Қоғамның әлеуметтік құрылымы, түсінігі



1. Қоғамның әлеуметтік құрылымы
2. Қоғам және оның мәні.
3. Қоғамның әлеуметтік құрылымы.
4. Қоғамдардың жіктелуі.
5. Қоғам түсінігі социологияның басты категорияларының бірі болып табылады.
Бірақ қоғамның анықтамасын бермес бұрын “табиғат” пен “қоғам” сияқты кең ұғымдарды шектеу, олардың ара жігін айқындап алу қажет. Бұл әлеуметтік-философиялық проблеманың дұрыс шешілуінің социология үшін басты, әдістемелік маңызы бар.
Біз әдетте адам, қоғам - табиғаттың бір бөлігі деп жиі айтамыз және оның негізі бар. Бұл жерде “табиғат” ұғымы бүкіл дүниенің, барлық шынайылықтың (органикалық және бейорга­никалық дүниенің, адамның, қоғамның) табиғи бірлігін білдіретін аса кең мағынасында қолданылады. “Қоғам - табиғаттың бір бөлігі” деген тезис мына бір фактіні растайды: адам, демек қоғам да табиғаттан пайда болады; адам - басқа жанды тіршілік иелерімен ортақ қасиеттері көп және табиғат заңдарына бағынатын биологиялық тіршілік иесі; адам баласы тірі табиғат дамуының жоғары сатысы болып табылады; қоғам табиғи ортамен органикалық байланыста және тығыз қарым-қатынаста болады және табиғаттан тыс және одан қол үзіп өмір сүре де алмайды, дами да алмайды; табиғат та, қоғам да өз дамуында ортақ іргелі заңдарға бағынады және т.с.с.
1. Баба С. Б. Жалпы психология: Жантану негіздері: 2002
2. Жарықбаев Қ. Психология. Алматы: Білім, 1993
3. Гоноболин Ф. Н. Психология. Алматы: Мектеп, 1976

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1. Қоғамның әлеуметтік құрылымы
2. Қоғам және оның мәні.
3. Қоғамның әлеуметтік құрылымы.
4. Қоғамдардың жіктелуі.
5. Қоғам түсінігі социологияның басты категорияларының бірі болып табылады.

Қоғамның әлеуметтік құрылымы.
Бірақ қоғамның анықтамасын бермес бұрын "табиғат" пен "қоғам" сияқты кең ұғымдарды шектеу, олардың ара жігін айқындап алу қажет. Бұл әлеуметтік-философиялық проблеманың дұрыс шешілуінің социология үшін басты, әдістемелік маңызы бар.
Біз әдетте адам, қоғам - табиғаттың бір бөлігі деп жиі айтамыз және оның негізі бар. Бұл жерде "табиғат" ұғымы бүкіл дүниенің, барлық шынайылықтың (органикалық және бейорга­никалық дүниенің, адамның, қоғамның) табиғи бірлігін білдіретін аса кең мағынасында қолданылады. "Қоғам - табиғаттың бір бөлігі" деген тезис мына бір фактіні растайды: адам, демек қоғам да табиғаттан пайда болады; адам - басқа жанды тіршілік иелерімен ортақ қасиеттері көп және табиғат заңдарына бағынатын биологиялық тіршілік иесі; адам баласы тірі табиғат дамуының жоғары сатысы болып табылады; қоғам табиғи ортамен органикалық байланыста және тығыз қарым-қатынаста болады және табиғаттан тыс және одан қол үзіп өмір сүре де алмайды, дами да алмайды; табиғат та, қоғам да өз дамуында ортақ іргелі заңдарға бағынады және т.с.с.
Қоғамды табиғатқа қарсы қоятын басқа бір жағдайда "табиғат" ұғымы деп оның адамға, қоғамға қатысты сыртқы (табиғи-географиялық) орта ретіндегі тұтас шынайы дүние емес, оның тек бір бөлігі ғана айтылады. Адам - мейлі ол өзінің көрінісінің жоғары нысанында болсын, биологиялық (тірі, табиғи) тіршілік иесі ғана емес, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасынан өрбитін тек өзіне ғана тән әлеуметтік сапалар мен қасиеттері бар сапалық тұрғыдан жаңа, принципті ерекше құбылыс; ал қоғам өмірі - әлеуметтік санадан жұрдай және өзін жануарлар әлемінен бөліп көрсетпейтін жеке биологиялық түрлер әрекет ететін биологиялық өмірге (ұйымшылдығы жоғары жануарлар - адамға ұқсас маймылдардың өміріне) қосылмайтын сапалық өзіндік ерекше, әлеуметтік өмір екендігін көрсету және атап өту қажет болған кезде мұның ерекше маңызы бар. К.Маркс адам болмысын қоғамдық қарым-қатынастардың жиынтығы ретінде анықтаған кезде ол осы арқылы адамның ең алдымен қоғамның өнімі екендігін атап өтуге тырысқан.

Қоғамның әлеуметтік құрылымы.
Социологияда "қоғам" категориясына әр түрлі тұжырымдамалық көзқарастар жасалған. Мысалы, "атомистік" теория бар, оған сәйкес қоғам әрекет етуші адамдардың немесе олардың арасындағы қарым-қатынастардың жиынтығы болып шығады. Бұл тұжырымдаманы шегіне жеткізген Г.Зиммель теориясы болды, ол "қоғам" жеке адамдардың өзара іс-қимылын білдіреді деп ұйғарды. Г.Зиммельдің пікірінше, өзара іс-қимыл әрқашан белгілі бір нәрсеге берілу немесе белгілі бір мақсат үшін қалыптасады. Эротикалық инстинкттер, іскерлік мүдде, діни импульстер, қорғаныс немесе шабуыл, ойын немесе кәсіпкерлік, көмектесуге, үйренуге ұмтылу, сондай-ақ көптеген өзге де уәждер адамды басқа адамдар үшін, басқа адамдармен бірге, басқа адамдарға қарсы әрекет етуге, ішкі жан дүниесін үйлестіруге және келістіруге, яғни ықпал етуге және өз кезегінде ықпалына көнуге итермелейді. Бұл өзара ықпал ету жеке қозғаушы импульстер мен мақсаттарды таратушылардан бірлестік, "қоғам" құралады.
Қоғам және оның мәні.
"Әлеуметтік топтар" теорияларында қоғам - бір басым топтың сан алуан түрі болып табылатын адамдардың түрлі топтарының жиынтығы ретінде түсіндіріліп келді. Қоғамды адамдардың неғұрлым жалпылама жиынтығы ретінде қарастыра отырып, бұл тұжырымдаманың авторлары "қоғам" ұғымын "адамзат" ұғымымен теңестіреді.
"Қоғам" категориясының анықтамалар тобы әлеуметтік институттар мен ұйымдар жүйесін білдіреді. Қоғам - тұтас бір институттар мен ұйымдар шегінде бірлесе отырып, әлеуметтік өмір құрайтын адамдардың үлкен тобы.
Функционалдық тұжырымдама қоғамды іс-әрекеттердің өзін-өзі қамтамасыз етуші жүйесін білдіретін адамдар тобы ретінде сипаттайды.
Әр түрлі тұжырымдамалық анықтамалар негізінде социологияда сондай-ақ ішкі ұйымдас­тыры­луымен, аумақтығымен, мәдени алуандығымен және табиғи өсуімен сипатталатын салыстырмалы дербес немесе өзін-өзі қамтамасыз ететін халық ретінде талдамалық анықтама қалыптасқан.
Түрлі социологиялық мектептердің өкілдері қоғам анықтамасына қосатын әлеуметтік категориялар қоғамның табиғаты мен сипатын түсіну үшін өте маңызды.
Қоғам әр түрлі әлеуметтік байланыстардың, өзара іс-әрекеттер мен қарым-қатынастардың тығыз бірігуін, шоғырын білдіреді. Бірақ қоғамды жеке адамдардың, олардың байланыстарының, өзара іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарының қарапайым қосындысы деп қарауға бола ма? Қоғамды жүйелілік тұрғысынан талдайтын болсақ, ол - қосынды емес, тұтас жүйе. Жүйе - өзара байланыстар мен қарым-қатынастарда болатын, бірыңғай тұтастықты білдіретін және тіршілік етуінің сыртқы жағдайларына қарай құрылымын өзгерте алатын элементтердің сапалық анықталған жиынтығынан тұратын пән, құбылыс немесе процесс. Кез келген жүйенің маңызды сипаты тұтастығы мен бүтіндігі болып табылады. Қоғам деңгейінде жеке әрекеттер, байланыстар және қарым-қатынастар жаңа жүйелі сапаны - элементтердің қарапайым қосындысы деп қарауға болмайтын ерекше сапалық күйді білдіреді. Қоғам өзіне кіретін элементтердің жеке алғанда ешқайсысында жоқ сапалардың тұтас жүйесі болып табылады. Өзінің интегралдық сапаларының салдарынан социологиялық жүйе оны құрайтын элементтерге қарағанда белгілі бір дербестікке, өзінің дамуының салыстырмалы дербес тәсіліне ие болады.
Қоғамның әлеуметтік құрылымы.
Қоғам тұтас жүйе ретінде мынадай ішкі жүйелерден тұрады: экономикалық, әлеуметтік, саяси және идеологиялық. Бұлардың әрқайсысын өз кезегінде жүйе ретінде қарастыруға болады. Бұл ішкі жүйелерді әлеуметтік жүйенің өзінен ажыратып қарау үшін оларды социетальді деп атайды. Бұл жүйелер арасындағы өзара қарым-қатынаста себеп-салдар байланыстары басты рөл атқарады. Мұның өзі осы жүйелердің әрқайсысы өз бетінше өмір сүрмей, басқа жүйелерге себеп-салдарлық тәуелділікте болатынын білдіреді. Бұл жүйелердің барлығы иеарархияланған құрылымды білдіреді, яғни олар тізбектелген тәртіппен субординация, бағыныстылық арақатынаста болады. Сөйтіп, бұл жүйелердің алдыңғылары кейінгілеріне анықтаушы ықпал етеді, ал олар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет және құқық теориясы оқу құралы
Мемлекеттің құрылым нысаны
Студентерге қазіргі қоғамның келбетін, әлеуметтік бейнесін, құрылымын түсіндіру
Мемлекет және құқық теориясының жалпы сипаттамасы
Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару
Мемлекет және құқықтың жалпы теориясының пәнінен дәрістер
ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯНЫҢ ПӘНДІК МӘРТЕБЕСІ
Мораль мен құқықтың ара-қатынасы
Отбасында пайдаланатын техникалық нормалар
ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМ ТУРАЛЫ
Пәндер