Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту ерекшеліктері


Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту ерекшеліктері
Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпаққа ғылыми негізде білім беру шығармашылық белсенділігін дамыту міндеттері туындайды. Білім мазмұнын жаңарту, үздіксіз білім беру жүйесін дамыту өмірдің өзі талап етіп отырған бүгінгі күннің обьективті заңдылығы. Болашақ маманның кәсіби ынта ықыласы, белсенділігі мен шығармашылық қабілеті білім беру мекемелерінің алдында тұрған үлкен міндет екені мәлім. Уақыт талабына сай баланың танымдық қызығушылығын қалыптастыру үшін оқытудың жаңа ақпараттық техникасын пайдаланған жөн.
Сондықтан ұшқыр ойлы, жаны сұлу, шығармашыл, белсенді ойлай білетін дара тұлғаны тәрбиелеу біздің міндетіміз.
Қоғамның дарынды адамдарға деген қажетін қанағаттандыру талабы оқыту, білім беру, белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашыл тұлға қалыптастыру міндетін қойып отыр.
Мұғалім оқушының шығарашылығын, белсенділігін, қабілетін дамытуға, баулуда еңбек етеді. Көптеген психолог, педагог мамандар И. Л. Лернер, және қазақтың ағартушы ғалымдары Қ. Жарықбаев, Т. Сабыровтар да өз еңбектерінде осы мәселені, пікірінде айтып өткен. Педагог-психолог ғалымдардың зерттеуі бойынша әрбір жаста шығармашылыққа баулуда ерекше қабілет, бейімділік болады екен. Мұғалім оқушының бойында қызығушылығын қалыптастыру үшін мынандай бағыт-бағдар беру керек:
- шығармашылықпен айналысу үшін жағдай туғызу;
- ұжымда өзара шығармашылық қарым-қатынас орнату;
- психологиялық қауіпсіздік, еркіндікпен қамтамасыз ету,
- шығармашылықпен айналысуына үйде, сабақта қолайлы жағдай туғызу;
-танымдылық қызығушылық бағытына баланы жүйелі, саналы түрде қалыптастырып отырады;
Осының нәтижесінде оқушы бойында танымдық шығармашылықпен өзіндік жолын анықтауға ынтасы оянып, олардың осыған дағдылануы қалыптасады.
Бұл тәрбиелеу, оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының оқу мәдениеті, іс-әрекеті барысында ынталылығын жүйелі ойлаудың дағдыларын қалыптастыруды көздеген мұғалімнің шеберлігі, шығармашылығы, қабілеті, тәжірибесі қалыптасады.
Белсенділік - мәдени немесе материалдық құндылықтарды өз ойы бойынша жаңадан жасау ретінде түсінілетіні белгілі, әрі ол ойлаудың жоғары формасы болып табылады. Әр ұрпақ әлеуметтік-экономикалық жаңарулар тұсында ұрпақтың қол жеткізген жетістіктерін меңгерумен қатар, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.
Қызығушылық - бұл шығармашылыққа деген тұрақты да жоғары қызығушылығын білдіретін, шығармашылық қабілетті қалыптастырудың органикалық бірлігінде көрінетін, оған бір немесе бірнеше әрекет түрлерінде прогрессивті, жеке мәнді шығармашылық нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін мотивациялық-шығармашылық белсенділік тән - тұлға.
Белсенділік қабілеттер арқылы көріңіс табады. Ол көріністер адамның қасиеттерінің синтезі, психологиялық ерекшеліктері, жеке қасиеті немесе адамның психологиялық қасиеттерінің жиынтығы ретінде айқындалуда.
Танымдық қызығушылық жөнінде өз ойларын көптеген ғұламалар еңбектерінде жазып қалдырған. Адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды өз еңбектерінде ұлы дала ойшылары Жүсіп Баласағұн, Әл-Фараби, Абай өз тұжырымдарын, көзқарастарын білдірген. Платон, Аристотель, Сократ қабілеттердің дамуына өзіндік зерттеулер жүргізген. .
Көрнекті педагогтар ҚД. Ушинскийдің, Ы. Алтынсариннің, Н. К. Крупскаяның, А. С. Макаренконың шығармаларында қабілеттерді дамытудың жолдары қарастырылған.
Оқу үдерісің тиімділігі ең алдымен оқушылардың белсенділігі мен танымдық, ізденісіне қатысты десек, бұларды қамтамасыз ететін іс-әрекет барысында баланың белсенділік қасиетін қалыптастыру болып табылады. Білім беруді басқарудағы әр түрлі жүйелеуді жобалау мен жүзеге асыруда оқушының білімге деген танымдық іс-әрекеті шығармашылық белсенділігі, ынталылығы қалыптасуы керек. Осы орайда көптеген ғалымдар оқушының шығармашылық белсенділігі барысында ынталылықты қалыптастыру жолында өз пікірлерін, ойларын ортаға салды.
Бастауыш сынып оқушылыры өзін-өзі бақылап бағалайды, шығармашылық жұмыстарымен шұғылданады.
Сыныпта оқушылар әр түрлі дидактикалық ойындармен танысады. Оқушылардың білімге деген ынтасы, қызығушылығы қалыптасып құштарлығы артады. Егеменді ел болған халқымызды бүгінгі таңда дүр сілкіндірі жаңаша серпіліс танытып отырған-білім беру жүйесіне көптеген талаптар, жүйелі мақсаттар қойылып отыр. Әрбір мұғалімнің басты міндеті баланың жеке басының, қасиеттерінің, ізденіс, зерттеушілік және шығармашылық қабілеттерін танымдық қызығушылығын қалыптастырып талантын ашу көзделуде.
Қызығу дегеніміз - шындықтағы заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып, білуге бағытталған адамның біршама тұрақты жеке ерекшелігінің бір көрінісі. Қызығуда бір нәрсені ерекше тандап, соған зейін қойылады, адамды еліктіріп өзіне тартқан иәрсенің бәрі қызығудың обьектісі болып табылады. Қызығудың физиологиялық негізі «Бұл не?» деген рефлекс адамның қызығуы бір нәрсеге аса зейін қоюдан, оған құмартудан, соны үнемі ойлаудан көрініп тұрады. Адамда сан алуан қызығулардың болуы мүмкін. Бірақ осылардың ішінен басты біреуі ең басыңқы қызығуы болады. Мұндай қызығулар әсіресе оқу-тәрбие әрекетінде аса қажет. Оқу қызығуларының әсерлі, күшті тұрақты, мазмұнды болуы, баланың сабақ үлгеруіне, білімді терең алуына көп жәрдемін тигізеді. Оқу қызығулары оқушыларда оқу мотивтерінің дамуына байланысты қалыптасып отырады. Қызығуы тұрақтанбаған адам қызметтің қай саласында болмасын пәрменді еңбек ете алмайды. Қызығулар өзінің мазмұны мен бағытына қарай материалдық, қоғамдық, саяси, кәсіптік, эстетикалық, спорттық, танымдық болып келеді. Танымдық белсенділік - оқуға, ғылымға қызығу. Қызығу бастауыш сынып оқушыларында қарапайым тану қызығулары болып көрінуден басталады. Ол көбінесе балалардың бейімділігіне қарай көрінеді. Қызығу пәрменді, белсенді болуы қажет, ол үшін бала тікелей әрекетпен айналысуы тиіс. Мұғалім оқушылардың қызығуын тәрбиелеуде оларға әлі де онша мәлім емес кейбір жанама қызығуларын тауып, соларды тұрақтандыру жағын ойластыруы қажет. Сонда ғана оқушы рухани өмірге бай басқа, зерігуді білмейтін, еңбек сүйетін жан-жақты қабілетті тұлға болып шығады.
Мұғалімнің алдында лаоұушыларды танымдық қызығушылықтың әрбір түрін орындауға үйрету, оларда өз іс-әрекетін жоспарлау және тиімді ұйымдастыру білігін қалыптастыру міндеті тұр.
Оқушылардың оқыту үдерісінде белсенділігінің төмендеу себебі неде? Біздің пікірімізше, ол келесідей себептерден тұрады:
1. Бастауыш мектеп оқушыларының меңгеруіне қиын күрделі оқу материалының берілуі.
2. Балалардың өз бетімен жұмыс жасауы, өз бетімен оқу материалын меңгеру деңгейі төменгі деңгейде қалыптасуы.
3. Мұғалімдердің оқушылардың танымдық қызығушылығын тиімді ұйымдастыра және басқара алмауы, балаларды осы іс-әрекетті орындауға үйрете алмауы. Сонымен, танымдық қызығушылықтың түрлері - бақылау, кітаппен жұмыс, білімді жүйелеу, оқу материалдары мен тапсырмалар және т. б.
Оқушыларға білім мен тәрбие берудің басты жолы (формасы) ойын және сабақ. Онда мұғалім белгіленген уақытқа сай балалармен бірлесе отырып, мақсаты бір оқу - тәрбие мәселесін шешеді. Мектепте оқу үрдісінде сабақ алға қойылған мақсатына қарай жаңа білімді меңгеру сабағы, біліктілік пен дағдыны игеру және іс-әрекет қалыптастыру сабағы, білімді қорыту және жүйелеу сабағы, қайталау және бекіту сабағы, тексеру, аралас сабақ болып, оқыту әдістеріне қарай әңгіме сабақ, практикалық сабақ, ал сабақтың сабақтар жүйесіндегі орнына білімнің міндеті, дайындық жұмысы болып саналады.
Екіншіден, баланың білімге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру үшін тақырыпқа сай сабақ типін, оның құрылымын, әдістерін, тәсілдерін түрлендіріп отыру. Сабақты үнемі қалыптасқан дәстүрлі формада өткізу, әсіресе мектепте оқушылар әрекетіне қозғау сала бермейді. Балалардың қызығушылығын арттыру оқу - таным, олар әрекетін басқару арқылы іздеу, зерттеу, дидактикалық ойындар, ой таласын туғызумен байланысты.
Үшіншіден, сабақта дидактикалық және техникалық құралдарды мақсатқа сай, бастауыш мектеп оқушыларының сезіміне әсер ететіндей тұрғыда пайдалану.
Төртіншіден, мұғаліммен ынтымақтығын жасау яғни баланың өз ынта-жігері мен оқуға құлшынысын арттыру. Ол мұғалімнің сабақта баламен үзбей жүргізетін білім алудың қажеттілігін білдіру, қолынан іс келетініне сендіру, оларды сүйетіндігін, құрметтейтіндігін дәлелдеу және олармен санасатынын көрсету т. б. жұмыстарына яғни оқу себебін (мотивін) табуына байланысты.
Бесіншіден, сабақты өмірмен байланыстырып отыру материалының мазмұнын баланы қоршаған өмірдің өзгерісімен, қозғалысымен, шындығымен байланыстырып отыру білімнің өмірде қажеттілігін түсінуге, оны есте сақтауға, алған білімін тәжірибеде қолдануға жағдай жасайды. Бұл мақсат әсіресе практикалық сабақтарды өту кезінде кеңінен шешіледі.
Алтыншыдан, сабақта танымдық ойындарды пайдалану. Ойын оқушы әрекетінде жетекші орын алады. Сондықтан сабақтың мазмұнына сай дидактикалық ойындарды пайдалану олардың оқуға ықыласын, белсенділігін арттырудың себепшісі. Бірақ сабақтың барлық уақытын ойынмен ауыстыруға болмайды.
Жетіншіден, сабақта шешімін тапқан озық тәжірибені қолданып отыру. Оқушылардың барлығы ісі нәтижелі болу үшін ізденіс жасайды. Бірақ өз ісіне талдау жасап, артықшылығы мен кемшілігін анықтай бермейді. Өзгенің тәжірибесін жаппай қолдану орын алды. Бұл дұрыс. Бірақ сол тәжірибе сабақта балалардың оқу еңбегіне қозғау салды ма, болмаса баланы тек елең еткізе ме, әлде жалған әрекетке соқтырды ма, мұны тәрбиеші анықтау тиіс. Сонда ғана озық тәжірибе өз мақсатына жетеді.
Сегізіншіден сабақтың нәтижелі өтуі, ондағы көңіл күйге педагогтік шеберлікке байланысты. Бастауыш сынып оқушфларының сабақтағы көңіл күйі олармен мұғалімнің қарым-қатынасына, үнемі, сөйлеу мәнеріне, келбетіне, ым мен қимылды орынды қолдануына байланысты. Егер мұғалім орынсыз балаға жекіп, орынсыз талап қойса, онда оқыту мақсатына жетпейді, қайта мұғалімге қарсы әрекеттер дамиды.
Тоғызыншыдан, сабақта балалар әрекетін үйлестіріп отыру яғни әрекетін жеке, ұжым болып шешуге үйрету.
Оныншыдан, нәтижелі сабақ өткізу үшін мұғалімнің өз білімін үздіксіз көтеріп отыруы.
Он біріншіден, өтілген сабақтың тиімділігін анықтап отыру т. б.
Бастауыш мектеп оқушылары білім мен тәрбиені сабақта ғана емес, олармен жеке өз бетімен жүргізілген жұмыстарда үйірмеде, саяхатқа шыққанда және өз бетінше ойнағанда өзін-өзі тәрбиелеуі кезінде де алады.
Жеке жұмыстар оқушының білімін тереңдету білімдегі оқулықтың орнын толтыру мақсатында сабақтан тыс уақытта жүргізіледі. Мұғалім оқушының жеке ерекшеліктерін, білім деңгейін ескеріп, алдын-ала қандай білім көлемін беретінін, қалай үйрететінін белгілейді. Кейін мақсатқа сай баламен бірлесе отырып жеке жұмыстар жүргізеді. Мұнда бала өз бетінше жұмыс жасауға ізденуге тырысады, ал мұғалім жұмысын шешуге кеңес береді алдағы іске жөн сілтейді. Жеке жұмыс оқытудың міндетті формасы емес, ол оқушының қалауы, болмаса мұғалімнің кейбір баланы шақыруы бойынша ұйымдастырылады.
Бастауыш сынып оқушыларының қабілеті мен қызығушылығын ескеріп, пән бойынша үйірме ұйымдастырылады. Ол балалардың сабақта алған білімін одан әрі тереңдету, оны өмірде қолдану, ептілігі мен дағдысын арттыру және кәсіптік бағдар беру мақсатын көздейді. Үйірме жұмысын жергілікті жердің ерекшелігіне, оқушылардың қалауына сәйкес 10-12 баланы қатысуында жүргізіледі. Үйірме отырысы екі аптада бір рет өтеді. Мұндағы оқу жұмысы, практикалық, ауыл шаруашылық және өндіріс озаттарымен кездесу, бөлмені жабдықтау, өндіріске саяхат жасау, гүл егу, оны күтіп баптау түрінде өткізіледі.
Бастауыш сынып оқушыларының терең, тиянақты білім алуында өзіндік жұмыстар ерекше орын алады. Ол - баланың білейін, таниын, орындайын деп өз әрекетін ұйымдастыруға бағытталған оқу жұмысының күрделі түрі. Өзіндік жұмыстар топта сабақтан тыс жұмыстарда орындалады. Оның нәтижелі болуы мұғалімнің тапсырманы дұрыс беруіне, баланың ынта ықыласына, қызығушылығына, оқудың қажеттілігін түсінуіне (оқу себебін табуға) байланысты. Өзіндік жұмыстардың түрі көп. Ол негізінен, мұғалімнің оқу материалын түсіндіру бекіту, үй тапсырмасын сұрау кезінде жаттығу орындату, , практикалық жұмыстарын орындау және кітаппен жұмыс жүргізу кезінде көрінеді.
Көптеген мұғалімдердің тәжірибесіне танымдық қызығушылығын арттыруда оқушылардың өзіндік жұмыс нәтижесі мыналарға байланысты:
1. оқушының жас, дара ерекшелігін есепке алуға;
2. оқушыны оқу әрекетіндегі жалпы, нақты мақсат пен міндетті анықтап, оған лайықты тәсіл мен әдісті қолдана білуге үйретуге;
3. оқушының оқу міндетін өз еркімен шешуіне;
4. Өз ісінің нәтижесіне сенуіне, оған қызығуына т. б.
5. Оқу әрекетінің барысында бақылау жасап, оны бағалауына т. б Бастауыш сыныпта балалардың өзіндік жұмыстарының ішінде кітаппен жұмыстың мәнін ескеріп, оған тоқтауды жөн көрдік. «Кітап - білім бұлағы» болғандықтан, баланың онымен жұмыс жасау іскерлігі, дағдысы болу керек. Кітаптар, оқулық, қосымша әдебиеттер, көркем шығармалар болып бөлінеді.
Бұлардың әрқайсысымен жұмыс жасаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Оқушы алдымен қажетті түрлі түсті кітапты тауып алып, одан жаңа білім алатынын, болмаса тәрбиеші түсіндірген білімді бекітетінін анықтайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz