Балалар психологиясының негізгі зерттеу әдістеріне жалпы сипаттама



Кіріспе ... ... ... .2
І. Тарау. Балалар психологиясының негізгі зерттеу
әдістеріне жалпы сипаттама.
1.1. Бала психологиясын зерттеудегі негізгі әдістердің бір түрі байқау әдісі ... ... ... ..3
1.2.Баланың психикалық процестерін зерттеуге арналған тәжірибелік
(эксперимент) әдістер. Олардың түрлері ... ..6
1.2.1. Лабораториялық эксперимент әдісі.
1.2.2. Табиғи эксперименттер.
1.3. Бала психологиясын зерттеудегі қосалқы әдістердің түрлеріне жалпы сипаттама.
1.3.1. Әңгімелесу әдісі ... ... ... ... ... ...9
1.3.2.Анкеталық әдістер ... ... ... ... ... ... 10
1.3.3. Тесттер ... ... ... ... 12
1.3.4. Модельдеу әдістері ... ... ... ... ... .13
ІІ. Тарау.Баланың психикалық процесін зерттеу материалдарын өндеу.
2.1. Баланың психикалық процесін зерттеу материалдарын сапа жағынан өңдеу ... ... 14
2.1.1 Мектеп алды тобындағылардың мектепте оқытуға
даярлығын анықтау.
2.2 Баланың психикалық процесін зерттеу материалдарын сан жағынан өңдеу ... ... ...18
2.2.1. Логикалық ойлауды дамыту әдістемесі арқылы бала психологиясын зерттеу.
2.3. Баланың психикалық процесін талдау әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
Қорытынды ... ... ... 23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Балалар психологиясының негізгі зерттеу әдістеріне жалпы сипаттама беру, бір қарағанда біздің әрқайсымызға оңай, тіпті таныс сияқты болып көрінетін жәйт күнбе-күнгі психикалық өмірімізге мұқият үңіліп қарасақ, өзіне тән заңдылықтары бар аса күрделі қасиет екендігі, психикалық өмірді де атомның құрылысы сияқты жай көзбен қарап ажырату қиын. Адамның психологиялық ерекшеліктерін білу үшін, осы ғылымның зерттеу әдістерімен танысуымыз керектігі, әр ғылымның өзіндік ерекшелігіне қарай дербес зерттеу әдісінің болуы, осы әдістер арқылы сол ғылымның сан алуан заңдылықтарын зерттеуге мүмкіндік тууы, егер ғылымда өзіне тән әдіс, яғни зерттеу әдістері болмаса, ол нағыз ғылым болудан қалатыны, басқа да ғылымдар тәрізді психология ғылымының да өзіне тән әдістері бар екендігі, бұл әдістер осы ғылымның көп жылғы даму жолында түрлі тексерулерден өтіп, сұрыпталу арқылы қалыптасқаны, психикалық әрекетті де белгілі мақсатқа байланысты жоспарлап, арнайы белгіленген және мұқият ұйымдастырылған әдістер арқылы зерттелінуі, зерттелінетін адамның көп рет қайталанған іс-әрекеттері мен қылықтары, сөз саптауы мен бет пішініндегі мәнерлі қозғалыстары да, бізге оның ойлауы мен сөйлеуінің, сезімі мен еркінің, темпераменті мен мінезінің ерекшеліктерін білуге біршама жәрдемдесуі осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады.
1. Алдамұратов Ә.Қызықты психология. А, «Қазақ университеті», 1992 ж
2. Алдамұратов Ә., М. Мұқанов. Психология пәнінен лабораториялық практикалык сабақтар. Бірінші бөлім. А, 1978; Екінші бөлім.1979 ж
3. Әбдірахманов А., Жарықбаев Қ. Психологиялық орысша-қазақша
сөздік. Алматы, «Мектеп», 1976 ж
4. Жарықбаев «Жантану негіздері» Алматы, 2002 жыл.
5. Мухина В.З. «Детская психология» М. 1976г.
6. Мұқанов М. Жан жүйесінің сыры. ҚМБ. Алматы, 1964.
7. Мұқанов М. Ақыл-ой өрісі. Алматы, «Қазақстан» баспасы.1980.
8. Люблинская «Детская психология» М. 1996г.
9. Линден Ю. «Обезьяны, человек и язык» Москва 1981год.
10. Обухова «Этап развития» детского мышленения» М.1992г.
11. Психология. Адамзат ақыл – ойының қазынасы ІУ. том А, 2005ж.
12. Петровский А.В. «Педагогикалық және жас ерекшеліктер психологиясы» Алматы, 1987ж.
13. Сәбет Балтаұлы Бап – Баба «Жантану негіздері» Алматы, 2001жыл.
14. Эльхонин «Детская психология» М.1979г.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
І. Тарау. Балалар психологиясының негізгі зерттеу
әдістеріне жалпы сипаттама.
1.1. Бала психологиясын зерттеудегі негізгі әдістердің бір түрі
байқау
әдісі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.2.Баланың психикалық процестерін зерттеуге арналған тәжірибелік
(эксперимент) әдістер. Олардың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2.1. Лабораториялық эксперимент әдісі.
1.2.2. Табиғи эксперименттер.
1.3. Бала психологиясын зерттеудегі қосалқы әдістердің
түрлеріне жалпы сипаттама.
1.3.1. Әңгімелесу
әдісі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..9
1.3.2.Анкеталық
әдістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .10
1.3.3.
Тесттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .12
1.3.4. Модельдеу
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...13
ІІ. Тарау.Баланың психикалық процесін зерттеу материалдарын өндеу.
2.1. Баланың психикалық процесін зерттеу материалдарын
сапа жағынан
өңдеу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..14
2.1.1 Мектеп алды тобындағылардың мектепте оқытуға
даярлығын анықтау.
2.2 Баланың психикалық процесін зерттеу материалдарын сан жағынан
өңдеу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.2.1. Логикалық ойлауды дамыту әдістемесі арқылы бала психологиясын
зерттеу.
2.3. Баланың психикалық процесін талдау
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .23
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ..25
Кіріспе.
Зерттеудің мақсаты: Балалар психологиясының негізгі зерттеу
әдістеріне жалпы сипаттама беру, бір қарағанда біздің әрқайсымызға оңай,
тіпті таныс сияқты болып көрінетін жәйт күнбе-күнгі психикалық өмірімізге
мұқият үңіліп қарасақ, өзіне тән заңдылықтары бар аса күрделі қасиет
екендігі, психикалық өмірді де атомның құрылысы сияқты жай көзбен қарап
ажырату қиын. Адамның психологиялық ерекшеліктерін білу үшін, осы ғылымның
зерттеу әдістерімен танысуымыз керектігі, әр ғылымның өзіндік ерекшелігіне
қарай дербес зерттеу әдісінің болуы, осы әдістер арқылы сол ғылымның сан
алуан заңдылықтарын зерттеуге мүмкіндік тууы, егер ғылымда өзіне тән әдіс,
яғни зерттеу әдістері болмаса, ол нағыз ғылым болудан қалатыны, басқа да
ғылымдар тәрізді психология ғылымының да өзіне тән әдістері бар екендігі,
бұл әдістер осы ғылымның көп жылғы даму жолында түрлі тексерулерден өтіп,
сұрыпталу арқылы қалыптасқаны, психикалық әрекетті де белгілі мақсатқа
байланысты жоспарлап, арнайы белгіленген және мұқият ұйымдастырылған
әдістер арқылы зерттелінуі, зерттелінетін адамның көп рет қайталанған іс-
әрекеттері мен қылықтары, сөз саптауы мен бет пішініндегі мәнерлі
қозғалыстары да, бізге оның ойлауы мен сөйлеуінің, сезімі мен еркінің,
темпераменті мен мінезінің ерекшеліктерін білуге біршама жәрдемдесуі осы
жұмыстың басты мақсаты болып табылады.
Зертеудің міндеті: Ғылыми психология адамның ой-өрісі, сана-сезім
дәрежесі іс-әрекеттен, оның нәтижесінен жақсы байқалатынын талай рет
айтқаны, сана іс-әрекеттің бағыт-бағдарлы сипатта болуын қамтамасыз етуі,
сана мен іс-әрекет бір-бірімен тығыз байланыстылығы, сананың белсенділік
сипаты да, оның мінез-құлықты реттейтін басқарушылық функциясы да осы
принципке негізделуі, осы айтылғанға орай психологиясын нақтылы іс-әрекет
үстінде зерттеу ғылыми психологияның ең негізгі принципі. Кейбір
психологтар: "Адамның психикалық құбылыстарын зерттеуде оның өзі берген
мәліметтер шешуші орын алады, сондықтан да өзін-өзі байқау (интроспекция)
әдісінің деректеріне ерекше көңіл бөлу қажет" дейді.
Теориялық маңыздылығы:
Бала психологиясын зерттеудің теориялық маңыздылығы зор. Зерттеу әдістері
арқылы теория жүзінде балалапрдың ойын іс-әрекетін қимыл қозғалысын
дамытамыз.
Практикалық маңыздылығы:
Балалардың психологиясын практика жүзінде зертеу қажет. Әңгімелесу,
анкета, байқау, экспеимент, тест, әдістер арқылы балалардық практикалық
қабілетін байқаймыз.
Зерттеудің әдістері: Балалар психологиясының негізгі зерттеу әдістеріне
жалпы сипаттама беруде көптеген психологияның әдістерін байқау әдісі,
эксперимент әдісі, әңгіме әдісі, тест әдісі, анкеталық әдістер және
модельдеу әдістерін қолдану.

І. Тарау. Балалар психологиясының негізгі зерттеу
әдістеріне жалпы сипаттама.
1.1. Бала психологиясын зерттеудегі негізгі әдістердің бір түрі
байқау әдісі.
Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші адамның
психикалық ерекшеліктерін қадағалауды байқау әдісі деп атайды. Байқау,
әдетте, табиғи жағдайда, зерттелінуші адамның әрекетіне әдейі араласпай-ақ
жүргізіледі. Осы әдіс арқылы зерттелінушінің мимикасын (бет құбылысын), сөз
реакцияларын, түрлі қозғалыстарын, мінез-құлқын, жалпы әрекетін байқауға
болады. Сондай-ақ адамның ерік күші, сезім ерекшеліктері, темпераменті де
байқау әдісі арқылы ажыратылады. Мысалы, мектептегі оқушының ойлау және
сөйлеу ерекшеліктерін зерттеу керек болса, ол үшін зерттеуші оқушының әрбір
сабақ үстіндегі жеке сөздерін, сөйлемдерін стенографиялап, күнделікке
түсіреді, кейін оны тиянақты түрде талдайды да, тиісті қорытынды шығарады.
Ғылыми зерттеу жүмыстарының түрлі ерекшеліктеріне қарай байқау әдісінде
кейде аспаптар да қолданылады. Мәселен, зерттелінетін объектіні суретке
түсіру үшін-фотоаппараттар, зерттелінуші адамның сөз тіркестерін жазып
алып, кейін оны пластинка бойынша қайтадан жаңғырту үшін магнитофон т. б.
пайдаланылады.
Байқау әдісінің нәтижелі болып шығуы үшін қолданылатын қажетті кейбір
шарттар:
1) Байқаудың ұзақ уақыт бойына жүргізілуін және бір фактінің өзі бірнеше
рет қайталанып зерттелінуін қамтамасыз ету;
2) Зерттелетін объектіні айқын белгілеу және байқаудың мақсатын түсіне
білу қажет. Мысалы, байқау объектісі ретінде сабаққа нашар студентті алатын
болсақ, мақсатымыз — оның сабақ дайындау кезіндегі ой жұмысының кейбір
ерекшеліктерін білу;
3)Байқалған фактілерді сол сәтте жазып отыру, зерттелінушінің сөз
реакцияларын стенографиялау; кейін оған мұқият талдау жасау; басты
фактілерді іріктеп алу — осы әдіске қойылатын негізгі талаптардың бірі.
Сан рет жүргізілген байқаудың нәтижесіне байланысты (егер байқауға
студент алынған болса) ұстазбен бірлесе отырып, студенттің оқу әрекетін
одан ары жақсарту үшін нақтылы шаралар белгіленеді. Байқау әдісі арқылы оқу-
тәрбие процесінің әр кезеңдерінде ұстаз студенттердің сабақ үлгіруі мен
тәртібіндегі ерекшеліктерді білуіне, кейін оларды жақсарта түсу женінде
тиісті шаралар белгілей алуына болады. Бұл әдіс адамдардың психология-лық
ерекшеліктерін зерттеуде өте көп қолданылатын әдістердің бірі.
Байқау әдісінің кейбір кемшіліктері де бар. Біріншіден, зерттеуші мұнда
өзіне керек құбылыстарды әп-сәтте зерттей алмайды да, көп уақытын жіберіп
алады, екіншіден, байқауды әр уақытта тыңғылықты, ойлағандай ұйымдастыруға
жағдай болмай да қалады. Бұл әр түрлі кездейсоқ объективтік (байқауға
алынған адамның сабаққа келмей қалуы), субъективтік (бақылаудың қиынға
соғуы, зерттеушіде бақылағыштық қасиеттің жоқтығы т.б.) себептердің
кездесетіндігіне байланысты. Осы айтылғандарға қарай бұл әдістің ғылыми
деректері кейде кемірек болады.
Байқау әдісіне қарағанда жан қуаттарын эксперименттік жолмен зерттеудің
біраз артықшылығы бар. И. П. Павлов: "Байқау табиғаттың ұсынғанын жинайды,
ал тәжірибе табиғаттан өзінің тілегенін алады"2— деп тегін айтпаған.
1.2.Баланың психикалық процестерін зерттеуге арналған тәжірибелік
(эксперимент) әдістер. Олардың түрлері.
Тәжірибе жасауда зерттеуші өзіне қажетті жан қуаттарының көлденеңнен кез
болуын күтіп түрмай, сол процестің тууына өзі жағдай жасайды. Психологияда
тәжірибе лабораториялық және табиғи болып екіге белінеді. Енді бұларға жеке-
жеке тоқталып өтейік.
1.2.1. Лабораториялық эксперимент әдісі.
XIX ғасырдың ортасынан бастап, жеке психикалық процестерді зерттеу үшін
тәжірибе кең түрде қолданыла бастады. Неміс ғалымы В. Вундт (1832—1920)
психологияны тәжірибелік жолмен зерттеудің негізін салды, тұңғыш рет
лаборатория ашты (1879). Психологтар алғаш рет көру, есту иіс түйсіктерін
зерттеу үшін тәжірибені пайдаланды. Кейін келе олар секундтың 11000
үлестеріне дейін дәл өлшейтін құралдар ойлап шығарып, кейбір психикалық
процестердің пайда болу тездігін өлшеудің жолын тапты. Сексенінші жылдары
ес құбылыстарын зерттеу лабораторияда тұңғыш жүргізіле бастайды. Арнаулы
әдістер қолдану арқылы жаттап алудың тездігі мен дәлдігі, ұмытудың
жылдамдығы т.б. өлшенілді. Орыс психологы Н. Ланге (1858—1921)
эксперимент әдісімен зейін мен қабылдауға зерттеу жүргізді. Тоқсаныншы
жылдарда француз психологы А. Бине (1857—1911) алғаш рет ойлау процесіне
тәжірибе жасады. Осы зерттеулердің нәтижелері психологтардьщ І-ші дүние
жүзілік конгресінде II (Париж, 1889) талқыланды. XX ғасырдың басында
психология ғылымының қарамағында ондаған лабораториялар болды. Осындай
жақсы жабдықталған психология-лық лабораториялардың бірін XX ғасырдың
басында орыс психологы Г. И. Челпанов (1862—1936) ұйымдастырды. Бұрынғы
КСРО Педагогикалық ғылымдар академиясына қарасты Психология ғылыми-зерттеу
институты мен Ресей ғылым академиясына қарасты психология институтының
(Мәскеу) лабораториялары жоғары техникамен жабдықталған үлкен ғылыми-
зерттеу мекемесі болып отыр. Киев, Тбилиси қалаларындағы психология
институттарында да осындай лабораториялар бар.
Ғылыми психология психикалық құбылыстардың физиологиялық негіздерін ашуды
басты мәселенің бірі деп қарайды. Бұл міндетті академик И. П. Павлов ашқан
әйгілі шартты рефлекстер әдісі бойынша шешуге болады. Көптеген
физиологиялық және психологиялық лабораториялар-да И. П. Павловтың
шәкірттері бұл әдістің әр түрлі нұсқаларымен ойдағыдай жұмыс жүргізуде.
Мысалы, осы әдіс арқылы профессор Н. И. Красногорский балалардың жоғары
дәрежелі жүйке қызметінің даму жолдарының, проф. А. Г. Иванов-
Смоленский адамдардың бірінші және екінші сигнал жүйелері-нің қызметін
зерттеген.
Тәжірибе жүргізу үшін арнаулы лабораториялық мекемелер қажет
болатынын айттық. Енді кейбірқарапайым аспаптардың атымен таныс-тырайық.
Мысалы, психикалық процестердің пайда болу шапшаңдығын өлшеу үшін —
хроноскоп, тері түйсігінің сезгіштігін байқау үшін — эстезиометр, зейіннің
көлемін анықтау ушін — тахистоскоп, есітуді өлшеу үшін — аудиометр,
денедегі бұлшық еттердің жұмысын тіркеп отыру үшін — эргографты
пайдаланады. Бұлардан басқа құрылысы әлдеқайда күрделі құрал-жабдықтар да
толып жатыр.
Лабораторияда жүргізілетін эксперименттің нәтижелілігі мына төмендегі
жағдайларға байланысты болады:
1. Байқалатын объекті жөнінде эксперимент жүргізушінің күн ілгері
болжамының (гипотезасының) болуы тиіс;
2. Тәжірибе түріне лайықты жұмыс жағдайын жасау (жазып отыру,
инструкциялар т.б. жазу-сызу құралдарымен қамтамасыз ету); ,
3. Тәжірибені күн ілгері белгіленген жоспар бойынша, арнаулы әдісте-меге
сай жүргізу;
4. Бір құбылысты бірнеше рет тексеруден өткізіп, оларға сандық және сапалық
жағынан дербес талдау жасау;
5. Алынған мәліметтерге байланысты негізгі және ішінара қорытынды-лар
шығара отырып, тәжірибе жүргізуде ашылған кейбір ғылым деректерді (егер
зерттеу жұмысы мектеп жағдайында жүргізілген болса) оқу-тәрбие процесінің
сапасын жақсарту үшін пайдаланса, бұл тәжірибенің негізгі мақсатының
орындалғаны болып табылады.
1.2.2. Табиғи эксперименттер.
Тәжірибенің екінші бір түрі — табиғи эксперимент деп аталынады.
Табиғи экспериментті психологияға тұңғыш енгізген және оны өзінің
зерттеулерінде коп пайдаланған көрнекті орыс психологы А. Ф. Лазурский
(1874—1917) болды. Бұл әдістің байқау әдісінен айырмашылығы, мұнда тәжірибе
жүргізуші өзіне керек құбылысты табиғи жағдайда тудырып отырады. Егер
оқушылардың ойлауын, сезімін, еркін зерттеу керек болса, бұл үшін психолог
қандай болмасын бір әрекет ұйымдастырады. Мысалы, өзіне тән ережелері бар
ойын ұйымдастырылса, сол ойын үстіндегі оқушылардың психологиялық
ерекшеліктері жазылып, кейін оған мұқият талдау жасалынады. Табиғи
эксперименттің кейбір түрлері арқылы (оқыту, констатациялау эксперименттері
т. б.) мұғалімдер оқушылардың кейбір қасиеттерін тәрбиелеуге, жетілдіруге,
сабақ үлгіруі мен тәртіптілігін арттыруға мүмкіндік алады. Бір тәжірибеде
III—IV сынып оқушыларының ақыл-ой әрекетіндегі сөз бен көрнекіліктің ара
қатынасын анықтау үшін зерттеуші балаларға оқыған текстеріне ат қоюды, осы
текстегі суреттер бойынша әңгіме құрастыруды талап еткен. Тәжірибе
жүргізуші осы тәсілдер арқылы текстің мазмұнын оқушылардың қысқаша және
жалпылай баяндай алуын, сурет бойынша елестер туғыза алу мүмкіншілігін,
сондай-ақ нақтылы образдарды қайта жанғырту текстің мазмұнын толық түсінуге
қандай әсер ететіндігін байқаған. Осы зерттеуде оқушылардың жас
ерекшелігіне байланысты ақыл-ой әрекетіндегі сөз бен көрнекіліктің ара
қатынасы үнемі өзгеретіндігі, балалардың жасы өсіп, білім қоры молайған
сайын олардың ойлауы тереңдеп, жалпыланып қана қоймай, ондағы образдардың
біртіндеп толық және мағыналы бола түсетіндігі де байқалған.
1.3. Балалар психологиясын зерттеудегі қосалқы әдістердің
түрлеріне жалпы сипаттама.
1.3.1. Әңгімелесу әдісі.
Психологияда адамның психикалық қызметін зерттейтін алуан түрлі
әдістері қолданылады. Белгілі бір әдісті таңдау зерттеу жұмысының алдына
қойылған мақсатқа байланысты, алайда қандай жағдайда болса да, жоғарыда
айтылған принциптерді басшылыққа алған абзал.
Психологиялық зерттеулерде мына төмендегідей: байқау, эксперимент,
қызмет нәтижелерін зерттеу, анкеталық әдіс, тестер әдісі модельдеу сияқты
әдістер қолданылады. Осы әдістердің көмегімен жинақталған фактілік
материалдар сапалық және сандық талдауға түседі.
Психологияда бұл айтылғандардан басқа да әдістер бар. Оларды қосалқы
әдістерлеп атайды. Мәселен, әңгімелесу әдісі арқылы психолог белгілі жоспар
бойынша зерттелінуші адамның жас және дара ерекшелі-гіне, білім көлеміне
қарай күні бүрын әзірленген сұрақтар қояды: зерттелінушіге күдік тудырмау
мақсатында әңгіме көбінесе жанама түрде ұйымдастырылады, мұнда сөйлесу
әдісіне ерекше мән беріледі.
Әңгімелесу әдісі. Әңгімелесі әдісін қолданғанда әңгіме мақсатын
алдын ала айқын анықтау және негізгі сұрақтарды әзірлеу өте маңызды
әңгіме барысында сұрақтардың негізгі мазмұнымен бағытын анықтай
отырып берілген жауаптарға сәйкес оларды түрлендіру қажет. Әңгіменің
бүкіл барысында жайма шуақ ықласты жағдайда сақтаудың маңызы аса
зор. Әңгімелесу әдісін мұғалім оқушының жеке басы қасиеттерін
зерттегенде пайдаланған дұпрыс. Әңгіме кезінде баланың өткен өмірі,
оқушы тұратын үй ішінін жағдайы, оның ата-анасы, жолдастары туралы білуге,
окушының мүддесі мен мұратын анықтауға болады. Бұл мәліметтердің, бәрі
мұғалімнің өз шәкіттсрінің психикалық бейнесін неғұрлым тереңірек түсінуіне
мүмкіндік береді.
1.3.2.Анкеталық әдістер.
Зерттелінушінің берген жауабы жазылып алынып (алынған мәлімет-терді
сол бойда жазып отырудың қажеті шамалы), кейіннен мұқият талданады да,
осыған орай тиісті қорытындылар жасалады. Осындай қосалқы әдістердің
қатарына адамның іс-әрекетінің нәтижесін талдау (яғни түрлі күнделік,
естелік, хаттар, шығарма, мазмұндама, диктант, сын жұмыстары, түрлі
формадағы творчестволық жұмыстарды талдау), өмірбаян (яғни зерттелушінің
туған күнінен бастап есейген шағына дейінгі даму жолын зерттеу, оның
өмірбаян, естелік, мінездемелерін талдау), анкета (жазбаша) әдістері
жатады. Мәселен, анкеттік әдіс арқылы кісі күні бұрын бланкіге жазылып
қойылған сұрақтарға жазбаша жауап қайырады. Осы әдіспен әр түрлі топтың
ұжымның психологиялық өзгешеліктері (талап-тілегі, мүддесі, талғамы,
қызығуы т. б.) зерттелінеді. Егер мұғалім шәкірттерінің қандай кітапты
ерекше құмартып оқитындығын, олардың сүйікті жазушылары мен артистері
кімдер екендігін және осы тәріздес мәселелерді білгісі келсе, осы әдісті
пайдалануына болады. Анкеттегі сұрақтар шұбалаңқы келмей, ықшам,
зерттеушілерге түсінікті тұжырымдалып, жалпы саны 5—8 ден аспауы тиіс.
Алынған материалдың нәтижесі статистикалық (сандық) талдаудан өткізіледі
де, қорытыңдысы ондағы үлкен цифрларға қарай жасалынады. Мәселен, анкета
толтырған бес жүз адамның төрт жүзі "Абай" романын оқыдық деп жазса, бұдан
осы кітаппен оқырмандардың 80 пайызының таныс екендігін, сондай-ақ бұл
шығарманың көпшілік сүйіп оқитын кітапқа айналғанын байқауға мүмкіндік
туады. Мұның негізгі кемшілігі адам шын көңіліндегісін жаза бермейді, не
болмаса оны қағаз жүзінде дұрыс көрсетпеуі де мүмкін. Әлеуметтік
психологияда жиі қолданылатын зерттеу әдістерінің бірі — сұхбат. Мұнда
сұрақ қоюшы сыналушымен (респондент) әңгімелеседі, жол-жөнекей оның сөз
саптауына, түрлі реакцияларына, ең-ілтипатына зер салып отырады, зерттеуді
белгілі сұрақтың айналасында, арнаулы жоспар бойынша жүргізеді. Сұрақ қоюшы
сыналушының ниетін қас-қабағынан біле алатын әдісқой да тәсілқой, қырағы
әрі білікті кісі болуы кажет. Мұңда анкета арқылы анықталуы қиын ұсақ-түйек
детальдарды, мәселенің түрлі қалтарыстары мен түп-төркінін аша түсуге
мүмкіндік туады. Осы жерде зерттеушінің әңгімесіне ықыластанған адам кейде
жаңсақ, екіұшты мәліметтер беруі де ықтимал екендігін ескерген мақұл.
Зерттеудің нақтылы талап-тілегіне орай сұхбат бірнеше салаға бөлінеді. Ол
жеке адамдармен де, сондай-ақ әр түрлі топтармен де (үйелмен, дос-жарандар
т. б.) жүргізіледі. Мұның стандарттық, сондай-ақ алдын ала жасалған
бағдарлама бойынша, ауқымды тақырыптың төңірегіне құрылған түрлері де бар.
Түрлі жан қуаттарының құрылымын функциялар мен параметрлерді шамамен
жорамалдауда, эксперименттік материалдарды талдауда, модельдерді
құрастыруда факторлық талдау деп аталатын математика-лық-статистикалық әдіс
қолданылады. Математика қазіргі кезде көптеген ғылымдардың зерттеу
әдістеріне кеңінен еніп отыр. Психологияда мұны алғаш қолданған ағылшын
психологы Ч. Спирмен (1904). Осы әдіспен адам интеллектісін (ақыл-
ой), оның музыкалық, математикалық қимыл-қозғалыс т. б. қабілеттерінің
белгілі шамасын белгілеуге болады. Мәселен, осы әдісті психологтар адамның
жоғары жүйке қызметі қасиеттерінің құрылымын (Б. М. Теплов, В. Д.
Небылицын) зерттеуде пайдаланды. Күрделі корреляцияларды факторлық талдауға
салу электрондық өлшеуіш машиналарының (ЭВМ) көмегіне де сүйенеді.
1.3.3. Тесттер.
Тест әдісі балалардың білімі мен икемділігі, бейімділігі, жалпы ақыл-
ойының даму дәрежесі, не жекелеген жан қуаттарының дамып, қалып-тасуы
жөнінен мағлұмат алуға көмектеседі. Мұндай салыстырулар алдын ала
белгіленген жас белгілеріне қарай жүргізіледі. Тест арқылы, бала өз жасына
қарағанда дұрыс дамыған ба, не оның дамуында өз кезеңінен ауытқушылық
(жоғары, төмен) бар ма деген, сауалдарға жауап алынады. Тесті толық
орындауы мүмкін болмайтын-дай етіп іріктеу қажет. Тапсырма жас мөлшері
біркелкі балаларға (кемінде 200) бірдей беріледі де, мұндағы жауаптардың
орта (барлық бала бойынша ортақ балл) есебі шығарылады. Осы орта есеп жас
мөлшерлік норма болып есептелінеді. Тест тапсырмаларын тексеру, жас
мөлшерлік норма белгілеу тесті стандарттау деп аталады. Мұндай тестке
кейін ешқандай өзгеріс енгізілмейді. Баланың ақыл-ойының даму дәрежесін
анықтауға арналған тестерді интеллектік тестер дейді. Мұнда әртүрлі ақыл-ой
әрекетін қолдануды талап ететін, зерттелінушіге бұрыннан таныс емес
тапсырмалар болады. Осындай тест баланың ақыл-ойға байланысты берілген
тапсырманы қандай дәрежеде игергенін байқауға мүмкіндік береді.
Тест тапсырмаларын іріктеуге ғылыми тұрғыдан қараудың маңызы зор,
өйтпеген жағдайда, оның қортындылары бала ақыл-ойының дамуын бұрмалап
көрсетуі мүмкін. Тест баланың мектептегі оқуға әзірлігін, сондай-ақ
психикалық дамуы кешеуілдеп қалғандардың ерекшеліктерін танып-білуде көмек
көрсете алады. Адамның жан дүниесінің сырын жақсырақ түсіну үшін бұл әдісті
аталған әдістермен қосарластыра пайдаланған дұрыс. "Біз, әдетте, адамды
жұмыста іс-әрекетіне қарай бағалаймыз, дегенмен, адамды жан-жақты
бағалаудың өлшеміне оның отбасындағы, тұрмыстағы, ұжымдағы және одан тыс
жерлердегі мінез-құлқы да енуге тиіс".

1.3.4. Модельдеу әдісі.
Пспхикалық құбылыстарды техникалық және математикалық тұрғыдан
модельдеудің басталуы кибернетика және құбылыстарды ықтималды суреттеу
теориясының дамуымен байланысты. Модель зерттслетін объектініц орнына
жүретін орынбасар сияқты. Барлық басқа әдістерді моделдеу әдісінің
айырмашылығы – оның көмегі арқасынада психикалық құбылыстар тікелей
зерттелмей, сол құбылысқа ұқсас модель арқылы зерттелетіндігінде. Модельді
жасау үшін зерттегелі отырған психикалық құбылыс жөнінде деткілікті білім
болу қажет. Сондықтанда моделдің дұрыстығы, толықтығы жан – жақтылығы
белігілі бір құбылыс туралы білім деңгейіне тәуелді болады.
Қызмет нәтижелерін зерттеу әдісі. Бұл әдіс адамдардың шама-шарқы мен
дағдылары, жұмысқа деген құлқы, кейде қабілеті мен білім денгейі сияқты
психологиялық ерекшеліктерін ашуға мүмкіндік береді. Бұл ретте қызмет
нәтижелерін ғана емес, оларды әзірлеу процесінін өзін де зерттеу өте
маңызды, өйткені қызмет процесі кезінде адамның психикалық ерекшеліктері
анағұрлым айқын анғарылады.
Бұл әдісті іс-әрекеттерінің нәтижесі алуан түрлі болып келетін мектеп
оқушыларының психологиялық зерттеуінде де қолдану қажет. Алуан түрлі іс-
әрекеттерге балалардың жазған шығармалары, бақылау жұмыстары, суреттер,
сызулар, өздері жасаған оқу құралдары, еңбек сабағында істелген әр түрлі
заттар, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психолгия ғылымының зерттеу әдістері мен салалары
ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Балалардың психикалық процесінің деңгейін анықтау
Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы
Психология ғылымының зерттеу әдістері мен салаларын анықтау әдістер
Жас ерекшелік психологиясы
Психологияның жас ерекшелігі
Психологияның методологиялық негіздерінің қарастырылуы
Балалар психикасының даму сатылары
Адамның жеке басының мінез-құлқындағы көрінісінің психологиялық тарихы
Пәндер