Асқазанның және ішектің секреторлы, моторлы, эвакуаторлы қызметін реттеу. Балалардағы ерекшеліктері



1. Асқазандағы ас қорытылу. Асқазан секрециясының реттелуі. Асқазан сөлінің бөліну кезеңдері.
2. Асқазанның моторлық қызметінің реттелуі.
3. Ас қорыту мүшелерінің кезеңдік әрекеттері.
4. Тағамның асқазаннан он екі елі ішекке өтуі.
5. Асқазандағы тамақтың он екі ішекке өтуі.
6. Мықын және аш ішектердегі ас қорыту. Ішек сөлінің құрамы мен қасиеттері, оның ас қорытудағы ролі. Ішек сөлінің реттелуі.
7. Тоқ ішектегі ас қорыту. Микрофлораның маңызы.
8. Жіңішке ішек қимылдарының түрлері.
9. Балалардағы ерекшеліктері.
Тамақ ішу, ішкен астың ішек-қарында қорытылуы денеге сің-уі'аса күрделі процестер. Ас адамның арқауы — дейді халық. Ас құрамьшдағы қоректік заттар (белок, көмірсу, май) адам денесіндегі тканьдердің жаңарып жаңғырылуын, клет-қа түзілуін, адамның өсіп-өнуін, дамуын камтамасыз ететін кұ-рылыс материалдары, тіршілік әрекеттеріне жұмсалатын энергия көзі. Демек коректік заттар дер кезінде және қажет мөлшерде ұдайы түсіп отыруы шарт. Олай болмаған күнде гомеостаз бұзы-лып, клеткалардың, тіпті бүкіл организмнің тіршілігіне қауіп тө-неді. Адам өзіне қажет қоректік заттарды әдетте сырттан алады.
Бүл — экзогендік тамақтану. Сырттан қоректік 'заттар келіп түспесе де, адам біразға деиін тіршілік ете береді. Ол өз клеткаларындағы органикалық қорек-тік заттарды пайдаланып, құрамындағы ағзалар, тканьдердің қалыпты қызмет етуін қамтамасыз етіп отырады, яғни эндоген-дік тамақтану басталады. Мүндай жағдайда энергия қоры бір-тіндеп таусылады да адам әлсіреп, түрлі ауруларға шалдығады, Демек, эндогендік тамақтану тән тірлігін қамтамасыз ете алмай-ды. Ас қорыту — өте күрделі процесс. Ол алдымен физикалық жолмен өңделеді соцынан химиялық реакцияға түсіп, қорытылып денеге сіңетін сатыға жетеді. Физикалық өңдеу барысында ас ке-сектері ұсатыльгп, бөлшектенеді, сілекей-шырынмен шыланып, жұмсарады.
1. Адам физиологиясы / оқулық – Сатпаева Х.К., Нілдібаева Ж.Б., Өтепбергенов А.А. – Алматы: «Білім», 2005 ж.
2. Төлеуханов С.Т. Қалыпты физиология (биологиялық жүйелердің мезгілдік құралымдар бөлімі): Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2006 ж. – 140 бет.
3. Дюйсембин Ғ.Д., Алиакбарова З.М. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы: Оқулық - Алматы: «Білім», 2003 ж. – 400 бет
4. Нұрмұхамбетұлы Е. Орысша-қазақша медициналық (физиологиялық) сөздік / ҚазММУ – Алматы: «Эверо», 2007 ж. – 904 бет.
5. Керимбеков Е.Б. Физиология атауларының орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы: Қазақстан, 1992. – 280 бет
6. Қалыпты физиологияның лабораториялық жұмыстары / студент тер үшін. – Шымкент: Б.И., 1993. – 254 бет.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Ф КГМА 43-0402
ИП №6 УМС при КазГМА
от 14 июня 2007 г.

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ

Физиология кафедрасы

Д Ә Р І С

Асқазанның және ішектің секреторлы, моторлы, эвакуаторлы қызметін реттеу.
Балалардағы ерекшеліктері

Мамандық: 051301 Жалпы медицина

Пән: Физиология-2

3 курс

Уақыты (ұзақтығы) 1 сағат

Қарағанды 2009 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

№ 12 хаттама 23. 04. 2009 ж.

Кафедра меңгерушісі,
профессор Ф.А.
Миндубаева

• Тақырыбы: Асқазанның және ішектің секреторлы, моторлы,
эвакуаторлы қызметін реттеу. Балалардағы ерекшеліктері

• Дәріс мақсаты: Асқазан, ішек сөлдері мен асқазан мен ішек
моторикасының реттелу механизмі мен балалардағы ерекшеліктерін талдау.

• Дәріс жоспары:
1. Асқазандағы ас қорытылу. Асқазан секрециясының реттелуі. Асқазан
сөлінің бөліну кезеңдері.
2. Асқазанның моторлық қызметінің реттелуі.
3. Ас қорыту мүшелерінің кезеңдік әрекеттері.
4. Тағамның асқазаннан он екі елі ішекке өтуі.
5. Асқазандағы тамақтың он екі ішекке өтуі.
6. Мықын және аш ішектердегі ас қорыту. Ішек сөлінің құрамы мен
қасиеттері, оның ас қорытудағы ролі. Ішек сөлінің реттелуі.
7. Тоқ ішектегі ас қорыту. Микрофлораның маңызы.
8. Жіңішке ішек қимылдарының түрлері.
9. Балалардағы ерекшеліктері.

Тамақ ішу, ішкен астың ішек-қарында қорытылуы денеге сің-уі'аса күрделі
процестер. Ас адамның арқауы — дейді халық. Ас құрамьшдағы қоректік
заттар (белок, көмірсу, май) адам денесіндегі тканьдердің жаңарып
жаңғырылуын, клет-қа түзілуін, адамның өсіп-өнуін, дамуын камтамасыз ететін
кұ-рылыс материалдары, тіршілік әрекеттеріне жұмсалатын энергия көзі. Демек
коректік заттар дер кезінде және қажет мөлшерде ұдайы түсіп отыруы шарт.
Олай болмаған күнде гомеостаз бұзы-лып, клеткалардың, тіпті бүкіл
организмнің тіршілігіне қауіп тө-неді. Адам өзіне қажет қоректік заттарды
әдетте сырттан алады.
Бүл — экзогендік тамақтану. Сырттан қоректік 'заттар келіп түспесе де,
адам біразға деиін тіршілік ете береді. Ол өз клеткаларындағы органикалық
қорек-тік заттарды пайдаланып, құрамындағы ағзалар, тканьдердің қалыпты
қызмет етуін қамтамасыз етіп отырады, яғни эндоген-дік тамақтану басталады.
Мүндай жағдайда энергия қоры бір-тіндеп таусылады да адам әлсіреп, түрлі
ауруларға шалдығады, Демек, эндогендік тамақтану тән тірлігін қамтамасыз
ете алмай-ды. Ас қорыту — өте күрделі процесс. Ол алдымен физикалық жолмен
өңделеді соцынан химиялық реакцияға түсіп, қорытылып денеге сіңетін сатыға
жетеді. Физикалық өңдеу барысында ас ке-сектері ұсатыльгп, бөлшектенеді,
сілекей-шырынмен шыланып, жұмсарады. Химиялық өңдеуге ішек-қарын
ферменттері қатыса-ды. Ас қорыту ферменттері сусыз жерде әсер ете алмайтын
ашытқы гидролазалар тобына жатады. Бұлардың әсерінен күрделі органикалык.
қоректік заттар ыдырап, қан мен лимфага өтетін-дей, денедегі клеткалар
пайдалана алатындай қарапайым қосын-ды — мономерлерге айналады. Су, минерал
тұздар, ас құрамындағы кейбір қарапайым .орга-никалық заттар ішек-қарында
өзгерместен тікелей қанға сіңеді. Гидралаза ферменттері түзілу
ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөлінеді. Аутолитикалык, ферменттер —
тағамдық заттар, мәсе-лен, ана сүті қүрамындағы ферменттер, симбионттьщ
гидролаза-лар — бактериялар мен бірклеткалы жәндіктердің катысуымен
гидролиздік процестерді іске асыратын, айталык, күйіс кайыра-тын малда
клетчатканы ыдырататын ферменттер. Адамда сим-бионттық гидролиз тоқ ішекте
ғана кездеседі. Меншікті гидрола-залар — жан-жануар, адам денесінде ас
қорытуға қатысатын ішек-қарын сөліндё негізгі ферменттер. Гидролиз
процесінің орналасуына карай клетка ішіндегі жә-не клеткадан тысқары
жердегі ас қоррту -болып екіге бөлінеді.
Клетка ішіндегі ас қорытуда фагоцитоз, пиноцитоз арқылы клет-каға
ететін коректік заттар лизосомалык, ферменттердін. қатысу-ымен гидролизге
ұшырайды. Мәселен, лейкоциттер мен лимфо-циттерде ретикулациттер және
гистиоциттер жүйесінде ас осы-лай қорытылады.
Клеткадац тыс жерде ас қорыту дистанттық (қуыстық) және контактық
(мембраналық) ас қорыту болып екіге бөлінеді. Дис-танттық ас қорыту
ферменттер түзілетін клеткалардан оқшау жерде, ішек-қарын түтігінде өтеді,
ал контактық ас қорыту деге-німіз ішек түтігінің ішкі бетінде, онымен
жанасқан эпителий клет-каларында глпкокаликстегі ферменттердің әсерінен
болатын гидролиз. Қуыстық гидролиз кезінде пайда болған өнімдер гли-
кокаликс қабатынан өтіп, мембрана бетінде бірнеше мономерлер-ге айналады
да, ішек эпителиі бетіндегі микротүктер арасында орналасқан микроканалдар
арқылы ішек клеткаларына өтеді. Сөйтіп сіыу процесі басталады.
Ас қорыту жүйесі ауыз қуысындағы ағзалардан, жұтқыншақ, өңеш, қарын, он
екі елі ішек, аш ішек, тоқ ішек, сөл шығаратын бездер мен бауырдан тұрады.
Ас қорыту жүйесінің қызметі (функциялары):
1. Сөл шығару (секреция) функциясы. Оны ае қорыту, сіле-кей, ішек-қарын
бездері, ұйқы безі, бауыр атқарады. Сөл құра-мыңда органикалық қоректік
заттарды ыдырататын ферменттер (гидралазалар) болады. Олар үш топтан атап
айтқанда, проте-аза. карбогидролазадан тұрады.
Протеаза ферменті белоктарды ІІептид және амин қышқылда-ры сатыларына,
липаза — әрбір май түрін май қышқылдары мен глицерид, ал карбогидраза —
полисахаридтерді (крахмал, глико-ген) моносахаридтерге дейін ыдыратады.
2. Қимыл (жиырылу-жазылу) функциясыи бірыңғай салалы еттер орындайды.
Жоғарыда аталған ас қорыту жүйесі құрамына кіретін ағза-лар бірімен
бірі жалғасып (түйісіп) ұзыннан үзын созылып, жоғарыдан төмен қарай
тартылған ішек-қарын түтігін құрады. Өнеш, қарын, ішектер қабырғасының
ортаңғы қабаты бірың-ган салалы еттерден түрады. Салалы ет талшықтары
сақина тә-різді және бойлай тартылған екі түрлі талшықтан құралған. Ас
қорыту жолының бір бөлімі екінші бөлімімен түйіскен жерінде салалы ет
талшықтары сақина тәрізденіп топталып, сфинктер еттерін құрады. Өиеш, ішек-
қарынның қимылы (моторикасы) осы еттердің біресе тартылып, біресе жазылып
алма-кезек қимылға келуіне байланысты. Сақина тәрізді ет талшықтары
жиырылса, өнеш, ішек-қарын түтігі (каналы) тарылып, үзарады, ал ұзына бойы
орналасқан ет талшықтары жиырылса түтік кеңейіп, кыс-карады. Бұл қимылдар
ас кесегінің ішек-қарын сөліне шыланып, ондағы ферменттер әсерімен
ыдырауға, бұдан пайда болған өнім-дердін. денеге сіцуіне септігін тигізеді.
Ішек-карын біресе жиы-рылып, біресе жазылып толқын тәрізді кимылдар жасайды
(пе-ристальтика), мұның нәтижесінде ішектегі заттар жоғарыдан тө-мен ток
ішекке қарай жылжиды, корытылмаған, бойга сінбеген заттар ысырылып, артқы
тесікке жақындай түседі, сөйтіп қажет-сіз заттар біртіндеп сыртка шығарылып
тасталады.
3. Қоректік заттарды сіңіру функциясы. Ішек-қарын түтігінде болады.
Адамга кажет қоректік заттар әбден ыдырап қарапайым косындыларға айналады
да, түтік қабырғасындағы биологиялық мембраналардан өтіп, канға немесе
лимфаға сіңеді. Сіңу ішек-тің әр бөлігінде әртүрлі. Аш ішекте ас қорыту
процесі аяқтала-ды. Ас ішекте ұзак. кідіріп, сіңу сатысына жетеді, оның'
шырыш-ты кабығы сіңіруге бейімделген ағза ретінде қызмет жасайды. Жалпы
алғанда коректік заттар (ыдырау өнімдері) негізінен ащы ішекте сіңеді.
4. Тіршілікке қажетсіз заттарды сыртқа шыгару функциясы (экскреция).
Қорытылмай қалған ас қалдықтары, ас қорыту ба-рысында қанға, лимфаға сіңіп
үлгірмеген түрлі өнімдер, қаннан ас қорыту түтігіне өткен заттар (несеп
қышқылы, мочевина, дәрі-дәрмек, басы артық тұздар, су), өт құрамындағы
заттар нәжіске ілесіп сыртқа шығады. Қейбір заттар қанда көбейін кетсе бөлі-
ніп, ас қорыту түтігіне шығады, демек, ас .қорыту жүйесі қанда-ғы коректік
заттар мөлшерін реттеп отырады, сөйтіп, денеде жал-пы гомеостаз деңгейін
сақтауға да қатысады.
5. Эндокриндік функция. Ішек-қарынның кілегейлі қабығында әсіресе қарын
пилорусы мен он екі елі ішекте (ұлтабарда) көпте-ген 'гормондар түзіледі.
Олар қанға енеді де, алдымен ас қорыту пропесін зат алмасу, өсіп-өну, есею
процестерін реттеп, басқарып отырады. Қарын мен ішекте түзілетін мұндай
гормондар гастро-интестинальдық гормондар деп аталады. Қазіргі кезде ішек-
қарын шырышты қабығынан шамамен осындай 25 гормон бөлініп шы-ғатыны
анықталды. Олардың көбі пептидтер, ал бірқатары (гаст-рин,секретин,
панкиреозимин — холецистокинин,энтерокинин, гаст-рон т. б.) ежелден
белгілі. Сонымен, ішек-қарын гастроинтести-нальдық гормондары: а) ас
қорыту\ бездерінің сөл шығару қабіле-тін күшейтіп, қоректік заттардың
Корыдылуын үдетеді; ә) арэн-терин деп аталатын гормон жасөспірім денесінде
ассимиляция (түзілу) процесін күшейтеді, сөйтіп, өсу, есею қарқынын
үдетеді, адамньщ тәбетін жақсартады, диэнтеррн гормоны зат алмасу қар-кынын
реттейді; б) түрлі ағзаларда қан айналысын қалпына кел-тіріп, биологиялық
мембраналардын, өткізгіштік дәрежесін рет-тсп отырады, сөйтіп трофикалық
(қоректік) әсер етеді. Осыған орай ас қорыту бездерінде гландулоциттер саны
да көбеюі мүм-кін. Кейбір ішек гормондары (гастрин, секретин, ВИП,
бомбезин) орталық жүйке жүйесінде де кездеседі, сондай-ак, онда түзілетін
пептидтердің (соматостатин, энкефалин, эндорфин, Р-заты) көп-Іпілігі ішек
гормондары катарына жатады. Әзірше бұлардыңқай жерде кандай роль атқаратыны
толық зерттеліп біткен жоқ. Алайда ғальшдар арасында пептидтердің көпшілігі
— медиатор деген пікір бар. Демек, ішек-қарын қабырғасында адренергиялық
және холинергиялык, жүйкелермеи катар пептидергиялық жүйкелер де бар деуге
болады.
Ас қорытуды зерттеу әдістері
Физиология ғылымының дамуында түрлі функцияларды зерт-теу, осыған лайық
әдістер іздеу үлкен роль атқарады. Қезінде талдау (анализдік) физиологиясы
әдістерінің бірі,—вивисекция әдіеі кеңінен қолданылған. Мұның нәтижесінде
кан айналысы фи-знологиясы тарапында кұнды материалдар жиналды, бірак бұл
әдіс ас қорыту физиологиясын зерттеуге жарамантыны байқал-ды. Мәселен,
лабораториялық жануарды наркоз беріп ұйықта-тып, оның ас қорыту безше түтік
койып бірнеше тамшы сөл алуға болады, сондай-ақ ішек-қарынды жарып жіберіп,
ас қойырт-пағын, ішек-қарын селін алу да қиын емес. Бірақ мұндай сөл та-за
емес, ас қорыту процесі жайлы түжырым жасауға мүмкіндік бермейді.
Ас қорыту ағзаларының аурулары өте жиі кездеседі. Қөптеген зерттеушілер
адамның ішек-қарынынан таза сөл алып, опың ас қорытудағы мәнін білуді арман
етті. Мысалы, Рюмер адамның карын сөлін зерттеу үшін бір кесек губканы
жіпке байлап зерт-телетін адамға жұтқызды, біраздан кейің губканы жіппен
тартып сыртқа шығарып, оның сығындысын (алынған сөлді) зерттеді. Канада
дәрігері Боумон 8 жыл бойы ішінен жараланған мер-геннің. қарын қуысын түтік
(фистула) арқылы терімец жалғасты-рып, жиналғап қарын сөлінің құрамын
зерттеп, ол туралы тұң-ғыш рет мәлімет алды. 1842 жылы Москва
университетінің профессоры Басов итке операция жасап, оның қарнына қойылған
фистула арқылы ас қойыртпағы араласқан қарын сөлін жинап, оны зерттеді. Бұл
операцияны өте жоғары бағалаған И. П. Павлов кейін итке эзо-фаготомия
(өңешті кесіп, оның екі ұшын сыртқа шығару) опера-циясын жасап, жалған
тамақтандыру әдісін ұсынды. Таза қарын сөлін жинап, оның құрамын анықтады,
бұл сөлдің адам қарны-ның сөлінен айырмашылығы жоқ екенін дәлелдеді.
Сонымен ас қорыту жүйесінін, қызметін (функцияларын) зерт-теуде бірден бір
тиімді әдіс—,И. П. Павлов ұсынған фистула қою. Фистула қою әдісі ас қорыту
физиологиясын жанаша дамы-туға жол ашып, бұл тарапындағы әйгілі еңбектері
үшін И. П. Павловқа Нобель сыйлығы берілді. Фистула дегеніміз белгілі бір
ағзаның қуысын немесе бездің түтігін сыртқы ортамен байланыстырьш тұратын
өзек. Фистула салу үшін белгілі бір жануар түріне, (айталық, итке) наркоз
бе-ріп, анти^ептика және асептика талаптарына сәйкес операция жасап, ағза
куысын немесе оез түтіпнің ұшын сыртка шығарып тігіп қояды. Осы мақсатпен
кейде арнайы фистула түтігі колда-нылады. Физиологиялық тәжірибе жасау үшін
ит тек жарасы жазылған сон, пайдаланылады. Фистула қою әдісі иттің қоректе-
ніп жатқан кезде қарын сөлін таза күйінде жинауға, сөл құра-мының тағам
түріне қарай калай және каншалықты өзгертетінін білуге мүмкіндік' береді.
Фистула қойылған ІІтті (жануарды) бір рет емес, ұзақ уақыт, мәселен, айлар
бойы пайдалана отырып, ас қорыту арзаларыныц сөл шырару қабілетін, жиырылу-
жазылу касиетін, ас сіңіру дәрежесін бірден бір дәл анықтауға болады.
Мәселен, И. П. Павлов лабораториясында ас қорыту жолы-нын, әрбір бөлімін
тексеру үшін әртүрлі операциялар ұсынылды. Астың ауызда қалай қорытылатынын
зерттеу үшін белгілі бір сілекей безі түтігінің бір ұшы сыртқа шығарылды.
Қарын сөлін жинап алып зерттеу үиіін Басов әдісімен иттің қарнына 'фистула
ойылады да оның өнешінің екі ұшы сыртқа шығарылады (эзо-фаготомия—жалған
тамақтандыру тәжірибесі). Иттің үлкен қарынынан кіші қарынды бөліп алады
да, Гейденгаин, Павлов әдістерімен кіші қарын сөлін жинап алады. Үйқы
безінің сөлін, сондай-ақ өт шығару процесін зерттеу үшін сол бездің өт
түтігі-нің 12 елі ішекке ашылған жерінен айнала ішек қабырғасын тіліп
жібереді де, 12 елі ішектің кіші бөлігі мен түтүк аузын сырт-қа шығарады.
Өт түзілуін зерттеу үшін фистула түтігін өт'кабы-мен жалғастырады. Аш ішек
кызметі Тири — Велла фистуласы арқылы зерттеледі.
Адамның сілекей бездері жеке-жеке зерттеледі, сілекейді Леш-ли
Красногорскийдің капсуласы арқылы жинауға болады. Адам қарнының сөлі зонд
аркылы алынады. Зонд жұтудан 30—40 минут бүрын адамға Боас-Эвельд тамағы
(50 г ак нан — 1 стакан шәй) беріледі. Қарын қимцлы карын биотогін
электрогастромиография әді-сімен жазып алу, арқылы зерттеледі. Ол үшін
аппарат датчикте-рі адамның қүрсақ терісіне бекітіледі. Ас қорыту
арзаларының қимыл әрекеті рентген сәулесімен (рептгеноскопия,
рентгенография, рентгенокимография) зерттеледі. Шайнау кезінде пайда
болатын жақ еттерінін биотогі элект-ромиография арқылы, жақтың шайнау
қимылы мастикациогра-фия аркылы жазып алынады. Ішек-карынныц сөл шығару
кызметі мен кимыл әрекеті радио-телеметрия әдісімен зерттеледі. Алдымен
адамға радиомагниттік генератор — радиопилюля (диаметрі шамам.ен 1 см)
жұткызылады. Іштегі радиопилюлядан тараран электромагниттік толкындар
сырттағы датчиктер мен радиоқабылдағыш антенна арқылы үста-лып аппарат
қүрамындағы жазу қүралы арқылы сөлдін кышқыл-ДЫРЫ (рН), температурасы,
басқа да өзгерістер жазып алынады. Эндоскоппен қарау (эндоскопия) үшін
ауыз, жүтқыншақ, өцеш, арқылы карын мен он екі елі ішекке арнайы күрал
—эндо-скоп енгізіледі де соныц көмегімен қарынның ііпкі күрылысын көруге,
суретін салуға және бңопсия әдісімен қажет материал алуға болады.
Радиоактивтік .изотоп арқылы қоректік заттардың сіңу дәре-жесія, мәселен,
изотопаен белгіленген белок пен май молекула-ларының үлгісін пайдалана
отырып, бұл заттардың ыдырау, сіңу ерекіаеліктерін білуге болады. Ал
ультрадыбыс пен скенирование жасап дертті процестің қай жерде калай
орналасқанын анықтау-га болады.
Қарындағы ас қорытылу
Қарын дегеніміз ішек-қарын тутігінің кеңейген жері. Оның сыйымдылығы
2—4 литрдей, сырт пішіні мүйізге үксайды. Қарын бірнеше. бөліктен тұрады.
Өңешпен • карынның қосылған жері кардиа немесе кардиалық бөлік деп аталады.
Қарынның жоғар-РЫ жағы күмбез тәрізді жоғары карай көтсріңкі келеді, бұл —
қарын күмбезі немесе қарын түбі. Қарын мен ои екі елі ішектің ҚОСЫЛРЗН жері
пилорус (қақпақша) деп, ал қарынның қақпак,-шаға жалрасқан бвлігі
пилорустік бөлік болып саналады. Қарын-ның алдыңғы және артқы беткейі,
жоғарғы және төменгі шеттері болады. Жоғарры "леті дөңестеу, ал төменгі
шеті ойыстау келген. Жоғарғы шетін қарын тұйыры, төменгі шетін карын ОЙЫРЫ
дейді. Қарынның пилорустан басқа бөлігі қарын денесі деп аталады. Қарын
құрсақ қуысының жорарры жарында орналаскан. Оның күмбезі сол жақта,
кабырралардын, ішкі бетінде, пилорус оң жақта бауырдың астында. Қабырғасы
(кенересі) жалпы ішек-ка-рын түтігіне тән үш қабаттан, ішкі — шырышты,
ортацры — бірын,-рай салалы ет, сыртқы — серозды қабаттан түрады.
Қарынның шырышты кабыгында көлденең СОЗЫЛРЭН катпар-лар, ойық және
жазык. жерлер бар. Онда қарын бездері орналас-кан (жәй түтік бездер). Безде
түрлі без клеткалары гландулоциттер (негізгі, қосымша, аннала қоршалран)
бар. Негізгі гла-ндулоциттер сөл ферменттерін (пепсиноген), айнала
қоршалран гландулоциттер тұз қышқылын, қосымніа клеткалар шырышты зат—муцин
шырарады. Осы клеткалардан бөлінген заттар карын сөлінің құрамына кіреді.
Қарынның пилорус бөлігінде айнала қоршалган гландулоциттер болмайды,
сондықтан сөл реакциясы кышқылды емес, сілтілі не бейтарапты болады.
Қарын сөлінің құрамы мен мәні
Адамда қарын бездері тәулігіне 2—2,5 литрдей сөл шығара-ды. Ол түссіз,
реакциясы қышқыл (рН — 0,9—1,5) зат. Меншікті салмары судан аз-ақ ауыр
(1,008), құрамында 0,5—3,5% күррак. зат бар. Осмос қысымы қанның осмос
қысымына тең (7,5 атм). Қысым сөл құрамындары бейорганикалық тұздар мен
иондарра байланысты. Қарын сөлінде Ыа, К, Са хлоридтері, сульфаттары,
фосфаттары бар. Әсіресе түз қышқылы көп (0,3—0,5%). Сөлде органикалық
заттар — ферменттер мен муцин бар. Қа-рын бездерінің негізгі
гландулоциттері пепсиноген ферментін бөліп .шырарады. Қышқыл ортада
пепсиногеннен бір полипептид молекуласы (ингибитор) бөлініп, активті пепоин
ферментіне ай-налады. Пепсин өте қышқыл ортада (рН 1,5—2) қоректік заттар-
ды гидролиздік жолмен ыдырататын фермент, рН 3,2—3,5-ке тен жерде әсер
ететін пепсин — гастриксин деп аталады. Адам кар-нында гастриксин көбірек.
Пепсин, әртүрлі белоктарда айталык, белок молекуласын полипептид сатысына
дейін ыдыратады. Кей-бір пепсиндер сүтті ірітеді, ЯРНИ казеиногенді
ерімейтін казеинге айналдырады. Бала карны сөліндегі сүт ірітетін фермент —
хи-мозин деп аталады. Ол сәл қышқыл, сәл сілтілі немесе бейтарап ортада
әсер етеді. .Қарын сөлінде кездесетін липаза ферменті басқа сөлдердегі
липазадай, тек эмульсияланран майра рана әсер етеді. Май әдет-те он екі елі
ішекте эмульсияланады (өте ұсак. бөлшектерге бөлі-неді). Барша тарамдардың
ішінде май сүтте рана эмульсия түрін-де кездеседі. Сондьгқтан қарын
сөліндегі липаза тек 'сүттің май-ын ыдырата алады. Липазалар әсерінен
эмульсияланран май ыдырап глицерин мен май қышқылына айналады. Қарың
сөлінде көмірсуды гидролиздейтін фермент болмайды. Бірақ карындағы ас тұзы
қышқылына әбден шыланранша ас ке-сегінің ішінде (кақ ортасында) сілекейдің
а — амилаза фермен-ті крахмал мен гликогенді дисахаридтерге дейін, ал
мальтаза ферменті мальтозаны екі молекулалы глюкозага ыдыратады. Қарын
сөлінде шырышты әрі сілтілі зат — муцин бар. Ол ка-рынның шырышты қабырын
жауып түрады да туз қышқылын бейтараптайды. Сөйтіп, қарын қабыррасын
пепсиннің зиянды әсе-рінен (аутолиз) қоррайды. Сонымен бірге, ол түрлі
жаракаттан Да сақтайды. Және қарынра келіп түскен ВІ2 витаминін қоршап
алып, қарын сөлі ферменттерінен қоррап, ыдырамастан денеге сінуін
қамтамасыз етеді.
Қарындағы сөл шығуының реттелуі
Сөл қарыннан, әсіресе тамақ ішкен сәтте көп болып шығады. Оның мөлшері,
ондағы ферменттердің сапасы мен құрамы тағам-дағы қоректік заттардың түріне
(белок май, көмірсу) ас кесегі-ніц физикалық қасиеттеріне қарай ұдайы
өзгеріп отырады. И: П. Павловтыц лабораториясында итке арнайы тәжірибелер
жаса-лып, қарын сөлінің қашан, қалай, қанша мөлшерде бөлінетіні,
кұрамындагы ферменттердің сапасы, қышқылдығы ет (белогі көп асқа), нан
(көмірсуы көп асқа), сүт (майлы асқа) берген кезде қалай өзгеретіні
анықталды. Рационында ет көп болса, қарыннан сөл барыиша көп шыға-лы, оның
реакциясы қышкыл келеді, ал нан көп болса, сөл шығару ұзақка созылады,
сөлдің ыдырату күші мол болады, ал сүт көп болса, сөл аз шығады, оның
қышқылдығы орташа. Нан мен сүтке қарағанда белогі көп аска пепсин әлдеқайда
көп мөлшер-де шығады. Қарын бездерінің жеген асқа осылайша икемделуі, без
қызметін реттеуде жүйке жүйесінің үлкен мәні бар екенін көрсетеді. Әдетте
кезеген жүйке қарын бездерінің сөл шығару қабілетіч күшейтеді, ал
симпатикалық жүйке, керісінше, сөл шығуын те-жейді. Бірақ кейде, әсіресе
қарын бездерінің сөл шығару қабілетін үдететін жағдайлар іэсер етсе,
симпатикалық жүйке гланду-лоциттердің пепсин шығару қабілетін күшейтуі
мүмкін. Қарын-ның сөл шығару қабілетін күшейтетін не тежейтін химиялық
заттар (гормондар) бар, олар қан арқылң әсер етеді.
Қарынның сөл шығару кезеңдері
Сөл шығару процесі жүйке және қан арқылы реттеледі. Бүл екеуінің
қайсысы басым екендігіне, астың ішек-қарыннын кай бөлігінде екендігіне
карай, қарынның сөл шығаруын үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең —
мидық қатысуымен өтетін реф-лекстік кезең. Оны шартты және шартсыз
рефлекстік фазаларға бөлуге болады. Тағамның түрі, иісі, ыдыс-аяқтың
сылдыры, дас-тархан жаю — бұлардың бәрі тамақ ішер алдында адамға үдайы
әсер ететін факторлар. Бұл факторлардың әсерімен қарыннан шартты рефлекс
жолымен сөл бөліне бастайды. Мұны тәбет (аппетит) сөлі деп атайды. Ондағы
ферменттер өте күшті болады. Тағам қүрамындағы қоректік заттарды тез
ыдыратады (гидро-лиздейді). Тәбет сөлінің әсерінен қарын ас қорытуға даяр
тұра-ды. Одан әрі қарында сөл шыруына бірден-бір күшті әсер ететін фактор —
тағамның ауызға келіп түсуі. Ауызға келіп түскен ас ондағы рецепторларды
тітіркендіріп, солар арқылы сопакиіа ми-дағы сөл шығару орталығын
қоздырады. Бүл сөл шығарудын, шартсыз рефлекстік фазасы. Қарын сөлінің
шартты және шарт-сыз рефлекстер арқылы бөлініп шығуы жөнінде жалған тамақ-
тандыру тәжірибесінде айтылып дәлелденген. Ас қарынға келіп түсісімен
қарыннан көп мөлшерде сөл бөлі-не бастайды. Бүл процесс астың карында біраз
кідіруіне байла-нысты ұзаққа созылады. Сөйтіп, қарында сөл шығарудың екінші
кезеці— қарын кезеңі басталады. Сөл шығару механизміне қарай ол
рефлекстік-механикалық және гуморальдық-химиялық деп аталатын екі фазаға
бөлінеді. Қарынға келіп түсісімен ас карыннын. шырышты қабығында-ғы
механикалық рецепторларды тітіркендіреді, тітіркеніс сопак-ша мидағы сөл
шығару орталығына барып жетеді, мүның нәти-жесінде сөл шығару процесі
күшейе түседі. Бірақ бүл рефлекс-тік механизм ұдайы, үздіксіз сөл ШЫРЫП
тұруын, астын. қарында кідіру уақытына 'сәйкес бөлінуш камтамасыз ете
алмайды. Қа-рын сөлінің үздіксіз үзак уақыт бөлінуі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалардағы гастродуодениттер
Бұзаудың гастроэнтерит ауруы
Иттердің гастриті, емі және профилактикасы
Құс гастроэнтерит ауруы
Асқазанның кілегей қабығының қабынуы
Ішек аурулары
Ас қорыту жүйесінің жалпы анатомиясы мен дамуы
Малдың ішек аурулары
Іш қатудың анықтамасы
Жануарлардың ішкі аурулары кезінде көрсетілетін алғашқы ветеринарлық көмек жайлы
Пәндер