Бастауыш метеп оқушыларының таным белсенділігін арттыруда дамыта оқыту технологиясының рөлі
Кіріспе.
I . Тарау. Педагогикалық технологияның мәні мен мазмұны.
1.1. Оқушының танымдық қызығушылығының ерекшеліктері.
1.2. Баланың ақыл . ой санасының даму деңгейі.
1.3. Проблеманың практикалық мәнін білдіру
II . Тарау. Оқушы жастардың танымдық қызығушылығын арттырудың
жолдары.
2.1. Оқушылардың оқыту процесіндегі таным белсенділігі.
2.2. Оқытудың белсенді әдістері.
2.3. Мектеп оқушыларының оқу . танымдық іс . әрекетін белсендіру.
Қорытынды.
Әдебиеттер тізімі.

Қазіргі кезеңде білім беру, оқыту, тәрбиелеу саласындағы дәстүрлі әдістер мен қатар технологиялық жаңа түсініктер және танымды жетілдірудің жолдары өрістей түсті. Әсіресе бұл біз проблема етіп қойып отырған танымдық қызуғудың сабақтастығы мәселесінде шешуші мәнге ие болуда. Осы орайдан елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, өзгеше қарым-қатынас, жаңа көзқарас пайда болуда. Педагогика ғылымының негізгі талаптарының бірі оқушылардың танымдық деңгейін жаңғыртып, жаңартуда ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа технологиялар мен әдістерді оқу мазмұнында оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне қарай қолдану қажеттілігін туындату.
Сонымен қатар педагогика ғылымдары зерттейтін өзекті проблемалардың бірі - жеке тұлғаны тәрбиелеуде, жан - жақты дамытуда, білім беруде ғылымның соңғы жетістіктерін қолданып, шығармашылық жұмыс істеуге қабілетті, дүниетанымдық көзқарасы кең, рухани бай адамдарды тәрбиелеп қалыптастыру.

1. Омарова Р.С. Мектеп оқушыларының қызығушылығын қалыптастыру теориясы мен практикасы. Монография. -Ақтөбе, 2008.
2. Омарова Р.С. 12 жылдық мектепте оқушылардың оқу-танымдық іс- әрекетін ұйымдастыру Оқу құралы. - Ақтөбе, 2006.
3. Шамова Т.И. Активизация учения школьников. Педагогика, 1982.
4. Возрастная и педогическая психология. Москва, 1989.
5. Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы,1993.
6. Аймауытұлы Ж. Психология. Алматы, 1995.
7 . Мұханов М. Жас және педагогикалық психолгия. Алматы, 1989.
8. Жарықбаев Қ. Психология. Алматы, 1995.
9. Тажибаев Т. Психология и педагогическая психология К. Д.Ушинского. Алма-Ата, 1998.
10 . Давыдов 8.8. Проблемы развивающего обучения. – Москва, Педагогика, 1986.
11. БержановҚ.,С. Мусин. Педагогика тарихы Алматы,1971.
12. Возрастная и педагогическая психология. Под ред. Петровского А.В. 2 изд. Москва, 1979.
13. Возрастная и педагогическая психология. Под ред. Гамезо М.В. - Москва, 1989.
14. Бапаева М.К., Нығметова К.Н., Шериязданова К.Т. Балалар психологиясынан танымдық жаттығулар мен тапсырмалар. Алматы,1994.
16. Қазақ Совет энциклопедиясы. Алматы, 1972.
17. Ильясова А. Н. Класс жетекшісінің жүргізетін тәрбие жұмысының жүйесі. Алматы, 1991.
18. Смайылова М. Тәрбие жұмысын жоспарлау туралы. "Қазақстан мектебі", 1988. 29 -30 беттер

Тарих-педагогика факультеті ППМ-711 тобының студенті Әлімбеков Сәбиттің
Бастауыш метеп оқушыларының таным белсенділігін арттыруда дамыта оқыту
технологиясының рөлі бойынша жазылған ғылыми жұмысына Бастауыш оқыту
теориясы мен әдістемесі кафедрасының доценті, п.ғ.к. С.Қожагелдиеваның
Пікірі
Қазіргі кезеңде білім беру, оқыту, тәрбиелеу саласындағы дәстүрлі
әдістер мен қатар технологиялық жаңа түсініктер және танымды жетілдірудің
жолдары өрістей түсті. Әсіресе бұл біз проблема етіп қойып отырған танымдық
қызуғудың сабақтастығы мәселесінде шешуші мәнге ие болуда. Осы орайдан
елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, өзгеше қарым-қатынас, жаңа
көзқарас пайда болуда. Педагогика ғылымының негізгі талаптарының бірі
оқушылардың танымдық деңгейін жаңғыртып, жаңартуда ғылымға және тәжірибеге
негізделген жаңа технологиялар мен әдістерді оқу мазмұнында оқушылардың жас
және психологиялық ерекшеліктеріне қарай қолдану қажеттілігін туындату.
Сонымен қатар педагогика ғылымдары зерттейтін өзекті проблемалардың
бірі - жеке тұлғаны тәрбиелеуде, жан - жақты дамытуда, білім беруде
ғылымның соңғы жетістіктерін қолданып, шығармашылық жұмыс істеуге
қабілетті, дүниетанымдық көзқарасы кең, рухани бай адамдарды тәрбиелеп
қалыптастыру.
Жеке тұлға - қоғам мүшесі ретінде, өзіндік өмір сүру бейнесіне сай,
жеке қуқықка, танымдық қасиетке ие, өздігінен іздену әркылы білім мен
іскерлігін жетілдіріп ұдайы даму үстінде болатын жан.
Саналы түрде қарайтын болса, жеке тұлға басындағы жетістіктерін,
кемшіліктерін байқап және әлсіз жақтарын көре береді. Тұлғаның жеке даралық
белгілері, оның өзгелермен қарым - қатынас жасауынан. қайрымдылығы мен
тәккәпарлығынан және мейрімділік пен тасжүректіктен, ізеттілігінен ғана
анықталып қоймайды, олардың байқалу дәрежесіне және өзге қасиеттері арқылы
көрінуге де байланысты. Егер, жеке тұлға сыртқы ортамен неғұрлым кең
көлемде қарым - қатынас жасаса, онда ол өмірдің алуан түрлі ерекшеліктерін
танып-білуге үлкен мүмкіншілік алады да соғұрлым оның рухани жағы жетіле
түседі. Ондай өзгерістер әр тұлғаның өзіне тән ерекшеліктері арқылы
көрінеді, Ондай ерекшеліктерге таным, сенім, мұрат, қызығу, қабілет, талғым
бейімделу жатады. Дұрыс ұйымдастырылған оқу-тәрбие жұмыстары жеке тұлғаның
дамуына, танымдық қызығушылығының қалыптасуына жетекші ықпал етеді,
Бұлардың бәрі адамның қоршаған ортаға деген қызығуларынан келіп туады. Осы
тұрғыдан бұл ғылыми жұмысты жан-жақты қарастыра түссек кең ауқымда өз
деңгейіне жетеді демекпіз.
Ғылыми жетекші, доцент, п.ғ.к.:
С.Қожагелдиева
Тақырыбы: Бастауыш метеп оқушыларының таным белсенділігін
арттыруда дамыта оқыту технологиясының рөлі
Жоспар:
Кіріспе.
I – Тарау. Педагогикалық технологияның мәні мен мазмұны.
1.1. Оқушының танымдық қызығушылығының ерекшеліктері.
1.2. Баланың ақыл – ой санасының даму деңгейі.
1.3. Проблеманың практикалық мәнін білдіру
II – Тарау. Оқушы жастардың танымдық қызығушылығын арттырудың
жолдары.
2.1. Оқушылардың оқыту процесіндегі таным белсенділігі.
2.2. Оқытудың белсенді әдістері.
2.3. Мектеп оқушыларының оқу – танымдық іс - әрекетін белсендіру.
Қорытынды.
Әдебиеттер тізімі.
ӘОЖ 372. 104.
Бастауыш метеп оқушыларының таным белсенділігін

Кіріспе

әдістер мен қатар технологиялық жаңа түсініктер және танымды
жетілдірудің жолдары өрістей түсті. Әсіресе бұл біз проблема етіп қойып
отырған танымдық қызуғудың сабақтастығы мәселесінде шешуші мәнге ие
болуда. Осы орайдан елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, өзгеше
қарым-қатынас, жаңа көзқарас пайда болуда. Педагогика ғылымының негізгі
талаптарының бірі оқушылардың танымдық деңгейін жаңғыртып, жаңартуда
ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа технологиялар мен әдістерді оқу
мазмұнында оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне қарай
қолдану қажеттілігін туындату.

кемшіліктерін байқап және әлсіз жақтарын көре береді. Тұлғаның жеке
даралық белгілері, оның өзгелермен қарым - қатынас жасауынан.
қайрымдылығы мен тәккәпарлығынан және мейрімділік пен тасжүректіктен,
ізеттілігінен ғана анықталып қоймайды, олардың байқалу дәрежесіне және
өзге қасиеттері арқылы көрінуге де байланысты. Егер, жеке тұлға сыртқы
ортамен неғұрлым кең көлемде қарым - қатынас жасаса, онда ол өмірдің
алуан түрлі ерекшеліктерін танып-білуге үлкен мүмкіншілік алады да
соғұрлым оның рухани жағы жетіле түседі. Ондай өзгерістер әр тұлғаның
өзіне тән ерекшеліктері арқылы көрінеді, Ондай ерекшеліктерге таным,
сенім, мұрат, қызығу, қабілет, талғым бейімделу жатады. Дұрыс
ұйымдастырылған оқу-тәрбие жұмыстары жеке тұлғаның дамуына, танымдық
қызығушылығының қалыптасуына жетекші ықпал етеді, Бұлардың бәрі адамның
қоршаған ортаға деген қызығуларынан келіп туады.
Олардың біразы адам үшін ерекше әсерлі, қызықты болса, енді
біреулері мүлдем ешқандай назар аударуға тұрмайды, ал басқа біреулері
өзінен тіпті жирендіріп те жібереді.
Оқушының өз бойындағы қабілеттерін тануда мүмкіндік туғызу, білімге
деген қызығушылығын, ынтасын оятып, оқуға саналы көзқарасын қалыптастыру
мұғалімнің тікелей міндеті. Ол бір сабақ көлемі 45 минутпен қатар
сабақтан тыс уакыгга жаңашыл педагогикалық технологиялар арқылы
біліктерін ұштастырып отыру, алған білімнің нәтижелі болуына септігін
тигізеді. Педагогикалық технологияны істәжірибелерімізде жиірек қолдану,
оқушылардың қолдану, оқушылардың танымдық қызығушылықтарының дамуымен
білім сапасының жақсаруына елеулі үлес қосады.
1.1.Оқушының танымдық қызығушылығының ерекшеліктері
Технолгия ұғымы түсіндірме сөздікте - қандай да болсын істегі,
шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы деп, ал педагогикалық
технология-педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын
барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығы
және жұмыс істеу реті - деп түсінік береді В.Кларин. Оқыту процесін
дұрыс ұйымдастыру үшін оның өзіне тән еркшеліктері мен құрьшымын,
оқушыны дамытудағы атқаратын қызметін тану керек. Оқу әрекетінің басқа
әрекет түрлерінен ерекшелігі оқушының үнемі "жаңа дүниеге енуімен",
әрбір жаңа әрекет компоненттерін игерумен, әрдайым оның бірінен
екіншісіне ауысып отыруымен белгіленеді. Бұл оқушылардың психикасының
тез дамып жетілуіне, оның рухани дүниесінің, іскерлік-дағдыларының
қалыптасуына әсерін тигізеді. Мектепте жүргізілетін оқыту үрдісінде
оқушы мұғалімнің басшылығымен ғылыми түсініктерді ұғынып, оқулық
көлеміндегі мағлұматтарды меңгереді. Оның деңгейі әр оқушының даму
ерекшеліктеріне, танымдық қабілетіне байланысты болады. Бірақ сол
түсініктерді меңгеру арқылы оқушының ойы, таным түсінігі қалыптасады
және дүниеге көзқарасы, сана-сезімі дамиды. Бұл оқушының өздігінен
ізденуі немесе сабақтан тыс жұмыстар арқылы жалғасын табады.
Адам әрекетінің субъективтілігі оның ішкі қажеттерінен,
эмоцияларымен, түрткілерінен, танымдық қызғушылық бірлігінен көрінеді.
Бұл әрекеттер оқушының білім алуға ұмтылысының, белсенділігінің де
деңгейін танытады. Оқушылардың қандай да іс-әрекетті орындау табандылығы
оған итермелейтін түрткілер мазмұны мен қызығушылықтар сипатына
байланысты. Себебі, танымдық қызығушылық оқушының түпкі мақсатқа
жетуінің жолдарын саралауға көмектеседі, осы жолда кездесетін қандай
қиындықтарды да жеңуге ұмтылдырады.
Әрекеттің жүзеге асуы сатылап жүретін үрдіс. Осы жүйенің ішкі
бөліктері мен іске асу кезеңдеріне сай әрекет компоненттері өзара
алмасып, бірігіп отырады. Оқушыларда оқу түрткілеріне негізделген
әрекеттер тізбегі танымдық қызығушылық әсерінен көздеген әрекет
мақсаттарының нәтижесіне жетуге мүмкіндік береді. Яғни, әрекет еңбек
түрінде жүзеге асады. Оқушылар мен студенттердің танымдық әрекеттерін
қалыптастыру мен дамытудың басты шарты - ол орта және жоғары мектептегі
оқыту үрдісін жетілдіру екені анық.
Білім берудің мақсатын айқындау үшін қазақ білімпазы Жүсіпбек
Аймауытовтың мына сөздерін еске алған жөн. "Мектеп бітіріп шыққан соң
бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашылған
саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің көздейтін түпкі
мақсаты осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз
салуы керек".
Оқу әрекетінің құрылымы мен еркешеліктерін зерттеген ғалымдардың қай-
қайсысы да оқыту барысында танымдық қызығушылықты жетілдіру, оқушының
оқуға қатынасына, пәнге деген саналы көзқарасын айқындауда, оны
қалыптастыруда үлкен мәнге ие екендігін қуаттайды. Сондықтан оқыту
әдістемесінде оқу - танымдық, әлеуметтік, бірлігі үнемі ескеріліп
отырылуы қажет. Мәселен, баланың оқуға деген қатынасы оның жеке бас
ерекшелігін ғана танытып қоймайды, оқу нәтижесінің бала үшін қаншалықты
маңызыды екенінің де көрсеткіші болып саналады. Әрі олар оқушының оқуға
деген әлеуметтік көзқарасын да, субьект ретінде бала үшін оқытудың
өмірлік мәнін де айқындайды.
Танымдық қызығушылықтар дұрыс қалыптастырылған жағдайда оқушы оқу
әрекетінде кездескен қиындықтарды жеңіп, оның танымдық белсенділігі,
білім игерудегі белсенділігі артады, өзінің жан-жақты, білімді болуының
қажеттілігін сезінеді.
Олай болса, түрткілер мен қызығушылықтар танымының негізгі алғы
шарты ретінде көрінеді де, оқушыларымен университет студенттерінің тұлға
дамып, қалыптасу факторларының бірі болып табылады. Сондықтан да таным
процесінің жузеге асуы субъектінің әрекет нысанына қызығyшылық мазмұнына
байланысты шешілмек.
Әлеуметтік қатынастар тұрғысынан келгенде қызығушылықпен байланысты
ұғымдар тізбегі қажеттілік, қызығушылық, мақсат, сана, қатынас түрінде
көрінеді.
Оқушы жастардың іс - әрекет құрылымы, түрткі қызығушылық тудырудың
ең басты шарты болып табылады. Түрткі - әрекетке жетуге итермелейтін,
іштей туатын күш болса, қажеттілік барлық жанды құбьшыстарға тән, барлық
тіршілік әрекеттерінің негізгі стимулы. Демек, адамның қажеттілігінен
түрткі туындайды. Қажеттілік материяның биологиялық және әлеуметтік
түріне ортақ, ал түрткі тек қоғамдық қатынастар жүйесіне тән. Әрекеттің
мәні тек белгілі бір нәтижеге жетуде ғана емес, сол әрекеттің орындалу
процесінде адамның ақыл-ой белсенділігінің артып, жалғастық табуында.
Белсенділік - адамға тән қасиет ретінде, рухани қажеттілік ретінде
қанағат сезімін тудырады.
Оқушы қоршаған дүниенің жұмбақтарын сезінген сайын тануға құштар
болады, білген сайын білмегеннің көптігін мойындайды. Оқу әрекетінің
маңыздылығын, білімнің қажеттілігін сезінген оқушылар мен студенттерде
оған деген жауапкершілік те арта түседі, қызығушылығы тұрақтана
бастайды.
Танымдық қызығушылықтар оқытудың сапасы ретінде де көрінеді.
Бәрімізге белгілі жайт белсенді, зерек оқушыны оқытқан әрі жеңіл, әрі
нәтижелі болады. Сонымен қатар оқуға ықылассыз, еш нәрсеге қызықпайтын,
ынтасыз салғырт оқушыны оқыту мұғалімге қиындық туғызады. Оқушының жеке
басының өзіндік ерекшелігі, танымдық қызығушылығы оның белсенділігінен
көрінеді. Танымдық қызығушылығы дамыған оқушының әрекетінен ізденгіштік
және шығармашылық сипаттарын көруге болатыны анық. Оқушылар мен
студенттердің танымдық қызығушылықтарының дамуының жалпы тенденциялары
төмендегідей болады:
• белгілі бір жағдайда сыртқы ынталарға негізделген қьrзығушылықтың,
оқушының ішкі жан дүниесіне, көңіл күйіне байланысты күрделі әрі кең
көлемді қызығушылыққа дейін дамуы;
• құбылыстардың айқын жақтарына бағытталған қызығушылықтарды терең
теориялық негіздегі, заң жүзіндегі ғылыми идея негізіндегі қызығушылыққа
бейімдеу;
Қызығушылықтың маңызды бөлігін танымдық қызығушылық құрайды.
Танымдық қызығушылықтардың негізі ойлау болып табылады.
К.Д. Ушинскийдің айтуы бойынша, танымдық қызығушылық окушының
білімге, бір нәрсені білуге құштарлығын арттырып қана қоймайды,
айдаладағы бізге белгісіз жұмбақ сырларға жауап іздеуге жетелейді.
Сонымен окушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыруда пән
мұғалімдерінің ықпалы зор. Ол үшін мұғалім сабақты қызықты, тартымды
өткізуімен қатар оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыруға
ынталандыратын тақырыптық кештер, ойындар, әр түрлі дебаттар,
сөзжұмбақтар, ойлан-тап, жұмбақ жасыру, сайыстар т.б. сабақтан тыс
жұмыстарды жүйелі түрде өткізудің маңызы ерекше. Сондықтан да жаңа
педагогикалық технологияларды орынды пайдалану, үлкен нәтиже берері
анық.
Технология сөзі грек тілінен аударғанда "техне" - өнер, іскерлік,
шеберлік және "логос" - ұғым, білім, ғылым, заң деген мағынаны
білдіреді, яғни, технологияны шеберлік, маманның іскерлігі туралы ілім
деп анықтауға болады. Зерттеушілердің бір тобы: педагогикалық технология
- тиісті мақсатқа жетудің нақты тәсілдерімен құралдары арқылы көздеген
нәтижеге ие болудың тиімді әдісі мен амалы дейді. Келесі бір топ
ғалымдар: "педагогикалық мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін алдынала
жобалаған оку тәрбие процесін біртіндеп жүзеге асыратын жүйе" - деп
тұжырымдайды.
Біздің осы әдістемелік нұсқауымызға лайықты тағы бір анықтаманы
келтіргенді жөн көріп отырмыз. "Педагогикалық технология дегеніміз - оқу-
гөрбие процесін ұйымдастыру тәсілдерінің жиынтығы немесе мұғалімнің
нақты іс-әрекетіне байланысты және алдына қойған мақсаттарына жетуге
бағытталған белгілі ретпен орындалатын іс-шаралар (технологиялық
тізбек).
Технологиялық тізбек ретінде мысалы, мұғалім мен сынып жетекшісінің
сыныптан тыс тәрбие жұмысына дайындалу және өткізудегі бірте-бірте
орындалатын ісшараларының алгоритмі іспетті әрекеттерінің жүйесін алуға
болады. Жалпы алғанда, атқарылатын жұмыстар: оқушылармен оқу-тәрбие
жұмысын зерттеу, диагностикалық мақсаттар мен міндетгерін айқындау,
жұмыс нәтижесін алдын-ала болжау, жоспарлау, ұйымдастырушылық әрекеттер,
түрлі міндеттерді атқару, педагогикалық саралау негізінде үйлестіру,
болашақтағы (алдағы) атқарылатын іс-шаралардың бағдарламасын жасау.
Қазіргі кезде түрлі технологиялар бар: жалпы педагогикалык, оқыту,
тәрбие, дамыту, компьютерлік т.б. Оқыту технологиясымен салыстырғанда
педагогикалық технологиялардың мәні кең де жан-жақты, өйткені мұнда
тәрбие-тәлім және тұлғаның қалыптасуы мен дамуы бірге қамтылады. Ал,
оқыту технологиясы болса, оку бағдарламасындағы білім мазмүнын
меңгертудің түрі, әдістерімен тәсілдерін жүйелі орындап, қойылған
максаттарға жетудің нақты да тиімді жолын қамтамасып ету болып табылады.
Таным мен оқу түрткілері саналы әрекетті дамытуға өзара бірлікте
қатысатын бүтіннің екі жағы іспетті. Оку әрекетінің жемісті болуына
екеуі бірдей қатыстырылғанда ғана қол жеткізуге болады. Мысалы: қабілеті
жоғары баланың пәнге қызығуы төмендесе, не керісінше, пән мазмұны
тартымды бола тұра бала оны окуда ізденіс жасамаса, тапсырмаларды
орындауға талпынбаса, оқу нәтижесі төмендейді.
1.2. Баланың ақыл – ой санасының даму деңгейі
Баланың ақыл - ойы, санасының даму деңгейі, оқу әрекеті барасында
қызығушылық тудырудың бір шарты болады. қоршаған орта мен әлеуметгік,
психологиялық қатынастары негізінде баланың жалпы даму деңгейін
ажыратуға болады. Жеке тұлғаның дамуы жеке даралық қабілеттер өрісі мен
шектелмейді, ол оқушының жалпы және адамгершілік қасиеттерінің дамуы мен
қатар, әлеуметгік тұрғыда қалыптасуын да қамтиды. Сондықтан маман
дайындау ісінде оның әлеуметгік орнына мән беру, оқу орнының оқу-тәрбие
жұмысының мазмұнына айналуы қажет. Шындығын да мұғалім жеке пәннен білім
беруші ғана емес, жергілікті жердегі жаңаның жаршысы, окушының
білімділігіне ықпал жасайтын, мән беретін маман иесі. Мектепте сабақтан,
жоғары оқу орнында аудиториядан тыс жүргізілетін педагогикалық
жұмыстарында оқушылардың кәсіби мамандығына қызығуын дамытуға мол
мүмкіндік бар. Мұнда оқушылардың және студенттердің жан - жақты дамуына
көңіл аударады. Аудиториядан тыс педагогикалық жұмыстар арқылы ғылыми-
теориялык, арнаулы пөдагогикалық, әдістемелік білімнің терендеуіне
кәсіби мамандығына қажетті білік, дағдыларын меңгеруге үлес қосатын
болсақ оқушылар мен студенттердің танымдық қызығушылығының дамуы сөзсіз.
Оқушылардың әрекетінің дұрыс қалыптастырылуында субъект бойындағы
танымдық күштердің білім игеруде атқаратын қызметін дұрыс тану үлкен
мәнге ие. Сондықтан қабылдау, ес, зейін, ойлау, ой қорыту әрекеттері мен
танымдық қызығушылықтарының арақатынасын білу қажет. Оқу материалдарын
меңгеру, қабылдаудан басталады. Дұрыс нәтиже оның бойындағы
қызығушьшығын кеңейтеді. Білімге қызығуьш қалыптастырудың бір жолы
олардың зейін ерекшелігін танумен сабақтасады. Осы орайда, оқу
проблемасына қызығушылықты күшейтудің екі жолы байқалады.
1. Оқушының эмоциясы мен сезіміне әсер етуі.
1.3. Проблеманың практикалық мәнін білдіру.
Оқушылардың дамуының басты көзі - шығармашылық қабілеттерін
жетілдіру. Шығармашылық - танымдық қызығушылықты арттырудың бірден-бір
жолы. Сабақтан және аудиториядан тыс уақытта шығармашылық кештер,
кездесулер, жазбаша түрдегі жұмыстар т.б. оқушы жастар үшін тартымды да
қызықты болатынын байқаймыз.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда есте сақтаудың басқа да
когнитивтік қасиеттерінің мәні жөнінде ғалым А.В.Петровский олардың
көптеген психологиялық және басқа да факторларға байланысты болатынын
айтады.
Адамның бойына жақсы адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына, өнер -
білімді игеруі - тәрбиеге, өскен ортаға, үлгі - өнеге берер ұстазға
байланысты. Осыны жақсы түсінген халқымыз "Ұстазы жақсының - ұстамы
жақсы", "Тәрбие басы - тал бесік" - деп бала тәрбиесі ұстаздан да бұрын
ата-анадан басталады деп ұлағатты ұстаздың еңбегінің өскелең ұрпақ
өмірінде терең із қалдыратынын айта келіп, ұстаз еңбегінің текке
кетпейтінін өсиет еткен. Тәрбиенің түп қазығы үлгі берер ұстазда.
"Ұстазға қарап шәкірт өсер" деп халқымыз ұстазға үлкен жүк артқан. Ұстаз
үшін өз еңбегінің жемісін көруден артық бақыт жоқ.
Ұстаз өмірдің бағдар шамы. Бүгінде университет аудиториясында
отырған студент, ертеңгі бала тәрбиесімен айналысатын, бала жүрегінен
орын алатын тәрбиеші, мұғалім, кәсіп иесі.
Мұғалім мамандығы - әрі қиын, әрі қадірлі мамандықтардың бірі.
Қазіргі кездегі педагогикалық технологияларды меңгеру үшін ұстаздың
шеберлігі мен шығармашылық мүмкіндігіне бағытталған белгілі шарттардың
орындалуы қажет. Сонымен бірге мұғалімнің жеке басының ерекшеліктері:
инновациялық технологияларға бейімділігі,қолданып жүрген технологияларды
саралауы, өз әрекетін жоспарлай, ұйымдастыра және саралай білуі,
технологияның ескіргенін дер кезінде, байқап, жаңарта білуі де маңызды
роль атқарады.
Ресейдің белгілі психологы А.А. Вербицскийдің айтуынша, педагогтың
пәндік-технологиялық компетенттігін ерекше қарастырған жөн. Ондай
компитенттікке оқыту мен тәрбиенің мазмұнын, тиімді ледагогикалык
технологияларды (дәстүрлі және жаңа) меңгеру дәрежесін, педагогикалық
инноватикаға бейімділігін, оның ішінде тиімді педагогикалық технологилар
саласында зерттеулер жүргізіп, нәтижесін іс - жүзінде пайдалану
мүмкіндігін жатқызады. Мұның барлығы педагогтан жоғары дәрежедегі
шеберлікті талап етеді. Соңғы кезде мектептерімізде өз ісінің шебері
атанған мұғалімдер көбейіп келеді: жыл мұғалімі, мұғалім - зерттеуші,
т.б. олар өз мамандығын жоғары дәрежеде меңгерген, жоғары мәдениеті,
авторлық бағдарламалар құрастырушы, өзіндік жұмыс стилі бар, өздерінің
шығармашылық мүмкіндіктерін толық жузеге асыратын, соның нәтижесінде
өскелең ұрпақты оқытып, тәрбиелеп, дамытуда жоғары көрсеткіштерге ие
болатын мамандар.
Педагогикалық шеберлік - ол мұғалімнің шығармашылығында, адамды
оқытып, тәрбиелеп дамыту өнерін үнемі жетілдіруінде көрініс табатын
педагогикалық іс-өрекеттің ең жоғары деңгейі.
Педагогикалық шеберлік бірінші кезекте ұстаздың тұлғасына, жеке
басының қасиеттеріне байланысты. Оқу тәрбие процесін жоғары шығармашылық
тұрғыда өткізуге игі ықпал ететін мұғалімнің жеке басының қасиеттері де
көп. Олардың негізгілері: азаматтық, жоғары рухани мәдениеттілік,
жауапкершілік, еңбек сүйгіштік, соның ішінде алдыңғы орында адамды сүю
және қарым қатынас жасай білу.

жолдары
Жоғарыда айтылғандай, оқушылардың мектеп қабырғасында тиянақты білім
алып, ой-өрісі кемелденіп, болашағын болжау қабілетіне ие болуы ушін,
сабақ процесін қаншалықты мазмұнды, қызықты, тиімді ұйымдастырса да
арнайы тәрбие жұмыстарымен ұштастырғанда ғана педагогикалық процесс
барынша ұтымды болары дау тудырмаса керек.
Біріншіден, сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстар оқушылардың жас
шамасына сай болуы талап етілсе, екіншіден, танымдық және тәрбиелік
мазмұны терең әрі қызықты болуға тиіс. Сондықтан да мұғалім сыныптан тыс
тәрбие жұмыстарын жоспарлаған кезден бастап, оқушыларға қоғам тарапынан
қойылатын талаптарды, өмірде өз орнын адаспай табу үшін, қандай
қасиеттерді бойына сіңіріп меңгеруі қажет деген сауалды жадында ұстап,
сонымен қатар, олардың қызығушылықтарын, өзіндік ерекшеліктерін, ой
түбінде жатқан арман-тілектерін ескерген і абзал. Жалпы сыныптан және
аудиториядан тыс жүргізілетін жұмыстар мектеп оқушыларынын, жоғары оқу
орындарының студенттерінің өздігінің қалауымен, өздері ұйымдастырып
өткізгендері орынды. Оқытушылардың міндеті ақыл - кеңес беріп көмектесу.
Сынып жетекшісі өзі жоспарлап, мазмұнын дайындап алып келіп, оқушыларға
рольдерін бөліп беріп (сен тақпақ айтасың, сен ән айтасың және т.б.)
өткізетін жұмыста оқушылар тек орындауы болып қалады. Мұндай жұмыстың
тәрбиелік және дамытушылық мәні аса жоғары болмайды және әдетте сыныптан
тыс жұмыстарға тән оқушылардың ұйымдастырушылық мүмкіндіктерін ашып,
дамытуға жол бермей қалады.
Сонымен қатар, сынып жетекшісі, сыныптан тыс жүргізілетін тәрбие
жұмыстарының барынша нәтижелі болу үшін бір жылға арналған ұтымды
жүйесін ойластырғаны жөн. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мазмүндылығы,
идеялық, әдістемелік сапасы мұғалімнің шеберлігіне, ұйымдастыру тәсіліне
байланысты болып келеді. Мұғалім оқушыларға жүргізілетін тақырып
мәселесін ұғындырып, осы бағытта ізденуге жол ашуға көмектеседі.
Сыныптан тыс жұмыстардың ұтымды жақтарының бірі оған оқушыларды көптеп
қатыстыруға, ойландыруға мүмкіндік туғызады. Тәрбие жұмыстарының түрлері
мен тақырыптары, жылдық жоспарына енгізіледі. Бұнда тәрбиенің
адамгершілік, еңбекшілдік, эстетикалық, имандылық түрлері Т.б. қамтылуы
тиіс. Бекітілген тақырыптарға байланысты әртүрлі кештер, мерекелік,
салтанатты жиындар, пікірталастар, көңілді тақырыптар клубы, мұражайлар
ашу жұмыстарының басқа да түрлері аркылы оқушылардың қызығyшылықтарын
арттыруға мол мүмкіндіктер туады. Осылайша оқушыларды терең біліпзерттеу
негізінде қоғам мүшесіне қойылатын талаптарды ескере отырып, жеке
тұлғаның мүддесіне бағытталған оқутәрбие процесі оқушы жастардың бойында
жеке адамдық құндылықтарды, қасиеттерді қалыптастырумен бірге олардың
окып білуге деген қызығушылығын арттырып, таным жолына жетелейді.
Қоғамның бүгінгі талабына сай, адам тұрмысы мен біліміне, өмірге
деген икемділігіне, еңбегіне, ұйымдастыра білу қабілетіне, отбасы
ынтымақтығымен еңбеққорлығына, ата-ана үлгісіне, өнегесіне байланысты.
Ата-аналар сынып жиналыстарында, жеке әңгімеде, дәрістерді оқытуда,
адамгершілік, еңбек, эстетикалық тәрбие, ұлттық сана-сезім оятуда,
балардың денсаулығын жақсарту міндеттерін жүзеге асыруда, мектептің,
отбасының бірлесіп жұмыс жүргізуіне ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Сынып
жетекшісі ата-аналарды мектепте өткізілетін сабақтан тыс барлық
жұмыстарға көмектесуге кеңінен қарағаны абзал.
Мектептегі педагогикалық процесс әдетте оқу жылына арналған жоспар
бойынша жүргізіледі. Сынып жетекшісі өзінің сыныбымен жүргізетін жұмысын
алдын-ала ойластырғанда, мектеп бойынша тұрған жоспарға сүйенеді. Сынып
жетекшісі жұмыс жоспарын жасау үшін талап ететін қатаң нұсқаулар
қойылмайды, жоспар бүгінгі таңда жүргізілген жұмысқа алдын-ала сыныпта
атқаратын істің бағдары ретінде де қарастырылады. Жоспарда істелетін
жұмыстардың айқын мақсаты, нақты шаралары белгіленуі қажет. Жоспар бір
тоқсанға немесе жарты жылға арналып жазылады. Оның кіріспесінде сынып
сипаттамасы, оқушылардың жалпы саны, білім деңгейі, үлгерімі, тәртібі
бейнеленеді. Сыныптағы бас тәрбиеші ретінде сыныпта сабақ беретін
мұғалімдер окушылардың сабақтарының сапалы өтуіне, дұрыс тәрбие алуына,
ата-аналарының бала өмірінін дұрыс ұйымдас- тырылуына басшылық бағдар
жасауды сынып жетекшісі ұйымдастырып отырады.
Оқушылардың өздігінен білім алуы осы таңда өзекті мәселе екенін
анықтауда, оны зерттеп, өзіндік мәнін ашу, өздігінен білім алуға
үйренудің қазіргі кезде аса қажет екенін айқындауға зерттеушілер,
педагогтар, ғалымдар өз үлестерін қосуда. Дегенмен, бұл проблеманы
зерттегенде оқушылардың өз бетінше оқуын ұйымдастыруға арналған оқу
процесінен тыс жұмыстар аз екені, әлі де терең зертеуді қажет ететіні
байқалады. Сондықтан алғашқы курстардан бастап өз бетінше білім алу
біліктілері мен дағдьтарын қалыптастыруымыз қажет. Ол үшін аудиториялық
сабақтан тыс жұмыстарды жоспарлап, оның сапалы өтуіне мән беріп, әр
түрлі тақырыптар бойынша тәрбие жұмыстарын өткізу арқылы оқушылардың
танымдық қызығушылықтарын арттыруымыз керек Әр оқушы қоғамдық және жеке
адамның алуан түрлі қажеттілігін өтейтіндігін түсінуі керек Адамның
қажеттілігі практикалық, материалдық және рухани болуы мүмкін.
Практикалық қажеттілігін өтеу арқылы адам тіршілігін сақтайды.
Материалдық қажеттілікті өтеу арқылы өндірісті, ғылымды техниканы
дамытады. Рухани қажеттілігін өтеп, ақыл-ойын және эстикалық талғамын
өсіреді.
2.1. Оқушылардың оқыту процесіндегі таным белсенділігі
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру барысында танымдық
ойындармен қатар оларды шығармашылық жұмыстары арқылы көркемдік талғамын
арттырып, білімге ынтасын дамытып, кітапты сүюге, оны өздігінен
пайдалана білуге және талдай алуға үйрету қажет. Ал, үйретудің нәтижесі
оларды шығармашылық істерге міндеттендіріп, ықыласын жетілдіріп, ой
еңбегі саласындағы курделі жұмыстарды ыждағатпен орындай білуге
төсілдіріп, өздігінен іздене білуге, өмірден көргенін орнықты жеткізіп,
ой-түсінігін, сезімдік әсерлерін нақты тұжырымдап жаза алуға үйрету
болуға тиіс. Ұғым түсінігін баяндап, оны меңгерген жағдайда білімдік
танымын шығарма түрінде жаза алуға қалыптастыру. Шығарма оқушының білім-
танымдық дәрежесін, пікірін жуйелі жеткізе алуын тәлім-тәрбиелік және
қабілет шамасын байқататын жазбаша түрдегі ой - еңбегі.
Оқушылардын оқыту процесіндегі белсенділігі мен өзбеттілігі
педагогтардың, психологтардың және дидактиктердің зерттеу пәні болып
табылады. Көбінесе белсенділікті тұлғаның өзбеттілігімен жеке-даралық
сипатынан, мінез - құлықтарынан іскерліктерімен дағдыларынан аңғаруға
болады.
Таным қызығушылығы белсенділік туғызады. Белсенділік оқыту
жетістігін анықтайды. Белсенділікті арттыру оқу тапсырмаларын
студенттердің өз бетімен және шығармашылық тұрғыда байланыстыра
шешулері. Студенттердің таңдаған мамандық бойынша кәсіби дайындықтың
сапасын көтеруге бағытталған оқытушы жетекшілігімен жузеге асады.
Оқытушы оқыту процесінде оқу материалдарына сүйене отырып әр түрлі әдіс-
тәсілдерді, көрнекілік, дидактикалық құралдарды және ұйымдастыру
формаларын оқушылардың оқу еңбегін бақылау мен бағалауды қолдану.
Студенттер оқу материалын зерттейді, әртүрлі білім мен дағдылар алу
формаларын қолдана отырып, оқу-өндірістік тапсырмаларды орындайды.
Кәсіби дайындау үшін студенттердің даму таным белсенділіктерін теориялық
және өндірістік сабақтарды оқьпу өте маңызды.
Оқыту процесінде сол факторлардың немесе құбылыстардың өзі нәтижелер
мен шарттар, себептер мен шаралар ретінде қатыса алады. Окытудын
нәтижесі, жетістігі студенттердің дамуы болып табылады. Тұлғалық
эмоциялық айқын қасиеттер, оның қоршаған ортада бағдарлау қызметін
атқаратын тұрақты нұсқаулары қажеттіліктерді қызығушылықтарды,
мотивацияны, сенімдерді анықтайды.
Сонымен қатар, субъект мінез-қүлқының сызығын шын мәнінде өзбеттілік
жұмыс процесінде қалыптасып алынған білімдергі субъективті қатынас.
Студенттерде оларды өз ісәрекетерінде қолдануға тырысуда көрінеді, ал
жинақгалған іскерліктер білімдермен еркін игеруді, ұйымдастыруды
қамтамасыз ететін. Ауызша баяндау кезінде өте қажет конспекті енді керек
емес болып қалады, өйткені баяндаушы қысқа жоспардан есте сақтаумен
жайылған жоспарға одан соң текстің өзіне көше алу мүмкіндігіне ие.
Нақты жағдайға байланысты (аудиториялық дайындығы, уақыт тапшылығы
және т.б.) берілген материалдарды қысқа жоспарға сәйкес бөлімдерді
жайылған жоспарға ауыстырып, кеңейтіп, тереңдетуге немесе қысқартуға
мүмкіндігі бар. Мұнда ауызша баяндау мазұны жазбаша текстпен сәйкес
келмейді және есте қабылдауы ерекшеліктеріне барынша дәл жауап береді.
Педагогтардың практикалық тәжірибесі көрсеткендей, сипатталған өз
беттілік дайындық тәсілі, оны сәйкесінше игергенле білімдермен
сезімдерді қайта жасау процесін қамтамасыз ету мәселесін студенттердің
таным ісі әрекетін і н қосымша мотивация мақсатымен шешуде мүмкіндік
береді.
Оқушынын белгілі қызығушылығын арттыру үшін қалай болғанда да
танымдық қызығудың құрамдас бөліктерінің (стимул, қажеттілік, түрткі)
бір-бірімен өзара байланысы болмаса, іс нәтижелі бола алмайды, онсыз
оқушы назарына түсіндірілетін материалға қызықтыру дәрменсіз болатыны
анық. Бұл кезеңде мұғалімнің оқушыға талап қоя білуі, ол талапты
әділетті қамқорлықлен тілектестік ниетті болуы негізгі фактор ретінде
сақталуы тиіс. Педагогикалық негізгі міндет - оқушыларды тек білім
жуйесімен ғана қаруландыру емес, сонымен бірге алған білімін жадында
сақтау және ойлау қабілетін, тіл шеберлігін, білімге қызығушылығын, ой-
өрісін, дүниетанымдық көзқарасын, ықылас-ынтасын, төзімділігін,
іскелігін, дағдысын, зейінін, іздемпаздығын т.б. қасиеттерін жетілдіру
белсенділігін арттыру арқылы жузеге асыруға болады.
Демек зерттеушілер, педагогтар, ғалымдар, студенттердің өздігінен
білім алуы өте маңызды процесс екенін анықтауды, оны зерттеп, өзіндік
мәнін ашуға, өздігінен білім алуға үйренудің қазіргі кезде аса қажет
екендігін айқындауға өз үлестерін қосуда. Дегенмен, бұл проблеманы
эерттегенде студенттердің өз бетінше оқуын ұйымдастыруға арналған оқу
үрдісінен тыс жұмыстар аз екені, әлі де терең зерттеуді қажет ететіндігі
байқалады. Сондықтан, алғашқы курстардан бастап өз бетінше білім алу
біліктері мен дағдыларын қалыптастыруымыз қажет. Ол үшін аудиториялық

танымдық қызығушылықтарын арттыруымыз керек.
2.2. Оқытудың белсенді әдістері
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 - 2010
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында" " ... білім берудің
тиімді жұмыс істейтін қазақстандық жүйесі қалыптасып, қазіргі әлемде
Казакстаннын лайықты орын алуына мүмкіндік беретін оқыту мен кадрларды
даярлаудың сапалық білім деңгейіне қол жеткізетін болады' деп атап
көрсетілген. Яғни, "жаңа" қоғамға "жаңа" сапалы адам керек. Мұндай
адамды қалыптастыру қазіргі заманғы білім беру жүйесінің алдында тұрған
басты міндет. Әрбір жеке тұлғаның, бүкіл халықтың, бүкіл қоғамның
тағдыры оқытушы еңбегінің нәтижесіне тікелей байланысты. Жоғары оқу орны
оқытушысы өз қызметін шығармашылық бағытта ұйымдастыра білуі үшін, ең
алдымен, өз қызметінің мәнін түсіне алуы - басты шарт.
Оқытушы қызметінің негізгі мәні - студентті оқыту, тәрбиелеу, дамыту
ғана емес, сол үрдістерді басқаруды шығармашылықпен ұйымдастыра білу.
Президенттің 2005 жылы 18 ақпандағы халыққа Жолдауындағы: ХХІ ғасырда
білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық" деген сөзі әрбір
оқытушыны ойлантуы тиіс. Өйткені, мұғалім еңбегінің бүгінгі нәтижесі
қандай болса, елдің, қоғамның ертеңі, болашағы сондай болмақ.
Қазіргі кезде студенттердің санасында, ой - өрісінде жалпы
азаматтық, адамзаттық рухани құндылықтар мен жоғары адамгершілік
қасиеттерді қалыптастыру, болашақ еңбек технологиясы мамандapы
тұлғасының даму барысын психологиялық жан - жақты және үздіксіз зерттеу,
оның даралық ерекшешктерін танып, дұрыс бағытта дамыту, әр түрлі
әлеуметтік және моралдық психологиялық жағдайларда қолдау көрсету және
қоғам өмірін ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында жаңа азаматты
қазақтың ұлттық өнері арқылы қалыптастыру мәселесінің маңыздылығы мен
көкейтестілігі күннен күнге артып отыр. Сондықган білім беру жүйесін
реформалау саясатын, ең біріншіден, еңбек, технология, кәсіптік білім
беру сияқты өмір талабына койылатын сұранысқа сәйкес жүргізу, екіншіден,
оқу үрдісіндегі білім беру мен ұлттық тәрбие бірлігін сабақтастыра
отырып, білімнің үйлесімділігімен қатар әрбір студенттің дербес
ерекшеліктерін ескеріп, қабілетіне, белсенділігіне сәйкес бағдар ұстау
керек
1970 жылдардың басынан бастап көптеген елдердің жоғары оқу
орындарында оқу іс-әрекетінің дәстүрлі әдістері мен түрлерін сыни қайта
қарау мен модерндеу іске асырылуда, олардың жаңа және тиімділері
іздестірілуде. Содан бері білім беру саласында бірқатар "дағдарыстар"
қоғам талаптарына сай қазіргі күннің қажеттілігін қамтамасыз ететін
оқыту әдіс-тәсілдерімен байытылуда. ХХІ ғасырға жаңа аяқ басқан заманда
көптеген қазақстандық жоғары оқу орындары еуропалық стандарт бойынша
несиелік жүйеге көшуде. Осы жоғары мектеп оқытушылары студенттердің өз
бетімен жұмыс жасауына бағытталған жаңа әдістерді оқу-тәрбие үрдісінде
кеңінен пайдалануда. Солардың бірі оқытудың белсенді әдістері. Жоғары
оқу орны окытушыларының негізгі күш жігері тәжірибелік жолмен жүзеге
асатын танымдық іс-әрекетті белсендіру әдіс-тәсілдерін іздестіруге
бағытталған.
Соңғы жылдары республикамызда окушылардың оқу - таным әрекеттерін
белсендіру, мәселелік оқыту, oңы ұйымдастыру, әдіс- тәсілдерді жетілдіру
жайында зерттеу жұмыстары жүргізіліп келеді, мәселен, И. Нұғыманов, Ж.
Қараев, Р.Әшмқұлова, Ш.Таубаева, Г. Нұрғалиева, А.Әбілқасымова, Г.
Сабыров, Г.Әлимұхамбетова, З. Ибрагимова, F. Құсайынов, А.Тамаев, А.
Дайрабаева және басқалар.
Жалпы алғанда, өркениеттің прогрессивті дамуының негізгі қозғаушы
күшi - шығармашыл тұлға екені белгілі. Сондықтан студенттердің оқу
үрдісінде білім алу кезіндегі белсенділігі, өз беттерімен білімді игеру
дәрежелері, білім сапалары дидактика мен мектеп өмірінде үнемі басты
мәселелердің бірі болып қала береді.
Білім беру жүйесіндегі қызметкерлердің тәжірибесінде "білім сапасы",
"білім беру сапасы" ұғымдары бірдей жүреді. Әрине, олар өзара
байланысқан түсініктер. Біздің зерттеуіміз, білім - оқыту - білім беру
сапаларының иерархиясының бар екендігін көрсетті.
Ғылыми әдебиеттерде білім айғақтар, түсініктер, заңдар, теориялар
жүйесінде байқалатын әлеуметтік тәжірибе, адамдардың рухани және іс
жүзіндік іс - әрекет нәтижесі ретінде айқындалады.
И. Лернер "білімді" білім беру мазмұнының негізгі бөліктерінің бірі
ретінде анықтайды және ол мынадай төрт элементтен құралады: 1) табиғат,
қоғам, техника және адам туралы білімдер; 2) іс-әрекет түрлерін жузеге
асыру тәжірибелері; 3) шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі; 4) адамның
өмірге, сонымен қатар, білімге, оны іздеу мен меңгеруге қарым-қатынасын
айқындайтын эмоционалды-сезім тәжірибесі.
Әрине, бірінші элементсіз адамның мақсатқа бағытталған іс-әрекеті
мүмкін емес, оларсыз қоғам өзінің әрі қарайғы өмір сүруін жүзеге асыра
алмайды: өндіріс, әлеуметтік тұрмыс, рухани мәдениет. Мұндай өміршеңдік
білімнің әр түрлі функциялары арқылы ғана мүмкін. Білімнің бірінші
функциясы оқушының бойында қазіргі кездегі ғылым деңгейінде өмірдің
жалпы бейнесін қалыптастыратын шындық жөніндегі көзқарас негізі бола
алады. Білімнің екінші Функциясы іс жүзінлік немесе рухани іс-әрекеттің
бағытын адамның тандай білуіндегі рөлі болып табылады. Зандарды,
құбылыстардың даму тенденциясын біле отырып және оларды түсіндіре алатын
адам осы білімдеріне сәйкес әрекеттің төсілдері мен ұстанымдарын тандай
алады. Үшіншіден, білім шындық нысандарына қарым-қатынас қалыптастыру
бағасы да бола алады. Жоғарыда айтылған білім функцияларының әрқайсысы
бірқатар сапа және білім түрлерімен қаруландыруды талап етеді.
Дидактикада білім сапасын оқытудың екі түрлі әсері болатындығы
айтылады: жеке өлшемдері (критерийлері) бойынша (Ю.Бабанский, И. Лернер
және т.б.) және білімді меңгеру мен қолдана білу деңгейлері бойынша
(В.Беспалько, М.Поташник және т.б.).
И. Лернер, Ю.Бабанский білім сапасының түрлеріне келесі сипаттамалар
береді.
Білімнің дұрыстығы - эталонға сәйкестілік дәрежесі. Оқушының
бойындағы білімнің толықтығы оқылатын нысана туралы барлық білімдердің
санымен анықталады. Оқушы: а) білімнің барлық жетекші элементтерін атап
бере алады; ә) әрқайсысына анықтама бере алады; б) негізгі белгілерін
сипаттап бере алады.
Білімнің әрекеттілігі оқушының білімді әр түрлі жағдайда қолдана
алуымен сипатталады. Оқушы: а) алған білім мен біліктіліктерін қолдану
арқылы жаттығулар мен тапсырмалар орындай алады; ә) оқылғанды сәйкес
өмір құбылыстарын талдау үшін қолдана алады.
Білімнің сапалығы - білімнің, ішкі байланыстардың мәнділігін түсіну,
талдай, салыстыра, дәлелдей, жан - жақты аша, бағалай және түсіндіре
білу. Оқушы: а) сабақтағы түсініктер мен айғақтар өзара қалай
байланысқанын, не қандай нәрсеге бағынатындығын, не қандай нәрседен
шығатындығын көрсете алады; ә) оқылатын құбылыстардың ортақ
ерекшеліктерін тауып, оларды салыстыра алады; б) құбылыстың, оқиғаның
және т.б. себептерін аша алады; в) жан-жақты түсіндіріп, түйін және
қорытынды жасай алады. Білімнің терендігі берілген білімнің басқалармен,
оған ұқсас білімдермен саналы байланыстылығымен сипатталады.
Білімнің оперативтілiгi оқушының ұқсас және вариативті жағдайларда
білімді пайдалана алуға даярлығын қарастырады. Оқушы өз білімін қолдана
алатын жағдайлар көп болса, білімнің оперативтілігі соғұрлым нақты
көрінеді.
Білімнің жуйелігі кейбір білімнің жиынтығын, иерархиясын және
тізбектілігін саналы түрде мойындауын, яғни, бір білімді екінші
біреулері үшін базалық білім ретінде мойындауын болжайды.
Білім жүйеділігі деп құрылымы ғылыми теорияның құрылымына сәйкес
келетін білімдердің жиынтығын айтамыз. Ғылыми теория төмендегідей
элементтepдeн тұрады: ұғым, негізгі қағидалар (негізгі зандар),
эмпирикалық базис (осы қағидалар негізінде жатқан айғақтар) және салдар,
яғни, жүйелі білімдер - бұл мынадай сызба бойынша орналасады: негізгі
ұғымдар, негізгі қағидалар, салдар, қосымшалар.
Білімнің беріктілігі - барлық көрсетілген сапалардың саны мен
тұрақтылығы. Ол интегралды өндірістік сапа болып табылады.
Білім сапасының әр алуан түрлерін талдай отырып, мынадай анықтама
беруге болады. Білім сапасы - оқушылардың оқу - танымдық іс-әрекетінің
нәтижесін сипаттайтын салыстырмалы тұрақты білім құрылымының біртұтас
жиынтығы.
Зерттеушілер екінші таянудың білім сапасының мәнін айқындаудағы
тиімділігін атап көрсеткен. Олардың пікірінше, бұл - біріншіден, іс
жүзінде білім сапасы шартты түрде қарастырылмайды, сондықтан оны тек
жүйеде ғана, қандай да бірр қиын деңгейдегі тапсырманы орындауда ғана
ескеру керек. Екіншіден, білімнің сипаты деңгейлер бойынша алынған
ақпаратты меңгеру және қолдана алу зандьmықгарына, ойлау үрдісі
зандылықтарына жауап береді. Оқушылардың білім сапасын үйрену мен
бағалауда мынадай үш деңгейді мақсатты түрде тандап алуға болады:
репродуктивті, конструктивті, шығармашылық.
Репродуктивті білім деңгейі - бұл айғақтар, құбылыстар, оқиғалар,
әсер-
лесу ережелер білімі. Осы деңгейдегі білімдердің қызмет етуін қамтамасыз
ететін ойлау үрдісі репродуктивті сипатта болады. Оқушылар оқу
ақпараттарымен танысады, оны айқындай алады, "дайын" анықтама бере
алады, өздеріне белгілі ойлау іс-әрекетінің тәсілдерін қолдана алады.
Репродуктивті сипаттағы білім, білік және дағды мынадай ақпараттық
әдістермен қамтамасыз етіледі: әңгіме, түсіндіру, үлгі бойынша
жаттығулар және т.б.
Конструктивті білім деңгейі - бұл бірінші деңгейдегі білімдерді
комбинирлеу, қайта конструктілеу барысында алынған білімдер (ең басты,
салыстырмалы, жан-жақты түсіндірілген және ойлау іс-әрекетінің басқа
тәсілдерін таңдап алу арқылы алынған). Бұл деңгейге оқытудың
эвристикалық әдістерімен қол жеткізуге болады.
Шығармашылық білім деңгейі - бұл оқушылардың өз бетімен іздену іс -
әрекетінде пайда болатын білімдер, біліктіліктер. Шығармашылық
деңгейдегі білімдерге оқушылардың бойында өз бетімен шығармашылық іс-
әрекетін оятатын эвристикалық және зерттеу әдістері арқылы қол жеткізуге
болады. Осы білім деңгейін қамтамасыз ететін ойлау тәсілдері де
шығармашылық болып табылады: оқушылар жұмыстың тақырыбын және
міндеттерін айқындайды, болжамын және іздену жоспарын түзеді, ізденіс-
зерттеу іс-әрекетін жүзеге асырады.
Білімнің тұлғаға бағытталған парадигмасы мақсатты болжаудың
өміршеңдігін, оқудың түсініксіз қойылған мақсаттарынан өтуін, олардың
диагностикалық құрылуын белгілейді. Мақсатты диагностикалық құрылым
оқушылардың әрекеттерімен бейнеленген, өлшеyге және тануға болатын оқыту
нәтижелері арқылы айқындалады. Бізге белгілісі, іс-әрекет нәтижесі
иерархиялық ықшамдалған, яғни, репродуктивті, конструктивті, продуктивті
түрде. Бұл оқыту мақсатын иерархиялық түрде болжайды.
Олардың иерархиялары мен нәтижелеріндегі келесі микромақсаттың
қатынасы иетегралды қасиеті бар білім сапасының молдығымен, соның ішінде
деңгейлер, білім сапасының басқа да қасиеттерімен сипатталады.
2.3. Мектеп оқушыларының оқу – танымдық іс - әрекетін белсендіру
Қазіргі ғылыми - техникалық прогресс дәуірінде өндіргіш күштердің
дамуымен бірге, қоғамның түрлі салаларында шығармашылықпен жұмыс
істеудің мәні өсуде.
Оқушылардың оқу-танымдық ісәрекетін, белсенділігін қалыптастыруда
олардың қабілеттерін дамытуға, танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал
етіп, ізденісіне, талабын ұштауға білім деңгейін жетілдірудің маңызы
ерекше.
Оқушылардың оқу - танымдық іс-әрекеті - күрделі процес. Ол іс-әрекет
мақсатын, мазмұны мен қорытындысын, түрлері мен әдістерін, мотивтерін,
деңгейлерін қамтиды.
Оқу - танымдық іс-әрекет - шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-
ой әрекеті. Ол танымдық қажеттіліктен, мақсаттан, таным қисындарынан
және әрекетті орындаудың тәсіл - амалдарынан тұрады.
Оқу үрдісі оқушылардың оқу-танымдық әрекеті негізінде жүзеге асады,
ал оқу - танымдық әрекеті негізінде оқушылардың танымдық белсенділігі
қалыптасады. Белсенді танымдық іс-әрекеттің көздейтін мүддесі, білімнің
қоғамдық мәнін үғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттілігі
негізінде дамиды. Белсенділіктің ең жоғары көрінісі оқушылардың алған
білімдерін өмірде пайдалана білуі болып табылады.
Оқушылардың оқу - танымдық іс-әрекеті - жеке тұлғаның танымдық
қызығушылығы мен қажетсінуін, белсенділігі мен ізденімпаздығын қамтитын
танымдық, еріктік, сезімталдық үрдістер мен мотивтері бірлігі
нәтижесінде оқушылардың интеллектуалды, жеке қасиеттерін және кәсіби
маңызды біліктерін дамытатын оқу материалының мазмұны мен қажетті
көлемін игеруді көздейтін жан-жақты оқу жұмысы.
Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс дәуірінде өндіргіш күштердің

Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті күрделі процес. Ол іс-әрекет

және әрекетті орындаудың тәсіл-амалдарынан тұрады.

ал оқу-танымдық әрекеті негізінде оқушылардың танымдық белсенділігі

қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттілігі

Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті - жеке тұлғаның танымдық

танымдық, еріктік. сезімталдық үрдістер мен мотивтері бірлігі

көлемін игеруді көздейтін жан - жақты оқу жұмысы.
Демек, оқу танымдық іс-әрекет оқушылардың негізгі іс-әрекеті болып
табылатын күрделі құбылыс. Ол оқу міндеттерінің шешіліп, мақсаткерлік
мотив, танымдық ақпаратты қабылдаудан бастап күрделі шығармашылық
үрдістің қалыптасуымен аяқталатын түрлі сезімдік көріністермен және т.б.
сипатталады.
Нәтижесінде, оқушылардың танымдық ісәрекеті - жеке тұлғаның танымдық

танымдық, еріктік, сезімталдық үрдістері мен мотивтері бірлігі
нәтижесінде оқушылардың интеллектуалдық, жеке қасиеттерін және кәсіби
маңызды біліктерін дамытатын, оқу материалының мазмұны мен қажетті
көлемін игеруді көздейтін жан - жақты оқу жұмысы - деп анықтама беруге
мүмкіндік болды.
Берілген анықтама негізінде, оқу-танымдық іс-әрекет - оқушылардың
негізгі ісәрекеті болып табылатын күрделі үрдіс бола отырып, ол оқу
міндеттерінің шешіліп, мақсаткерлік, мотив, танымдық ақпаратты
қабылдаудан бастап, күрделі шығармашылық үрдістің қалыптасуымен
аяқталатын түрлі сезімді к көріністермен т.б. сипатталады деген түжырым
жасауға болады.
Оқу - танымдық іс-әрекет күрделі үрдіс болғандықтан, мұғалім мен
оқушының бірлесіп жасайтын тиімді, сапалы әрекетін керек етеді. Егер
педагог оқыту жұмысын ұйымдастыруға, ғылыми білімді жүйелі түрде
баяндауға, тыңдаушылардың белсенділігін арттыруға күш-жігерін жұмсайтын
болса, оқушылар білімді терең мағынада қабылдап меңгеруге, ұғынуға,
өздігінен ізденіп, білімін толықтыруға байланысты белсенді түрде іс-
әрекет жасауға міндетті. Мысалы, сабақ барысында мұғалім оқу материалын
жүйелі түрде баяндап түсіндірсе, оқушылар оны мұқият тыңдап, өздігінен
қосымша әдебиеттер мен оқу құралдарын оқып, өтілген материалдарды терең
және сапалы түрде меңгеруге әрекеттенуі тиіс.
Оқу - танымдық белсенділік - оқушының оқуға, білуге деген ынта-
ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап
тұрған жаңа материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы,
алған білімін кеңейту үшін өздігінен кітап оқып, бақылау тәжірибе жасау
сияқты жұмыстар жасауы қажет. Өйткені өтілген
материалдардысаналықайталауда,жаңад ан білім алуда, оның жолдары мен
дағдылаоына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни оқушының
белсенділігі оқу үрдісінің барлық кезеңінде орын алуы қажет.
Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса,
сонда оқушыларды ақыл-ой қабілеттерінің мынаай элементтері дамиды:
зеректік, эейгнділік, байқағыштық, ойлау және сөйлеу дербестігі т.б.
Оқу - танымдық іс-әрекет белсенділігі проблемалық сұрақтың жауабын
іздестіруде, өзіндік жұмыс орындауда жүзеге асады. Оқушылар өздерінің
игерген білімі негізінде пікір алысады, сөз жарыстырып, өзара сынға
дайын болады, жеке фактілер мен бақылаулардан ой тұжырымдауға,
талқылауға жетеді, өз бетінше шешім қабылдаудың жолдарын, әдістерін
қарастыpaды. практика барысында алынған шешімдердің дұрыстығын
тексереді.
Сонымен оқу - танымдық белсенділікті қалыптастыру проблемаларының
пайда болуы мен дамуын талдай отырып, төмендегідей қорытынды жасалады:
- танымдық белсенділікті қалыптастыру, түрлі пәндерді оқыту барысында
оны дамыту идеясының пайда болуы мектептердің даму бағыттарының түрліше
болуымен байланысты;
- танымдық белсенділікті ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz