Әлемдік әдебиет аясында болмыс бітім



1 Ауыз әдебиеті мұрасы
2 Ауыз әдебиетінің өзіндік сыр . сипаты
3 Эпикалық жанрға жататын діни дастандар
Әлемдік әдебиет аясында болмыс бітім, жүріп өткен жолымен ішкі әлеуетінен туындайтын бағыты айрықша болып табылатын қазақ әдебиеті – ғаламдық үйлесімділікте орны бар ұлт руханиятының басты арнасы. «Әдебиет- ұлттың жаны» осы тұжырымды шығыстың да, батыстың да ғұламалары айтқан. «Шер толқып қытып шығарған таза мінсіз асыл сөз» - ұлт қасиетінің белгісі. Шер – көркемөнер табиғатымен біте қайнасқан мұң- қайғы ғана емес, қаһар мен намыста. Бірі жүректі қозғаған, екіншісі қанды қыздырған осы ұғымдар ұлтты ұлт етті дей аламыз. Дүниедегі ең қатал сын- тағдыр мен тарих сыны. Жүріп өткен жолына қарасақ, Қазақ халқы қай сынан болсын мүдірмей өтіпті. (1-203б) Бұл сын талқысына бүкіл бір ұлттың өзі ғана емес, оның рухани байлығы саналатын әдебиетіде бірге өтері анық. Дәл, бұл сынан қазақ халқының сөз өнеріде шет қала қоймады.
1.Өмірәлиев Қ. Қазақ поэзиясының жанры және стилі. –Алматы: Ғылым, 1983
2.Сакулин П.Н. Филология и культурология.-Москва: Высшая школа,1990
3.Тоғжан ұлы Ғ.Әдебиет жаңа жын мәселелері.-Қызылорда: «Еңбекші қазақ», 1929.
4. Р.Бердібай Эпос - ел қазынасы.Алматы «Рауан»баспасы, 1995ж
5.Борунков Ю.Ф. ЯблоковИ.Н. Основы религиоведения.-Москва: Васшая школа,2000
6.Садвокасова С.С. О значении ВУЗ-а Казахстана//в кн.: Годы рабаоты Васшего педогогического института.- Ташкен: издание Казпедвуза,1928
7.Дербісәлиев Ә.Қазақ даласының жұлдыздары.- Алматы: Рауан 1995
8.А.Қараубаева Ғасырлар мұрасы.-Алматы:Мектеп,1988
9. Алектров А.Е. Народная литература киргизов. «Астраханский вестик», 1894, № 1324
10.С.Қасқабасов Жаназық. Астана:Аударма,2002
11. Бабалар сөзі 5-том Астана-2004
12. Мың бір түн. 5-том; Аударған Қ.Мұхамаеджанов «Аударма» баспасы, Астана -2009ж
13.Т.Ізтілеуов Таңдамалы шығармалар. Алматы: Жазушы баспасы -1973

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Әлемдік әдебиет аясында болмыс бітім, жүріп өткен жолымен ішкі
әлеуетінен туындайтын бағыты айрықша болып табылатын қазақ әдебиеті –
ғаламдық үйлесімділікте орны бар ұлт руханиятының басты арнасы. Әдебиет-
ұлттың жаны. осы тұжырымды шығыстың да, батыстың да ғұламалары айтқан.
Шер толқып қытып шығарған таза мінсіз асыл сөз - ұлт қасиетінің белгісі.
Шер – көркемөнер табиғатымен біте қайнасқан мұң- қайғы ғана емес, қаһар мен
намыста. Бірі жүректі қозғаған, екіншісі қанды қыздырған осы ұғымдар ұлтты
ұлт етті дей аламыз. Дүниедегі ең қатал сын- тағдыр мен тарих сыны. Жүріп
өткен жолына қарасақ, Қазақ халқы қай сынан болсын мүдірмей өтіпті. (1-
203б) Бұл сын талқысына бүкіл бір ұлттың өзі ғана емес, оның рухани байлығы
саналатын әдебиетіде бірге өтері анық. Дәл, бұл сынан қазақ халқының сөз
өнеріде шет қала қоймады.
Орыстың танымал ғалымы П.Н.Сакулиннің тұжырымына қарағанда дәуірлеудің
3-приципі бар. Олар: анналистикалық прицип (Хронололгияға сүйенеді),
гитерогендік принцип ( әдебиетке әсер етті длінген саяси қоғам -дық,
экономикалық факторларды басшылыққа алады), автономдық, яки автогендік
принцип (өнердің өз ерекшелігін негіз етеді). (2-63б) Енді мәселеге ой
көзімен зер салсақ, қазақ әдебиет тануында бастапқы екі принцип орныққанын
байқаймыз.
Әлбетте, әдебиет- белгілі бір қалыпқа сыймайтын, сан салалы
құбылыс. Солай бола тұра, ғылым оны шамасы келгенше жүйелейді. Біз Ресейге
бодан болған дәуірдің шамамен жетпіс жылға созылатын уақытын тұтас Қазақ
ағартушылық кезеңі деп алдықта, әдебиеттегі халықты ағаруға, оянуға,
отаршылдыққа қарсы тұруға жұмылдырылған елшілдік сарынды және осы сарынмен
біте қайнасқан әдеби эстетикалық пайымдарды, концепцияларды байыптадық.
Әдебиеттегі ұлт ағартушылығын батыс пен шығыс, соның ішінде түрлі дәрежеді
етене байланысы бар орыс, мұсылман ағартушылығы контекстінде қарастырдық.
Әсіресе қазақ ағартушылығына мол әсер берген Жадитшілдікті жан-жақты
зерделеуге тырыстық. Зерттеу ретіне қарай түрік (осман, анадолы) және түрік
халықтары ағартушылығын салыстыра сарала -дық. Орасан тақырыпты түгел
қамтып зерттей алдық дей алмаймыз.
Дүниежүзілік исламдық әдебиет бірлігінің басшы тегі үндістандық мұсылман
Абул Хасан ән – Недвей ағылшын отаршылдығынан ел рухын аман сақтап қалған
дін мен діни тіні мықты көркемөнер туралы толғамында: Әдебиет адам
ақылымен пікір - көзқарасын қалыптастыруывна әсер еттетін -дігі даусыз.
Адам сезімін бір қалыпты ұстайтында - әдебиет (3-11б) -деп Әдебиетке құнды
баға берсе. Дәл сол әдебиет қазақ ұлтының, қазақ даласында тіршілік кешкен
әр бір адамының бар болмыс бітімімен тағдыр тауқыметімен діні мен ділімен
бар ой-танымымен біте қайнасып жатыр. Осы тұтастық қағидасы қазақ әдебиеті
деген үлкен диірменнің тасында еріксіз дөңгелетіп кетті.

Ауыз әдебиеті мұрасы жөнінде кең тарап кеткен кей бір шалағай
ұғымдар бәрінен бұрын фольклор туындысының өзіне хас нышандарын
ескермеушіліктен пайда болған. Ауыз екі айтылып, халықтың жадында сақталған
шығармаларда елдің тарихи кезеңдерде орын тепкен оқиғалар жайындағы өз
бағасы да, бастан кешкен наным-сенімдердің де, дүние танымдардың да тізбегі
елес береді. Ең маңыздысы сол мұндай мұраданжұртшылықтың жақсылық, бақыт,
азаттық, теңдік, әділдік туралы мәңгілік үмітімен арманы көрініс табады.
Міне осыншама ұғымдармен сарындардың басын біріктерген шығармаларға әрқашан
тиісті өлшеммен келмесек, бір жақтылықтан арыла алмаймыз. (4-3б)
Ауыз әдебиетінің шығармаларын сөз өнерінің мүлкі деп қараймыз.Бірақ
фольклор жаратылыстарының бұл өлшемге симайтын басқа да қасиеттері
баршылық. Біз бұл кезге лейін ауыз екі туып, таралған мұраны халықтың салт-
санасынан,әдет-ғұрыпынан, дүние танымынан бөлек қарап келдік. Сондықтан
оның бір талай қырларымен сырлары көзден таса қалдырылды. Сәл ұйқасы олақ
немесе түсінігі көне оралымдар мен сарындар кездесе қалса, оның бәрін
фольклордың кемшілігіне ғана жорыдық. Ал шындығынан келгенде осы заманға
дейін ауыз әдебиеті санатында жеткен қандай жанрдың шығармасы болмасын,
халық басынан өткен қилы-қилы жағдайлардың өзінше энциклопедиялық жиындысы
деп қарасақ ғана, оның жан-жақты сипаты танылмақ. (4-4 б)
Ауыз әдебиетінің өзіндік сыр - сипатын, елемеушілігі, оған тек
ағымдағы саяси шаралардың өлшемімен ғана баға берушілік. Фольклор -дың
қанша қымбат үлгілерін көзденн таса етіп келеді. Діни ұғым ұғым араласқан
немесе шығыстық жанрлары байқвлатын жауһар жаратындылар -дан халқымыздың
бірнеше буын әулеті мақрұм қалдырылды. Ал кейіпкер -лерінің аттары тарихта
өмір кешкен қайраткерге ұқсайтын шығармадан саяси астар іздедік, ондай
жырдың бағасы анық көркемдік бітіміне емес, бүгінгі көз қарасымызға сәйкес
келетін яки келмейтіндігіне қарай өлшенеді. Ғылымға, ақихатқа жақын
келмейтін осындай әрекеттер халықтың жырынанда, әнінен де, күйінеде жақсы
білмейтін, тарихи санадан жұрдай жандарды көбейтті.Бұл қасіреттен айығу өзі
оңай болмайтындығын өмірдің өзі көрсетіп келеді. (4-5 б)
Эпикалық жанрға жататын жанрлардың бір тобы-діни дастандар.
Бұлардың көбі ХІХ екінші жартысында және ХХ ғасырдың бас кезінде жеке
кітап болып басылып,халық арасына қисса-хикая деген атпен тараған, жыршы-
жыраулар, репертуарлараынанда берік орын алған. Діни дастандар -ды көпшілік
алдында, мәнерлеп оқып, насихаттау өзгеше дәстүр болып қалыптасқан. Оларды
ежелгі Тұран жерінде қисахан немесе қисашы деп атаған. Қисашылардың рухани
өмірде атқарған өмірі өз алдына зерттеуге лайық сол секілді қисса
хикаяларды қолдан көшіріп көбейтіп, ел арасына тарататын, көшірушіәлердің
еңбегі елеулі болғанын айта кету керек. (4-21 б)
Шындығына келсек, қазақ жұртын, оның әдебиетімен мәдениетін салт -
дәстүрін исламнан қарау мүмкін емес. Жәй ғана қарапайым мысал келтірейік.
Біздің дүниені, айналамыздағы құбылыстарды білдіретін ұғымдарымыздың аты
мен заты- араптік (кейде парсыныңкі), сөздік қорымызда неше пайыз араб сөзі
(қазақтың қалыпқа түскен) бәрін дәл есептеу мүмкін емес. Өйткені ол көп.
Бұл процесті миссионерлік жолмен келді деп қарастырушылар бар. Ғылым
тұрғысынан миссионердің (дін таратушының) болғанын мойындаймыз. Бірақ ислам
дінін тарату мысалы, түрік халықтарының болмысымен намысын аяққа таптап
жүреді дейге нануы қиын. Қазақ әдебиеті тарихында исламды даттаған бірде
бір әпсананы, дастанды, хикаят кездеспейді (біз әдейі араб негізді әдеби
терминдерді қолданып отырмыз). Сонда бұл құбылысты қалай түсіндіреміз. 1,
жүйесіз мажуси мен дүниеге көзқарасы бар жүйелі дінді салыстырыңыз. 2,
Табиғатты тыңда деген түсінікпен ағар, оқы, тазар деген түсінікті
салмақтаңыз. Дені дұрыс адам дін мен ағаруды қалайтындығына дау болмаса
керек. Руханият мәселесіндед үндістанды буддизмнен, ресейді провослав
дінінен, германияны котолик дінінен, Израйл халқын идуализмнен бөліп қарау
ғылыми танымға жат. Бұл мәселеде айталық, Еврей халқы иодизмді- ұлттық
идеологиямыз деп есептейді, ХIX ғасырда олардың (АҚШ пен Батыс Еуропада)
дін және жаңа өмір заңдылықтаврыгн біріктірген нтелектуальдық Хаскала
(ағартушылық деген мағына береді) деген концепсиясы болғаны белгілі. (5-
141б) Бұдан ол ұлт жеңбесе, ұтылған жоқ.
Ислам мәдениетімен бір кеңістікте болғанымызды дәлелдейтін фактінің бірі
– түрік тайпаларынан шыққан бірсыпыра ғұламалар соңында араб тілінде мол
мұра қалғандығы. Өйткені, - ғалым Әбді Саттар дұрыс көрсеткеніндей,- олар
өмір сүрген кезде мұсылман шығысында ғылыммен білім тілі араб немесе парсы
тілі болды. Олардың шығармаларыда бізге сол тілдер арқылы жетті. Бұл
ғалымдарды әдебиетіміздің араб тілінде жазған өкілдері деп қабылдаймыз. (6-
234б)
Сонымен, ғалым А.Қыраубай қызының сөзімен айтқанда, түркі әдебиеті –
көне шығыстан, жер жүзі мәдениетінің дамуынан тұйық жатқан құбылыс емес,
солар мен тығыз байланыстағы дәстүрлі әдебиет. (7-4б) Әрине, ол байланысты
жан-жақты қарастыру қазақ ғылымының қазақ ғылымының көкей кесті міндеті.
Бұл мәселеде біздің материалистік диалектика заңдылықтарына суарылғандүние
танымыз дәтке қуат бермейді. Сондықтан діл тазалығы мен айрықша ой-
тұжырымдар қажет.
Бірақ соңғы сексен жыл ішінде жұртшылық діни дастандарды оқымақ
түгілі аттарында ести алмады.Оның себебі аға буын қауымға түсінкті. Ұзақ
жылдар бойында өктемдік жүргізген әкімшілдік - әміршілдік жүйе саясат дін
атаулыға, әсіресе ислам дініне қатысты құндылықтарға қырын келгені белгілі.
Дүниені түбірімен жаңартамыз деген қызыл сөзбен елеулеп ұранға малданғандар
діннің мәңгілік жасайтын қымбат тұстарын көргісіде, білгісіде келмеді.
Сондықтан діннің тағлымыда, тарихыда үйретілмеді. Осыған байла -нысты
қыруар қазына архивтің терең түкпірінен орын тапты.Ал,дін шарт -тарымен
ғибраттарын түсіндіретін, халық мұрасы болып кеткен аңыз-
әпсаналар,ертегілер, шежірелер, көне сөздер мүлде жиналмады. Діни кітапта
-рын жинау былай тұрсын олардың көзін жоғалту, тіпті өртеп жіберу әдеттегі
іске айналған еді. Мешіттердің жойылуымен бірге солардағы кітаптарда
құрдымға жіберілген.
Адам баласының тарихында кездеспеген жаһил әрекеттер ислам дінінің
тамырын қырқуға бағытталған еді. Мәселенің бір ұшы бұрынғы Ресей
империясының қарауында болған көп теген халықтардың рухани, тірегі болып
келген дінді мүлде мансұқтау саясатымен астасып жатқан болатын. Терең
ойластырлған мұндай зорлықтың өте жүйелі жүргізілгенін әле күнге дейін
толық ұғынып болдық деп ату қиын. (4-22 б)
Патшалық Ресей дәуірінде Қазақстан туралы қалам тартқан миссионерлер
жергілікті халқты ислам дінінен айыру қажет деп қаншама зерттеулер жазғанын
қазіргі жұртшылық мүлде дерлік білмейді. Мәселен, Қазақ жерінде көп жылдар
жұмыс істеген А.Алекторовтың барлық кітаптарының негізгі сарыны қазақтарды
ислам дүниесінен бөліп тастау ниетіне бағындырылғын. (8-69 б)
Қазақстан жайында XVIII – XIX ғасырларда пікір айтқан саяхатшылар
-дың, дипломатардың, географиялық, тарихшылардың көбінің еңбектерінде
исламды құбыжық етіп көрсету – негізгі сарныдардың бірі ...
Қазақ тілінде кітап шығарып үлкен бауырмалдық көрсеткен татар
баспагерлерінің ізгі істерін ғайбаттап, бір беткей қаралаудан таңбаған
миссионерлер болатын.
Кеңес дәуірінде патшалық отаршылар көздеген арман, Халықтар
достығын дәнекерлеу деген сырты жылтылдақ ұранға ұласты; исламдыда оның
символы секілденген араб әліппесін ұмыттыруда жүзеге асырылды. Көптеген
түркі халықтары мың жылдықтар бойы пайдаланып келген араб әліппесінің
көзін жоғалту басқыншылардың ежелгі армандарының орындалуымен бірдей
еді. Әліппесінен айырылып бір сәтте жаппай сауат -сыз елге айналған
қазақтар, өзбектер, татарлар, әзербайжандар келе-келе араб әріптерімен
жазылған сан ғасырлық мәдени мұрасын оқи алмайтын мүшкіл қалге жетті.
Осылайша замандар бойынша жалғасқан мәдени дәстүр үзілді, бұрынғының
қалдырған аманатын білмейтін имандылық тәрбиесінен мақұрым қалған жаңа
буындар пайда болды. Олар өздері оқи алмайтын, араб әріпімен жазылған, әрі
үздіксіз жамандалған мұраға мойын бұрыпта қараған жоқ. Діни дастандар деп
аталатын көркем сөз мүлкіде ескіше зиянды деген атқа ұшырады. Қоғам
өмірінде соңғы жылдаржда орын тепкен күрделі өзгерістер рухани мұраны не
ғұрлым тұтас күйінде танып білуге де, оны ел игілігіне жаратуға мүмкіндік
беріп отыр. Бұндай оң қадамдар ауыз йәдебиетіне де қатысты.Соның бір
мысалы діни дастандарды тексеруге, жарыққа шығаруға жол ашылғандығы. Ғылым
адлдында ондаған жылдар бойында қойылған тосқауыл бұзылғанын, жалпы
адамзаттық құндылықтар халыққа қайта орала бастағандығын көреміз.
Әлбетте көп уақыттан бері тұмшаланып келген, мағынасы теріске жорыған
кері тартпа, зиянды деп есептелген қол жазбалар мен парақтары көнеріп,
көмескілшенген оқуға да, түсінуге де ауырлық келтіретін ескерткіш -терді
толық қалпында жамағатшылыққа ұсыну үшін бір талай дайындық жұмыстар
жүргізілуі тиіс.
Соған қарамастан оқушы жұртшылыққа бұл мұраның жекеленген нұсқаларын
ұсына беру қажеттігіде бар деп білеміз. Діни дастандарға тән ортақ
ұқсастықтар мен сарындар оның әр бір шығармасынан да, белгілі дәрежеде
көрініс бергендей...
Өзінің құрылысы, көркемдік тәсілдері жағынан алып қарағанда батырлар
жырымен діни дастандар арасында ұқсастық мол. Ол, бәрінен бұрын
қаһарманнның ғажайып туысы, жедел ер жетуі, соғыста ерекше күш қайратымен
көрінуі, жауды жеңіп мұратқа жетуі қысылғанда ғайыптан көмекке келу секілді
дәстүрлі желілерден байқалады.
Адамдарды қанағатишылыққа, сабырлылыққа, бір алла хақ деп білуге
шақыруы, сенім жолында шейт болғандықты мәртебе деп көрсетуі, адалдыққа,
имандылыққа қайырымдылыққа үндеуі, үлкенді- кішілі діни дастандардың ортақ
желісі деуге болады. Пенделердің Алла дидарын көргені, Жәннәт ғадиндегі
хорлар баяны дейтін шығармаладыңда айтпағы осы. Бұл қиссаларда діни
білімнен хабары жоқ оқушының түсінігіне ауыр араб сөздерімен тіркестері
көп, өлеңдік жағыда аса шебер деуге келмейді. Сонда да болса, бұларда
айтылмақ ойдың түп қазығын, асыл аңсарын пайымдауға болады. Өлеңнің кейбір
шумақтарымен жолдары ескі Ора Азиялық Түркінің тіл құрамына жақын келетін
тұстары да бар. Мұндай аралас тілді шығармалар бұрын аз болмаған. Қазақ
арасына ислам ұғымдарымен дәстүрлері көпнесе осы тектес туындылар арқылы
тараған. Сондықтан діни қисса дастандарының тілін қазақ әдеби тілінің
өзгеше бір саласы деп қараған. Араб, парсы сөздері аса қажет тұстарда,
табиғи қажеттіліктен тұр. (4-23 б)Тіл жағдайы бір басқа ал діни бағытттағы
шығарма -ларының бізге үндес мұраттас келетін тұстарын бірінші кезекке
шығарып көрсетуіміз керек. Адамдарды ысырапшылыдықтан, нысапсыз -дықтан,
қомағайлықтар ірку үшін ойлап табылған қиял әлемінің өзі қандай мағыналы.
Дүниеден өз нәпсісін тиған адам, осындай хорды құшып,ізет көрер - деген
жолдар халықты көз жұмбай қызық құмарлықтан, ойсыз жүрістен тиып, салдарлы,
салиқалы өмір жолынан туғанын түсіну қиын емес.
Демек, діни қиссалары бір күннің немесе өткінші бір кезеңнің ұранын
көтермейді, жалған қызықтарды мадақ етпейді, адамзаттың бүгінімен болаша
-ғынан қажетті құндылықтарды жыр етеді. Мұндай рухани байлық ада мінезін
түземесе, бұзбайды.
Мың бір түн хикаясының төр жүз алпыс үшінші түнінде баяндалатын Тақуа
әйел жайлы хикая-деген атпен берілетін ертегіде Марғұба хатун жырының
баяндама, ертегі үлгісімен беріліп отырған бір нұсқасы. Мұнда оқиға сонау
Иеруссалим жерінде баяндалады.Жырда баяндалатындай мұнда сұл суреттемелер
берілмейді. Әсірелеу, яки кемітушілік сипаттар баяндалмайды.
Сондай діни негізде баяндалатын қисса жырдың бірі Хикаят Марғұба қатын
кейде айтушылар тарапынан аты өзгертіліпте кездесіп жатады. Оған дәлел
Т.Ізтілеуов жырлаған Рауа Банудастаны. Бұл жырдың өзге діни дастандардан
негізгі ерекшелігі діни қағидаларына сүйене, сол негізде баяндалсада
оқиғалар тізбегі тым өзгеше.
Хикаят Марғұба қатын - Шығармада күйеуіне адал, діндар әйелдің жаланың
кесірінен көп тауқымет шекседе, сабырымен тақуалығының арқасында қиындықты
жеңіп шыққаны өзін орынсыз жәбірлегендерге кешірім жасап, күйеуіне қайта
қосылғаны баяндалады. Дастан кейіпкерінің тағдыр тауқіметі арқылы аманатқа
қиянат, көрсе қызарлық жалған куә болу, нәпсі құмарлық сияқты жаман
қасиеттер сыналып, адам ойындағы ізгі қасиеттер: Біріншіден, географиялық
өзгерген. Шындыққа жанасымды болуы үшін оқиға Түркістанда болған деп
айтылады. Екіншіден, негізгі кейіпкерлердің есімдері аталады және
кейіпкерлер саны көбейген.
Үшіншіден адал әйелге жазықсыз соқтыққандар әр түрлі апатқа ұшырайды.Алла ,
Тағаланың құдіретімен емшілік қасиет дариды.
Сүйген жарға адалдық, тақуалық, әлсізге қол үшін беру қайырымдылық
дәрәптеледі.
Хикаят Марғұба Қатын – дастанның мазмұны Мың бір түн жинағының 489-
490 түндерінде айтылатын әңгімеде былай баяндалады.
Мұнда ертегілік сюжет толық сақталған, сонымен бірге дастанның оқиғасы
бір шама күрделенген. Біріншіден, географиялық өзгерген. Шындыққа жанасымды
болуы үшін оқиға болған орын баяндалмайды, ерінің аттанбақ болған -
Иеруссалим елі деп айтылады. Екіншіден, негізгі кейіпкерлердің есімдері
толық аталмайды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі қазақ поэзиясының зерттелуі
Қазіргі қазақ поэзиясы және ұлттық болмыс
Поэзия - жүректің сөзі
Көркем әдебиеттегі ұлттық сипат мәселесі
Әбіш Кекілбаев мемлекет қайраткері
Ғ. МҮСІРЕПОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ПОЭТИКАСЫ
Әдеби үдеріс сипаты
Қазақ прозасындағы жатсыну мәселесі экзистенциализм
Әбіш Кекілбаевтың тілдік тұлғасы
Қазақ философиясындағы дәстүр мен жаңашылдық туралы
Пәндер