Студенттің өзіндік машықтану жұмысы арқылы спорттық шеберлігін жетілдіру (баскетбол ойыны негізінде)


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі,
филос. ғ. к., ХҚТУ профессоры
К. Д. Баетов
«» 2014ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК МАШЫҚТАНУ ЖҰМЫСЫ
АРҚЫЛЫ СПОРТТЫҚ ШЕБЕРЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ
(баскетбол ойыны негізінде)
5В010800- «Дене шынықтыру және спорт» - мамандығы бойынша
Орындаған Е. Адилхан
Ғылыми жетекшісі,
магистр-оқытушы Н. Жайымбаев
Түркістан 2014
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І. Баскетбол ойынының даму тарихы . . . 5
1. 1. Баскетболдың шығу тарихы және даму кезеңдері . . . 5
1. 2. Баскетболдың Қазақстан Республикасында дамуы және қазақ жерінен
шыққан баскетбол жұлдыздары . . . 9
ІІ. Спорттық машықтанудың ілімдік негіздері . . . 13
2. 1. Оқу-машықтану процестерінің мақсат-міндеттері және принциптері мен
жалпы заңдылықтары . . . 13
2. 2. Спорттық машықтанудың әдістері мен амалдары . . . 16
ІІІ. Баскетболшылардың дайындық түрлері . . . 18
3. 1. Жалпы және арнайы дайындығы . . . 18
3. 2. Әдіс-тәсілдік және психологиялық дайындық . . . 36
Қорытынды . . . 64
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 65
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарынан орын алу Қазақстан Республикасының стратегиялық басты мақсаттарының бірі болып саналады. Республиканың экономикалық мақсаттарымен қатар халықтың әл ауқатын арттыру, денсаулығын нығайту, адамдардың дене шынықтыру және спортпен шұғылдануына жағдай жасау арқылы денсаулығы мықты ұрпақ тәрбиелеу мақсаттары қойылған.
Елбасының «Қазақстан- 2050» Стратегиясында - «Денешынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы тиіс. Нақ сол саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады. Алайда елде барлығы үшін қолжетімді спорт нысандары, спорт құрал-жабдықтары жетіспейді. Осыған байланысты Үкімет және жергілікті органдар дене шынықтыруды, бұқаралық спортты дамыту және типтік жобадағы денешынықтыру-сауықтыру нысандары, соның ішінде, аула нысандары құрылысы бойынша шаралар қабылдау қажет. Бұл жұмысты келесі жылы-ақ бастау керек. »-деген болатын еді. [1]
Қазақстан тәуелсіз ел ретінде 1996 жылдан бастап Олимпиадалық, Әлемдік және Халықаралық жарыстарға жеке спорттық команда ретінде қатысуда. Шеберлігі жоғары спортшы дайындау ұзақ уақытқа созылатын педагогикалық жұмыс екендігін ескере келіп, болашақ сапалы спортшы ізбасарларды дайындау қазіргі кезде Республикадағы барлық спорт мектептерінің алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі болып саналады.
Жасыратыны жоқ баскетбол ойыны еліміздегі кенже дамып келе жатқан спорт түрі екені баршамызға аян. Сондықтан осы спорт түрін барынша дамыта отырып, жоғары деңгейге көтеру еліміздегі ұлтжанды азаматтардың және спорт сүйер қауымның азаматтық парызы деп ойлаймын. Осы орайда ең ауыр салмақ өз өмірін баскетболмен байланыстыра отырып, шәкірттер тәрбиелеп жатқан жаттықтырушыларға түсетіні бесенеден белгілі.
Студенттердің өзіндік машықтану жұмыстары арқылы да спорттық шеберліктерін шыңдауға мүмкіндіктері мол. Осы себептенде тақырыпты көкейкесті деп санаймыз.
Зерттеудің мақсаты: Cтуденттің өзіндік машықтану жұмысы арқылы спорттық шеберлігін қалыптастырудың маңыздылығын анықтау.
Зерттеу нысаны: Студенттердің өзіндік машықтану жұмысы арқылы спорттық шеберлігін қалыптастыруға негізделген баскетбол ойыны.
Зерттеу міндеттері:
1. Студенттердің өзіндік машықтану жұмысы арқылы спорттық шеберлігін қалыптасуының қазіргі жайын анықтау;
2. Студенттердің өзіндік машықтану жұмысы арқылы спорттық шеберлігін қалыптастырудың тиіділігін дәлелдеу;
3. Студенттердің өзіндік машықтану жұмысы арқылы спорттық шеберлігін қалыптастыруды қамтамасыз ететін формаларды айқындау.
Зерттеу көздері: Зерттеу проблемасы бойынша мұрағат құжаттарын, дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі, спорт түрлерінің физиологиялық әдебиеттерді, баскетбол ойынын үйретуге арналып жазылған оқу, оқу-әдістемелік құралдар мен ғылыми мақалалар қолданылды.
Зерттеу әдістері: Зерттеу маңыздылығы бойынша әдебиет көздерінен қажетті мәліметтерді жинақтау және оларды жүйелеу;
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімде зерттеудің көкейкестілігі, мақсаты, пәні, міндеттері көрсетілді.
І. БАСКЕТБОЛ ОЙЫНЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
1. 1 Баскетболдың шығу тарихы және даму кезеңдері
Бүгінгі баскетболға ұқсас ойындардың сипаттамаларын көне нормандар мен Колумбқа дейінгі Америка мәдениетінен табуға болады. Осы ойынның жаңартылған түрі - пок-та-пок бұрын діни салт болса керек. Осы салт қазіргі кезде Мексиканың солтүстік штаттарында спорттық ойын-сауық пен туристтерге арналған аттракцион ретінде ұйымдастырылады.
Баскетболдың негізін ХІХ ғасырда кейбір мемлекеттерде кең таралған «құз басындағы үйрек» ойынымен байланыстырады. Бұл ойынның шартын Джеймс Нейсмит (1861-1939) жақсы білетін. Ойын шарты бойынша: ойыншы кішкентай тасты одан үлкен тастың үстіне лақтыру арқылы дәл ортасына орнатуға тиісті. Нейсмиттің жеке биографтарының айтуы бойынша, «құз басындағы үйректі» ойнаған кезінде жас Джеймстің басында баскетбол ойынының жалпы түсініктері қалыптасады. Бұл идея Джеймс Спрингфилд қалашығында орналасқан Халықаралық жастар жаттығу колледжінде анатомия мен дене шынықтыру пәнін жүргізген кезде пісіп жетіледі. Нейсмиттің байқағаны бойынша жастар қысқы гимнастикамен айналысуға ынта білдірмейтін. Содан Джеймс ойынды кішкентай спорт залда жүргізуге болатындай студенттерді ептілік пен координацияға үйрететін ойынға қатыстыру керек деген ойға келеді. Спорт залдың екі шетінде орналасқан балконға екі жеміс-жидек себеттерін бекітеді. Еденнен балконға дейінгі биіктік 3, 05 см құрайтын (қазіргі кезде бүкіл дүниежүзі ұстанатын стандартқа сай) . Студенттердің басты мақсаты себетке доп кіргізу болатын. Осылайша баскетбол ойыны пайда болған. [2]
Алғашқы ресми тіркелген баскетбол ойыны 1891 жылдың 21-желтоқсанында болған. Сол кездесу біз білетін баскетбол ойынынан сәл ерекшеленді. Нейсмит құрған командаларда 9 ойыншыдан болған (ол студенттер тобын тең екіге бөлген) ойынды футбол добымен ойнаған.
Жаңа спорттық ойын туралы хабар бүкіл Америка жеріне жайылып, Нейсмиттің жұмыс істейтін жеріне көптеп хат келген. Хат авторлары жаңа ойынның шартын жазып беруді өтінген.
1892 жылы баскетбол ережелері жайлы алғашқы жарық көрген кітап 13 тарауды қамтитын, тараулардың көбісі күні бүгінге дейін күшін жоғалтпаған. Бірақ, Нейсмит ұсынған ойын ережелері бүгінгілерден ерекшеленеді. Мысалы, ойын ұзақтықтығы 15 минут болатын екі таймнан тұрады. Командадағы ойыншылар саны шектеусіз бірақ, екеуінде де тең болуы керек еді. Добы бар ойыншыға шабуыл жасау тыйым салынатын - оған тек кедергі келтіруге болатын. Бұл ережені бұзған жағдайда, техникалық фол белгіленген. Егер фол екінші рет қайталанса, ереже бұзған ойыншы келесі гол соққанға дейін алаңнан қуылатын. Егер бір команда фолды үш рет қайталаса, оның себетіне гол соғылды деген ереже орын алады. Осы ереже жүзеге асу үшін тек бір ғана шарт қойылатын: қарсылас тарапынан бірде-бір фол болмау керек. Бір кезде команданың құрамында, себетті қорғайтын қақпашы да болған. Сол кездегі себеттерде бізге үйреншікті қалқан болмайтын.
Ойын тез арада көптеген адамдарға мәлім болған. ХІХ ғасырдың аяғына таман студенттік кампустар мен әр түрлі қалалардан келген командалардың арасындағы баскетболдан кездесулер жиі өткізілген. Әуесқой лигалары пайда болды. 1896 жылы Американың Трентон қаласында ұйымдастырылған баскетбол кездесуінде, жеңіске жеткен команда сыйақыға ие болған. Осылайша, ХХ ғасырдың феномены - кәсіпқойлық баскетбол пайда болды.
Жаңа ойын құрастыра отырып, Д. Нейсмит ежелгі замандары Американың түрлі аудандарында танымал болған доппен айналысатын қарапайым ойындар туралы тарихи деректерді белгілі бір дәрежеде қолдануы мүмкін. Мехикодағы археологиялық мұражайда баскетболға көп ұқсайтын «тлачли» ойнап жатқан ацтектер бейнеленген картина сақтаулы. Ойын арнайы жабдықталған стадион - тлахостарда өткізілген, олардың қалдықтары біздің заманымызға дейін жеткен. Ойын өтетін алаң, түрі жағынан төртбұрышты, көрермендер отыратын жан-жақты мінбелер орналастырылған, биік қабырғалармен (3-4 м) қоршалған. Ойнаушы екі команданың міндеті - қысқа алаңқайдың ортасында тігінен бекітілген қарсыластың шеңберіне каучуктен жасалған допты түсіру болып есептеледі.
Осыдан екі жарым мың жылдай бұрын үнділердің инк және майя тайпалары «поп-то-пок» ойынын ойнаған, ойын мақсаты - қабырғаға тігінен бекітілген шеңберге допты лақтыру.
Ал, біраз уақыттан кейін, қазіргі баскетболды еске түсіретін ойындар пайда болды, Спартта - «эпискирус», ежелгі Римде «харапастум», Италияда - «калчио».
VІІ-VІІІ ғасырларда Францияда «шуляж» деген ойын (кейіннен «шуль») ойналды, мұнда жоғарыға шеңбері бар сырық бекітіліп, қарсыластар сол шеңберге допты көбірек лақтыруға тырысады.
Нейсмит «ойлап тапқан» ойынын ең алғаш рет өз сыныбында өткізді. Он фут биіктікке орналасқан балкон ернеуіне, яғни 3 метр биіктікке ол өзі шабдалы салынған себеттерді бір-біріне қарама-қарсы орналастырады. Бұл себеттерге доп лақтыру қажет. Сонымен баскетбол ағылшын тіліндегі «baskеt» - cебет. «ball»- доп деген екі сөзден құрылған.
Ойын үшін футбол добы қолданылады және оған әр командаға 9 ойыншыдан бөлінген 18 адам қатысады. Кейін бұл сан жетіге, ал 1887 жылдан 5-ке дейін қысқартылады. Себебі қатысушының көп болуы алаңда тек кедергі ғана әкелетін еді.
Көп ұзамай ойынның негізгі қағидалары да айқындалды:
- Допты қолмен ұстап алып жүруге және жүгіруге болмайды.
- Қарсылас ойыншымен тіресіп қалуға болмайды.
- Нысана көлденең және еденнен жоғары орналастырылуы керек.
- Әрбір ойыншы алаңның қалаған жеріне қалаған уақытында ауыса беруіне болады.
Алғашқы ойындар өткізу барысына қарай ережесі үнемі жетілдіріліп отырды: 1883 жылы темір тордан жасалған шеңбер пайда болды. 1884 жылы доп көлемі 30-32 дюмге дейін ұзартылды (76. 2-81. 3 см) . 1885 жылы себеттер бекітілетін қалқандар, 5 фут қашықтықтан орындалатын айып лақтырулары енгізілді. [2, 3]
Допты әртүрлі нұсқалар арқылы алып жүру 1986 жылы заңдастырылды.
Баскетболдың дамуы негізгі бес кезеңге бөлінеді:
Бірінші кезең (1891-1918жж. ) аралығын құрады. 1984 жылы АҚШ-та ең алғаш рет ойынның заңды ережесі шығып, соның негізінде ресми жарыстар өткізіле бастады.
Біртіндеп ойын тактикасы мен тәсілі қалыптасты. Тәсілдік қолданыстар белгілене бастады: қағып алу, допты беру, дриблинг (алып жүру), допты себетке лақтыру. Алғашқы кезде допты беру мен қағып алудың барлық түрлері қозғалмай орында тұрып, екі қолмен орындалды. Баскетболшылардың ойындағы қызметі анықталды - шабуылдаушылар мен қорғаушыларға бөлінді. Осыдан кейінгі жылдары баскетбол АҚШ-тан Шығыстың Жапония, Қытай, Филиппин, одан кейін Еуропа және Оңтүстік Америка елдеріне тарала бастады. 1904 жылы АҚШ-тың Сент-Луис қаласында өткізілген ІІІ-жазғы Олимпиадалық ойындарда америкалықтар бірнеше қалалардың командалары арасында баскетбол турнирін ұйымдастырды.
Екінші кезеңде (1919-1931 жж. ) Ұлттық баскетбол федерациясы құрылды. Баскетболмен шұғылданушылар саны өсіп, жарыстар жоспармен өткізіліп, саны арта бастады. Баскетбол Европаның Чехословакия, Латвия, Эстония, Литва, Италия, Франция елдерінде кең қанат жая бастады.
Үшінші кезеңде (1932-1947 жж. ) Халықаралық баскетбол федерациясы құрылды - ФИБА. 1932 жылы 18 маусымда құрылған ФИБА-ның құрамында 8 ел болды: Аргентина, Греция, Италия, Латвия, Португалия, Румыния, Швейцария және Чехосолвакия елдері.
1936 жылы баскетбол ойыны ең алғаш рет ХІІ-жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енді. Олимпиадаға 21 елдің командалары қатысты. Олимпиада уақытысында бірінші ФИБА-ның Конгресі өтті, онда ойынның бір ізге салынған ережесі қабылданды. Осыдан бастап халықаралық деңгейдегі турнирлер, кездесулер өткізіле бастады.
Төртінші кезеңде (1948-1956 жж. ) баскетбол тек қана жоғары қарқынмен дамыды. Осы жылдары баскетбол ойыны Халықаралық спорттық бірлестіктер арасында алдыңғы орынның бірін алды. Сондай-ақ ФИБА-ның басшылығымен ірі халықаралық жарыстар, Әлем, Еуропа чемпионаттары өткізіле бастады. 1948 жылы ФИБА-ның құрамына 50 ел кіріп үлгірді.
Баскетболдың ойын ережесінің жетілуі және оның таралуымен бірге тәсілі мен әдісі де жетіліп, даму үдерісі жүрді. Доппен ойнаудың, оның себетке лақтырудың жаңа амалдары пайда бола бастады. Тәсілдік қолданыстың күрделенуіне байланысты ойынды жүргізу тәсілі де өзгертілді. Жеке әрекеттен ұжымдық ойынға ауысу үдерісі жүре бастады. Алғашқы кезде команда ойын барысында небәрі 20-30 ұпай жинаса, ал допты бір қолмен секіріп лақтырудың нәтижесінде 50-60 ұпайға дейін өсті.
1950 жылы Аргентинада бірінші ерлер арасында әлем біріншілігі өткізілді. Жеңімпаз команда алаң иелері атанды. Осы әлем біріншілігінен үш жылдан кейін Чилиде әйелдер арасында алғашқы әлем біріншілігі өткізіліп АҚШ құрамасы бірінші орынды жеңіп алды. Осыдан кейінгі ерлер және әйелдер арасында әлем біріншіліктері төрт жылда бір рет дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.
1972 жылы Халықаралық Олимпиада комитеті Германияның Мюнхен қаласында өткізілген ХХІ-жазғы Олимпиадалық ойындар бағдарламасына әйелдер баскетболын енгізу туралы шешім шығарды.
Қазіргі уақытта баскетбол ойыны әлемнің барлық елдерінде таралып, халықтар арасында бірден бір сүйікті спорт түріне айналды.
Бесінші кезең: Баскетболдың Ресейде дамуы.
Ресейде ең алғаш баскетболмен жүйелі түрде шұғылдана бастаған Петербургтегі «Маяк» клубы болды. «Маякта» гимнастика сабағын АҚШ-тан арнайы шақырылған Э. Мораллер жүргізді және ол жаңа ойын тәсілдерін көрсетті. Ал, 1908 жылы алғашқы баскетбол сайыстары өтті. «Маяк» спортшыларының басшылығымен ойын басқа орталар мен оқу орындарына тарала бастады. «Богатырь» спорт қоғамында баскетбол командалары пайда болды.
Ресейдегі алғашқы халықаралық кездесуге «Маяк» клубы спортшылары мен Американың Христиан Жастар Одағының командасы арасындағы ойынды жатқызуға болады.
1913 жылы Петербургте алғашқы баскетбол ережелері басылып шықты.
1916 жылы Торопов пен Скотак «Торға доп түсіру» деп аталатын ойынды суреттейтін Ресейдегі ең алғаш кітап жарық көрді.
1920 жылы баскетбол Всебуч мектебінің бағдарламасына енгізілді және міндетті пәндердің бірі болды.
1921 жылдан бастап баскетбол Орта Азия, Кавказ, Украина республикаларына да таралды.
Ал, 1923 жылдан бастап Дене тәрбиелеу мәдениетінің жоғары кеңесі ұйымдастырылды. Осының нәтижесінде бүкіл ТМД елдерінде көптеген баскетбол жарыстары өткізіле бастады.
1923 жылы баскетбол Мәскеу қаласында өткен Бүкілодақтық дене тәрбиелеу мәдениетінің алғашқы мерекесінің бағдарламасына енгізілді.
1924 жылы Мәскеуде өткен КСРО-ның алғашқы біріншілігінде Мәскеу құрамасы жеңімпаз болды. КСРО біріншілігіне қатысу үшін Мәскеу Орталық аудандары мен Орал құрамалары ұсыныс жасады. Бірақ орталық аудан құрамалары ойынға келмей қалды да, КСРО-нің алғашқы жеңімпазы жалғыз кездесуден кейін ғана анықталды.
Жыл сайын ойынның танымалдылығы, баскетболмен шұғылданушылар саны артып, әртүрлі деңгейдегі жарыстар саны көбейді. 1928 жылы баскетболдан І-Бүкілодақтық спартакиада өтті және мұнда Францияның ерлер және әйелдер командалары қонақ ретінде қатысты. 1934 жылдан бастап КСРО біріншілігі жыл сайын өткізілетін болды.
1947 жылы Бүкілодақтық баскетбол секциясы Халықаралық баскетбол федерациясына мүше болып енді, бұл ФИБА ұйымдастырған барлық халықаралық ресми кездесулерге қатысу құқығын берді.
Жыл өткен сайын ойын түрендіріліп, ереже түбірімен өзгертіліп, ойын тәсілі жаңа ұтымды қолданыстармен байытылып отырды. Бұл тактикалық әрекеттердің дамуына ықпал етті.
1952 жылы Хельсинкиде өткен ХV-жазғы Олимпиада ойындарында КСРО ерлер құрамасы табысты өнер көрсетіп, күміс жүлдегер атанды.
1972 жылы Мюнхендегі Олимпиада ойындары мен 1988 жылғы Сеул Олимпиадасында КСРО баскетболшылары алтын медалды жеңіп алды.
КСРО-да баскетболдың дамуының одан кейінгі кезеңдері негізінен оқытушылар мен жаттықтырушылардың тәжірибесін байыту және білімін көтеруге бағытталды. Жаттықтырушылар мен төрешілер семинарлары жүйелі түрде өткізіліп, мұнда білікті мамандармен тәжірибе алмасулар ұйымдастырылды. 1954 жылдан бастап дене мәдениеті институттарында жоғары маманданған оқытушылар мен жаттықтырушшылар дайындайтын бөлімдер ұйымдастырыла бастады.
1976 жылы ХХІ-жазғы Олимпиада ойындарында (Монреаль) КСРО әйелдер құрамасы алғаш рет өнер көрсетіп, оны табыспен аяқтады. Баскетбол тарихында алғаш рет Олимпиаданың алтын медаліне ие болды. [4]
Одан кейінгі кезеңдерде баскетбол көпшілік спорт түріне айнала бастауымен, КСРО-ның құрама командасын қалыптастырудағы негізгі базаны жасайтын көптеген командалардың жоғары шеберлікке жетуімен сипатталады. КСРО құрама командасы Халықаралық турнирлерден бастап Әлем, Еуропа чемпионаттарында және Олимпиада ойындарында табысты өнер көрсете бастады.
1. 2 Баскетболдың Қазақстан Республикасында дамуы және қазақ жерінен шыққан баскетбол жұлдыздары
Қазақстанда құрамына волейбол, футбол, баскетбол енген спорттық ойын түрлері бойынша алғашқы жарыс 1928 жылы мамыр айында өткізілді. Осы жылы Қызылордада Ташкент пен Қызылорданың теміржол мектептерінің командалары арасында баскетболдан халықаралық кездесу өткізілді.
1946 жылдан бастап жергілікті жарыстар өткізіле бастады, оның жеңімпаздары республика чемпионы атағы үшін жарысты. Алғашқы жеңімпаздар Алматының ерлер және әйелдер командалары болды.
1947 жылы Қазақстандықтар алғаш рет КСРО біріншілігіне қатыса отырып 10 команда ішінен алтыншы орынды, ал әйелдер 8 команда ішінен төртінші орынды жеңіп алды.
1948 жылы Алматыда Орта Азия елдері командалары арасында жолдастық кездесуер өтті, мұнда Қазақстанның ерлер командасы бірінші, әйелдер командасы төртінші орынға ие болды.
1950 жылы көптеген жарыстар өтті: Бүкілқазақстандық спартакиада, ҚазКСР Кубогы үшін ойындар өткізілді. Республиканың құрама командасы КСРО біріншілігіне қатысты. Осы жылы Орта Азия республикаларының спартакиадасы өткізілді және мұнда қазақстандық баскетболшылар жеңіске жетті.
Көп жылғы үзілістен кейін 1991 жылы өткен Орта Азия республикаларының спартакиадасында қазақстанның баскетболшы жігіттері мен қыздары чемпиондық тұғырға көтерілгенін атап өткен жөн.
1952 жылы Ташкентте баскетболдан КСРО Кубогы үшін аймақтық кездесулер өткізілді, мұнда Орта Азия республикаларының командалары және Мәскеу чемпионы ӘӘК (ВВС) командасы қатысты. Мәскеуліктерден ғана жеңілген қазақстандықтар қалған кездесулердің бәрін ұтады.
Осы жылы VІ Бүкілқазақстандық спартакиада бағдарламасы бойынша баскетболдан турнир өтіп, Алматы қаласының спортшылары жеңімпаз атанды.
1953 жылы Сухумиде студенттердің «Искра» атты Бүкілодақтық ерікті спорт қоғамының Орталық Кеңесінің біріншілігі өткізілді және мұнда Алматының «Искра» командасы қатысты.
Қазақстандық баскетболшылардың ең алғашқы ірі табысы «Буревестник» ЕСҚ-ның Орталық Кеңесінің чемпионы, ал кейін 1953 жылы КСРО біріншілігінде 13 орын алуы.
1954-55 жылдары «Буревестник» командасы КСРО біріншілігінің «Б» тобының жарыстарына қатысып жүрді. «А» тобына тек соғылған және жіберген доптардың сәйкес келмеуі себепті ғана енбей қалып отырды.
Тек бір жылдан соң Днепропетровскде өткізілген турнирде ешбір жеңіліссіз өткізгеннен кейін ғана алматылықтар жоғары топта ойнау мүмкіндігіне ие болды.
Сол жылдары қазақстандық баскетболшылардың ойыны көрермендер арасында жоғары қызығушылық туғызды. Команда құрамында еліміздегі ең ұзын баскетболшы Уайс Ақтаев (бойы - 232 см. салмағы - 160 кг. ) ойнады. Ғажап табиғи қасиеттерімен бірге У. Ақтаевтың допты себетке лақтыру тәсілі де жоғары болды. Алаң ішінде қозғалу жылдамдығындағы кемшілікті ол қалқан астындағы ойынымен өтеп отырды. Ол қарсылас себетіне жопты жоғарыдан өте оңай салатын және қалқаннан ыршып түскен допты қағып алып, қайта лақтыруды асқан шеберлікпен орындады.
1956 жылы өткен КСРО халықтарының І спартакиадасында қазақстандық баскетболшы жігіттердің бесінші орын алуын үлкен табыс деп есептеуге болады.
1957 жылы КСРО біріншілігінде Алматының «Буревестник» командасы бірнеше командаларды ұтып, турнир кестесінде жетінші орынға ие болды.
Одан кейінгі жылдары Қазақстандық баскетболшылардың өнері бірде аспандап, бірде құлдыраумен сипатталады.
1964-75 жылдар аралығында ерлер арасындағы барлық жарыстарда республика намысын «Локомотив» командасы қорғап жүрді. Құрамында жоғары дәрежелі ойыншылары бар «Локомотив» командасы турнир кестесінде жоғары орындарға ие болмағанымен, КСРО-ның алдыңғы қатарлы командаларын жиі ұтып жүрді. Алматылықтар спортшы-теміржолшылар арасындағы халықаралық турнирлерінде жоғары табыстарға жетеді. Олар МССЖ-ның төрт біріншілігіне қатысты. 1956 жылы Алматыда 2-орын, 1968 жылы Францияның Старсбург қаласында чемпион, 1971 жылы Бургаста (Болгария) 3-орын, ал 1975 жылы Вроцлавта (Польша) 2-орын алды.
1976 жылдан бастап команда Қарулы Күштер клубы туы астында өнер көрсете бастады. Команда көптеген жарыстарға қатысты, жоғары топтың ірі командалары арасында медалдар жеңіп алып, көптеген халықаралық жарыстарда жеңімпаз болды.
1988 жылы Сеул Олимпиадасында баскетболдан КСРО құрама командасының мүшесі В. Тихоненко алтын медалға ие болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz