Бастауыш сыныпта оқушылардың отбасымен жұмыстың педагогикалық шарттары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе . . .

1. Бастауыш мектептің отбасымен жұмысының теориялық негіздері

1. 1 Отбасында балалардың тәрбиелеудің педагогикалық мүмкіндіктері

1. 2 Кіші мектеп жасындағы балалардың отбасындағы тәрбие ерекшеліктері

Қорытынды . . .

Қосымша . . .

Әдебиеттер тізімі . . .


Тақырыптың көкейтестілігі.
ҚР Конституциясында бекітілген отбасы тәрбиесінің құқықтық принциптері «Неке және отбасы туралы» заңда (17. 12. 1998ж. ) нақтыланған. Онда қазіргізаманғы отбасы құқығының бір некелік, некеге тұрудың бостандығы мен еркіндігі, ажырасу еркіндігі, ерлі- зайыптылардың отбасы қатынасындағы тең құқығы сияқты негізгі принциптері жазылған Бұл құқықтар отбасы өміріндегі, отбасы ұжымындағы өзара байланыстың терең демократияға жол ашады. 52 тарауда баланың отбасылық тәрбиесі, оның құқығы және мақсат мүдделерін қорғаудың баптары келтірілген: «Баланың өз ата- анасы тарапынан тәрбиеленуіне, оның тілек- қалауларының орындалуына, жан- жақты дамуына, оның адами қадір- қасиетінің сыйлануына құқығы бар». Бала ата- ана билігіне тәуелді объект ретінде емес, өзіндік құқық субъектісі ретінде қарастырылады.

Отбасы, барлық уақытта да, өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы отбасының өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі- ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы.

Балалардың отбасыдағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталады, ол отбасы мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасу мен дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара үйелмендік, тұрмыстық өмір. Отбасы тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешқандай да түрі алмастыра алмайды.

Отбасы- болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым. Ол балаға моральдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата- ананың іс- әрекеті мен мінез- құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік- саяси құндылықтар беріледі.

Отбасы тәрбиесінің қоғамдық және мемлекеттік тәрбиеге қарағанда артықшылығы басым. Алайда, қазіргі қоғамдық өмірде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық және демографиялық өзгерістер отбасыға белгілі бір қиыншылықтар туғызады. Қазіргі таңдағы бастауыш сынып оқушыларын отбасында тәрбиелеуге мән беру қажеттілігі мен ата-анамен жұмыстың теориясы мен әдістемесінің жоқтығы арасындағы қайшылық зерттеу тақырыбымызды «Бастауыш сыныпта оқушылардың отбасымен жұмыстың педагогикалық шарттары» деп таңдауымызға себеп болды.

1. Бастауыш мектептің отбасымен жұмысының теориялық негіздері

1. 1 Отбасында балалардың тәрбиелеудің педагогикалық мүмкіндіктері

Нарық қатынастарының дамуы нәтижесінде отбасыда айтарлықтай адамгершілік тұрғыдан ересектердің де, балалардың да жаңа құндылық бағыттарын қалыптастырып, отбасы өміріне елеулі өзгерістер әкелді. Ата- ана мен мұғалімдердің міндеті- қоғамдық қатынастардың жаңа жүйесі ұсынып отырған әлеуметтік мүмкіншілікті дұрыс пайдалану. Мектеп пен отбасы балаларды тауар мен ақша қатынастарының мәдениетіне үйрету жұмыстарын ұйымдастыру қажет, сондай- ақ алып сату, пайда табу немесе пайдақорлық емес, ол жалпы игілік үшін және өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құқықтық екі жақты қызмет көрсету екенін көрсету. Ата- ананың маңызды міндеті балалармен біріккен коммерциялық қызмет- әрекетке қатысып, оны бақылау, оларды баланың адалдығын, адамгершілінін, ұқыптылығын дамытатын қызмет көрсетудің әртүрін орындауға үйрету. Нарық отбасы мүшелерінің алатын орнына жанама әсер етеді, олардың өміріне жаңа әлеуметтік бағдарлар енгізеді. Қоғамдық және мемлекеттік тәрбие беделінің төмендеуі отбасы өмірінің тәрбиесіне «өзінше» қиындық әкеледі.

Отбасы тәрбиесі туралы алғашқы педагогикалық түсініктер мен идеялар халық педагогикасында пайда болған. Педагогикалық ғылымның даму барысында отбасы тәрбиесінің мәселелері нақты ғылыми- теориялық және әдістемелік мазмұнға ие бола бастады. К. Д. Ушинский, Л. Н. Толстой, П. Ф. Лесгафт және басқалар балалар тәрбиесін ұйымдастыруда олардың даралық ерекшеліктерін, дене- күш және психологиялық даму деңгейін ескеру керектігіне ерекше көңіл бөлген. Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский бала тәрбиесінің теориясын атап көрсеткен. Қазіргі зерттеушілердің еңбектерінде баланың отбасыдағы қарым- қатынасындағы қызмет әрекетін ұйымдастыру, салауатты өмір салтын құру, мектеп пен отбасы ара қатынасы т. б. мәселелері қамтылған.

Елімізде отбасында тәрбие жұмыстары бойынша Қ. Аймағамбетова, Сейсенбаев, Е. Қаңтарбаев, Б. Тұрғанбаева, Р. Төлеубекованың еңбектерінде көрініс табады.

Өркениетті қоғам дамыған сайын отбасыдағы бала саны азайып келеді. Аз балалы отбасыда, негізінен бір баласы бар отбасыда, ішкі отбасылық тәрбиенің ең басты жағдайы жоқ, ол- балалар қарым- қатынасы. Бір баланың тәрбиесі қосымша педагогикалық күш салуды талап етеді. Жалғыз балаға деген ата- ананың, әжесі мен атасының артық көңіл бөлуі оны белсенділігінен айырып, оның эгоистік жақтарының басым болуы.

Толық емес отбасыларда, ата- анасының біреуі жоқ болған отбасыларда тәрбиелік мәселелерді шешуде кейбір адамгершілік- психологиялық ыңғайсыздықтар болуы мүмкін. Мұндай отбасылардың көбінде ана және бала ғана болады.

Отбасы тәрбиесінің проблемасы- ананың отбасы тұрмысынан қолы босамауы. Ананың уақыты жетпеуі көбінесе насихат, жазғыру, ұрсу сияқты тәрбиелік ықпалдың нәтижесіз әдістерін пайдалануға мәжбүр болады.

Микроклиматы жағымсыз, отбасы өмірі ұрыс- керіске, ата- ананың бір- біріне, балаларына деген шағымдарына, айқай- шуға, қорлық сөздер мен іс- әрекеттерге толы отбасыларда өте маңызды тәрбие проьлемалары туындайды.

Ата- ана құқығынан айрылғалы тұрған ата- аналар әлеуметтік және педагогикалық проблемалар тудырады. Мемлекет олардың ата- аналық құқығынан айырғанда балалардың мақсат- мүддесін басшылыққа алады. Алайда бұл ретте олардың өмірі өз мәнін жоғалтады, өйткені өмір сүру мен дамудың маңыздылығы кемиді.

Елдегі түбегейлі әлеуметтік- экономикалық өзгерістерге, жеке меншіктің пайда болуына, жеке адамның баю мүмкіндігінің тууына байланысты материялдық жағынан ауқатты отбасылар пайда бола бастайды. Мұндай отбасыларда тәрбие белгілі бір проблемаға кездеседі. Көбінесе бұндай отбасыдағы бала балалықұжымдардан алшақ болады, оның ерекшелік сезімі қалыптасып, қоршаған адамдарға деген жөнсіз наразылық эгоизмі тууы мүмкін.

Отбасының жоғары материялдық ауқаттылығы (материялдық жағдайының төмен болуы да) отбасы жұмысын ұйымдастыруда қолаңсыз жағдайлар туғызады. Мектеп отбасы әдістемелерін нақтылап, оның кемшіліктерін түзете отырып, бұл проблемаларды жеңуге тырысу.

Осылайша, демократиялық қоғамда ата- ананың бала тәрбиесіндегі қызметі толығымен қалпына келетінін есте ұстауымыз керек. Алайда, қазіргі заманғы әлеуметтік- экономикалық жағдайлар бала тәрбиесінде қиыншылықтар туғызып отыр. Ата- ана отбасы тәрбиесінің маңыздылығы баланың құндылық бағыттарын, оның моральдық қасиеттерін қалыптастыру.

Отбасы тәрбиесінің, ата- ананың әлеуметтік - жауапкершілік қызмет әрекеті ретінде басты құқықтық негізі бар. 1989 жылдың 20 қарашасында БӘӘ Бас Ассамблеясы қабылданған «Бала құқығы туралы конвенцияның маңызды негізгі құжат». «Балаға, дене жағынан және ақыл- ойының жетілмегендігінен, арнайы қорғау мен қамқорлық, соның ішінде, туылғанға дейінгі және туылғаннан кейінгі тиістік құқықтық қорғау керек», - деп жазылған Конвенцияда.

Баланың өмір сүру, тіршілік ету және салауатты даму құқығын жариялай отырып, Конвенция баланың жеке тұлғалық дамуында өзінің дербестігін, даралығын сақтау құқығына ерекше көңіл бөледі. Сондай- ақ, баланың ата- анаға деген құқығы да ескеріледі. Ата- ана «баланың мақсат- мүддесі үшін қажетін» орындамаған жағдайда ғана өз құқықтарынан айрылады.

Осы Конвенцияға қол қойған мемлекеттер мына міндеттерді орындауы тиіс: ақысыз және бәріне міндетті бастауыш білім енгізу, орта және кәсіби білім алуға жағдай жасау, жоғары білім алуға жол ашу. Конвенцияның 28 тарауында «мектептегі тәртіп баланың адами қадір- қасиетіне құрмет көрсететін әдістер арқылы жүргізілуі тиіс» деп, ерекше аталып кеткен.

Конвенция, сондай- ақ БӘӘ Бас Ассамблеясының 1959 жылдың 20 қарашасында қабылданған «Бала құқығының декларациясы»; «Адам құқығының жалпы деклорациясы» және басқа да көптеген халықаралық құжаттар ҚР Конституциясының ішкі отбасылық қатынастарды, баланың отбасы мен қоғамдағы тәрбиесі және ағартушылығы мәселелерін қамтитын тарауларына негіз болды. ҚР Конституциясының 27 тарауында былай делінген:

  1. Неке мен отбасы, аналық, әкелік және балалық мемлекет қамқорлығының аясында.
  2. Балаларды қорғау мен тәрбиелеу- ата- ананың табиғи міндеті және құқығы.
  3. Кәмелетке толған және еңбекке жарамды балалар еңбекке жарамсыз ата- аналарына қамқорлық жасауы тиіс.

Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңында (07. 06. 1999ж. ) елдегі білім беру- тәрбиелік процесті мемлекеттік құқықтық реттеудің мәселелеріне айрықша көңіл бөлінген. Бұл құжаттың нақты жасалған құқықтық негізі бар, ол ата- аналарға және балаларға, олардың қазіргі заманның талабына сай зиялы білім алуларына, құқықтық кепіл береді. Ата- ана және басқа құқық өкілдері балаларға өмір сүру мен білім алу үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасау керек, бала жеке тұлғасының интеллектуалды, дене- күш және адамгершілік қасиеттерінің дамуын қамтамасыз етулері керек. Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасында елдегі білім беру- тәрбие процесін жүзеге асыратын дамыған, қызмет етіп тұрған құқықтық негіз бар, отбасының дамуына кепіл беретін және отбасы өмірінің, отбасы ұжымындағы өзара байланыстың терең демократиялы қамтамасыз ететін құқөықтық нормалардың жүйесі жетілген.

1. 2 Кіші мектеп жасындағы балалардың отбасындағы тәрбие ерекшеліктері

Отбасылық тәрбие (балаларды отбасында тәрбиелеу) ата- ананың балаларды оқу мен тәрбиелеу, қалаған даму дәрежесіне жеткізу мақсатындағы өзара әрекеті. Бастауыш мектептің мұғалімі отбасылық тәрбиеге сүйеніп, отбасылық тәрбиені адамгершілік тәрбиесіне бағыттайды.

Отбасы бала үшін бір мезгілде түрлі отбасы бола отырып, тәрбиелік ортада болып табылады. Отбасының әсері әсіресе баланың өмірінің алғашқы жылдарында маңызды және бұл кезде басқа барлық тәрбиелеу ықпалдарын біршама көтереді. Отбасылық тәрбие т процесіне жақсы әсер етсе, жеке тұлғалық дене, ақыл- ой, еңбек тәрбиесінің нәтижесі де жоғары деңгейде болады. Көбінесе, аз ғана жағдайды ерекшелеген адамның отбасы қандай болса, өзі де сондай болатынын дәлелдеп отыр. Жеке тұлғаның қалыптасу процесі мен нәтижесіне әсіресе отбасы қатты әсер ететіндіктен, отбасы қоғам мен мемлекет тарапынан көп көңіл бөліну керек. Мықты, күшті, рухани отбасы- мемлекет тірегі.

Қазақстан қоғамда күйзелістен шығуға жол таба алмай отырған отбасы көбейіп келеді. Мұндай күйзелістің пайда болу себебі отбасының өзінің ең басты жұмысы болды, тәрбиелеуді әлсіз жүзеге асыруында. Күйзеліс жалпы мағынада қолданылады да, оның тек бір бөлігі ғана мемлекеттік- экономикалық жағдайының төмендеуіне байланысты. Отбасына және некеге жеңілтек қарым- қатынас қолданылатын әдет- ғұрып, адамгершілік ұстанымдары, ішкілік және өзімшілдік, өзіндік ережесінің болмауы және бейберекеттік, жоғары пайыздық ажырасулар, осының барлығы баланың тәрбиесіне ең жаман әсерлерімен көрініс табады.

Баланың ең алғашқы түсінігінің қалауына, бағдарлануына және әлеуметтік жағдайы отбасы арқылы қолданылатыны ертеден жақсы белгілі.

Отбасы жеке тұлғаның қалауында бесіктегі кезінен бастап- ақ маңызды. Есейген жаста көптеген қасиеттер толыққанды отбасында жай ғана қаланса, ол қасиеттер балада дамымаған күйінде қалады.

Соңғы 60-70ж. ж. ең алғашқы біздің қоғам 5-6 % шамасындағы бір отбасылық жылылықтан айрылған. Оларға қамқорлық көрсетуді мемлекеттерде саны көбейіп келе жатқан қоғамдық оқыту- тәрбиелеу мекемелері өздеріне жүктеп отыр. Жетімдер үйі, балалар үйі, мектеп- интернаттар, арнайы мекемелер 1000- даған балаларға ата- аналарын ауыстырып отыр.

Отбасылық тәрбиелеу қызметін қорғай келе мынадай шешімге келеміз.

-Балаға отбасының әсері басқа барлық тәрбие әрекеттеріне қарағанда анығырақ көрінеді. Ол өскен сайын әлсірей бастайды, бірақ біржола жоғалып кетпейді.

-Отбасында басқа еш жерде қалыптаспайтын қасиеттер қалыптасады.

-Отбасы әлеуметтік тұлғаны қалыптастыруды, оның дене, ақыл- ой, еңбек тәрбиесінің қол- руда нақты көрінісі. Отбасынан қоғам мүшелері шығады. Қандай отбасы- сондай қоғам.

-Отбасы әдет- ғұрып ұстанымдарын қамтамасыз етеді.

-Отбасының ең маңызды әлеуметтік қызметі болып адамзатты патриотты, болашақ отағасын, қоғамда заң бұзбайтын.

-Мамандық таңдауда да отбасы елеулі әсерін тигізеді.

Отбасының тәрбие өмір салты, оның барлық құрылымдық элементтері бір- бірімен тығыз байланысты, өйткені олардың мақсат- міндеттері ортақ іс- әрекеттерінің жалпы тәсілдері, әдістері және бағыттылығы бар. Отбасыдағы тәрбиенің субъектілері- ата- ана мен бала, әлеуметтік мақсат, міндет, педагогикалық тәсілдер, әдістер. Осы элементтерді біріктіретін негіз- іс- әрекет.

Ұйымдастырылған мақсатты жүзеге асыруда іс- әрекет болмаса, тәрбие де болмайды. Отбасыдағы тәрбиенің маңыздылығы ата- ананың басшылығымен, бақылауымен әртүрлі іс- әрекетке (оқу, еңбек, ойын, эстетикалық, т. б. ) балаларды араластыру.

Баланың отбасыда орындайтын тапсырмалары оларды орындауға қатынасы. Баланың отбасыда орындайтын тапсырмалары оның деңгейі педагогикалық процестің бірлігі. Бұл деңгей арқылы ата- ананың ұйымдастыру және бағыттаушы ролін; ата- ана мен бала арасындағы өзара қатынастың сипатын; бала тәрбиесіне әсер ететін отбасының мақсатты адамгершілік бағыттарын; баланың отбасыдағы араласатын іс- әрекетінің алуан түрлілігін; ата- ананың тәрбие құралдарын, әдістерін, тәсілдерін пайдалана алу қабілеттерін; баланың белсенділігінің дәрежесін көтеруге болады.

Ата- ана тәрбие жұмысының сапасын оқушының күн тәртібін ұйымдастыруынан көруге болады, онда отбасы тәрбиесінің маңызды ерекшеліктері көрініс табады, отбасының әдет- ғұрыптарының бір бөлігі болып табылады. Күн тәртібі баланың уақыт аралығындағы іс- әрекетінен тұрады: дене және еңбек қызметі, ой белсенділігі, бос уақыт, дер кезінде тамақтану, гигиена, ұйқы. Олардың ара- қатынасы баланың жасына, оның жеке тұлғасының психикалық ерекшеліктеріне және тілек- қалауларына байланысты өзгеріп отырады. Баланың бос уақыты оның күн тәртібінің құрамды бөлігі болып табылады. Оқушының бос уақытын пайдалануы, оның іс- әрекетінің түрлері отбасының тәрбие мүмкіндіктерінің айқын көрсеткіші.

Отбасының бос уақытта бірлескен іс- әрекетінің оқушы үшін маңызы өте зор. Отбасы мүшелерінің өзара әрекеттестігі ретінде, түсінісу, сезім әсерлері негіндегі бір- біріне ықпал етуі. Қарым- қатынас кезінде іс- әрекетпен, тәжірибемен, сезім әсерлері қатар жүреді. Ата- ана мен баланың ара қатынасы отбасы өмірінің айқын көрінісі, оның микроклиматын қалыптастырып, отбасының даму мүмкіндіктері. Педагогикалық мәдениеті төмен отбасыларда бос уақыттың педагогикалық мәні болмайды, ол тек көңіл көтері мақсатында ғана пайдаланылады. Педагогикалық процестің қызметіндегі іс- әрекеттің маңыздылығын, оның жеке тұлғаның өмірлік болашағын анықтаудағы мақсаттылық сипатын көрсете отырып, оның нәтижелілігі оқушының белсенділік дәрежесі.

Ата- ана арасындағы, ата- ана мен бала арасындағы өзара қатынас педагогикалық процестің тәрбиелік механизмдері болып табылады. Олар жеке тұлғалық мән беріп, көзқарастардың дамуына, балалардың мінез- құлығына, олардың адамдарға деген қатысына әсер етеді. Отбасыдағы өзара қатынас сипаты әдет- ғұрыптармен, ата- ананың өзінің бұрынғы отбасысынан алған тәрбие нұсқауларымен, темперамент ерекшеліктерімен, ерлі зайыптылардың эмоционалдық деңгейімен, олардың адамгершілік және педагогикалық мәдениетімен анықталады. Осының бәрі ата- ананың балаға деген қатынасында орын алады.

Отбасылық тәрбиенің қазақ тәжірибесінде негізгі 3 стилін бөліп көрсетуге болады: өктемшілдік (авторитарлық), ымырашылдық (либералдық), демократиялық.

Авторитарлық (өктемшілдік) -
Либералдық (ымырашылдық) стиль
Демократиялық стильде
Авторитарлық(өктемшілдік) -: ата- ананың баласына деген қаталдық, талапшылдығымен сипатталады. Үлкен балаларының тәртіпті, тіл алғыш болғанына қарамастан оның жеке тұлғасымен, жас ерекшелігімен, қызығушылығы мен тілектерін санаспайды. Көбінесе мұндай жағдай жазалы болудан сақтану пайда болды. (жаза тіпті күш жұмсау, мұндай отбасында аз емес) . Психологияның пайымдауынша авторитарлық стиль баланың сырт бейнесінен көрініс табатын дөрекілік, өтірікшіл, өзімшілдік сияқты ішкі қырсығуға әкеліп соқтырады. Жеткіншек шақтағы авторлық стильдегі отбасындағы бала көбінесе ата- анамен кикілжеңге келіп, тірті отбасынан алыстап кетуі мүмкін.
Либералдық(ымырашылдық) стиль: баласына деген қатынаста кешірімшілдіктің, шексіз шыдамдылықпен ерекшеленеді. Оның негізі, ата- ананың шексіз махаббаты болып табылады. Балалар тәртіпсіз, жауапкерлігі жоқ болып өседі. Өзінің балаларын жаулап алам деген ойларымен ата- ана оларды өзімшіл, екі жүзді, санасып қалған болып тәрбиеленіп жатқандығын сезбей де қалады. Мұндай педагогтарды А. С. Макаренко ең ақылсыз, ең жағымсыз- қасиеттер арқылы көрініс табатын «педагогикалық алаяқтық» деп атады.
Демократиялық стильде: ата- аналар бүкіл отбасы ұжымының өмірінің ұйымдастырушысы болып табылады. Ерлі- зайыптылардың өзара қарым- қатынасы, басқа да отбасы мүшесінің қарым- қатынасы сыйластықпен, бір- біріне деген көңілі мен қайырымымен, бір-біріне деген сүйіспеншілікпен көрініс табады. Ата- аналар балаларын тереңірек зерттеуге, оның жақсы және жаман қылықтарының себептерін анықтауға тырысады. балалар «болды», «істеу керек», «болмайды» деген сөздерді де жақсы біледі. Отбасылық тәрбиедегі демократиялық стиль баланың тіл алғыш, отбасы және қоршаған өмір жұмыстарына қызығушылық таныта білетін тәртіпті болып өсуіне көп әсерін тигізеді. Балалар арқылы еңбексүйгіш, адал болуды әке- шешеден үлгі ретінде көреді. Мұндай отбасында жаза қолданылмайды, балада ұялту мен қынжылту да жеткілікті.

А. С. Макаренконың ескертуінше жай бала көзқарасымен көрінетін үлкеннің күші мен бағасы, күмәнсіз абыроймен сипатталады. Балалары тыңдамайтын кейбір ата- аналар беделді табиғатынан беріледі, ол ерекше талант және ол жоқ болса, ештеңе істей алмайсың деп ойлайды. Бедел әр отбасында да қалыптаса алады, тек қана ол шындық түпнегізде: талап пен қайырымдылық, барлық істе ашықтық, икемділік пен жауапкершілік, баланың өміріне көңіл бөлуден құрылуы тиіс.

Өкінішке орай, беделдерін өтірік арқылы қолданған ата- аналар да кездеседі. Мұндай сақтануды талап ететін «өтірік беделдерге» мыналар жатады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасымен жұмысты ұйымдастыру формалары
Отбасылық тәрбие
Өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеудегі мектептің, отбасы мен жұртшылықтың бірлесіп атқаратын жұмыстары
Мүмкіндігі шектеулі балаларды отбасында тәрбиелеу ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде мектеп пен отбасының рөлі
Сынып жетекшісінің бастауыш сынып оқушыларының ата - аналарымен жұмыс жүйесі мен әдістері
Бала дамуы мен психологиясы
Мектеп педагогикалық ұжымының оқушы отбасымен байланыс орнатудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері
Отбасы тәрбиесін жетілдірудегі педагогикалық ұжым мен отбасының бірлескен қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz