Аудармашы кәсіби қызметінің негіздері


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Гуманитарлық-педагогикалық факультеті
Аударма теориясы мен практикасы кафедрасы
Аудармашы кәсіби қызметінің негіздері
Аударма ісі мамандығының студенттеріне арналған
оқу-әдістемелік құралы (дәріс кешені)
Павлодар
Кереку
2012
ӘОЖ 81я7
КБЖ 81’25(07)
А 91
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің
гуманитарлық-педагогикалық факультетінің
оқу-әдістемелік кеңесімен ұсынылды
Пікірсарапшылар:
З. К. Курманова - филология ғылымдарының кандидаты, Инновациялық Еуразиялық университетінің қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы;
О. К. Жармакин - филология ғылымдарының кандидаты, С. Торайғыров атындағы ПМУ шетел филологиясы кафедрасының профессоры.
Құрастырушы Ергазинова Г. Д.
Оқу-әдістемелік құралдың мақсаты - болашақ мамандарды аудармашының кәсіби ісінің негізгі дәйектерімен таныстыру.
Оқу-әдістемелік құралда аудармашы және аудармашы емес позициялары тұрғысынан мамандық жөнінде негізгі түсініктер, аудармашының негізгі қасиеттері мен мамандықтың негіздері, аудармашыға қойылатын қазіргі заманғы талаптар, заманауи аударманың техникалык құралдары қарастырылады.
Оқу-әдістемелік құралы типтік бағдарламаға сай «Аударма ісі» мамандығының студенттеріне арналған.
ӘОЖ 81я7
КБЖ 81’25(07)
© Ергазинова Г. Д., 2012
© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2012
Материалдың дұрыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге авторлар мен құрастырушылар жауапты
Кіріспе
Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құралы студенттерге «Аудармашы кәсіби қызметінің негіздері» пәнінен мағлұмат алуына көмектеседі. Оқу-әдістемелік құралдың мақсаты - болашақ мамандарды аудармашының кәсіби ісінің негізгі дәйектерімен таныстыру.
Оқу-әдістемелік құралда аудармашы және аудармашы емес позициялары тұрғысынан мамандық жөнінде негізгі түсініктер, аудармашының негізгі қасиеттері мен мамандықтың негіздері; өзін-өзі жетілдіретін түрлі оқу стильдері, аудармашыға қойылатын қазіргі заманғы талаптар, заманауи аударманың техникалык құралдары қарастырылады.
Осы курстың шеңберінде студенттерде өздік ғылыми іздену үрдісінің алғы шарттары қалыптастырылады.
1 Аудармашы емес кісінің көзқарасымен аудармашы мамандығы жайлы түсінік
Дәрістің тезисі. Аударманы сырттан бағалауға болады: тапсырыс берушінің немесе басқа аударма тұтынушының көзқарасы тұрғысында және ішінен: аудармашының көзқарасы тұрғысында, сондықтан, не және неге тапсырыс берушіге, тағы басқа аударма тұтынушыларға қажет, аудармашы білу керек.
Жоспар:
1) ішкі және сыртқы түсініктер;
2) сенімділік;
3) мәтін аудармасының сенімділігі;
4) аудармашыға деген сенімділік, аудармашының қасиеттері мен оған қойылатын талаптар;
5) аударманың дер кезінде жасауы;
6) аударма ақысы;
7) ымыра.
Ішкі және сыртқы түсініктер
Әр адам«аударма» ұғымын әр түрлі түсінеді.
Аудармашы емес кісінің пікірі бойынша, аударма - ең алдымен, мәтін.
Аудармашының ойынша, бірінші кезекте, аударма - үрдіс.
Әлде Энтони Пим жазғандай, сыртқы бақылаушыға аударма мәтін, бірақ «ішкі бақылаушыға» - әрекет болып көрінеді (мәтін жарыққа шығару үшін орындалатын) .
Іштен
Аудармашы аударма туралы ойлайды және айтады, бір уақытта үрдіс ішінде болып, ол қалай аударма жасалады, онымен байланысты келелі мәселелер туралы, оларды қалай шешуге болады әлде не оған кедергі жасайды, тәжірибелік білімдер меңгереді, біледі. Аудармашы түсінеді, ешқандай аударма түпнұсқа туралы мүлде сенімді үғым бермейді.
Сырттан
Аудармашы емес кісі, тек қана бір тілді білетін, тіке әлде жанама аударманы төлейтін оқырман, аудармаға тапсырыс беруші әлде кітапты сатып алушы атап айтқанда, аударма туралы ойлайды және айтады, бір уақытта үрдіске қатыспай, аударма қалай жасалатынын білмейді, бір көргеннен таниды, Сэмюэл Джонсон бір күні ағаш шебері емес кісі туралы айтқандай, шебер жасалған қобдиша.
Аудармашының көзқарасы бойынша, ең маңызды әрекет : кәсіби дағдысын жию барысы, нақтылы тапсырыс алу және оны орындау, зерттеу өткізу, Интернетте жұмыс істеу, түпнұсқаның стилін сақтау, сөздердің, құрылыс орамдардың аударуы, аударманы редакциялау, жұмыс берушіге аударып біткен мәтіннің жеткізілімі, істелінген жұмысына баға қою, ақша алу. Мәтін - үрдістің маңызды, тіпті мүмкін ең маңызды бөлігі деп саналады, бірақ жалғыз ғана емес.
Аудармашы емес кісінің көзқарасы бойынша маңыздылауы нәтиже әлде тауар сияқты қабылданатын мәтін, сондықтан орынды болады мыңа тәсілмен ішкі пікір арасындағы айырмашылығын көрсету үшін қысқаша сыртқы бақылаушының көзқарасы туралы баяндаумен тоқталып қалу.
Дәстүр бойынша аударма теориясы мен аударуға оқыту көбінше сыртқы көзқарасына негізделген, әдетте мәтінге назар аударылатын, немесе, мүмкін, аудармашы емес кісіге аса қызық болып көрінеді. Ол ауытқы соншалық үлкен, «сыртқы көзқарас» көп жағынан тіпті басым болады.
Қызықты, аударманың дәстүрлі түсінігі белгілі мәтіндегі тапсырыс берушінің - аудармашы емес кісінің - талаптарына бағыттылған оның тек қана бір қажеттілігіне, сенімдікке ынтасына ерекше назар аударылады. Бірақ, аудармашы емес кісінің көзқарасын түсінсек, мерзімді уақытында жасалған аударманың және оның бағасының маңыздылығы кем емес. Сенімді, тез, қымбат емес аударманы алуға тырсатын сыртқы бақылаушыға маңызды аударманың үш аңықтауларын толықтау қарапшығамыз.
Сенімділік
Аудармаға тапсырыс берушілер оған сенім арта алу мүмкіндігіне ие болулары керек. Олар аударманы өз қызметінің сенімді негізі ретінде пайдаланғылары келеді. Олардың пікірінше, аударманы қолдану арқылы түпнұсқа туралы барлық қажетті ақпаратты алады және сол арқылы сәтсіздікке ұшырамайды деп сенім артады. Бұған қоса тапсырыс беруші аудармашының келісілген мерзімде сенімді аударманы тапсыратынына шек келтірмеуі тиіс. Керек болған жағдайда одан көмек алу, икемділігін көрсету, әр адамның бабын табу, ол барлығы тапсырыс берушінің талаптарын қанағаттандыру үшін керек. Осы екі сенімділік аспектілерін жеке-жеке қарастырайық.
Мәтін аудармасының сенімділігі - тапсырыс берушінің сенімділігін немесе оның қабілетін басқа аударманың дұрыстығына сенімін білдіреді. Басқаша айтқанда, егер аударма сенімді, тапсырыс беруші аудармамен түпнұсқаның арасында байланысы бар екенін түсінеді.
Мысалы, егер тендерге қатысуға шақыруының аудармасы жөнінде сөз болса, онда ол шақыруды алған компания тапсырыс беруші ретінде болады. Ондай жағдайда «сенімділік» ол аударма оның барлық реңкілерін дәл көрсетуін білдіреді. Аударма компанияға сенімді негізі ретінде керек.
Әдеби шығарманың аударуына оқытушы әлде студент тапсырыс беруі мүмкін. Сенімділік тапсырыс берушінің аударма түпнұсқамен бірдей сенімділігін білдіреді, егер сабақ әдебиеттану бөлімінде әлде қазақ тілі бөлімінде ұйымдастырылса, ол үшін аударма бастапқы мәтін аударма тілінде сияқты жазылған еді болу керек. Егер жоғарғы курстың студенттері, магистрлер аудармашы болса, олардың аудармасы түпнұсқаның синтаксистік құрылымына сәйкес келеді және түпнұсқаның тілінде жазылған күрделі мәтінді оқуға көмектеседі. Ондай жағдайда сөзбе-сөз әлде жолма-жол аударма қажет, егер аударманың әрбір сөзі тура түпнұсқаның тиісті сөзінің астында жазылса.
Жарнамалық хабарландыру аударылғанда, тапсырыс беруші ретінде өндіруші немесе жергілікті сатушының маркетинг бөлімі болуы мүмкін; аударма тапсырыс берушіге тауар әлде қызмет сатуға көмектеседі, орындалмайтын, іске аспайтын, заңсыз уәделер мұндай аудармада кездеспейді. Жарнаманы аударуға ықтимал тұтынушы да тапсырыс беруі мүмкін. Оған, яғни ықтимал тұтынушыға, аударма жарнамалайтын тауардың немесе қызметтің ең анық сипаттауы маңызды, оларды сатып алғаннан соң аударма тауар және қызмет туралы жалған ақпарат берген болып шыққаны орынсыз.
Жоғарыда атап өткеніміздей, мәтіннің сенімділігі әдетте “дәлдік”, “эквиваленттік”, “дұрыстық” деп аталатын сипаттармен байланысты. Дегенмен барлық осы терминдер тапсырыс беруші жолбасшылыққа алатын сенімділікті талап етудің тек қана кең жиынтығының қысқаша белгіленуі. Мәтін сенімділігінің алуан түрі болады, бірақ осының өзінде, сенімділіктің бір ғана анықтамасы жоқ, осы сияқты абстрактті семантикалық, синтаксистік туралы айтпағанның өзінде эквиваленттіліктін бірыңғай қарапайым өлшемінің барлық жағдайда оңай пайдаланатын анықтамасы жоқ.
Аудармашы емес кісі - тапсырыс беруші үшін мәтін аудармасының сенімділігі өзі күткен мүмкін саналы түрде емес дәрежеде болғаны ғана маңызды. Біреулерге дәлдік, екінші біреулерге - тиімділік, ал енді біреулерге осы қасиеттердің қандайда бір ара қатынасының үлесімі қажет. Біреулер дәлме-дәл анықтылық, ал енді біреулер қабылдаудың жеңілдігіне ұмтылады, ал өзгелерге осының барлығының жиынтығы қажет. Ал жалпы алғанда мәтін сенімділігі тапсырыс берушінің нақты тапсырмаларына негізделуімен анықталады.
Тапсырыс берушінің тілектерін қанағаттандыратын мәтінді, ол “жақсы” аударма деп есептейді, басқа тапсырыс беруші, басқа тілек - талаптармен, оны “жаман” аударма деп есептеуі мүмкін. Кейбір тапсырыс берушілер аударманы өте нашар дейді, себебі ол оның талап-тілегін қанағаттандырмайды, десе, оны өте жақсы, көрнекті, дәл аударма деп басқасы айтуы мүмкін.
Өкінішке орай, норма мен стандарттарды бір топ тапсырыс берушілердің талаптарына сайма-сай келетіндей не ситуацияларды басқаларға да аудару, шындығында солай болады.
Мысалы, кейбір тапсырыс беруші сөзбе-сөз аударуды талап етеді, кең тараған түсінік бойынша басқа аударманың болуы мүмкін емес, ал кейбір тапсырыс берушілерге семантикалық аударма керек, Семантикалық түпнұсқадан ауытқуы мүмкін емес. Балалар классиканың бос мазмұнын айтып беруді аударма демей, бейімделу дейді. Көрушілер мен оқырмандарға әсер ету үшін жарнама, хабарландыру аудармасын түпнұсқадан ауытқан түрде жаңа мәтінмен аударады, алғашқы жарнаманы аудармайды.
Әр тапсырыс беруші, өзінің нақты жағдайымен байланысты шектелгендіктен, оның талаптары мұқтажы жағдаймен байланысты емес, аударманың талаптарына байланысты болады деп ойлайды. Барлық аудармашылар осы не басқа сапаларға сай болуы керек, себебі осы аудармада осы сапалар болады. Аудармалардың арасында айырмашылықтар бола ма? Аудармалар бір-бірінен белгілі дәрежеде айырмашылықтары болады, бұл көбіне тапсырыс берушінің ойына да кірмейді, олар өздерінің талап-мұқтаждары басқа адамдардың талап-мұқтаждарымен бірдей деп ойлайды.
Бұл өтірік түсінік, “дұрыстығы” - дәлме-дәлдігі түпнұсқа мен аударма арасында болуы аудармашының жалғыз міндеті деген кең тараған түсінік көзі болып табылады. Бұндай түсініктің басым болуы, аударманы тек қана өнім не тауар (үрдіс не қызмет деп қарамай) деп қарағанда және өнімнің сенімділігі эквиваленттік термин деп түсінеді. Сенімді аударма көптеген жеңіл түрде редакцияланған белгілі дәрежеде түрленген, онда “нақты” не “дұрыс”дегендері екеуінің ортасындағы аударма нақты аударма осы олқылықтарды жабады.
Мамандандырылған аударманы тек қана тура мазмұнды нақты аударма деп тұжырымдауға болмайды, сондықтан аудармашыдан редакциялауды, андатпа жазуды, қорытындылауды не мәтінді алғашқы қалпында қайта жазуын талап етуге болмайды. Тапсырыс берушіге түсіндіруге тырысу бір жағынан дұрыс сияқты, аудармашы тапсырыс беруші нені білгісі келетінін өзі ойлап тауып, оған соны көрсетеді, күткені әр түрлі және анық болжауға болмайтынын анықтап береді.
Кейде клиенттің талаптары шындыққа жанаспайды, ақылға симайтын не тіпті орындалмайтын, мысалы, маркетингтің басшысы жарнама ұрандары әр түрлі 14 тілде түпнұсқамен дәлме-дәл болуын талап етеді, аудармашылар барлық 14 тілде осы талаптарды сақтап, өздерінің кері аудармасын ұсынулары керек. Осындай жағдайларда аудармашы осы жұмысқа кірісіп, орындауға дайын екенін шешуі керек және шындыққа жанаспайтын талаптарды толық орындауға мүмкіндігі жоқ болса да, клиенттің талаптарын қанағаттандыратын әдістері бар жоғын шешуі керек.
Өкінішке орай, аудармашылар өздерінің терең ішкі түсініктерімен аудармашы емес кісілердің сыртқы көзқарастарын жоққа шығарып, өзіне ерік береді, шынтуайтқа келгенде, бұл табыс табудың көзі болып табылады.
Энтони Пим кекесінмен мынаны айтқан: «Сұраныс берушімен сөйлескенде, кезкелген аудармада шығармашылық өңделген бөліктер болатын айтудың керегі жоқ, бұл тек қана түсінбеушілік тудырады». Клиенттің көзқарасымен шығармашылық өңдеу дегеніміз түпнұсқаны өрескел ауытқыту соның нәтижесінде мәтінге сенімсіздік туады.
Аудармашының көзқарасымен шығармашылық өңдеу мәтінді кезкелген өңдеу, белгілі дәрежеде өзгерту, соның арқасында шығармашылықтың үлесі болып табылады, сол сияқты әр аудармашыға белгілі сезу, ол аударма тілі белгілі шамада оның қызметіне қарсылық тудырады. Аудармашы емес кісілерге ұран: “Дәлме-дәлдік өзі аз нәрсені көрсетеді”. Майкл Бенис.
“Дәлме-дәлдік - жақсы аударманың бұлжымас қасиеті, ол өзінен-өзі оның тиімділігіне сенім бермейді”.
Әр елде техникалық басшылық баяндамалар, жарнама хабарламаларының мазмұнын жеткізу үшін әр түрлі стилдер қабылданған, оқырмандардың күткендері де әр түрлі болуы осымен түсіндіріледі. Сондықтан керекті икемделусіз нақтылығы мен айқындығы аудармада бұзылуы мүмкін. Аударма үрдісі кезінде бейімделуді орындау белгілі пайда береді, дәл айтқанда құралдарды үнемдеу, ең бастысы сенімділік, мәтінді қалыпқа келтіру, оны түпнұсқадан алыстатпай, "бұзылған телефон" әсерін болдырмауға әкеледі. Жай аударма құнынан, бұның құны жоғары болады. Қазіргі қаныққан нарықта, өнімге дұрыс сипаттама жасаса, оны оған ұқсастар көпшіліктен ерекшелесе, икемделген аудармаға жұмсалған қосымша инвестиция өзін ақтайды. Дұрыс берілген ақпарат атақ құруға маңызды мағына береді. Оны сенімді қолға беріңдер!
Мәтін сенімділігінің түрлері
Сөзбе-сөз аударма
Аударма түпнұсқаға сөзбе-сөз әлде тым жақын болса. Аудармада түпнұсқаның орынсыз синтаксистік құрылымы анық көрінерлік.
Шетелшілдік
Аударма еркін сезіледі, бірақ кішкене шетелсымақ. Аударма, түпкі мәтін емес болып көрінеді.
Тездік
Аударма сонша оңай оқылады, аударма тілінде жазылған болып көрінеді. Оқырман мәтіннің аудармасы болғанын еске түсірмейді.
Түйіндеме
Аудармада түпнұсқаның негізгі жақтары немесе мәні баяндалған.
Түсіндірме
Аудармада түпнұсқаның бүркеме күрделелері анықталған, түпнұсқада тек қана тұспалданған пікірлер толық баяндалады.
Түсініктемемен түйіндеме
Аудармада кейбір жақтары қысқаша ашып берілген, басқа жақтары толық баяндалған. Ең маңызды бөліктері түсіндірілген, аса елеулі емес өз сөзімен қысқаша берілген.
Бейімделу
Аударма түпнұсқаны бағытталған аудиторияға (баяндама тындаушыларға) әсер ету үшін бейімдей отырып жеткізуге тырысады және өзгеше баяндайды. Бұл аудитория түпнұсқа аудиториядан басқаша. Мысалы, үлкендерге арналған мәтін балаларға арналған сияқты болып аударылады; жазбаша мәтін теледидарға арналып, өзгертіледі немесе жарнамалау науқаны мәтіндерін аударғанда тауарды белгілі жағдайға пайдалануға шақыруымен байланысты жағдайлар, жергілікті реалияларды есепке ала отырып таңдалады.
Шифрлау
Аудармашы түпнұсқаны баяндайды, оның мәнін немесе ең басты идеясын оқырмандардың бір тобынан жасыру үшін, бірақ басқа топқа түсінікті болу үшін ақырғысы аударманы ұғуға жол біледі.
Аудармашыға сенімділік
Бірақ тек қана мәтін емес тапсырыс берушіге маңызды сенімділіктің элементі болады; аудармашы да сенімді болу керек.
Аудармашыға қойылатын талаптардың мерзім дәлдігінің дәстүрлі талабымен байланысына назар аударыңыз, бірақ аудармашының сенімділігі дәлдігі болмағанымен, кәсіби іс.
Сенімді аудармашы барлық жағынан өзін-өзі кәсіби ұстайды Қысқаша мазмұндамаға тапсырыс берген және оның дұрыс немесе дәл аудармасын алған клиент аудармашыны сенімді деп атамайды және ол ешқашан сондай аудармашыға бармауы мүмкін. Ойшыл аудармашы адамның бабын табуға тырсады, егер тапсырыс дәл аударма ретінде қажет болмаса, тапсырыс берушіге баяндаманың, түсініктеме мен, бейімделудің, мәтін шығармашылығын басқаша айналдырып басқа түрлермен үйлестіру қажет және онымен байланысты ашық нұсқаулар берілмесе, ол - жорамалдарын тексеріп, тек қана содан-соң аудармаға кіріседі.
Аудармашының сенімділігіне қатысты ұғымдар
Толықтығына назар аудару
Аудармашы контекстегі әр сөздің әлде сөйлемшенің ерекшеліктерін толық талдайды.
Тапсырыс берушінің талаптарын түсіну
Аудармашы тапсырыс берушінің нұсқауларын ықыласпен тындайды, оған қандай аударманың түрі қажет, жылдам және толыққанды түсінеді, оларды дәл қолдануға тырсады.
Зерттеу
Аудармашы қалай аударуды білмеген сөздерді де есепке алады, көмескі анықтамалар пайдаланбай немесе мәтінде сұрау белгісін қалтырмайды. Ол мәселені жете зерттейді, анықтамалықтарды және интернетті (ғаламтор) пайдаланады, телефон, факс, электрондық пошта арқылы сұрау салады.
Тексеріп шығу
Аудармашы мұқият өз жұмысын тексеріп шығады, егер ол сезіктенсе аударма ана тілге емес басқа тілге аударылса, ол алдын-ала аударманы сарапшыға тексеруге береді. Оның үстіне аудармашы оның аудармасының күдікті жерлерін әрқашан біледі.
Клиентке сенімділік
Икемділік
Аудармашы әр түрлі салада немесе басқа тілде жазылған мәтінді жақсы білмесе, аударылған мәтінді ол мамандарға тексеріске беру керек. Сонымен бірге аудармашы, қандай жаңа тапсырысты орындай алады, қандай тапсырыстан бас тартуы керек, осыны анықтай білуі керек, өйткені оны орындауға біліктілігі жетпейді.
Уәделер
Тапсырыс берушілерге тек қана орындалатын (уақытында) уәде беру үшін аудармашы өз мүмкіншіліктерін, жұмысының графигін айқындайды. Егер бір жағдайға байланысты ол тапсырысты уақытында орындамаса, не онда жаңадан келісім жасайды не аударманы басқа аудармашыларға тапсырады.
Достық қатынас
Аудармашы жылы шырайлы және әрқашан телефон арқылы немесе жеке сөйлескенде көмектесуге дайындығын білдіреді. Онымен қызықты әңгімелесуге болады, ол әзіл-оспақты түсінеді, жақсы кеңес бере алады (мысалы, кім эстон немесе урду тілінен бір парақты аударалады), пайдасыз кеңес бермейді.
Құпия
Аудармашы бөтен кісілерге құпия аударма немесе келіссөз кезінде алған ақпаратты хабарлауға тиісті емес.
Техникалық жабдықтың сенімділігі
Компьютерліқ және бағдарламалық жабдық
Аудармашыда заманауи компьютер, Microsoft Word-тың ақырғы нұсқасы, Интернетпен пайдалану рұқсат (аса жылдамы жақсы болар еді), электрондық поштаның мекен-жайы және факс аппараты болу керек. Ол ТМ (Translation Memory - накопитель переводов) категория бағдарламаға ие болады және оны тұрақты пайдаланады әлде клиент ұсыныс жасаған бағдарламаны сатып алуға және оны пайдалануды үйренуге дайын.
Енді аудармашының сенімділігі тек қана, оның мәтінмен қандай операциялар орындайтығымен анықталмайды. Сұраныс берушілерге сенімді, редакцияламайтын мәтін беретін және оны сенімді, дұрыс жасайтын аудармашылар қажет. Келісімде көрсетілген шарттарды сақтап және аударманы уақытында алғанды сұраныс беруші жақсы көреді. Мысалы, файл түрінде, электронды пошта арқылы жіберілген, бір сөзбен айтқанда, аудармашының алдына қойылған міндеттерге байланысты. Сұраныс беруші - өз ісінің маманы, телефон арқылы көмек беріп, сұрақтарды дұрыс қоятын шапшаң шешім қабылдайтын, тіпті ол үшін қосымша жұмыстар болса да мысалы, маған суреттері бар бүкіл мәтінді факспен жіберіңіз, мен сізге 10 минуттан соң телефон шалып, сосын бұл сұранысты ала алмайтымды айтамын.
Аудармашы өзі жұмысты орындай алмаса да, басқа кімге жүгінуге болатынын айтса, сол сұраныс берушіден келесі тапсырманы да алуы мүмкін. Ал, өрескел, шыдамсызданып жауап берген аудармашы, телефон қоңырауын бөгет жасаушы деп және трубканы тастап жіберіп, міңгірлеп жоқ десе, ол тапсырма алмауы мүмкін. Егер екі сенімді аудармашы бірдей тілге аударушы болса, онда жағымды, дұрыс адамға көңіл аударады.
Мезгілінде орындалған аударма
Сұраныс беруші аударма және аудармашы сенімді болуы жеткіліксіз, уақытында аударманы алу өте маңызды, оны керек кезінде алу және оның маңыздылығы жайылмай алғысы келеді: Көркем не библиялық аудармалардың аудару мерзімі созылыңқы деп емес, оларды мәңгі деп есептеледі, шындығында ол олай емес, тек уақытқа шектеуі маңыздылығы бұл аударманың ауқымы кең. Король Яков 1 библиясын аудармасына төрт жұз жылдай болса да, қазіргі дейін қолданылып келеді, бірақ ол да мәңгілік емес. Көптеген шіркеулерде оны қазіргі нұсқаларымен ауыстырды. Нақты консервативті шіркеулерде бұл аударма мың оданда ұзақ уақыт қолданылуы неғайбыл. Ерте ме кешпе оның қолданылуы тоқтауы мүмкін.
Енді мынадай жағдайларды - өз уақытында орындалуын басқа талаптармен байланыстылығын қарастырайық:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz