Бастауыш мектепте оқыту процесінде ойын технологиясын өткізу мен ұйымдастырудың маңызы мен кейбір ерекшеліктері



КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ҚОРЫТЫНДЫ
Ұрпақ тәрбиесін жаңа құндылықтар негізінде жетілдіру қоғам алдында тұрған ауқымды істердің бірі, сол себепті де мектептерде, оның ішінде бастауыш мектептерде математиканы оқытуды жаңа көзқарастар негізінде талдау - кезек күттірмейтін іс.
Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында математика пәнін оқытудың мақсаты: «...практикалық қызметте пайдалануға, іргелес пәндерді оқып үйренуге білім алуды жалғастыруға қажетті нақты математикалық білімді меңгерту», – деп анықтайды. Жалпы білім беретін мектептерде математикадан сапалы білім беру мәселесі Қазақстанда А.Е.Әбілқасымова, Б.Баймұханов, М.Е.Есмұқан, А.Көбесов, Ә.К.Қағазбаева, А.М.Мүбәраков, Д.Рахымбек, О.Сатыбалдиев және басқалар, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы елдерінде И.Б.Бекбоев, В.А.Гусев, В.А.Далингер, Ж.Икрамов, А.И.Мордкович, В.А.Оганесян және басқалар тарапынан зерттелген. Бастауыш мектепте математиканы оқыту ерекшеліктері Ә.Б.Ақпаева, Ж.Т.Қайыңбаев, М.И.Моро, Т.Қ.Оспанов, А.М.Пышкало және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертеді делінген.
1. Крупская Н.К. Таңдамалы педагогикалық шығармалары. Алматы. 1973.
2. Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения. Москва, 1986.
3. Щукина Г.И. Проблемы познавательного интереса в педагогике.Москва. 1971.
4. Выготский А.С. Игра и ее роль в психическом развитие ревенка. //Вопросы психологии. 1966.
5. Качество знаний учащихся и пути его совершенствования // Под ред. Скатника М.Н.,Краевского В.В.Москва. 1978.
6. Ушинский К.Д. Избранные педагогические сочинения. Москва. 1969.
7. Качество знаний учащихся и пути его совершенствования // Под ред. Скатника М.Н.,Краевского В.В.Москва. 1978.
8. Педагогикалық ізденіс. Алматы.1976

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Бастауыш мектепте оқыту процесінде ойын технологиясын өткізу мен
ұйымдастырудың маңызы мен кейбір ерекшеліктері
 
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында оқыту формасын,
әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген. Бұл
білім мекемелерінің мұғалімдеріне, педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны
қолдануға мүмкіндік береді.
Бастауыш мектепте оқыту процесінде дидактикалық ойындар әрі оқу, әрі
ойын қызметін қатар атқарумен ерекше орын алады. Ойын – балалар әрекетінің
бір түрі. Оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мақсатындағы қарым-қатынастың
әдісі мен құралы.Ойын әрекеті естің, ойлау мен қиялға, барлық таным
процесіне әсерін тигізеді.
Н.К.Крупская Қандай ойын болмасын баланы бір нәрсеге үйретеді. Ең
бастысы, баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақты болуға
үйретеді - дейді [1.96].
Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың
тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездесетін қиыншылықтарды жеңудің жолын
үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады дегенді
айтуда ғалымдар.
Н.Ф.Талызина Алты жасарлар ойнай отырып, логикалық қабылдау арқылы
оқуды және математиканы таным қызығушылығын меңгереді. Бұдан бірте-бірте
ойыннан кейін оқу әрекеті орын алады - деген пікір айтты.
В.В.Давыдов оқушыларда танымдақ проблемалық міндеттерді шештірудің
жолдарын іздестіру арқылы шығармашылық тәжірибені меңгертуге болады, яғни
соның нәтижесінде білім-білік, дағды дүниеге көзқарасын қалыптастыруды
көздейді.[2,79]
Н.К.Крупская өз еңбектерінде бала өмірінде ойынның маңызының зор
екенін көрсеткен.
Балалар бір-бірімен ойнау арқылы қарым-қатынас жасауға, ұйымшылдыққа,
еңбекке, мұқиятшылдық жағдайы ойын мазмұнына қарай шамалы уақытта ғана
көрінетін дәлелдер. [3,112]
Психолог А.С.Выготский: бала ойнау барысында өзінің кішкентай
екеніне қарамастан оның ойлауы, іс-әрекеттері көп жағдайда ересек адам
сияқты көрінеді - дейді. [4,150]
Я.А.Каменский ойынды рухани және дененің даму қозғалысы - деді.
Ойындар баланың жасына, халықтың әдет-ғұрпына сәйкес болу керектігін айтты.
[5.160]
К.Д.Ушинский сабақ үйрету барысында ойын элементтерін орынды қолдану
оқушылардың білім алу процессін жеңілдетеді – деді. [6.78]
Жоғарыда айтылған мәселелерді теория және практика жүзінде ұлы
педагог Сухомлинский В.А. терең және жан-жақты қарастырған.
Қазіргі таңда оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының оқу-
танымдық іс-әрекетін белсендірудің тиімді жолдары мынандай:
1.       Танымдық дидактикалық ойындар.
2.       Сұрақ-жауап, тапқырлар клубы, викторина, қызықты математика.
3.       Пәндік олимпиада апталығы.
4.       Көрнекіліктер.
5.       Ғылымның, өнердің, мәдениеттің жаңалықтары өтетін сабақтар.
6.       Қызықты газет, журналдар, әдеби кітаптар оқуға жағдай туғызу.
7.       Педагогикалық технологиялар.
Оқыту әдістерінің үш міндеті бар.
1.       Дидактикалық міндет.
2.       Танымдық қабілетін арттыру.
3.       Оқудың тиімділігін арттыру.
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруда жүргізілетін жеке
жұмыстар әр пән бойынша жүргізіледі. Домбыра үйрету арқылы музыка үйрету,
әртүрлі қызықты әңгіме оқу арқылы оқуға қызығушылығын ояту. Бастауыш сынып
оқушылары ғылыми зерттеулерді іс-тәжірибелерді қолдана отырып, міндеттерді
шешуге сүйенеді. Сондай-ақ оқушының танымы тек таным қызметінде ғана емес,
сонымен бірге еңбек ойын әрекетінде, әдеби және қоғамдық қызметтерде орын
алады. Әрекеттердің әртүрлілігі мен әдіс тәсілдері оқушының оқу барысында
қабілетін арттуымен танымдық қызығушылықтың кеңеюіне әсерін тигізеді.
Осыдан келіп оқушылардың қызығушылық, сұрақтар қою, қажеттіліктер, білімге
деген құштарлық пайда болып, олардың жалпы дамуына әсерін тигізеді. Оқушы
мен мұғалім қызметіндегі қызығушылық мынаған сүйенеді.
-           Сабақтың шығармашылық бастамасы.
-           Дұрыс ұйымдастырылған сабақтардың тақырыбы.
-           Сабақ түрлері, өз бетімен жасалатын жұмыстар мен мәтіндердің
әртүрлілігі, маңызды жолдарды іздестіре отырып, оқушының оқуға талаптануы.
Осы жолдарды, әдістерді қолдана отырып, оқушылардың білімге
қызығуына, зерттеуіне атмосфера туғызу қажет, жоғарыда айтылған
қызығушылықты қалыптастыру жолдары мен әдістерін қолдану үшін төмендегідей
жағдайларды ескеру керек.
-           Оқу процесіндегі сабаққа қойылатын дидактикалық міндеттер.
-           Білім мазмұнының көлемі, маңызы.
-           Білімді меңгеру деңгейі.
-           Білімді қабылдауы.
-           Білімді қолдана білуі.
Ойын үстінде оқушылар өзі үшін жаттығулар орындап, оқумен жаттығады
және ойын үстінде салыстыру арқасында тапсырмаларды орындауға тырысады,
ойын оқушыларды ізденуге, жеңіске жетуге ынталандырып бұдан оларды тез
қимылдауға, тез ойлауға, тез шешім қабылдауға және тапсырманы нақты
орындауға әкеледі. Әрине, бұл жерде ойын ережесі сақталуы керек.
Жарыс элементі ойында әрқашанда маңызды болып келеді. Жарыста
балалардың белсенділігі, жеңіске жету еркіндігі жоғарлай түседі.
Я.А.Каменский: ойында рухани және дененің даму қозғалысын көреміз,
оларды саналы түрде пайда келтіретіндей жүргізуіміз керек. Ойын- жасына
және халықтық ғұрпына сәйкес болуы керек - деп аттап көрсетеді. [7,101]
Ойынды таңдау кезінде оқушылардың техникалық деңгейін, сапасына қарай
белгілі бір жүйеде жүргізілуін есте ұстаған дұрыс.
Ұлы класик педагогтар Я.А.Каменский, И.Песталоцци, А.Макаренко,
Н.К.Крупская, В.А.Сухомлинский және қазақ халқының ағартушы педагогтары
А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаевтар, ойынның маңызын айта келе, ойын
дегеніміз -айқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты. Міне,
ойын тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялы
қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, өмір тынысы дейді [8,15].
Оқытудың ойындық әдісі ерте кезден бастап күні бүгінге дейін
қолданылып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді.
 
Ойын технологиялары негізінде мұғалім жұмысының мазмұны қандай болуы керек?
Зерттеу барысында бастауыш сынып оқушылырының ойын технологиялары
негізінде оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру бойынша тәжірибелік-
экспериментік жұмыс жүргізілді. Эксперимент Қарағанды қаласы №7 Жамбыл
атындағы облыстық мектеп-интернат гимназиясында қазақ тілі, ана тілі,
дүниетану, математика пәндерін қамтыды.
Алға қойылған мақсатқа жету үшін біз оқу материалының мәнділігі мен
құндылығын көрсетуге, пәнаралық және пән ішіндегі байланысты орнатуға,
қоршаған орта болмысын материалдарымен оқуды байланыстыруға, оқушылардың өз
бақылаулары мен тәжірибесіне сүйенуге тырыстық.
Инновациялық оқу, оқудың дәстүрлі түріне әрекетшілікдікке ауысу
арқылы жүзеге аса отырып, оқушының оқу әрекетінің белсенді субъектісі
болуына мүмкіндік береді. Оның өзі сабақты әртүрлі технологиялар бойынша
жобалауды қажет етеді. Біз тәжірибелік-экспериментік жұмыс барысында ойын
жаңа технологиясын қолдана отырып, олардың бастауыш сынып оқушыларының
танымдық іс-әрекетін белсендіруде тиімділігін айқындадық.
Ойындарға материалды таңдап алуда біз төмендегідей жайттарды есепке
алдық.
)           Ойындарды пайдалануға оқу материалы мазмұнының мүмкіндіктері.
)           Білім көлемі мен сипаты, оларды меңгерудің қолайлығы.
)           Ақыл-ой іс-әрекеті тәсілдерін қалыптастырудың алғы шарттары.
Ойынның құрамына қойылатын талаптар, ойынның мақсаты, мазмұны және
формасы арқылы анықталады. Бұл жағдайда ойынға қатысты әрбір озат
оқушыларға жақсы таныс болуы керек.
Дидактикалық ойындарды ұйымдастыру мен жүргізу педагогикалық тұрғыдан
бірқатар шарттарға байланысты:
1.       Ойынның сабақтың дидактикалық мақсатына сәйкестігі.
2.       Ойындардың мазмұны мен формасына қарай әртүрлілігі.
3.       Ойынның балаларға түсінікті және тартымды болуы.
4.       Ойынға қатысушылардың белсенді шығармашылық позициясы.
5.       Ойынның эмоциональды болуы.
Осы шарттардан ойынды ұйымдастыруға мынадай әдістемелік талаптар
қойылады.
1.       Ойынның мақсаты және керекті көрнекті құралдар мен материалдар
күні бұрын дайындалып отыруы тиіс.
2.       Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі оқушыларға әбден
түсіндірілуі қажет.
3.       Ойынға сыныптағы оқушылардың барлығының қатысуын қамтамасыз ету
керек.
4.       Оларды ойын үстінде ойлай білуге, шешім қабылдай білуіне жетелеу
керек.
Ойындардың жіктемесін жасауда біз оқытудың білімділік, тәрбиелік және
дамытушылық мақсаттарына жетуге бағытталған мазмұндық мотивациялық
аспектісін негізге алдық.
Енді, біз әрбір сабақта оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін
белсендіру үшін ойын технологиясының осы түрлерімен жіктеп жүргізілген
жұмыс мазмұнына тоқталайық.
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін
белсендіруде мынадай жұмыстар жүргізіледі.
Сөйлем тақырыбын өту барысында Сөз қуаласпақ, Ұйқасын тап,
Жалғасын тап, Жоғалған сөз, т.б. дидактикалық ойындар қолдану
оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Сөз таптары, Сөйлем түрлері тақырыптарын өту барысында тірек
сызбалар да балаларға ерекше әсер етіп, оқуға деген құштарлықтарын,танымдық
белсенділіктерін арттыруға себепші болады.
Сөз құрамы тақырыптарын қорыту барысында Білім биржасы, Брейн
ринг оқыта үйрету ойындары оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын,
танымдық белсенділігін арттырады.
Ана тілі сабақтарында оқушылардың танымдық қызығушылығын
қалыптастыруда шығармашылық сипаттағы тапсырмалар ерекше мәнге ие болады.
Бұл тапсырмалардың ішінде оқушыларға түрлі тақырыпта, мазмұны қысқаша
шығарма жаздырту жұмысы маңызды роль атқарады. Оқушыға біріншіден
шығарманың үлгісін көрсету немесе тірек схемаларды беру ұйғарылды. Себебі,
кез- келген оқушы бірден шығарма жазуға қиналатыны сөзсіз. Екіншіден,
ересектердің ықпалынан құтқару мақсатында, оқушыларға алдын-ала осы бағытта
ізденуіне жағдай жасай отырып, шығарманы сыныпта жаздыртуға көңіл бөлінеді.
Үшіншіден, оқушының еңбегін бағалауға ерекше мән беріледі.
Оқушылардың ой шапшаңдығын, сөз байлықтарын дамытып, шығармашылыққа
баулитын тапсырмалардың екінші түрі – бұл өлең құрастыру. Мұнда өлеңдегі
ұйқастарды табу, ұйқас нұсқаларды ойлау, өз бетімен өлең құрастыру сияқты
жұмыс түрлері қолданылады.
Шығармашылық сипаттағы тапсырмалардың тағы бір түрі – ертегі, әңгіме
құрастыру. Алдымен бұл жұмыс түрі ауызша жұргізіледі, содан кейін оқушылар
өз ойын, қиялын қағаз бетіне түсіреді. Әңгіме мазмұны күнделікті қоршаған
орта құбылыстарынан басталып, оқушылардың қиялын, арманын суреттейтін
тақырыптарды қамтиды. Мұнда оқушыға әңгіменің тақырыбын тандауға бағыт
беріп, оның қиялын дамытуға көңіл бөлінді.
Ал ертегі құрастыруда, ең алдымен, оқушылардың білетін, оқыған
ертегілерінің мазмұнын жаңа түрде жаңарта отырып, ертегінің соңын өздерінше
аяқтаулары талап етіледі. Кейін оқушылар түрлі мазмұнда ертегілер
құрастыруды еркін меңгеріп, өз бетімен шығармашылық бағытта ізденіп, жұмыс
істей алатын болады. Сонымен бірге, әрбір сабақта оқушының ойын дамытып,
оны шапшаңдыққа, тапқырлыққа баулуда жұмбақтар, ребустар, сөз жұмбақтар,
анаграммалар, сконвордттар құрастыру тапсырмасын орындау ерекше мәнге ие
болады. Бұл оқушыдан салыстыру, жоспарлау сияқты тәсілдерді қолдануды талап
етеді. Сондықтан да біз үнемі үлгі, тірек схемасын пайдаланып отырдық.
Сонымен, ана тілі сабақтарында оқушылардың танымдық қызығушылығын
қалыптастыру үшін басты назарға алатын нәрсе:
-           өлең шығаруға үйрету;
-           ұйқасын тапқызу, сөзбен-сөзді байланыстыру;
-           ой тастау.
Дүниетану сабақтарында оқушылардың танымдық қызығушылықтарын
қалыптастыруда хрестоматиялық материалды пайдаланудың мәні өте зор.
Оқушылар тақырыпқа сәйкес көркем әңгімелерді, өлеңдерді, ғылыми-
көпшілік кітаптарынан алынған сипаттамаларды, қызықты деректерді ықылас
қойып, зор ынтамен қабылдайды. Соның арқасында олардың пәнге деген
қызығушылығы артады, ой-өрісі кеңейіп, қоршаған орта туралы білімдері жаңа
деректермен молая түседі.
Адам бөліміндегі Өнер, мәдениет-ақыл-ойдың-жемісі тақырыбы
бойынша оқушыларға Әлемнің жеті кереметі туралы жалпы мәліметтер берді,
бұл оқушылардың тақырыпты меңгеруге қызығушылықтарын оятып, оқушылардың
танымына ерекше ықпал етті.
Туған өлкенің жер бедері туралы сөз қозғағанда оқушыларға таулар мен
табиғаттың әсемдігі жайында білетін өлеңдерін айту өте пайдалы.
Қоғамдық құбылыстар мен табиғат құбылыстары жайында белгілі бір
тақырып бойынша қызықты деректер, әңгімелер, өлең-жырлар, мақал-мәтелдер
іздестіруге арналған тапсырма беру де оқушылардың танымдық қызығушылын
арттыруға мүмкіндік берді. Адам, Табиғат, Қоғам бөлімдерінде
Зоопарк, Ботаникалық бақ, Табиғатқа саяхат, Қала мен қала маңы,
Ертегілер театры т.б. ойындарды пайдалануға болады.
Сонымен, дүниетану сабақтарында мынадай жұмыс түрлері пайдаланылады:
-           танымдық сипаттағы көркем мақалалар;
-           қызықты тапсырмалар: жұмбақтар, сөзжұмбақтар, сканвордтар,
ребустар, мақал-мәтелдер;
-           проблемалық сұрақтар мен тапсырмалар;
-           материалдың қоршаған ортамен байланысы, байланыстың бақылаулар
мен тәжірибелерге негізделуі;
-           дидактикалық ойындар Жануарлар бағы, Ботаникалық бақ, т.б.;
-           тәжірибелер, бақылаулар, практикалық жұмыстар;
-           көрнекі материалдар.
Математиканы оқыту процесінде жұмыстың әртүрін пайдалану бастауыш
сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын арттырумен қатар, олардың
математикалық қабілеттерін дамытуға септігін тигізеді. Осының негізінде
математика сабақтарында оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру
үшін төмендегідей жұмыс түрлері пайдаланылады:
Бұл дидактикалық мақсаттағы ойындар- оқушылардың жан-жақты дамуына
қызмет етеді. Олар сөздік ойындар, столда ойналатын ойындар, Жұп
картинкалар, Лот, Домино балалардың ойлау қабілеттерін дамытады. Тіл
сабақтарда зейінін, ойлауын, байланыстыра сөйлеуін дамытуда сөздік
ойындардың маңызы зор. Мысалы, Ұйқасын тап, Жалғасын тап, Жалған сөз.
Ал, математика сабақтарындағы ойындардың негізгі міндеті – есептеу
дағдыларын қалыптастырып, жетілдіру. Осы мақсатта біз мынадай ойындарды
пайдаландық. Мысалы, Қара белгі, Сиқырлы карта, 16-дан бастаймыз,
Цифрлар жарылысы, Бизнесмен, Көбейту тауы, Асқарпаздар.
Көп танбалы сандардын кұрамын өткенде оқуға, жазуға төселдіру үшін
Сиқырлы карта, Аздан көпке қарай ойындарын пайдаланған абзал.
Математика сабақтарында тағы бір тиімді пайдаланылатын ойын-сергіту
логикалық ойын есептер. Бұл логикалық есептерді ұсыну балалардың ойының
ұшқырлығына, тез есептеуге төселдіруге өте үлкен әсер етеді. Қазір
математика сабақтарында Қазақтың байырғы қара есептері деген кітаптан
көптеген логикалық құрылымды ойындарды пайдалануға болады. Мысалы, ұзындық
өлшем бірліктері тақырыбына байланысты Ұлу мен қырғауыл, Қырсық жолаушы
туралы есептер берілсе, оқушы өз тіліміздегі өлшем бірліктерін де
меңгереді. Ал салмақ өлшемін өткенде Жеңіл сақина, уақыт өлшеміне
байланысты Дыбысты сағат, есептерін ұсынуға болады. Есептеуге байланысты
Асық саны, Шыпта, Тауық нешеу саналған! т.б. ойын-есептерді бере
отырып балаларға Қиял қыр асырады, Тұяқты тұяқ жібермейді сияқты нақыл
даналықты меңгеруге болады.
Тапқырлыққа берілетін материалдардың негізгі мақсаты оқушылардың
қызығушылығын ояту, ойлау әрекетін белсендіру, ой-өрісін кеңейту болып
табылады. Олардың түрлері әртүрлі болып келуі мүмкін: ребустар, қазақ
халқының ауызша есептері, өлең-есептер, викториналар т.б.
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыруда
сабақты түрлендіріп өткізудің мәні ерекше. Зерттеу барысында біз танымдық
бағыттағы сабақтарды жүргізе отырып, ірі жетістіктерге жеттік. Мысалы,
математикадан Көп таңбалы сандарды көбейту және бөлу тақырыбында
өткізілген сабақты Жыл басына таласқан хайуанаттар ертегісінің сюжетіне
құрдық. Бұл сабақта оқушылар ертегі мазмұнымен таныса отырып, әртүрлі
тапсырмалар орындайды. Мұндай сабақтың баланың танымдық қызығушылығын
арттырумен қатар, тәрбиелік мәні зор.
Танымдық бағыттағы сабақтың әртүрлері оқушылардың оқу материалына
деген қызығушылығын арттырады, ой-өрісін кеңейтеді, танымдық процестерін
дамытуға септігін тигізеді, сонымен бірге олардың бойында адамгершілік асыл
қасиеттерді қалыптастыруға көмектеседі.
Оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын
қалыптастыру үшін жұмыстың әртүрлі формаларын таңдап ала отырып, оларды
тиімді ұйымдастыруға көңіл бөлінуі шарт. Жүргізілетін жұмыс түрлері
оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне, оқу материалдарының мазмұны
мен оқытудың мақсатына сай болуы қажет.
Бастауыш сынып сабақтарын қызықты да, әсерлі етіп, түрлендіріп өткізу
мұғалімнен шығармашылық ізденісті, педагогикалық шеберлікті талап етері
сөзсіз.
 
Әдебиеттер:
 
1.       Крупская Н.К. Таңдамалы педагогикалық шығармалары. Алматы. 1973.
2.       Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения. Москва, 1986.
3.       Щукина Г.И. Проблемы познавательного интереса в педагогике.Москва.
1971.
4.       Выготский А.С. Игра и ее роль в психическом развитие ревенка.
Вопросы психологии. 1966.
5.       Качество знаний учащихся и пути его совершенствования Под ред.
Скатника М.Н.,Краевского В.В.Москва. 1978.
6.       Ушинский К.Д. Избранные педагогические сочинения. Москва. 1969.
7.       Качество знаний учащихся и пути его совершенствования Под ред.
Скатника М.Н.,Краевского В.В.Москва. 1978.
8.       Педагогикалық ізденіс. Алматы.1976

  КІРІСПЕ 
   Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Ұрпақ тәрбиесін жаңа құндылықтар
негізінде жетілдіру қоғам алдында тұрған ауқымды істердің бірі, сол себепті
де мектептерде, оның ішінде бастауыш мектептерде математиканы оқытуды жаңа
көзқарастар негізінде талдау - кезек күттірмейтін іс.
   Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартында математика пәнін оқытудың мақсаты: ...практикалық
қызметте пайдалануға, іргелес пәндерді оқып үйренуге білім алуды
жалғастыруға қажетті нақты математикалық білімді меңгерту, – деп
анықтайды. Жалпы білім беретін мектептерде математикадан сапалы білім беру
мәселесі Қазақстанда А.Е.Әбілқасымова, Б.Баймұханов, М.Е.Есмұқан,
А.Көбесов, Ә.К.Қағазбаева, А.М.Мүбәраков, Д.Рахымбек, О.Сатыбалдиев және
басқалар, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы елдерінде И.Б.Бекбоев, В.А.Гусев,
В.А.Далингер, Ж.Икрамов, А.И.Мордкович, В.А.Оганесян және басқалар
тарапынан зерттелген. Бастауыш мектепте математиканы оқыту ерекшеліктері
Ә.Б.Ақпаева, Ж.Т.Қайыңбаев, М.И.Моро, Т.Қ.Оспанов, А.М.Пышкало және т.б.
ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
   Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған Мемлекеттік бағдарламасында қоғамдағы қазіргі кездегі қайта
құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның
ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын
талаптарды түбегейлі өзгертеді делінген.
   Қоғамды ақпараттандыру мәселесіне, оның негізгі белгілері мен
сипаттамаларын анықтауға В.Г.Афанасьев және т.б. философтардың,
В.В.Давыдов, Г.Е.Журавлев, Е.И.Машбиц сынды психологтардың,
С.И.Архангельский, Е.Ы.Бидайбеков, Ж.А.Қараев және т.б. педагогтардың
еңбектері арналған. О.П.Таркаев, А.В.Иващенко, В.К.Цонева, В.П.Пустовойтов
зерттеулерінде компьютерлік техниканы пайдаланудың  дидактикалық және
педагогикалық шарттары анықталған. Ақпараттық технологиялардың оқыту
процесіне тигізер әсерінің психологиялық-педагогикалық негізі
Б.С.Гершунский, В.М.Монахов, В.А.Новиков, А.Я.Савельев, Н.Ф.Талызина және
т.б. ғалымдардың еңбектерінде зерттелінсе, жалпыға бірдей компьютерлік
сауаттылық, оның мәні, оқыту мазмұны Я.Ваграменский, С.Гримм, А.П.Ершов,
Г.Б.Кочетков және басқа ғалымдардың еңбектерінде келтірілген.
   Математиканың жеке тақырыптары мен бөлімдерін компьютерді пайдаланып
оқыту мәселесін Т.Ж.Байдильдин (алгебра және анализ бастамаларын оқыту
тиімділігін арттыруда), Б.Беседин, М.Вахидов, М.Е.Степанов (функцияларды
зерттеуде), Ю.А.Дробышев (көпмүшеліктерді оқытып-үйретуде), К.А.Таңатаров
(математиканың мектептік курсында қолданбалы есептерді шығаруда),
Н.И.Аманжолова (жалпы математиканы оқытуда компьютерлік технологияны
қолдану), Р.Б.Бекмолдаева (бағдарлы мектептерде туынды тақырыбын оқытуда),
Р.С.Шуақбаева (көпжақтарға берілген есептерді шығаруда), А.Ө.Байдыбекова,
Е.А.Вьюшкова (бастауыш сынып математикасын оқытуда) және т.б. ғылыми
еңбектерінде негізге алған.
   Балалардың ЭЕМ ерте жастан бастап танысуының тиімділігі оқушыларды
ақпараттық қоғамдағы өмірге дайындау қажеттілігі болып табылады. Бұл
міндетті шешу информатика негіздерін игеруді бірнеше сатыға бөлу және
ақпараттық мәдениетті алғашқы болып бастауыш сыныптардағы пропедевтикалық
курс ретінде мектептегі оқу процесіне енгізу. Бастапқы буын педагогтары
өзінің технологиялық дайынсыздығы себебінен оқу үрдісін информатика
пропедевтикасы аспектісінде оқу пәндерінің сапалы ұйымдастыра алмайды.
   Бастауыш мектептер үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
саласында қажетті білім деңгейін жетік меңгерген педагогтардың қажетті
санын дайындау педагогикалық жоғары оқу орындары үшін қиын соғуда.
Математикадан есептер шығаруға үйрету сапасын басқару үшін біріншіден істің
жай күйін білу қажет. Мұндай білімді бақылаудың әр түрін өткізу жолымен
жүзеге асыруға болады. Оқушылар білімін сапалы бақылау – бұл бақылау
тапсырмаларын қалыптастыру және тексеру бойынша маңызы көп қыруар 
жұмыстардың жүргізілуі себебінен қиындатылған жүйелілік бақылау.
Автоматтандырылған бақылау жүйелері оқушы мен ЭЕМ аралығында жүретін
диалогпен іс жүзіне асырылатын жаңа ұғынумен бірге қарапайым біліктілік пен
жұмысқа дағдыландыруда оқытушы еңбектерін елеулі түрде жеңілдетуге
мүмкіндік береді.
   Белгілі қазақстандық ғалым Л.Т.Искакованың зерттеу жұмысы мектепте
математиканы оқытудың нәтижесін әр деңгейлі жеке-дараланған тапсырмалар
жүйесін қолданудың негізінде, оның тиімділігін арттырудың ғылыми-
әдістемелік негізіне арналған. А.Б. Медешованың еңбегінде бастауыш сынып
оқушыларының икемділігін ақпараттық технологияны қолдану арқылы дамытудың
педагогикалық шарттары қарастырылған.
   Ақпараттық-коммуникациялық технологияның бастауыш мектепте математиканы
оқыту нәтижесін бақылаудағы тиімділігіне қарамай, оның мектеп тәжірибесінде
қолданулылығы айтарлықтай емес. Оған көптеген себептер, соның ішінде аса
назар аударып айтатыны, ақпараттық-коммуникациялық технологияны бастауыш
мектепте математиканы оқыту нәтижесін бақылауда қолданудың ғылыми-
әдістемелік туралы зерттеулердің жеткіліксіз болуы, біздің зерттеу
жұмысымыздың көкейкестілігін көрсетеді.
   Сонымен, қазіргі бастауыш мектептегі математиканы оқытудың барысында
ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқытудың нәтижесін бақылауда
қолданып, оқытудың тиімділігін арттыру мен оның ғылыми-әдістемелік
негізінің жасалмауының арасында қарама-қайшылық туындап отыр. Осыған орай,
ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіншіліктерін пайдалана отырып,
бастауыш мектепте математиканы оқыту нәтижесін бақылаудың тиімділігін
арттыру негізінде оқытудың сапасын жақсарту жолдарын анықтау диссертацияның
тақырыбын таңдап алуға негіз болды.
   Зерттеу мақсаты. Бастауыш мектепте ақпараттық-коммуникациялық
технологияны қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылау тиімділігін
арттырудың технологиялық-педагогикалық негіздерін анықтап, оның әдістемесін
жасау және оны эксперименттік тексеруден өткізу.
   Зерттеу нысаны. Бастауыш мектепте математиканы оқыту үрдісі.
   Зерттеу пәні: Бастауыш мектепте ақпараттық-коммуникациялық технологияны
қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылау тиімділігін арттыру жолдары.
   Зерттеудің ғылыми болжамы. Егер бастауыш мектепте математиканы оқытудың
нәтижесін бақылауда ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін
пайдаланса, онда бақылаудың тиімділігі артып, оқыту сапасы жақсарады,
өйткені, бұл жағдайда мұғалімнің бақылауды жүргізудегі жұмысы жеңілденіп,
тексеру дер кезінде жүргізіліп, оқушылардың оқуға деген жауапкершілігі
артады.
   Қойылған зерттеу мақсатына сәйкес, зерттеу болжамын тексеру үшін зерттеу
жұмысының төмендегідей міндеттерін  шешу қажет болды:
• бастауыш мектепте ақпараттық-коммуникациялық технологияны математиканы
оқытудың нәтижесін бақылауда қолданудың психологиялық-педагогикалық
негіздерін анықтау;
• бастауыш сыныптарда математикалық білімдердің сапасын тексеретін
компьютерлік бағдарламаларды жасаудың технологиясын айқындап және осы
технологияны қолданып оқытудың нәтижесін тексеруде математикалық
есептердің атқаратын ролін анықтау.
• бастауыш мектепте математиканы оқытудың нәтижесін бақылаудың
тиімділігін ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану арқылы
жүзеге асырудың әдістемесін жасау және оны эксперименттік тексеруден
өткізу.
   Зерттеу әдістері: Зерттеу тақырыбының мазмұнына қатысты философиялық
педагогикалық, психологиялық, және әдістемелік еңбектермен танысу және
талдау жасау; бастауыш мектеп бағдарламаларына, математика оқулықтарына,
есептер жинағына дидактикалық материалдар және оқу құралдарына зерттеу
мәселесі тұрғысынан талдау жасау; бастауыш сыныптарда математиканы оқыту
үрдісін бақылау, мұғалімдермен, оқушылармен әңгімелесу, сауалнама жүргізу,
бақылау жұмыстарын жүргізу, тексеру және талдау жасап, қорытындылау;
зерттеу мәселесіне сәйкес жүргізілген жеке өз тәжірибесін талдап, одан
қорытынды жасау; экспериментті ұйымдастыру, оны жүргізу және эксперимент
нәтижелерін өңдеп қорытындылау.
   Зерттеудің жетекші идеясы. Математиканы оқытудың нәтижелерін бақылауда
ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану арқылы бастауыш сынып
оқушыларының математикалық білімді меңгеру сапасын арттыруға, жалпылама оқу
іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға,  математикалық білімді саналы
түрде меңгертуге, есептерді шығара білу, өзін-өзі бақылау, бағалау, 
оқулықпен жұмыс жасай білу және т.б. іскерліктерін қалыптастыруға, өзіндік-
танымдық белсенділіктерін арттыруға болады.
   Зерттеудің әдістемелік және теориялық негіздері:
   Таным, білім, жеке тұлға және оның іс-әрекеті, ақыл-ой,  ойлау
құндылықтары туралы философиялық, психологиялық, педагогикалық теориялар
мен тұжырымдамалар, білім сапасы және оны арттырудағы бақылаудың алатын
рөлі мен атқаратын қызметі туралы теориялар. Ақпараттық-коммуникациялық
технологияның оқу сапасын арттырудағы мүмкіндіктерін анықтайтын ілімдер.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы, Қазақстан Республикасының
жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары,
бастауыш мектептің пәндік оқу бағдарламалары, білімді ақпараттандыру
концепциясы, педагог және әдіскер ғалымдардың зерттеу мәселесіне қатысты
іргелі еңбектері.
   Зерттеу кезеңдері:
   Зерттеу бірімен бірі жалғасқан үш кезеңнен тұрады.
   Бірінші кезеңде (2002-2004 жылдар) философиялық, психологиялық,
педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге және қарастырылып отырған
мәселеге қатысты басқа да құжаттарға талдау жасалды; бастауыш сыныптардың
математика сабақтарына қатысып, бақылау жұмыстарын жүргізіп, оқушылардың
математикадан алған білімдері мен меңгерілген іскерліктердің және
қалыптасқан дағдылардың сапасы анықталды; олардағы кемшіліктердің себептері
айқындалды, және ол кемшіліктерді болдырмау жолдары іздестірілді; бастауыш
мектепте ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу үрдісінде қолдану
жағдайы анықталды.
   Екінші кезеңде (2004-2006 жылдар) ғылыми-әдістемелік әдебиеттердегі
бастауыш сыныптарда математиканы оқыту нәтижесін бақылауды жетілдірудегі
басты идеяларға, бастауыш мектепте математиканы оқыту саласындағы алдыңғы
қатарлы әдістерге сүйене отырып және қәзіргі заманда қоғамның алға қойып
отырған талаптарын жүзеге асыру мақсатында математиканы оқыту нәтижесін
бақылаудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктері мен
атқаратын рөлі анықталды, соның ішінде компьютерді тиімді пайдалану арқылы
тексеруді дер кезінде жүргізіп, оның қорытындысын оқу үрдісінде тиімді
пайдалану жолдары қарастырылды. Іздену эксперименті жүргізіліп бастауыш
сыныптарда ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданып математиканы
оқыту нәтижесін бақылау тиімділігін арттыру әдістемесі жасалып, өңделді,
оқу үрдісінің іс-тәжірибесіне енгізілді.
   Үшінші кезеңде (2007-2008 жылдар) жүргізілген теориялық және тәжірибе-
экспериментталдық жұмыстардың қорытындылары шығарылып, нәтижелері анықталып
жүйеленді. Оқыту экспериментінің нәтижелеріне сандық және сапалық жағынан
талдау жасалып, өңделіп, қойылатын талап бойынша рәсімделді. Зерттеу
жұмысының қорытындаларын диссертация түрінде жазу жүзеге асырылды.
   Зерттеу базасы. Шымкент қаласының Қ.Сыпатаев атындағы №7 техникалық
лицей мектебі, Н.Оңдасынов атындағы №38 гуманитарлық гимназия-мектебі және
№64 Ж.Аймауытов атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы, сондай-ақ Оңтүстік
Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының №90 М.Мәметов атындағы орта мектеп,
Шардара қаласының Қ.Аманжолов атындағы орта мектебі мен Б.Соқпақпаев
атындағы негізгі мектеп.
   Жұмыстың ғылыми жаңалығы:
1. Бастауыш мектепте ақпараттық-коммуникациялық технологияны математиканы
оқытудың нәтижесін бақылауда қолданудың психологиялық-педагогикалық
негіздері анықталып жүйеленді.
2. Бастауыш сыныптарда математикалық білімнің сапасын және іскерлік пен
дағдының қалыптасу дәрежесін тексеретін компьютерлік бағдарламаларды
жасаудың технологиясы айқындалып, бір жүйеге келтірілді.
3. Бастауыш мектепте математиканы оқытудың нәтижесін бақылаудың
тиімділігін ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданып
арттырудың әдістемесі жасалды.
   Жұмыстың теориялық маңыздылығы:
   Бастауыш мектепте математиканы оқыту үрдісінде оқушылардың білімін
арттыруда, іскерлік пен дағдыны қалыптастыруда, олардың қабілеттерін
дамытып, танымдық белсенділігін, ұмтылушылығы мен қызығушылығын арттыруда
оқу нәтижесін бақылаудың тиімділігін арттыруда ақпараттық-коммуникациялық
технологияны қолданудың мүмкіншіліктері анықталып, оған мұғалімдерді
дайындаудың жолдары айқындалды.
   Жұмыстың практикалық маңыздылығы:
   Зерттеу жұмысының нәтижелерін бастауыш мектеп мұғалімдерін дайындайтын
оқу орындарында математиканы оқыту әдістемесі пәнінің мазмұны мен
бағдарламасын жетілдіруде әдістемелік құрал ретінде пайдалануға болады.
Сонымен қатар оқу-әдістемелік кешен авторлары үшін бастауыш мектепте
оқытуды ұйымдастыру формаларын, мазмұнын және әдістерін жетілдіруге үлкен
ықпал етеді.
   Диссертацияда баяндалған теориялық материалдар мен жасалған ұсыныстарды
мұғалімдердің білімін жетілдіру институттарында және бастауыш сынып
мұғалімдері күнделікті жұмысында қолдана алады.
   Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
• ақпараттық-коммуникациялық технологияны бастауыш сыныптарда
математиканы оқытудың нәтижесін бақылауда қолданудың психологиялық-
педагогикалық негіздемесі;
• бастауыш мектепте математиканы оқытудың нәтижесін бақылаудың
тиімділігін ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданып
арттырудың әдістемесі;
• бастауыш сыныптарда математикалық білімнің және іскерлік пен дағдының
қалыптастыру сапасын тексеретін компьютерлік бағдарламаны жасаудың
технологиясы және ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданып
оқыту нәтижесін тексергенде математикалық есептердің атқаратын
қызметі.
   Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі Диссертацияның негізгі
нәтижелері мен қорытындыларының қәзіргі заманғы психология мен дидактиканың
ережелеріне сай келуімен және бастауыш сыныптарда математиканы оқыту
әдістемесіне сүйене құрылуымен, зерттеліп отырған мәселеге жасалған
теориялық талдауымен, экспериментке қатысқан оқушылар санының
жеткіліктілігімен, ақпараттық-коммуникациялық технологияның бастауыш
мектепте математиканы оқыту нәтижесін бақылаудың тиімділігін арттыруға
қолданудың бірнеше рет тексеруден өтілгендігімен, зерттеу нәтижелерінің
тәжірибеде пайдаланылумен қамтамассыз етіледі.
   Зерттеу нәтижелерін сынақтан  өткізу және іс-тәжірибеге енгізу. Зерттеу
жұмысының негізгі қағидалары мен нәтижелері халықаралық және республикалық
ғылыми-практикалық конференцияларда ғылыми баяндамалар түрінде талқыланды:
Жастар-Қазақстанның стратегиялық потенциалы (Талдықорған, 2007), VII
Сәтбаев оқулары (Павлодар, 2008), Психолого-педагогические основы
профессионального формирования личности в условиях перехода к двухуровневой
модели образования (РФ, Пенза 2009), Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент
қаласы, Сарыағаш ауданы және Шардара қаласы жалпы білім беретін орта
мектептерінің әдістемелік бірлестіктерінде талқыланды. Сонымен қатар
зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасының ғылыми-педагогикалық
басылымдарында: “Ізденіс” (2008, №1,2), “Бастауыш мектеп” (2008, №10)
журналдарында ғылыми мақалалар көрінісінде жарияланып, іс-тәжірибеге
енгізілді.
   Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттердің тізімі мен қосымшадан тұрады. 
   НЕГІЗГІ БӨЛІМ 
   Оқу процесін жетілдіруді көздеген Ю.К.Бабанский, М.Н.Скаткин,
В.В.Кравскийлер оқушылардың оқу процесі кезіндегі білімдерін бақылаудың
орны мен маңызын анықтады, бақылау әдістеріне қатысты оптимальды мәселелер
қарастырылып, оқыту тиімділігін теориялық негіздеу қажеттілігі туралы
мәселе көтерген. В.К.Дьяченко, М.К.Махмутовтар бақылауды оқыту әдістерінің
жалпы жүйесінде қарастырғандықтан да оның оқыту функциясы ашыла түскен,
осының өзі негізгі функциялары оқыту нәтижелерін анықтау және тексеру
екендігін байқатқан.
   Зерттеулер арасында берілген процесс стандартизациясы негізінде жатқан
білім бақылауының мәселелері арнайы талқыланатын жұмыс тобын бөліп
көрсетуге болады: ДЭЕМ қолдану және оған бағытталған бақылау жұмыстарын
құру әдістемесі (А.А.Новик, А.Г.Максимов); бақылау нәтижелерін
статистикалық өңдеу (Б.Ительсон, В.И.Огрелков); бақылау функциялары
(М.Н.Тушев); білім бақылауының түрлері мен құралдары (С. Бакер);
оқушылардың білімдерін бағалау критерийлері мен білімнің сандық және
сапалық сипаттамалары (Т.Г.Богданова, Т.В. Корнилова, И.М. Курдюмова,
Г.Г.Микулина, В.И.Орлов). Әртүрлі пәндерді оқытудағы білім бақылауының
мәселелерін шешуге арналған жұмыстарда (Л.Т.Искакова) бақылаудың
ұйымдастыру мәселелеріне, сондай-ақ оның функцияларына назар аударылған,
оқу пәндерінің ерекшеліктеріне байланысты бақылаудың түрлері және әдістері
қарастырылып, мазмұнды игеруді бақылауға арналған бақылау жұмыстарының
нұсқалары ұсынылған.
   Е.А.Перовский бақылаудың тексеру деп аталатын функциясының мәнін атап
көрсетеді. Автор функциялардың өзара байланысын айта келе, тексерудің басты
мақсатына сай негізгі функцияны көрсетеді. Осылайша, егер тексерудің
мақсаты – білімді меңгеру, оның сапасын анықтау және бекіту болып табылса,
онда алдыңғы орынға оқыту функциясы шығады, егер тексеру мақсаты –
оқушылардың ойлау қызметін белсендіру болып табылса, онда бірінші кезекте
дамыту функциясы және т.с.с. жүзеге асады. Бақылау әдісінің мағынасы
оқыту, дамыту, тәрбиелеу мақсаттарына жетуді көздеуден жатыр. Дидактикалық
және әдістемелік әдебиеттерде бақылау термині тек оқыту нәтижелерін
тексеруге байланысты емес, сонымен бірге оқытудағы таным процесінде
мақсатқа жеткізуші әдістемелік тәсіл ретінде де қолданылады.
   Бақылау термині оқу процесінің зерттелетін бөлімінің ерекшелігін
айқындай түседі, оның негізгі мақсаты – білім нәтижесін көрсету. Бақылаудың
негізгі функциялары оқыту процесінің осы бөлігінің негізгі мақсаттарымен
сәйкес келеді. Кері байланыс деп оқушылардың сол немесе басқа оқу
материалдарын қабылдау дәрежесі туралы кері ақпаратты алу деп жиі
түсінеді. Алайда оқу процесін алшақ басқару жүйесінде мұндай кері
ақпаратты алу берілген жағдайда бақылау деп атауға болатын кері байланыс
әдістемесінің тек бір бөлігі ғана болып табылады. Алшақ басқарудың
классикалық мысалы – бұл білімді қорытынды бақылау. Мұндай бақылаудың
мәліметтерін пайдалана отырып, оқытушы болашақта, сөзсіз оқу процесін
түзетіп, оған қажетті өзгертулерді енгізе алады, бірақ оқушылардың дайындық
сапасына елеулі әсер бере алмайды.
   Оқушының бақылау құрылғысымен жұмыс жасау кезінде жауап салыстыру
торабына келіп түседі, содан соң қабылданған критерийге сәйкес баға
қойылады. Кез-келген процесті ұйымдастыру кезінде процесті басқаруға
арналған ақпарат беру (тікелей арна) және кері байланыс арналарынан тұратын
басқарудың жабық контуры орын алғанда ғана жемісті нәтижеге жету мүмкін.
   Кері байланыс ұйымдастыру бақылаудың өз орны бар бірқатар мәселелерді
шешуді талап етеді. Бақылауды автоматтандыруды бақылаушы құрылғының
көмегімен орнату кезеңдері:
• оқу (немесе өздігінен оқып-үйрену) ақпараттарын беру;
• бақылау тапсырмаларын беру;
• оқушылардың жауаптарын алу (оқу ақпараттарын игеру-жаңғырту сапасы
туралы мәліметтерді алу);
• алынған жауаптарды талдау;
• оқытудың берілген мақсаттарының параметрлері мен алынған нәтижелер
аралығында қате дабылын көрсету;
• бұдан әрі іс - әрекеттер туралы шешім қабылдау;
• орын алған кемшіліктерді (оқу процесін реттеу және түзету) жою.
   Кері байланыс педагогикалық тәжірибеде өсіп, негізделген бірқатар
талаптарды қанағаттандыруы тиіс, олар: толықтық, релеванттық, теңбе-теңдік,
объективтілік, айқындық, деркезділік, мүмкіндік, үнемшілдік, үзіліссіздік,
құрылымдық және әр деңгей үшін өзгешелік.
   Оқу процесінде компьютерді қолдану Отандық және шет ел мектептерінде
тәжірибе жинақталған. Оқушының және мұғалімнің бақылау-бағалау процесіндегі
қызметіне компьютер құралын қолдану тиімділігін атайық:
• бақылау уақыты айтарлықтай қысқартылуы;
• оқу тапсырмаларының орындалу процесі туралы ақпараттарды жылдам
жинақтау және оны алдын-ала өңдеу;
• бұл ақпараттарды көрсеткіштер мен диагностикалық өлшеуіштік жүйеге
сәйкес дисплейде көрсету;
• тексеру нәтижелерін хаттамалар түріне келтіру және оларды келешекте
пайдалану үшін сақтау;
• жекеленген немесе топқа біріктірілген оқушылар үшін тапсырмаларды топ-
топқа бөліп жинақтау мүмкіндігі;
• оқушылар үшін өзін-өзі бақылау.
   Тәжірибе көрсеткендей шет елдегі білім беруді компьютерлеу жұмыстары
компьютерді қолдану тиімділігі жаңа техникалық құралдар ретінде қолдануда
мұғалімге қойылатын талап арнайы компьютерлік сауаттылығы,  оқыту пәнінің
ерекшелігіне бағытталуы.
   Қазіргі таңда зерттеушілердің ЭЕМ - сын бастауыш мектепте математиканы
оқыту процесінде пайдалану мүмкіндігіне қатысты үш негізгі ұстанымы туралы
айтуға болады. Біріншісі - жаңа ақпараттық технологиялар құралдарын оқу
пәндерінен сабақ беру кезінде пайдалану идеясына сенімсіздік. Екінші
ұстанымды жақтаушылар білім беру жүйесінде сапалы шұғыл білім алуға тек
компьютер ғана мүмкіндік беретініне сенімді. Біздің көзқарас бойынша тиімді
болып табылатын үшінші ұстаным ЭЕМ жаңа техникалық құрал ретінде пайдалану
мүмкіндіктері мен шарттарын объективті түрде зерттеу бағыттылығымен
анықталады.
   Бастауыш мектепте компьютерлік құралдарды пайдаланудың жиналған
тәжірибесі мен перспективасын бағалаудағы ескертулер: Білім беруді
ақпараттандырудың процесі объективті әрекет етуші факторлардың екі тобымен
анықталады:
• бастауыш мектепке қатысты шарттарды қанағаттандыратын білім жүйесіне
қатысты сыртқы факторлар;
• жалпы білім мекемелерінің ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін
қабылдау дайындығы мен қабілетін анықтайтын және оларды өздерінің
негізгі міндеттері үшін тиімді қолданатын ішкі факторлар.
   Сыртқы факторлар бастауыш мектептерді есептеуіш техника құралдарымен
және бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықтау қарқыны мен сипатына, жеке
жаңалық енгізуді кеңінен тарқату мүмкіндігін шектейді.
   Ішкі факторлар білім беру жүйесінің қайта пайда болған жұмыс құралдарын
ақпаратпен қабылдау және игеру қабілеттерін анықтайды.
   Білімді ақпараттандыру бастауыш сыныптың болашақ мұғалімдерін дайындауда
кәсіби деңгейі мен сапасына жаңа талаптар қояды. Оқытудың кез-келген
техникалық құралдары мен педагогикалық технологиялары оларды пайдаланатын
педагогтар қаншалықты дайындалса, соншалықты сапалы болып табылады.
Кемшіліксіз бағдарламалық қамтамасыз етілген ең заманалы ЭЕМ егер
педагогтардың жеткілікті техникалық және әдістемелік білімдері болмаса,
жұмыссыз тұрады.
   Педагог-тәжірибешілердің білім сапасын тексеру стандартизациясының
тәсілдері, осы білімді педагогикалық қызметте қолдану сипаты, сонымен қатар
бақылау және тәжірибелік топтарды іріктеу туралы мәселелерін зерттеу үшін
келесі жоспар бойынша зерттеулер жүргізілді: мұғалімдермен әңгіме жүргізу
және бақылау; мұғалімдерден, білім мекемелері және білім басқармасы
әкімшілігінен сауалнама алу; білім сапасын тексеру үшін бастауыш сынып
мұғалімдері құратын және қолданатын бақылау жұмыстарын талдау; бақылау және
тәжірибелік топтарды іріктеу мақсатында оқушылар біліміне тексеру жүргізу.
Тәжірибенің негізгі бөлігін жүргізу барысында келесі көрсетілгендерді
анықтауға әрекет жасадық:
• білім сапасын тексеру стандартының мектеп, білім басқару мекемелері
тәжірибесіндегі жағдайын және педагог-тәжірибешілердің зерттеліп
отырған мәселелерге қатысын;
• оқытушылар білім сапасын тексеру стандартизациясы шарттарын іске асыру
барысында қиындықтардың қандай түрлерін бастан кешіреді;
• компьютерлік бағдарламаларды математика бойынша бақылау тапсырмалары
үшін пайдалану;
• оқушылармен тест өткізу дағдыларын қалыптастыру деңгейін;
• мектеп мұғалімдерінің бақылау тапсырмаларын құрастыру кезіндегі білім
диагностикасының өлшемдік базасын;
• оқушылардың математикадан білім және біліктілікті игеру деңгейін;
   Біздің өткізген сауалнама әдісіне 100 шақты мұғалім қатысты. Білім
сапасын тексеру мәселелерін зерттеу нәтижелері 1-кестеде көрсетілген. 
   1-кесте - Білім сапасын бақылау стандарты мәселесінің жағдайы 
№ Берілген сұрақтар  Алынған жауаптар (%)
 
 
ИәЖоқБілмейміӨзге
н жауаптар
1 2 3 4 5 6
1.Оқушылардың білім сапасын бақылау стандартын       23
қалай түсінесіз?
1.бақылау нәтижелерін бағалау объективтілігі 68     
1.
1.нәтижені бағалаудағы ортақ критерии 80     
2.
1.мазмұндары бірдей бақылау 46     
3.
1.тест көмегімен бақылау 85     
4.
1.бақылаудың бірдей түрлері 33     
5.
1.сынаққа алынғандар үшін бірдей тапсырма 12     
6.
1.бақылау нәтижелерін стандарттық өңдеу 74     
7.
2.Тест жүргізуді білім бақылау түрі ретінде 10     
қолданасыз ба? 0
3.Тест жүргізу үшін бақылаудың қай түрі тиімді        
3.қорытынды 924 3 1
1.
3.ағымдағы 5837 5 -
2.
3.жеке 2473 3  
3.
3.топтық 8810 2  
4.
3.жазбаша 99- - 1
5.
3.ауызша - - - -
6.
3.компьютерлік 853 10 2
7.

 
1-кестенің жалғасы 
4. Тест жүргізуді қай мақсатпен қолдану тиімді?      
4.1объективтілік бағалау 85591
.
4.2өз бетінше жұмыс 5322-
. 70
4.3оқыту дифференциациясы 12351
. 61
4.4материалдың үлкен көлемін игеруін бақылау 85213
. 0
4.5білімді түзетуге арналған ақпарат 66919
. 6
4.6оқушыларды қажытпайды 75173
. 5
4.7нәтижелерді өңдеу объективтілігі 10---
. 0
4.8тексеру жеңілдігі 89-56
.
4.9ақыл-ойын дамытуға көмектеседі 40211
. 992
4.1сынаққа алынғандар үшін тең жағдай жасау 99--1
0.
5 Сіздің өз жұмысыңызда қолданылатын тесттер:      
5.1өзіңіз құрастырған 544-1
. 5
5.2әдістемелік журналдарда, құралдарда жарияланғандар 395-5
. 6
5.3білім басқару мекемелері ұсынған 207-2
. 8
6. Сіз пайдаланатын тесттерде қандай тесттік тапсырмалар түрі     6
кездеседі?
6.1ұсынылған бірнеше жауаптың ішінен біреуін таңдау 90   
.
6.2ұсынылған жауаптар ішінен бірнешеуін таңдау 3    
6.3сәйкестерді белгілеу 6    
.
6.4қысқа жауап қа ойысу 2    
.
6.5еркін жауап -    
.
6.6альтернативтік тапсырма (иәжоқ) 4    
.
7 Ұсынылған тесттерді сапалы ету үшін қандай кемшіліктерді жою      
керек?
7.1тапсырмалар түрінің біркелкілігі 78   
.
7.2білім стандартының талаптарына сәйкессіздігі 64   
.
7.3күрделілік деңгейі бойынша дифференциялау 73   
.
7.4оқу материалына сәйкес құрылымдау 71   
.
7.5нақты қателерді жою 34   
.
7.6әдістемелік құралдар мен нұсқаулармен сүйемелдеу 82   
.
7.7компьютерлік бағдарламаларды әзірлеу 93   
.
8 Сізге мектепте бақылаудың автоматтандырылған кешенін      
қолдануды не шектейді?
8.1мектепте ДЭЕМ жоқтығы 46   
.
8.2ДЭЕМ рұқсат жоқ 78   
.
8.3ДЭЕМ жұмыс істеуге дағдыланбағандық 97   
.
8.4бағдарламалар мен әдістемелік құралдардың жоқтығы 95   
.
8.5ұсынылған бағдарламалық өңдеулер талапқа сай емес -    
.
8.6дәстүрлі бақылау тиімдірек -    
.

 
   Біздің жүргізген зерттеулер мұғалімдерге қалай болса, түрлі деңгейдегі
білім мекемелері әкімшілігіне де солай білім сапасын бақылау стандартының
әдістерін игеру қажеттілігін талап ететінін көрсетті. Білім басқармасында
түрлі деңгейде білімді игеру туралы сапалы, объективті ақпараттар
қажеттілігі күшеюде. Сұрақ алғандардың басым бөлігі педагогтардың
жеткіліксіз дайындығы, әдістемелік, методологиялық әдебиеттердің
жеткіліксіздігі туралы айтуда.
   Сұраққа алынғандардың жартысы өз қызметтерінде әдістеменің жеке
нұсқаларын қолдана отырып, білім стандартизациясы процесінің мағынасына
анық көз жеткізе алмайды. Педагог-тәжірибешілердің сауалнама әдісі туралы
мәліметтерін талдау нәтижесінде біз барлық БМ білім беру процесінде білім
сапасын тексеру стандартизациясының құбылысы қадағаланатынын, бірақ ол
интуициялық деңгейде, кейде мақсатсыз, нәтижесіз жүргізілетінін анықтадық.
   Бастауыш мектеп оқушыларының білім сапасын тексеру жүйесіне арналған
компьютерлік педагогикалық құралдарды пайдалану, бақылау, өзін өзі бақылау,
жаттығу, бақылау нәтижелері бойынша түзету, тіркеу, жинау, сақтау,
зерттеліп отырған объектілер туралы ақпараттарды өңдеу және түрлі формада
көрсетілген ақпараттардың жеткілікті үлкен көлемін беруді іс жүзіне асыруға
мүмкіндік береді.
   Бастауыш сыныптарға арналған бағдарламаларды жасау кезінде қамтамасыз
ету бойынша келесі техникалық талаптар ескерілген: пайдаланушының қате және
түзетілмеген әрекеттеріне тұрақтылығы; пайдаланушының әрекетіне уақытты
үнемдеу; техникалық ресурстарды үнемді пайдалану; бағдарлама жұмыстарын
аяқтау алдында жүйелік саланы қайта қалпына келтіру.
   Оқу диагностикалық бағдарламаларын жасау техникалық құралдар мен қызмет
процедураларын таңдау Ахлебнин А.К., Нифантьев Э.Е., Лапчик М.П., Чекалев
Н.В., Шампвнер Г. және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
Әдебиеттерде кеңінен көрсетілгендей бағдарламалау мен бағдарламаны жөндеуге
қойылатын талаптар, бағдарламашыларға ұсынылатын нұсқаулар стандартты болып
келеді.
   Бастауыш мектептерде оқыту нәтижелерін бақылауды автоматтандырудың
компьютерлік бағдарламаларын әзірлеу кезінде мыналарды ескерген жөн:
   1. Бағдарламаны қолдану өзара байланысатын төрт кезеңнен тұрады:
деректерден тест сұрақтарын құру; бланкілерді басып шығару; жеке және
топтық тестілеудің нәтижелерін тексеру және бағалау; нәтижелерді графиктер,
кестелер, сызбалар түрінде жазып, оны талдау.
   2. Пайдаланушыға тексеру мақсатына сай тапсырмаларды енгізу үшін тақырып
таңдауды ұсыну.
   3. Дайындығы жоқ пайдаланушының жұмыс мүмкіндігін қарастыру.
   4. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларын ойын әдісі арқылы тәрбиелеу
Болашақ бастауыш мұғалімдерін оқу тәрбие үрдісінде ойын технологиясын меңгерту
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Танымдық дидактикалық ойындар
Бейінді оқытуды ұйымдастыру жолдары
Оқытуды ұйымдастырудың қосымша формалары
Оқушылардың оқу үрдісін ұйымдастыруда жас ерекшеліктері
Ойын технологиясы
Жастарға білім беру және тәрбиелеу саласында тарихи кезеңнің ерекшеліктері
Оқытудың дәстүрлі технологиялары
Пәндер