалды саласын талдау;
- Қазіргі кезде қаржы саясатын жетілдіру жолдарын анықтау
Қолданылған әдебиеттер тізімі


1 Финансовая система Казахстана. Зейнельгабдин А.Б.,Астана – 2008 г.
2 Налоги РК и развитых стран. Нурумов А.А., 2005 г.
3 Основы финансов. Мельников В.Д., Алматы – 2007 г.
4 Банковское дело. Сейткасимов Г. С., 2007 г.
5 Налоги и налогообложение в РК. Нурхалиева Д.М., 2007 г.
6 Налоговое право РК. Худяков А.И.,2003 г.
7 Банковская система Казахстана. Сейткасимов Г.С., 2008 г.
8 Макконнелл К. Р., Брю С. Л. Экономика. Баку. 1992. Т. 1. Гл. 17.
9 Обухов Н. П. Кредитный рынок и денежная политика // Финансы. 1995. № 2. С. 21 - 22.
10 Самуэльсон П. Экономика. М. 1992. Т. 1. Гл. 16, 17.
11 Фишер С. Дорнбуш Р. Шмальгези Р. Экономика. М. 1993. Гл. 27, 29.
12 Чекмаева Е. Н. Межбанковский кредитный рынок и его регулирование // Деньги и кредит. 1994. № 5-6. С. 68 - 71.
13 Сақтағанұлы, Төлбек. Экономикалық ілімдер тарихы: оқу құралы / жауапты ред. Н. Даужанов.- Қызылорда, 1999.- 87 б.
14 Сафрончук, Марина Валентиновна. Микроэкономика С 218 конспект лекций : учеб. пособие.- М.: Эксмо, 2006.- 253, с.: ил., табл
15 Сәбден, Оразәлі. ХХІ ғасырға қандай экономикамен кіреміз Алматы: Қазақстан, 1997 ж.- 192 б.
16 Тактамысова, Данара Ануаровна. Экономическая теория: ответы на вопросы студенту.- М.: Экзамен,2006. 48с

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Көлемі: 23 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 500 теңге




Мазмұны

Кіріспе
3
1 Қаржы саясатының теориялық аспектілері 5
1.1 Қаржы саясаты түсінігі, мақсаты, мазмұны, міндеттері
5
1.2 Қаржы саясатының формалары 9
2 ҚР қазіргі кездегі қаржы саясатын талдау
11
2.1 Қаржы саясатының қоғамның әлеуметтік
дамуына тигізетін ықпалы 11
2.2 Қаржы саясатының салықтық фискалды саласын талдау 15
3 Қазіргі кезде қаржы саясатын жетілдіру жолдары
21
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі
27

Кіріспе

Саясат мемлекет қызметінің барлық бағыттарын қамтиды. Саяси ықпал
жасаудың элементі болып табылатын қоғамдық қатынастардың сферасына қарай
экономикалық немесе әлеуметтік, мәдени немесе техникалық, қаржы немесе
кредит, ішкі немесе сыртқы саясат туралы айтады.
Бұдан бұрын айтылғандай, кез келген қоғамда мемлекет қаржыны өзінің
функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін, белгілі бір мақсаттарға жету
үшін пайдаланады. Қойылған мақсаттарды іске асыруда қаржы саясаты маңызды
рөл атқарады. Оны жасап, жүзеге асыру процесінде қоғам алдында тұрған
міндеттерді орындаудың шарттары қамтамасыз етіледі; ол экономикалық
мүдделерге ықпал жасаудың белгілі құралы балып табылады.
Қаржы саясаты – бұл қоғамның элеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі
міндеттерді шешу үшін қаржыны пайдалану жөніндегі мемлекеттің нысаналы
қызметі, қаржыны басқарудың түпкілікті мақсаты, оның нақтылы нәтижесі. Ол
мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі болып табылады.
Материалистік диалектика жүйесінде түрлі басқа саясат сияқты қаржы
саясаты қондырмаға жатады, ал қаржы саясатында білінетін және өндірістік
қатынастардың, белгілі бір экономикалық формацияның бір бөлігі ретінде
көрінетін қаржы қатынастары базистік болып табылады. Қаржы саясатын жасау
процесінде елдің алдына қойылған міндеттердің орындалуы үшін материалдық
жағдайлар қамтамасыз етіледі. Сондықтан тап қаржы саясаты экономика мен
әлеуметтік сфераға ықпал жасаудың белсенді тетігі болып табылады.
Демек, қаржы саясаты қаржы ресурстарын іздестіру, шоғырландыру және
жинақтау және экономикалық саясат жасайтын дамудың бағыттары бойынша оларды
бөлудің міндеттерін шешеді.
Қаржы саясаты өзіне бюджет, салық, ақша, кредит, баға және кеден
саясатын қамтиды. Өз кезегінде мемлекеттің қаржы саясаты тек оның
экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асырудың құралы болып келеді,
яғни қосалқы рөлді орындайды. Мемлекеттік саясаттың басқа да бағыттарын –
ұлттық, геосаясатты, әскери саясаттарды да ұмытуға болмайды.
Қаржыны басқарудың бүкіл жүйесі мемлекеттің қаржы саясатына
негізделеді. Қаржы саясатын жасауға биліктің заңнамалық және атқарушы
тармақтары қатысады. Қазақстан Республикасында оның конституциялық
ерекшеліктеріне қарай жалпы экономикалық саясат сияқты қаржы саясатын
жасаудағы басымдық Қазақстан Республикасының Президентіне жатады, ол жыл
сайынғы Жолдауында ағымдағы жылға және перспективаға арналған қаржы
саясатының басты бағыттарын анықтайды. Үекімет экономиканы дамытудың басты
бағыттарын жүзеге асыру және қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз
ету мақсатымен осы Жолдаудың шеңберінде іс-қимыл жасауы тиіс. Осыған орай
биліктің атқарушы тармағының бір бөлігі ретінде Үкімет қаржы саясатын іске
асыруға қажетті заңдардың жобаларын жасайды және оларды қарап, қабылдау
үшін Президентке тапсырады.
Мезгілінің ұзақтылығына және шешілетін мәселелердің сипатына қарай
қаржы саясаты қаржы стратегиясы мен қаржы тактикасы болып бөлінеді.
Қаржы стратегиясы экономикалық және әлеуметтік стратегия мен
анықталып, перспективаға есептелген және ірі ауқымды міндеттерді шешуді
қарастыратын қаржы саясатының ұзақ мерзімді курсы. Ол макроэкономикалық
процестер дамуының ұзақ кезеңіне бағытталған, ал оның шеңберіндегі
күнделікті міндеттер басты стратегиялық мақсатқа жетудің кезеңдері ретінде
жүзеге асырылып отырады. Сөйтіп, қаржы саясатының мазмұны экономикалық
жүйеде қаржыны пайдаланудың стратегиялық бағыттылығымен үнемі анықталып
отырады.
Қаржы стратегиясын мемлекет қоғам дамуының ірі тарихи кезеңдеріне
үлестіре отырып жасайды. Оны жасау процесінде қаржыны дамытудың негізгі
тенденциялары болжанады, оны пайдаланудың тұжырымдары қалыптасады, қаржы
қатынастардың ұйымдастырудың қағидаттары белгіленеді. Ұзақ мерзімді
мақсаттарды таңдап алу және қаржы саясатында мақсатты бағдарламаларды жасау
қаржы ресурстарын экономикалық және әлеуметтік дамудың басты бағыттарында
шоғырландыруды қажет етеді.
Зерттеу жұмысының мақсаты қазіргі кездегі қаржы саясатын зерттеу
Зерттеу міндеттері
- Қаржы саясатының теориялық аспектілерін талдау;
- Қаржы саясаты түсінігі, мақсаты, мазмұны, міндеттерін ашу;
- Қаржы саясатының формаларын қарастыру;
- ҚР қазіргі кездегі қаржы саясатын талдау;
- Қаржы саясатының қоғамның әлеуметтік дамуына тигізетін ықпалын
анықтау;
- Қаржы саясатының салықтық фискалды саласын талдау;
- Қазіргі кезде қаржы саясатын жетілдіру жолдарын анықтау

1 Қаржы саясатының теориялық аспектілері

1.1 Қаржы саясаты түсінігі, мақсаты, мазмұны, міндеттері

Экономикалық дағдарыстан шығу және одан әрі серпінді даму мемлекеттің
сындарлы және негізгі саясаты арқылы болуы мүмкін. Жүргізіліп отырған қаржы
саясатының басты субъектісі мемлекет болып табылады. Ол қоғамның ұзақ
перспективаға арналған қаржысын дамытудың басты бағыттарының стратегиясын
жасайды және алдағы кезеңге арналған міндеттерді, қаражаттарды және оған
жетудің жолдарын анықтайды.
Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны экономикалық заңдардың іс-
әрекетін ескере отырып және қоғамның даму міндеттеріне сәйкес қаржыны
жоспарлы ұйымдастыру болып табылады. Қоғамдық дамудың әрбір кезеңінде қаржы
саясатының өзіне тән белгілері болады, ол экономиканың жай-күйін, қоғамның
материалдық және мәдени өмірінің толғағы жеткен қажеттіліктерін және басқа
факторларды ескере отырып, түрлі міндеттерді шешеді.
Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны айтарлықтай күрделі, өйткені ол
шаралардың ауқымды кешенін, оны дәйекті жүзеге асыру стадияларын қамтиды,
олар:
- экономикалық заңдардың әрекеті, экономиканың жай-күйі, қоғамның
әлеуметтік-экономикалық дамуының перспективалары негізінде
елдегі қаржының ғылыми негізделген тұжырымдамасын әзірлеу;
- экономикалық саясаттың тиісті мақсаттары мен міндеттерін
негіздей отырып, қаржы саясатының стратегиялық және тактикалық
шараларын тұжырымдау;
- белгіленген іс-әрекеттерді қаржы механизмі арқылы экономикалық
қайта құрудың түбегейлігіне қарай оны жаңғырта және түзете
отырып іс жүзінде жүзеге асыру.
Осы негізгі үш буынның бірлігі қаржы саясатының мазмұнын анықтайды.
Демек, экономикалық іс-әрекетін есепке ала отырып, қоғамды дамытудың
міндеттеріне байланысты қаржыны ұйымдастыру мен пайдалану мемлекеттің қаржы
саясатының мазмұны болып табылады.
Қазіргі кезеңде қаржы саясатының көмегімен шешілетін басты
міндеттердің қатарына мыналарды жатқызуға болады:
- елдің дамуының әрбір нақты кезеңінің ерекшеліктері негізінде
қаржы ресурстарының неғұрлым мүмкін болатын көлемін жасаудың
жағдайларын қамтамасыз ету;
- қаржы ресурстарын қоғамдық өндірістің сфералары арасында, ұлттық
шаруашылық секторлары арасында ұтымды бөлу және пайдалану,
ресурстарды белгілі бір мақсаттарға бағыттау;
- экономикалық дамудың белгіленген бағыттарын орындау үшін тиісті
қаржы механизмін жасап, оны үнемі жетілдіріп отыру.
Сондықтан Қазақстан жағдайында қаржы саясатының міндеті экономиканы
экономикалық өсудің траекториясына көшіру, ұлттық шаруашылықтың құрылымын
одан әрі жетілдіру негізінде шаруашылық өмірді тұрақтандыру, кәсіпкерлік
қызметті дамыту, мемлекеттік бөліктің үлесін оңтайландыра отырып, меншікті
реформалау, сыртқы экономикалық қызметті ұлғайтып, жандандыру, әлеуметтік
бағдарламаларды қаржыландыру жөнінде шаралар жасап, оларды қаржы механизмі
арқылы іске асыру болып табылады.
Елдегі жүргізіліп жатқан реформаларға сәйкес мемлекеттің қаржы саясаты
мен қаржы жүйесінің қызметі нарық жағдайында қажетті қаржы ресурстарын
жұмылдыруға, оларды бюджетке толық және дер кезінде түсіріп отыруға,
әлеуметтік-экономикалық дамудың мемлекеттік бағдарламаларында қаралған
шараларды үздіксіз қаржыландыруға және материал, еңбек және ақша
ресурстарын мақсатты әрі ұтымды пайдалануға бақылауды күшейтуге
бағытталған. Бұл мақсаттар Қазақстан Республикасының әлеуметтік және
экономикалық дамуының, қоғамдық өмірдің барлық салаларын қайта құрудың
стратегиясын қаржымен қамтамасыз ету қажеттігінен туындайды.
Қаржы сясатының мақсаты – қоғам дамуының аса маңызды қажеттіліктерін
қанағаттандыруға қажет қаржы ресурстарын толық жұмылдыру. Осыған байланысты
қаржы саясаты кәсіпкерлік қызметті жандандыра түсуге қолайлы жағдайлар
жасауға шақырады. Мемлекет пайдасына кәсіпорындардың табысын алудың ұтымды
нысандарын, сондай-ақ қаржы ресурстарын қалыптастыруға халықтың қатысу
үлесін анықтауға көп көңіл бөлінеді. Қоғамдық өндіріс салалары арасында
қаржы ресурстарын бөлу жолымен оларды пайдаланудың тиімділігін арттыруға,
сондай-ақ оларды экономикалық және әлеуметтік дамудың басты бағыттарына
шоғырландыруға үлкен маңыз беріледі.
Таяудағы мақсат ретінде – мемлекеттік бюджет теңгерімділігіне жету
және экономиканы тұрақтандырудың негізінде ұлттық шаруашылықтың қаржы
жағдайын сауықтыру проблемасын шешу.
Қаржы саясатын жүзеге асырудың негізіне жалпы және жеке өзгеше
қағидаттардың толып жатқан қатары қойылуы тиіс.
Қаржы саяатын жүргізгенде оның мына қағидаттарын жүзеге асырудың зор
маңызы бар:
- қолда бар нақты қаржы ресурстарын негіздей отырып, бюджеттерді
жасау, бекіту және атқару кезінде қоғамдық өндірістің барлық
қатысушыларының, әлуметтік, ұлттық және кәсіби топтардың
мүдделерін сақтау;
- қаржы қатынастарының жоспарлы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;
- қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындарында кірістер мен
шығыстардың теңгерімділігі;
- қаржы резервтерін жасау бюджет жүйесінде кірістердің шығыстардан
және алалық қаржыларда қаржы резервтерінің асып түсуі;
- мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасында қаржы
ресурстарын оңтайлы бөлу.
Қаржы саясатының тиімділігін қамтамасыз ететін жалпы қағидаттарға
мыналар жатады:
- объективті әкономикалық заңдардың іс-әрекетін есепке алу;
- нақты тарихи жағдайларды есепке алу;
- өткен жалдардың өзіндік тәжірибесін және дүниежүзілік тәжірибені
есепке алу.
Жеке өзгеше қағидаттарға мыналарды жатқызуға болады:
- қоғамда қаржы жүйесінің ұтымды құрлымын, қаржы қатынастарын
жоспарлы ұйымдастыруды және қаржы механизмінің дұрыс құрылуын
қамтамасыз ету;
- қаржы жүйесінің барлық салалары мен буындарындағы кірістер мен
шығыстардың тепе-теңдігі;
- бюджеттегі кірістердің шығыстардан асып үсетін қаржы резервтерін
жасау;
- салық жүйесін ұтымды құру арқылы экономикалық және әлеуметтік
дамудың маңызды бағыттарына қаржы ресурстарын шоғырландыру;
- негізгі қаржы ресурстарын мемлекет қарамағына жұмылдыру, оларды
мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында тиімді
бөлу;
- қаржы және кредит-ақша саясатының тепе-теңдігі.
Қаржы теориясында Кейнстің қағидалары үлкен рөл атқарады. Оның қаржы
қағидалары келесі жағдайлардан тұрады.
Реттеу – мемлекет экономиканы бар күшімен реттеу керек. Негізгі құралы
бюджеттік саясатты ұстады.
Ұдайы - өндіріс ресурстарының ұсыныс тарапынан емес, сұраныс жағынан
қарастыру керек.
Қаржы саясатын экономикалық саясаттың ажырамас бөлігі ретінде
қарастыру керек
Мемлекеттік шығындардың өсуі жұмыссыздықтың жоюлуына әкеледі. Соның
нәтижесінде мемлекеттік бюджеттің түсімдері де жоғарылайды.
1940-1970 жылдар аралығында барлық дамыған мемлекеттер Кейнстің
тұжырымын енгізді. Бірақ сол жылдарының . Сондықтан Кейнстің заңдары жоққа
шығарылды. А. Смиттің, М. Фридманның тұжырымдары енгізілді.
Кейнстің мектебі 2 бағытта дамыды.
Бағытты ұстаушылар. Жаңа классикалық теорияны қалыптастырды.
Кейнст теориясындағы кемшіліктер және қайшылықтар консерваторлық
теорияны қалады.
Консерваторлық теорияда салықтарға ерекше көңіл бөлінді. Мектеп
өкілдерінің пікірінше салық саясаты ұзақ мерзімді жоспарда экономикалық
өсуді ынталандыруға бағыттауы тиіс. Сөйтіп Лаффердің салық қағидасы пайда
болды.
Салықтар саласындағы фискалыдқ саясат олардың ықпал етунің екі бағытын
қарастыраы: сұранымға (кейнстік үлгі), ұсынымға (ұсыным теориясы). Бірінші
жағдайда салықтар төмендеген кезде жиынтық сұранымы артады. Бұл ұлттық
өнімнің көлемін және бағалардың деңгейін көбейтеді, яғни инфляцияның
қарқыны тездейді.
Екінші, жағдайда салықтардың төмендеуі жиынтық ұсынымды көбейтеді,
өйткені халықтары табыстары мен жинақ ақшалары, ал кәсіпкерлердің өндірісті
инвестициялауы өседі. Қызмткерлердің аз табыс салығы жалақыны көбейтіп,
еңбекке деген ынталандырмаларды күшейтеді, мұның өзі өндірітің ұлғаюына
жеткізеді, бұл ұлттық өнімнің өсуін, бағалардың төмендеуін білдіреді.
Салықтардың инвестициялық қызметке ықпал етуінің теориялық дәлелдемесі
ретінде американ оқымыстылары – “ұсыным экономикасының” өкілдері А.Лаффэр
және басқалары әзірлеген салық салудың үдемелілігімен бюджет кірістері
арасындағы тәуелділік қызмет атқарады.
Лаффэрдің ойы бойынша, бюджетке салық түрінде кәсіпкерлер мен халықтың
табыстарының бүкіл сомасының 30%-ынан артық алуға болмайды. Егер табыстың
40-50% алынатын болса, онда бұл жинақ ақшаны, сонымен бірге экономиканың
жеке секторындағы инвестицияны да қысқартады.
Американ ғалымдарының пікірлері бойынша, егер салықтардың мөлшерлемесі
бойынша белгілі бір, айтарлықтай жоғары деңгейге жететін болса, онда
өндірісті ұлғайтуға, кәсіпкерлік бастамаға арналған ынталандырмалар
қысқарады, пайда азаяды және тиісінше, бюджетке түсетін салық түсімдері
төмендейді.
Жеке табыс салығын салу, фискалдық мағынасынан басқа, маңызды
әлеуметтік функция орындайды – халықтың түрлі әлеуметтік топтарының
табыстарын теңестіруді қамтамасыз етеді. Нақ осы функцияны әлеуметтік
бағдарламалыр бойынша бюджеттік шығыстар да орындайды, соның нәтижесінде
табыстары төмен адамдар табыстары жоғарырақ топқа ауысады, сөйтіп
әлеуметтік теңсіздік біршама қысқарады.
Бұл жағдаятты Лоренцтің қисық сызығы сипаттайды. Деңгейлес білікте
отбасыларының пайызы, ал сатылыста табыс пайызы салынған. Биссектриса
сызбада табыстардағы абсолюттік теңдікті, Лоренцтің сызығы теңсіздікті,
бірақ қисық сызық 1 салықты төленгенге дейінгі, қисық сызық 2 оларды
төленгеннен кейінгі, ал қисық сызық 3 мемлекеттік бюджеттен төленетін
трансферттік төлеуден кейнгіні қамтып көрсетеді. f нүктесі абсолюттік
теңсіздіктің жағдаятын білдіреді. Сызбаның штрихталынған бөлігі салықтарды
төленгеннен кейінгі табыстардың және мемлекеттік бюджеттен төленетін
трансферттік төлемдердің теңсіздік дәрежесін қамтып көрсетеді.
Мөлшерлемелердің шамасымен және тиісінше салықтық алымдардың шамасымен
байланысты болатын салықтық реттеудің маңызды аспектісі ішкі қорланымдарды
ұстаудың және шетелдік инвестицияларды тартудың мүмкіндігі болып табылады.
Жоғары салықтар капиталдарды қолданудан алынатын табыстарға салықтардың аз
мөлшерлемелерімен салық салынуы мүмкін, неғұрлым жайлы салық климаты бар
елдерге капиталдардың безінуін тудырады.
Бұл факторға сондай-ақ салық салу деңгейі төмен немесе тіпті ол
болмайтын “оффшорлық аймақтардың” бар болуы жағдай жасайды. Басқа жағынан,
жоғары салық мөлшерлемелері елге шетелдік капиталдың деңдеп енуіне кедергі
жасайды, мұның өзі ішкі қорланымдардың жетіспеуі кезінде экономиканың
дамуын тежейді.

1.2 Қаржы саясатының формалары

Қаржы саясатының негізгі формалары:
- Салық бюджет саясаты (фискалды)
- Мониторлық саясат (ақша-несие)
Бұл формалары бойынша әр түрлі экономистердің пікірлері сәйкес
келмейді. Кейбір экономистер қаржы теориясын тек фискалды саясаты деп, ал
ақша теориясын монитарлы саясаттың нәтижелері тек мемлекеттегі ақша
заңдылықтарына әсер етіп қана қоймай сонымен қатар басқа да экономиканың
әлеуметтік жағдайының мақсаттарына әкеледі.
Фискалды саясат бұл – мемлекеттік түсімдер, шығындар арқылы
экономиканы реттеу мақсатындағы шаралар жиынтығы.
Фискалды саясаттың 2 бағыты бар:
- Ынталандырушы фискалды саясат
- Шектеуші фискалды саясат
Тікелей қаржылық реттеудің процесін жүргізе отырып, ұлттық табыстарға
кәсіпорындардың, аймақтардың үлесін көбейту немесе азайту арқылы мемлекет
олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады. Бюджттік қаржыға аса зерек
өндірістік емес сфераның жай-күйі де осындай тәртіппен реттеледі. Құлдырау
кезінде ынталандырушы фискалдық саясат жүргізіледі, ол мыналарды
қарастырады:
- мемлекет шығыстарының көбеюі;
- салықтардың төмендеуі;
- мемлекеттің шығыстары артуының үлкен нәтижесін ескере отырып
фискалдық саясаттың бұл бағыттарының үйлесуі.
Тежеушілік фискалдық саясат бюджет артығына жетуге бағдарлануы тиіс.
Артық сұраныммен және инфляция бойынша тежеушілік фискалдық саясат
кері бағыттарды қамтиды:
- мемлекет шығыстарының азаюы;
- салықтардың көбеюі;
- бұл бағыттардың үйлесуі.
Дискредициялық емес фискалдық саясат акценті нарықтық зін-өзі реттеуге
қоя отырып, мемлекеттің қаржы процестеріне аз араласуын қажет етеді.
Дискредициялық емес фискалдық саясат автоматты, яғни кіріктірме
тұрақтандырғыштардың механизмі негізінде іс-әрекет етеді. Бұл жағдайда
экономикалық циклдің түрлі фазаларында салық алынымдарының сомасы ұлттық
өнімнің мөлшеріне тепе-тең түрінде түрленеді: өрлеу кезінде сұранымды
шектей отырып, салық түсімдері өседі және автоматты түрде экономикалық
өсуді тежейді, құлдырау кезінде керісінше, ұлттық өндірістің азаюын
жеңілдете отырып, салық түсімдері төмендейді.

T

тапшылық артық
G

Q Q1 Q2 Q3

Сурет 1 – Фискалды саясаттың позициялары

Автоматты тұрақтандырғыштардың іс-әрекетінің маңызды ерекшелігі бюджет
тапшылықтары мен артығын реттеу болып табылады: бюджет тапшылығы өрлеу
фазасында қысқарады, онан кейін жоғалады және бюджет артығы пайда болады,
бұл инфляцияны тежеуге жәрдемдеседі, өйткені ұлттық өнімнің жоғары деңгейі
инфляциямен жалғасады; құлдырау фазасында құлдырауды жоюға ынталандыратын
бюджет тапшылығы біртіндеп өсе бастайды.
Мониторлы саясат бұл – ақша айналысының, қарыз капиталының, қолма
қолсыз есеп айырысудың көрсеткіштері арқылы шаруашылық канииктураны реттеу
мақсатындағы шаралар жиынтығы
Қазақстан республикасының фискалды саясатын жүргізу органы – Қаржы
министрігі.
Мониторлық саясатты жүргізу органы – Ұлттық Банк

2 ҚР қазіргі кездегі қаржы саясатын талдау

2.1 Қаржы саясатының қоғамның әлеуметтік дамуына тигізетін ықпалы

Елдің әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында қолданылған экономикалық
саясаты макроэкономикалық зерттеудің негізгі бөлігі болып табылады.
Экономикалық саясат ретінде қарастырылатын қаржы инструменттері: салық салу
немесе ақша эмиссиясы, басқаша айтқанда ақша басып шығару тәсілі. Яғни,
аталмыш қаржы инструменттерінің мемлекеттің негізгі макроэкономикалық
көрсеткіштеріне әсерін анықтау маңызды. Атап айтқанда капитал ағымының,
жұмыс орындарының, сондай-ақ өндірістің артуына монетарлық (ақша шығару)
және фискалды саясаттың (салық салу) қаншалықты әсер етеді? Қазақстанның
қазіргі экономикалық жағдайында осы екі саясаттың қайсысы қоғамға зиян-
зардаптары анағұрлым аз болады? Зерттеуді бастамас бұрын бұл мәселе жөнінде
жасалған еңбектерді қысқаша шолу жасаған жөн. Эмпирикалық зерттеулер
бойынша екі инструменттің де зиян-зардап келтірілетін жағдайлар
қарастырылады. Есептеулер негізінде Қазақстандағы мәліметтер жасалған
теорияларға сәйкес келеді, басқаша айтқанда егер инфляция мөлшері 12%-ден
10%-ке азаятын қоғамдағы ЖҰӨ-нің көлемі 0,22%-артады, ал осының нәтижесінде
азайған мемлекеттің бюджеттік кірісі ЖҰӨ артуына байланысты салықтың да өсу
салдарынан компенсацияланады.
Мәселеге байланысты жазылған еңбектердің басым бөлігі инфляция шығыны
төңірегінде қозғалған. Атап айтқанда Дж. Дриффилдың Монетарлық экономика
анатомиясы, сондай-ақ Лукастың Эконометрика деп аталатын еңбектерінде
инфляция шығыны және оның екі жақты әсері талқыланған.
Лукас Бэйлидың жасаған теориясын растай отырып, инфляцияның
нәтижесінде тұтынушы зиянын ақша сұранысы функциясы негізінде анықтауға
болады. Лукас бірқалыпты даму моделі және Американың статистикалық
мәліметтер негізінде номиналды проценттік ставкалврды 14%-тен 3%-ке
азайтқанда нақты табыс тек 0,1%-тен аз мөлшерде артатыны дәләлдеген; сондай-
ақ салық салудың аз мөлшерде ғана проценттік ставкалардың оптималды деңгейі
0-ге жуық сан екенін дәлелдеген.
Қорытындылай келе, Құрама Штаттары үшін монитарлық саясаттың анағұрлым
қолайлы деген тұжырымға келеді. Россиядағы жасалған еңбектер өзгеше
нәтижелер берді.
Мысалы, инфляцияның ЖҰӨ-мен 1992-1996 жылдар мәліметтері бойынша
пропорционалды корреляциясы бар екені дәләлденген, яғни инфляция қарқынының
бәсеңдеуі салықтың бірқалыпты болу жағдайында ақша массасының азаюына және
өндірістің кемуіне себеп болған. Кейінгі жылдары инфляцияның зияны
анағұрлым жоғары екені көрсетілген.
Біздің де есептеулер бойынша инфляцияның зияны салық салуға қарағанда
анағұрлым жоғары екені анықталды. Қаржы саясатының экономикаға әсері
мәселесі бұрыннан пайда болған. Тобинның тұжырымы бойынша тұтынушы
инфляциядан қорғану үшін капиталға салым жасауға, басқаша инвестициялауға
ұмтылады. Кейінгі экономистер арасында салықтың және инфляцияның капитал
немесе инвестицияның көлеміне әсері жөнінде тартыстар басталған.
Олардың келген қорытындалары бойынша инфляцияның өсуі ұзақмерзімді
жоспарда капитал құнының төмендеуіне әсер етеді. Экономиканың өтпелі
кезеңінде инфляцияның капитал өсіміне әсері Фишердың еңбегінде зерттелген.
Осы зерттеу бойынша ақша ұсынысы (инфляция) жоғары болған сайын
капитал аккумуляциясы немесе инвестициялар да артады. Бұл мәселе
Турновскийдің жұмыстарында егжей-тегжейлі қарастырылған. Біздің еңбегімізде
осы саясаттырдың тек салыстырмалы түрде эффективтілігі, сондай-ақ
әрқайсысының қоғамға зиянын анықтауға тырысамыз.
Мемлекет экономикалық жағдайды реттеу және бақылау мақсатында мынадай
салық түрлерін қолданылады: тұтынушыдан алынатын табыс және инфляция
салығы, қосылған құнға салық, сонымен қатар кез- келген пайда көзіне
салынатын салық. Салықтың салынғаннан кейін мемлекет қоғам тауарларының
көлемін белгілейді. Бұл жерде қаржылық саясаттың кері әсерінің мәні
өндіруші, тұтынушы және мемлекет пайдасынан қалыптасады. Экономикада зиянды
қалыптастыратын салық және инфляция әсерін талдауға болады
Сонымен қатар капитал, жұмыс күші, өндіріс көлемі, нақты ақша мөлшері
бірқалыпты немесе тұрақты болған жағдайда екі саясатты қарастыру қажет.
Төменде келтірілген 1-ші кесте бойынша фискалды және монетарлы саясат
параметрлерінің туынды белгілері көрсетілген.
Осы есептеу негізінде өндіріс функциясы неғұрлым аз болған сайын
қоғамның пайдасы да соғұрлым артады. Сондай-ақ осы жерден өте маңызды
қорытындыға келуге болады: салық және ақша шығару эффективтілігі бюджет
табысы және қоғам зиян-зардаптары тұрғысынан қарастырғанда пайдаға салық
тиімді. Басқаша айтқанда пайдаға салынатын салық еш зиян келтірмейді және
ең эффективті қаржы инструменті болып табылады.
Басқа салықтарға келетін болсақ Қазақстанның мәліметтеріне сүйене
отырып мынадай қорытындыға келуге болады: қазіргі Қазақстанның белгілі
инфляция мөлшерінде салық салу (табыс салығы және қосылған құнға салық)
ақша эмиссиясына қарағанда әлде-қайда тиімді болып табылады.
Мақалада c, I,m, k, e және П адам басына шаққандағы көрсеткіштер
қолданылған. Атап айтқанда, c- нақты тұтыну, I-жұмыс күші, m-нақты ақша
массасы, k-капитал мөлшері, e-басқа дa сыртқы экономикалық көрсеткіштер, П-
нақты табыс немесе пайда, δ-капитал құнсыздану мөлшері. Берілген негізгі
функция F(k,I,g) және мемлекеттің белгіленген салық ставкалары α, β, τ
арқылы белгілейміз. Сонымен қатар нақты ақша мен номиналды ақшаның (m)
массаларының қатынасы η және тұтынушылар үшін қоғам құндылықтарының
бағасы qc, ал өндірушілер бағасы gp.
Кесте 1- Мемлекеттік саясаттың туынды белгілері (r0, s0)

х х х х
K 0 0 0
L 0 0 0
M 0 0 0
C - - 0
ω ≥ 0 0 0
F-δk 0 0 0
G - - ≥ 0
E 0 0 0

Өндірушілер бағасын кейде көтерме сауда бағасы, ал тұтынушы бағасын
жекелеп сату бағасы деп атайды. Мемлекетке және бюджетке байланысты барлық
көрсеткіштерді атағаннан кейін қоғамның шығындарын төменде келтірілген
формуламен анықтауға болады:

gs = τ[wls+rk k s+(1-α)П-q1 gc]+ + β(F(kd , ld ,gp )-
(1)
δk d )+ αП+ηms + +qc gc + qpgp

Осыған байланысты Қазақстанның мәліметтеріне негізделе отырып, мынадай
көрсеткіштерге есептеулер жасауға болады:
α - пайдаға салынатын салық мөлшері немесе ставкасы;
β - қосылған құнға салық мөлшері;
τ - табысқа салық мөлшері;
π - инфляция мөлшері (2000-2001 мәліметі).
Қазақстандағы проценттік ставкалардың мөлшері бұл жұмыста
қарастырмаймыз, себебі ол үшін жаңа мәселелерді қозғау керек болады.
Мысалы, мемлекеттік қазына билеттерінің пайыздық мөлшерлемесі 9% құрайды.
Басқаша айтқанда нақты проценттік ставкасы-3% тең деген сөз. Алайда
көптеген құнды қағаз қорларының проценттік ставкасы 30% құраған. Сондықтан
мемлекет бойынша тек бір проценттік ставка ретінде Қазақстан Ұлттық банктің
проценттік ставкасы жуығымен 18% құрайтыны белгілі.
ЖҰӨ-нің көрсеткішін негізге алғаннан кейін мынадай мәліметтерге ие
боламыз: k=2.499, c=0.497, w=0.450, m=0.146.
Өндіріс функцисы үшін берілген параметрлер болса: x1=0.797, x2=0.408,
x3=0.368
Өндіріс функциясының өзгеруінде жұмыс күшінің үлесі 0,408 ал
капиталдың үлесі болса 0,368 құрайды сондықтан да өндіріс функциясы
гомогенді емес деуге болады, себебі өнімнің өсу көрсеткіші және осының
негізінде жұмыс күшінің өсуі нольге тең деп алуға болады. Сонымен, осы
мәліметтер негізінде біз бастапқыда жасаған тұжырымның дәлелін келтіруге
болады. Себебі мәліметтер негізінде инфляция өндіріс көлемі, бюджет табысы
және сеньоражға әсері маңызды емес, сондай бола тұрып ақша массасы инфляция
нәтижесінде едәуір артқан.
Келесі кестелердің мәліметтері негізінде жалпы экономикадағы
көрсеткіштердің инфляция мен салық ставкаларының өзгерісіне тәуелділігі
сипатталады. Экономиканың жалпы жағдайын сипаттайтын енгізгі 6 параметр
алынған, соның ішінде ұлттық өнім, яғни елдің өндіру көлемі; ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның инвестициялық саясатының теориялық аспектілері
Қаржы тәуекелін басқарудың теориялық аспектілері
Есеп саясатының техникалық аспектілері
Қаржы нәтижелерінің түсінігі және теориялық аспектілері
Қаржы мен қаржы саясатының мәні.
Нарық жағдайындағы фирма қызметіндегі тауар саясатының теориялық аспектілері
Нарық қатынастарының теориялық аспектілері
Мемлекеттік кредиттің теориялық аспектілері
Сауда саясатының теориялық негіздері
Инфляцияның теориялық аспектілері
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь