Етістік-бастауыш


Етістік-бастауыш. Зерттелуі, негізгі белгілері, жасалу жолдары. Заттық мағынаны білдіру арқылы бастауыш қызметінде тұратын сөз таптарының бірі-етістік. Нақты айтқанда етістіктің есімше, қимыл есімі түрлері мен ортақ етіс категориясы өздерінің етістікке тән семантикасын сақтай отыра субстантивтеніп бастауыш қызметін атқарады. Бұлардың ішінде, есімшенің қызметі сын есімге ұқсас келеді. Сын есім өзінің сындық сапасын қалай сақтаса, есімше де сын есім секілді өзінің қимылдық сапасын сақтап, қосымша заттық мағына үстеп бастауыш қызметінде қолданылады: а) Есімшеден жасалған бастауыш қимыл иесі-кісі мағынасында көрінеді. Сұрағы кім? және есімшенің жұрнағына сәйкес есімшелі сұрақ(не істеген? Қайткен? т. б) болып келеді:Көрмес-түйені де көрмес. Көзін сүзген- ол, шідерді үзген- мен. Ерінбеген етікші болар. Екі аразды табыстыратын да, айыратын да-арадағы кісі. ә) Баяндаушы сын есімнен, етістіктен, жасалған сөйлемдегі есімше бастауыш кісі мағынасында емес, қимыл есімін білдіретін абстрактілі зат есім мағынасында қолданылады: сұрағы не? Не қылған? Не еткен? Малды шұбырған құртады, етті қуырған құртады. Желінер желінді, ішілер ішілді. Тозбас жасалмайды, өлмес жаралмайды. Берген ұят емес, алған ұят. б) Тәуелденіп қолданылған есімше бастауыштар зат есім мағынасын білдіріп тұрады. Сұрақтары да тәуелденіп жұмсалады (нем? Нең? Несі? Не қылғаны? Не еткені? т. б ) Советке қосылған кезде өз мәлімдемемізді бергеніміз рас. Оның келер келмесі белгісіз. Үш ақын жайлы айтарымыз осы. Бастауыш қимыл есімі мен ортақ етістен де жасалады. Етістіктің бұл түрі мен категориясы қимылдың атауы мағынасын білдіріп, не? Не істеу? Не қылу? Қайту? Сұрақтарына жауап береді: Құрту саған пішту боп па. Кітап бастыру, газет журнал шығару күшейді. Тап тартысы күшейді, қазақ әдебиеті өркендей түсті. {1, 633 б} Нақтылы етістіктер объектке айналып барып, бастауыш болады. Етістіктер де етістігі арқылы объектке айналады, бірақ ол үнемі сақтала бермейді. Мысалы: Көрдім- көп сөз. Бастауыш-көрдім. Мұның толық түрі: көрдім деген көп сөз. Сендердің сүймейміндерің-cүйемін дегендерің {2, 41 б} Бастауыштар күрделі етістіктен жасалып күрделенеді: менің шығып түсуім қиын болды. Ыстық күнде суға сүңгіп шығу жанды жадыратады. Күрделі бастауыш заттанған күрделі сын есім мен сан есімдерден де жасалады: Жүйрік торы ойнақшып тұр екен. Бір жүз он төрт-құран сүрелерінің саны.
Мақал-мәтелдерде кездесетін етістік бастауыштар
1. Есі кеткен елге күледі.
2. Шегіркеден қорыққан егін екпес.
3. Жүгірген жетпес, бұйырған кетпес.
4. Орман аралаған үйші болар,
Ел аралаған сыншы болар.
5. Кеңесіп пішкен тон, келте болмас.
6. Егескен ерлік емес,
Елдескен ерлік.
7. Сыр ашу оңай,
Сыр түю қиын.
8. Ауруын жасырған өледі.
9. Ерлі-зайыптылардың ортасына,
Есі кеткен түседі.
10. Атаның салған жолы бар,
Ананың тіккен тоны бар.
Абай Қара сөздерінде кездесетін етістік- бастауыштар
Екінші қара сөзі: Енді қарап тұрсам, сарттың екпеген егіні жоқ, саудагерінің жүрмеген жері жоқ, қылмаған шеберлігі жоқ.
Үшінші қара сөзі:Әрбір мал іздеген малым көп болса, өзімдікі де, балаларым да малды болса екен дейді. Қыстауынан айрылған және біреуге тиіспек, я болмаса орынсыздығынан елден кетпек, әр қазақтың ойы осы. Кедей көп болса, ақысы кем болар еді, малдан айрылғандар көбейсе, қыстауы босар еді деп, мен ананы кедей болса екен деп, ол мені кедей болса екен деп әуелде ішімізбен қас сағындық. Ол болыс болғандар өзі қулық, арамдықпенен болыстыққа жеткен соң, момынды қадірлемейді, өзіндей арам қуларды қадірлейді, өзіме дос болып, жәрдемі тиеді деп, егер қас болса, біртүрлі өзіме де залал жасауға қолынан келеді деп. Төртінші қара сөзі:Әрбір байқаған адам білсе керек: күлкі өзі бір мастық екенін, әрбір мас кісіден ғафил көп өтетұғынын да, әрбір мастың сөйлеген кезінде бас ауыртатұғынын. Бұлай болғанда, күлкіге салынған кісі не шаруадан, не ақылдан, не ұят келерлік істен құр, ғафил көп өткізіп отырса керек. Әрбір ғибрат алмақтың өзі де мастыққа жібермей, уақытымен тоқтатады. Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ - өнерсіз иттің ісі. Бесінші қара сөзі: Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпей, бойды шымырлатып, буынды құртып, я көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады. Қайғысы не десең, мақалдарынан танырсың : « Берген перде бұзар», « Алаған қолым - береген », « Мал тапқан ердің жазығы жоқ». Алтыншы қара сөзі: Ондай тірлікті қымбат көріп, бұлдаған адам өлімді жау көріп, ахиретке дұшпан болады. Жетінші қара сөзі: Біреу ақыл айтса: « Өз білгенің- өзіңе, Өз білгенім - өзіме », «Кісі ақылымен бай болғанша, өз ақылынмен жарлы бол» деген дейміз, артығын білмейміз, айтып тұрса ұқпаймыз. Тоғызыншы қара сөзі: Қашан әбден біліп, үмітімді үзген кезде, өзге жаққа барып, жатты өз қылып, үйір боларлық қайрат жалын сөніп те қалған екен. Оныншы қара сөзі: Балам орнымды бассын демек не сөз? Дүниеде өзімнің көрген қорлығың аз болды ма? Өзіңнің қылған иттігің аз болды ма? Ахирет үшін бала тілегенің - балам жасында өлсін дегенің. Баланың мал табарлық болары, мал шашарлық болары - ол да екіталай. Сенікі- біреуден қорқытып алсаң, біреуден жалынып алсаң, біреуден алдап алсан болғаны, іздегенің -сол. Ғылымсыз о қыған намаз, тұтқан руза, қылған хаж ешбір ғибадат орнына бармайды. Он бірінші қара сөзі:Осы елдің үнем қылып жүргені немене? Ұрыны тыю да оңай болар еді, бірақ осы бұзақының тіліне еретұғын, азатұғын байларды кім тыяды. Он үшінші қара сөзі: Енді мұндай иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босанбас буын керек екен. Он төртінші қара сөзі: Айтқанға көңгіш, уағдада тұрғыш, бойын жаманшылықтан тез жиып алғыш, көштің соңынан итше ере бермей, адасқан көптің атының басын бұрып алуға жараған, әділетті ақыл мойындаған нәрсеге, қиын да болса, мойындау, әділетті ақыл мойындамаған нәрсеге, оңай да болса, мойындамау -ерлік, батырлық осы қасқыр жүректі деген сөз. Он бесінші қара сөзі: Әуелі-пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір нәрсені қызық көрмей жүре алмайды, сол қызықты нәрсесін іздеген кезі өмірінің ең қызықты уақыты болып ойында қалады. Он алтыншы қара сөзі: Саудагер несиесін жия келгенде, « тапқаным осы, біттім деп, алсаң -ал әйтпесе саған бола жерден мал қазамын ба?» дейтұғыны болушы еді ғой. Он жетінші қара сөзі:Құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей, жалықпай орнына келтірмек те -менің ісім. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкәрліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын , адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Ақыл айтыпты: Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын -мен, сенің сөзіңді ұғатұғын - мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып үйрене алмайды екен, осы екеуі маған қалай таласады? Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ -менің ісім, -депті. Он сегізінші қара сөзі: Ләкин өз дәулетінен артық киінбек, не киімі артық болмаса да көңіліне қуат тұтып, тым айналдырмақ -кербездің ісі. Жиырмасыншы қара сөзі: Ақылы түгел, ойлы адамның бір баласы байқаса осы адам баласының жалықпайтұғын нәрсесі бар ма екен. Бірақ осы жалығу деген әр нені көрем деген, көп көрген, дәмін, бағасын- бәрінің баянсызын біліп жеткен, ойлы адамнан шығады. Хаттаки ғұмырдың баянсызын, дүниенің әрбір қызығының ақырының шолақтығын көрген - білгендер тіршіліктен де жалықса болады. Жиырма бірінші қара сөзі: Аз ба, көп пе, адам баласы біртүрлі мақтаннан аман болмағы -қиын іс. Жатқа мақталсам екен деген елім мақтаса екен дейді. Еліме мақталсам екен деген ағайыным мақтаса екен дейді. Ағайынның ішінде өзі мақтау іздеген өзімді өзім мақтап жетем дейді. Жиырма екінші қара сөзі: Әлбәттә, амал жоқ, момындығынан « Ырыс баққан, дау бақпас »деген мақалмен боламын деп бергенмен жаға алмай, ұры, залым, қуларға жеміт болып жүрген шын момын байларды аямасан, һәм соның тілеуін тілемесен болмайды. Жиырма үшінші қара сөзі: Я білгендер айтып па, әйтеуір өзіңнен наданшылығы асқан, я жаманшылығы артылған кісі табылса, сен жамаңға қосылмайсың деп? Енді жұбанышы: жалғыз біз бе, елдің бәрі де сөйтіп-ақ жүр ғой, көппен көрген ұлы той, көппен бірге болсақ, болады- дағы деген сөзді жұбаныш қылады. Көп кісі жолаушының бәрінің аты арығаны жақсы ма? Жұт келсе, елдің бәрінің түгел жұтағаны жақсы ма? Жиырма төртінші қара сөзі: Біздің қазақтың достығы, дұшпандығы, мақтаны, мықтылығы, мал іздеуі, өнер іздеуі, жұрт тануы ешбір халыққа ұқсамайды. Жиырма бесінші қара сөзі: Балаларды оқытқан да жақсы, бірақ құлшылық қыларлық қана, түркі танырлық қана таза оқытса болады. Тек майырдың күлгені керек деп, к . . . ашылса да қам жемейді. Мына мен айтқан жол - мал аяр жол емес. Жиырма алтыншы қара сөзі:Біздің қазақтың қосқан аты алдында келсе, күреске түсірген балуаны жықса, салған құсы алса, қосқан иті өзгеден озып барып ұстаса, есі шығып бір қуанады. Біреуді ызаландырмақ -шариғатта харам, шаруаға залал, ақылға теріс. Жә, болмаса, ана ыза болушы соншалық неге жер болып қалады екен? Бір озған, бір жыққан үнемі озып, үнемі жығып жүрмейді, Һәм ұялғандары ұялмас нәрседен ұялады, ұяларлық нәрседен ұялмайды. Жиырма жетінші қара сөзі: Солардың жаратқанда көңілдерін солайша ынтықтандырып қойғандығы һәм мұның бәрі жақсы көргендігінен екенін білдірмей ме? -дейді. Денеңде болған дымдар жердегі сулардың бір тамшысы емес пе? - Тахқиқ бұл айтқаныңның бәрі рас, жаратушы артық ақыл иесі екендігі мағлұм болды. Жиырма сегізінші қара сөзі: Құдай тағаланың ақылы бар кісіге иман парыз дегені қайда қалады, «Мені таныған ақылменен таныр» дегені қайда қалады? Жоқ, сен жақсылық, жамандықты жаратқан - Құдай, ләкин қылдырған Құдай емес, ауруды жаратқан Құдай, ауыртқан Құдай емес, байлықты, кедейлікті жаратқан Құдай, бай қылған, кедей қылған Құдай емес деп, нанып, ұқсаң болар, әйтпесе- жоқ. Жиырма тоғызыншы қара сөзі: Тыныш жатып, көзін сатып, біреуден тіленбей, жанын қарманып, адал еңбекпен мал іздемек -ол арлы адамның ісі. Ата-анасын малға сатпақ ең арсыздың қылығы емес пе? Отызыншы қара сөзі: Жаңға мырза қылатұғын, ердің жадағайда-ақ сертке тұрғыштығы, малға мырзалығы, дүниені бір тиын есеп көрмейтұғыны, жомарттығы - әртүрлі белгісі бойында тұрмас па еді? Отыз екінші қара сөзі: Жүз
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz