Баланы мектепке психологиялық даярлаудың әдістемесі



I Кіріспе

II Негізгі бөлім

Баланы мектепке психологиялық даярлаудың әдістемесі

1 Баланы мектепке психологиялық даярлаудың бағыттары

2 Баланы мектепке психологиялық даярлаудың әдістері

III Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2004 жылғы Қазақстан халқына жолдауында ұлт бәсекелестігі алдымен оның біліктілігі деңгейіне байланысты екендігі, сондықтан 12 жылдық білім беру жүйесіне көшү, сөйтіп халықаралық деңгейге жету мақсаты қойылып отыр.12 жылдық білім беру жүйесіне көшу бойынша халықаралық тәжірибедегідей, орта білім берудің нәтижеге бағытталған моделіне көшу көзделуде.Ол 2008-2009 оқу жылынан бастап жүзеге асса, ал оған дайындық қазірден бастап жүрүі тиіс. Дайындықтың мақсаты, жүйелі жүрүін қамтамасыз ету үшін институт жанынан «Балалар әлемі» ғылыми-әдістемелік зертхана ашылды. Зертхана төрт бағытта жұмыс істейді: «12 жылдық білім беру, оқулық теориясы», «Қазіргі заманғы педагогикалық технология» , «Шағын комплектілі мектеп», «Мектепалды даярлық». Әр бағыт іштей төрт мәселелер төңірегінде жұмыс істейді.Сол дайындықтың негізгі мақсаттарының бірі мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш мектептің байланысын қамтамасыз етуге жағдай жасау болып табылады.Бұл екі кезеңнің жалғасы олардың байланысымен анықталады, яғни бала мектепке дейінгі соңғы кезеңіне қалай өтетіндігімен анықталады.
Бұл өтпелі кезең бала үшін оңай емес. «Осы байланыс қалай жүзеге асуда немесе жүзеге аспақ:» - деген сауалдың жауабын іздеудегі проблемалар қандай: Алдымен бұл байланыстың негізі-баланы мектепке психологиялық дайындау болып табылады деп есептеуге болатынын айта кетуіміз керек.(Л.А.Венгер, В.С.Мухина, Л.И.Божович, Н.Г.Салмина. т.б) Психологтар: «Баланы мектепке психологиялық дайындау мектепке дейінгі және кіші мектеп жасының байланысының феномені»-дейді.
1. А.Кенжеғұлова. мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу және бастауыш мектеп байланысы.
«Бастауыш мектеп» -№8-2005ж (17-19б)
2. А.О. Толегенева. Мектепке оқуға бейімделу кезінде оқу-тәрбие үрдісіне психологиялық-педогогикалық демеу көрсету.
«Білім» №6(30) Алматы-2006ж (46-48 б).
3. Қадыржан Сейталиев. «Жалпы психология» Алматы «білім» 2007ж (12 б).
4. Ж.Әбиев. Педогогика тарихы. Алматы 2006ж (4. 191-192 б).
5. В.А.Сухомлинский. «Балаға жүрек жылуы». «Мектеп» баспасы. Алматы-1976ж (43 б) .

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
I Кіріспе

II Негізгі бөлім

Баланы мектепке психологиялық даярлаудың әдістемесі

1 Баланы мектепке психологиялық даярлаудың бағыттары

2 Баланы мектепке психологиялық даярлаудың әдістері

III Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе.

Еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2004 жылғы Қазақстан халқына
жолдауында ұлт бәсекелестігі алдымен оның біліктілігі деңгейіне
байланысты екендігі, сондықтан 12 жылдық білім беру жүйесіне көшү, сөйтіп
халықаралық деңгейге жету мақсаты қойылып отыр.12 жылдық білім беру
жүйесіне көшу бойынша халықаралық тәжірибедегідей, орта білім берудің
нәтижеге бағытталған моделіне көшу көзделуде.Ол 2008-2009 оқу жылынан
бастап жүзеге асса, ал оған дайындық қазірден бастап жүрүі тиіс.
Дайындықтың мақсаты, жүйелі жүрүін қамтамасыз ету үшін институт жанынан
Балалар әлемі ғылыми-әдістемелік зертхана ашылды. Зертхана төрт бағытта
жұмыс істейді: 12 жылдық білім беру, оқулық теориясы, Қазіргі заманғы
педагогикалық технология , Шағын комплектілі мектеп, Мектепалды
даярлық. Әр бағыт іштей төрт мәселелер төңірегінде жұмыс істейді.Сол
дайындықтың негізгі мақсаттарының бірі мектепке дейінгі тәрбие мен
бастауыш мектептің байланысын қамтамасыз етуге жағдай жасау болып
табылады.Бұл екі кезеңнің жалғасы олардың байланысымен анықталады, яғни
бала мектепке дейінгі соңғы кезеңіне қалай өтетіндігімен анықталады.
Бұл өтпелі кезең бала үшін оңай емес. Осы байланыс қалай жүзеге
асуда немесе жүзеге аспақ: - деген сауалдың жауабын іздеудегі
проблемалар қандай: Алдымен бұл байланыстың негізі-баланы мектепке
психологиялық дайындау болып табылады деп есептеуге болатынын айта
кетуіміз керек.(Л.А.Венгер, В.С.Мухина, Л.И.Божович, Н.Г.Салмина. т.б)
Психологтар: Баланы мектепке психологиялық дайындау мектепке дейінгі және
кіші мектеп жасының байланысының феномені-дейді.
Шетелдік психологтар мектептік кәмелеттікті баланың мектептегі
оқуға қатысуға қабілеттілігі дамыған кезең немесе мектеп бағдарламасын
меңгеруге қажетті білім, дағды, қабілет, мотивация және басқа деңгейлерді
игеру -деп атайды. Бірінші анықтама жалпы айтылса, екіншісінде
психологиялық пен педагогикалық дайындық араласып кеткен. Оқу, жазу,
есептеу сияқты білім дағдының форьмальді деңгейі мектепке психологиялық
дайындаудың белгісі бола алмайды.Оны игергенмен бала мектеп
бағдарламасын меңгеруге қажетті ақыл-ой қызметінің механизимдерін
білмеуі мүмкін. Ал, психологтар баланы мектепке психологиялық дайындауды
ұжымда мектеп бағдарламасын баланың таяудағы даму зонасына сәйкес
(Л.С.Выготский) келуі керек. Кейінгі кезде психологтар Л.А.Венгер мен
С.В.Мухинаның көзқарасын қолдауда, мектепке дейінгі жастағы балада
мектептік қасиеттер таза күйінде, яғни оқушыға лайықты психологиялық
белгілер болуы мүмкін емес, өйткені олар оқу әрекеті барысында ғана
қалыптасады - дейді. Осыдан келіп, Л.А.Венгер мектептегі оқуға
психологиялық дайындық балада мектептік қасиеттердің қалыптасуында
деп есептейді. Психологияда осылайша бір ұғымның болмауынан баланы
мектепке психологиялық дайындау туралы әртүрлі авторлар (Л.И.Божович,
И.В.Дубровина, Н.Г.Салмина, И.Шванцара, т.б. ) оның түрлі құрылымдарын
ұсынады.

II Баланың мектепке психологиялық даярлаудың жолдары.

Мектептегі оқудың басталуы- бала өміріндегі әлеуметтік психологиялық
жағынан да, физиологиялық жағынанда қиын әрі жауапкершілігі мол кезең. Бұл
адам өміріндегі және іс-әрекетіндегі жаңа жағдай болып табылады. Сонымен
қатар жаңа қарым-қатынастар жаңа міндеттердің тоғысуы болып табылады.
Баланың бұл кезде бар өмірі өзгеріске түседі. Бұл қауырт кезеңде мектеп
бірінші күннен бастап оқушыға бірнеше талаптар қоятыны белгілі.Ол оқушының
азын-аулақ алған білімі талаптарды орындауға мүмкіншілік бермейді. Осыдан
келеді де оқушылардың мүмкіндіктерімен мектептің қойылатын талаптары
арасында қарама-қайшылықтар туады. Себебі оқу басталғаннан жүктеменің
көлемі өседі.
Баланың өткен кезеңімен салыстырғанда ұзақ уақыт қозғалмай іс-әрекет
жасауы. Осы кезде балалар үшін әсіресе 6-7жасарларға. Бұл жүктеме ауыр
тиіп, жалықтырады.
Баланың мектепке бейімделуі бірден болмайды.Мектеп ережелерін игеру
үшін көп уақыт керек. Бұл ағзаның барлық жүйенің қатты жұмыс істеуін қажет
ететін ұзақ үрдіс. Баланың ағзасында жаңа тәртіптер мен іс-әрекеттерге
үйрену өзгерістер туғызады.Бала мектепке бірден төселіп кете алмайды.
Мұғалім әр баланың денсаулығынна жауапты. Негізінен көптеген балалар
мектепке дайын түрде келеді.Оқушы болғаннан кейін оған көптеген міндеттер
жүктеледі. Оқушы мұғалімнің талаптарын орындауы қажет, тәртіпті болуы
керек, құрдастарымен қарым-қатынас жасай алуы керек.Жаңа күн режимине,
сабақтар ретіне үйренуі тиіс. Мұғалім мен ата-ана балаға
ережелерді,тәртиптілік нормасын тек көңілі түскенде, не анда – санда
орындамай үнемі сақтап жүру керек екендігі түсіндірілуі тиіс. Баланың
мектепке дейінгі кезеңдеріне қарағанда міндеттерінің өзгергендігін, қандай
құқықтары бар екендігін айтады.
Егер бала бір нәрсені бүлдіріп қойса, не жат қылық жасаса, мұғалім
үндемесе, ол қылықты істей беруге болады екен деп келесі жолы да
қайталайды. Ал егер ескерту алса, ендігәрі қайталамайды. Бала кінәсін
мойындай алады. Балаларға тәртіп ережесін түсіндіріп қана қоймауы керек.
Бұл процесс балада адамгершілік нормаларының пайда болуы мен дамуын да
қамтуы керек.Оқу әрекеті ұжымдық сипат алады.Яғни бала құрдастарымен қарым-
қатнас жасай алуға, бірге жұмыс істеуге дағдылану керек. Көптеген балалар
бір-бірімен тез танысып кетеді, жаңа ұжымды тез игеріп алады, бірігіп істер
атқарады. Ал кейбіреулері көпге дейін құрбыларымен жақын сөйлесе алмай,
өзін жалғыз сезініп, үзілісте жалғыз ойнап жүреді. Балалардың бір-бірімен
қарым-қатнасының қалыптасуына мұғалім себебші ретінде болуы керек. Бала
құрбылары арасында өзіне тиісті орын алуы да, оның қарым-қатынасына әсер
етеді. Бұл жерде мұғалім үлкен роль атқарады.Егер мұғалім балаға нашар
көзбен қараса, оқушылар да оған солай қарайды. Сондықтан оқушыға теріс баға
беруден қашу керек. Кей бір мұғалімнің топта алғашқы күннен бастап,
сүйіктілерішыға бастайды. Ол оқушыларға дәптер тарату сияқты таға басқа
мұғалімнің жеке жұмыстарын істей бастайды.
Әрине бұның барлығын балалар біледі, байқайды. Осыдан бастап бөліне
бастайды, достық қарым-қатнаста қиындыққа түседі.Мұндай кезде мұғалім
оқушылардың достығын нығайтатын қызықты іс-шаралар ұйымдастырып, оған
оқушылардың белсенді қатысуын қамтамасыз етуі қажет. Алғашқы айлардағы
тәрбиелік жұмыстардың ең маңыздысы балаға сыныпта бөтен емес екендігін
сездіруі жөн. Оқушы осы арада мұғалімді ата-анадан да жоғары бағалайтыны
белгілі.
Мұғалімнің оқушылармен қарым-қатнасына көп байланысты. Себебі оқушы
сыныптағы мұғалімнің көзқарасымен қарайды.Егер мұғалім оқушының оқудағы
жетістіктерін, жақсы тәртибін дұрыс бағалап орынды мадақтап отырса,
сыныптағы достары да, ата-ана да солай қарайды. Сондықтан балаға дұрыс баға
берудің үлкен тәрбиелік мәні бар.
Алғашқы айларда (адаптация кезінде) бірінші сыныптарға баға қойылмауы
керек.Өйткені баға баланың мектепке бейімделуін қиіндатып, психикалық
жарақат беруі мумкін.Сол себепті 2 және 1 деген бағалардың орнына
әртүрлі жұлдызша, төртбұрыш сияқты сүреттер пайдаланған орынды.Осы баға
арқылы бала сыныптағы өз орнын бастайды. Кейде әлсіздік, денсаулығының
нашарлығы, сөйлеу тілінде ауытқушылықтың болуы, мидағы мотордың нашар дамуы
табыстарға кедергі кетіруі мәлім.Бұл балаға психикалық тұрғыдан үлкен
жарақат береді.Оның ішінде әр түрлі өткізілетін шаралар кіреді.
Барлық оқу күніндегі оқу жүктемесі ұтымды бөлінген баланың жұмыс
қабилеттілігін сақтауға көңіл бөлетін тәжірибелі мектептер де бар.Әр 3-
сабақтан кейін спорт сабағын, қимыл-қозғалыс ойындарын ұйымдастырып
тұрады.Қимыл қозғалыстар арқылы белсенді дем алу баланың қабілеттілігін
жоғары деңгейде сақтап, келесі сабақта жақсы отыратындығы дәлелденген,
спорт сағатының мазмұны әр түрлі болуы мүмкін.Бірақ мазмұны дене күшін
шамадан тыс керек ететіндей болмауы тиіс. Өйткені балаларға әлде сабақтар
барғой, Ол қарапайым жүру, жай және тез жүгіру, секіргіштен секірү, доппен
ойнау болуы мүмкін. Баскетбол, валейбол, коньки ойындарында ұйымдастыруға
болады. Сабақ кестесін құрастыру барысында 4-5-6 сабақтар қызықтыру
жағынан төмен болатындығын ескерту қажет. Бірақ ұтымды ұйымдастырылған
режимнің өзі оқу процессіндегі балаға түсетін күшті түбімен жоя
алмайды.Сондықтанда бескүндікті ұйымдастырудың тиімдігі аз. Бұның бәрімен
алдымен зияны мен пайдасын таразыға салып, ата-аналар камитетімен ақылдасып
барып шешу қажет.
Бірінші 6 апта дағдалану, 20-қазаннан желтоқсанға дейінгі уақыт
тұрақты жағдай және жұмысқа қабілеттілік жоғары деңгейде болады. Түсетін
кезеңі демалыс. Демалыстан кейін 1-2 апта дағдылану және өте қысқа кезең-
тұрақты қабілеттілік.Содан қабілеттілік күрт түседі. Сондықтанда 6 жасарлар
үшін 3,4 тоқсанның ортасында қосымша демалыс беріледі.Бұл балалардың
демалуына, оқуға қайтадан ден қоюға әкеледі, ағзаның қайта қалпына келуіне
септигін тигізіп, шаршауды болдырмайды.
Демалыстың балаларға не керегі бар: Олардың кейіннен ойын жинақтауы
қиын болады. Арнайы зерттеулер демалыс баланың оқу белсенділігін белгілі
бір дәрежеде көтеретіндігін байқатады.Бала қозғалысы тыныш болады,
қабілеттілігі, орталық жүйке жүйесінің жұмысы жақсарады.Қиын оқу
материалдарын, жеделдетілген оқу жүктемелерін, бақылау жұмысын күннің,
аптаның, жылдың ортасында өткізген тиімді. Егер бақылау жұмысын желтоқсан
айының соңында жұма күні 3-4 сабақты алса нәтиже нашар болады.
Балалар бір орында отырудан әбден жалығады.сөйтіп олар эмоциялық
бәсеңдеу керек болғансон айқайлауды.Өйткені олар іс-әрекеттің жаңа түрімен
айналасуға қуанышты. Қозғалыстағы белсенділік шаршауды жоюдың ең қызық
жолы. Сондықтан қозғалыс ойындар сабаққа, режимде оң әсерін береді. Ағзаның
барлық жүйесінің қызметінің жақсаруына, орталық жүйке жүйесінің тынығуына
әкеп соғады. Жүйелі оқу басталғаннан баланың дұрыс дамып, өсіуіне себін
тигізеді.Сабаққа сергіту сәттерін өткізіп, үзілісте қозғалыс ойындарын
ұйымдастыру, спорт сабағын қою психологиялық зерттеулер бойынша 60% ғана
жеткізеді.Уақытылы гимнастика жасап тұру баланың денсаулығына оң әсерін
береді, жүйке-жүйесімен бұлшық еттің физиологиялық күш қуатын
жақсартады.Сабақты тез игеруге көмектеседі.
Сергіту сәттері баланың жұмысқа қабілеттілігін жоғарылатып шаршауды
ысырады.Үзілістер қозғалыста өтуі қажет.ол таза ауада өткізілуі
тиіс.Осыларды мұғалім қадағаласа , бала мектепке тез арада бейімделеді.
Баланың қабілеттілігіне әсер ететін факторларды санай отырып, баланың
өзімен байланысты негізгі ішкі факторларға тоқталдық. Қабіленттілікке
сонымен қатар сыртқы факторлар да әсер етеді. Негізінен оқушының орнында
ұйымдастырылған күн тәртібін қарастырамыз.
Көбіне күн тәртібі туралы айтқанда ата-аналар, мұғалімдер оның
болатынына сенбейді және арнайы көңіл бөлмейді.
Бала күнделікті 2 сағаттай уақытын теледидар алдында өткізеді.
Көптеген оқушылар үй жұмысын орындауға оқу басында 0,5-1,5 сағат, оқу
жылының соңында 1-2 сағат орындайды.Құрылған режимнің дұрыс орындалмауы
баланың жұмысқа қабілеттілігінің төмендеп, жалығуына әкеп соғады [12.55-57
б].

2.1 Баланы мектепке психологиялық даярлаудың бағыттары.

Тіл- ұлттық таным негізі
Мектепалды даярлық тобы балаларының жан-жақты әрі үйлесімді дамып
қалыптасуы қазіргі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алғанда өте маңызды
және жалпы халықтық іс болып отыр. Білім беру парадигмасы өзгерді, білім
берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым-қатнас, өзгеше
менталитет пайда болуда. Жеке адамның пайда дамуы өз халқының мәдениетін
меңгерудегі күрделі де ұзақ үрдіс. Ал халықтар мәдениетінің бір бөлігі,
байланыс құралы тіл болғандықтан, тілдің дамуы мен тілдік мәдениет жеке
адамның қалыптасуының ең негізгі қажеттілігінің бірі.
Тілдік қарым-қатынас негізінде баланың қоршаған әлем туралы түсінігі
айқындалып, толықтырыла түседі, сонымен қатар тілдік және оның мағыналық
бөлігі- сөздің негізінде танымдық үрдістер де дамиды. Ана тілі балаға
қоршаған өмірді сол өз күйінде өмірдегі заттар мен құыбылыстардың байланыс
пен қарым-қатынасын сезінүге көмектеседі.
Сөз араласпаса бала өмірді түсінбейді. Қоршаған өмір туралы білім
адамның санасына ауызша жетеді.
Мектепке дейінгі балалардың тілді үйренуі тілге деген ерекше
белсенділіктерімен анықталады. Бұл белсенділіктер жоғары жүйке жүйесінің
қызметімен тығыз байланысты сөз рефлекстері негізінде қалыптасады. Сөз, тіл-
бас, ми сыңарларының жоғарғы функциясы. Сөз тіл ойлаумен тығыз байланысты.
Тілсіз ойлау мүмкін емес, тіл мен ойлау ажырамас бірлікте. Тіл ойдың
материаландырылған түрі. Тілсіз ой (сана), ойсыз тіл де жоқ.Тіл ойдың
мазмұны, тікелей шындығы. Сөздің мәні ойдан көрінеді. Ой тіл арқылы
жеткізіледі, айтылады, сөз арқылы безендіріледі. Әрбір ой міндетті түрде
белгілі сөздік материалда пайда болады. Сөз- материалдық болмыстың
баламасы. Ой пайда болса, ол белгілі нақты сөздік формада білінеді,
көрінеді. Тіл мен ойлау- адам миының үлкен жарты шарларының қабығында
үздіксіз өтіп жататын анализдеу және синтездеу әркеті. Сөйлеу мен тілдің
дамуы танымдық іс-әреект негізі.
Сөздің мәніне, сөздердің көрсететін шындығына бағдар ұстаумен қатар
мектепке дейінгі (әсіресе алты жасар) балалар өз мәнінің қандай екендігіне
қарамастан, сөздің дыбыстық түріне үлкен ынта қоятындығы байқалады. Тілдің
дыбыстық жағы балалар әректінің мазмұнына айналады. Сөзді жетерліктей терең
ұғына білу тек арнаулы оқыту жағдайларында қалыптасады. Балалардың тілін
дамыту өсіп келе жатқан ұрпақтың парасаттылық пен сезімталдық, еріктік
қасиеттерін қалыптастыруда аса маңызды орын алады.
Ана тілі баланың жан-жақты тәрбиесінің құралына айналады. Тілдік
дамудың жан-жақты, парасатты, қабілетті және ерік жігерді қалыптастыруда
ықпалы - тілдің құдіретінде, тілдің табиғатында. Ана тілін үйренүдің
заңдылығы танымдық қабілеттердің даму үрдісінде ішкі сезім арқылы жүзеге
асырылады. Әрбір сөйлеу дағдысы белгілі бір танымдық қасиеттерді (сезіну,
есте сақтау, қиялдау) қалыптастырады.
Тіл үйрену үрдісі- сөйлеу органының: мидың, артикуляциялық және тыныс
алу апаратының жұмысы. Үйренушінің жеке басының күш жігерінсіз және
әлдекімнің үйретуінсіз тіл үйрену мүмкін емес. Үйретушінің оқыту іс-әрекеті
үйренүші баланың сөйлеу қимылын жандандыруға, оны өзін-өзі үйретуге мәжбүр
етеді, яғни күш сала және интелектуалды жұмыс істеуге бағытталады.
Ана тілінде оқытудың әдістері мен тәсілдерін ойластыра отырып тәрбиеші
баланың тыңдайтығына, жұмыс істеуге ықпал етеді.
Танымдық инстинкт, туа біткен білуге құмарлық адамға ғана тән. Іс-
әрекетке, жаңаны білуге, игеруге, табысқа жетуге құлщындырады.Л.Божович
сәби шақтан бастап адамда танымдық инстинкті қажетсіну, жаңа әсерлерді
қажетсіну пайда болады деген қызықты пікір айтқан. Бұл қажетсіну шексіз,
сондықтан ол психикалық даму үрдісінің- түйсік өткірлігінің, дамуының
интелекті қалыптасуның, эмоция ізгілігінің, ерік жігер тиімділігінің ішкі
мазмұнын ынталандырады және анықтайды.
Әрбір ата-ана мұғалім, тәрбиеші осы қажетсіну қанағаттырылатын
жағдайды балаға қамтамасыз ету керек. Адамның өмірімен танысуы оның
қоршаған ортаны көруінен басталады, бала осының бәрін сөзбен атаған кезде
біледі (түсінеді).Бірақ, сөз әр уақытта грамматикалық формада болады. Ана
тілі балаға қоршаған өмірдегі заттар мен құбылыстардың байланыс пен қарым-
қатынасын сезінуге көмектеседі.
Баланың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баланы мектепке даярлаудың психологиялық ерекшеліктері
Мектепке дейінгі мекеме жағдайында балаларды мектепке даярлау (қарапайым математика материалдары негізінде)
Баланың мектепке даярлығының педагогикалық проблемалары
Мектепалды даярлық тобындағы балалардың гендерлік ерекшеліктері
Болашақ педагогты мектепке дейінгі балалардың коммуникативтік біліктіліктерін қалыптастыруға даярлаудың теориялық негіздері
Баланы мектепке психологиялық даярлаудың педогогикалық- психологиялық негіздемесі
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асырудың дидактикалық шарты
Бастауыш мектеп оқушысының мектепке даярлығы
Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау
Мектеп жасына дейінгі балаларды математиканы оқуға даярлаудың алғышарттары
Пәндер