Ата – ана қамқорынан қалған балалар психологиясы
КІРІСПЕ .
1. Ата.ана қамқорынан қалған балалардың туындауы, тарихи дамуы және әлеметтенуінің ерекшеліктері
2. Әлеуметтік педагогтың қызмет түрлерінің мазмұны және ата.ана қамқорынан қалған балалардың әлеуметтену ерекшеліктері
3. Ата.ана қамқорынан қалған балалар үйіндегі жасөспірімдермен жүргізілетін жұмыстардың ерекшеліктері.
4. Балалар үйінде тәрбиеленуші жасөспірімдердің психикалық ерекшеліктері.
Қорытынды...
Әдебиеттер тізімі

Дүниежүзінің барлық елінде балалардың жақсы өмір сүруін мақсат тұтады. Олардың тиімді білім алып, өз қабілеттерін қолдана білулеріне жағдай жасауға тырысады. Қай халық болмасын, өз ұрпағын өмірлерінің жалғасы деп танып, олардың жақсы өмір сүрулеріне жағдай жасауға ұмтылады. Әрине, жақсы өмір сүру дегенді әркім өзінше түсінетіні де баршамызға мәлім. Біздіңше, жақсы өмір сүру дегеніміз, қоғамда өзін еркін сезініп, оған жауап бере алу және рухани жетілу. Мұндай жағдайға қоғамның барлық мүшесі ие бола алмауда, мысалға, бүгінде қоғамнан ойып орын алып отырған жетім-балалардың өзіндік тұрғыдан дамуы, өзіндік пікірлері мен көзқарастары төмен екендігін тәжірибеден көруге болады. Тіпті, бұл балалардың да қоғамның белді мүшелері, ел басқарар азаматтары боларына ешкім күмән келтірмесе керек. Осы тұрғыдан алағанда біздің қарастырып отырған мәселеміз қоғам сұранысына байланысты өзекті мәселелердің бірі.
1. Аязбекова Г. Әлеуметтік – педагогикалық қызметтің үлгі ережесі. Астана, 2005.
2. Ауренова М. «Балалар үйі жағдайындағы психолог іс - әрекеті». Республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журнал «мектептегі психология. Психология в школе» №3, 2006, стр.12-13.
3. Әли С. «Жетімге қамқорлық – елге қамқорлық» журн. Астана хабары №166 2005, 15 қараша, 2 б.
4. Балалар құқығы туралы конвенция. -№9-10.-28 наурыз. –Б.4-5
5. Баймұқанова Т.М. Отбасымен әлеуметтік педагогикалық жұмыс:Оқу құралы-Астана: «Парасат әлемі», 2005 -180 б. 8 б
6. Бейсеқанова М., «Үміт балалар үйінің директоры» журн. «Мектеп директоры. Директор школы». №5, 2006, стр 18-21.
7. Галкина Э. Ранний детский аутизм: основные пути социально – педагогической работы // социально – педагогическая деятельность: проблемы теории и практики. Материалы VII социально – педагогических чтений 25 марта 2004 г. в РГСУ.-М.,2004.-С.267-272.
8. Горячева М.С. Социальная педагогика. – Самара. 1996.
9. Горшкова Е.А. Из истории развития детских домов. // Проблемы и перспективы совершенствования воспитательной работы в детских домах.-М.,1990.-С.12
10. Григорьев С.И., Демина Л.Д. Психолого – социалогические основы социальной педагогики. – Барнаул, 1996.
11. Григорьева А.А. Социальный педагог на селе: содержание и формы практической деятельности: Сб.научн. трудов. – м.,-2001.
12. Керімов Л. Қиын оқушылар мәселесі. Алматы, 1991.
13. Керімов Л.К “Қиын жасөспірімдерді жеке – дара қайта тәрбиелеу теориясы мен практикасы” – Алматы, 2003. – 123б
14. Крылова Н. Проблемный подросток: его права и возможности // Народное образование. – 2001.№9.-С.17-26.
15. Крутецкий В.А Психология подростка. М. 1965.С.41
16. Қазақтың тәлімдік ой – пікір антологиясы. – Алматы, 1994 – 19-23 б.
17. ҚР Білім туралы заңнамас. ҚР интернаттық білім беруді ұйымдастыру тәртібі туралы ережесі // Егемен Қазақстан № 23, 10 шілде, 2000
18. Қазақстан Республикасындағы Білім туралы заңнама. Заң актілерінің жинағы –Алматы:ЮРИСТ,2003 -180 б.
19. Қазақ педагогикалық энциклопедадия сөздігі. / Құр. Айтмамбетова Б., Бозжанова Қ., Ильясова А. – Алматы: РБК, 1993
20. ҚР «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы заңы. Астана, 2004 -шілдедегі №591

Ф.4.7-006-01
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
ҚББ институты
Психология және дефектология кафедрасы
Психология тарихы пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Ата – ана қамқорынан қалған балалар психологиясы
Орындаған: Акбердиева Б.
Тобы: ЗФК – 04 – 3к2
Қабылдаған: Ахметова А.К.
Шымкент 2009
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1. Ата-ана қамқорынан қалған балалардың туындауы, тарихи дамуы және
әлеметтенуінің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2. Әлеуметтік педагогтың қызмет түрлерінің мазмұны және ата-ана қамқорынан
қалған балалардың әлеуметтену ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3. Ата-ана қамқорынан қалған балалар үйіндегі жасөспірімдермен жүргізілетін
жұмыстардың

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4. Балалар үйінде тәрбиеленуші жасөспірімдердің психикалық

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .
КІРІСПЕ
Дүниежүзінің барлық елінде балалардың жақсы өмір сүруін мақсат
тұтады. Олардың тиімді білім алып, өз қабілеттерін қолдана білулеріне
жағдай жасауға тырысады. Қай халық болмасын, өз ұрпағын өмірлерінің жалғасы
деп танып, олардың жақсы өмір сүрулеріне жағдай жасауға ұмтылады. Әрине,
жақсы өмір сүру дегенді әркім өзінше түсінетіні де баршамызға мәлім.
Біздіңше, жақсы өмір сүру дегеніміз, қоғамда өзін еркін сезініп, оған жауап
бере алу және рухани жетілу. Мұндай жағдайға қоғамның барлық мүшесі ие бола
алмауда, мысалға, бүгінде қоғамнан ойып орын алып отырған жетім-балалардың
өзіндік тұрғыдан дамуы, өзіндік пікірлері мен көзқарастары төмен екендігін
тәжірибеден көруге болады. Тіпті, бұл балалардың да қоғамның белді
мүшелері, ел басқарар азаматтары боларына ешкім күмән келтірмесе керек. Осы
тұрғыдан алағанда біздің қарастырып отырған мәселеміз қоғам сұранысына
байланысты өзекті мәселелердің бірі.
Қазақстан Республикасында соңғы жылдары ата-ана қамқорынан қалған
балалар мен ата-анасынан ажыратылған, яғни олардың қамқорлығынсыз қалған
балалардың жағдайы көпшілікті толғандыруда. Яғни, әртүрлі жағдайларға
байланысты ата-ананың қамқорлығы мен сүйіспеншілігінен тыс қалғандардың
мәселелері өзекті болып отыр. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының
Қазақстан-2030 даму стартегиясына сай ата-ана қамқорынан қалған балалар
үйіндегі тәрбиелініп жатқан әрбір ұрпақтың жеке адам ретінде қалыптасуының
шешуші факторы ұлттық тәрбие деп көрсеткен.Сонымен қатар, жылдан-жылға
олардың санының артып жатқандығы да құпия емес.
Қазіргі кезде елдегі әлеуметтік қайшылықтардың асқынуы
жасөспірімдердің арасында заң бұзушылық, қылмыстық істерге баруға
мүмкіндіктер туғызуда. Әсіресе, ата-ана қамқорынан қалған балалар арасында
дөрекілік күйдегі жасөспірімдер саны өсуде, олардың өзгермелі теріс
пиғылдары сана-сезімдері қаталдыққа, озбырлыққа, өтірікшілдікке, жеке басын
ойлау қасиеттерімен сипаттайды. Рухани жағынан кейбір жасөспірімдердің
азғындау және соның нәтижесінде өзімшілдік қатынасқа мойын бұрып, оларды
енжарлыққа, өзіне және басқаға немқұрайлықпен қарауға, арақ-шарап, темекі,
наша тарту және уытты сұйық заттарды иіскеу, қылмыстық істер жасауға бейім
болып отыр. Бұл жағдайдың өзі қоғам дамуын шиеленістіреді. Әрине,
қарастырылып отырған мәселе мүлдем зерттелмеген деуге болмайды. Айталық,
ата-ана қамқорынан қалған балалар үйінде тәрбиеленушілердің ерекшеліктерін
және олардың педагогикалық-психологиялық даму өзгешеліктерін А.Адлер,
А.Фрейд, Дж.Боулби, Р.Шпиц, В.Винце, М.Лисина, С.Ю.Мещерякова,
Н.М.Щелованов және т.б. ғалымдар қарастырды. Ата-ана қамқорынан қалған
балаларды тәрбиелеудегі дене мәдениетінің мәнін Н.И.Пономарев, В.И. Жолдак,
С.Б.Тихвинский, И.М.Воронцов, О.Ю.Фадеева және т.б. өзіндік тұрғыдан ашқан.
Ғылыми зерттеу нәтижесінде көпшілік мектептердегі жасөспірімдермен
ата-ана қамқорынан қалған балалар үйіндегі жасөпірімдердің әлеуметтік
дамуының ерекшелігі олардың : біреулері отбасында, ал екіншілері отбасынан
тыс мекемелерде тәрбиеленуінде емес, сондай – ақ олардың қоғамда қол
жеткізген дәрежедегі орынды иеленулерінде. Осыған байланысты отбасынан тыс
мекемелерде тәрбиеленіп жатқан жасөспірім тұлғасының педагогикалық,
психологиялық, әлеуметтік – педагогикалық даму мәселелеріне тоқталып, жан
– жақты зерттеу қажеттілігін байқадық.
Ал, жастардың қоғамға әлеуметтенуіне келер болсақ, алдымен бұл
ұғымның туындауына тоқталу қажет. “Әлеуметтендіру” ұғымы алғашқы рет өткен
ғасырдың орта шенінде американдық психология мектебі өкілдерінің
еңбектерінде қолданыла бастады. Сондықтан да болар бұл ұғымды ғылымға
ендірушілердің алдыңғы санатында американдық психолог ғалымдар
А.Бондураның, Д. Доллэрдтің, Дж.Кольманның А.Парктің, В.Уолтерстің және
басқалардың аттары атала бастады.
Зерттеу объектісі: ата-ана қамқорынан қалған балалар үйіндегі
жасөспірімдерді тәрбиелеу процесі.
Зерттеудің пәні: жасөспірім жетім-балалардың тұлғалық әлеуметтену процесі
Зерттеудің мақсаты: жасөспірім жетім-балалардың тұлғалық әлеуметтенуінің
педагогикалық шарттарын теориялық тұрғыдан негіздеу және оларды
әлеуметтендірудің тиімді жолдарын белгілеу.
Зерттеудің міндеттері:
- жасөспірім жетім-балалардың тұлғалық әлеуметтенуі туралы зерттелген
ғылыми еңбектерге талдау жасау арқылы жетім, әлеуметтік жетім
ұғымдарының мәнін ашу, өзіндік ғылыми анықтама беру;
- жасөспірімдердің әлеуеттену процесін сипаттау;
- жасөспірім жетім-балалардың тұлғалық әлеуметтенуінің педагогикалық
шарттарын айқындау;
- жасөспірім жетім-балалардың тұлғалық әлеуметтенуін педагогикалық
эксперимент арқылы тексеру.
1 Ата-ана қамқорынан қалған балалардың туындауы, тарихи дамуы және
әлеметтену ерекшеліктері
Бұл бөлімде біз ата-ана қамқорынан қалған балалардың туындауы
және олармен әлеуметтік педагогтың атқаратын қызметін және жұмыстар
жүйесін қарастыруды жөн көрдік.
Қоғамнан ауқымды орын алып отырған ең өзекті мәселелердің бірі – ата-
ана қамқорынан қалған балалар мәселесі. Олардың өмірге даярлық процесі тар
шеңберде өтетіндіктен, бұл балалардың әлеуметтенуі де өзіндік ерекшелікке
ие. Алдымен кілттік сөздердің мәнін түсіндіріп өтелік. “Жетім” ұғымының
анықтамасына келетін болсақ, ерте кезде яғни Х-ХІҮ ғасыларда “жетімдер” деп
- кедей шаруа балаларын атаған. Кейіннен жетім термині шаруа терминімен
алмастырылып, басқару орындарының қызметкерлерімен феодалдарға қатысты атау
ретінде қолданылды. Ал, ХІҮ-ғасырдың соңы мен ХҮІІІ-ғасырларда
“ жетім” cөзі тек басқару орындарының қызметкерлері мен феодалдарға ғана
қатысты емес, жалпы екі немесе бір ата -анасынан айырылған балаға
қатысты қолданыла бастады.Большая советская энциклопедия . –М., 1976.-Т.
23.-С.461, Ожегов С.И. Словарь русского языка. М-, 1978. –С. 661
Яғни, жетім – ата-анасының екеуі де немесе жалғызілікті шешесі
(әкесі) қайтыс болған 18 жасқа толмаған бала.
Қазақстан Республикасында жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған
балаларды кәмелетке толғанша мемлекет тікелей қамқорлығына алады, сондай-ақ
кәмелетке жеткеннен кейін де олардың жоғары оқу орындарына қабылдануына,
жұмысқа орналасуына, баспанамен қамтамасыз етілуіне заңдарда белгіленген
негіздерде түрлі жеңілдіктер көрсетіледі.
“Әлеуметтік жетімдер”, деп – белгілі бір себептерге байланысты, ата
-аналары құқығынан айырылған балаларды айтамыз.
Әлеуметтік жетімдер – балалардың ерекше категориясы. Олардың рухани және
адамгершілік құндылықтары, тәртіп мәдениеті туралы түсініктері теріс,
себебі олар толық жанұялық тәрбие көрмеген яғни ата-аналары ішімдікке,
нашақорлыққа, жеңіл жүріске салынып,балаларына дұрыс тәрбие бере
алмағандар. Оларға тән қасиеттер – агрессия, алаңдаушылық, мінездегі жат
қылықтар. Аталып отырған мәселе қоғамда кеңінен орын алуда, сондықтан да
одан сырт айналу қажет емес, тіпті олай істеу мүмкін де емес. Осы тұрғыдан
алғанда алдымен мәселеге байланысты үкімет шараларына талдау жасауды жөн
көрдік.
2004-05 оқу жылында Республиканың білім беру жүйесінде 660
интернаттық мекемелер қызмет етті, онда 79 мың тәрбиеленушілер мен оқушылар
оқытылды және соларға пана болды. Оның ішінде 73 –і балалар үйі және ата-
ана қамқорынан қалған балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 12574
бала болды. 45-і таза балалар үйінің саны онда 6419 ата-ана қамқорынан
қалған балалар қамтылған. 11-і жалпы интернаттар 2508 баланы қамтамасыз
еткен. 17-сі түзету мекемелері 3647 мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған
мекеме. 33-і отбасылық типтегі балалар үйі онда 261 бала қамтылған. 69-ы
арнайы түзету мекемесі 12599 бала тәрбиеленген. 10-ы девиантты міне-құлықты
балаларға арналған, онда 884 бала болған. 99 мектеп-интернаттары болған
және 37541 бала қамтылған. 12 санаториялық типтегі мектеп-интернаттыры
болған, 3398 бала ем алып, оқып, тәрбиеленген. 359 жалпы білім беретін
мектептердің қарамағында болған, онда 15096 бала қамтылған.
Ата-ана қамқорынан қалған балалар мәселесені байланысты бірқатар
нормативтік құжаттар бар. Атап айтар болсақ, Қазақстан Республикасының
отбасы типті балалар ауылы (деревня) және жастар үйі туралы заң. Бұл № 113-
ІІ заң 2000 жылдың 13 желтоқсанында қабылданған, 2004 жылғы 20-шы
желтоқсанда № 13-ІІІ болып толықтьырылған.
Бұл заң аталған мекеменің қызметі мен құқықтық ережелерін белгілейді.
Яғни, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың уақытша, түпкілікті
отбасында тәрбиеленулерін реттейді, сонымен қатар олардың рухани-
адамгершілік, еңбек тұрғысынан жан-жақты дамуларын, білім алуларын
қамтамасыз етеді.
Заң бес тарау және 36 баптан тұрады. Бірінші тарауда жалпы ережелер
көрсетілген. Аталмыш балалар Конституцияға сәйкес барлық құқыққа ие
екендігі айтыла отврвп заңның ұстанатын негізгі ұстанымдарын атап өтеді.
Олар: гуманистік, әділеттілік, тұлғаның еркін даму, тәрбиеленушілердің
құқының шынайы қорғалу, отбасы типті балалар ауылы (деревня) және жастар
үйі субъектілерінің өзара көмек, қолдау көрсету т.б. Заңда баллар үйінің
бірте-бірте балалар ауылына айналуын, осылайша келешекте бұл балалардың
отбасы типтес орында оқып, тәрбиеленуі көзделеді. Екінші тарауда Балалар
ауылында тәрбиеленушілердің құқықтары көрсетілген. Яғни, мұндай орынға 18
жасқа дейінгі барлық ата-ана қамқорынан қалған балалар қабылданады.
Тәрбиеленушілер: оны адамдық тұрғыдан құрметтеге; тәрбиеші-ананың
қамқорлығына онымен бірге өмір сүруге; тәрбиеші –ана мен әкімшілік
тарапынан қызметтерін пайдаланып, қоқан-лоқы көрсетуден сақтануға құқылы.
Сонымен қатар, тәрбиеленушілердің өзіндік көзқарастарын білдіруге де құқылы
екендігі баяндалған (6-шы бап). Тәрбиеленушілер тұрғылықты мекен-жайға,
белгілі бір заттарға, әлеуметтік төлем ақыларға да құқылы. Үшінші тарау
жалпы отбасылық балалар ауылына түсініктеме берген. Яғни, балалар
ауылындаға отбасы дегеніміз – бірге өмір сүретін, заттарды ортақ
пайдаланатын, іс-әрекеттер мен еңбекті бірге бөлісетін, тәрбие және білім
алатын орта. Бұл орын құқықтық заңды орын болып табылады, сондықтан да оның
белгілі территорриясы, пәтерлері, шаруашылық орындары бар. Балалар ауылы
бірнеше отбасылардан тұрады, демек кіші-гірім ауыл ретінде ортақ тәрбие
процесі іске асырылады. Бұл тарауда тәрбиеші-анаға қойылатын талаптар да
айтылған: біріншіден ол ҚР азаматы боуы тиіс; екіншіден 30-дан асқан жоғары
білімді, некеде жоқ, өзінің немесе бағып алған баласы жоқ әйел. Оған қоса
сот үкімі бойынша еңбекке жарамсыз деп табылса, ата-ана құқынан айырылған
болса, асырап алушы ретінде құқынан ажыратылған болса, сотталған болса,
денсаулығына байланысты асырап алуға рұқсат етілмеген болса мұндай аналар
тәрбиеші-ана бола алмайды. Отбасына баланы таңдау тәрбиеші-ананың құқында
және баланың қалауы да есепке алынады. Сонымен қатар 16-шы бапқа сай
құжатттарды реттегенде және келісім шар бойынша ғана бала отбасына
беріледі. Тәрбиеші- ана тәрбие әдістерін өзіндік тұрғыдан қолдануға және
тәрбие іс-шараларын ұйымдастыруға құқылы. Баламен ақылдаса отырып, оқу
орнын, қосымша білім алуды таңдай алалы. Төртінші тарау тікеле Жастар
үйіне арналған немесе оны әлеуметтік бюейімделу орталығы деп те атайды.
Бесінші тарау, Қазақстан Республикасының отбасы типті балалар ауылы
(деревня) және жастар үйііндегі балларға мемлекеттік гарант болу
баяндалған.
Ал, елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2002 ж. 8 тамыз №345 бұйрығымен қол
қойылған Қазақстан Республикасының бала құқы туралы заңының 5 тарауының
30 бабының (Бала құқын қорғауға байланысты функцияларды іске асыру,
ұйымдастыру) 1,2 пунктерінде Балалар үйіне қабылданатын балалар және оларды
қорғау, мекемедегі жағдайы туралы айтылған. Қазақстан Республикасының
бала құқы туралы заңы. –Астана, 2002. - 12 б.. Яғни, балалар үйіне ата-ана
қамқорынан қалған балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған
туғаннан 3 жасқа дейінгі балалар қабылданады. Ал уақтылы қабылданғандар
үшін, арнайы бөлімшелер ашылады. Сонымен қатар, интернаттық ұйымдар мен
отбасы типтегі балалар деревнясына (ауылына) ата-ана қамқорынан қалған
балалар мен қатар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған туғаннан 18 жасқа
дейінгі балалар қабылданады деп көрсеткен. Мұндағы балалардың жағдайы бала
құқын қорғауға байланысты заңдарға сай іске асырылатындығы көрсетілген. Осы
заңның 7-ші тарау 34 бабында мемлекет барлық балалардың Қазақстанның
тарихын, салт-дәстүрін, рухани құндылықтарын үйретуді көздейді деп
көрсеткен бұл да сонда.
Ерте кезде көптеген мемелекеттерде ата-ана қамқорынан қалған балаларды
әлеуметтік қорғау діни салт-дәстүрге бағындырылған.
В.В.Беляков Беляков В.В. Сиротские детские учреждения России: Исторический
очерк.-М.:Дом,1993.-24 с.пен Е.А.Горшкованың Горшкова Е.А. Из истории
развития детских домов. Проблемы и перспективы совершенствования
воспитательной работы в детских домах.-М.,1990.-С.12еңбектерінде жетімдер
үйімен қоғамдық орта айналысты олар балалардың тәрбиесіне аса мән берген-
деп көрсетеді. Ал, Дж. Харвиннің зерттеуінде ағылшындардың жетім-балаларды
қорғау, орналастыру жүйесі сипатталған. Сонымен қатар балалар үйінің
түлектері -әлеуметтік риск топтарын құрайды яғни, ағылшындық мемлекеттік
жүйеге сай, бұл үйлердің түлектері көбіне әлеуметтік тәуекелге (риск)
ұшырайтындар деп пайымдаған. Олар жиі жұмыссыз, баспанасыз қалатын
болғандықтан әртүрлі қылмысқа барады, психикалық ауыруларға душар болады,
сондай-ақ отбасын құру, бала тәрбиесінде тығырыққа тіреледі, Харвин Дж.
Английская государственная система устройства детей, оставшихся без
родительского попечения Проблемы сиротстива и организация
государственной помощи детям, лишившимся родительского попечения. –М.,1992.
–С.52-61 -деп көрсетеді.
Панасыз қалған жетім, тастанды балаларға мемлекеттік қамқорлық
көрсету қайырымдылық көрсеткенмен пара-пар. Ертеректе ауқатты адамдар өз
қаражаттарына барлық жастағы ата-ана қамқорынан қалған балаларға арналған
мекемелер салған. ХХ ғ. 30-шы жылдарының ортасында, балалар үйлері оқу-
тәрбие мекемелерінің ең жақсы түрлерінің бірі болған. Сонымен қатар, олар
коммунистік тәрбиенің талаптарына толықтай жауап бере алған Беляков В.В.
Сиротские детские учреждения России: Исторический очерк.-М.:Дом,1993.10-
13,90 бб.. Бұл пікірден біз ата-ана қамқорынан қалған балалар үйінде қатаң
тәртіп болғандығын және тәрбиеші, басшылардың бұйрығын бұлжытпай орындаған,
өзіндік көзқарастары болмаған балалар бейнесін көре аламыз. Әсіресе,
интернаттық мекемелердің құрылуы жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балалар үшін оңтайлы құбылыс болды.
Балалар үйі мен интернаттың тәрбиеленушілерінің ішінен жоғарғы оқу
орындарына түсіп, түрлі салаларда қызмет атқарып, қоғамдық өмірге белсене
араласып жатқандары белгілі. Дегенмен, қазіргі кездегі балалар үйіндегі
балалардың барлығы бірдей толық жетімдер емес. Мұндай мекемелерде ата-
аналық құқығынан айырылғандардың балалары, жалғызбасты ата-аналардың
балалары, ата-аналары тастап кеткен балалар, ауруына байланысты әрекетке
жарамсыз деп танылғандардың балалары, ата-анасы бас құқығынан
ажыратылғандардың балалары, жетім және тастанды балалар тәрбиеленеді.
(бұларды әлеуметтік жетімдер) деп атайды.
Жетімдер мен жетімханалар жайлы алғашқы мәліметтер біздің дәуіріміздің
IY жылдарынан (335 жыл , Цареград) бастау алады, ал олардың көбею кезеңі
Еуропада I ғасырдың тұсы болып саналады.
Батыс Европа елдеріндегі ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардың классик-педагогтарының
бірі Иоганн Генрих Песталоцци, педагогика тарихының дамуына қомақты үлес
қосқан. Ол ата-ана қамқорынан қалған балаларды оқыту мен тәрбиелеуге жете
мән берген. Иоганн Генрих Песталоцци оларды оқыту мен тәрбиелеуде оқуды
еңбекпен ұштастырылуы және тәрбиеде отбасы жетекші роль атқарады,
сондықтанда ата-ана қамқорынан қалған балалар да белгілі бір отбасында оқып-
тәрбиеленуі тиіс деп санаған. Сонымен қатар, тәрбие жай элементтерден
басталып, бірте-бірте күрделенуі тиіс деген көзқарасы қашанда біздерге
жетекші бола алады. И.Г.Песталоцци тәрбиенің мақсаты- адамның барлық табиғи
күштерін дамыту, қабілетін жетілдіру, жан-жақты тәрбие беру деп атап
көрсеткен.
Ата-ана қамқорынан қалған балалар, тастанды балалар және қиындықққа
ұшыраған балаларға арналған SOS- Қазақстандағы балалар деревнясы фонды
құрылған. Собрание Актоа Президента Республики Казахстан и Правительства
РК. –Алматы,1995.-№20.-С.33-34..
ҚР 2000 жылғы 13 желтоқсандағы №113-11 Отбасылық үлгідегі балалар
ауылдары мен Жасөспірімдер үйлері туралы Қазақстан Республикасының
Отбасылық үлгідегі балалар ауылдары мен Жасөспірімдер үйлері туралы заңы.-
Астана, 2000.-160 б. Заңында балаларды әлеуметтік жағынан қорғаудың жаңа
әдістері жан-жақты түсіндірілген.
Осы Заңды қабылдаудың нәтижесінде Павлодарда, Қарағандыда және Шығыс
Қазақстан, Атырау облыстарында отбасы түріндегі ауылдар ашылды. Мұндай
ауылдарда балалар отбасы жағдайында тәрбиеленеді. Олар жасөспірімдік шаққа
жеткен кезде де мемлекет қамқорлығында болады. Қазіргі кезде осындай
ауылдардағы әрбір отбасында 8-9 баладан тәрбиеленіп жатыр.
Ата-ана қамқорынан қалған балалармен жұмыс жүргізудің мұндай әдіс-
тәсілдері Республикалық Бөбек қорының президенті Сара Алпысқызы
Назарбаеваның тікелей ұйымдастыруымен және басшылық жасауымен 1992 жылдан
бері жүргізіліп келеді.
Қазақстанда отбасылық үлгідегі балалар ауылдары мен жасөспірімдер
үйлерін ашу жөніндегі мұндай жобалар халықаралық SOS Киндер Дорф қорының
жобасымен жасалған. Сара Алпысқызының айтуынша, алғашқы отбасы түріндегі
ауылдар батыс елдерінде осы қордың қолдауымен 1949 жылы ашылған.
Республикалық Бөбек қоры осы ұйымның тәжірибесіне сүйенген. Бұл жобада
жетімдіктің зардабын тартқан балалар үшін қолайлы жағдай туғызудың барлық
қажеттіліктері ойластырылған: балалар шешесімен, бауырларымен бірге кәдімгі
отбасындағыдай бірге өмір сүреді. Олар әке-шешелері бар балалар
тәрбиеленетін балалар бақшаларына барады, кәдімгі қатардағы мектептерде
оқиды. Олардың шешелері жалғызбасты әйелдер. Сондықтан күні-түні балалардың
қасында болып, барлық мейірімін соларға арнайды. Сөйтіп ата-ана қамқорынан
қалған балалардың нағыз шешесіне айналады.
Бұл жобадағы көңіл бөлетін ең басты мәселе – балалар тәрбиесі мен
оларға жасалатын қамқорлық олар аяғынан тік тұрғанша үздіксіз жүргізіле
береді. Отбасы түріндегі ауылда тәрбиеленген балалар мектепті бітіргеннен
кейін бірден жасөспірімдер үйіне ауысады. Мұндағы жасөспірімдердің жұмысқа
орналасуына немесе оқуын одан әрі жалғастыруына оларды бастапқы кезден
бастап қамқорлыққа алған қор көмектеседі.
Ата-ана қамқорынан қалған балаларға қамқорлық көрсетудің мұндай әдісі
біздің қоғамда бұған дейін қалыптасқан – мемлекеттің ата-ана қамқорынан
қалған балаларды кішкентай кезінен асырап келіп, нағыз жауапты кезең
туғанда, яғни кәмелеттік жасқа толар шағында қараусыз қалдыратын, балалар
үйінің қабырғасынан тыс жердегі өмірге бейімсіздігі салдарынан шаруаға
қырсыздығы панасыз балалардың өздеріне көптеген қиындықтар әкелетін ескі
жүйені өзгертіп, оған жаңаша тыныс беретіні сөзсіз.
ҚР 2004 жылғы 9-шілдедегі №591 Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық
бұзушылықтар профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз
қалуының алдын алу туралы ҚР Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық

қалуының алдын алу туралы заңы. Астана, 2004 -шілдедегі №591 Заңында
кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен
балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу жөніндегі
мемлекеттік органдар қызметінің құқықтық, экономикалық және әлеуметтік
негіздері анықталған.
Заңда мынадай негізігі ұғымдар пайданылған:
- қадағалаусыз қалу – кәмелетке толмағандардың құқық бұзуына ықпал ететін,
олардың мінез-құлқы мен тұрмыс жағдайына тиісінше бақылаудың жоқтығымен
сипатталатын әлеуметтік құбылыс;
- қадағалаусыз қалған бала – ата-анасының немесе олардың заңды өкілдерінің,
сондай-ақ педагогтардың, тәрбиешілердің және кәмелетке толмағандарды
қадағалауды жүзеге асыруға міндетті басқа да оқыту, тәрбиелеу, оқыту және
(немесе) бағып-күту жөніндегі міндеттерді орындамауы немесе тиісінше
орындамауы салдарынан, не оның үйден немесе бала құқығын қорғау жөніндегі
функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың өз еркімен кетуі салдарынан мінез-
құлқына бақылау болмаған кәмелетке толмаған бала;
- панасыз қалған бала – тұрғылықты жері жоқ қадағалаусыз қалған бала;
- өмірде қиын жағдайға душар болған балалар - қалыптасқан жағдайлардың
салдарынан тіршілік әрекеті бұзылған және осы жағдайларды өз бетінше немесе
отбасының көмегімен жеңе алмайтын балалар;
- кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен
балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу (бұдан әрі
кәмелетукеи толмағандар арсындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және
панасыз қалудың прфилактикасы) – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық
бұзушылықтыр, қадағалаусыз, пансыз қалудың және қоғамға жат іс-әрекеттерді
алдын алуға, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және
жоюға бағытталған, кәмелетке толмағандармен, сондай-ақ оларды тәрбиелеу,
оқыту және бағып-күту жөніндегі міндеттерін орындамайтын не олардың мінез-
құлқына теріс әсер ететін ата-аналармен немесе басқа да заңды өкілдермен
жеке профилактикалық жұмыстарды қоса жүзеге асыратын құқықтық,
педагогикалық, медициналық және де өзге шаралар жүйесі;
- - әлеуметтік оңалту – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық
бұзушылықтар,қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы
жүйесінің органдары мен мекемелері жүзеге асыратын өмірде қиын
жағдайға душар болған кәмелетке толғандарды құқықтық, әлеуметтік, дене
бітімі, психикалық, педагогикалық, моральдық және (немесе) материалдық
қалпына келтіруге бағытталған шаралар кешені.
Қоғамдағы ата-ана қамқорынан қалған балаларды тәрбиелеу түрлері мен
жолдарының әртүрлілігіне қарамастан, негізгі бағыттары отбасыларының
тұрақтылығын күшейту, олардың әлеуметтік және адамгершілік жағдайын жасау
болып табылады.
Жетімдік мәселесін талдау барысында, олардың өмір сүру ортасы,
жағдайы, ондағы қарым-қатынас олардың психикалық дамуына әсер ететіндіктен
денсаулықтарынан да көрініс табады 93.
Көптеген педагог-психолог ғалымдардың зерттеулерінде ерте кезеңнен
бастап балалар үйінде тәрбиеленушілер өздерінің эмоциясын, тілектерін және
өз-өздерін басқара алмайтындығын дәлелдеген. Олардың көңіл күйлері де тез
өзгергіш болады. Қиын жағдайларға кездескенде мұндай балалар агрессия
көрсетіп, басқаларды кінәләйді, өйткені олар кикілжіңді нәтижелі өзіндік
тұрғыдан шеше алмайды. Сонымен қатар балалар үйінде тәрбиеленушілер
қоршаған ортаға немқұрайлы қараулар мен пассивті іс-әрекеттерімен
сипатталады. Жеке тұрғыдан дамуына келер болсақ, мұндай балалар өздерінің
болашақтарын болжай алмайды. Олар бір күндік өмірлеріне қанағаттанады,
фантазия, армандау, бір-нәрсеге талпынуға кереғар. Сондай-ақ олардың тілек-
мақсаттары да сол кездегі қажеттілікпен ғана шектеледі. Яғни, бұл
балалардың психологиялық бейнесіне өмірлерінің тек балалар үйімен шектелуі,
жеке тәжірибелерінің жоқтығы көп әсер етеді. Баланың дұрыс дамуы үшін оның
өзіндік тәжірибесін, танымдық іс-әрекетін кеңейту қажет. Олардың тіпті, өз
құрбы-құрдастырмен қарым-қатынас жасаулары да төменгі деңгейде. Проблемы
сиротства и деятельность учреждений, замещающих семейноле воспитание:
Материалы Всесоюзной научно-практической конф. Вып.2-М.,1992.-73 с.66б.
ВВ.Коньков, А.Асеев, В.У.Агеевец, В.М.Выдрин, В.И.Морозовтардың
ғылыми еңбектерінде ата-ана қамқорынан қалған балалардың адамгершілік қарым-
қатынастарын қалыптастыру мәселелері қарастырылған.
Жеке адам болып қалыптасу нақты әлеуметтік орта жағдайында іске
асырылады. Жасөспірім жастарында олар өздерінің жекелік қасиеттеріне талдау
жасай алады.
Бала ең алдымен отбасында тәрбие алып, жеке адам ретінде қалыптаса
бастайды. Балалардың өмірінде отбасының алатын орны ерекше Француз
ағартушысы Ж.Ж.Руссо ... барлық қоғамдардың ішіндегі ең ежелгі әрі жалғыз
табиғи қоғам- бұл отбасы, деп тұжырымдайды. Баймұқанова Т.М. Отбасымен
әлеуметтік педагогикалық жұмыс:Оқу құралы-Астана: Парасат әлемі, 2005
-180 б. 8 б . Философтар отбасы жеке тұлғаның қалыптасуына қатысатын
факторлардың бірі дейді В.В.Москаленко, Ю.Б.Рюриков, Ю.В. Сычев,
М.С.Шепелева және т.б. Мысалы М.С.Шепелева Отбасы адамның ойлауының,
әрекеттерінің, өзіндік тұрғыдан бағалануының қалыптасуына өмір бойы келелі
әсер етіп отырады-деген. Ал, Ю.В.Сычев .. отбасы жағдайында мақсатты
педагогикалық жұмыстың ғана орасан зор мәні болып қоймай, ішкі
психологиялық климат, ата-аналар мен олардың әлеуметтік нұсқаулары
арасындағы қатынастар сипаты, жалпы өмір сүру салты да үлкен мәнге ие
болады , деген өзінің ойын айтқан. Отбасында тәрбиеленіп жатқан
балалардың өзінде көптеген қиыншылықтар кездеседі. Олар тәрбиеде келелі
қателіктер жасайтын отбасылардың типтеріне байланысты. Айталық: баланы
бетімен жіберіп, соңынан қамқаршы болатын балалардың барлығы да бірдей,
бізде сондай болғанбыз, деп олардың әрекеттерін жақтап қалуға тырысатын
отбасылар. Мұндай жағдайда педагог, психологтартың ата-анаға жайбарақаттық
жасамау туралы кеңес берулері де қиынға соғады. Балалар ата-анасы
құтқарушы, қандай жағдайда болмасын көмекке келеді деген ойда болып, ірі
қиыншылықтарға да кездесіп жатады. Келесі тип, тәрбиедегі қоғаныс
ұстанантын отбасылар. Яғни, балаларының іс-әрекетін қалай да дұрыс, деп
жақтаушылар. Тіпті, балалары қылмыстық іс жасағанда да себебін сырттан
іздейді, балаларының жаман қылығын айтқан адамдармен өшпенділік қатынаста
болады. Нәтижеде бала жалақор, қатал болып өседі және оларды қайта
тәрбиелеу аса қиындық туғызады. Тәрбиелеуде ашық саясат ұстанатын
отбасыларда ата-аналары баласының істеген іс-әрекетін таныстарға айтып,
шағымданып отырады. Бұл типті отбасындағы бала, істеген ісіне өкінбейді, іс-
әрекетіне есеп бермейді, үлкендерге, ата-аналарға өшпенділік сипатта
болады. Тәрбиелеуде сенімсіздік білдіру бағытында іс-әрекет жасайтын
типтегі отбасында, бала үнемі бақылауға алынады, оған жауапты іс
тапсырылмайды, тіпті бос уақытында өзін қызықтыратын істерде бақылауға
алынады, жанындағы жолдастарынан бөлектеуге тырысады.
Қатаң тәртіпті сақтауға бағытталған отбасы типінде, тәрбиелеуде қатаң
жазалар қолданылады, дене жазасы ең тиімді деп табылады. Әдетте, мұндай
отбасыларының балалары қатыгез, кекшіл, әлсіздерге күш көрсеткіш болып
келеді. Тәрбиеде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz