Аустралия және Мұхиттық аралдар


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Аустралия және Мұхиттық аралдар.

Жоспары:

  1. Жер бедері және жалпы шолу. Мұхит аралдарын физикалық географиялық аудандастыру.
  2. Климаты. Мұхит аралдары Климаттық және табиғат жағдайларындағы ерекшелік
  3. Ішкі сулары
  4. Топырақ және өсімдік жамылғысы
  5. Физ-географиялық аудандастыру
  6. Мұхиттық аралдарды адамдардың қоныстану

Австралия - Жер бетіндегі ең кіші материк. Ол іргелес аралдарымен қоса түгелдей оңтүстік жарты шарда жатыр. Баскалардан кейін ашылып, қонысталынған бұл материктің аты латыннын оңтұстік деген сөзінен шыққан.

Оңтүстік тропик Австралияны одан солтүстікте материктің шағын, онтүстікте көпшілік бөлігі жататындай етіп кесіп өтеді. Материктін шеткі бөліктері: солтүстікте - Йорк мүйісі (10°41 о. е. ), оңтүстікте - Онтүстік-Шығыс мүйіс (39°11 о. е. ), батыста - Стип-Пойнт мұйісі 113°05' ш. 6. ), шығыста - Байрон мүйісі (І53° ш. б. ) . Австралия солтүстіктен онтүстікке 3200 км-ге, батыстан шығысқа 4100 км шамасында созылып жатады, көлемі - 7631, 5 мың км 2 .

Солтүстікте Австралияның жағасында Мелвилл, Батерст, Грут-Айленд және басқа үсақ аралдар, оңтүстікте - материктік кайраңның шегінде жатқан Тасмания, Кинг, Флиндерс және Кенгуру аралдары жатыр. Батыстағы ең ірі арал - Дерк-Хартог, шығыста - Фрейзер.

Австралия Тынық және Үнді мұхиттарының суымен ұласып жатыр. Ол ешбір материкпен құрлық арқылы байланыспайды. Сондықтан Австралияны, сондай-ақ оның көлемінін шағын екендігін еске ала отырып, кейде материктік арал деп те атайды.

Австралиядан солтүстікте және шығыста, Тынық мұхиттың оңтүстік-батыс бөлігінде материктік, маржандық және жанар тау текті көптеген ірілі-ұсакты аралдар жатыр. Бүкіл осы аралдардың жиынтығын Мұхиттық аралдар деп атайды.

Мухиттық аралдардың жалпы көлемі шамамен 1, 3 млн. км 2 . Әдетте, Мұхиттық аралдарды бірнеше бөлікке бөледі. Австралияға ең таяу жатқан Жана Зеландиядан басқа, батыстағы ең ірі аралды Меланезия деп атайды. Меланезияға Жаңа Гвиңея, Соломон аралдары, Жаңа Каледония т. б. кіреді. Ең оңтүстікте жатқан Жаңа Зеландия ерекше көзге . түседі. Меланезиядан солтүстіктегі және 177°-ш. б. таман жатқан ұсак аралдарды (Мариа-н Каролин, Маршалл, аралдарын қоса, Микронезия депатайды. Қалған аралдар Полинезия деп аталады. Олар Гавай, Лайн, Қоғам аралдары т. б. Бұл тарихи және этнографиялық жағынан осылай бөлінген, бірақ ол Мұхиттық аралдарды генетикалық және физикалық-географиялық белгілеріне қарай бөлуге сәйкес келмейді.

Жана Гвинеядан, шығыста Фиджи аралдарын қоса Жаңа Зеландияға дейінгі аралдар доғасы аралдарды және материкті бөліп жататын су бассейндерімен бірге Тынық мұхит геосинклиналь белдеуінің жалғасы болып табылады.

Австралияны солтүстік және солтүстік-шығыстан ұласып жатқан теңіздердің бетіндегі судың температурасы жыл бойы +27, + 28°-қа тен, Маржанды теніздің оңтүстігінде ол қыста 19°С-ге дейін, Тасман теңізінде +16, +12°С-ге дейін төмендейді. Маржанды теңізден жылы Шығыс Австралия ағысы шығып, материктің жағасын бойлап оңтүстікке қарай бағыт алады. Судың тұздылығы барлық жерде 34, 5-35, 5% 0 -ге тең.

Судың тұрақты жоғары температурасы Маржан кұрылыстарының дамуына қолайлы жағдай туғызады, олар Маржанды тенізде өте-мөте тараған, Оның алабында материктік кайраңнын шетін бойлап 2300 км-ге Үлкен Тоскауыл риф созылып кетеді. Оңтүстікте оның ені 150 км-ге жетеді. Оның кедір-бұдыр, эрозиямен тілімденген бетін толысу кезінде су басады. Рифті киып өтетін енсіз каналдар ашық теңізден тереңдігі 50 м-ден аспайтын Үлкен лагуна дегенге апарады. Онда кеме жүзе алады, сондықтан да оның жағаларында Австралиянын ірі порттары орналасқан. Сонғы жылдары маржан ғимараттары әдеттен тыс көбейіп кеткен «тікенді таж» деп аталатын теңіз жұлдыздарының шабуылынан катты зардап шегуде. Олар Үлкен Тосқауыл рифінің бір бөлігін құртып та жіберген және бұл бірегей табиғи құрылымды түгелдей құрту қаупін төндіреді.

нді мухитындағы судың температурасы оңтүстікке қарай бірте-бірте төмендейді. Материктіқ батыс жағалары маңында Батыс Австралия суық ағысы өтеді, бірақ ол кыста ғана пайда болады және ауа мен судын температурасына күшті әсер етпейді.

Жер бедері

Платформалық құрылымның басым болуы Австралиядла көбінесе жазық рельеф пен үсті тегіс сериялардың төменгі палеозойдың неогенге дейінгі таралуын алдын-ала белгілеп берді. Материктің жартысынан көбін алып және Арафур теңізінің, үлкен Австралия шығанағы мен тағы басқаларының эпиконтинентальды бассейндеріне жапсарлас жатқан ежелгі Астралия платформасы архейлік және төменгі протерозойлық фундаментке ие, онда алтынның уранның полиметаллдың рудаларының бокситтің кендері бар. Фундамент материктің батысындағы орталық бөлігі мен солтүстігінде жер бетіне шығып жатыр. Қалған территорияда ол протерозой мен палеозой жасындағы жамылғы шөгіндінің астында жатыр. Бұл жамылғының ең қалың жері материктің солтүстігі мен батысындағы ежелгі синеклизаларда болады. Оңтүстікте жас синеклиз Юкланың шегінде шығыста Үлкен Артезиан Бассейні майысуының жас платформамен шекара бойында мезокайназой теңіз шөгінділерінің қабаты жатыр. Протерозой жамылғысының шөгінділерінде темір рудасының қоры неғұрлым жас шөгінділерде көмір және біршама жуықта табылған мұнай мен газдың қоры бар. Австралияның бұл бөлігі жер бедерінің басым типтері ежелгі қыртыстың желге мүжілген қабаттарымен аяқталып, денудация жасымен сәйкес қабат-қабат жатқан биіктігі 400-600 м жазықтар болып табылады. Бұлар жоғарғы протерозой мен палеозой жамылғысының таралу аймағындағы қабатты жазықтар араласып жатады. Материктің батыс шеті мен оның орталық бөлігінде, яғни ең жаңа тектоникалық активті аймақтарда жақпарлы эпиплатформалы таулар; солтүстік-батысында Хамерсли, оңтүстік-батысында Стирлинг пен Дарлинг, материктін орталығында Макдоннелл мен Масгрейв көтеріліп тұр. Ежелгі және эпипалеозой платформасының жас майысуының жүйесіне биік жас және аласа қабатты аккумулятивті (Налларбор, Орталық жазык, Муррей - Дарлинг жазығы, Карпентария шығанағының жағалау жазығы, Жаңа Гвинеяның оңтүстігіндегі жазық) жазықтар үйлесіп

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Австралия материгі
Аустралия материгінің ашылуы мен зерттелу тарихы
Тынық мұхит аралдары
Аустралия құрлығының ашылуы
Тынық мұхиты
Аустралия материгіне және Океанияға географиялық шолу
ТЫНЫҚ МҰХИТЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ
Мұхиттар
Австралияның экономикалық- географиялық жағдайы
Аустралия
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz