Кіші мектеп кезеңіндегі балалар қарым-қатынасының психологиялық ерекшеліктері



1 Жан.жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу
2 Баланың жеке тұлғасы
3 Ересек балалық шақ
4 Баланың әлеуметтік ортада бейімделуі
Жан–жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу, психология ғылымының аса мәнді теориялық және практикалық міндеттерінің бірі. Кеңес психологиясында балалардың қабылдау мен сезіну мәдениетінің қоғамдық–тарихи тәжірибесіне, “әлеуметтік меңгеру “ процесіндегі қарым-қатынасқа ерекше көңіл бөлінеді (Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин). Сондықтан, қоғамның қазіргі заманға лайықты даму сатысында, қоғамнық практикалық негізгі міндеттерін шешу жолында, қарым – қатынас мәселелерін шешіп алған жөн. Қарым-қатынас қоғамдық өмір құбылыстарының бірі. Бұл құбылыс адам өмірінің, іс - әрекет жағдайларының материалдық әсерінен тарихи тұрғыда пайда болады. Біріккен іс - әрекет еңбек негізінде, адамдардың қарым – қатынас қажеттілігі пайда болады .
А.А.Бодалев, М.И.Лисина, А.А.Леонтьевтердің нақты зерттеу жұмыстарының бір қатары қарым-қатынас пен іс-әрекеттің бірлігін зерттеуге арналған. Алайда, осындай байланыстың сипатын әртүрлі зерттеушілер әрқилы түсінеді .
1. ҚР «Білім туралы Заңы». 1999.
2. ҚР Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарлама // Е.К. -16 қазан, 2004.
3. Қ. Жарықбаев. Психология негіздері: Алматы, 2005
4. С. Бап-Баба. Жалпы психология: Алматы, 2004
5. А. А. Люблинская. Мұғалімге бастауыш мектеп оқушысының психологиясы жөнінде: Алматы, 1981
6. А.В. Петровскийдің редакциялығымен Педогогиялық және жас ерекшелігі психологиясы: Алматы, 1987

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Кіші мектеп кезеңіндегі балалар‭ ‬қарым-қатынасының психологиялық ерекшеліктері.
‭ ‬Жан–жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу,‭ ‬психология‭ ‬ғылымының‭ ‬аса мәнді теориялық және практикалық міндеттерінің бірі.‭ ‬Кеңес психологиясында балалардың‭ ‬қабылдау мен сезіну мәдениетінің‭ ‬қоғамдық–тарихи тәжірибесіне,‭ “‬әлеуметтік меңгеру‭ “‬ процесіндегі‭ ‬қарым-қатынасқа ерекше көңіл бөлінеді‭ (‬Л.С.Выготский,‭ ‬А.Н.Леонтьев,‭ ‬Д.Б.Эльконин‭)‬.‭ ‬Сондықтан,‭ ‬қоғамның‭ ‬қазіргі заманға лайықты даму сатысында,‭ ‬қоғамнық практикалық негізгі міндеттерін шешу жолында,‭ ‬қарым‭ ‬– қатынас мәселелерін шешіп алған жөн.‭ ‬Қарым-қатынас‭ ‬қоғамдық‭ ‬өмір‭ ‬құбылыстарының бірі.‭ ‬Бұл‭ ‬құбылыс адам‭ ‬өмірінің,‭ ‬іс‭ ‬-‭ ‬әрекет жағдайларының материалдық‭ ‬әсерінен тарихи тұрғыда пайда болады.‭ ‬Біріккен іс‭ ‬-‭ ‬әрекет еңбек негізінде,‭ ‬адамдардың‭ ‬қарым‭ ‬– қатынас‭ ‬қажеттілігі пайда болады‭ ‬.
‭ ‬А.А.Бодалев,‭ ‬М.И.Лисина,‭ ‬А.А.Леонтьевтердің нақты зерттеу жұмыстарының бір қатары қарым-қатынас пен іс-әрекеттің бірлігін зерттеуге арналған.‭ ‬Алайда,‭ ‬осындай байланыстың сипатын әртүрлі зерттеушілер әрқилы түсінеді‭ ‬.‭
А.А.Леонтьев,‭ ‬қарым-қатынас іс-‭ ‬әрекеті бұл–ең алдымен сөздік іс‭ ‬-‭ ‬әрекет,‭ ‬өйткені онда іс-әрекетке тән элементтердің барлығы бар‭ ‬(әрекеттер,‭ ‬операциялар,‭ ‬мотивтер және т.б.‭) ‬десе,‭ ‬Б.М.Ломов‭ ‬қарым-қатынас пен іс-әрекеттің бірлігін мойындап,‭ ‬осы процестерді‭ ‬өзара байланыстырмай,‭ ‬адамның‭ ‬әлеуметтік болмысының екі жағы ретінде,‭ ‬оның‭ ‬өмір салты ретінде‭ ‬қарастырады‭ ‬.‭
Оқушылардың‭ ‬ересектермен‭ ‬қарым-қатынас‭ ‬қажеттілігінің мазмұны,‭ ‬балалардың жетекші іс-әрекетінің сипатымен детерменделеді‭ (‬М.И.Лисина,‭ ‬А.Н.Леонтьев‭)‬.‭ ‬Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың ересектермен‭ ‬қарым–қатынасындағы‭ ‬жетекші мотивтері ретінде іскер және жеке мотивтері көрінеді.‭ ‬Қарым-қатынас пен жеке тұлғаның даму мәселелерін зерттеу жұмысы,‭ “‬қатынас‭“‬,‭ “ ‬өзара қатынас‭ “ ‬ұғымдарын пайдалануды болжайды.‭ ‬В.М.‭ ‬Бехтерев пен А.Ф.Лазурский сияқты ғалымдардың қарым-қатынас мәнін ашудағы орны ерекше.‭ ‬Эксперименталды тұрғыда осы мәселені А.А.Бодалев,‭ ‬оқушылардың адам қасиеттерін‭ ‬тәрбиелеу аспектісінде,‭ ‬Л.И.Божович және Л.С.Славина оқушылардың‭ ‬оқуға‭ ‬қатынасының мінез-құлық‭ ‬мотивациялары мәселерімен тығыз байланыста зерттейді.‭ ‬В.Н.Мясищев адамның‭ ‬қатынастары‭ ‬нақты қажеттіліктерден туындап,‭ ‬тұрақтылыққа жалпылылыққа ие болады деген.‭ ‬Адамның қатынастары танымдық,‭ ‬еріктік,‭ ‬эмоционалды компонентердің қатысуымен сипатталады.‭ ‬В.Н.Мясишевтің пікірі бойынша,‭ ‬адамдардың қатынастары әр бір нақты жеке тұлғаның мәнін ашатын әрекет ретінде адамның мінез-құлқын өз‭ ‬бетінше ұйымдастыра алады.‭ ‬Жеке тұлға құрылымында‭ ‬қатынастардың‭ ‬осылайша абсолюттенуі С.Л.Рубинштейннің сынына ұшырайды.‭
С.Л.Рубинштейіннің ойынша,‭ ‬психологиялықтың негізі қоршаған әлемге қатынасы арқылы анықталып,‭ ‬адамның басқа адамдармен қатынасын ашуға бағытталған адам өмірінің шынайы психологиясының өзегін құрайды.‭ ‬Адамдардың‭ ‬қоршаған‭ ‬ортаға‭ ‬қатынасы бұл‭ –‬ең алдымен оның өмірінің жағдайларын құрайтын объективті ақиқатқа қатынасы.‭ ‬Бірақ,‭ ‬адамның тіршілік әрекетінің бірінші міндеті‭ ‬басқа адам.‭ ‬Бастауыш мектеп кезеңі бұл‭ –“‬жеке‭“ ‬тұлғаның мәнді алғышарттарының қалыптасу‭ ‬аралығы болып‭ ‬табылады.‭ ‬В.В.‭ ‬Давыдов бала мектепке келісімен‭ ‬оқу процесінде‭ ‬жеке тұлғаның теориялық‭ ‬санасының негіздері жасалынатындығын‭ (‬ғылыми,‭ ‬көркемдік,‭ ‬адамгершілік‭) ‬нұсқайды.‭ ‬Д.Б.Эльконин бойынша,‭ ‬бастауыш сыныптағы оқушы өзінің мектептегі жұмысын қоғамдық мәнді,‭ ‬қатаң түрде міндетті іс‭ ‬-‭ ‬әрекет ретінде қабылдай бастайды да,‭ ‬оның бойында оқудың жаңа қоғамдық‭ ‬сезімдегі‭ ‬мотивтері көріне бастайды.‭
Б.Г.‭ ‬Ананьев,‭ ‬балалардың мектептегі оқу процесі олардың бүкіл өмірін жаңаша ұйымдастырып,‭ ‬баланың жанұядағы орнын өзгертетіндігіне ерекше көңіл қояды,‭ ‬өйткені онда жанұядан тыс міндеттер,‭ ‬яғни міндетті оқу еңбегі пайда болады.‭ ‬Психологтар бастауыш мектеп жасындағы‭ ‬оқушының жеке тұлғасының қалыптасуындағы‭ ‬оқу‭ ‬іс-әрекетінің‭ ‬мәніне ерекше‭ ‬көңіл бөліп,‭ “‬оқушының ішкі позициясын қабыл алу‭“‬,‭ (‬Л.И.Божович‭)‬,‭ “‬оның танымдық және адамгершілік күштерінің дамуының жаңа көздерін ашатын,‭ ‬мінез‭ –‬құлық мотивтерінің өзгерісі‭ “ (‬В.В.Давыдов‭)‬,‭ ‬баланың‭ “‬мектепте оқу міндетін‭“ ‬сезінуде қамтылған қоғамдық орнының өзгерісі‭ (‬Н.Ф.Добрынин‭) ‬сияқты аспектілерді бөліп көрсетеді.‭ ‬Кеңес психологиясында мотивациялық сфера өзінше қарастырылады,‭ ‬ол адамның ақиқатқа,‭ ‬өз-өзіне,‭ ‬басқа адамға белсенді түрде бағытталған қатынасының күрделі жүйесін құрайды,‭ ‬әрі түрткілердің әртүрін қамтиды‭ (‬Л.И.Божович‭)‬.‭ ‬Баланың қай мотивті өзіне жетекші мотиві ретінде таңдап алуына қатысты оның адамгершілік позициясы қалыптаса бастайды‭ (‬Л.И.Божович,‭ ‬А.Н.Леонтьев‭)‬.‭ ‬Оқушының мотивациялық сферасы оның эмоционалды‭ ‬-‭ ‬еріктік‭ ‬сферасына,‭ ‬оның ақыл-ой әрекетіне әсер‭ ‬ететін‭ ‬түрлі‭ ‬қатынастардың‭ ‬қайта‭ ‬құрылуына әсер‭ ‬ететін өте‭ ‬мәнді‭ ‬фактор ретінде көрінетін‭ “ ‬педагогикалық бағамен‭“ ‬анықталады.‭
Осы жастағы оқушылардың қарым–қатнастарының ерекшеліктерін сипаттай келе,‭ ‬Л.И.Божович,‭ ‬В.В.Давыдов,‭ ‬Д.Б.Эльконин балалардың құрдастармен жақындығына қарамастан ересек адам,‭ ‬әсіресе мұғалім олар үшін бедел иесі болып‭ ‬табылатындығын‭ ‬көрсетеді.‭ ‬Д.Б.Эльконин,‭ “‬баланың‭ ‬ересектермен‭ ‬қатынастарының барлық жүйесі‭ ‬жеке қарым–қатынасқа дейін оқу іс-әрекеті арқылы жанамаланады‭ “ ‬деген қорытындыға келеді.‭ ‬Баланың‭ ‬оқу іс-әрекетіне енуі ересектің оқушылардың өзіндік сана сезіміне әсер ету мүмкіншілігін ұлғайтады.‭ ‬Осындай көзқарастың негізінде бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың ересектермен өзара қатынастары бір–біріне қайшы екі тенденциямен сипатталады.‭ ‬Бір жағынан ересектердің талаптарына мойынсыну,‭ ‬бағыну‭ ‬міндеті айқын көрінсе,‭ ‬екінші жағынан өзінің жеке‭ ‬басының дербестілігін,‭ ‬ынтасын,‭ ‬хұқығын қорғау мақсатында дербестік пен тәуелсіздік сезімі пайда болады.‭
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың,‭ ‬ересектерге қатысты тәртіп сезімі‭ ‬әлі қалыптаса қоймайды.‭ ‬Дамудың‭ ‬осы‭ ‬сатысындағы балалардың,‭ ‬сана сезімі жаңадан қалыптаса астайды.‭ ‬Жеке басының‭ ‬жеткілікті дәрежеде жетілмеу себебінен,‭ ‬балалардың ересектермен қатынас қажеттілігі пайда болады.‭ ‬Психологтардың ойынша бастауыш мектеп жасындағы балалардың өзара қатынастарының‭ ‬негізгі бет бейнесі,‭ ‬олардың достық қатынастарының сыртқы өмірлік жағдайлары мен кездейсоқ қызығушылықтарының бірігіп кетуінде.‭ ‬Құрдастарының берген бағасы өзіндік бағалаудың қалыптасуына негіз болмайды.‭ ‬Осы жас шамасындағы балалардың жетекші іс-әрекеті оқу іс-әрекеті‭ ‬болып‭ ‬табылады.‭ ‬Қарым-қатынас көбінде өз-өзін және басқа адамдарды тану қажетілігін қанағаттандыратын іс-әрекет ретінде қарастырылады‭ (‬М.И.Лисина‭)‬.‭ ‬Баланың ересектермен қарым–қатынастарының жүйесі жеке қарым–қатынасының өзі оқу іс-әрекеті арқылы жанамаланады‭ (‬Д.Б.Эльконин‭)‬.
‭ ‬Баланың‭ ‬мектептегі‭ ‬өзгерістерден‭ ‬кейін‭ ‬өмірлік‭ ‬тәжірибесі‭ ‬пайда болады,‭ ‬құрбыларының арасында өзіне тән нақты орынды иелену ұмтылысы пайда болады.‭ (‬А.Н.Леоньтев,‭ ‬Л.И.Божович,‭ ‬И.В.Дубровина,‭ ‬Б.Г.Ананьев‭)‬.‭ ‬Бастауыш мектеп жасында‭ ‬балалардың‭ ‬ересектермен,‭ ‬әсіресе‭ ‬мұғаліммен қарым–қатынастары ерекше мәнге ие болады,‭ ‬өйткені осы жас шамасындағы балада мектептегі оқуға‭ ‬өтумен‭ ‬байланысты‭ ‬өзінің‭ ‬іс-әрекетіне,‭ ‬ересектермен және құрбылармен жаңа қатынасқа,‭ ‬жаңа өмір салтына өту дайындығымен қатар,‭ ‬білімдерді‭ ‬меңгеру‭ ‬дайынығын‭ ‬қамтитын,‭ ‬оқушының‭ ‬әлеуметтік‭ ‬позициясы қалыптасады‭ (‬Л.И.Божович‭)‬.‭
Балада мектепке келісімен оқығысы келу тілегімен қатар осы міндеттерді жүзеге асыра алмаумен‭ ‬байланысты қиыншылықтар‭ ‬мен қарама‭ –‬қайшылықтары пайда болады.‭ ‬Ересек адам баланы жаңа іс-әрекеттерді орындауға‭ ‬неғұрлым дұрыс үйрететін болса,‭ ‬оқушының оқуға деген қызығушылығы соғұрлым нығая‭ ‬түседі,‭ ‬оқудың қандайда бір жағымды мотивациясы қалыптасады.‭ ‬Соңғысы аса мәнді,‭ ‬өйткені бастауыш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баланың мектепке бейімделу факторлары
Бала психикасының онтогенездегі даму ерекшеліктері
Орта мектептерде бесінші сыныпқа бейімделуге бейімделуі
Кіші мектеп жасындағы балалардың қарым-қатынас сферасы
Жеткіншек жас кезеңіне қатысты қарым - қатынас тұрғылары
Балалық шақ кезеңіндегі балалардың психологиялық дағдарыс мәселелері
Кіші мектеп жасындағы балалардың қарым-қатынас қалыптасу ерекшеліктері
Жеткіншек жастағы балалардың психологиялық даму ерекшеліктері
Балалық шақ кезеңдері және түрлі жастағы балалар топтарының дамуы
Мектепке дейінгі жастағы балалар
Пәндер