Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесі



Бірінші лекция. Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесі.ғылымы.
Екінші лекция. Тақырыбы: Сабақты құру үлгісінің ерекшеліктері
Үшінші лекция: Сабақта дене жүктемелерін мөлшерлеп бөлу
Төртінші лекция Тақырыбы: Дене шынықтыру құралдары
Бесінші лекция Тақырыбы:. Бастауыш сыныптардағы дене тәрбие сабағы
Алтыншы лекция. Тақырыбы: Дене тәрбиесін оқыту әдістері
Жетінші лекция Тақырыбы: Дене қасиетін тәрбиелеу
Сегізінші лекция. Қозғалыс дағдыларын үйрету әдістемесі.
Тоғызыншы лекция: Оқушылардың дене тәрбиесінің ұйымдастырылу формалары.
10.лекция. Бастауыш сынып оқушыларының қимыл.қозғалыс әрекетін үйрету
Он бірінші лекция: Бастауыш сыныптағы дене тәрбиесінен сабақ өтілетін орын және жабдықталуы.
12.лекция Лекция тақырыбы: Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың дене тәрбиесіндегі қазақтың ұлттық ойындарының рөлі.
Он үшінші лекция . Дене тәрбиесінен сыныптан тыс жұмыстар
14.лекция Лекция тақырыбы: Бастауыш сыныпта дене тәрбиесі сабағын жоспарлау және мұғалімнің кәсіби педагогикалық қызметі.
15.лекция Тақырыбы: Денсаулығы ақауы бар оқушылардың дене тәрбиесі
Дене шынықтыру пәнін оқытудың басты мақсаты: оқушының дара қабілеттерін айқындауға, өздігінен жетілуіне ықпал етуге бағытталған, оның мәдениетін қалыптастыру, жалпы дамытушы бағыттағы дене жаттығулармен қаруландыру.
Пәнді оқытудың басты міндеттері:
-дене жаттығуларымен шұғылданудың мәдени -тарихи, физиологиялық негіздері туралы оқушылардың білімдерін қалыптастыруы; -саналы түрде қимыл-қозғалыстар орындауға, оларды дене мүшелеріне ақтылы ықпал ету жолдарына үйрету; -таныс жаттығуларды күрделендіріп жаңа жаттығуларды үйрету арқылы қимыл-қозғалыс тәжірибесін жинақтап, қимыл әрекетін дамыту; -дене жаттығуларын орындау біліктілігін арттыру арқылы дене
бітімін қалыптастырып, қимыл-қозғалыс мәдениетін қабілеттерін жетілдіру; -дене жаттығуларымен өз беттерімен шұғылдануға жағдай жасап, ұйымдастырушылық біліктілігін қалыптастыру.
Осы тұрғыда оқушыларға жүктелетін міндеттер.
а) дене тәрбиесі сабақтарына оқу кестесі бойынша тұрақты түрде қатысу;
ә) студенттік емхана белгіленген мерзімге дәрігерлік тексерістен өту және денсаулық пен денешынықтырушының дамуына өзіндік бақылау жүргізу;
б) шынығу және функционалдық дайындығын анықтау үшін белгіленген даму деңгейінің көрсеткіштерін орындау;
в) ұсынылған қозғалыс тәртібін ескере отырып, тәңертеңгілік бой азу жаттығулармен, спортпен, туризммен, тұрақты түрде өз бетінше шұғылдану;
г) денсаулықты нығайту, денешынықтыру дайындығымен спорттық шеберлікті арттыру;
д) күн тәртібіндегі оқу, демалыс пен тамақтанудың тиімді
ережесін сақтау;
е) денешықтыру спорт топтары мен кластарының ауданда,
қалада, және республикада өткізілетін бұқаралық және сауықтыру жұмыстары мен шараларына белсенді қатысу;

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   
Бірінші лекция. Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесі-ғылымы.

Жоспары: 1 Оқу пәні ретінде дене тәрбиесі әдістемесінің міндеті, мақсаты,
пәннің объектісі
2. Мектеп жасындағы балалар дене тәрбиесінін негіздері
3. Дене тәрбиесінің міндеттері (Сауықтыру , білім беру,
тәрбиелік міндеттері)

Маќсаты: Студенттерге дене тєрбиесін теориясымен оќыту єдістемесі пєні
жайлы т‰сінік беру жєне пєнніњ маќсат, міндеттерімен,
ерекшеліктерін ±ѓындыру.
Мєтіні: Оқу пәні ретінде дене тәрбиесі әдістемесінің міндеті, мақсаты
Дене шынықтыру пәнін оқытудың басты мақсаты: оқушының дара
қабілеттерін айқындауға, өздігінен жетілуіне ықпал етуге бағытталған, оның
мәдениетін қалыптастыру, жалпы дамытушы бағыттағы дене жаттығулармен
қаруландыру.
Пәнді оқытудың басты міндеттері:
-дене жаттығуларымен шұғылданудың мәдени -тарихи, физиологиялық негіздері
туралы оқушылардың білімдерін қалыптастыруы; -саналы түрде қимыл-
қозғалыстар орындауға, оларды дене мүшелеріне ақтылы ықпал ету жолдарына
үйрету; -таныс жаттығуларды күрделендіріп жаңа жаттығуларды үйрету арқылы
қимыл-қозғалыс тәжірибесін жинақтап, қимыл әрекетін дамыту; -дене
жаттығуларын орындау біліктілігін арттыру арқылы дене
бітімін қалыптастырып, қимыл-қозғалыс мәдениетін қабілеттерін жетілдіру;
-дене жаттығуларымен өз беттерімен шұғылдануға жағдай жасап,
ұйымдастырушылық біліктілігін қалыптастыру.
Осы т±рғыда оқушыларға жүктелетін міндеттер.
а) дене тәрбиесі сабақтарына оқу кестесі бойынша тұрақты түрде қатысу;
ә) студенттік емхана белгіленген мерзімге дәрігерлік тексерістен өту және
денсаулық пен денешынықтырушының дамуына өзіндік бақылау жүргізу;
б) шынығу және функционалдық дайындығын анықтау үшін белгіленген даму
деңгейінің көрсеткіштерін орындау;
в) ұсынылған қозғалыс тәртібін ескере отырып, тәңертеңгілік
бой азу жаттығулармен, спортпен, туризммен, тұрақты түрде өз бетінше
шұғылдану;
г) денсаулықты нығайту, денешынықтыру дайындығымен спорттық шеберлікті
арттыру;
д) күн тәртібіндегі оқу, демалыс пен тамақтанудың тиімді
ережесін сақтау;
е) денешықтыру спорт топтары мен кластарының ауданда,
қалада, және республикада өткізілетін бұқаралық және сауықтыру жұмыстары
мен шараларына белсенді қатысу;
Дене шынықтыру пәнінің қызметтік стандарттары мынадай бөліктерден түрады:
* қимыл-қозғалыс реакциясы; - дене тәрбиесі; - спорт;
Қимыл-қозғалыс реакциясы-экологияның адам ағзасына жайсыз әсерінің
алдын алу құралы ретіндегі әр түрлі физикалық жаттығулар және сол
әсерлердің зардаптарын болдырмау, жаңа әлеуметтік жағдайларға бейімделу.
Дене тәрбиесі -жалпы дамытушылық бағыттағы дене шынықтыру әрекетін
оқушылардың меңгеруі арқылы дене тәрбиесі мәдениетін қалыптастыру.
Дене шынықтыру әрекеті әлеуметтік тәжірибеге негізделеді, оның
құрамына білім қимыл әрекеттері мен тәсілдері және қажеттіліктер енеді.
Бастауыш мектеп оқушыларының дене тәрбиесі мәдениетін қалыптастыратын
дайындықтың басым түрлері:
-теориялық, дене тәрбиесі саласындағы заңдылықтар туралы мәліметтер;
- практикалық
- қимыл-қозғалыс әрекеттері тәсілдерінің қалыптасуы;
қимыл-қозғалыс сапаларының дамуы.
Спорт: спорттың кең таралған түрлерінің ең қарапайым элементтері
(жеңілатлетика, гимнастика, спорттық ойындар, шаңғы спорты, жекпе-
жектер, жүзу).
Бастауыш мектептегі Дене шынықтыру пәнінің мазмүны негізгі
мектептегі дене шынықтыру пәнінің мазмұнында дамытылады.
Дене шынықтыру пәні дене шынықтыру білім саласына енеді. Бұл пән
оқытудың бастауыш сатысындағы мемлекттік білім берудің маңызды құрамдас
бөлігі болып табылады.
Дене шынықтыру пәні базизтік оқу жоспарында мектептің бастауыш
сатысында міндетті түрде оқылатын пән ретінде берілген.
Дене шынықтыру пәні білім берудің негізгі бағдарламасы негізінде
жүзеге асырылады. Пәннің білім беру бағдарламасының мазмұны мына бөлімдерді
қамтиды:
1. Дене және спорт жаттығуларының негізгі түрлері
2. Сауықтыру мен салауатты өмір сүру жолдары
3. Дене бітімін дүрыс қалыптастыру, қимыл-қозғалыс қабілеттіліктерін
жетілдіру.
4. Әлеуметтік , материалдық және арнаулы жағдайлар.
Базалық оқу жоспарында дене шынықтыру міндетті түрде оқытылатын
пән деп көрсетілген. Оны оқытуға әр сыныпта аптасына 2 сағат
бөлінген. Білім берудің негізгі бағдарламасына сәйкес мектептің
бастауыш сатысындағы оқу жүктемесінің көлемі-272 сағат.
1-сыныпта 68 сағат 3-сыныпта 68 сағат
2-сыныпта 68 сағат 4-сыныпта 68 сағат

Мектеп жасындағы балалар дене тәрбиесінің әлеуметтік-педагогикалық
маңызы мен міндеттері. Мектеп жасы қоғамның белсенді мүшесіне айналып
қалыптасатын 7 жастан 17-18 жас аралығын қамтиды. Балдырған сәбиден мектеп
оқушысы еңбекке, Отанын корғауға дайын азаматқа айналады. Дәл осы жаста
біздің елімізде жалпы білім беретін мектептерде және сонымен бірге, арнайы
орта және кәсіптік-техникалық орта оку орындарында жалпы көшпілікке орта
білім беру іске асырылады.
Дене тәрбиесі сабағы оқу орындарындағы барлық оқу-тәрбие процесінің
бөлігі, маңызды бағыттарының бірі болып саналады.
2. Мектеп жасындағы балаларды жас ерекшелігіне қарай бөлу.
Мектешерде дене тәрбиесі сабағы балалардың жас және жыныс, анатомия-
физиолсгиялық және психологиялық ерекшеліктері қатан ескеріліп жүргізіледі.
Жас ерекшелік мүмкіндіктерін білу мыналарды анықтауға мүмкіндік береді;
балалардын шамасы жететін мүмкіндіктерін дұрыс бағалау;
ағзадағы оңды өзгерістерге сүйену және өсудің қиындығын сездірмеу;
белгілі бір бағытта, бөліп айтқанда қозғалыс сапаларынын қайсы бірімен
жұмыс жүргізу үшін барынша ұтымды кезендерді жіберіп алмау;
4) әрбір оқушынын типтік ерекшеліктерін білу арқылы толығымен, жеке әрбір
окушынын өзін көрсетуіне мүмкіндік беріп, дене дайындығына карай
күрделіленуіне
мүмкіндік жасау. Биологиялық дамуына байланысы мектеп жасындағы балалар мен
қыздарлы жас ерекшеліктеріне бөлу ғылыми негізделіді, қазіргі таңда былай
анықгалған:
-екінші балалық шақ - 8-12 жастағы ер балалар және 8-11 жастағы
қыздар;
-жасөспірім шақ - 13-16 жастағы ер балалар және 12-15 жастағы қыздар.
- боз бала шақ - 17-21 жастағы бозбалалар жене 16-20 жастағы бойжеткендер.
Педагогикалық іс тәжірибеде екі жьшыстағылардың сыныпқа бөлшуіне қарай
келесі жас кезеңдеріке бөлген:
-майда немесе бастауыш мектел жасындағылар 7-І0 жас,
-І-ІҮ сыньптар; орта сынып жасындағылар - 11-15 жастағы балалар,
-ІҮ-ҮІІ сыныптар жоғары сыныптар жасындағылар жасы - 16-18 жасар
бозбалалар мен кеткендер, яғни ІХ-ХІ сынып оқушылары.
Мектеп жасындағы балалардың, денесін тәрбиелеу мәдениеті міндеттері
келесі бейнеде нақтыланады: Сауықтыру міндеттгрі; Білім беру міндеттері
,Тәрбиелік міндеттері
4.Дене тәрбиесінің міндеттері (Сауықтыру , білім беру, тәрбиелік
міндеттері)
Сауықтыру міндеттгрі;
1. Өсіп келе жатқан ағзаның үйлесімді дамуына жәрдемдесу және оны
біртіндеп ұлғайып келе жатқан жүктемеге дайындау, дұрыс дене сымбатын
қалыптастыру, журек-қантамыры айналысы мен тыныс алу жүйелерін дамыту, зат
алмасу процесінің қызметін жеделдету, жүйке жүйесін бекіту.
2. Белгілі бір жастағылардың және жыныстағылардың қозғалыс саладарын
дамыту.
3. Шынығу сыртқы ортаның жағымсыз әсерлерше ағзаның (қалыптылығын)
бейімділігін орнықтылығын арттыру.
Әртүрлі жас ерекшелігі топтарында сауықтыру міндеттерін ең
маңыздыларын бірі нақтыланады, яғни ол дұрыс дене тұлғасын (сымбатын)
қалыптастыру болып табылады.
Ағзаны шынықтыру - аса маңызды сауықтыру шараларының бірі. Шынықтыру
процедураларын мектепке дейінгілерге қарағанда оқушыларға байқап және
біртіндеп жасаған жағдайда ғана күшті әсер етеді.
Сауықтыру міндеттері екі жақты шешілуі мүмкін:
1) Дербес, өз бетінше, дене тәрбиесінің әдістері мен құралдарын арнайы
таңдап, яғни, дұрыс дене дамуына немесе дене сымбатының бұзылуын,
салмағын, белгілі бір бұлшық топтарының нашар дамуын қалпына келтіретіндей
мүмкіндік туғызу.
2) Кез келген алу дене тәрбие міндеттеріне жол ашу. Мектеп оқушылары
үшін жеткілікті белсенді қозғалыс күн тәртібі, күнделікті орындалатын дене
жаттығулары маңызды; ерекше таза уақытқа (дозировка) есептеліп жасалынған
жүктеме, ағзаның қуат қорып (ресурстарын) ашуға жол бермейді, өсуіне қажет
жеткілікті демалыспен, ұйқымен, тамақпен өз уақтында күш бастапқы қалпына
келтіруі; барынша жаксы гигиеналық қандай жасау - сабақтың сыртқы ортамен
және материалдык-техникалық қамтамасыз байланыс; денсаулық жағдайына және
дене дайындығы көрсеткіштеріне жүйелі түрде дәрігерлік-педагогикалық
бақылау жасау.
Білім беру міндеттері
1. Оқушыларды өмірдің әртүрлі жағдайында кажетті біліммен, қабілетпен
және дағдымен қаруландыру:
а) дене жаттығуларынын маңызы және әсері, әдіс түрі, ережесі және
олардың
табыспен орындалу жағдайы;
б) өмірге қажетті қабілет пен дағдыны кең ауқымда жетерліктей
қалыптастыру;
в) сантүрлі жаттығулар аркылы қозғалыс тәжіркбесін байыту, өз түйсігімен
күш
салуды реттеу қабілетін қалыптастыру, әрекетті өз уақытында және дәл,
нақтылы
міндетке сай, соңына ішінде күрделіленген жағдайда жасау. Бұл міндетті шешу
жаңа
әрекеттерді өмір өткелдерінде пайдаланып шешуге жағдай туғызады.
3.Тәрбиелік міндеттері Мектеп оқушыларының жеке тұлғасын жан-жақты дамыту
мақсатында дене тәрбиесінін барлық құралдары мен әдістері қолданылады. Олар
оқушығы акыл-ойының дамуына, адамгершілік қабілеттерінін қалыптасуына,
оларды еңбекке, отанды қорғауға дайындауға, эстетикалық дамуына
жәрдемдеседі.
Өнегелілікке тәрбиелеу жаңа қоғам құрылысытың жеке тұлғаларынын мына
ерекшеліктерін қалыптастыруға бағытталады:
1) Патриоттық (отан сүйгіштік), азаматтық, ұлтаралық ынтымақтастық;
2) Еңбек сүйгіштік, ұжымдық еңбекке дайын болу, басқалардың еңбекке
деген
ынтасын сыйлау;
3) Ұжымға деген сүйіспеншілік, өзара жолдастық көмек, адамдарға деген
адамгершілік қарым-қатынас;
4) Саналы (зерделі) тәртіп, адалдық, шыншылдық;
5) Мақсатқа жетуге деген табандылық, ұстамдылық, өзін-өзі ұстай білу,
тәуекелшілдік, шешімшілдік, батылдық.
Батылдық қоркыныш сезімін жеңіп шығуды талап ететін әрекеттерде
тәрбиеленеді.
Шешімшілдік спортшыдан қабылданған шешімнін артынша әрекет ету қажет
болған жағдайда. кездейсоқ күрделі мәселе туындағанда, жолы болмай қалуы
мүмкін сәтке де қарамастан жедел әрекет жасау талап етіледі.
Өзін-өзі ұстай білу - өз әрекетін бақылаудан шығарып алмау қабілеті
-объективті жағдайда барынша күрделі сәттерде тәрбиеленуші, мысалы, ауа-
райынын бұзылуы, шанғының нашар сырғанауы және алдыңғы жарыстардағы жолы
болмаушылық немесе күшті қарсыластың белсенді әрекеті т.б. себептер.
Ақыл-ой тәрбиесі - бұл тек оқушьшардың арнайы мәндер бойынша білімі,
қабілетін және дағдыларын байытумен шектелмейді. Ол оқушылардың
интеллектуалдың қабілеттерін, назар аударуын, зердесін, танымдық
белсенділігін артуын дамыта бағытталады.
Еңбек тәрбиесі - мектеп оқушыларында бірнеше бағытта іске асады;
1) Қоғамның мүддесі үшін еңбектің қажеттілігі туралы сендіру.
2) Енбек ету қажеттілігіне тәрбиелеу.
3) Дене тәрбиесі сияқты еңбекке іс жүсінде дайындалу, сонымен бірге
қабілетпен
және дағдымен, еңбек қызметіне қажетті әрекеттермен қарулану.
Эстетикалық тәрбие – денешынықтыру жаттығуларымен шұғылдану процесінде
мыналарға бағытталған.
1) Сыртқы сымбатына, көрікінің сұүлулығына жетуге белсенді ұмтылыс.
1) Қозғалыс-қимыл сұлулығын ұғуға тәрбиелеу және іс жүзінде оны пайдалана
білуді қалыптастыру.
2) Тамаша, қуанышты сезінуге байланысты сезімге, толқушылыкқа әсер ете
білу,
коршаған тамаша, көрікті ортаға, адамдардың өзара тамаша ара-қатынасына
еліктеу,
жақсылыққа талаптану.

Баќылау с±раќтары:
1. Дене тєрбиесі ѓылымы
2. Дене тєрбиесі пєнініњ ерекшеліктері.
3. Дене тєрбиесініњ маќсаты, міндеттері
4. Оќу пєнініњ мазм±ны мен ќ±рылымы
5.Дене тєрбиесі єдістемесініњ ж‰йесі
6. Жас ерекшелігіне қарай бөлу сатысы.
7.Дене тәрбиесінің сауықтыру міндеттері.
8. Дене тәрбиесінің тәрбиелік міндеттері.
9. Дене тәрбиесінің білім беру міндеттері.

Алтыншы лекция. Тақырыбы: Дене тәрбиесін оқыту әдістері
Жоспары.
1. Қатаң шектелген жаттығулар тәсілі.
2. Бөлшектеп оқыту тәсілі.
3. Ойын тәсілі.
4.Жарыс тәсілі
5.Сөзді қолдану тәсілі.
6. Көрнекілік тәсілі.

Мақсаты: Дене тәрбиесін оқыту тәсілдерін меңгерту, талдау.
Лекция мәтіні:
1. Қатаң шектелген жаттығулар тәсілі. Педагогика құралдарының
әсер етуі дене тәрбиесінің арнайы тәсілдері
жаттығуларымен тығыз байланыста болады. Себебі тәрбиелеу
мен оқытудың барысы жалпы педагоикалық тәсілсіз
іске асуы мүмкін емес. Бұл тәсілдердің дене тәрбиесінде өз
орны мен ерекшеліктері бар.
Дене тәрбиесіндегі тәсілдердің негізі және
оны жүзеге асырып реттеуші жолы денеге ауыртпалық түсіру мен
демалыстың белгілі бір заңдылығымен байланысты. Денеге
ауырлық түсіру дегеніміз – белгілі бір қиыншылықтардың
денеге әсер ету мөлшері.
Негізінен денеге ауырлық түсіру қалжырау арқылы қайта
қалпына келіп, дененің жұмыс істеу қабілетін одан одан
әрі дамытады. Егер бір жаттығуды денеге әсер етуші күш
деп қарастырсақ, онда ауырлық көлемі оның әсер ету
ұзақтығымен созылмалы орындалған жаттығулар көлеміне, ал ауырлық
түсіру қарқыны сол кездегі әсер беруші күш көлемінің
берілген сәтіне байланысты болады. Денеге ауырлық күші
неғұрлым көп түссе, оның қарқыны соғұрлым аз болады.
Керісінше, ауырлық бірыңғай деңгейде орындалса, үлкен
көрсеткіштерге жетуге болады.
Дене тәрбиесіндегі демалыс баяу және белсенді
болып екіге бөлінеді. Көп жағдайларда бұл екі
демалыс қатар орындалады. Атап айтқанда, ауыртпалық
түсіру кезінде бірінші белсенді демалыс беріліп,
артынша баяу демалыс орындалады. Бұл демалулар арасындағы
үзілістердің ұзақтығына байланысты аралық үш түрі
қолданылады. Біркелкі үзіліс – белгіленген уақыт ішінде
келесі күш жұмсағанға дейінгі денедегі күштің
толық қалпына келуін және қосымша жұмсалмай
келесі жаттығуды орындау аралығы. Қатаң үзіліс – келесі
ауырлықты қабылдау кезінде объективті және субъективті
күштерді шиеленістіреді. Төтенше үзіліс - келесі
ауырлықтың әсерінен дене жұмысының қозғалыс қызметі
көтеріліп, қозғалыс әдетіне бейімделу заңдылығы болады
да, ауырлық түсіруден соң дененің қайтадан қалпына
келуіне мүмкіндік туады.
Қатаң шектелген жаттығулар тәсілі. Бұл тәсілде
жаттығушылардың іс – қимылдары ретімен шектеліп
ұйымдастырылады.Бұлай ұйымдастыру бірнеше құрамдардан тұрады.

1. Алдын ала белгіленген жаттығуларды қатаң
шектелген бағдарлама бойынша қайталануы.
2. Бастапқы түрдегі қозғалыс мөлшерін сақтап, дем
алу кезіндегі аралық үзілістерді ескере отырып, қатаң
тәртіпте ауырлық түсіру фазаларымен алмастырып отыру.
3. Жаттығу қимылдарын жеңілдету арқылы сыртқы
күштерді туғызып және бар күшті дұрыс пайдалану.
Осы айтылғандарға сүйенетін болсақ қимыл – қозғалыстарды
үйретуді бір – біріне жақын екі әдістемелік жолды
атап өтуге болады.
1. Бөлшектеніп құрылған жаттығулар әдісі, яғни бөлшектеп
үйрету.
2. Тұтас құрылған жаттығулар әдісі, қимыл – қозғалыстарды
бір тұтастыққа үйрету.
2.Бөлшектеп оқыту тәсілі. Бөлшектеп машықтандыру
әдісінің педагогикалық артықшылықтары:
1. Қозғалу қимылдарына машықтану процесін жеңілдетеді. Бұл
ретте шәкірт мақсатқа аз жеке икемдік қимыл қорын
келе – келе молайту жолымен жетеді. Соның нәтижесінде оның
бойында қажетті қимыл икемділігі қалыптасады.
2. Бөліп – бөліп машықтандыру әрбір сабақ барысында үйрету
процесін нақтылап оны орнықтыра түседі, өйткені
шәкірттердің әрбір элементті табысты меңгеруі көңілде
қанағаттанушылық сезімін оятады.
3. Қорытындаушы жаттығулардың мол болуы машықтану
сабақтарының әр алуын болып түрленіп, үйрету процесінің
тартымды болуына оң ықпал етеді.
4. Қимыл бөліктерін үйрену барысында жинақталатын
қозғалысты қимыл машықтарының қомақты қоры балалардың
қозғалып, қимылдауда тәжірибесін молайту мәселесін
табысты етіп шешуге мүмкіндік береді.
5. Бөліп – бөліп үйрету әдісін қолдану естен шыққан
машық- дағдыларды тез қалпына келтіруге ықпал етеді.
6. Бұл әдіс үйлестіру жағынан күрделі қимылдарды зерттеуде
және жекелеген дене буындарына бұлшық ет топтарына
әсер етуде аса қажетті. Сонымен бөліп – бөліп әдісі
зерттелінетін қимылдарға творчествалық тұрғыдан талдау жасауға
көмектеседі және қимылдарды тек олардың сыртқы түр – тұрпатында
сезініп, қабылдауға мүмкіндік бермейді. Тұтас үйретудің кез –
келген кезінде қолданыла береді.
3. Ойын тәсілі – Ойын әдісі дене тәрбиесіндегі
ойындарға тән көптеген белгілермен сипатталады. Ойын
дене тәрбиесінің құралы ғана емес, сонымен қатар ол үйрету
мен тәрбиелеудің тиімді әдісі болып табылады. Сондықтан да
ойын әдісінің табиғатын ұғыну үшін жалпы ойынның мәнін
айқындап түсіне білу керек.
Дене тәрбиесіндегі кез келген ойынның мазмұнының
негізін адам денесінің дамып, жетілуіне ықпал ететін
қимылдар құрайды. Өйткені, гимнастика, спорт, туризм
арасындағы айырмашылық көп жағдайда шарты болып келетінін
айта кету керек. Бұл шарттылық олардың дамуы
қарқынына қарай айқын көріне бастайды. Ойынды белгілі
ережелер шегінде орындалатын қимылдардың жүйесі деп тану
керек.
Ойын әдісіне тән сипатты белгілер:
1. Ойын қимылдарындағы айқын көрінетін бәсекелстік пен
сезімділік.
2. Күрес жүргізу шарттарының қимыдарды жасау
талаптарының ауытқып, өзгеріп отыруы.
3. Қимыл жасауда творчествалық , инициативаға жоғары
талаптарды қою. Ойын жағдайларының түрленуі дене
жаттығуларының нәтижелілігін дербес таңдауды талап етеді.
4. Қимылдар мен артық қимыл жүктемесі сипатында қатаң
белгіленген уақыт тәртібінің жоқтығы.
5. Әр түрлі қимыл дағдылары мен сапаларының кешенді
көрініс табуы.
6. Көп жағдайда ойыншылар арасындағы қарым – қатынас қандай
бір зат, немесе доп арқылы атқарылады.
Сонымен ойын әдісі қимыл жасау машықтарымен
қасиеттерін кешенді дамытуға, үйлестіруді жетілдіруге,
жұмыстың тиісті қарқынын төмендетпей кірісіп кетуге
мүмкіндіктер тудырады.
4. Жарыс тәсілі. Жарыс тәсілінің өзіне тән белгілері
бар. Атап айтқанда, жарыс тәсілі арқылы кез- келген дене
жаттығуларын орындауға болады. Өзіне тән белгілері
бірнеше жолдармен ерекшеленеді:
1. Жаттығушылардың күшін салыстырып, олардың қимылын
белгілі бір дәрежеге сәйкестендіріп, жеңімпаздарды
айқындау.
2. Жарыс тәсілі жаттығушылардың функционалды және
психикалық мүмкіншіліктерін толық ашудағы және дене
дайындығын көтерудегі рөлі өте үлкен.
3. Оқушыларға берілген тапсырмаларды бір жүйеге
келтіреді және жаттығуларды жетілдіріп, дене сапасын
тәрбиелеу барысында шектеулі жағдайда қолданылады.
5. Сөзді қолдану тәсілі. Сөздің көмегімен мұғалім өз
қызметінің конструктивтік, ұйымдастырушылық және басқа
да жақтарын қамтитын көптеген функцияларды атқарады.
Оқушылармен тілдесіп, олармен өзара қарым – қатынасты
орындатады.
1. Сөздің мағыналық мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне
және оқытудың мақсаттарына сай келуі тиіс.
2. Сөзді қолдану кезінде зерттелетін қимылдың тиімділігі
жайында атап көрсету керек.
3. Сөз қимылдың жекелеген элементтері арасындағы
байланысты анықтауға жәрдемдесуі керек.
4. Оқушыларға дене жаттығуларының техникасының негіздерін
түсіндіруде мұғалімнің сөзіне үлкен мән беріледі. Осы
мақсатта жекелеген сөздің көмекші құралдарын пайдалану
қажет.
5. Сөз бейнеленген болуы керек. Бұл оның көнекілігін
арттырып, оқушылар үшін түсінікті етеді.
6. Сөздің мағыналық қызметі дене тәрбиесіндегі
терминология проблемаларын дұрыс шешу негізінен туындайды.
Әңгіме – материалды баяндау нысаны, мұғалім тарапынан
оқушылардың ойлау қызметін ұйымдастыру кезінде жиі
қолданылады.
Сипаттама – қимыл тупалы баланың ой – елесін ояту
тәсілі. Суреттеу кезінде қимылға тән қасиеттерінің тізбегі
беріледі.
Түсіндіру – қозғалыс қимылдарға саналы қатынасты
қалыптастырудың маңызды тәсілі.
Көрнекілі әдіс. Қандай да болмасын көрнекілікті тәсілін
қолдану барысында сөзбен түсіндіру тәсілі бірге
жүргізіледі. Көрнекі қабылдау әдісін қолдану оқыту
кезеңдеріне де байланысты. Бірінші кезеңде көрнекілікті жиі
пайдаланудың себебі, қателерді түзету мақсаты көзделеді.
Дене жаттығуларын көрсетуде әдістемелік талаптар:
1. Көрсетілім әрқашанда сөздерді қолдану әдісімен сәйкес
келуі тиіс.
2. Сөзбен көрсетілімнің арақатынасы мазмұны жағынан,
қолдану жиілігі және уақыт бойынша бөлуде
педагогикалық міндеттерімен және оқытудың шынайы
ситуацияларымен анықталуы тиіс.
3. Көрсетілім мазмұны оқыту міндеттерімен сәйкес болуы
міндетті:
4. Көрсетілім кезінде оқушылар мұғалімнің эмоционалдық
жай күйіне еліктеу тілегін ескеру қажет.
5. Немқұрайды, анық емес көрсетілімнің қажеті жоқ, өйткені
оны оқушы еліктеуге тиісті үлгі ретінде қабылдауы
да мүмкін.
6. Оқушыға дене жаттығуларын көрсету басқа біреуге
тапсыру мына жағдайларда мүмкін: а) егер де мұғалім
денсаулығына байланысты жаттығуды жоғары деңгейде орындай
алмаса; б) егер де көрсетілім кезінде ол түсндіріп
беруге ыңғайсыз жағдайларды қабылдауға (мәселен, баспен төмен
қарау) мәжбүр болғанда; в) әрекеттің, орындалуы мүмкін
еместігіне деген оқушылардың теріс ұғымын қалыптастырмауға
қажет болған жағдайда;
7. Көрсетілім кезінде мұғалім барлық оқушыларды басқаруға
болатын тиімді жағдайды меңгеруі тиіс.
8. Жаттығуды дұрыс орындамаған әрекет мұғалімнің
көрсетуі оқушылар орындайтын жаттығуға сын көзімен
қарауға қабілетті болғанда өз әрекетін талдай білген
жағдайда мұндай көрсетіліммен бірге сенімді түсіндірмелер
қатар жүргенде және оқушылардың кемшіліктерін
келемеждеу, тәлкек ету болмаған жағдайларда қолайлы.
9. Айнымалы көрсетілім тек қарапайым, көбіне ортақ
дамытылған дене жаттығуларына пайдаланған мақұл.
Бақылыу сұрақтары.
1. Қатаң шектелген жаттығулар тәсілін қолдану ерекшеліктері.
2. Бөлшектеп оқыту тәсілінің қажеттілігі..
3. Ойын тәсілі мазмұны.
4.Жарыс тәсілі
5.Сөзді қолдану тәсілі
6. Көрнекілік тәсілі атқаратын фнукциясы.
7. Дене жаттығуларын көрсетуде әдістемелік талаптар.
8. Бөлшектеп машықтандыру әдісінің педагогикалық
артықшылықтары:

Екінші лекция. Таќырыбы: Сабақты құру үлгісінің ерекшеліктері.
Жоспары:
1.Сабақ жоспарын құру үлгісі
2.Сабақ жоспарын құру ерекшеліктері.
3. Бастауыш мектептегі дене тәрбиесі сабақтарында қолданылатын көрнекі
құралдардың ерекшеліктері.
Маќсаты: Сабақты құру үлгісінің ерекшеліктерімен таныстыру,талдау жүргізу.
Сабақ жоспарын құру үлгісі: Дене жаттығулары сабағы дене
тәрбиесі жүйесінің бөлігі болып табылады, оны іс жүзіне құралдар мен
әдістер пайдаланылады. Дене жаттығуларымен шұғылдану әртүрлі серуендеу,
таңертеңгілік дене шынықтыру, спорттық сайыстар, суға шомылу, туристік
жорықтар дене тәрбиесі сабақтары.
Дене жаттығуларының шұғылдану үлгілері мен мазмұнының өзара
байланысының диалектикалық сипаты педагогикалық қатынаста өте маңызды.
Сабақтағы шұғылданушылардың қызметі дербес элементтер қатарынан:
дене жаттығуларының өзі, оны орындауға дайындық, белсенді демалыс т.б.
тұрады. Дене жаттығуларымен шұғылдану мыналардан тұрады: жаттығуды орындау
тәртібі, шұғылданушылардың өзара байланыс сипаты, олардың ұйымдасуы.
Сабақтың сапалы өткізудің педагогикалық ережесінің бірі болып,
мазмұнына сәйкес келуі тиіс. Сабақтың нәтижесі оқушылардың ұйымшылдығына,
сабақты өткізу уақытына, жаттығуды өткізу орнына және сабақ бөліктерінің
басқа үлгілерін ұтымды пайдалануға байланысты. Үнемі сабақтың бір үлгісін
пайдалану шұғылданушылардың дене дайындығының жетілуін тежейді. Сабақ
үлгілерінің оның нәтижесіне белсенді әсер етуі, оған барынша байыпты
қатынастың қажеттілігін көрсетеді.
Неміс мектептік гимнастикасының авторы А. Шписс келесі сабақ
құрылымын ұсынды:
1. Реттік жаттығулар. 2. Еркін жаттығулар. 3. Қондырғылардағы (снаряд)
жаттығулар а) қозғалмалы в) қозғалмайтын. 4 Халықтық жаттығулар.
5.Ойындар.
Сабақты құрудың әртүрлі принциптерін қолдану әрекетін байқап көруге болады.
Мысалы: Францияда мынадай үлгі ұсынылды:
1. Дайындық бөлімі.
а) жүру ә) қолға арналған жатығулар б) аяққа арналған жатығулар
в) кеудеге арналған жаттығулар г) күрделі құрастырылған жаттығулар д)
силметриялы емес жаттығулар е) тыныс алу жаттығулары.
2.Негізгі бөлім.
а) жүру ә) өрмелеу, тепе-теңдік, тіреу б) секірулер в) ауырлықты көтеру
және алып жүру г) жүгіру д) затты тастау және онымен жонглерлік жасау,
қорғану, шабуылдау.
3. Қорытынды бөлім.
а) жәй жүру ә) тыныс алу жаттығулары, ән айтып жүру б) төбесінен су құю,
ысқылау.
Мұнда дайындық пен қорытынды бөлімінде гигиеналық бағыт бар, негізгі
бөлімінде жоспарға жаттығу түрлері алға шығады. Кеңістік дене тәрбиесінің
ілімі:
1 бөлім. Шұғылданушыларды жұмысқа кірістіру. (топты ұйымдастыру, ағзаны
біртіндеп қыздыру, жалпы зат алмасуды арттыру, назарын және көңіл-күй
жағдайын реттеу)
2 бөлім. Бұлшық еттермен буындарға күш беруге, ширықтыру және босаңсыту,
тұлға сымбатын қалыптастыруға арналған арнайы жаттығулар.
3 бөлім. Қозғалыстың жалпы үйлесімділігімен әдіс негіздерін үйрету.
Қозғалыс дағдыларын қалыптастыру.
4 бөлім. Меңгерген дағдыларды іс жүзінде қолдану және жүрек қантамыры
жүйесімен тыныс алу органдарын физиологиялық тұрғыда жаттықтыру.
5 бөлім. Жұмысты аяқтау.
1. Жалпы жаттығулар.
2. ҚР қорғаныс күштерінің жаяу әскерлерге арналған жарғысы бойынша саптық
жаттығулар.
1,2,5, бөлім-гигиеналық қызмет басымдылығы, 3 бөлім-білім беру, 4 бөлім-
тәрбиелеуге бағытталған.
Сабақтың құрылымы оқушыларды, шұғылданушыларды сауықтыру, білім
беру және тәрбиелеу міндеттерін шешу арқылы іске асырылады.
Сабақты өткізу ілімі еліктешілікке төзбейді. ХХ ғасырдың 30 жылдарының
соңында 5 бөлімнен тұратын сабақ үлгісі 4 бөлімге өзгертілді
(модификацияланды).
1. Кіріспе бөлім.
а) Жалпы ұйымдастыру және сапқа тұрғызу
ә) Оқушылардың назарын ретке келтіру
б) Ағзаның жалпы дайындығы
2. Дайындық бөлім.
а) Қозғалыс аппаратын арнайы сапалы дайындау
ә) Жалпы үйлесімділік негізін үйрету
3. Негізгі бөлім.
а) Дағдыларды меңгеру
ә) Дағдыларды өздігінен қолдануға үйрету, физиологиялық және өнегелілік
ерік-жігер дайындығы
4. Қорытынды бөлім.
а) Жүктемені біртіндеп түсіру
ә) Сезімге берілу, жігерлілік жағдайын реттеу.
50 жылдардың ортасында В.И. Короновский 3 бөлімді үлгі ұсынды.
Сабақтың басталуы. (кіріспе бөлім), меншіктік сабақ (негізгі бөлім),
сабақтың соңы (қорытынды) бөлім) Дене шынықтыру жаттығуларымен сабақ
өткізудің жақсы әдістемелік тәсілдерін табудың қарқынды іздеу жолдары бір
уақытта жүргізіледі.
Әр түрлі, жастағы, әр түрлі жыныстағы оқушылармен сабақ өткізу
ерекшеліктері айқындалды. Сабақты құрудың жалпы педагогикалық заңдылықтарын
ашу дене жаттығуларын орындау кезіндегі адамның жұмыс қабілеті туралы
мәселелер бойынша психологиялық, педагогикалық, физиологиялық зерттеу
жүргізуге жағдай туды. Тамыр соғуы ағзаның маңызды жүйесі қан айналымының
жұмысын көрсетеді. Барынша қарапайым және таралған тамыр соғуын саусақпен
тексеру (пальпаторлы) әдісі.Тамырдың соғуын сабаққа дейін және сабақтан
кейін 5-10 минут өткен соң 10 секунд аралығында жүргізіледі. Нәтижесінде
тамырдың соғуы жұмысқа дейін 1 минутта 60 рет ұрады, сабақтың барысында 70,
90, 95, 120, 140, 130, 135, 120, 140, 90, жұмыстан соң 70 рет ұрады. Жұмыс
қабілетінің өсуіндегі біртін –біртелі принципінің бұзылуы сабақтың дұрыс
басталмауына әкеледі. Жұмыс қабілеттілігін бақылау және өзін-өзі бақылау
сабақ өткізудің қажетті элементтерінің бірі.
Сабақ басқа сабақтар тәрізді 3 бөлімнен тұрады: дайындық,
негізгі және қорытынды. Одан әрі жүктелген міндет бойынша бөлшектеп
талдауға кіріседі.
Дайындық бөліміне: оқушыларды ұйымдастыру, шешіну орнын тәртіпке
келтіру, киімді және пайдаланылатын спорт құрал-саймандарын дайындау,
қысқаша кезекшінің нұсқауы, оқушыларды спорт алаңына шығар алдында сапқа
тұрғызу кіреді. Сабақты құру қызметі тікелей сабақтың басында әр түрлі
әрекеттер атқаруы мүмкін, Сабақ басталар алдында бір қатарға тұрғызу,
рапорт беру, назарға арнайы жаттығулар, сабақтың міндетін түсіндіру
Сабақтың барысында сапқа тұруға үйрету, бұйрықтарды анық
орындауға үйрету, дұрыс дене мүсінін қалыптастыруды үйретеміз.
Дайындық және оның орындалуына ұзақ уақыт талап етілмейтін және
жеңіл мөлшерленетін жаттығулармен: жүру, жүгіру, секіру, жалпы дамыту
жаттығулары, қарапайым би адамдары. Оларды орындау кезінде оқытып үйрету
және жетілдіру, шапшаңдықты дамыту тәрбиелеу жұмыстары жүреді.
Сабақтың дайындық бөлімінде шешілетін міндеттердің арасында
жаттығудың мағыналық үйлесімділікпен және физиологиялық қозғаушы күштермен
қарастырылуы тиіс. Мыс: дамыту жатығулары мын реттілік сақталады: созылу,
қолға және иық белдеулеріне арналған жаттығулар, аяқ, қолға арналған
жаттығулар, тізені бүгу, кеудеге арналған жаттығулар, секірулер, босаңсуға
арналған жаттығулар.
Сабақтың дайындық бөлімі басқа бөлімдермен байланыста болуы тиіс.
Сабақ басталар алдындағы жаттығулар негізгі уақыттың 10-20 пайызы бөлінеді,
мектептегі сабаққа 5-12 мин, спорттың жаттығу сабағына 30-40 минутқа дейін.
Сабақтың күрделі міндеттерін шешу негізгі бөлім.-Сабақты ұйымдастыру әдісі
оқушылар шұғылданатын орындағы спорт қондырғыларының орналасуына (зал,
стадион, спорт алаңы т.б) байланысты. Сабақ ұйымдастырудың 3 әдісі:
Фронталді әдіс- оқу материалы бойынша барлық оқушылармен бір
уақытта жұмыс істейді.
Сабақты топпен өткізу әдісі-оқушылар топтарға бөлініп, әр топ
жеке тапсырмалар алады. Оқытушы барлық оқушыларды өз бақылауында ұстап, бір
топпен басымырақ жұмыс жүргізеді немесе кезекпен бірінен кейін келесі
топқа өтеді.
Жеке өткізу әдісі-Әрбір оқушы жеке тапсырма алып, оны өздігінен
орындайды. Бастауыш сынып оқушыларымен дене тәрбиесі сабағының фронталді
әдіспен жиі өткізеді, жас ерекшелігіне қарай олар қозғалыстағы қажетті
мүмкіндікті меңгеруге қабілетсіз. Топтық әдісті-спортшы, гимнастармен, жеке
әдісті-жеңіл атлеттермен жүргізген тиімді.
Сабақтың басталуы фроньталды әдіс, негізгі бөлімде топқа бөлінеді,
олармен жеке жұмыс жүргізіледі, сабақтың соңында қайтадан фроньталді
әдіспен аяқтайды.
Көмекші- құралын күшейту үшін спорт қондырғыларын орнату, жинау,
ауырлықты алып жүруді үйрету, ұжымдағы тәртіпті, ұқыпты жұмыс істей білуге
тәрбиелеу үшін пайдаланылады. Қозғалыс тәсілінің мына элементтеріне назар
аударыңдар және оны топтағы оқушылардың қаншалықты меңгергенін талдауға
тырысыңдар деп өз бетінше және жалпы дамыту жаттығуларын ұсынады, зерттеу,
үйрету үшін минограмма, сызба үлгі, суреттер т.б береді.
Әңгіме, кеңес беру, тапқырлықты, ептілікті, қиын жағдайда жол
таба білуге талап етілетін шұғылданушылардың алдына міндет қою. Сабақтың
әдістемесін анықтайтын 2 тәсіл бар: бір уақытта және кезекпен 1-шісінде
оқушылар қызмет түрлерін барлық түрін орындайды. 2-ші әрқайсысы кезекпен
орындайды. Екі әдіспен оқушылар үзіліссіз (ағыммен) немесе арақашықтықпен
жұмыс істейді. Үзіліссіз, толассыз орындаудың мәні оқушылар жаттығуларды
бірінен кейін бірін дем алмай орындайды. Сабақты өткізу барысында жарақат
алмау жолдарына назар аудару қажет. Мыс: жаттығулар орындау кезінде (суға
секіру, антробатика, семсерлесу, спорттық) құлау, қарсыластың қаты соққысы,
ауруды сезіну алдын ала ескерілетін шара. Дәрігерге дейінгі көмек дене
жаттығулары сабағында мұғалім жұмысының маңызды жақтарыының бірі.
Спорт қондырғыларын жинау, сабақтың аяқталуына қарай сапқа қайта тұру.
Сабақтың қорытынды бөлімі әр түрлі күш қуаты дәрежесімен
қозғалысты еркін орындай білуге біртіндеп күшін, қарқынын, жатығу
жылдамдығын төмендетіп түсіру, назарын оқуға, еңбекке, демалысқа аудара
білуге үйрету. Жеңіл жаттығулар таңдап алынады: жеңіл жүру, жүру, қарапайым
қозғалыстар. Үйге берілген тапсырмаға ерекше назар аудару керек. Сабақтар
мен дене тәрбиесі жүйесінің бөлшегі ғана, өз бетінше жаттығумен, жарысқа
қатысумен, ойынмен т.б толықтырылады. Үй тапсырмасын бағаламау шұғылданудың
сабақтың және сабақтан тыс жұмыс түрлерінің байланысын бұзады.
4. Бастауыш мектептегі дене тәрбиесі сабақтарында қолданылатын көрнекі
құралдардың ерекшеліктері.
К.Д.Утинский көрнекілік жайындағы ілімді дамыта келіп, көрнекілік-
балалардың психалогиялық ерекшеліктеріне жауап береді, балалар заттардың
пішіні, дыбысы, бояуы арқылы ойлайды деді.
Көрнекі құралдарды көрсету қозғалыс әрекетінің заттық бейнесін ұғып
қабылдауға арналған. Көрсетудің нақтылы педагогикалық міндеттерімен
байланысқанда ғана дидактикалық маңызы болады. Оның көмекші болып талапқа
сай тиімді әсері болуы басқа әдістермен үйлестірілгенде ғана іске
асады.Көрнекі құрал мөлшері, көлемі, түрі, түсі, маңызы, мазмұны және өз
элементтерін сызбалық (графикалық) кескіндеулерді түйсіну, ұғыну
принциптеріне сәйкес болуы тиіс. Әрбір көрнекі құралдың түрін көрсетуде
кейбір әдістемелік ережелер есепке алынып жүргізіледі.
Плакат (мәтіні қысқа, нақты әрі ұтымды сурет) қозғалыс әрекетін
көрсету кезінде түсіндірілуі, көрсетілуі қиын сәттерді дәл көрсетуі тиіс.
Сондықтан кескіндеу оқушылардың майда бөлшектерге көңіл аударып, басты
мәселеден ауытқымауынан сақтандыруы қажет. Әсіресе мазмұнына қарай ең
маңыздысы, ең бағалы, құндысы қозғалыс әрекетінде дәйектілік, бірізділік
және қозғалыстың бір уақытта орындалуын кескіндеп көрсететін плакаттар
болып табылады.
Егер мұғалім эстетикалық жағынан жақсы кескіндей алса, плакатқа сурет
салуда басымдылық қабілеті болса тақтаға бормен салынған кескіндеме
суреттерді пайдалануға болады.
Біріншіден қозғалыс әрекетінің элементтерінің жекелеген
кескіндерін бірізділікпен салып, кезекті қозғалыс кезеңдерінде әдістің
негізгі және бөлшектері жайлы барынша есте қаларлықтай мағлұмат беруге
болады.
Екіншіден, сурет өте қарапайым, оқушылардың назарын
аудармайтындай бөлшектермен миды ашытатындай үйіп тасталмаған болуы тиіс.
Үшіншіден, тақтаға салынған сурет шапшаң, тез, қолма-қол
көрсету әдісі болып табылады. Мұны мұғалім сабақтың кез келген уақытында
қосымша уақыт шығындамай пайдалануына болады.
Салынған сурет. Оқушылардың өздерінің нұсқалы пішін түрінде салған
суреті оның өзінің жеке қозғалыс әрекетін ұғынуына, графикалық айтуына,
көрнекі түрде ойланып орындауына, өзінің қателігін табуына мүмкіндік
береді.
Пәндік оқу құралы. Пәндік оқу құралы салыстырмалы түрде шектелген
дидактикалық мүмкіндіктермен қабілетті болады. Көлемдік және жазықтық
топсалы үлгілері дененің жекелеген мүшелерінің қозғалыстарын, қозғалыс
траекториясы мен амплитудасын, кеңістіктегі дененің қозғалысын көрсетуге
мүмкіндік береді.
Кинофильм. Педагогикалық қызмет барысында кинофильмді көрсетудің
барлық техникалық қиындықтарына қарамастан орасан зор дидактикалық
мүмкіндіктері бар.
Кинофильмнің көмегімен жоғары спорттық шеберлігі деңгейінде қозғалыс
әрекетін орындауды көп рет қайталап көрсетуге, сонымен бірге әр түрлі
жазықтықта оның бөлшектерін үлкейтіп, дәл көрсетуге болады. Қозғалысты
көрнекілікпен қабылдау үшін, оны жоғары жиілікпен түсірген кинофильмнің
үлкен маңызы бар. Кинофильмнің түсіру жылдамдығынан аз жылдамдықпен
шығарылған кескіні киноэкранда баяулатылған қозғалысты, яғни оның барлық
қозғалыс-қимыл бөлшектерін қарап, көруге мүмкіндік береді.
Дыбыспен және сәулемен белгі беру қозғалыс әрекетінің (немесе жеке
қозғалыстың) басталуы және аяқталуы үшін қажетті есіту және көру
бағдарларын жасайды, белгілі бір қозғалыс қарқынының бағытын, амплитудасын
және т.б туғызады.
Қозғалыс әрекетінің орындалуы жайлы жедел хабар беру үшін арнайы
құралдар, электро нысана, электродыбыс лидерлері кең тарай бастады (Мысалы,
гимнаст тербелісінің мөлшері).

Үшінші лекция: Сабаќта дене ж‰ктемелерін мµлшерлеп бµлу

Жоспары: 1.Сабаќта дене ж‰ктемелерін мµлшерлеп бµлу әдіс-тәсілдері.
2.Шаршаудың шартты белгілері.
3. Сабаќтыњ жалпы жєне моторлы тыѓыздыѓы.
Лекцияның мақсаты : Сабаќта дене ж‰ктемелерін мµлшерлеп бµлу әдіс-
тәсілдерін меңгерту, талдау.
Дене ж‰ктемесі – б±л ш±ѓылданушылардыњ аѓзасына дене жаттыѓуларыныњ
белгілі бір єсер ету шамасы. Ж‰ктеменіњ мµлшері – б±л кµлемініњ
параметрлерімен жєне µнімділігімен µлшенетін оныњ аныќталѓан шамасы.
Ж‰ктемені мµлшерлеу (дозировка) оныњ кµлемі мен ќарќындылыѓын ќатањ
уаќытпен мµлшерлеу (регламентациялау) болып табылады.
Ж‰ктеменіњ кµлемі орындалѓан жаттыѓулардыњ санымен, ш±ѓылдануѓа
ж±мылѓан уаќытпен, ара ќашыќтыќты баѓындырѓан километражбен жєне басќа
кµрсеткіштермен аныќталады.
¤німділік ќозѓалыс ќарќыны жєне жылдамдыќ кµсеткіштері, ‰деу, ж‰рек
ќан тамыры соѓу жиілігі кµрсеткіштерімен сипатталады.
Дене жаттыѓуларын орындау кезінде олардыњ арасындаѓы байланыс кері
пропорционалды тєуелділікті кµрсетеді, яѓни неѓ±рлым ж‰ктеме кµлемі кµп
болѓан сайын, µнімділік соншалыќты аз немесе керісінше. Б±лшыќ ет ж±мысыныњ
сипатына ќарай ж‰ктемелер стандартты жєне айнымалы болуы м‰мкін.
Ж‰ктеменіњ ыќпалы єсері орындалѓан ж±мысќа аѓзаныњ реакциясы болып
табылады. Оныњ кµрсеткіштері-ж‰рек соѓуы жиілігі жєне оќушылардыњ сыртќы
шаршау белгісі. Дене ж‰ктемелері кезіндегі шаршау дєрежесі бойынша сыртќы
белгілерініњ бірте-бірте сатылануы (градациясы) 1 – кестеде кµрсетілген.

Шаршаудыњ сыртќы белгілері
Белгілері Шаршау дєрежесі
жењіл Елеулі ¤те ‰лкен
Бет жєне Аз ѓана Елеулі ќызарѓанТез ќызарту, ќуќыл тарту,
кеуде ќызарѓан ерінніњ кµгеруі
терісініњ
т‰сі
Тершењдік Аз ѓана, ‡лкен, басы ¤те к‰шті, т±здыњ бµлінуі
жиірек жєне кеудесі
бетінде
Тыныс алу Жиілеген, Елеулі Тез жиілеген, шала шарпы,
бірќалыпты жиілеген, демігудіњ пайда болуы
кезењдермей
ауыз арќылы
Ќозѓалыс Б±зылмаѓан Сенімсіз Тењселу, ќозѓалыс
‰йлесімділігініњ б±зылуы, аяќ
ќолдыњ дірілдеуі
Ыќылас, назарЌатесіз Б±йрыќты Тапсырманы баяу орындау,
орындаудаѓы дєлекінші рет б±йырѓанда орындау
еместік
¤зін-µзі Шаѓым жоќ Шаршауѓа К‰шті шаршау, аяќтыњ ауыруы,
сезінуі шаѓымдану, бас айналу, демігу, ќ±лаќ
ж‰ректіњ жиі шулау, бас ауру, ќ±сќысы келу
соѓуы, демігу

Жоѓарыда кµрсетілген барлыќ кµрсеткіштер єрт‰рлі дењгейде жєне
єрт‰рлі ќатынаста ш±ѓылданушылар аѓзасына дене ж‰ктемелерініњ єсер ету
мµлшерін кµрсетеді, яѓни ш±ѓылдану сабаѓы процесінде ж‰ктемені аныќтауѓа
жєне реттеуге м‰мкіндік береді.
Ж‰ктемені ‰йлесімді мµлшерлеудіњ (дозирования) ілімдік-єдістемелік
негізін аѓзаныњ дене жаттыѓуларыныњ жаттыќќандыќтыњ дамуыныњ єсер етуіне
бейімделу зањдылыќтары ќ±райды.
Осыдан келіп келесі єдістемелік ереже т±жырымдалѓан жєне ѓылыми
негізделген: жаттыѓу єсерін ќамтамасыз ететін ж‰ктеменіњ сєйкестігі
(аѓзаныњ жеке ќызметтік м‰мкіндіктері), ж‰ктемені біртіндеп артуы
(ќызметтік м‰мкіндіктерін ќамтамасыздандыратын), ж‰ктеменіњ ж‰йелілігі
(олардыњ бір ізділігі жєне ‰зіліссіздігі).
Дене ж‰ктемелері єрбір наќтылы жаѓдайда µз параметрлері бойынша
‰йлесімді болуы тиіс (кµлемі, ќарќыны, демалыс аралыѓы), яѓни жаттыѓудыњ
тиімділік єсерін ќамтамасыз етеді. Жеткіліксіз дєрежедегі ж‰ктеменіњ тиімді
єсері болмайды, µйткені оќытып, ‰йрету уаќытын жоѓалтуѓа єкеледі, ал
шамадан артыќ ж‰ктеме аѓзаѓа зиян келтіреді.
Егер ж‰ктеме бірќалыпты болып µзгермесе, онда оныњ єсеріне аѓза
даѓдыланып дамыту ыќпалын жоѓалтады, сондыќтан дене ж‰ктемелерін біртіндеп
арттыру міндетті талап болып табылады.
Дене ж‰ктемелеріне аѓза реакциясыныњ кµрсеткіштеріне іс тєжірибеде
барынша аќпаратты, ‰йлесімді жєне кењ ауќымда пайдаланылатын ж‰рек
соѓысыныњ жиілігі (ЖСЖ) болып табылады.
Ж‰рек ќан тамыры ж‰йесініњ ќызметтік м‰мкіндіктерін арттыру
маќсатында ж‰ктемені мµлшерлеу кезінде олардыњ шамасы ЖСЖ кµрсеткіші
бойынша минутына 130 рет соѓудан тµмен болмауы тиіс (м±нда ж‰ректіњ
максимальды соѓу кµлемі байќалады). Сондыќтан, ЖСЖ минутына 130 рет соѓуѓа
тењ болса ж‰ктеме мµлшері жаттыѓу ж‰ктемесініњ бастамасына сєйкес келеді.
Сауыќтыру маќсатында ж‰ктеменіњ ‰йлесімді кµлемі (диапазоны)
ш±ѓылдану сабаѓында ЖСЖ минутына 130 дан 170 рет соѓуѓа дейінгі аралыќта
болады (А.А.Виру, 1988ж).Орташа ќарќындылыќтаѓы ж‰ктеменіњ кµлемі минутына
ЖСЖ 130-160 рет соѓуды, ал ‰лкен ќарќындаѓы минутына 161-175 рет.
Дене ж‰ктемелерін ќатањ реттеу жєне олардыњ демалыспен
кезектестірілуі органдардыњ жєне мектеп жасындаѓы балалардыњ аѓза
ќ±рылымыныњ ќызметтік жандануына дене жаттыѓуларыныњ баѓытты єсер етуін
ќамтамасыз етеді.
Дене тєрбиесі сабаѓында ж‰ктеменіњ параметрлерін реттеуге кµптеген
єрт‰рлі єдістер жєне єдістемелік тєсілдермен ќол жеткізуге болады, олардыњ
ішінде барынша тиімдісі жєне орындауѓа ќолайлысы мыналар:
- ќайсы бір жаттыѓудыњ ќайталау санын µзгерту;
- жаттыѓудыњ жиынтыќ санын µзгерту;
- ќайсы бір жаттыѓудыњ орындалу жылдамдыѓын µзгерту;
- ќозѓалыс амплитудасын арттыру немесе азайту;
- сыртќы ауырлыќ мµлшерін т‰рлендіру;
- к‰рделіленген немесе жењілдетілген жаѓдайда жаттыѓуларды орындау (мысалы,
ќырѓа, ќыратќа ж‰гіру немесе стадионныњ ж‰гіру жолаѓымен ж‰гіру жєне
ќ±мда ж‰гіру жєне т.б.);
- бастапќы ќалпын µзгерту (мысалы, жартылай отырып жєне отырып жоѓары
секіру, еденде жєне орындыќќа ќолды тіреп б‰гіп, жазу жєне т.б.);
- ж‰гіру, суѓа ж‰зу, шањѓымен ж‰гіру ара ќашыќтыѓын µзгерту;
- спорт ойындарында сабаќты єдеттегі, ‰лкейтілген немесе кішірейтілген
алањда µткізу;
- ќолданылатын єдістерді т‰рлендіру (бірќалыпты, ойындыќ, жарыстыќ жєне
т.б.);
- жаттыѓуларды орындау арасында уаќыт жєне демалыс сипатын арттыру немесе
азайту.
Єрбір наќтылы жаѓдайда оќытушы сабаќтыњ міндеттерін тиімді шешу ‰шін дене
ж‰темелерін реттеудіњ барынша тиімді єдістерін ќолданады.
Сабаќтыњ жалпы жєне моторлы тыѓыздыѓы. Сабаќтыњ тиімді єсерлілік
кµрсеткіштерініњ бірі оныњ тыѓыздыѓы болып табылады. Сабаќ тыѓыздыѓын
б‰тіндей жєне бµліктермен аныќтау ќажет. Б±л сабаќтыњ дайындыќ, негізгі
жєне ќорытынды бµлімдеріндегі ж±мыстарды ±йымдастырудыњ єрт‰рлі
м‰мкіндіктерімен жєне жаѓдайларымен байланысты. Сабаќќа немесе оныњ
бµлімдеріне ж±мсалѓан жалпы уаќыт 100 ден ќабылданады. Сабаќтыњ тыѓыздыѓы
жалпы (педагогикалыќ) жєне моторлы (ќозѓалыстыќ) болып айырмаланады.
Сабаќтыњ жалпы тыѓыздыѓы – б±л сабаќтыњ жалпы уаќытындаѓы аќталѓан
педагогикалыќ ж±мсалѓан уаќыттыњ ќатынасы. Сабаќтыњ жалпы тыѓыздыѓы µзіне
келесі педагогикалыќ маќсатќа лайыќ шараларды кіргізеді (В.Ф.Новосельский,
1989):
1 оќушыларды ‰й тапсырмасын тексеруге, оќу, ‰йрету міндеттерін
белгілеуге ±йымдастыру;
2 ілімдік мєліметтерді т‰сіндіру жєне бекіту;
3 жалпы дамыту жаттыѓуларын µткізу;
4 н±сќау беру, реттеу, т‰зету (ќателерді жµндеу), кµмектесу,
с‰йемелдеу;
5 спорт ќондырѓыларын дайындау жєне жинау, сабаќта оќушыларды ќажет
жаѓдайда орын ауыстыру, ќозѓалту жєне т.б.;
6 дене жаттыѓуларыныњ єдістерін ‰йрету, дене сапаларын тєрбиелеу;
7 оќушыларды єдістемелік дайындау, µздігінен ш±ѓылдана білуін,
сонымен бірге ±йымдастыру даѓдыларын ќалыптастыру;
8 оќушылар мотивациясын;
9 кµрнекілік ќ±ралдарын техникалыќ ќ±ралдарды, жаттыѓуды кµрсетуді
пайдалану;
10 педагогикалыќ баќылау;
11 ќорытындылау, босањсыту жаттыѓуларын орындау, ‰й тапсырмасын
белгілеу;
12 сабаќтаѓы тєрбие ж±мысы.
Сабаќтыњ немесе оны бµлімдерініњ жалпы тыѓыздыѓын (ЖТ) аныќтау ‰шін
сабаќтаѓы белсенді ќызметтіњ (БЌ) уаќыт кµрсеткіші ќосылады. Б±ѓан дене
жаттыѓуларын орындауѓа ж±мсалѓан уаќыт, м±ѓалім тапсырмасын тыњдау, баќылау
жєне сабаќты ±йымдастыру кіреді (яѓни к‰ткен, босќа к‰ткен уаќыттан бµлек).
Сабаќтыњ моторлы тыѓыздыѓы (МТ) – б±л оќушылардыњ ќозѓалыс єрекетіне
тікелей пайданылѓан уаќыт бірлігініњ, сабаќтыњ жалпы созылу уаќытына
ќатынасы.
Сабаќтыњ моторлы тыѓыздыѓын (МТ) есептеп шыѓару ‰шін дене
жаттыѓуларын орындауѓа ж±мсалѓан уаќытты t дене жаттыѓуы 100% кµбейтіп жєне
жалпы сабаќтаѓы ш±ѓылдану уаќытына t жалпы бµлеміз:
МТ = t дене жат. •100%
t жалпы
Сабаќ процесінде моторлы тыѓыздыќ ‰немі ауысып отырады. Б±лай болу
себебін бєрінен б±рын ќолданылатын жаттыѓулардыњ мазм±ныныњ
айырмашылыѓынан, оны орындайтын орынныњ м‰мкіндігінен жєне ќолдану єдісінен
екенін т‰сінген д±рыс.
Сабаќтыњ моторлы тыѓыздыѓы кµрсеткіштерініњ µзгеруі сабаќтыњ типіне
де тєуелді, осылай ќозѓалыс єдістерін жетілдіру жєне дене сапаларын дамыту
сабаѓында ол 70-80% жетуі м‰мкін, ал ќозѓалыс єрекетін ‰йрену жєне білімді
ќалыптастыру сабаќтарында ш±ѓылданушылардыњ аќыл-ой ќызметіне елеулі уаќыт
ж±мсалуы талап етілетін болѓандыќтан, моторлы тыѓыздыњ 50% дењгейінде
болады.
Сабаќтыњ моторлы тыѓыздыѓыныњ мањыздылыѓына ќарамастан, ол 100 жете
алмайды, µйткені кері жаѓдайда оќу материалын т‰сіндіруге, оны оќушылардыњ
±ѓынуына, ќателерді талдауѓа, м‰мкіндік болмай, ол б‰тіндей оќу ж±мысыныњ
сапасымен тиімділігініњ тµмендеуіне єкелер еді.
Дене жаттыѓуларымен ш±ѓылдану барысында даѓдыларын ќалыптастыру
Оќушылардыњ оќу ќызметініњ белгілі бір міндеттерді шешуге сабаќты
±йымдастыру формасы ретінде оќытушылардыњ µзбетінше дербес ж±мысы алѓа
шыѓады.
Дербес ж±мыстыњ негізгі, спецификалыќ маќсаты оќушылардыњ дербес,
µзбетімен ж±мыс ж‰ргізуін ќалыптастыру болып табылады.
Дербес ж±мыстыњ бастапќы белгісі оќушылардыњ басќалардыњ кµмегінсіз
немесе салыстырмалы т‰рде аз ѓана кµмегімен µздігінен ж±мыс атќаруы болып
табылады.
Дербестік дєрежесі оќушылардыњ жасы жєне таным м‰мкіндіктеріне
байланысты. Майда мектеп жасындаѓы балаларда дербестік, яѓни µздігінен
єрекет жасау бірнеше кезекте еліктеу, кµз алдына елестету (келтіру)
єрекетінде кµрінеді. Орта жєне жоѓары сыныптар жасында дербес ж±мыстар
былай ж‰ргізіледі: 1 єрт‰рлі білім кµздерімен, яѓни дене тєрбиесі саласы
бойынша оќулыќтармен, оќу жєне кµрнекті ќ±ралдармен, жаттыѓу
тапсырыстардаѓы, баќылау-оќыту тапсырмаларындаѓы, оќыту баѓдарламаларындаѓы
±сынылѓан жєне алгоритмдік ±йѓарымдар принципі бойынша жасалынѓан жєне т.б.
оќу материалдарымен іс ж‰зіндегі дербес ж±мыстар.
Дене тєрбиесінен оќу жєне кµрнекілік ќ±ралдарымен дербес ж±мыс
оќушылардыњ оќытушыныњ с±раѓына берген жауабынан кµрінеді (мєтінді
оќыѓаннан кейінгі, кµрнекілік ќ±ралын кµргеннен кейін) немесе білімді
баќылау баѓдарламасы бойынша жауапты тањдау варианты мен (білімді
баѓдарланѓан баќылау).
Баќылау-‰йрету тапсырмасы (тапсырма-н±сќау) оќушылардыњ сабаќтыњ
міндеті ескеріліп дербес шыѓармашылыќ ќызметіне баѓытталѓан. Олар єрбір
сынып, сабаќ, оќытып, ‰йрету сатысы ‰шін µњделіп жасалынады.
Дене тєрбиесі сабаѓында келесі баќылау-‰йрету тапсырмалары
ќолданылады: а ќозѓалыс біліктілігімен даѓдыларын ќалыптастыру; є жалпы
жєне арнайы дене дайындыѓы; б ќозѓалыс єрекетін ±йымдастырудыњ тиімді
формаларын, жеке жєне топтыќ жаттыѓуларында, ойындарда жєне сайыстарда
тєсілдік єдістердіњ маќсатќа сєйкестігін ±ѓыну.
Тапсырманыњ бірінші бµлімін оќытып, ‰йрету баѓытында болады (мысалы,
ќыздырынуѓа ±сынылѓан жекеленген жаттыѓулардан олардыњ ж‰йелілігі саќталып
жаттыѓулар кешенін ќ±ру (мысалы, ќ±растырылѓан жаттыѓу кешенін ќолданып
сыныппен ќыздырынуды µткізу).
Алгоритмдік типпен оќытып, ‰йрету баѓдарламасыныњ ќ±рамына
ж‰йелілікпен к‰рделілігі артатын жєне ќозѓалыс єрекетін табысты мењгеруге
оќушыларды біртіндеп келтіруге баѓытталѓан µзара байланыстаѓы оќу
тапсырмаларыныњ кешені кіреді.
Б±л жаттыѓу кешені оќу тапсырмаларыныњ 5-6 сериясынан т±рады. Бірінші
сериясы ‰йретілетін ќозѓалыс єрекетін мењгеру ‰шін ќажетті оќушылардыњ дене
дайындыѓы дењгейін арттыруѓа баѓытталѓан жаттыѓулардан т±рады. Екінші –
‰йретілетін негізгі ќозѓалыс єрекетпен, немесе негізгі элементін мењгеру.
‡шінші – ‰йретілетін ќозѓалысты орындауды ќамтамасыз ететін жаттыѓулар.
Тµртінші жєне бесінші сериялар – ќозѓалыс єрекеті єдістерін жекелеген
бµліктермен (эленменттермен) ‰йретумен байланысты жаттыѓулар. Алтыншы серия
– єдістерді жетілдіруге баѓытталѓан жаттыѓулар.

Бақылау сұрақтары:
1.Сабаќта дене ж‰ктемелерін мµлшерлеп бµлу әдіс-тәсілдері.
2.Шаршаудың шартты белгілері.
3. Сабаќтыњ жалпы жєне моторлы тыѓыздыѓы.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесі
2 – сынып математика сабақтарында оқытудың тәрбиелік функциясын жүзеге асыру
Мектепте еңбек тәрбиесін ұйымдастыру жолдары
Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру формалары және оларға ғылыми- әдіснамалық сараптама
Дене шынықтыру сабақтарындағы дене тәрбиесінің принциптері
Мектептегі дене шынықтыру сабақтарында дене тәрбиесі әдістерін қолдану
Музыкалық тәрбиенің тенденциялары
Мектеп оқушыларының спортқа деген тұрақты қызығушылығы жәнеқабілеттерін дамыту
Дене тәрбиесі ғылым ретінде
Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру
Пәндер