Мультимедиялық технологиялар



1) Мультимедиялық технологиялар жайлы негізгі түсініктер ... ... ... ... ... ... ... 3
2) MS PowerPoint ... ... ... ... ...5
3) MS Word ... ... ... ... ... ... ... 6
4) Movie Maker ... ... ... ... ... 7
5) Adobe жиынтығы ... ... ... ..10
6) MS Paint ... ... ... ... ... ... ... ..11
6) Қорытынды ... ... ... ... ... ..14
7) Сілтемелер
Мультимедиялық технологиялар - әртүрлі типті мәліметтерді дайындау, өңдеу, біріктіру, ұсыну әрекеттерін ақпараттық және бағдарламалық жабдықтарды пайдалану арқылы жүзеге асыратын құралдар, әдістер мен тәсілдер жиынтығы.
Мультимедиялық технологиялардың дамуы бейнетехниканың және дербес компьютердің өркендеуі нәтижесінде жүзеге асуда. Мультимедия статикалық, динамикалық және дыбыстық ақпараттарды талапқа сай дәрежеде ұсынуды іске асырады. “Мультимедия” термині латын тілінің “multi” (көп) және “media” (орта) сөздерінің бірігуінен құралған, яғни “ақпараттық орта” деген мағына береді. Білім берудегі мультимедия – таным процесінің жоғарылауына септігін тигізетін, білім беру мазмұнын интерактивті формада ұсынатын, дидактикалық ақпаратты-бағдарламалық
құрал. Мультимедия – пайдаланушыға әртүрлі типті ақпаратты біріктіріп ұсыну технологиясы. Зерттеушілердің пікірі бойынша дәстүрлі оқу әдісімен берілген материалдың 25%-ы, көру арқылы 33%-ы, көру-есту арқылы 50%-ы, ал мультимедиялық интерактивті оқыту бағдарламасы көмегімен берілген материалдаң 75%-ы есте сақталады екен.
1. https://infourok.ru/urok_po_informatiki_na_temu_windows_movie_maker_turaly_negzg_tsnk_shyys_fayly_filmd_satau-375323.html
2. http://main.tpkelbook.com/pre020.php?
3. http://ru.wikipedia.org
4. multimedia.to-build.ru/content/view/81/33/
5. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Информатика және компьютерлік техника/ Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдаламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет.

Реферат
АКТ пәні бойынша
Тақырыбы: "Мультимедиялық технологиялар"

2017ж.

Мазмұны
1)Мультимедиялық технологиялар жайлы негізгі түсініктер ... ... ... ... ... ... . ...3
2)MS PowerPoint ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
3)MS Word ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
4)Movie Maker ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
5)Adobe жиынтығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 0
6)MS Paint ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
6)Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
7)Сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15

Мультимедиялық технологиялар жайлы негізгі түсініктер

Мультимедияның негізгі құрам бөліктері:

Текст
Аудио
Сурет

Анимация
Видео
Интерактивтілік

Мультимедиялық технологиялар - әртүрлі типті мәліметтерді дайындау, өңдеу, біріктіру, ұсыну әрекеттерін ақпараттық және бағдарламалық жабдықтарды пайдалану арқылы жүзеге асыратын құралдар, әдістер мен тәсілдер жиынтығы.
Мультимедиялық технологиялардың дамуы бейнетехниканың және дербес компьютердің өркендеуі нәтижесінде жүзеге асуда. Мультимедия статикалық, динамикалық және дыбыстық ақпараттарды талапқа сай дәрежеде ұсынуды іске асырады. "Мультимедия" термині латын тілінің "multi" (көп) және "media" (орта) сөздерінің бірігуінен құралған, яғни "ақпараттық орта" деген мағына береді. Білім берудегі мультимедия - таным процесінің жоғарылауына септігін тигізетін, білім беру мазмұнын интерактивті формада ұсынатын, дидактикалық ақпаратты-бағдарламалық
құрал. Мультимедия - пайдаланушыға әртүрлі типті ақпаратты біріктіріп ұсыну технологиясы. Зерттеушілердің пікірі бойынша дәстүрлі оқу әдісімен берілген материалдың 25%-ы, көру арқылы 33%-ы, көру-есту арқылы 50%-ы, ал мультимедиялық интерактивті оқыту бағдарламасы көмегімен берілген материалдаң 75%-ы есте сақталады екен.
Мультимедияның ажырамас бөлігі болып табылатын лазерлік дискілерде жазылған электрондық энциклопедиялар, оқулықтар мен сөздіктер оқыту процесінде ерекше орынға ие. Мысалы, электрондық сөздіктерде әрбір сөздің аудармасы ғана емес, сонымен бірге оның айтылу үлгісі де қамтылады.
Оқыту процесінде мультимедияны пайдаланып білім берудің әртүрлі аспектілерін дамытуға болады. Олар: ақпаратты өңдеудің когнитивті аспектілері, оқытудың танымдық аспектілері.
Мультимедиялық технологиялардың оқыту үрдісіндегі ақпаратты-коммуникативті қызметі.
Мультимедиа. Оқу үрдісінде ақпаратты экранда бейнелеудің түрлі формаларын (график, қозғалыс, мәтін, дыбыс) қолдану "мультимедиа" идеясын туғызды. Оның көмегі арқылы оқытушы бағдарламаларды пайдалануды жүзеге асыруға болады. Мысалы, географияны, ағылшын тілін, не информатиканы оқыту да компьютер мұғалім рөлін атқарады.
Жоғарыда келтірілген құралдардың әрқайсысының өзінің оқу үрдісінде қолданылатын ерекшеліктері мен орындары, функциялары бар. Енді оларды біріктіріп, кешен (комплекс) жасап колдансақ, онда жұмысымыз өнімді де тиімді, нәтижелі болмақ. Кәдімгі информатика оқулығы білімді жалпылауды, ойлау үрдісін реттеуде, материалды сапалы меңгеруде компьютерсіз не оған дейін қолданылуы мүмкін. Арнайы дайындалған нұсқаулар, оқушының ЭЕМ-мен өздігінше жұмыс істеуіне бағыт беріп, мұғалім жұмысын едәуір жеңілдетеді. Барлық ұғымдар, түсініктер оқулықта беріледі. Плакатка жазылған ақпарат (формула, бұйрық және т.б.) еріксіз есте сақтауға арналған. Транспаранттар мұғалімнің сабақ өту кезінде тікелей тақырыпқа қатысты қолданылады. Оқу киносы ЭЕМ-де динамикалық қозғалыс жасауда қолданылады. Үлкен экранды теледидар ЭЕМ экранына қарағанда жаппай түсіндіру барысында көрнекі құрал орнын толтырады. Ал "мультимедиа" құралы бұл құралдардың мүмкіндігін кеңейтіп интеграциялай түседі.
Технологияның мультимедиасы - қолданушыға мәлiметтiң ұсынысының мүмкiндiгi (мәтiн, дыбыс видео, анимация, графика) әр түрлi формалардың өзара әрекеттесуi өздiгiнен тәртiп. Мультимедиа технологияны арнайы аппаратты және программалық құралдарды құрайды.
Мультимедиа - өнiмдер байланысты бiрнеше дәрежелерге бөлуге болады олар тұтынушылардың топтарына бағытталған

MS PowerPoint
Аталмыш бағдарлама сандық жүйедегі мультимедиясының бірнеше саласын қамтиды, яғни тексттік, анимациялық және бейнелік салалары.
MS PowePoint - көрмелерді әзірлеуге арналған Microsoft Office қолданбалы бағдарламасы. Көрме - Сіздің қандай да бір қызметіңізге байланысты материалды ұсынуға арналып, компьютерде жасалған слайдтардың (бейне беттегі кескіндер) көрсетілімдік жиынтығы.
PowerPoint-тың негізгі міндеті - ақпаратты қабылдаудың және есте сақтаудың тиімділігін арттыру мақсатымен көрмелерді жоспарлау, жасау және өңдеу. Көрме - бұл диафильмдердегі сияқты, бірақ қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды (компьютер, проектор,өзіне сәйкес бағдарламалық жасақтама және т.б.) пайдалана отырып әзірленген слайдтарды тұратын қысқа ғана әңгіме. Слайдтар қызықты суреттермен, сызбалармен және пәрмендермен безендірілген жобаның мазмұндық бөлігін қамтиды. PowerPoint көрмелерге түрлі жан бітірім және мультимедиа пәрмендерін қосуға мүмкіндік береді.
PowerPoint бағдарламасымына әмірлерді орындау арқылы іске қосылады: Бастау - Бас иәзір - Бағдарламалар - MS PowerPoint
Презентация ұғымы өзінің толық мағынасында (лат. Praesento тапсырамын немесе ағыл. Present - ұсыну) өзін көрсету, баяндама, жобаны, есеп беруді қорғау, жұмыс жоспарын, дайын өнім мен қызмет, енгізу нәтижесін бақылауды, сынауларды және басқа да көптеген дүниеі ұсыну. Қорытып айтқанда, ойды, адамдар мен өнімдерді, шикізат пен қызмет түрлерін ұсыну - бұл әрдайым презентация.
Біз презентация деген кезде оның техникалық жағын, яғни белгілі бір тақырыпқа байланысты слайдтардың сатылы жиынтығын түсінеміз. Олар әдетте бір стильде және тиесілі баяндамашы ескертулері, тындаушыларға тарататын материал.
Слайд деп көзге көрінетін күрделі объектті айтамыз. Оның құрамына тақырыптар, мәтін, кестелер, графикалық кескіндемелер, ұйымдастыру схемалары, дыбыс үзінділері, бейнеклиптер мен гиперсілтемелер кіреді. Әрбір слайд ескертц парағымен бірге келеді. Бұл параққа түсініктеме мәтінді оны жасау кезінде де, демонстрация кезінде де енгізуге болады. Бұл мәтін презентацияның басты, керекті сәттерін және оған қатысты жағдайларды фиксациялау кезінде қолданылады.
Ескерту, парақтарын слайдтардың әр түрлі саны үшін қалыптастыруға болады, және де, осы парақтарға презентациямен бірге жүретін сценарийді енгізуге болады.
Презентацияны белгілі тақырыптағы слайд-фильм деп те атайды. Слайд-фильмдерді жасап шығаруға арналған анайы құралдар - графикалық пакеттер де бар. Осы құралдардың бірі - MS Office құрамдасы Windows-тың қосымшасы PowerPoint ghjuhfvvfcs7
PowerPoint қосымшасының неше түрлі объекттерді (мәтін, кесте, графика жасау т.б.) үшін керекті жеке мүмкіншіліктері болғанымен, оның Microsoft Office дестесінің басқа да құрамдастарымен тығыз байланысуының арқасында пайдаланушы әбден жасалған материалдарды қолдану мүмкіндігіне ие болады. Мысалы:
* Мәтін Word мәтіндік редакторында дайындала алады;
* Формулалар - Microsoft Equatuon қосымшасында;
* Кестелер - Microsoft Excel кестелік процессорында;
* Бағаналар (диаграммы) - Microsoft Graph қосымшасында;
* Әдеби тақырыптар - Microsoft Word Art қосымшасында және т.с.с.
PowerPoint әр түрлі презентацияны көруді қамтамасыз етеді. Мыналарға арналған:
* Компьютер экранында автономды көрсету үшін;
* Компьютерді проектор арқылы көрсетуге;
* Оптикалық құрал арқылы демонстрациялау мақсатында мөлдір қабықшаға басып шығаруға;
* Оптикалық слайд-проектор арқылы демонстрациялау мақсатында 35 мм диапозитивті фотопленкаға басып шығаруға;
* Дәл осы шақта жортда көрсету үшін;
* Кейіннен пайдаланушының автономды көріп шығуына болатындай етіп желілік ортада жариялау үшін;
* Хат алушылардың автономды көріп шығуына болатындай етіп электронды почта арқылы жіберу үшін;
* Қызыққандарға тарату мақсатында қағазға басып шығару үшін.

Microsoft Office Word (күнделікті -- MS Word, WinWord немесе жай ғана Word) - Macintoshкомпьютерлерінде және Windows, DOS ортасында жұмыс істейтін, қазіргі кезде кең таралған, ең қуатты мәтіндік процессорлардың бірі. Құжаттарды даярлауға, түзетуге, қарап шығуға, баспаға шығаруға арналған Windows ортасының қолданбалы программасы. Оның соңғы нұсқалары шағын баспа жүйесі ретінде кітап, газет- журналдар шығаруда кеңінен қолданылады. Microsoft Office Word дегеніміз компьютерде құжаттар жасауға мүмкіндік беретін бағдарлама болып табылады. Суреттер немесе өң сияқты түрлі-түсті фотосуреттер немесе көрнекі суреттер пайдаланып әдемі мәтін жасау және карталар мен кестелер сияқты деректер қосу үшін Word бағдарламасын пайдалануыңызға болады. Оған қоса, Word бағдарламасы мәтін жасау үшін түрлі көмекші мүмкіндіктерді береді, олардың көмегімен мақалалар немесе есептер сияқты іскери құжаттарды оңай аяқтай аласыз. Сондай-ақ, ашықхат немесе хатқалта мекенжайларын басып шығаруыңызға болады. Word бағдарламасы құжаттар, электрондық кестелер мен көрмелер жасауға және электрондық поштаны басқаруға арналған бағдарламаның бірнеше түрлерін біріктіретін өнімдердің бумасы болып табылатын Office бумасының бір бөлігі болып табылады.
Microsoft Office Word - мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесінің қосымша программасы.Ол-мәтіндік және графикалық информацияларды өңдеу барсында жүзден аса операцияларды орындай алатын ең кең тараған мәтін редакторының бірі. Қазіргі компьютерлік технологияларда орындауға болатын кез келген операция бұл ортада жүзеге асырыла береді. Мысалы, басқа ортада дайындалған мәтіндік фрагменттер, кестелер, суреттер сияқты неше түрлі объектілерді байланыстыра отырып осы ортаға енгізуге болады. Жалпы, Word редакторында типография жұмысына керекті баспа материялдарын теруден бастап, олардың оригинал - макетін толық жасауға дейінгі барлық жұмыс орындалады. Мұндай құжаттар мен кестелерді көрікті етіп , безендіруге қажет көптеген дайын шаблондар , стильдер , жазылып бірден орындалатын ішкі макропрограмалар тілі , қарапайым графиктік бейнелерді салатын аспаптар және т. с. с. жетіп артылады.

Windows Movie Maker
Windows Movie Maker - дыбыс (аудио) және бейне (видео) материалдары арқылы фильм құруға арналған бағдарлама.
Windows Movie Maker бағдарламасында бейнекамераның, веб-камераның немесе басқа да бейне құрылғылардың көмегімен компьютерде аудио және бейне жазбалары арқылы фильм құруға болады.
Өзімізге қажетті фильм құру үшін дайын суреттерді, аудио және бейне материалдарды импорттау арқылы қолдануға болады. Қажетті аудио және бейне материалдарын таңдап алғаннан кейін белгілі бір тақырыпқа негізделген, бейнеауысым және эффектілерді қолданып дайын фильм құра аламыз.
Құрылған фильмді компьютерге немесе басқа да тасымалдау құрылғыларына сақтап, басқа қолданушыларға көрсетуге, электронды поштамен жіберуге және де Интернетке қосуға, егер компьютерде сандық бейнекамера қосылған болса, онда фильмді таспаға жазу арқылы оны телевизорда немесе сандық бейнекамерадан көруге болады.
Windows Movie Maker интерфейсінде жинақ, жоба, фильм, кадр, клип, монтаж т.б. терминдерді кездестіреміз.
Жинақ. Windows Movie Maker бағдарламасының жинағы импортталған немесе жазылған аудиоклиптер, бейнеклиптер немесе кескіндерден (изображения) тұрады. Жинақ Windows Movie Maker бағдарламасының Жинақ (Сборники) панелінде орналасқан.
Жоба - раскадровкада және уақыт шкаласында қосылған аудио-бейнеклиптердің, бейнеауысым, бейнеэффект сол сияқты титрлардың орналасуы мен уақыты туралы мәліметтерден тұрады. Windows Movie Maker бағдарламасында сақталған жоба файлының типі .mswmmболып табылады. Сақталынған жоба файлына өзгеріс енгізу, толықтыру үшін соңғы сақталған жерде ашу керек.
Фильм - бұл фильмді сақтау шеберінің көмегімен сақталған дайын жоба. Бұл фильмді тасымалдау құрылғыларына жазып, қалаған уақытымызда қалаған жерде көруге болады.
Кадр - саны жағынан көп кескіндер жинағының бейне көрсетілімі.
Клип - үлкен көлемдегі бейнефайлдардың белгілі бір бөлігі.
Жоба файлы - ағымдағы импортталған немесе жазылған жоба және жүйеленген файлдар мен клиптер файлдарының құрылымы туралы мәлімет.
Шығыс файлы - бұл ағымдағы жобада ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қолданбалы мультимедиялық бағдарлама
Болашақ педагогтарды жобалауға оқытудың компьютерлік технологиялары
Мультимедиялық технологиялардың мүмкіндіктері
Сабақ – оқу процесін ұйымдастырудың ең тиімді формасы
Мультимедиялық технологиялардың қолданылуы
Жаңа педагогикалық технологиялар
Интернет желісінің Мультимедиа ресурстары
Мультимедиялық оқыту құралдарын жаратылыстану сабақтарында қолдану әдістемесі
Информатикaны оқытудa мультимедиялық технoлoгиялар негізінде қолданбалы бағдаpламаларды құру және пайдалану әдістeмeсі
Қазіргі сабақтың педагогикалық ресурстары
Пәндер