Операциялық жүйе туралы жалпы түсінік


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:
Бақылау сұрақтары:
- Операциялық жүйе деген не?
- Операциялық жүйе қандай қызмет атқарады?
- Драйверлер мен утилиттер деген не?
- Файл деген не?
- Қандай резидентті, транзитті командаларды білесіз?
- Каталогқа қатысты колданылатын командаларды атап, қызметін баяндаңыз.
7. Операциялық жүйеге қатысты қандай командалар бар?
8. Команда деген не?
9. MS DOS командалары қандай топтaрға бөлінеді?
10. Каталогтың мазмұнын қалай көруге болады?
11. Жаңа каталогты қалай ашады?
12. Файлдың атын қалай өзгертеді?
13. Файлдың немесе каталогтың көшірмесін қалай алады?
14. Файлды немесе каталогты қалай өшіреді?
15. Дискіні қалай форматтайды?
Жауаптары:
1. Операциялық жүйе дегеніміз - пайдаланушы мен арасындағы диалогты байланысты ақпаратты құрал жабдықпен басқаруды программаларды жүктеуді, т. с. с. іс - әрекеттерді қамтамасыз ететін программалар жиынтығы.
2. Операциялық жүйенің негізгі қызметі - программалардың бір-бірімен және сыртқы құрылғылармен өзара әрекеттестігін ұйымдастыру, жылдам жадты болу, компьютердің жұмыс істеуі кезінде қате жіберілу сияқты оқиғаларды анықтау, дискіні жұмыс істеуге дайындау, монитор мен принтердің жұмыс істеу режимдерін орнату, пайдаланушының программаларын іске қосып, оны орындау.
3. Утилиттер - программалау ортасында белгілі бір қызмет атқаратын қосымша программалар. Мұндай программалар юерілгендер қорын басқарушы жүйелерде түрлі программалау тілдерінде жиі кездеседі. Мәліметтерді қысатын (архивтейтін), компьютерді вирусқа тексеретін, мүмкін болса оларды жоятын программалар.
4. Есептеуіш техникада мәтін, кесте, т. с. с. берілгендер түрінде дискіге жазылған біртектес информацияны берілгендер файлы (БФ) не деректер файлы (ДФ) деп, БФ не ПФ тиелетін сыртқы есте сақтау құрылғысының орнын дискілік файл деп атайды. Қысқаша оладың бәрін файл деп атайды.
5. БФ не ПФ-і сыртқы есте сақтау құрылғысына тиеу үшін оған арнайы атау берілуі тиіс. машина файлды дискіге тиеген соң тиелген орынды (ДФ) осы атау бойынша белгілейді. Атаудың жазылу ережесі программалау тілі мен оның нұсқаларына байланысты. Көбінесе оны 1-ден 8-ге дейінгі сымволдар бойынша таңдап алу жоспарланған. Мысалы, Kvend, 1 test 2, keste 1, Abay, Arai. Қосымша қосылып жазылған файл атауын кеңейтілуі юойынша берілген атау деп, ал қосымшаны жазылу түріне қарай файл типі не файлдың кеңейтілуі деп атайды.
6. . SYS - сыртқы құрылғылардың драйверлері.
. BAT - ОЖ жазылған командалық файл.
. ТХТ - мәтіндік файл.
. COM не EXE - DOS-тың басқаруымен тікелей орындалатын файл.
. BAS - Бейсик тілінде құрылған программа.
. DAS - Паскаль тілінде құрылған программа.
. BAK - орындалатын файлдың резервтік көшірмесі.
7. MS DOS-та ағымдық каталогтан ішкі каталогқа өту командасы - CD (Change Directory CH DIR не CD ) каталогты өзгерту, ал ағымдық ішкі каталогтан бірінші деңгейлі каталогқа өту командасы - CD
MD - каталогты ашу командасы.
COPY командасы - файл файлдар тобын көшіру және мәтіндік файл құру үшін пайдаланылады.
DEL - арқылы каьалогқа енгізілген бір файлды, файлдар тобын не барлық файлдарды өшіруге болады.
8. MS DOS жүйесінде ішкі каталогта жазулы . com, . exe, . bat типті файлдардың бірін, мысалы атауы C:\ BASIC каталогында тіркелген qbasic. exe файлын іске қосу командасы мынадай:
C:\>Вasic\ qbasic. exe
бұл команда кері сызықша символы екі рет жазылған. Ол BASIC-тің qbasic. exe үшін, ал С: дискісінің BASIC үшін бірінші деңгейлі екенін білдіру. Яғни «/» - файлы каталогтардан іздеу маршрутын көрсеткіш символ.
10. Резидеттік командалар: DIR, CLS, COPY, DELETE, CD, MD, RD, DATE, TIME, VER және т. б. Транзиттік командалар: FORMAT, Disc, COPY, Tree.
11. Жаңа каталогты ашу үшін : MD (Make Direcyory) - каталог құру командасын таңдаймыз.
12. DEL командасы арқылы каталогқа енгізілген файлды, файлдар тобын не барлық файлдарды өшіруге болады ( DELETE - өшіру)
13. CLS - экранды тазалау командасы. Мысалы, С: ағымдық каталогы үшін командасының берілу түрі:
С:\> CLS
14. FORMAT командасы жаңа иілгіш магниттік дискіге информацияны енгізу үшін ОЖ-нің командасы арқылы оның ішіне бір орталықты шеңберлер сызып, секторға бөліп алу керек. Дискіні осылайша дайындауға арналған команданы қалыпқа келтіру (форматтау) командасы деп атаймыз.
15. Егер де дискіге көшіріп жазу қажетті болса, онда S қосымшасы бар мынандай командасын беру керек.
С:\> Format А:\S Енг
Алмастыру буфері. Буферге көшіру. Буферден кірістіру.
Windows-тың Жетекші бумасында не қолданбалы программаларда таңдалған мәтінді файл не сурет, график, диаграмма үзінділерін басқа орынға көшіру үшін жедел жадтың Алмастыру буфері деп аталатын бөлімшесін пайдалануға болады ( буфер - аралық, қалта) .
Буферге көшіру тәсілі:
- Файлды не үзіндіні таңдау;
- РедактордыңТүзету(Правка) мәзірін ашып, Көшіру не кесіп алу пунктін таңдау (КопироватьнеВырезать) . Бұл командалардың ерекшеліктері мынада: Көшіру көшіірлген үзіндіні (не файлды) бұрынғы орнында қалдырады, яғни тек көшірмесін алады, ал кесіп алу көшірілген үзіндіні өшіріп кетеді.
Экранда көрінген кез келген көріністі растрлық сурет ретінде буферге көшіру мүмкін. ( Растр - сурет салу үшін пайдаланатын таңбалар. Олар әдетте пиксельдер ден - майда нүктелерден не тіктөртбұрыштардан тұрады) . PRINT SCREEN пернесін басса болғаны. Практикада көбінесе белсендірілген (екпінді) ішкі терезенің көрінісі буферге көшіріледі. ол үшін берілетін команда: ALT + PRINT SCREEN.
Ескерту: буферге екінші мәлімет көшірілген кезде алғашқсы жойылып кетеді.
Буферден кірістіру.
Windows-тың ерекшелігі - буферге енгізілген информацияны Windows орталығында жұмыс істейтін программа құжатының кез келген жеріне кірістіруге болады. Оның орындалу жолы:
- Құжат бөлімін экранға шығарып, үзінді кірістірілетін орын басына курсорды орналастыру.
- Түзету (Правка) мәзірін ашып, Кірістіру (Вставка) пунктін таңдау.
Жанама мәзір
Терезе ішінде тышқанның оң түймесі басылған кезде экранда ағымдағы нысанмен (объектімен) байланысты командалар жиынынан тұратын мәзір көрінеді, оны жанама (контексті, бетке шығатын) мәзір деп атайды. Әр терезенің өз контексті мәзірі бар. Нысанға байланысты мәзірде Қасиеттер (Свойства), Кесіп алу (Вырезать), Көшіру (Копировать), Шрифт (Шрифт), Абзац (Абзац), Атын өзгерту (Переименовать), Жіберу (Отправить), Жою (Удалить) және т. б. атаулар болуы мүмкін.
Буманың не қосымша программаның қасиеттерін (типін, сақталған бума атауын, файл көлемін, құрылған уақытын және т. б. ) көріп шығу үшін оның экранда көрінген атауын таңдап, тышқанның оң түймесін шерту керек. Одан әрі экранға шыққан контексті мәзірдің Қасиеттер пунктін таңдаса болғаны. Дискінің көлемін және бос орнының шамасын білу үшін де дискіге арналған контексті мәзірдің Қасиеттер пунктін шерту жеткілікті.
Файлды өшіру. Қоржын (Кәрзіңке)
Windows-та буманы, файлды өшіру қиын емес, тек қызметші (сыртында сурет көрінетін) бумаларды ғана өшіруге не жылжытуға болмайды. Файлды (не буманы) жою үшін оны таңдап, Del пернесін басу жеткілікті. Бірақ ол тұрған орнында өшірілгенімен, Қоқыс қоржыны (себеті, кәрзіңкесі) атаулы винчестердің арнайы бөліміне енгізіліп қойлады. Осы әдіс бойынша басқа файлдар не бума өшірілгенде, ол осы қоржынға кірістіріледі де, оның ішінде сақтаулы тұра береді (белгішесі Жетекші бумасының ішінде ) . Кәрзіңкеде сақтаулы файл мазмұнын көріп шығу үшін терезе ішінде көрінген оның атауын екі рет шертсе болғаны.
Қоржынды ашып, Файл - Қоржынды тазалау ( Очистить корзину) командасын ьеру арқылы оны тазалап қоюға болады. Del пернесі арқылы таңдалған файлды өшіру де мүмкін. ол винчестердің бос емес орындарын азайту үшін қажет (қоржын үшін винчестердің 10%-дай бөлігі бөлініп қойылған) .
Ескерту : Қосымша Shift пернесін басып тұрыа, Жылжыту және Қалдыру әдісі ьойынша файл (бума) белгішесін Жетекші терезесі ішіндегі қоржын белгішесіне әкелгенде, ол қоржынға енбей, бірден жойылып кетеді.
Кездейсоқ өшірілген файлды қалпына келтіру
Өшірілген, бірақ қоржын ішінде сақтаулы файлды қалпына келтіру қиын емес. Ол үшін қоржын терезесін экранға шығарып, терезеден файл атауын таңдау және қоржын мәзірі арқылы Файл -Қалпына келтіру ( Файл - Восстановить ) командасын беру керек. Бума қайта қалпына келген кезінде, оның ішіндегі файлдар да қалпына келеді.
Бума. Белгіше. Жарлық.
Бума (папка) - каталог сияқты арнаулы атау берілген дискілік файл, ерекшелігі - оның ішінде түрлі жарлықтарды сақтауға да болады.
Белгіше (значок ) - жұмыс үстелінде файл құрылған ортаның (объектінің) атын графикалық түрде көрсету белгісі. Ол программа құрылған кезде автоматты түрде орнатылып қойылады. Белгіше жойылса, объект те жойылады.
Жарлық (Ярлык) - бір объектіге (бумаға, қосымшаға) сілтеме, объектінің тұрған орнын көрсететін белгі. Жарлық пен белгішенің орындайтын іс-әрекеттері бірдей . ол үшін көрсеткішті үстеріне әкеліп, екі рет шертсе болғаны, ішіне енгізілген объект ашылады, ( Жарлықты ашу дегеніміз - онымен байланысы объектіні ашу деген команда) . Бума жарлығын сыртқы бума ішінде не жұмыс үстелі бетінде орната беруге болады. Мысалы, жұмыс үстелінде жарлық құру үшін оның бетіне жанама мәзір шығарып, Құру - Жарлық командасын беру және көрінген терезенің Шолу ( Обзор ) түймесін шерту керек. Одан әрі оның ішіне қажетті объектіні кірістіріп қою қиын емес. Жұмыс үстелінде Microsoft Word қосымшасының жарлығын құру үшін Іске қосу - Программалар командасын беріп, қосымша атын таңдау (көрсеткішті атау үстіне әкеліп, тышқан түймесін шерту) ; одан әрі тышқанның оң түймесін шертіп, көрінген жанама мәзірден Жөнелту қатарын шерту. Көрінген тізімнен Жұмыс үстелі ( Жарлық құру) қатарын шерту.
Жарлықты не белгішені тұрған орнынан басқа жерге жылжыту не өшіру қиын емес. Жарлық өшірілген кезде ішіндегі объект өшірілмей, бұрынғы орнында қалып қояды. Жарлықтың жадта алатын орны да үлкен емес, 1 Мбайт ғана.
Белгіше мен жарлық белгілерінің айырмашылықтары - жарлықтың төменгі сол жағына нұсқама белгісі орнатылып қойылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz