Мектеп оқушыларына өзін-өзі тану пәнін оқытудың негіздері мен ерекшеліктері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа жолдауында «Біз әрбір адамның ар-намысын, жағымды қасиеттері мен беделін, жоғары адамгершілік, этикалық стандарттары және рухани құндылықтарын бағалайтын қоғам құруымыз керек» деп атап көрсетті[1] .
Осы талаппен «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының, өскелең ұрпаққа адамгершілік-рухани білім беру және тәрбиелеу басымдылығының мәнін күшейтуге бағытталған, жалпы мақсаттары ұштасады.
Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2001 жылғы 12 шілдедегі №566 бұйрығымен бекітілген «Өзін-өзі тану» курсы жобасын әзірлеу және апробациялау бойынша эксперимент табысты іске асырылуда.
Жеті жылдық эксперименттік апробациядан кейін «Өзін-өзі тану» бағдарламасы республиканың барлық өңірлерінде педагогикалық және ата-аналар жұртшылығының белсенді қолдауына ие болды.
Өскелең ұрпаққа адамгершілік-рухани білім беру және тәрбиелеу қазақстандық қоғамда жалпыадамдық, жалпыұлттық, этномәдениеттік жеке тұлғалық құндылықтарын үйлесімді бірігуінің бағдарланған, олар адамға қоғамға қызмет етуде өзін толық пайдалану, өзінің мәнін және өмірдегі тағдырын білуге мүмкіндік береді.
Өзін-өзі тану, білім мағынасының құндылығын күшейте отырып, жеке тұлғаның өзіне және өз күшіне сену, жақсылық жасау, көп білу және өзін-өзі жетілдіру, дене, психологиялық, рухани, әлеуметтік және шығармашылық дамуда үйлесімділікке жету қабілетін ашады және дамытады.
«Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым бола алатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапаларға адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелеу керек» [2], деген Шәкәрім атамыздың терең ойын негізге ала отырып, жас ұрпақтың бойына адамгершілік рухани қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеу үшін, жалпы адамзаттың құндылықтарды, адамгершілік ұстанымдарды, әділдік пен өзара көмекті ғұмыр бойы мұрат тұтуды тәрбиелеу ұстаздар міндеті.
Әр адам өз өмірінде бір рет болса да «Мен кіммін?», «Мен қандаймын?», «Менің өмірімнің мәні неде?» деген сұрақтарды қояды. Бұл күрделі философиялық сұрақтарға әр адам әр түрлі жауап беріп жатады, кейде жауап таба да алмай жатқан кездері болады.
Адамның ішкі жан дүниесін қандай құбылыстармен теңеуге болады? (ғалам, дүние, ғарыш) .
Өзін-өзі тану дегеніміз не? Өзін-өзі тану дегеніміз - өзін тану, өзінің ішкі потенциалын, өзекті қасиеттерін, жекелік ерекшеліктерін, интеллектуалдық сапаларын, ерекшеліктерін, мінез бітістерін, басқа адамдармен қарым-қатынас жасауын тану үрдісі.
«Өзіңді өзің таны» деген ұғымды қалай түсінесіз?
Жоғары мәдениет иесі үшін бұл сұраққа жауап беру өте қиынға соғар еді. Себебі, ол сұрақтың түпкі мәніне үңіліп, ой толғайды. Жаңа философиялық ойларды тудыра алатын мына сұрақтардың жауаптарын іздестіру:
- Адам үшін өзін-өзі танудың мәні неде?
- Өзіңізде нені танып және нені танудың қажеті жоқ деп ойлайсыз?
- Адамның өзін тануы қалай жүзеге асады?
- Адам өзін таныды делік, ары қарай не болады?
Енді осы және басқа да сұрақтарға жауап беріп көрелік.
Адам үшін өзін-өзі танудың мәні . Алғаш рет өзін-өзі тану мәселесі
Ежелгі Шығыстың религиялық тұжырымдамаларында туындай бастады. Бұл кезеңде тек өзін-өзі танудың мәнін ғана ашумен шектелмей, өзін-өзі танудың ғаламат технологияларына, элементтеріне де жете көңіл бөлінді. Мысалы: буддизм - Гаутама (сезім ләззаттары) . Бұл жерде өзін-өзі танудың 8 өлшемді жолы көрсетіледі: дұрыс түсіну; дұрыс ойлау; тура сөйлеу; тура әрекет; дұрыс өмір сүру образы; тура күш-жігер; дұрыс бағыт; тура концентрация.
Ал христиан дінінде өзін-өзі тану үрдісі басқа тұрғыда қарастырылады, яғни кінәдан арылу, кінәдан арылу жолдарын үйренуді насихаттады. Негізгі категориялары:
Индивид - өзін-өзі бекіту . . .
Жеке тұлға - Жаратушы . . . Адам соның образы бойынша жаратылған, сондықтан ол да жекелік ерекшеліктері бар. Өзін-өзі танудың жолдарын анықтау осы мәселеден шығады.
Бертін келе бұл қағидалар психология бағыттарында да көрініс берді:
Психоанализ (З. Фрейд) - санадан шеттетілгенді ұғыну, түсіну, талдау жасау[3] .
Психосинтез - (Р. Ассоджоли) - ішкі үйлесім жағдайына жету, өзінің ішкі «Менін» түсіну[4] .
Гештальтерапия (Ф. Перлз) - жекелік ересектік деңгейіне жету құралы. Бірнеше сапаларын бөліп көрсетеді:
- басқалардан емес, өзінен сүйеу табу;
- жауапкершілікті өз мойнына алу қабілеті;
- қиын жағдайларда өз мүмкіндіктерін пайдалана алу[5] .
Гуманистік психология (К. Роджерс) - жеке тұлғаның өзіндік дамуына қажетті жағдай туғызу, өзінің өзектілігін түсіну: (нақты Мен және идеалды Мен) [6] .
Сонымен, өзін-өзі тану өз мүмкіндіктерін еңбек етуде, басқалармен қарым-қатынаста, қандай да бір әрекетпен шұғылдануда маңызды көмек береді. Өзін-өзі танудың мәнін үш тұрғыда қарастыруға болады:
- біріншіден, діни ағым адамдары үшін - Жаратушымен бірігу тұрғысында;
- екіншіден, үстіртін психологиялық деңгейде - өз мүмкіндіктерін, қабілеттерін өмірде, әрекетте толық пайдалана алу құралы ретінде;
- үшіншіден, терең психологиялық деңгейде - психикалық және психологиялық денсаулыққа жету жолын ашу мүмкіндігін қарастырушы ғылым ретінде.
Өзін-өзі тану аумақтары. Американ ғалымы, прагматизм негізін салушы У. Джемс өзін-өзі танудың аумақтарының элементтерін көрсетті.
Олар: физикалық тұлға - адамның тән мүмкіндіктерін ұйымдастыру;
- әлеуметтік тұлға- басқалардың бізді тұлға ретінде қабылдауы;
- рухани тұлға- жеке сана жағдайлары мен рухани қасиеттері және қабілеттерінің бірлесуі[7] .
Қазіргі кезеңдегі еліміздің күннен-күнге гүлденіп дамуы, жаңа саяси-экономикалық өрлеу, болашақ дамуға бағдарланған өзгермелі өмір жағдайлары адамнан ақыл-ой белсенділігін, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып, болашаққа нық сеніммен қарайтын азамат пен азаматшаларды тәрбиелеуді талап етеді. Сондықтан өскелең ұрпаққа өзін-өзі тану пәнін оқытудың маңыздылығы өте жоғары.
Ғылыми-педагогикалық зерттеулер мен оқу-әдістемелік әдебиеттерді теориялық талдаулар, мектеп практикасында жас ұрпақты даярлаудың дидактикалық мүмкіндіктері мен оны дамытудың бағдарын сараптау нәтижелері төмендегідей қарама-қайшылықтарды көрсетті: жас ұрпаққа өзін-өзі тану пәнін оқыту мәселесінің дидактикалық тұрғыдан негізделуінің жеткіліксіздігі арасында; өзін-өзі тану пәнін оқыту әдістемісінің қажеттілігі арасындағы қайшылықтар зерттеу проблемасын анықтап, тақырыпты «Мектеп оқушыларын өзін-өзі тану пәнін оқытудың ерекшеліктері» деп таңдауымызға себепші болды.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Мектеп оқушыларына өзін-өзі тану пәнін оқытудың негіздері мен ерекшеліктерін анықтап, әдістемесін жасау.
Зерттеу жұмысы келесі міндеттердің орындалуын қажет етеді:
- мектепте өзін-өзі тану пәнін оқытудың негіздерін анықтау;
- мектепте өзін-өзі тану пәнін оқытудың әдістемесін айқындау;
- мектепте өзін-өзі тану пәнін оқытудың тиімділігін эксперимент жағдайында дәйектеу.
Ежелден дана халқымыз «бала -бауыр етім» деп, өскелең ұрпақтың көңілі рухты, жаны пәк, таза болғанын армандайтын. Атаның қанымен, ананың сүтімен бойға біткен қасиетті дарытатын орта болады. Ол ең біріншіден отбасы, екішіден мектеп, негізінде жалпы қоғам. Сондықтан да, осындай ортаны құру біздің парызымыз, біздің міндетіміз[32] .
Біздер ХХI -ші ғасырда, яғни адам санасының шарықтап дамыған, ал техниканың барынша жетілген уақытында өмір сүру мүмкіндігін алып отырмыз. Бұл бізден осы заманның сұранысы мен талабына сай білімді, мәдениетті, сонымен қатар рухани бай болуы қажет. Сондықтан да, осы өзгермелі заманның түрлі өзгерістерімен тең басатын тұлғаны қалыптастыру бүгінгі таңдағы барлық саналы адамдардың өмірінің, еңбегінің басты өзекті мақсаты болуы керек.
Баланың жеке тұлға ретінде үйлесімді қалыптасуы мен дамуы өзін -өзі тани білгенде ғана жүзеге аспақшы. Осы орайда көптеген жылдар бойы аналық жүрек жылуын бала өміріне еңбек ету жолына арнап келе жатқан Сара Алпысқызының авторлығымен енгізілген «Өзін - өзі тану» адамгершілік -рухани білім беру бағдарламасының маңызы өте зор, сырлы әлемге толы дүние. «Өзін - өзі тану» пәні балабақша тәрбиеленушілері, оқушылар мен студенттердің өздерін қоғамның бір бөлігі ретінде сезіне білуіне және өз ұлтының рухани -адмгершілік құндылықтары негізінде өзінің орнын білу дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргізіліп отырған тәрбие сабағы.
«Өзін - өзі тану» пәнін оқытудың негізгі мақсаты -адамның қоршаған ортаны біліп, өзінің ішкі жан дүниесіне үңіліп, өзін -өзі басқару негізінде адмгершілік -рухани әлеуетті көтеру. Сол себепті қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе тұлғаны адмгершілік -рухани тұрғыдан дамыту, ар -ұятымызды молайтып, адамгершілік қасиеттерімізді жетілдіру арқылы ізгілікке, инабаттылыққа, парасаттылыққа үйрету. «Өзін - өзі тану» пәнінің басқа пәндерден айырмашылығы Қазақстанның білім жүйесінде педагогтарды жеке тұлға тәрбиесін ізгілендіруге бағыттап, өскелең ұрпақтың өзіндік «менін» қалыптастыруды көздеуінде болып отыр[33] .
«Өзін - өзі тану» пәні арқылы жан -жақты дамыған, рухани адамгершілігі мол, бір -біріне сүйіспеншілікпен, құрметпен қарйтын, өмір сүруге деген құштарлығы жоғарғы жеке тұлға тәрбиелей аламыз.
Дан халқымыз «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтпаған.
Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгешілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз - өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші рөл атқарады.
Ұрпақ тағдыры - ұлт тағдыры демекші, ұлттың болашағы - оның білімді, талантты, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңірген тәрбиелі ұрпақтың қолында. Рухы күшті ұлт озады. Бұл тұрғыдан алғанда жас ұрпақтың рухани мәдениетін арттырып, көркемдік әлемін байытуда, дүниетанымын қалыптастыруда «Өзін - өзі тану» адамгершілік - рухани білім беру пәнінің орны ерекше[34] .
Пән ерекшелігі адамның жан дүниесін байытуда өзіндік барлық тұтастығын дамытады. Бала бойында белсенділік, ерлік, жігер, саналылық шыңдалып, ішкі жан дүниесі рухтанып, өз ортасына деген сүйіспеншілік арқылы рухани байлыққа кенеледі. Баланың мінез -құлық сапалары ашылып, оғаш қылықтан аулақ болуға, өзіндік баға бере отырып, жақсы қасиеттерге, биік белестерге талпынтады.
«Өзін - өзі тану» пәнінің жұмыс барысындағы оқу бағдарламалары, оқулықтар, әдістемелік құралдар, балалардың жұмыс дәптері, аудио, видео материалдары, балалардың белсенді болуына, бір -біріне деген сүйіспеншілік, ішкі жан дүниесінің қуаттанып, адамгершілік ізгі қасиеттерінің қалыптасуына жол ашады.
Бала тәрбиесі -адамзатты толғандырып келе жатқан өмірдің мәселесі. Баланың бойындағы ізгілікті мақсат, көтеріңкі көңіл -күй, өзіндік ерекшелігі арқылы өз ортасына деген сүйіспеншілік, сыйластық, бауырмалдық, жауапкершілік, кішіпейілділік секілді асыл қасиеттерін шыңдауға болады[35] .
Білімділік жетістіктер мониторингі жүрген бақылаулар барысында мектепке дейінгі мекемелерде де және жалпы білім беретін мектептерде де әрдайым жүргізілетін жиын «Шаттық шеңберінде», «Жер − анаға», «Аспан − атаға» өз мейірім шуағын төккені үшін, ризашылығымызды білдіріп, арман тілектерін, өз ойларын ортаға салу арқылы баланың адамгешілік - рухани дамуының негізін қалауға және өмірлік дағдыларын қалыптастыруға ықпал еткенін байқадық. Расында да жылдар бойы жүргізілген сабақтар барысында баланың өз ортасына бейімделгенін кештерде, ертеңгіліктерде, мониторинг нәтижесінен байқадық. Демек әрбір өткізілетін ата - аналар білетін сауалнамаларда «Өзін - өзі тану» пәнінің адам өміріндегі рөлін ерекше айқындай түскенін ата - аналар, әріптестер, балалар ойынан байқадық.
«Өзін - өзі тану» пәнін меңгертуде жүйелі, әр тұрақты еңбек нәтижесіне жету үшін, әрбір педагог маман, отбасы мүшелерінің қатысуымен, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы нысаналы жұмыс жүргізілуде.
Адамның мінез -құлқының қалыптасу негізіне ар, ұят, өзін -өзі бақылау, бағдарлау мен адамгершілік рухани жан дүниесін байыту арқылы жетуге болады. Шындығында, адамзат табиғаттың ажырамас бір бөлігі, адам табиғатта тіршілік етеді оның мөлдіреген суын, биік тауларын, бұлттарын әсем де ерекше жыл мезгілдерін көріп тамашалай, бәр − −бірінен нәр ала отырып, адамзаттың өсіп -өнуіне жол ашады[36] . Осы жолға апаруда нақты шешім табуда болады, ол жолға «Өзін - өзі тану» пәні арқылы жетеміз.
1. БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Мектептің бастауыш білім беру деңгейіндегі оқушыларға өзін-өзі тану пәнін оқытудың мәні және мазмұны
Адамның жеке тұлғалық әлеуетін мақсатты түрде және кеңінен ашуға бағытталған рухани-адамгершілік білім беру ұлттық білім беру жүйесін дамытудың басты бағыты болып отыр.
Жеке тұлғаның психологиялық, рухани, тәндік, әлеуметтік және шығармашылық дамуының үйлесімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін рухани-адамгершілік тәрбие білім беру жүйесінде өзін-өзі тану пәні арқылы жүзеге асады.
Болмыстың табиғи және жаратылыс аспектісі тұрғысынан қарастырылатын адам біртұтас үдеріс ретіндегі өзін-өзі танудың нысаны болып табылады. Адам болмысы күрделі жүйе болғандықтан, ол өзін жеке тұлға, сол сияқты іс-әрекет субъектісі және жеке дара субъект ретінде көрсетеді. Адамның осы қырларының біртұтас болуы оның өзін-өзі анықтау, өз маңыздылығын арттыру, өзін іс жүзінде көрсете білу және өзін-өзі жетілдіру аспектілерінен тұратын үйлесімді дамуды қамтамасыз етеді.
Бұл нысан өзін-өзі танудың пәндік саласын анықтайды, оқу пәнінің танымдық, дамытушылық және тәрбиелік қызметтерін айқындайды.
Өзін-өзі танудың пәндік саласы әр оқушының ішкі жан-дүниесін байытуы және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи қабілеттіліктері мен жасампаздық әлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім беру үдерісін ұйымдастыруды көздейді. Өзін-өзі тану пәнінің оқу-әдістемелік құралдары оқушылардың қоғамға және өз-өзіне қызмет етуіне бағытталып, олардың жасампаздық белсенділігін танытуға мүмкіндік беретін өмірлік маңызы бар, кең ауқымды біліктілік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.
Өзін-өзі тану бойынша білім берудің негізгі мақсат-мүдделері мынадай:
- адамның өзіндік бейімділіктерін ашу және оның темпераментін, мінез-құлқын, қабілеттерін ескере отырып, оны жеке тұлға ретінде, іс-әрекет субъектісі әрі жеке дара субъект ретінде дамыту;
- оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген қарым-қатынасын айқындайтын адамгершілік мінез-құлықтарының, әлеуметтік маңызы бар бағдарларының негізін қалыптастыру;
- қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шешуде жеке тұлға құндылықтарын, алған білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыру[8] .
Мектеп бітірушілердің негізгі біліктері білім беру үдерісіне қатысушылар (оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар, қоғам) үшін бағыт-бағдар береді және өзін-өзі тану пәнінің мазмұнын анықтауға, сол сияқты рухани-адамгершілік білім беруді ұйымдастыруға негіз болады.
Білім берудің бастапқы сатысы (1-4-сыныптар)
Өзін-өзі тану пәнінің базалық білім беру мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, 1-4 сыныптарда төрт негізгі бөлімді қамтиды:
- Өзін-өзі тану бақыты
- Адами қарым-қатынасқа үйренейік
- Адам болам десеңіз . . .
- Мен-табиғат перзентімін.
«Өзін-өзі тану бақыты» атты бірінші тарау оқушыларды өзін-өзі тану пәнімен таныстырады. Мұнда балаларды мектепке өзгеше бейімдеуге бағытталған сабақтар қарастырылады. Олар жаңа оқушы мәртебесін ұғынады, сыныптастарымен, мұғалімдермен, жалпы мектеппен танысады. Өзінің сыртқы келбетіне дұрыс қарауға, өзін-өзі түсінуге, өз мінезі, өздері орындап жүрген әлеуметтік рөлдер туралы ойлануға, өз эмоцияларын түйсінуге және оны басқара алу білігіне дағдылануға мүмкіндік алады. Балалардың қызықты танымдық материалдар арқылы адамгершілік құндылықтарды қабылдауы осы міндеттерді табысты орындауға ықпал етеді[9] .
Баланың жаңа әлеуметтік рөлі, яғни мектеп оқушысы болуы - іс-әрекеттің (оқудың) жаңа түрін түбегейлі игерумен ғана емес, сондай-ақ қатынастың барлық жүйесінің, баланың қызығушылықтары, құндылықтары, өмір салттарының өзгеруімен де байланысты. Осы жастағы балалар негізінен түрі мен мазмұны тартымды ойын түрлері арқылы білім алады. Осыған байланысты оқытудың ойын әдісін кеңінен қолдану, жағдаятты, шығармашылық іс-әрекеттерді ұғынуға түрлі тапсырмалар беру, коммуникативтік, іс-әрекеттік оқытуда пікірталас элементтерін пайдалану қажет.
Балалардың алған білімдері қарым-қатынас жасау кезінде бір-біріне қамқорлық жасап, көңіл бөлудің қажеттілігін түсінуге мүмкіндік береді. Қалыптасқан дағдылар мектеп өмірі үдерісінде мейірімділік, сезімталдық, тілектестік, ынтымақтастық дағдыларына төселуге ықпал ететін болады. Мектеп ұжымында орныққан ізгі қарым-қатынас жеке тұлғаның алдағы уақытта, яғни есейген шақта жағымды қасиеттерін дамытуға септігін тигізетіні осы тарау сабақтарының тағы бір маңыздылығы болып табылады.
Бағдарламаның «Адами қарым-қатынасқа үйренейік» атты екінші тарауында коммуникативтік біліктер мен дағдыларды (өзін және басқаларды тыңдау, түсіну, дұрыс бағалай білу, жанашырлық таныту, өзара ынтымақтастық біліктері) ; құрбыларымен тең құқықты, өзара жақсы қарым-қатынас құра білу білігін; өзінің эмоциялық күйін түсіну, өз сезімдерін білдіре алу және басқалардың сезімін тани білу біліктерін, тұлға аралық шиеленістерді шешу дағдыларын игеруді және әлеуметтік белсенділіктерін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.
«Адами қарым-қатынасқа үйренейік» атты тарау сабақтары балалар ұжымында ешкімнің ренжімеуіне және назардан тыс қалмауы үшін жағымды орта құруды қарастырады. Ол оқушылардың мінез-құлқындағы жағымды қырлары, яғни айналасындағыларға және бір-біріне деген құрметті, эмоциялық жылылық пен өзара түсіністікті психологиялық нұсқау арқылы оңтайлы ұйымдастыруға бағытталған. Әдістемелік тәсілдер шиеленістерді болдырмаудың жолдарын бірлесіп іздеуге және пайда болған шиеленісті жағдайлардан шығудың лайықты тәсілдерін табуды анықтауға бағытталған. Оқушыларды басқалардың келеңсіз мінез-құлықтарына орай әдепті әрекет етуге, балалардың кешіре білу білігін қалыптастыруға және оны дамытуға, кішіпейілділік, тектілік, төзімділік көрсете білуге шыдамдылықпен үйретуге негізделген[10] .
Оқыту үдерісінде баланың адамдар арасындағы қарым-қатынас этикасы ережелерін меңгеруі маңызды болып табылады. Бұл үшін оларды қарым-қатынас білігін, ынтымақтастық пен ұжымшылдық рухын дамытуға, басқалардың сезімін түсінуге, топпен қарым-қатынас жасауға және өзара әрекеттестікке, басқа балалармен достасуға, жетістіктері мен сәтсіздіктерін бөлісуге, өз мінез-құлқын бақылап, оны саналы түрде басқаруға, түрлі өмірлік жағдаяттарда батыл және өзіне сенімді болуға үйрету керек. Балаларды жаттығуларға, ойындарға, шығармашылыққа, экспериментке, іс-әрекетке практикалық кірістірудің түрлі формалары жас жеткіншекті тәрбиелеу нормаларына тартуға, өзіне, айналасындағыларға, құрбыластарына және үлкен адамдарға қатынасында эмоционалдық-мотивациялық нұсқаулар қалыптастыруға, коммуникативтік және әлеуметтік дағдылар, біліктер және қарым-қатынас тәжірибелерін дамытуға, қоғамдағы дұрыс мінез-құлық және жеке даралық дамыту үшін қажетті мүмкіндіктер туғызу қажет.
Осы тарау сабақтарында алған өзара адами қарым-қатынастың сыпайы тәсілдері, құралдары мен әдістері туралы білім балаларға қатынас жасау өнері жөнінде түсінік береді. Олардың жақын адамдарына, сыныптастарына, таныстарына мейірлі болып, шынайы сезімге тәрбиеленуіне мүмкіндік туғызады. Бұл сабақтар балаларды әңгімелесушінің эмоционалдық күйін түсінуге, өз ойлары мен сезімдерін дұрыс жеткізе білуге, жақсы қатынасты бағалай білуге және айналасындағы адамдармен қарым-қатынаста қуанышқа бөлене алуына, оларға қамқорлық көрсетуге және шамасына қарай көмек көрсетуге үйретеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz