Мәдениет пен өркениеттегі ғылым



Кіріспе

І тарау. Мәдениет пен өркениеттегі ғылым

1.1. Мәдениет және өркениет

1.2. Қазіргі ғылым философиясындағы проблемалық өріс.

Қорытынды
«Өркениет» ұғымы. Өркениет дегенде, алдымен «мәдениет» ұғымы ойға оралады. Бұлардың мағыналық жағынан бірінің екіншісіне өте жақын болуынан көпшілік жағдайда ғалымдар оларды синоним сөздер ретінде қолданып та келді. Жалпылама мағынада алғанда, мәдениет— айналадағы нағыздықты жаңартуға, адамның мүмкіндігі мен қабілетін айқындауға шыңдауға бағытталған адамзаттың шығармашылық қызметі болып табылады.
Өркениетті дүниежүзілік тарихи үрдіске талдау жасай отырып, мәдениеттен бөле қарастыру жаңа дәуір зерттеушілерінен басталды. Қазіргі замандык әлеуметтанушылар, тарихшылар мен философтар қоғамның өркениеттілігін оның үш айқындаушы өлшемі — техниканың жетістігі, қоғамның әлеуметтік түзілімі және қоғамның ішкі ұйымдасуы мен негізделуі тұрғысынан бағалайды. Осы тұрғыдан алып топшылағанда, өркениет (лат. civilis — азаматтық, мемлекеттік) деп белгілі бір елдер мен халықтардыц тарихи дамудың белгілі бір кезеңіндегі материалдық, рухани және әлеуметтік өмірінің өзіне тән сапалық ерекшеліктерін айтамыз.
Ғылымның мұраты – бар тылсымның сырын айқындау, барлықтың ақиқатын ашу, соның негізінде сол барлықтан заңды түрде туындайтын немесе міндетті түрде шығатын, шыға алатын нәрселерді анықтау.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

Реферат

Тақырыбы: Мәдениет пен өркениеттегі ғылым

Алматы 2017
Мазмұны

Кіріспе

І тарау. Мәдениет пен өркениеттегі ғылым

0.1. Мәдениет және өркениет

0.2. Қазіргі ғылым философиясындағы проблемалық өріс.

Қорытынды

Кіріспе

Өркениет ұғымы. Өркениет дегенде, алдымен мәдениет ұғымы ойға оралады. Бұлардың мағыналық жағынан бірінің екіншісіне өте жақын болуынан көпшілік жағдайда ғалымдар оларды синоним сөздер ретінде қолданып та келді. Жалпылама мағынада алғанда, мәдениет -- айналадағы нағыздықты жаңартуға, адамның мүмкіндігі мен қабілетін айқындауға шыңдауға бағытталған адамзаттың шығармашылық қызметі болып табылады.
Өркениетті дүниежүзілік тарихи үрдіске талдау жасай отырып, мәдениеттен бөле қарастыру жаңа дәуір зерттеушілерінен басталды. Қазіргі замандык әлеуметтанушылар, тарихшылар мен философтар қоғамның өркениеттілігін оның үш айқындаушы өлшемі -- техниканың жетістігі, қоғамның әлеуметтік түзілімі және қоғамның ішкі ұйымдасуы мен негізделуі тұрғысынан бағалайды. Осы тұрғыдан алып топшылағанда, өркениет (лат. civilis -- азаматтық, мемлекеттік) деп белгілі бір елдер мен халықтардыц тарихи дамудың белгілі бір кезеңіндегі материалдық, рухани және әлеуметтік өмірінің өзіне тән сапалық ерекшеліктерін айтамыз.
Ғылымның мұраты - бар тылсымның сырын айқындау, барлықтың ақиқатын ашу, соның негізінде сол барлықтан заңды түрде туындайтын немесе міндетті түрде шығатын, шыға алатын нәрселерді анықтау. Ғылымдар өмірде жоқ нәрселерді, өмірдің формаларын айнымас заңдылықтардың негізінде болжап, тіпті айқын бейнесін жасап бере алады. Бұл бірақ көбінесе табиғат пен қоғамның бар заңдылықтарына байланысты. Адам ғылыммен құрдан-құр айналыспайды. Адамның өмірі әртүрлі проблемалар және күрделі мәселелермен тығыз байланысты. Оларды меңгеру үшін адамға білім керек, ал осы білімді қалыптастыру ғылыми қызметтің мақсаты. Ғылым тарихшылары ғылымның дамуы жайлы атап өткендей, егер де ғылыми оқулықтарда назар аударған теория мен методтарды фактілердің жиынтығы ретінде қарастырсақ, онда ғалымдарды осы аталған жиынтыққа қандай да азды-көпті үлестерін қосушылар деп бағалау керек болады. Рухани мәдениеттің еш бір саласы қоғамға ғылым сияқты елеулі және динамикалық әсер етпейді. Ғылым - қажеттіліктен туындайтын зерттеу объектісі. Біздің заманымызда ғылым бірден бірнеше пәндер, яғни тарих, әлеуметтану, экономика, психология және т.б. ретінде назарға ұсынылған. Бұлардың ішінде ғылым философиясы және оның тарихы ерекше орын алады.
Біздің елімізде де әлемдік стандартқа сәйкес келетін білімнің жаңа жүйесін қалыптастыру іс жүзіне асырылып келеді. Сондықтан "ғылым философиясын" оқып-үйрену - бұл жай тек қана әлемдік білім деңгейіне сай келудің формальды түрі емес, жинақталған бай логикалық-рационалдық материалды және рефлекстік іс - қимылдың аса тиімді құралдарын игере білу болмақ.

0.1. Мәдениет және өркениет

Мәдениет ұғымын тереңірек түсіну үшін, оған мағыналық жақындығы бар кейбір басқа ұғымдармен арақатынасын қарастырып өтейік. Осы сипатта біздің зердемізге бірінші түсетін үғым -- өркениет. Өркениет (цивилизация) семантикалық жағынан алғанда (латын тілінің -- civilis сөзі) азаматтық дегенді білдіреді. Римдіктер бұл үғымды варварлықтар деп өздері атаған, басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Яғни, өркениет олардың түсініктері бойынша азаматтық қоғамы, қалалық мәдениеті, заңға негізделген басқару тәртібі бар Рим империясының даму дәрежесін білдіреді.
Ғасырлар бойы қалыптасқан осы екі үғымның мағыналарын төмендегідей топтастыруға мүмкіндік бар:
:: 1. Мәдениет пен өркениет бір. Олар синонимдер (И. Гердер, Э.Б. Тайлор).
:: 2. Өркениет -- мәдениеттің ақыры, оның кәрілік шағы, руханилықтың антиподы (Ж.Ж. Руссо, Ш. Фурье, О. Шпенглер).
:: 3. Өркениет -- мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі (Ф. Вольтер, Д. Белл).
:: 4. Өркениет -- тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты (Л. Морган).
:: 5. Өркениет -- этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі (А. Тойнби, Н.Я. Данилевский және т.б.).
* 6. Өркениет мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның материалдық жағы.
Бұдан көретініміз, мәдениет пен өркениет бір-бірімен байланысты ұғымдар екен. Мәдениеттанушы Г. Чайлдтың пікірінше, өркениетке еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі, қалалардың пайда болуы, жазбаша мәдениеттің дамуы, қолөнер мен сауданың өркендеуі, азаматтық қоғам мен мемлекеттің орнауы жатады.
Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары: мәдени әрекет, мәдени орта, мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және мәдени ұйымдар мен ұжымдар. Бүлардың арасында ең түбегейлісі -- мәдени әрекет. Әрекеттену -- жалпы адам мен қоғамның өмір сүру тәсілі, тіршіліктің тірегі. Мәдени әрекет деп, әдетте, мәдениет игіліктерін өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған мақсатқа сәйкес әлеуметтік іс-қимылдарды атайды. Мәдени игіліктерді толассыз жасау нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін көтереді. Осы әрекеттің қайнары, түпкі қозғаушы күші ретінде ғылым адамның талап-мұқтаждарын, мәдени қажеттіліктерді бөліп қарастырады. Осылардың қатарына біз мынандай адамдық қажеттіліктерді жатқызамыз: өмірдің мәні мен мағынасын іздеу, өмірден өз орнын табуға ұмтылу, шығармашылыққа талпыныс, альтруизм, гумандылық және тағы басқалары. Мәдени орта ұғымы мәдениеттің коммуникациялық (қатынастық) табиғатымен тығыз байланысты. Мәдени орта заттық-материалдық, әлеуметтік ұйымдар мен ұжымдардан, рухани қызмет орындарынан тұрады. Оларға техника мен қүрал-жабдықтардың даму деңгейі, тұрмыстық мәдени дәрежесі, адамдардың білімділігі, кәсіптік шеберлігі, рухани мәдениетті сақтау және насихаттау ұйымдары (мұрағаттар, мұражайлар, кітапханалар, клубтар және тағы басқалар) жатады.
Қайсыбір ұлттық мәдениетті алсақ та, ондағы салт-дәстүрлер жүйесіне бірден назарымыз ауады. Салт-дәстүр, -- дейді белгілі философ Гердер, -- тіл мен мәдениет бастауларының анасы (И.Г. Гердер. Идеи к философии истории человечества. Москва, 1977, с. 252). Мәдениет өзінің кең мағынасында бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаған өмір сүру тәсілі болғандықтан, осы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын салт-дәстүрлер жүйесі мәдениет өзегін қүрастырады. Әсіресе, жазу-сызу болмаған ерте заманда мәдениет ырымдар мен сәуегейлікке, . сенім-нанымдарға, дәстүрлі түсініктерге иек артқан. Ал салт-дәстүрлерге Ғұзыхан Ақпанбет мынандай баға береді: Олар -- терең философиялық ойдың, ғасырлар бойы жинақталған тәжірибенің сұрыпталған түжырымы, негізгі нәрі, қысқа да көркем бейнесі. (Қазақтың дүниетанымы. Алматы, 1993, 36-бет).
Ғасырлар бойы күнделікті іс-тәжірибе негізінде сұрыпталған жазу-сызу мен азаматтық қоғам өлі жоқ кезде қалыптасқан салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар мәдени мирасқорлықтың жалғыз мүмкіндігі болды. Ескі ырымдар мен әдет-ғұрыптардан надандық, анайылықты емес, қазіргі үлттық мәдениеттердің архетипін аңғарған жөн.
Кез келген ұлттық мәдениеттің негізі мен ділін, ондағы адамгершілік қасиеттер мен дүниетанымды үғыну үшін мәдениеттің тағы бір түп-тамыры дінге жүгіну қажет. Тоталитарлық жүйе ұлттық мәдениеттерді құрту мақсатында, дінді апиын деген марксизм қағидасын басшылыққа алып, ешқандай қасиетті тірліктері жоқ, шолақ белсенді мәңгүрттерді тәрбиелеуге тырысты.
Ал шындығында діни Ренессанс (ренессанс -- француз сөзі -- қайта жаңғыру) мәдени дамуда орасан зор роль атқарды. Дінге дейінгі дүниетаным ретіндегі мифте табиғат қасиетті күштерге баланса, ұлттық немесе дүниежүзілік діндерде адам мен қоғамның құдіреттілігіне басты назар аударылады. Осының нәтижесінде өркениет қалыптасады. Жалпы алғанда, дінтанусыз мәдениеттану жоқ.
Мәдениеттің өзекті бөлігі -- өнер. Таңбалы тастағы кескіндер мен тағы адамдардың ырым-билерінен бастап, Рафаэль мен Микеланджелоның мәңгілік туындыларымен жалғасқан, халықтың шығармашылық рухынан туған талай сұлу дүниелерсіз, өнер әлемінсіз, қандай мәдениеттің болсын рухын сезіне алмаймыз.
Шынында да, өнер мөдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі -- оның әсемдікке, сұлулыққа үмтылуы.
Осыған дейін қарастырылған анықтамалардан бір түйінді ой айтуға болады: мәдениет -- адам әлемі. Мәдениет көріністерінде адамдық парасат, оқыл-ой, ізгілік пен әдемілік заттандырылып, игіліктер дүниесі құралған. Сонымен бірге мәдениет адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Әл-Фараби айтқандай, адам -- хайуани мадани, яғни, Мәдениетті жан. Адам -- табиғат туьндысы және ол үшін табиғи орта мәңгілік қажеттілік болып қалады. Мәдениет адамнан табиғатты бөліп алады деген пікір қанша рет айтылса да, адамның табиғи шығармашылықтың ең жоғары үлгісі екендігіне күмән жоқ. И. Гердердің тілімен айтқанда, адам -- табиғаттың бірінші азаттық алған пендесі.
Ғасырлар -- адамның мәдени дамуының куәсі. Бірақ осы алға қарай жылжу Жер-Анаға әр уақытта жайлы бола бермеді. Адам қоршаған ортаны өзіне ыңғайлы тұраққа айналдыруға тырысты, алайда осы белсенділік көп жағдайда табиғатты күйзелтіп, қүлдыратып жіберді.
Мәдениет пен табиғатты қарама-қарсы қоюдың бір түрі адамның табиғи анти мәдениеттілігі жөніндегі ілімдер еді (киниктер, Ницше). Контрмәдениет атты XX ғасыр туындысы бұқаралық мәдениеттегі руханилықтың затқа, тауарға айналуына қарсы қозғалыс сипатында болды. Мәдениет пен табиғатты ұштастыруға тырысатын ілім -- мәдени антропология. Оның негізін са-лушылардың бірі -- Э. Уилсон.
Әрине аталған ілімдер табиғи-биологиялық заңдылықтарды тым әсірелеп жібереді, әйткенмен оның қисыны бар сияқты. Өйткені, XX ғасыр мәдениет пен табиғат дилеммасының адам тағдыры үшін қауіпті екендігін көрсетіп, заман талабына сәйкес экологиялық мәдениет ілімін тудырды. Адамдық шовинизмді тежейтін бүл ілімнің негізі есебінде мынадай идеяларды атап өткен жөн:
а) академик В.И. Вернадскийдің Ноосфера (парасатты орта) туралы ілімі;
ә) Рим клубының экологиялық түжырымдары;
б) Тейяр де Шарденнің адам жөніндегі гуманистік эволю-циялық теориясы;
в) Л.Н. Толстой, М. Ганди, А. Швейцер, Э. Фромм т.б. дамытқан гуманистік этика т.б.
Тағы айта кететін жайт, осы экология мәселелеріне байланысты Шығыс пен Батыстың арасындағы айырмашылық туралы. Интровертивтік Шығыс мәдениеті табиғатқа жақын, ол үстемдік етуге шақырған жоқ.
Сонымен, мәдениет адам мен табиғатты бөліп тұрған қытай қорғаны емес, керісінше, олардың арасындағы нәзік үндестік және рухани қыл-көпір. Осы үндестікті (гармонияны) одан әрі жетілдіру -- адамзаттың алдындағы келелі міндет.
Адам және мәдениет мәселесін тереңдете түсетін тағы бір жайт адамның қабілеттілігіне, жан-жақтылығына, шексіздігіне байланысты. Американ ғалымы К. Поппер айтқандай, адам бірдей үш дүниеге: физикалық, ментальдық (психикалық) және идеалдыққа жатады. Сонда мәдениет осылардың қайсысымен көбірек анықталады деген заңды сұрақ туады. Егер біз мәдениетті тек материалдық және рухани бөліктерге бөлудің қарадүрсін шеңберінен шыға алсақ, онда мәдениеттің өзінің ішкі мағынасында идеалды екендігіне көзіміз жетеді. Себебі, адамды қоршаған заттар, дүние -- бұл мәдениеттің сыртқы көрінісі ғана, оның мәні -- руханилықты адам әрекетінің нәтижесінде заттандыруда жатыр. Мәдениеттің ішкі мәні қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдардың өзіндік санасында, парасаттылық сезімдерінде, рухани ізденістерінде айқындалады.
Ж. П. Сартрлық көсемсөзді қайталасақ, адам әлемге еркін жіберілген, ол еріктілік жазасына кесілген. Осы сипатта мәдениеттің құпиясы -- адамдағы Мендік. Одан сыртқа ерекше бір нұр -- азаттық, жауапкершілік, адамгершілік сәулесі нұр шашып түр. Мәдениетте адам ғажап биік деңгейге көтеріледі. Мәдениет дегеніміз менің өмірім, менен бөлінген, мен өлгеннен кейін де тірі болатын менің шығармашылығым.
Енді мәдениеттің қоғамда атқаратын қызметтерін талқылайық. Алдымен қоғам және мәдениет ұғымдарында қаншама ұқсастық, үндестік болғанымен, олардың арасындағы мағыналық, айырмашылықты естен шығармаған жөн.
Қоғам -- әлемнің бір бөлігі, белгілі бір мақсаттарды іске асыру жолында әрекет етіп жатқан субъектілердің (тұлғалардың, топтардың, этностардың, мемлекеттердің) байланыс нысандары. Яғни, қоғам үғымындағы негізгі мәселе -- адам және оның ұйымдасу нысандары, бұл ретте қоғамды зерттейтін басты ілімді әлеуметтану деп атайды. Ал мәдениет осы тұрғыдағы қоғамның белгілі бір қасиеті, көрінісі, сипаты мазмұнында қолданылады. Осыған дейін қарастырылған ұғымдарды негізге алып, қоғамдағы мәдениеттің төмендегідей қызметтерін айқындау мүмкіндігі бар:
Адамды калыптастыру қызметі. Бұл -- мәдениеттің қоғамдағы басқа қызметтерін бойына жинақтайтын және оның негізгі мазмұнымен тікелей байланысты нышан. Егер біз адамды әлде құдай, әлде табиғат, әлде еңбек жаратты деген пікірталастардан сәл көтерілсек, адам мәдениетті, ал мәдениет адамды қалыптастырғанына көзіміз жетеді. Жеке адам өзі өмір сүріп жатқан қоғамның туындысы, төл перзенті (С. Мырзалин, Ә. Әлпейісов. Қоғам және мәдениет. Алматы, 1992, 14-бет). Маугли -- көркем бейне. Жануарлар арасында кездейсоқ өскен адам мәдениеттік қасиеттерден жұрдай болады.
Адамға ең қиыны -- адам болу. Ал оның негізгі шарттарының бірі ретінде ізгілік пен зұлымдық, ақиқат пен жалғандық, әділеттілік пен өктемдік, бодандық пен азаттық, сұлулық пен ұсқынсыздық арасындағы адамның таңдауын аламыз. Соның нәтижесінде жеке тұлғада өзіндік сана тұрақталады, ол озық мәдениет үлгілерін өз бойына сіңіреді. Жалпы алғанда, мәдениеттің алға басуы дегеніміз дүниежүзілік тарихтың адам үшін, оның мүдделері мен өзіндік мақсаттары бағытында толыққанды ашылуы болып табылады.
Жалғастық, мәдениет мұрагерлік қызметі.
Мәдениеттің бұл қызметі бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілетін бүкіл адамдық өмір тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктеріне қатысты. Ақпараттық (информациялық) беріліс әлеуметтік жүйеде биологиялық тұқым қуалаушылықтан өзгеше жүреді. Шын мәнісінде қоғамда ұрпақтар жалғастығы мәдени мұраларды игеру, қабылдау және оны шығармашылықпен дамыту арқылы жүзеге асады. Мәдени ақпараттар -- салт-дәстүр, әдет-ғүрып, рәсім-рәміз, діл мен тіл, дін және өнер, білім т.б. руханилықтың белгілі бір деңгейін меңгерудің нәтижесінде мәдениет субъектісінің өзіндік санасының жанды буынына айналады.
Танымдық қызметі. Мәдениеттің қоғамдағы бүл қызметміндетінің сан алуан қыры бар. Бірден біздің назарымызды өзіне аударатын нәрсе -- мәдениет пен білімнің ара қатынасы. Табиғаттан қулығын асырып жіберуге (Гегель) бағытталған адамдардың білімі, әрине мәдениеттің негізгі қүрамдас бөлігіне жатады. Ертедегі гректің пайдейя, ислам Өркендеуіндегі маариф, қазіргі өркениеттегі интеллигенттілік үғымдары мәдениет пен білімділіктің іштей туыстығын, үндестігін білдіреді. Осы сипатта, әсіресе зиялылар (интеллигенция) мәдениетті сақтау және дамыту ісінде үлкен қызмет атқарады. Бүгінгі күнге лайық адамдық қарым-қатынас орнату -- интеллигенцияның басты міндеті... Ал біздің өркениеттілігіміз жаппай компьютерге көшумен сипатталмауы керек, мәдени диалогтың түрін жасап, оны сақтай білу қабілетімізбен көрінуі керек (Ә. Наурызбаева, Н. Скалон. Диалогтың мүмкіндігі. Шаһар, 1993, № 1, 8-бет). Яғни білімділік мәдениеттіліктің маңызды алғышарты болғанымен, бұл екі ұғымның арасында елеулі айырмашылық, белгілі алшақтық, кейде тіпті қайшылық бар. Ғылымның бет алды дамуы, шектелмеген техникалық әрекет мәдениетке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ ұлты және өркениет
МӘДЕНИЕТТАНУ ПӘНІ
Мәдениет дегеніміз
Мемлекеттің пайда болуының негіздері
Мәдениет пен өркениет, құрылымы мен функциялары
Дін, мәдениет және қоғам. Әлеуметтік, дүниетанымдық және психологиялық құбылыс
Ғылымның танымдық философиялық мәні
Қазақ мәдениеті - қазіргі Қазақстан аумағында бірнеше ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқының мәдениеті
Эстетикалық мәдениеттің мәні мен қалыптасу ерекшеліктері
Әлеуметтік-тілдік зерттеу тілдің қоғамдағы рөлі мен орнын нақтылайды
Пәндер