«Бастауыш мектепте шет тілін оқытудың теориясы мен техникасы»



1. Глоссарий
2. Пәннің оқу бағдарламасы
3. Дәрістің жоспары
4. Зертханалық сабақтардың жоспары
5. СОӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар
6. СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар
7. Бақылау сұрақтары
8. Емтихан сұрақтары
Бастауыш сынып оқушыларының шет тілін үйренуге ынтасы өте зор болады. Олар шет тілінде сөйлегісі және түсінгісі келеді. Олар көптеген жаттығуларды орындайды және олармен сабақ үстінде көп жұмыс жасауға мүмкіндік бар. Бастауыш сыныпта ауызша оқуға көп көңіл бөлінеді. Әрине, оқу процессінің тыңдау, сөйлеу, жазу, оқу түрлері де беріледі.
1. Шет тілін үйрету ауызша үйретуден басталады. Әуелі шет тілінің фонетикасының тек өзіне тән дыбыстарымен танысады, оның дауыс ырғағы, екпіні, ритміүйретіледі. Жаңа әліпби, әріп ерекшеліктері ескерілді.
Тілдің әріптер мен дыбыстарын үйренгеннен кейін сөздердің жазылу-оқытылуын үйрене отырып, сөйлем құрастырып, сөйлеуге қолдана бастайды. Яғни, сараптамалық ойлаудан синтетикалық ойлауға ауысады.
Бұл әдістің жетістігі сол ол тілді үйренудің оқу, жазу, сөйлеу сияқты барлық түрлерін түгел қамтиды. Сондықтан бастауыш сынып оқулықтары ауызша бөлімнен басталады.
Мысалы: жаңа сөзбен таныстыру. «Chair» сөзі
Рогова Г.В., Верещагина М. «Методика обучения английскому языку» М.,
«Просвещение» 2000

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Филология факультеті
Шет тілдер филологиясы кафедрасы

Бастауыш мектепте шет тілін оқытудың теориясы мен техникасы
(ағылшын тілі)
пәні бойынша 1-курс студенттеріне арналған

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Семей 2014 ж.

Мазмұны:

1. Глоссарий
2. Пәннің оқу бағдарламасы
3. Дәрістің жоспары
4. Зертханалық сабақтардың жоспары
5. СОӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар
6. СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар
7. Бақылау сұрақтары
8. Емтихан сұрақтары

Глоссарий
- The Article - артикль
- The Noun- зат есім
- The Adjective – сын есім
- The Degrees of Comparation –сын есімнің шырайлары
- Comparative degree – салыстырмалы шырай
- Positive degree – асырмалы шырай
- Superlative degree - күшейтпелі шырай
- Personal pronouns - өздік есімдігі
- Possessive pronouns - жіктеу есімдігі
- Reflexive pronouns - тәуелсіздік есімдігі
- Demonstrative pronouns – сілтеу есімдігі
- Interrogative pronouns - сұрау есімдігі
- Indefinite pronouns - белгісіздік есімдігі
- The Numerals - сан есім
- The Verb - етістік
- starke Verben - әлді етістік
- schwache Verben - әлсіз етістік
- Transitive und intransitive Verbs - ауыспалы етістік
- Modal verbs- модальдық етістіктер
- Perfekt - перфект Перфект (күрделі өткен шақ)
- Past Indefinite Tense - (өткен шақ)
- Present Indefinite Tense - ( осы шақ)
- Future Indefinite Tense - (келер шақ)
- Passiv voice -пассив - ( Пассив) ырықсыз етіс
- Active voice - (Актив) ырықты етіс
- Imperative - бұйрық рай
- Conjunction - шылау
- Infinitive- инфинитив
- Partisip- причастия
- The Adverb- үстеу
- The Prepositions -предлогтар
- The Subject- бастауыш
- The Predicate- баяндауыш

Дәрістің жоспарлары:

№ 1, 2 дәрістер
Тақырыбы: Жалпы білім беретін мекемелерде шет тілін оқытудың кезеңдері. Шет
тілін оқыту әдістемесінің теориялық негіздері. Ағылшын тілін оқыту
әдістемесі.
Мақсаты:
• Орта мектепте ағылшын тілін оқытудың кезеңдері
• Ағылшын тілін оқытудың бастауыш кезенінің тарихы
• Шет тілін үйретудің орта кезеңі
• Шет тілін үйретудің жоғарғы кезеңі
• Грамматикалық- аудармалық әдіс.
• Тура әдіс. Г.Пальмер әдісі
• Қазіргі әдістер
• Әдістеме және әдіс туралы түсінік
• Сабақтағы мұғалімнің қызметтері және қолданылатын әдістері
• Сабақтағы оқушының қызметтері
• Ағылшын тілін оқытудағы көрнекілік әдіс
Негізгі сұрақтар мен тапсырмалар:
Шет тілі орта мектепте үш кезеңге бөлінеді: бастауыш, орта, жоғарғы
сыныптар. Әрбір кезеңнің өзіне тән ерекшеліктері бар. Сондықтан әр
кезеңге кейінірек тоқталайық.
Бастауыш кезең
Бастауыш сынып оқушыларының шет тілін үйренуге ынтасы өте зор болады.
Олар шет тілінде сөйлегісі және түсінгісі келеді. Олар көптеген
жаттығуларды орындайды және олармен сабақ үстінде көп жұмыс жасауға
мүмкіндік бар. Бастауыш сыныпта ауызша оқуға көп көңіл бөлінеді. Әрине,
оқу процессінің тыңдау, сөйлеу, жазу, оқу түрлері де беріледі.
1. Шет тілін үйрету ауызша үйретуден басталады. Әуелі шет тілінің
фонетикасының тек өзіне тән дыбыстарымен танысады, оның дауыс ырғағы,
екпіні, ритміүйретіледі. Жаңа әліпби, әріп ерекшеліктері ескерілді.
Тілдің әріптер мен дыбыстарын үйренгеннен кейін сөздердің жазылу-
оқытылуын үйрене отырып, сөйлем құрастырып, сөйлеуге қолдана бастайды.
Яғни, сараптамалық ойлаудан синтетикалық ойлауға ауысады.
Бұл әдістің жетістігі сол ол тілді үйренудің оқу, жазу, сөйлеу сияқты
барлық түрлерін түгел қамтиды. Сондықтан бастауыш сынып оқулықтары ауызша
бөлімнен басталады.
Мысалы: жаңа сөзбен таныстыру. Chair сөзі
Teacher: This is a chair.
Is this a chair? Yes, it is.
Is this a table? No, it is not. It is a chair?
Оқушылар мұғалімді тындай отырып жаңа сөзді бірнеше рет естиді, жекелеп
айтады.

Орта мектептегі ағылшын тілін оқытудың бастауыш кезеңінің тарихы
Орта мектепте ағылшын тілін оқытудың тарихы 1947 жылдан басталады.
1947 жылы Министрлер кеңесінің Орта мектепте щет тілін оқытуды жақсарту
туралы қаулысы шетел тілін оқытудың әрі қарай дамуына ықпал еткен құжаттар
болды.
Содан кейінгі 1961 жылы шыққан Шет тілдерін оқытуды жаңарту туралы
қаулы кейінгі он жылдықтағы мақсат-міндеттерді айқындап берді. 1977 жылы
орта мектепте оқытуды, тәрбиелеуді дамыту туралы қаулыдан кейінгі
көптеген өзгерістер болды.
Оқытудың бірінші кезеңі қарым-қатынас ретінде тілдің негізін қалау арқылы
анықталады. Осы бастауыш кезеңде әрі қарай шет тілін оқып-үйрену
жалғастырылады. Тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолдануға екі жылдай
әзірлік курсы керек. Тілді пайдалану үшін тілді таңдау, сөйлеу, жазу, оқуды
білу керек.
Біріңші кезең – тілді оқып үйренуде өте маңызды кезең, осы кезеңде
оқу қалай қалай басталса, солай жалғасады. Ағылшын әдіскері Г.Пальмер бұл
кезең туралы былай деген: “Take care of the first two stages and the rest
will take care of itself”.
1947 жылғы қаулыдан кейінгі өзгерістер.
Сол ғасырдың 50-жылдар кезеңі мектептерде ағылшын тілін оқыту
әдістемесінің елеулі кезеңі болды.
1947 жылғы қаулыдан кейінгі орта мектпете ағылшын тілі 3-сыныптан
бастап оқытылады, ағылшын тілінде және ағылшын тіін оқытатын арнайы
мектептер ашылды.
Орта мектепте шеті тілін оқыту 3 немесе 5 сыныптардан басталды. Бұл
кездегі бағдарламада қойылған негізге талаптар: оқыту, түсіну және шет
тіліндегі мәтінде аудара білу. Ауызша сөйлеуді түсіну, ауызша мен
жазбашаның негізін қалау.
Бағдарламада білімнің екі түрін рецептивті және өнімділікті
айқындайды. Бастауыш кезеңде де бірінші орынға оқып-түсіну және аудару
қойылады.
- Оқушылар таныс емес сөздерді оқып білу
- Сөздіксіз мәтінді оқып түсіне білу
- Шет тілін туған тіліне ауызша аудара білу
- Жазбаша аудара білу
Жазбаша оқытуда мынадай талаптар қойылады:
- мәтінді көшіріп жаза білу
- қысқа сөйлеуді жаза білу
Лексикалық талап: 5-сынып – 450 сөз, 3-сынып – 200 сөз білуі керек.
1955 жылы шет тілін оқытудың бір нұсқасы 5-сыныпта сақталып қалды.
1955 жылғы бағдарламада бірінші орынға тәжірибелік мақсат қойылды. Мұнда
лексикаға қойылатын талап өзгеріп, 350 сөз білуге тиісті болды. Бұл кезеңге
де негізгі талап оқу және аудару болды. Ауыша сөйлеу мұғалімнің қойылған
сұрақтарына жауап берумен, сыныпта айтылатын сөздермен шектелді.
1961 жылғы қаулыдан кейінгі өзгерістер. Бұл кезеңдегі бағдарлама
бойынша бірінші орынға тәжірибелік мақсат қойылды.
Ауызша сөйлеуде шет тілінде өз ойын айта алу және ауызша хабарлама
жасауға (монолог) және шет тілінде әңгіме жүргізе білуге (диалог) мән
берілді. Оқуға қойылатын талап та өзгерді. Аудармаға аз көңіл бөлінді.
Тәжірибелік мақсатқа жету үшін бірінші рет магнитофон таспасын, күйтабақты
қолдану және үйге оқуға берілетін мәтіндер пайдаланыла бастады.
Орта мектепте мынадай талаптар қойылды:
- Шет тілінде әңгімелесе білу
- Сөздіксіз күрделі емес мәтінді оқып-түсіну
- Оқи білу
Жазуға көмекші рөлі берілді. Лексикалық көлемі азайды.
Оқудың екі түрі: дауыстап және ішінен оқу бөлініп көрсетілді.
1) Оқушылар сұрақ қойып, жауап беруге
2) Диктант жаза білуге тиіс болды (30 сөз)
Осы өзгерістер ескеріле отырып, С.К.Фоломкина, Э.И.Каар және Г.М. Уайзер
сияқты авторлар 5 және 6-сынып оқушыларына арналған жаңа оқулықтар шығарды.

Халықаралық қатынастардың дамуына байланысты ағылшын тілін оқытудың
маңызы өсті. Оқушылар мен бірге мұғалімге арналған әдістемелік кітап және
үйден оқу кітабы шығарылды. Саны 25-тен асатын сыныптар екі топқа бөлінді.
Балалар бақшасы мен бастауыш сыныпта ағылшын тілін оқыту бағдарламасы
жасалды. Оқытуды ұйымдастырудың негізгі 2 бағыты:
1. Сөйлеудің барлық түрін бірге дамыту (ауызша алдын-алу, авт.
Г.М.Уайзер)
2. Сан біртіндеп оқыту (кіріспе аузша курспен, авт. А.П.Старков). шет
тілі 5-10 сыныптар аралығында оқытылды. 1962 жылы ағылшын тілінен жаңа
бағдарлама жасалып, оқулықтар шығарылды. Бағдарламада тілді
тәжірибелік білу жағына баса назар аударылды.
2-ші сыныптың оқушысы ауызша сөйлеуден мынаны білуге тиіс:
1. Мұғалімнің сөзін түсіну
2. Өткен тілдік материалдар негізінде сұрақтарға жауап беру
3. Суретті бейнелеу және сұрақтарға жауап беру
4. Ауызша әңгіме айта білу
5. Тақпақты жатқа айта білу
3-сыныпта бұл талаптар ұлғайды:
1. Мұғалімнің айтқаның түсіну
2. Мәтінді түсіндіре білу
3. Сұрақ қою, оған толық және қысқа жауап беру
60-шы жылдар ағылшын тілін оқытудың әдістемесіндегі жемісті жылдар болып
саналады. Осы жылдары әдістемеге байланысты көптеген ғылыми еңбектер
жазылып, мектепте тәжірибе жүзінде қолданыла бастады.
Қазіргі кезеңде орта мектепте ағылшын тілін оқыту 3 кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең – оқытудың бірінші жылы, екінші кезең – барлық 10
сыныпқа дейінгі сыныптар, үшінші кезең – 10-11 сыныптар. Оқытудың бірінші
кезеңінде ауызша сөйлеудің және оқытудың негізі қаланады, өз атынан қысқаша
сөйлемдер айту, берілген материалды қабылдау және дауыстап оқуға үйретіле
бастайды. Бағдарлама бойынша бекітілген уақытқа дейін созылатын ауызша
кіріспе бөлімнен басталатын бірінші кезеңнің негізі – аузыша сөйлеу болып
табылады.
Екінші кезең қабылдау механизімі қалыптасады және өз атынан сөйлем
айтуға дағдыланады, күнделікті қарым-қатынас тіліне үйренеді, тыңдап
түсіну, дауыстап оқу, оқығаның аудармасыз түсіну іс-әрекеттері дамиды. Бұл
кезеңде де ауызша сөйлеу негізгі іс-әрекет болып есептелінгенмен де, оқуға
да үлкен ден қойылады.
Үшінші кезеңде ауызша сөйлеу күнделікті қарым-қатынас тілінен
бағдарламада көрсетілген қоғамдық саяси тақырыптар бойынша сөйлеу деңгейіне
дейін, сонымен қатар көркем әдебиет, ғылыми-ағарту тақырыптары да
қамтылады. Бұл үшінші соңғы кезеңде ауызша сөйлеу мен оқу бірдей деңгейде
алынады.
Әдістер атауы туралы түсінік. Әдістемелер әртүолі кзкңдерде оқыту
мақсаттарының өзгеруіне байланысты жаңадан аталып отырады: мысалы,
логикалық қағидалар бойынша ситетикалық әдіс, аналитикалық әдіс,
дедуктивтік әдіс, т.б; тіл салалары бойынша грамматикалық әдіс, лексикалық
әдіс, фонетиакалық әдіс, тілдің психологиялық қағидалары бойынша
индуктивтік әдіс, тура әдіс; ойлап табушының аты – жөні бойынша Коменский
әдісі, Гуэн; Пальмер, Уэст, Фриз, т.б әдістері.Біз тек ең негізгі әдістерге
ғана тоқталайық:
1. Грамматикалық – аудармалық әдіс - әдістеменің ең көне әдісі.
2. Тура әдіс 1870 жылдан бастап қолданыла бастады.
3. Қазіргі әдістер.

Грамматикалық аудармалық әдіс көбіне классикалық тілдерде әсіресе,
латын тілін оқытуда қолданылған.Бұл әдісте тіл грамматикалық ережелерді
жаттау арқылы оқытылады. Жаңа сөздер грамматикалық тақырып көлемінде
алынады. Ал, аударма жаңа сөздері, сөз құрылымын, ережесін оқытқанда
қолданылады.Барлық жаттығулар белгілі грамматикалық ереженің аясында
құрылып, ана тілінен шет тіліне, шет тілінен ана тіліне аудару арқылы
орындалған.

Грамматикалық – аударма әдістің ерекшеліктері:
1. Грамматикалық талдаудың негізі;
2. Тілді оқытудағы грамматикалық сатылар;
Грамматикалық – аудармалық әдіс бойынша сөйлемді талдаудың ең жақсы
әдісі – оны әуелі ана тілінде түсіндіріп, сөйлем мүшелерін, яғни бастауыш
пен баяндауышты, толықтауышты анықтыу. Әрі қарай талдаудф етістіктің шағын,
етісін анықтап жалғастыруға болады. Содан кейін оқушыларға осы сөйлемнің
шет тіліндегі аудармасын беру оңайырақ болады.
Дыбыстар, морфемалар, сөздер әр тілдің өзіне ғана тән түрінде болады,
ал синтаксистік негізгі қағидалары барлық тілдерге тән. Барлық ағылшын
тіліндегі грамматикалық құрылымдармен сәйкес келмейді.
Грамматикалық – аудармалық әдіс алғашында XVIII- XIX ғасырдың
мектептерінде кеңінен қолданылды. Кейінен педагогика, психология,
лингвистика ғылымдарының дамуы бұл әдіске өзгерістер енгізіп, XIX-XX
ғасырдың соңында екі грамматиканың ара қатынасы ажыратылды.
Қазір де әдістемеге дәстүрлі тұрғыдан қарағанда грамматиаклық –
аудармалық әдіс жиі кездеседі.
Бұл оқулық – ағылшын тілін мемлекеттік тілде меңгерудегі негізгі оқу
құралы. Грамматикалық ережелерді игерудің нәтижесінде тіл жаттығып,
сөйлеммді дұрыс құрастыру оңайға соғады.

Тура әдіс. Г. Пальмер әдісі. Тура әдіс грамматикалық – аудырмалық
әдіске қайшы әдіс реиінде дүниеге келді.
Өндіріс пен сауданың халықаралық көлемде қарқынды дамуы, капиталистік
мемлекеттердің үлкен елдерді отарлауы сияқты пргпестер шет тілін білетін
мамандарға сұранысты арттырды. Бұл өз кезегінед жаңа әдістің пайда болуына
себепші болды. Тілді іс жүзінде игеру мектептерде шет тілін оқытудың
негізгі мәселесіне айналды.
Тура әдістің негізгі ерекшелігі мынадай:
1)Шет тілін оқытудың негізгі бағыты – тәжербиелік,яғни, бірінші
орынға сөйлеу қойылуы;
2)ана тілінің екінші орында, тіпті назарсыз қалуы;
3)Тілді үйрету ісінде аудырманың өте аз мөлшерде, керісінше,
ауызша – жазбаша жаттығулардың көп қолдануы;
4)Грамматиканы оқытуда индуктивтік әдістің қолдануы (грамматикалық
әдісте грамматикалық ереже бірінші беріліп, жаттығулар орындалады, ал бұл
әдісте әуелі жаттығулар оындалып, содан кейін грамматикалық тұжырым
жасалады).
5) Айтуды үйреиуге үлкен көңіл бөлінеді.
6) Мәтіндердің мазмұнына, әсіресе, тақырыпқа ьайланысты сәтіндер
құрасытыруға назар аударылады.
Бұл әдістің тура әдіс деп аталуының себебі – шет тілін оқытуда, шет
тілімен баратін түсініктің арасындағы байланыстың тура болып, ана тілінің
мүлдем қолданылмауы.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында тура әдістің бірнеше түрі
пайда болды. Тура әдісті жинақтаущылар Г. Груэн, М: Вальтер т.б
Бұл әдісті пайдаланатын мұғалымдер тіл үйретудің алғашқы күнінен
бастап, оқушыны әңгімелесуге тартады, заттарды, суреттерді пайдаланып,
сөйлемнің мағнасын түсіндіру үшін қимылдар жасайды.
Тура әдісті қолданушылар өте көп. Осы әдіс оқушылардың шет тілін
меңгеруге деген қызығушылығын арттырады.
Дегенмен, бұл әдісті қолданудың қиыншылықтары да жоқ емес. Мәселен:
1)Оқу материалы мен жаңа сөздер ғылыми негізсіз іріктеледі. Бұл
әдіс тек тақырыптық негізге сүйенеді, ол үшін оқушы өте көп жаңа сөз білуі
керек.
2) Мектепте оқушылардың сөйлеп үйренуіне жағдайдың болмауы.
3) тәжербиесіз мұғалімдер қолданса, өте тиімсіз болып келеді.
Тура әдістің негізгі қағидаларын ұсынған атақты ағлшын әдсікерлері Г.
Пальмер мен М. Уэст болды.
Г. Пальмер әдісінің негізгі қағидалары:
- Шет тілін оқыту ауызша сөйлеуден басталды.
- Шет тілін оқыту іріктелген материалдың негізінде жүзеге асырылды. Г.
Пальмердің ұсынуы бойынша оқытылуға тиіс жаңа сөздердің мөлшері 3000 сөз
болды.
Пальмер ауызша оқытудың мынадай жолдарын ұсынды:
-іс – қимыл арқылы (Мұндай арнайы жасалған заттарды көрсетіп, қимыл
арқылы білдіретін жаттығулар ұсынылады);
-сәйкестендірудің 100 кестесі (Оқушылар осы кестелердегі ағылшын тіліндегі
мысалдарға қарап, сөйлемдер құоауы тиіс).
Г. Пальмердің бұл әдістері қазіргі кезде жиі қолданылады және оқушыларға
мынадай мүмкіндіктер береді:
- сөйлем үлгілеіндегі үнемі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерінің
берілуі ауызекі сөйлеуде көмектеседі;
-тыңдау жаттығуларының көп болуы оқушыға жылдам сөйлегенде ағылшын тілін
түсінуге мүмкіндік береді.
Сәйкестендіру кестесінің үлгісі мынадай:

I saw two books here yesterday
You put three letters there last week
We left a few keys on the on Sunday
They found some good ones table this morning
in this
book

Шет тілін оқыту – мұғалімнің үздіксіз еңбегінің және оқушының оған
жауабының тізбегі. Шет тілін үйренуде оқушы мынадай кезеңдерден өтеді:
I.а)Қабылдау
Бұл кезеңде мұғалім сөйлейді. Оқушы мұғалымнің сөзін тыңдайды. Мысалы сынып
бөлмасіндегі заттарды көрсетіп, оларды атайды.
This is a book. Look at the book. I m going to put the book on the table.
ә) Мұғалім сөйлейді. Оқушыларға тапсырма береді. Мысалы: Дауыс ырғағына
назар аударыңыз.
б)Бұйрықтарды орандау жаттығулары.
Мұғалім оқушыларға бұйрықтар береді.
Мысалы:Get up. Sit down. Come here.
Мұғалім бұйрықтарды ымдап түсіндіреді.
в) “Yes”. “No”.
Мұғалім сұрақ қояды. Оқушылар тек Иә не Жоқ деп жауап береді.
II.Қабылдау – еліктеу.
Мұғалім сөйлейді.Оқушылар қайталайды.
III. Әңгімелесу.
Оқушы әртүрлі сұрақ қойып, оған жауап беруді үйренеді.
IV.Сөйлеу
Мұғалім оқушымен ағылшын тілінде сөйлнйді.
Жалпы, Г. Пальмер әдісінің негізі – сөйлеуді үйрету, ал М.Уэст болса,
керісінше, басты міндет қылыр оқуды қойды. М. Уэст оқу арқылы шет тілін
үйренетін әдістемелік жинақтар жасады.
а) оқуға арналған кітаптар
ә) жаттығу кітаптары
Бұл екі ағылшын әдіскерлері ағылшын тілін оқыту әдістемесіне үлкен үлес
қосты.
Қазіргі әдістеме дәстүрлі және аудио – лингвистикалық оқыту деп екіге
бөлінеді.Қазіргі әдістеменің негізгі қағидалары:
- тыңдауды және сөйлеуді дамыту
- сөйлеу үлгілерін пайдалану
- аударианы өте аз қолдану
- грамматиканы үлгі арқылы оқыту
- сөйлеуді үйретуде өмірімен тығыз байланысты жағдайларды қолдану
Мұғалім оқушыларды шеттіліне үйрету үшін өзі:
- шеттілін жетік білуі
- педагогика мен психологияны дақсы білуі
- оқыту әдістері мен техникасын білуі
- оқыту әдістерін оқу процесінде шебер қолдана білуі керек.

Әдістеме дегеніміз – қойылған мақсатқа жету жолы.Педагогика
ғылымында әдістеменің екі түрі бар: оқыту және тәрбиелеу
әдістемесі.Әдістеме – мұғалім тәрбиесінің педагогикалық шеберлігінің
негізі. Шет тілдерінде оқыту әдістемесінде әдіс сөзі мынадай ұғымда
қолданылады: біріншіден, ол оқытудың белгілі бір мақсатына, мазмұнына және
қағидаттарына (принциптеріне) негізделген тұтас бір бағыт.
Мысалы: грамматикалық – аудармалық әдіс, тура әдіс, т.б Грамматикалық –
аудармалық әдісінің негізіне логикалық сөйлеу мен оқушының шет тіліндегі
мәтінді оқып аудара білуі мүмкіндігі жатады. Көбіне грамматикалық
ережелерді оқып білуге көңіл бөлінеді. Тура әдісте алдымен сөйлеу
дағдыларын қалыптастырып, шет тілін түсіне және сөйлей білуге үйретеді,
сондай-ақ оқу және жазу да қатар үйретіледі.
Екіншіден, әдіс сөзі белгілі бір автордың ұсынған оқыту жүйесіндегі
бағытын білдіреді. Мысалы: тура оқыту әдісіндегі Француа Гуэн әдісі, Г.
Пальмер әдісі, Майкл Уэст әдісі т.б
Үшіншіден, әдіс дегеніміз – оқушы мен оқытушының арасынадағы белгілі
бір тәртіпке байланысты процесс. Бұл ретте әдіс оқытудың қа,идаттарымен
айқындалатын іс - әрәкет арқылы анықталады.
Егер оқытуды тұтас жүйе ретінде алып қарасақ, оның екі құрастырушысы
бар: оқытушы(мұғалім) және оқушы (оқушы,студент). Оқытушы оқушының оқуға
деген қызығушылығын оятып, оны басқарып, бағыттап отыруы керек. Оқу - өте
белсенді процесс, онда оқушы оқыту жұмыстарының бәріне қатысуы керек. Бұл
екі жақты іс-әрекет: біріншісі – оқытады, екіншісі – оқиды, мұнда екі
жақтың атқаратын іс - әрекетін бөлек қарауға болады.
Сабақтағы мұғалімнің қызметтері. Оқытушы ұйымдастыру, оқыту және
бақылау қызметтерін іске асырады. Ал оқушының міндеті – оқу материалымен
танысу, үйренген шет тілін ара –қатынас құралы ретінде қолдана білу, үйрену
және шет тілінде түсінгенін айтып, еркін сөйлеуге талпыну және мәтінде
кездесетін таныс емес сөздердің мағнасын түсіну.
Оқытушының өз міндеттерін ұйымдастыруы.Мұғалімге қойылатын басты
талап – оның ұйымдастыру қабілетінің жоғары болуы. Оқушыны оқу материалының
(тілдік және сөйлеу) дағдыларын үйретуге, жаттығуға үйретіп, оқу процесін
ұйымдасиыруы тиіс.
Мұғалімің бастыпқы кездегі ұйымдастыру қызметінің маңызы зор, себебі,
шет тілін – оқушылар үшін жаңа пән ана тілінен кейінгі екінші тіл. Бұл
ерекшеліктерді міндетті түрде ескереген жөн. Бірінші сабақтардан бастап әр
оқушыны сабаққа тартуға тырысу қажет. Мысалы:2- сынып оқушыларына
магнитофон тыңдатып, оған еліктеуге үйрету қажет.
Мұғалімнің оқыту қызметіне түсіндіру, талқылау, хабарлау, түзету және
үйреніп жатқан тіл арқылы білімді толықтыру, тілід ауызша және жазбаша
қарым-қатынас құралы ретінде пайдалануға үйрету жатады.
Мұғалімнің бақылау қызметіне оқу материалын оқушының
(түсінгенін,түсінбегенін) білуі және жаттығуды қалай орындаған (дұрыс,дұрыс
еместігі), байланыс құралы ретінд қолданғанда байланыс құралы
орындалды,орындалмады,қалай орындалды) немесе оны қолдану үшін не кедергі
болғанын, т.б анықтау жатады. Ал енді оқушының қызметіне не жатады, соны
қарастырайық.
Оқушының қызметтері. Оқушының негізігі міндеті – оқу құралдарымен
танысып, формасын, маңызын, және қолдануын түсіне білу. Келесі міндеті –
жаттығу. Жаттығу дегеніміз – оқу материалын бірнеше рет есту, сөйлеу және
көру мүшелері арқылы өткізіп,ны есте сақтау.
Шет тілін жаттығусыз оқып – үйрену мүмкін емес. Оқушының тағы бір
міндеті – қолдану яғни үйренген тілді қатынас құралы ретінде пайдалана
білу. Оқу процесінде оқушы мен оқытушының іс-әрекеті тығыз байланысты, бұл
оқытудың әдістмесін анықтауы қажет.
Ағылшын тілін оқытудағы көрнекілік әдіс. Әдістеме оқытушының қызметін
көрсетіп, оқушының материалымен танысуына, жаттығуына, қолдануына сілтеме
жасауы тиіс. Әдістеме дегенімізді оқушының оқуын басқару тәсілі деп
түсінуімізге де болады. И.Л. Бим көрсеткендей, әдістеменің негізгі және
қосалқы түрлері бар.
Негізіг әдістемеге:
1)таныстыру
2)жаттығу
3)қолдануды жатқызуға болады
Қосалқы әдістемеге:
1)бақылау
2)түзету
3)бағалау жатады
Ал оқушының қызметінің негізігі әдістеріне
1)танысу
2)жаттығу
3)қолдануды жатқызуға болады
Қосалқы әдістерге өзін бақылауды алуға болады.
Мына сызбамен ианысайық.

Мұғалім әдіс оқушы

Ұйымдастырады----(танысу)
(жаттығу)--- атқарады.
(қолдану)

Сабақтың бір бөлігін беру үшін әуелі көрсету қажет. Мұғалім затты көрсете
алады, оның ағылшын тіліндегі атауын айтып көрсетеді. Ағылшын тіліндегі
сөздерді атау үшін ол заттың суретін салыр көрсетеді,фланелограф, магнитті
Тақтада көрсете алады.Магнитофон, үнтаспалар қолдануға болады.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Орта мектепте шет тілін үйретудің неше кезеңі бар?
2. Оқушылардың шет тіліне деген қызығушылығы әр түрлі болады. Олар неге
байланысты?
3. Бастауыш кезеңде шет тілін үйретуде сөйлеу іс-әрекеттерінің қай иүріне
көп көңіл бөлінеді?
4. Әр түрлі екі автордың Мұғалімге арналған оқулығын алып 5-сыныптың
бірінші сабақтарын салыстырып қараңыз.
5. 5-сыныптың бірінші сабағына өз сабақ жоспарыңызды құрыңыз.
Әдебиеттер:
Рогова Г.В., Верещагина М. Методика обучения английскому языку М.,
Просвещение 2000

Дәріс № 3,4
Тақырыбы: Шет тілін оқытудың мақсаттары және мазмұны. : Шет тілін оқытудың
әдістемелік қағидаттары (принциптері) және құралдары.
Мақсаты:
• Шет тілін оқытудың мақсаттары туралы жалпы түсінік.
• Тәрбиелік мақсат
* Білім беру мақсаты
* Дамыту мақсаты
* Әр сабақтың негізгі және қосалқы мақсаттары
• Окытудын мазмұны - әдістеменің негізгі мәселесі
Лингвистикалық компонент
Психологиялық компонент
Әдістемелік компонент
Негізгі сұрақтар мен тапсырмалар:
Оқытудың мақсаты оқу бағдарламасымен айқындалады.
Оқу бағдарламасында пән атаулары мен такырыптары, сағат саны
белгіленеді, бұл оқытудың негізгі құжаты болып табылады. Бұл құжат
оқулықпен салыстыру барысындағы өзгерістердің, толықтырулардың көрінісі.
Сондықтан мұғалім өзінің оқыту-тәрбие жұмысын осы бағдарламаларға сүйене
отырып жоспарлап, жүзеге асыруы тиіс. Бағдарламаның түпкі және қосалқы
мақсаттарын ажырата білу керек, себебі әр сабактың негізгі және қосалқы
мақсаттары болады.
Негізгі және қосалқы мақсаттардың қатынасы, кезектері, байланысы
мұғалім үшін айқын болуы керек.
Оқытудың негізгі үш түрі бар:
1) тәрбиелеу
2) ағарту
3) дамыту
Оқыту мақсатының төрт түрі бар:
1) тәрбиелік
2) дамыту
3) ағартушылық
4) тәжірибелік (практикалық)

Оқытудың тәрбиелік мақсаттары. Оқушылардың көпшілігі ағылшын тілін оқуға
үлкен қызығушылықпен кіріседі. Олар ағылшын тілінде қалай сөйлейтінін
естігісі және сөйлегісі келеді. Бастапқы кезеңде аз сөздерді ғана айтса да,
соған қуанады. Олар амандасып, қоштасып үйренеді, заттардың атауларын
білгісі келеді. Мұғалім осы кезде олардың тілін тыңдап, қолдап, дамытып
отыруы қажет. Қарым-қатынас екі жақты болуы керек, ол тындай білуге, сұрай
білуге үйретеді. Мәдениетті сөйлей білуге шет тілі арқылы қол жеткізуге
болады. "Адам адамға — дос, жолдас, бауыр" деген моральдық кағиданы есте
ұстаған жөн.
Оқушылар оқуға үйренеді, кітап оқи білудің тәрбиелік маңызы зор.
Ағылшын тілінде оқуды үйрету оқу мәдениетін көтеруге көмектеседі. Сондай-ақ
мәнерлеп оқу да оқушының мәдениеттілігін көрсетеді. Оқу арқылы
интеллектуалды еңбекті де дамытуға болады.
Балаларды оқи білуге, акыл-ой еңбегінің тәсілдеріне үйрету керек, ол
жазбаша және ауызша жаттығулар жасау үшін қажет. Оқушылар оқулықты,
сөздікті және анықтамалыктарды пайдалана білуі керек, оқулық белгілерін
түсіне білуі керек. Оқыту эстетикасы талғамды да қалыптастырады.
Ағылшын тілінде білім алу мен тәрбие education деген бір сөзбен
беріледі, олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты.
Оқытудың дамыту мақсаттары. Дамыту мақсаттары оқушылардың сезім,
қозғалыс, ақыл-ой, ерік-жігерін дамыту арқылы жүзеге асыруға болады. Даму
тек қана ойлаумен байланысты емес.
Оқу-ұйымдастыру білігі мен дағдысын қалыптастыру дамытушылық
мақсаттардың негізі болып табылады. Себебі, оқушының тіл білімі деңгейін
жоғарлату және сол тілде ойлауды дамыту - тіл білімін дамытудың басты
мақсаты.
Әйтсе де, окытудың барлық мақсаттары өзара тығыз байланысты. Демек,
қарастырып жатқан мақсаттардың барлығы кез-келген тілді үйрену үшін өте
маңызды. Сондықтан осы максаттарды алға қою арқылы қалаған тілді меңгеруге
болатынын көреміз.
Оқытудың ағартушылық мақсаттары. Кез келген тілдің ағартушылық қызметі
өте зор. Әрбір тіл сол тілде сөйлейтін халыктың мәдениетінің тікелей
көрсеткіші. (мәселен, француз тілі - француздар мәдениеті туралы хабар
береді, иврит тілі - еврейлердің мәдениетінің көрсеткіші болып келеді).
Оқушылар жаңа тілді оқып үйрену үшін сол тілде сөйлетін халық туралы
хабардар болады, өз ойын дұрыс жеткізе алуды үйренеді, осының бәрі - тілді
оқытудың ағартушылық мақсаты.
Ана тілін оқып үйренгенде тілдің негізгі кұралдары -сөздер мен
грамматикалык формалар туралы түсінік қалыптасады. Ал, шет тілінің
терминдермен салыстыру арқылы оқушы туған тілдің сөздері мен
грамматикасының категориясын толық түсіне алады. Сондықтан, мұғгалім
бірінші сабақтан бастап ана тілі мен шет тілін салыстыра отырып оқытады.
Мысалы: Верещагина, Притыкина ағылшын тілін өлең арқылы таныстыруды
ұсынады ("wһаt іs уоur namе?"). Мысалы, дауысты дыбыстың ұзақ-қысқалылығы,
т.б. сипатына қарай. Шет тілінде оқыту логикалық ойлауды дамытады. Тілді
үйрену тыңдау, көру, есту, қозғалыс мүшелерін белсенді пайдалануға
үйретеді, ол зейінді, қиялды, үғымды дамытады.

Оқытудың тәжірибелік мақсаты. Оқытудың тәжірибелік мақсатының түсіну үшін
шет тілі пәнінің ерекшелігімен танысуымыз қажет. Тіл - сырткы дүние мен
қоршаған орта туралы білім алу көзі.
Бұл пәнді оқытуда оқушылар шет тіліндегі атаулармен, құбылыстарымен
танысады. Танысу ауызша және жазбаша түрде жүреді. Осы екі түрді меңгеру
шет тілін игерудің тәжірибелік мақсаты болып табылады. Яғни, оқушы шет
тілін ауызша және жазбаша түрде пайдалана білуі тиіс.
Шет тілін тыңдап түсіне білу (аударғанша) және сөйлеп білу ауызша
түрге жатады. Жазбаша түрге тілдің жазбаша түрін пайлалана білу немесе жазу
және шет тілінде жазылған мәтінді оқып білу жатады.
Сызба түрінде былай көрсетуге болады:

тілдің қатынас құралы

ауызша жазбаша

тыңдау және түсіну сөйлеу оқу
жазу

Тыңдау, сөйлеу, жазу және оқу дағдыларын қалыптастыру оқушының тілді
ауызша да, жазбаша да жақсы меңгеруіне тікелей әсер етеді.
Тілді жақсы меңгеру үшін бастауыш сыныптарда осы төрт дағдының негізін
берік қалыптастыру қажет. Бастауыш кезеңде нені оқып үйренуге болады?
Жоспарланған нәтижелер оқу бағдарламасында көрсетілген. Оқыту әдістемесін
кешенді дұрыс пайдалану - оны оқытудағы белгілі бір нәтижеге жетуге
болатынын көрсетті. Мысалы: 5-сыныпта 1 минут ұзақтығындағы сөзді түсінуге
мүмкіндік бар.
Бастауыш кезеңнің аяғында окушы мыналарді білуі тиіс:
* Амандасу - Сооd morning!
* Қалын сұрау - Неllо! How аге уоu?
* Қоштасу - Gооd bуе!
* Таныстыру – Тһіs is Міке.
* Жауап беру - Неllо! Glad to meet уоu.
* Туған күнмен құттықтау — Нарру вirtday!
* Жаңа жылмен құттыктау - Нарру New Үеаг!
* Рұқсат сұрау - Мау I
* Кешірім сұрау - I аm sorrу.
* Рахмет айту - Тһаnк уou!
* Өзінің кім екені, мекені, отбасы, қызметі, өзінің туғандары, достары,
мектебі, үйі, көшесі, қаласы туралы айтып және суреттеп беру.
- Сұрақтарға жауап беру, сұрак қою.
Бастапкы кезде оқу мен жазу негіздері қаланады.
Окушылар ағылшын тілінде оқуды үйренеді. Оқу техникасы мен дауыс ырғағын
қалыптастыру үшін арнайы жаттығулар бар. Дауыстап
оқу, жазу, бірінші оқу кезенінде қалыптастырады.

Ағылшын тілін оқыту мақсаттары

Оқытудың мазмұны әдістеменің негізгі мәселесі болып табылады. Мазмұн
ағылщын тілін пән ретінде қалай және нені оқыту керектігін аңықтайдады.

Оқытудың мазмұны 3 негізгі компоненттен тұрады:
лингвистикалық
психологиялық
әдістемелік
Мұғалім осы 3 компонентке байланысты нені оқытуды білуімен катар, неге
осы 3 компонентке сүйеніп оқыту керек екенін білуі керек.
Лингвистикалық компонент. Лингвистика ғылымынсыз оқытудың мазмұнын
анықтау мүмкін емес. Лингвистика ғылымы - тілді белгілі бір таңбалар жүйесі
ретінде зерттейді. Адамдар бұл таңбалар жүйесін өзара түсінісу үшін
қолданады. Ал әдістеме осы белгілерді оқыту жолдарын іздейді. Лингвистика
тілдің нормаларын, оның дыбыстық, морфологиялық-синтаксистік, лексикалық
жақтарын, оның ауызша және жазбаша түрлерін зерттейді.
Сонымен бірге тілдің белгілі бір белгілер жүйесі мен кызметін
қарастырады. Ал сөйлеу дегеніміз - осы белгілер жүйесін қарым-қатынас
барысында қолдану. Тіл мен сөйлеу бір құбылыстың екі құрамдас бөлігі, олар
бір-бірін толықтырады.
Тілдің және сөйлеудің өзіне тән бірліктері бар. Тілдің бірліктеріне:
фонема, морфема, сөз, фразеологлялық бірлік, микро және макромәтіндер
жатады.
Оқытудың мазмұнын анықтауда тілге немесе сөйлеуге үйрету керек пе?",
"Тілді жүйе түрінде оқыту керек пе? Әлде сөйлеуді үйрету керек пе?" деген
сұрақтар пайда болады.
Тілді лингвистикалық феномен ретінде оқытса, ол тәжірибелік қарым-қатынас
құралы ретінде қолданылмайды. Егер грамматиканы, лексиканы, фонетиканы
қарым-қатынас құралы ретінде қолдануда бір-бірінен бөлек оқытса, ол
ешқандай коммуникативтік міндеттерді шеше алмайды.
Ағылшын тілін оқытуда сөйлеуден тілге қарай жүру жүйесін сақтау немесе
тілді ұйымдастырған мақсатты сөйлеу процесі арқылы үйрету керек. Сөйтіп,
мазмұнынның лингвистикалық компоненті шығады. Оған мынадай тілдік
маитериалдар жатады: нақты іріктелген фонетикалық, грамматпкалык,
лексикалық мннимумдер және тілдік материалдар, сөздік үлгілер. Іріктеу,
жүйелілік және мөлшер қарым-қатынастың мөлшеріне байланысты. Тілдік үлгі
сөйлем, диалог, монолог түрінде беріледі және сейлемнің түрлері ретінде
беріледі. Осын-ай тілдік үлгілер тілдің жүйесін қүрайды және ол үйренушінің
есінде қалады.
Ал оқыту бірліктері белгілі бір жағдайларға байланысты сейлемдер арқылы
беріледі. Олар белгілі бір ырғақпен айтылады.
Оқыту мазмұнына тіл білімінің әлеуметтік лингвистика бөлімі де әсер
етеді. Бұл бөлімде тілдің мәдениет пен, қоғаммен қарым-қатынасы зерттеледі.
Лингвистика әдістеме мен оқытудың лингвистикалық компонентінің анықтауға
мүмкіндік береді. Лингвистикалық компонетке тілдік және сөйлеу матералдары
кіреді.
Тіл - ұлттың негізгі белгілерінің бірі. Сондықтан шет тіліне үйрету
белгілі бір жүйеге үйрету ғана емес, сонымен қатар сол тілде сөйлейтін
халыктың мәдениетіне үйрету. Қазіргі әдістемеде елтану туралы мәліметтер
көп қолданылады, ол сол елдің жағрафиясын, тарихын, өмірін зерттеуге
арналған. Олар тыңдауға және оқуға арналған мәтіндер арқылы беріледі.
Психологаялық компонент. Психология ғылымынсыз оқытудың мазмүнын анықтау
мүмкін емес. Психология адамның іс-әрекеті мен оның қалыптасуын зерттейді.
Шет тілінде сөйлеу де адамның іс-әрекетінің түріне жатады. Сөйлеу
әрекетінің құрылысын зерттейтін ғылым саласын - психолингвистика деп
атайды. Мұнда адамның сөйлеу әрекеті, тыңдағанда және сөйлегенде жүретін іс-
қимылды, әрекетті ойлау моделі ретінде зерттейді. Психолингвистер сөйлеу
және тыңдау процесінде қандай тілдік бірліктер қандай тәртіппен қатысады,
тілдік жүйе қандай тәртіппен оқылатынын зерттейді.
Сөйлеу процесінде сөйлеу механизмі қальптасады: тыңдау мен оқуда тілдік
материал қабылданады; сөйлеу мен жазуда тілдік қор пайдаланылады.
Диалог, әңгіме. мәтіндер тек сөйлеу әрекеті арқылы жүзеге асырылады.
Сөйлеу әрекеті - тілдік және сөйлеу материалы дағдылары мен біліктілік
арқылы дамытылғанда ғана мүмкін болады.
Дағды дегеніміз - жаттығу мен қайталау аркылы автоматтандырылған іс-
әрекеттің бөлігі. Мысалы: А.Леонтьев сейлеу дағдысы деп өте жоғары
дамытылған сөйлеу әрекетін айтады.
Шет тілін меңгеру - тілдік дағдылар жүйесін үйрену, ол үшін тілдік
біліктілік керек. Тілдік біліктілік шығармашклық іс-әрекетпен байланысты.
Ол ойлаумен, эмоциямен, елестетумен байланысты. Ал Е.И. Пассов дағдыға
айту, грамматикалық, лексикалық, графикалық, орфографиялық, оқу және жазу
дағдысын жатқызады.
Сонымен қатар, психологиялық компонентке коммуникатнвтілік мақсат үшін
тілдің дағдысын және біліктілігін пайдалана білу жолы жатады.
Әдістемелік компонент. Қазіргі дидактика ғылыми оқу процесінде оқушының
белсенділігін арттыруға, әдістерді жоспарлауға, ұйымдастыру мен бақылауды
пайдалануға көп көңіл бөледі. Бұл жағдайда мұғалім оқу процесін
үйымдастырушы болып табылады. Оқушының белсеңділігіне басты назар
аударылады.
Тілді үйренудің нәтижелілігі оқушыға тікелей байланысты, олар
мүмкіндігінше шет тілінде көп сөйлеп, тыңдап. оқып, жазулары керек.
Тілдік ортаның болмауы тілді оқыту ісінде кері әсер етеді. Сондықтан
мүғалім сабаққа шығармашылықпен әзірленуі керек, тілді үйренуді окушы тек
сабақта ғана емес, сабақтан тыс уакытта да ұмытпауы керек.
Тіл сабағы бастауыш сыныптарда аптасына 3-4 рет болса, жоғары сыньптарда
1 рет болады, сондыктан жоғары сыныпта өзіндік оқу ерекше маңызды. Ол үшін
оқушыны оқу әдістеріне, тәсілдеріне үйрету керек.
Мысалы, оқушы тілдік дәлелді бақылап үйреңеді.
Белгілі бір сөзді айтып үйренуде сөздің айтылуының айырмашылығын
үйренеді, сол аркылы оқылу ережесін үйренеді, пайдаланады.
Оқыту процесінде екі тілдің ұқсастықтарын да пайдалану қажет. Оқушыны
жазу, оқу тәсілдеріне, оқулықты, оқу құралдарын пайдалануға үйрету қажет.
Осы айтылғандардың барлығы оқытудың 3-ші компонентін - әдістемелік
компонентті құрайды.
Әдістемелік компонент - оқудың тәсілдерін үйрену, қарым-қатынас жасау
үшін тілдік дағдыны және біліктілікті қалыптастыру.
Шынында да, белгілі бір дағдысыз, білімсіз шет тілін оқып-үйрену, сөйлеу,
айту, жазу мүмкін емес. Ол үшін күнде шамалы болса да оқып тұру қажет,
сөздерді жаттау қажег. Бұдан басқа тілді үйрену жолы жоқ.
Сонымен 3 компонентті атайық:
Лингвистикалык компонент: тілдік және сөйлеу материалы.
Психологиялық компонент: дағды мен біліктілікті қалыптасгыру.
Әдістемелік компонент: оқыгу тәсілдерін игеру әдістері.
- Оқыту принциптері – оқудың ең маңызды негізін салушы қағидасы
- Оқыту принциптерінің түрлері
- Оқытудың арнайы принциптері
- Оқытудың жалпы дидактикалық принциптері
- Оқыту құралдары туралы түсінік
- Оқыту құралдарының түрлері
- Негізгі оқыту құралдары
- Көмекші оқыту құралдары
Негізгі сұрақтар мен тапсырмалар:

Арнайы қағидаттар:
Қарым-қатынас жасауға бағытталған қағидат қазіргі заманға әдістемелік
негізгі принцип болып есептеледі. Бұл қағидат бойынша оқушыларға ағылшын
тілін үйрету, тыңдап түсіну, сөйлеу іс-әрекеттері арқылы ауызша сөйлеуді
арттыру, оқу және жазу арқылы жазбаша қарым-қатынас жасау жүзеге асырылады.

Яғни,ағылшын тілінде оқыту бағдарламасы аяқталғанша сөйлесу, әңгімелесу
арқылы қарым-қатынас үйреніп жатқан тілде болуы тиіс.
Екінші оқыту қағидаты – бөлу және біріктіру арқылы. Сөйлеудің әрбір түріне
тән таңдау іс-әрекеті, лексикалық-грамматикалық сипаттамаға сай болады.
Сонымен бірге, тіл үйрену кезінде дыбыстауға үйрену, сөзге, грамматикаға,
сөйлем жасауға үйренген кезде, барлық сөйлеу іс-әрекеті қоса жүреді. Шет
тілге үйренудің алғашқы қезеңінде бөліп оқыту немесе біріктіріп оқыту
негізінде іске асады
Үшінші қағидаты – ана тіліне сүйене оқыту принципі. Бұл –бойынша ,барлық ,
грамматикалық , лексикалық, орфографиялық қиындықтар ана тіліндегі
баламаларымен салыстырмалы түрде, балалардың ана тіліндегі білімі ескеріле
үйретіледі.
Жалпы әдістемелік (дидадикалық ) қағидаттар. Негізгі принципі – тәрбиелеп
оқыту қағидаты. Шет тілін үйретуде оқыту мен қатар тірбиелік мақсат та
көзделеді. Яғни, ағылшын тіліне үйрену оқушының эстетикалық еңбек, саяси
–идеялық мінез-құлықтарының қалыптасуына әсер етеді. Сондықтан, ағылшын
тіліне үйрену процесі оқушыдан жан-жақты жүйелі түрде өзін-өзі жетілдіруді
талап етеді.
Сана қағидаты. Қазіргі әдістемеде үлкен көңіл бөледі, себебі пән игеруде
сана оқушының интеллектуалдық қызығушылығын, білімін, ой қорыту, оны игеру
іс-әрекетінің артуына себебін тигізеді. Бұл принцип бойынша оқыту әрекеті
бір мақсатты көздейді – қабылдау, ұғу арқылы жүзеге асады.
Белсенділік қағидаты ұғынып, түсіну принципімен тығыз байланысты. Ағылшын
тілін үйрету үшін әрбір оқушының белсенділігін көтеруде бұл принциптің
алатын орны зор. Бұл принцип бойынша оқу процесіне әрбір оқушы бар
ынтасымен, қызығушылығымен қатысуы ктиіс.
Көрнекілік қағидатында оқыту көру және қабылдау әдістері арқылы жүзеге
асады. Көрнекілік принципі, әсіресе бастауыш сыныпта, оқытудың алғашқы
сатысында көбірек қолданылады.
Жеңілдету қағидаты. Жаңа тақырып оқушының қабылдауына еш кедергі
келтірмейтіндей , оқушылардың білім дәрежелеріне сай жеңіл түрде берілуі
тиіс. Кездескен қиындықтарды өз бетімен немесе мұғалімінің көмегімен шеше
алатындай тақырыптар беріледі.
Дәйектілік қағидаты. Білім жүйелі түрде өсіп тұруы тиіс. Қолданылған барлық
сөздер, өз бірліктері оқушының сақтау керек, тыңдап түсіну, сөйлеу, оқу
және жазу кезінде барлық материал дәйекті түрде алынуы керек. Берілген
ақпарат оқушының есінде сақталуынан білім берудегі нәтиже аанықталады. Жеке
ерекшеліктерін ескеру қағидаты бойынша мұғалім оқушының жеке
ерекшеліктерін, білім дәрежесін керек,соған байланыстыәр оқушыға әртүрлі
тапсырмалар беріледі. Әсіресе, үлестірмелі материал берген кезде
ескеріледі. Бірізділік қағидаты бойынша барлық материал бірін-бірі
жалғастыратын негізде берілуі керек. Ана тілінде берілген материалдың
негізінде беріледі.
Жүйелік қағидаты бойынша белгілі бір жүйе бойынша оқыту процесі бір
мақсатты негіздейтін іс-әрекет болуы тиіс. Әрбір жаңа алынған тақырып өткен
тақырыпты күрделі түрде қайталап, тереңдете жалғастырылуы керек. Ғылымилық
қағидаты, яғни теориялық тәжірибемен байланысты. Ағылшын тілін оқытуда
алынған білімді тәжірибеде дәлелдеуде үлкен көңіл бөлінеді. Іс-әрекет
кезінде ғана оқушының білім және материалды меңгеру дәрежесі анықталады.
Берілген материалды игерген оқушы әрі қарай басқа да ғылым салаларын
пайдаланғанда, техника , өнер саласында өз білімін пайдалана алады.

Ағылшын тілін оқыту құралдары
Оқыту құралдарына оқу-тәрбиелеу процесін ұйымдастыру мен өткізу үшін көмек
ретінде қолданылатын техникалық және техникалық емес құрал –жабдықтар,
заттар жатады.
Мұғалім әрбір құралды қайда, қашан , қалай қолдануы және қандай нәтиже
жетуге болатынын білгенде ғана құралдың пайдалы қолданылуына қол жеткізе
алады.
Оқыту құралдарын топқа бөлу. Орта мектепте қолданылатын оқыту құралдарын
мынадай топқа бөлуге болады:
1. Пайдаланылуына байланысты негізгі және қосымша
2. Оқушыға немесе мұғалімге арналған
3. Ақпаратты қабылдау түріне байланысы есту, көру, көріп есту
4. Техниканы пайдаланылуына байланысты техникалық және техникалық емес
негізгі оқыту құралына оқу-әдістемелік кешені: оқулық,мұғалімге арналған
оқулық жатады. Бірақ, оқулық пен мұғалім кітабын пайдаланылғанда техникалық
оқыту құралдары өте қажет.
Мысалы, 2 және 3 сыныпқа арналған оқу-әдістемелік кешенінде оқулықпен бірге
дыбыстық жазба да бар.
Ал 4 және 5-сыныпқа арналған грамматиканы пайдалану ағылшын тілінің
дыбысталуының айтылу дағдыларын үйретіп тыңдау және оқуды дамытады. Қосымша
оқыту құралдарына компьютерлер мен бейне материалдар жатады.
Сонымен қатар, ағылшын тілі кабинетіндегі барлық құралдар қосымша құрал
болып есептеледі.
2-сыныптадағы негізгі құралдарға-бағдарлама, мұғалім кітабы, оқулық,
дыбыстық жазбалар, дидактикалық карточкалар жатады.
4-сыныпта- бағдарлама, мұғалім кітабы, оқулық, пластинкалар жинағы,
көрнекілік жинағы, көрнекілік құралдар: суреттер, грамматикалық
таблицалар, диафильмдер, кинофрагменттер, лингафондық практикум жатады.
5-сыныпта - бағдарлама, мұғалім кітабы, оқулық, пластинка,, көрнекіліктер
жатады.
Қосымша құралдарға осы оқу-әдістемелік кешеніне кірмеген, міндетті емес
құралдар : транспаранттар, кодоматериалдар, диафильмдер, тарату
материалдары, ойыншықтар , т.б.заттар жатады.
1.Бағдарлама – бұл мұалімнің белгілі бір сыныпта жұмыс жүргізу үшін
қолданылатын мемлекеттік құжаты. Мұғалім бағдарламаның түсініктемесін
ұқыпты оқып,оқытудың мақсаты, мазмұнын біліп алу керек. Мысалы, 1985 жылғы
түсініктемеде оқыту ауызша түрде жүргізіледі деген.
Бағдарламада оқушылардың сыныпта өзіндік жұмыс жүргізуін, олардың сыныпта
тыс жұмытарына көңіл бөлінеді. Егер бағдарламада тіді оқыту бағыты өзгерсе,
онда оқыту әдістемесі де згеруі тиіс.
Түсініктемеден кейін бағдарламаның өзі беріледі, онда оқытудың
тақырыптары(үлгі) және оқытудың түрлеріне қойылатын талаптар көрсетіледі.
2. Екінші маңызды құрал – мұғалімге арналған кітап. Бұл оқу-әдістемелік
кешенінің мазмұнын беретін құрал. Жұмысқа кіріспес бұрын, мұғалім сабақ
жүргізуге қажетті қағидаларды анықтап білуге тиіс. Сабақтың мақсаты мен
мазмұнын анықтағаннан кейін, қандай құралман жұмыс жасайтындығын анықтакп
алады. Құралдардың керегін таңадап, болмаса өз бетімен әзірлеуі тиіс.
Содан кейін мқғалім кітаптың түгел мазм ұнымен түгел танысыуы керек. Онда
әр тоқсандағы жоспар құрады. Мұғалімдік кітапты әр ұстаз әр түрлі
жүргізеді. Мысалы, кейбіреулер бұл кітапты пайдаланбайды, сабақ жоспарын
өздігінше құрады. Басқалары кітапты қолданғанда өзгертулер енгізеді. Бұл
дұрыс емес. Немесе кітапты қолданып бәрін кітаптағыдай әзірлейді де,
белгілі бір сабақтың ерекшеліктерін ескермейді. Бұл да толық дұрыс емес.
Кітапты қолданудың ең дұрыс түрі – оны толықтырып, сынып оқушыларының
ерекшелігі мен қабілетін ескеріп, жоспар жасау. Оны тәртіппен кітап
толықтырылса, оқытудың негізгі құралдары таңдалады.
3. Оқулық – ағылшын тілін оқытудың негізгі құралы. Ол белгілі бір сыныпқа
арналған оқу-әдістемелік кешенінің жүйесін қалыптастырады.
Мысалы, 4 немесе 2 –сыныпқа арналған оқулықта оның ауызша оқуға
негізделгені көрсетілген. 4-сынып оқулығының бірінші бөлімі ауызша кіріспе
бөлім суреттерімен берілген. Ал 2- сыныпта тапсырмалары бар суреттермен
берілген және қосымша дыбыстық жазбалары бар.
Оқулықтың негізгі бөлігі бөлімдерден (Units) тұрады. әр сабақтың құрылымы
сөйлеуге үйретуді қалыптастыру жолдарын көрсетеді. Мысалы, 2-сынып
оқулығындағы әр Units-тің бірінші бөлігі ауызша сөйлеуге арналған (Look and
say), екінші бөлігі оқуғ (Read), үшінші бөлігі жазуғ (Write), ал төртінші
бөлігі үй тапсырмасына (Home work) арналған.
Мұғалім оқушыны кітаппен таныстыруы керек: белгілерді түсіндіріп, сөздікпен
жұмыс істеуді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетел тілі сабағында ойын элементтерін пайдалану
CLIL -ді оқытудың теориялары, дидактикалық принциптері, психологиялық ерекшеліктері және модельдері
Ойын технологиясын қолдану ерекшеліктерін анықтау;
Шетел тілінің лексикалық дағдыларын оқыту технологиялары
Коммуникативтік ойын технологиясының педагогикалық әдістемесі
Пәнді оқытуда жаңа педагогикалық,ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың мүмкіндіктері
Шет тілін оқыту мазмұнының компоненттері
Жаңартылған білім жүйесінде ағылшын тілін оқытуда заманауи педагогикалық технологияларды пайдалану
Ағылшын тілі сабақтарында грамматиканы оқыту
Компьютерлік технологияны пайдалану тәсілдері
Пәндер