Бастауыш сынып мұғалімдерін оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық негiзi


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 109 бет
Таңдаулыға:   

бастауыш сынып мұғалімдерін оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық негiзi

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
3
КІРІСПЕ . . .:
3:
КІРІСПЕ . . .: 1. БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ОҚУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . .
3: 8
КІРІСПЕ . . .:

1. 1 Бастауыш мектепте оқу мәдениетін қалыптастырудың ерекшеліктері . . .

3: 8
КІРІСПЕ . . .:

1. 2 „Оқу мәдениеті” ұғымына педагогикалық сипаттама . . .

3: 20
КІРІСПЕ . . .:

1. 3 Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқушыларға оқу-таным үрдісіне басшылық жасау . . .

3: 37
КІРІСПЕ . . .:

Бірінші тарау бойынша қорытынды . . .

3: 42
КІРІСПЕ . . .:
3:
КІРІСПЕ . . .: 2. БАСТАУЫШ МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ОҚУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ІС-ТӘЖІРИБЕСІ . . .
3: 56
КІРІСПЕ . . .:

2. 1 Бастауыш мектеп оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастыруға мұғалімдердің дайындық жайы . . .

3: 56
КІРІСПЕ . . .:

2. 2 Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу әдістемелік тұрғыдан қалыптастыру . . .

3: 69
КІРІСПЕ . . .:

2. 3 Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу мәдениетін қалыптастырудың нәтижелері . . .

3: 85
КІРІСПЕ . . .:

Екінші тарау бойынша қорытынды . . .

3: 104
КІРІСПЕ . . .:
3:
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
3: 105
КІРІСПЕ . . .:
3:
КІРІСПЕ . . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
3: 107
КІРІСПЕ . . .:
3:
КІРІСПЕ . . .: ҚОСЫМШАЛАР . . .
3: 115

КIРIСПЕ

Зерттеудің көкейкестiлiгi. Республикамыздағы қарқынды даму процесiнiң жүзеге асырылып жатқан iлгерiлеу саясаты қоғам өмiрiнiң барлық саласына түбегейлi өзгерiстер енгiзуде. Саяси қоғамдық өзгерiстерге байланысты республика мектептерiнде жаңа мазмұнда оқу - тәрбие жұмысын жетiлдiру қажетi туындап отыр. Әсiресе бiрнеше рет бiлiм беру саласында басталып, аяқталмаған реформалар бiлiм беру жүйесiне, оның iшiнде мектептерге зиянды әсерiн тигiзбей қойған жоқ. Оның бiрi - оқу процесiн ұйымдастырудағы олқылықтар, екiншiсi - мұғалiм кадрларын дайындаудағы күрделi кемшiлiктер, оқулықтар мен әдiстемелiк құралдардың жетiспеуi, үшiншiсi - мектеп iсiн ғылыми бағытпен басқару дәрежесiнiң төмендеуi. Осы күрделi мәселелердiң iшiнде бастауыш мектепте орын алған көкейтестi проблемалар, оқу-тәрбие процесiне жаңа технологияларды енгiзу, оқу мәдениетiн көтеру мәселелерiнде өте маңызды орын алады.

Елiмiздiң Президентi Н. Назарбаев 2004 жылғы Қазақстан халқына жолдаған үндеуiнде: “…Қазақстан мектебi алдағы уақытта дүние-жүзiндегi стандартқа сәйкес жоғары деңгейге көтерiлуi тиiс” делiнген (1) .

Әлеуметтiк саяси реформалардың тәжiрибесi көрсетiп отырғандай, қоғамдық өзгерiстер қазiргi кездегi жалпы бiлiм беретiн мектептерде, бiлiм беру саясатында мұғалiмдердiң кәсiби педагогикалық қабiлетiмен оқушылардың бiлiмiн жетiлдiру проблемасы бiрiншi кезектегi мәселе болып отыр.

Қазiргi қоғамымыздың қойып отырған талабына сәйкес жастардың өмiрден өз орнын таңдай алатын, экономикалық тұрғыдан iскерлiгi мен ойлау қабiлетi дамыған, тығырықтан жол таба алатын, iстiң нәтижесiн болжай алатын, iскер, тапқыр, адамгершiлiк қасиетi мол бiлгiр шәкiрттердi қалыптастыру, тәрбиелеу десек, артық айтылған болмас едi.

Бiлiм берудi дамытудың қазiргi жағдайда мектептерiмiздi, әсiресе бiлiм баспалдағы бастауышта оқу мәдениетiн тиiмдi ұйымдастырудың әдiстерiн iздестiру, бастауыш сыныпта бiлiм беру сапасының өсе түсуiне Президенттiң халыққа жолдауында да аса маңызды тапсырмалар берiлiп отыр (1) .

Ендеше, барлық бiлiм беру саласының, оның iшiнде мектептердiң педагогикалық ұжымдары ертеңгi болашағымыздың тағдыры жас ұрпақтың оқу-тәрбие процесiне баса көңiл аударып, оқушыларға нақты бiлiм беру, мектептерде оқу-мәдениетін дұрыс ұйымдастыруына байланысты болмақ.

Жан-жақты бiлiм алған, парасатты, саналы азаматты тәрбиелеп шығару, олардың жан-дүниесiн әлемдiк өркениетке сай рухани қазыналармен байыту, педагогикалық жаңа оқу тәсілдерін оның ішінде оқу мәдениетін пайдалану - бүкiл халық, отбасы, қоғамдық мекемелер болып атқаратын жауапты мiндет.

Мектепте оқу-тәрбие процесін ұйымдастырушы және жүзеге асырушы тұлға - мұғалім. Мұғалім арнайы дайындықтан өткен және кәсіби деңгейде педагогикалық қызметпен айналысатын, яғни педагогикалық заңдылықтар негізінде әрекет ететін, белгіленген тәртіп бойынша өзінің кәсіби борышын саналы орындауға жауапты маман болып табылады.

Мұғалімнің басты педагогикалық функциясына (құзіреті) оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру процестерін басқару жатады.

Мұғалімнің кәсіби және қоғамдық функциясының аса маңыздылығы, мұғалімнің тұлғалық және кәсіби қалыптасуы мен даярлығына ерекше талап қояды. Ең басты талап ретінде мұғалімнің педагогикалық қызметінің табыстылығын анықтайтын кәсіби сапалар жүйесі алынады. [2, 381] .

Мектепте оқу-тәрбие процесін басқару негізгі педагогикалық функция ретінде нақты педагогикалық әрекеттерді қамтиды. Кез келген педагогикалық әрекетті жүзеге асырудың нәтижелілігі мұғалімнің кәсіби дайындылығы мен шеберлігіне тікелей тәуелді құбылыс. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі оның педагогикалық техниканы меңгеру дәрежесіне қатысты, сол арқылы саналы білім берудің қамтамасыз етілетіні белгілі [3, 46] .

Бастауыш мектепте білім беру мұғалім қызметінің сапалылығына мектеп мұғалімі оқушының сауатын ашу, тілін, ойын дамыту, оқу мәдениетін қалыптастыру секілді басты дидактикалық міндеттерді шешуге тиісті.

Аталған дидактикалық міндеттерді жүзеге асыруда мұғалімнің педагогикалық техникасы жеткілікті қалыптасуы оқушының оқу мәдениетін қалыптастырудың негізгі педагогикалық шарты болып табылады. Сондықтан бастауыш мектеп мұғалімінің оқу мәдениетін қалыптастыру оның педагогикалық техникасын жетілдірудің әрі оқу-тәрбие процесін басқару шеберлігін арттырудың бірі болады.

Қазіргі философиялық, қоғамдық және әлеуметтік ғылымдар жүйесінде жеке адамның танымдық белсенділіктерін күшейтуде педагогикалық қызмет оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыру құралы ретінде қарастырылуда [4, 11] .

Мектепте оқу-тәрбие процесін басқаруда мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің негізгі компоненті ретінде оқу мәдениетінің қалыптасуына ерекше көңіл бөлу қажет. Бастауыш мектеп оқушыларының психикалық даму ерекшеліктеріне сәйкес оларда қабылдаудың сезімдік кезеңі ерекше дамыған. Оқу мәдениетінің әсерлік мүмкіндіктерін есепке ала отырып, бастауыш мектеп оқушыларының оқу мотивтерін белсендіру, сол арқылы олардың оқу мәдениетін қалыптастыру тиімді болады [5, 29] .

Сондықтан, бастауыш сынып оқушыларының оқу мәдениетін қалыптастыруда мұғалімнің кәсіби даярлығын қамтамасыз ету көкейкесті мәселенің бірі.

Философия ғылымында “Оқу мәдениеті” ұғымы жалпы мәдениет ұғымының дербес құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады және оны жеке адамның мінез-құлқы мен әрекетін бағыттаушы, жүзеге асырушы қатынастар жүйесінде белгілі бір дәрежелік даму сатысын көрсетуші механизм (В. Морсов, А. Г. Здравомыслов, А. В. Ядов, О. Г. Дробницкий) ; материалдық және рухани құндылықтардың жиынтығы (Ю. Ефимов, В. Тугаринов, И. А. Громов, А. И. Арнольдов т. б. ) ; әрекетті жүзеге асыру тәсілі (М. С. Коган, В. Е. Давыдович, Ю. А. Жданов, О. В. Ханова т. б. ) ; жеке тұлғаның өзін-өзі игеруінің шығармашылық әдісі (В. С. Библер, Н. С. Злобин, А. Леонтьев, И. А. Ильяева) ретінде түсіндіруде.

Педагогика ғылымында оқытушының оқу мәдениеті педагогикалық техниканың элементтік бірілігі ретінде қарастырылады, алайда оқушының оқу мәдениетін қалыптастыруда қажетті педагогикалық шарт ретінде зерттелінбеген [5, 24] .

Бiз iзденiп отырған проблема бойынша нақтылы арналған ғылыми жұмыстар өте аз болғанымен, педагогика саласында кең таралған бастауыш мектептердiң оқу процестерiне мұғалiмдердiң кәсіби дайындықтары, қарым-қатынастар туралы ғылыми еңбектерде жалпылама түрде қамтылған. Осы турғыда: О. С. Богданова, С. Н. Лысенкова, Л. В. Занков, М. И. Лисина, А. В. Запарожец т. б. бұрынғы одақтас республикалар ғалымдарын айтуға болады.

Оқу мәдениеті іс-әрекетінің түрлі аспектілерін, білім берудегі мазмұнын, оны оқу үрдісінде пайдалану мәселелерін Ресей ғалымдары М. Д. Смородинская, Ю. И. Маркова, М. И. Губанова, С. А. Трубников, А. П. Примаковский, Л. П. Доблаев, Ф. Гоноболин, Б. А. Часов, М. А. Зиганов т. б. зерттеген. Осы ғалымдардың пікірінше, оқу мәдениеті арқылы мұғалім өзінің оқу тәрбие үрдісіндегі білімін бағыты мен дағдысын, сенімін қалыптастырады.

Оқу техникасын, яғни оқу жылдамдығын меңгеру жолдарын ғылыми түрде зерттеуге үлес қосқан ғалымдар О. А. Кузнецов, Л. И. Хромов, С. В. Владимирова, О. А. Андреев.

Қырғызстандық ғалым Р. Рахманалиевтің пікірінше, оқу мәдениеті білім беру саласындағы ең негізгі саты болып саналады.

Кітаппен жұмыс істеу әдістері мен тәсілдерін меңгеру жолдарын ұсынған Қазақстандық ғалымдар Ө. Тұрманжанов, М. А. Құдайқұловтың еңбектерінде өз бетінше кітап оқуға, өз білімін жетілдіру дағдысын қалыптастыру, дамыту туралы айтылады.

Республикамызда соңғы жылдары бастауыш мектептегi оқу-тәрбиесi мәселелерi туралы дайындалған диссертациялар: М. Н. Сарыбеков, С. М. Төрениязова, Т. И. Қоқымбаева, А. М. Кенжанова, Р. Б. Үсембаева, Қ. Нағымжанова, Қ. Сарбасова, Н. М. Көшеров, Қ. Н. Сарыбекова т. б. зерттеу еңбектерi арналған.

С. М. Төрениязованың зерттеу жұмысында бастауыш сынып оқушыларын оқу тәрбие жүйесінде дамытушылық принципін басшылыққа ала отырып, баланың белсенділік, шығармашылық ізденісін дамыту мәселесі қамтылған.

А. М. Кенжанова зерттеу жұмысында оқу тәрбие үрдісінде мұғалім мен бастауыш сынып оқушыларының өзара қарым-қатынастарын педагогикалық тұрғыдан қарастырған.

Р. Б. Үсембаева өз зерттеу жұмысында А. Байтұрсыновтың мұраларындағы адамгершілік құндылықтар негізінде оқушылардың бойындағы Отансүйгіштік, мәдени құндылық қасиеттерін қалыптастыруы қарастырылады.

Қ. М. Нағымжанова диссертациясында бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың мазмұны мен әдістемесін теориялық тұрғыда негіздеу және педагогикалық эксперименттік жұмыстарда тиімділігін арттыруды қарастырған.

Т. И. Қоқымбаеваның диссертациясында халық педагогикасының құралдары негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық әрекеті мен белсендігін дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздерін зерттеу мәселесі қарастырылған.

Бірақ бұл еңбектерде бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары ғылыми тұрғыда қарастырылып, жеке мәселе ретінде зерттелмеген.

Осы мәселе білім беру жүйесінің құрамына ендірілуін қажет ететін жаңалықтардың арасындағы әлеуметтік-педагогикалық қайшылықтардың және педагогикалық қауымның бұл жаңалықты игерудегі мүмкіндіктері мен шынайы жағдайының арасындағы қарама-қайшылықтарды анықтауға мүмкіншілік тудырады. Осы қарама-қайшылықтарды шешу оқу мәдениетінің педагогикалық негіздерінің мәнін теориялық тұрғыдан ойластырып, бастауыш сынып мұғалімінің бұл процеске дайын болу шарттарын анықтауды қажет етеді.

Бастауыш сынып мұғалімінің оқу мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттарының түбегейлі түрде қарастырылмағандығы, оған негізделіп дайындалған ғылыми еңбектер мен теориялық, әдістемелік нұсқаулардың жасалынбауы, оның бастауыш мектептерінің оқу-тәрбие үрдісінде толықтай пайдаланбауы және көтеріліп отырған мәселенің көкейкестілігі біздің зерттеу тақырыбымызды «Бастауыш сынып мұғалімдерін оқушылардың мәдениетін қалыптастыруға даярлаудың педагогикалық негізі » - деп таңдауымызға себепші болды.

Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып мұғалiмдерiн оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастыруға даярлаудың ғылыми-педагогикалық негізін анықтау.

Зерттеу объектiсi: Бастауыш мектептiң оқу-тәрбие жүйесінің процесі.

Зерттеу пәнi: Бастауыш сынып мұғалiмдерiн оқу мәдениетiне тәрбиелеудің жолдары.

Зерттеу болжамы - егер бастауыш мұғалiмдерi оқыту барысында теориялық және әдiстемелiк деңгейінде оқу мәдениетiн толық меңгерсе, онда оқушылардың бiлiм деңгейi мен тәрбие сапасы жақсарып, олардың бойында оқу мәдениетінің әдістерін қалыптастыруға мүмкіндік туындайды.

Зерттеудiң жетекшi идеясы: Бастауыш сынып мұғалiмдерiн оқу мәдениетiне тәрбиелеудiң мазмұнын анықтау, оларды оқыту процесiнде қолдану механизмін көрсету.

Зерттеудiң мiндеттерi:

  1. Бастауыш мектеп мұғалiмдерiнiң оқу мәдениетi туралы ғылыми-әдістемелік еңбектерге, педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау;
  2. “Оқу мәдениетi ”ұғымының ғылыми -теориялық мазмұнын анықтау;
  3. Бастауыш мектеп мұғалiмдерiнiң оқу мәдениетiн қалыптастырудың тиiмдiлiгiн тәжiрибелi-эксперимент жүзiнде тексеру;
  4. Мұғалiмдерге арналған әдiстемелiк нұсқаулар жасау, арнаулы курс даярлау.

Зерттеудiң теориялық және әдiснамалық негiздерi: Философиялық таным теориясы, педагогика ғылымының саласы жеке тұлғаның базалық мәдениетiн тұтас педагогикалық процесте қалыптастыру, психология ғылымындағы жеке адамның кiсiлiк сипаттары тұрғысындағы теориялық жүйелер мен сипаттамасы.

Зерттеудiң деректi көздерi: Зерттеу тақырыбы бойынша педагогтардың, философтар мен психологтардың және әлеуметтiк психологтар мен педагогтардың осы iзденiс бойынша жазған ғылыми жұмыстары, бағдарламалар, бұйрықтар, нұсқаулар, жалпы бiлiм беретiн мектептерiнiң оқу тәрбие процесiнiң озық тәжiрибелерi, сонымен бiрге тарихшы әдебиетшiлер мәдениттанушылардың еңбектерi, проблемаға қатысты диссертациялар және автордың өзiнiң тәжірибесi ескерiлдi.

Зерттеудiң барысында қолданылған әдiстер: философиялық, педагогикалық-психологиялық, мәдениет-өнертанушылық әдебиеттерге ғылыми талдау, облыстық мұғалiмдер бiлімiн жетiлдiру институттарының ғылыми-әдiстемелiк нұсқауларының оқыту процесiнде пайдаланудағы тәжiрибелерiн жинақтау, бастауыш сынып мұғалiмдерiнiң iс-тәжiрибесiмен танысып, түсiнiктерiн анықтау, әңгiмелесу, сұрақ- жауап мақсатымен сауалнама жауаптармен танысу, “Қазақстан мектебi”, “Бастауыш мектеп” журналдарының күнделiктi басылымдарындағы мақалаларға шолу жасау, педагогикалық эксперимент жүргiзу, эксперимент нәтижелерiн қорытындылау.

Зерттеудiң негiзгi кезеңдерi:

Бiрiншi кезең (1998 - 2000 ж. ж) зерттеу проблемасының теориялық негiздерi жасалып, тақырып мәселелерiнiң қаншалықты зерттелгендiгi айқындалды. Бастауыш сынып мұғалiмдерiнiң сабақ өткiзу барысындағы оқу мәдениеттерінің дайындықтары анықталып, зерттеудiң ғылыми аппаратын жасауға негiз болды.

Екiншi кезең (2000 - 2002 ж. ж) Жалпы бiлiм беретiн мектептiң бастауыш сынып мұғалiмдерiнiң озық педагогикалық тәжiрибе жұмыстары, мақсатымызға қарай зерттелiнiп, тәжiрибелiк эксперимент жүргiзiлдi және олардың оқыту процесiндегi оқушы бойында оқу мәдениетiн қалыптастыру мүмкiндiктерi айқындалды.

Үшiншi кезең (2002-2004 ж. ж) Зерттеу барысында жинақталған тәжiрибелiк-эксперимент материалдарының ғылыми-теориялық нәтижесiн қорытындылап, тұжырымдар мен әдiстемелiк нұсқаулар әзiрленiп, диссертация жазылды.

Зерттеудiң ғылыми жаңалығы:

-бастауыш мектептерде оқу- тәрбие үрдiсiнiң барысында оқу мәдениетін қалыптастырудың көп деңгейлiгi қарастырылып, бастауыш сынып мұғалiмдерiн оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастыруға даярлаудың мазмұны мен әдістемесі теориялық негізделді.

-бастауыш сынып оқушыларының тәрбиеленуі, даму деңгейi мұғалiмнiң оқыту үрдiсiндегi iс-әрекетiне, ұстаған бағытына, бiлiмдi меңгеруiне және оқу мәдениетiне байланысты екенi анықталды.

-«бастауыш сынып оқушыларының оқу мәдениеті», «оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастыруға даярлаудың мазмұндылығы» ұғымдарына анықтамалар беріліп олардың құрылымдық ерекшеліктері анықталды.

-«оқу мәдениетін» қалыптастыруға мұғалімдерді даярлаудың педагогикалық шарттары айқындалды.

-оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастыруға мұғалімдерді даярлау деңгейлері (мазмұндық, ұйымдастырушылық, әдістемелік) анықталынып, оларға сипаттама берілді.

-бастауыш сынып мұғалімдерін оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастыруға даярлау моделі құрылды.

Зерттеудiң теориялық мәндiлiгi: Жалпы бiлiм беретiн мектептiң бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу мәдениетін қалыптастырудың теориялық ұғымдарына қосымша ұсыныс жасалып, педагогикалық ғылыми зерттеулердiң қорына үлес қосылғандығында.

Зерттеудiң практикалық маңызы:

-зерттеу нәтижелерiн бастауыш сынып мұғалiмдерi оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруға және оқыту процесінде мұғалiмдердiң оқу мәдениетiн, бiлiктiлiгiн жетiлдiру мақсатында пайдалануға болады.

-зерттеудiң нәтижелерi жалпы бiлiм беретiн мектеп, лицей, гимназия мұғалiмдерiне, сондай-ақ болашақ мұғалiмдердi даярлайтын мамандықтар үшiн, педагогика және психология салаларының лекция, семинар, практикалық сабақтарында пайдалануға болады.

Зерттеу базасы: Шымкент қаласындағы Ж. Аймауытов атындағы 64 көп салалы мектеп гимназиясы, Т. Тәжiбаев атындағы 47 тарихи -гуманитарлық мектеп гимназиясы, №50 А. Байтұрсынов атындағы қазақ орта мектебі, Оңтүстiк Қазақстан үздiксiз бiлiм беру институты болды.

Қорғауға ұсынылатын негiзгi қағидалар:

-бастауыш мектептердегi мұғалiмдердiң оқушылардың оқу мәдениетiн қалыптастыру жұмыстарының мазмұны мен әдістемелік жүйесіне ғылыми - педагогикалық тұрғыдан сипаттама беру;

-оқу мәдениетiн бастауыш сынып оқушыларының оқу iс-әрекеттерiнде және тәрбие процесiнде қалыптастыру жүйесiнiң мазмұны мен мәнi.

-бастауыш сыныпта оқыту процестерiнiң ерекшелiгiне байланысты бiрнеше пәндердi оқыту барысында оқу мәдениетiн қалыптастыруға мұғалімдерді даярдау жүйесі;

-жалпы бiлiм беретiн мектептердiң бастауыш сынып мұғалiмдерiне оқу мәдениетiн қалыптастыратын педагогикалық педагогикалық шарттар негізінде дайындалған бағдарлама және әдiстемелiк ұсыныстар.

Зерттеу нәтижелерiнiң мақұлдануымен тәжірибеге ендiрiлуi:

Зерттеудiң негiзгi нәтижелерi әртүрлi деңгейде: “Руханият мәселелерi және дiннiң қазiргi қоғамдағы ролi” (Шымкент, 2001) “ Әуезов оқулары -3 (Шымкент, 2002) «Наука и образование на пороге ХХI века» (Шымкент, 2004) атты Халықаралық ғылыми - практикалық конференцияда “Түркiстанның 1500 жылдығына арналған ғылыми -теориялық және оқу -әдiстемелiк конференциясы (Шымкент, 1999) ”, Бастауыш мектепте оқыту проблемалары: оқу әдiстемелiк жинақ деген конференцияларда (Шымкент, 1999) баяндалды.

Диссертация құрылымы: диссертация кiрiспеден, екi тараудан, жалпы қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тiзiмiнен, қосымшалардан тұрады.

Кiрiспе бөлiмде: тақырыптың көкейкестiлiгi дәлелденiп, осы тақырыптың зерттеу жағдайы, зерттеу мақсаты, объектiсi мен пәнi, мiндеттерi, әдiстерi, ғылыми болжамы мен жаңалығы, зерттеу кезеңдерi берiлiп, диссертацияның мәндiлiгi қорғауға ұсынылған тұжырымдары баяндалды.

Бiрiншi тарауда “Бастауыш сынып мұғалiмдерiнiң оқу мәдениетiн қалыптастырудың теориялық негiздерi” атты мәселе көтерiлiп оған байланысты жазылған еңбектердi, көзқарастар мен тұжырымдарды негiзге ала отырып, “оқу мәдениетi”, “оқу мәдениетін қалыптастыру”, «бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу мәдениетін қалыптастыру» ұғымдарының мәнi анықталды. Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшелiктері мен оқу мәдениетiн ұйымдастырудың бүгiнгi жай- күйi талданып, оқу мәдениетiне жалпы педагогикалық сипаттама берiлдi.

Екiншi тарауда “Бастауыш мектеп мұғалiмдерiнiң оқу мәдениетiн қалыптастырудың iс-тәжiрибесi” атты мәселе көтерiлiп, бастауыш сынып мұғалiмдерiнiң өз бiлiмдерiн заман талабына сай жетiлдiрумен қатар оқу мәдениетiн меңгерiп, оны бастауыш сынып оқушыларының бойына осы кезден қалыптастыру мүмкiндiктерi баяндалды.

Қорытындыда педагогикалық тәжiрибе жұмысының нәтижелерi негiзiнде әзiрленген тұжырымдармен ұсыныстар келтiрiледi, зерттеудiң перспективалары көрсетiледi. Қосымшада анықтаушы және қалыптастырушы эксперимент барысында пайдаланылған материалдар ұсынылады.

І БАСТАУЫШ МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІН ОҚУШЫЛАРДЫҢ

ОҚУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА

ДАЯРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ.

  1. “Оқу мәдениеті” ұғымына педагогикалық сипаттама

XXI ғасыр педагогика ғылымының қалыптасқан жүйесіне қайта қарау арқылы білім беру мазмұны мен оны ұйымдастыру қызметіне жаңаша көзқарастың қажет екендігін паш етуде. Қоғамдық формациялардың ауысуы, әлемдік ғарыштану саясатының күшеуі, бүкіладамзаттық құндылықтардың жаңа өлшемдерінің қажеттігі педагогика ғылымының басты ұғымы - жеке адамды дамыту және қалыптастыру мәселесіне өзекті ғылыми тақырып деңгейіне көтерді. Жаңа заман мұғалімін даярлау және олардың кәсіби біліктілігін қамтамасыз ету мәселесін Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында [, 5] негізгі міндеттер санатында қарастырылды. Онда жеке тұлғаның саналылығы мен қызметінің бірлігі принципінде жан - жақты жетілген, білікті маман даярлау қажеттігі айтылған. Жеке тұлғаның қызмет сферасының басты компоненттерінің бірі оқушылардың оқу қызметін дұрыс ұйымдастыру арқылы олардың танымдық процестерін жетілдіруге болатыны психология, педагогика ғылымдарында жеткілікті зерттелген. Оқу - әлеуметтік және психологиялық - педагогикалық әсер ету нысанасы ретінде педагогика ғылымының негізгі қызмет әрекетінің бір болып табылады. Сондықтан оқу қызметін жеке категориялды аппарат бірлігі ретінде қарастырып, оның қазіргi түсініктеріне теориялық тұрғыдан анықтама берген жөн.

“Оқу қызметі” категориясына анықтама беру үшін «оқу» құбылысының күрделілігіне және көпаспектілігіне көңіл бөлген жөн. Көптеген анықтамаларды екі топқа бөліп қарауға болады. Оның бірінде (психологиялық тұрғыдан) оқу - психологиялық қызметтің күрделі түрі, яғни мәтінді қабылдау және қайта өңдеу процестері жүзеге асады, нәтижесінде мәтінді толық түсіну қамтамасыз етілді. [, 45]

Екінші анықтамалар тобында оқу - әлеуметтік функция, яғни атқарушы қызмет түрінде түсіндіріледі. Бұл кезде оқу қызметінің қандай да бір нақты функциясы бөлініп көрсетіледі: коммуникативті, танымдық, ақпараттық - тұтынушылық, ақпараттық - ізденушілік т. б.

Сонымен бірге, оқу қызметі барлық әрекет түрлері секілді жеке адамның белсенділігімен, өз қажеттілігін қанағаттандыру үшін саналы түрде қойылған мақсатқа жету әрекетімен тығыз байланысты. Осындай әдіснамалық (методологиялық) ұстанымдарды есепке ала отырып, оқу қызметінің анықтамасын төмендегіше бере аламыз. Оқу - мәтін мазмұнын әлеуметтік субъектінің түрлі қажеттіліктерімен бағындыру және мәнділігі белсенді, мақсатты - бағытты түрлендірумен анықталынатын танымдық - коммуникативті қызмет түрі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты құзырлықтарын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің 12 жылдық білім беру жағдайында даярлаудың ғылыми педагогикалық жүйесі
Бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастыру моделін құру
МҰҒАЛІМНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАС-ТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Ауыл мектебіндегі оқушыларды оқыту үрдісінде экономикалық тәрбие беру
Бастауыш сыныптың жаңа тұрпатты мұғалімін қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау
Білім беру мазмұны және оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар
Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру
Мектепте бейнелеу өнері пәнін оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz