Бастауыш мектеп оқушыларының адамгершілік-эстетикалық тәрбиесін қалыптастырудың педагогикалық негізі


Бастауыш мектеп оқушыларының адамгершілік-эстетикалық тәрбиесін қалыптастырудың педагогикалық негізі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
- Бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік-эстетикалық тәрбиесін қалыптастырудың педагогикалық негіздері
1. 1 Оқушылардың адамгершілік тәрбиесінің қалыптастырудағы эстетикалық сезімдер мен талғамдардың орны
- Оқыту-тәрбие үрдісінде адамгершілікке тәрбиелеу жолдары
- Қазақ халқының салт-дәстүрлерініндегі адамгершілік тәрбие мәдениеті
2. Оқушылардың адамгершілік тәрбиесін қалыптастыруда халық дәстүрлерін пайдалану
2. 1. Оқушылардың қарым-қатынас әрекеттерін анықтау
2. 2. Жаңа оқу технологиясын ендіруде және сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға қарапайым адамгершілік ережелерін меңгерту . . .
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының Конституция-сында Қазақстан халқының дүниежүзілік қоғамдастықтың ажырамас бөлігі екендігін адам құқы мен бостандығын танитындығын демократиялық қоғам мен құқықты мемлекет құруға бекем бен байлағандығын азаматтық татулық пен ұлтаралық келісімді қамтамасыз ететіндігі көрсетілген. Қазір жаңалық кезеңінде біздің қоғамымыздың ілгерлеу процесіндегі адам факторын және оны жандандыру, ол өмірінің барлық жақтарын жаңарту жағдайда бала тәрбиесінің мәні мен оның проблемаларын күрделендіріп отыру/1/.
Жас ұрпаққа адамдар арасындағы қарым-қатынас адамгершілік, ізеттілік, сыпайлық, еңбек дене, эстетикалық, сондай-ақ экономикалық, құқықтық кәсіби және діни тәрбие беру бір-бірімен тығыз байланыста және өзара тәуелділікте жүзеге асырылуы тиіс.
Тәрбие берудің бұл түрлерінің әр қайсысының өзіндік мазмұны, өзіндік бағдары, өзіне тән қызметі бар.
Бүгінгі күнде болашақ ұрпақ тәрбиесі ұлттың мұраттар мен дүниежүзілік рухани бай қазынадан нәр алу мен ұштастырылып жүргізілуі талап етіледі. Біздің қоғамның тәлім-тәрбие тәжірибесі көп жылдар бойы бір жақтылықпен жүргізіліп келді. Жалпы азаматтың құнды ұлттық сана-сезімнің дамуына, рухани, мәдени байлықты ұлттық тәрбие мен бай мұрасын игеруге көңіл бөлінбеді. Мұның өзі жас ұрпақтың басым көпшілігінің өз халқының тарихын, тілін, дінін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, ұлттық дәстүрлерін жете білуіне әкеліп соқты. Сондықтан соңғы жылдары әлемдік, отандық ұлттық негізінде білім, тәрбие беру міндетіне сай республикамызда ондаған жаңа концепциялар, тұжырымдар және заң қабылданды.
Қазақстан Республикасының Білім беру туралы заңында: “үй елімен қалыптасып келе жатқан жеке адамның үйлесімді дамуы, оның қоғамға сай болуы, ұлттық және азаматтық қазыналардан нәр алуы үшін жауапты болды”/2/. Осы үйлесімді даму қағидасы тәрбиеге комплексті қарауды талап ететіндігі туралы ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мамлекеттік бағдарламасында/3/. Сондықтан осындай мемлекеттік міндеттерді жүзеге асыруда педагогикалықь қауымдастықтың қосар үлесі зор екені белгілі.
Тәрбиеге комплексті қарау педагогика ғылымында біршама зерттелген және оны мектептің оқу-тәрбие процесінде қолдану мәселесі әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілгенімен, тәрбие түрлерінің бірін-бірі толықтыру мүмкіндіктері мен атқаратын тәрбиелілік функцияларын кіріктіре қарастыру Қазақстанда жеткіліксіз зерттелуде, әрине оқу-тәрбие процесінде қолданысқа енгізілмеген. Мысалы, тәрбие түрлерін: адамгершілік-эстетикалық, эстетика-лық-патриоттық, эстетикалық-дене тәрбиесі, экологиялық-адамгершілік, т. б. дуалистік көзқараста зерттеп, оқу-тәрбие процесіне енгізу қарастырылмаған. 12-жылдық оқыту жүйесінде оқушы мен мұғалім арасында қалыптасуға тиісті басты қарым-қатынас «субъект-субъект» негізінде болуы қажеттігіне байланысты тәрбиеге комплексті қарау қолға алынғаны дұрыс деп табылуда. 2007/2008 оқу жылынан бастап 12 жылдық оқыту жүйесіне ену бастауыш мектеп алдына улкен мәселелер тудыруда. Өйткені мектеп оқушыларының тәрбиесі қоғамдық және азаматтық тәрбие сапаларын қалыптастыруда басты санақ нүктесі ретінде алынады, яғни тәрбиеге көзқарас пен оның басты бағыттары мен бағдарларын дұрыс анықтау саясаты шешуші роль атқарады.
Біздің мемлекет от басында қарым-қатынас дұрыс жолға қойылуына, ерекше көңіл бөледі. Адамгершілік мол, берік ұйымдасқан жанұя тәрбие жұмысында жақсы нәтиже шығарады. Ана мен баланы қорғау жұмысын күшейту туралы шыққан заң от басындағы тәрбиесінің жақсаруын бұрынғыдан гөрі күшейтеді. Тәрбиенің бастапқы әліппесін бала отбасында алады, адамдар арасындағы қарым-қатынас жайында, айналадағы дүниеден қарапайым түрде мәлімет беріледі.
Сондықтан да тәрбиенің бастауы отбасы болса, негізі бастауыш сыныпта болатындығы ешкімге құпия емес. Мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршінге мектепте білім нәрін себе отырып, жақсы адамгершілік қасиетке баулап, сапалы азамат болуға жол сілтеу әр бір ұзстаз міндеті. Сол себептен бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік-эстетикалық қасиеттерін қалыптастырудың жолын қарастыруды арнайы зерттеуді ұйғардық. Әрине біз зерттеу барысында осы уақытқа дейінгі зерттеу жұмыстары мен ғылыми әдебиеттерге ретроспективті талдау жасап, Н. К. Крупская, С. Макаренко, В. Сухомлинский, В. Петров, И. Левченколардың секілді Кеңестік педагогтардың жұмыстарының тиімді тұстарына тоқталамыз. Сол сияқты қазақ халқының ағартушы-демократтары мен педагог-ғалымдарының оқушы тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау туралы ой-пікірлері мен зерттеу жұмыстарына, ғылыми еңбектеріне (Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердинов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, Қ. Бөлеев, К. Қожахметова, С. Ұзақбаева, Ж. Наурызбай, М. Балтабаев, т. б. ) сынды сүйенеміз/3, 4, 5, 6, 7/.
Сонымен бірге, бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік және эстетикалық тәрбиелері мәселесі бойынша зерттеу жасаған ғалым-әдіскерлер Р. Төлеубекова, Ә. Қамақ, Р. Дүйсембинова, Т. Қышқашбаев, Р. Рахымжанова, Ә. Әшірова, К. Карбозовалардың еңбектері де мұқият талданып, зерттеу мәселесі бойынша ғылыми тұжырым жасауға негіз болды /6, 7, 11, 14,, 17/. Онда, бастауыш мектеп оқушылары өздерінің психикалық даму ерекшеліктері бойынша әлі сенсизитивті кезеңде болдатыны, сол себепті тәрбие жұмыстары бала тәрбиесінде өте әсерлі, сезім деңгейінде қабылдауға барынша жақын болу қажеттігі көрсетілді, яғни тәрбиелеу процесінің тиімділігі жеткілікті болады, егер адамгершілік тәрбиесі мен эстетикалық тәрбиенің комплексті жүргізілсе.
Бүгінгі күні елімізде бастауыш мектептердегі тәрбие жұмыстарын осы зерттеу тақырыбына сәйкес сраптау барысында барлық мектептерде оқыту-тәрбие үрдісі жүйелі жүргізіліп жатқанмен де оқушының жеке басының қасиеттерін ашу, адамгершілік, имандылық, жылы жүрек, сезімтал, адамшыл, адал азамат тәрбиелеу мәселесі кейінге қалып отырылғаны анықталды. Атап айтқанда, адамгершілік тәрбиесі мен эстетикалық тәрбиенің ортақ иіндеттерінің айқындалмауы, сол себепті аталған тәрбие түрлерінің арасындағы логикалық байласныс әлсіз екендігі нақтыланды. Осындай қарама-қайшылықтың бар екендігі және оны шешу міндетінің өзектілігі бізге зерттеу жұмысымыздың тақырыбын “Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілік- эстетикалық тәрбиесін қалыптастырудың педагогикалық негізі” деп таңдауға мүмкіндік берді.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік-эсттикалық тәрбиесін қалыптастырудың тиімділеудің жолдары мен әдістерін анықтау.
Зерттеу объектісі: Бастауыш мектептегі оқу-тәрбие
Зерттеу орны: Тараз қаласы, №30 қазақ орта мектебі
Зерттеу болжамы: Егер бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысы компексті сипатта ұйымдастырылып, тәрбиелілік функциялары бір-біріне барынша жақын тәрбие түрлері қатар жүргізілсе, онда оқышлардың жеке тұлғалық қасиеттері жалпы адамзаттық құндылықтармен барынша толыға түсер еді. Адамгершілік-эстетикалық тәрбиенің ортақ мүдделері оқушының табиғи қабілеттерін ашуда табысты нәтижелерге қол жеткізер еді, яғни халық дәстүрлерін кеңінен пайдаланып оқушылардың эстетикалық талғамдарының сапасын арттырып, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға мүмкіндік көбейер еді, балалардың бойында отансүйгіштік, табиғақа қамқорлық, сұлулыққа, әсемдікке бағдарлану, бауырмашылдық, ізгі ниет, кішіпейілдік, инабаттылық т. б. жалпы жоғары сана, ізгі қасиеттер қалыптасар еді.
Зерттеу міндеттері:
1. Зерттеу мәселесі бойынша философиялық, педагогикалық, психологиялық және ресми құжаттар мен әдістемелік әдебиеттерге шолу, талдау жасау;
2. Бастауыш сыныптың оқыту үрдісінде адамгершілік-эстетикалық тәрбиесінің жүзеге асу жолдары мен әдістеріне талдау жасау.
3. Тәжірибелік - эксперименттік жұмыс барысында халық тәжірибелері мен жаңа оқу технологиясының негізінде оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Зерттеудiң деректi көздерi: Зерттеу тақырыбы бойынша педагогтардың, философтар мен психологтардың және әлеуметтiк психологтар мен педагогтардың осы iзденiс бойынша жазған ғылыми жұмыстары, бағдарламалар, бұйрықтар, нұсқаулар, жалпы бiлiм беретiн мектептерiнiң оқу тәрбие процесiнiң озық тәжiрибелерi, сонымен бiрге тарихшы әдебиетшiлер мәдениттанушылардың еңбектерi, проблемаға қатысты диссертациялар және автордың өзiнiң тәжірибесi ескерiлдi.
Зерттеудiң барысында қолданылған әдiстер: философиялық, педагогикалық-психологиялық, мәдениет-өнертанушылық әдебиеттерге ғылыми талдау, облыстық мұғалiмдер бiлімiн жетiлдiру институттарының ғылыми-әдiстемелiк нұсқауларының оқыту процесiнде пайдаланудағы тәжiрибелерiн жинақтау, бастауыш сынып мұғалiмдерiнiң iс-тәжiрибесiмен танысып, түсiнiктерiн анықтау, әңгiмелесу, сұрақ- жауап мақсатымен сауалнама жауаптармен танысу, “Қазақстан мектебi”, “Бастауыш мектеп” журналдарының күнделiктi басылымдарындағы мақалаларға шолу жасау, педагогикалық эксперимент жүргiзу, эксперимент нәтижелерiн қорытындылау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
Зерттеу негізінде бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік тәрбиесін қалыптастырудың жолдары мен мүмкіндіктері анықталды. Оқыту-тәрбие үрдісінде халық дәстүрлерін пайдалану, жаңа оқу технологиясын меңгерту барысында оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалаудың тиімді әдістері мен жолдары іріктелді. Адамгершілік тәрбиесін жүргізудің жүйесі жасалды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі.
Зерттеу барысында пайдаланылған әдістемелік жұмыстардың жүйесін, сабақтың жоспар-конспектілері мен ойын-жаттығу, тәрбие сағаттарының жоспарларын бастауыш сыныптың оқу-тәрбие жұмысында, озық іс-тәжірибелерді меңгертуде пайдалануға болады.
Зерттеу кезеңдері:
Зерттеу негізгі үш кезеңде жүргізілді:
1 кезеңде. Педагогикалық, философиялық, психологиялық және ресми құжаттарға шолу жасалды, талданды. Жұмыстың ғылыми аппараты құрылды.
2 кезеңде. Бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік-эстетикалық қасиеттерін қалыптастырудың жолдары мен әдістері іріктеліп, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың мазмұны жасалды.
3 кезеңде. Жұмыс қорытындыланды, бір жүйеге келтірілді, пайдаланылған әдебиеттер тізімі құрылды. Жұмыс баспаға даярланды.
Жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі екі тараудан қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- Бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік-эстетикалық тәрбиесін қалыптастырудың педагогикалық негіздері
1. 1 Оқушылардың адамгершілік тәрбиесінің қалыптастырудағы эстетикалық сезімдер мен талғамдардың орны
Жеке адамның дүниеге көзқарасының ұтымдылығы және тиімділігі сол көзқарастың өмірдегі қайшылықтарынан туындайды. Дүниеге көз қарас, дүниетаным қайшылықтары арқылы айқындалады. Дүниетанымдық сана баланың сезіміне, еркіне ықпал жасайды, ал сезім сананы бекітеді, ерікке дем береді. Ерік сана арқылы сезімді басқарады. Баланың санасы ғылымды меңгерудің нәтижесінде қалыптасу, көзқарасы, сенімі бекиді. Сенім дүниеге қатынасын, көңіл-күйін білдіретін болмыстың мида ерекше бейнелеу түрі. Сезім күрделі құбылыстардың бірі. Сезім сұлулық, әдемілікке, адамгершілік, өнер арқылы тәрбиелеу барысында қалыптасады.
Мектепте дүниеге көзқарас, дүниетаным оқу-тәрбие барысында қалыптасады. Түрлі пәндер жүйесі, ақпарат құралдары, әдебиеттер т. б. дүниетанымның қалыптасуының басты құралдары. Ғылыми дүниетанымды қалыптастыру үшін оқулықтар мен оқу құралдарының мазмұнына табиғат пен қоғамның заңдарын ашатын және дәлелдейтін көп мүмкіншіліктердің негізі салынған.
Оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудағы, өнегелі эстетикалық адамгершілік сезімдерді тәрбиелеуде сурет, ән, әдебиет сабақтарының орны ерекше. Сабақтан тыс уақытта түрлі үйірмелерге, секцияларға қатысып оқушылар музыка, көркемсурет, кино, театр, би, спорт, еңбек арқылы тәнім-тәрбие алып өз сезімдерін бекітеді.
Мектептен сыныптан тыс ұйымдастырылған түрлі тәрбие жұмыстары оқушылардың ғылыми-материалистік дүниетанымын дамытудың қажетті құралы болып есептеледі. Мұндай тәрбие жұмыстары арқылы оқушылардың қоғамдық өмірге ынтасын тәрбиелейді, саяси және мәдени ой-өрісін кеңейтеді, олардың еңбекке, мамандықты таңдап алуға көзқарасын қалыптастырады, қоғамдық қатынастар тәжірибесін игереді, сенімі мен сезімі дамиды, ерікті меңгереді.
Сонымен дүниеге көзқарасты қалыптастырудың маңызды негізгі адамды қоршап тұрған табиғат, әлуметтік орта туралы ғылыми материалистік білімдердің негізін игеру, талдау жасауға үйрету, дүниетанымдылықты қалыптастыру.
Ақыл-ой тәрбиесіне, ақыл-ойдың дамуына ойлау, ақыл-ой күштері жатады. Ойлау дегеніміз абстракция. Оның бірнеше түрлері бар. Олар: диалектикалық, логикалық, индуктивті, дедуктивті, техникалық, аморитимдік, теориялық, абстракциялық, көре білу, хабарлау, жүйелі, шығармашылық т. б. болып бөлінеді.
Ақыл-ой тәрбиесінің мақсаттары:
- білімді жинақтау, дұрыс пайдалану;
- ойлаудың логикасын қалыптастыру;
- интелектуалды дағдыны қалыптастыру;
- диалектикалық-материалистік дүниетанымды қалыптастыру.
Білімді жинақтауға оқу барысында шәкірттерді түрлі факті, терминологияны, белгілерді т. б. сабақ үстінде үйрету. Әрине ол үшін шәкірттің білімге деген құштарлығы керек. Шәкірт алған білімін талдап, жіктеп, салыстырып, топтап үйренуі қажет. Ол үшін оларды оқуға, тыңдауға, өз ойын айтуға үйрету қажет.
Адамгершілік тәрбиесі біртұтастық оқу-тәрбие процесінің негізгі болып табылады. Адамгершілік мораль, этика, өнеге арқылы айқындалады.
“Мораль (латыншасы моранис, қазақшасы - әдет-ғұрып) - әлеуметтік шындықтың эстетикалық сапаларын (ізеттілік, мейірбандық, әділеттілік, мінез-құлық, әдет-ғұрып т. б. ) бейнелейтін қоғамдық сананың бір түрі. Мораль дегеніміз адамдардың бір-біріне және қоғамға деген міндеттері мен қарым-қатынастарын анықтайтын қауымдық өмір сүру ережелерінің, адамдардың мінез-құлықтары нормаларының жиынтығы. Моральдың сипаты экономикалық және қоғамдық құрылыспен анықталады, өйткені оның нормаларынан белгілі бір таптың, әлеуметтік топтың, халықтың мүдделері байқалады. Ал қоғамда әр түрлі көзқарас болғандықтан, мүделер де қарама-қарсы болады, әртүрлі моральдар қатар өмір сүреді”.
Бүгінгі жағдайда бұрыңғы Кеңестік моральдың кейбір түрлері өзгереді. Мораль барлық қоғамда өмірдің саласында еңбекте, тұрмыста, саясатта, ғылымда, жанұяда, әр түрлі қатынаста адамның мінезін, іс-әрекетін, қатынасын, санасын реттейді. Мораль этикамен байланысты. Этика - бұл философиялық ғылым, қоғамдық сананың формасы, қоғамдық қатынастардың түрі.
Этикаға нормативті этика және мораль туралы, оның шығуымен дамуының туралы, адамның өмір сүру салтының аса мәнді жақтарының бірі болып табылатын адамгершіліктің әр түрлі қоғамдық құрмыстағы сан алуан формалары туралы ілімдер жүйесі. Эстетикалық норма - адамдардың ұқсас қылық-мінездерін жалпы ерекшеліктері бойынша немесе тиым салу арқылы реттеліп отыратын адамгершілік қағидалар формасы. “Эстетикалық норма - ешкімнің жарлығы мен немесе өкімет шешімі мен болмайды, дәстүр қоғамдық пікір негізінде стихиялы түрде қалыптасатын құбылыс”. Эстетикалық норма жалпы адамзаттың, таптың сипатта болады. Бұл қоғамдық - экономикалық формацияның ауысу кезінде ескі эстетикалық норма жаңа эстетикалыө нормамен күреске түседі. Қаракетшіл моральдын екі жағы бар: өзім үшін, ұжым үшін, әрбір өнегелі азамат қоғам өміріне қайшы жағымсыз құбылыстар мен мансапқорлық, алдау, сөзінде тұрмау, кертартпалық, әділетсіздік т. б. тікелей күресіп, жағымсыз қылықтарға тосқауыл қоюы керек.
Гуманистік моралы шынайы адамгершілік қарым-қатынастарды, ынтымақтастықты, ізеттілікті, адалдықты, кішіпейілдікті, қарапайымдылықты, қайырымдылықты қуаттап уағыздайды.
Ұжымдық мораль. Моральдың бұл түрі бүгінгі кішігірім ұйым, қоғам, серіктестік және қожалық т. б. кездеседі. Шынайы ұжымдық моральдың ұраны “У жесең де руыңмен же”, немесе “Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін”. Мұндай принцип өзімшілдікпен, менмендікпен және пайда күнемдікпен сыйыспайды, жалпы халықтың және мүдделерді ұштастырады.
Бүкіл адам баласына әр қоғамда ұзақ уақыт өзгермейтін моральдық этиканың нормалары бар. Осылар ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады, жастарға үлкен әсер етеді, ықпал жасайды. Мораль адамның - мінез құлқын, сана-сезімін рететйді, қарым-қатынас мәдениетін жасайды. Бірақ өмірде моральды бұзушылар жеткілікті. Әсіресе мына заманда: нашақорлық, жезөкшелік, алдау, сөзге тұрмау, жауыздыққа бару т. б.
Мораль - қоғамдық сананың бір түрі. Ол адамдардың ара-қатынасынан туындайды; адамгершілікке жататын, немесе адамгершілікке жатпайтын қылықтар арқылы белгіленеді. Біз мұны өнегелі, өнегесіз қылықтар дейміз.
Адамгершілік, өнегеліліктің өзі өнегелі саналы идеял деп бөлінеді. “Өнегелі немесе адамгершілікті сана - адамның қарым-қатынасынан, оның эмоциялдық іс-әрекетінен, мінез-құлқынан көрінеді. Өнегелілік баланың жас күнінен бастап, атаананың үлгісінен басталып ағайын туыстың, жора-жолдастың ықпалымен, мектептің тікелей басшылығымен қалыптасады. Өнеге - адамдардың бір-біріне, қоғамға деген міндеттері мен қарым-қатынастарын анықтағанда көрінетін, олардың тәлім-тәрбиелілігі, үлгілі саналылығы, ерекшеліктерінің жиынтығы.
Өнегелілік - сезімнен, ұлттан, ардан басталады. Сезімі, ар-ұятты бар адам адамгершілігін жоғалтпайды, қашанда өнегелі болуға тырысады, жақсы адамға еліктейді. Ол үшін сезім, ар-ұяттан басқа адамда жігер, ерік болуы керек. Сол ерікті, жігерді дұрыс басқара (сезім арқылы) білуі қажет. Өнегесіздікке жігерсіздік, еріксіздік, өзін-өзі ұстай алмайтын, басқара алмайтын адам барады. Өнегелі сананы, мінез-құлықты қалыптастыру үшін, ар-ұят, ерік, жігерден басқа өнегелі дағды керек, өнегелілікке дағдылану керек.
“Адамгершілік тәрбиесі - тәлім-тәрбиенің ықпалды әсерімен моральдық сананы қалыптастырудың, этикалық білімділікті, адамгершілік сезімді дамытудың сара жолы. Ол жанұя, мектеп, ұстаз, еңбек, қоғам, жеке ықпал арқылы іске асырылады. Жас балалардың адамгершілігін қалыптастыруда мектепке дейінгі балдырғандар үшін оларға түсінікті ғибрат сөз, әсерлі өлең, сурет, әңгімелер пайдаланады, үлгілі, өнегелі ойын, еңбек үстінде этикалық қатынас жағдайында әдепкі адамгершілік әдет дағдылары қалыптасады. Мектеп жасындағылар үшін олардың саяси-әлеуметтік сананылығын (гумманизм, ұлтжандылық, отан сүйгіштік), дүниетанымын, этикалық талғамын, ішкі рухани байлығын молайтатын жүйелі жұмыстар өткізіледі. Этикалық әңгіме, пікір сайыс, лекция өткізу және көркемөнердің түрлі салалары мен әдебиет кеңінен пайдалану адамгершілік тәрбиесіндегі игі істер болып табылады.
Адамгершілік тәрбиесінің мақсаты жеке адамды дамытудың негізгі бөлігі Ұстаз шәкірттерге жан-жақты тәрбиені осы адамгершілік сезімін, сенімін, белгілі мақсатқа, бағытқа жетелеу, іс-әрекетін ұйымдастыру осы адамгершілік тәрбиесінен басталады. Ұстаз шәкірттердің ізгі ниеттілігін, адалдығын, кішіпейілділігін, ілтипаттылығын, орындағыштығын, жауапкершілігін қалыптастырады. Әр қоғамда, барлық өмірде, еңбекте, тұрмыста, жанұяда, тапаралық, халықаралық қатынастарда мораль адамның сана сезімін реттеді, қалыптастырады. Мораль принциптері барлық адамдарға тарайды, олардың өзара қатынас формаларын қуаттайды, бекітеді немесе керісінше өмір талаптарына байланысты олардың өзгеруін талап етеді.
Адамгершілік тәрбиесіне тән міндеттер бар. Олар:
- шәкірттерді адамгершілік тәжірибесін қалыптастыру;
- шәкірттердің санасына және мінезіне ұстаздық ықпал жасау;
- республикаға, оның Президентіне, әнұранына, рәміздеріне, шәкірттердің берімендік сезімін тәрбиелеу.
Бұл міндетті іске асыру оңай емес. Ол үшін тәрбие шаралары ұтымды болуы керек, балалардың жас ерекшеліктерін ескерсек жөн, объектіге - шәкіртке ықпал етушілер бірауызды болғаны керек. Адамгершілік тәрбиесінің мазмұны тәрбие бағдарламаларында, соның ішінде “Атамекен” де бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz