Сот-медицинасының түсінігі, міндеттері


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе3

1. Сот-медицинасының түсінігі, міндеттері, әдістері және объектілері4

2. Сот медицинасының дамуының қысқаша тарихи дерегі5

3. ҚР-да сот-медицина сараптамасының қүрылуы6

4. Сот-медициналық сараптаманың процессуалдық негіздері9

Қорытынды16

Кіріспе

Медицина ғылымы бола отырып, сот медицинасы заң пәндерімен жиі жанасады. Сот медицинасы бір-бірінен алшақ жатқан екі білім саласымен тығыз байланысты. Өз алдына дербес медицина ғылымы бола отырып, ол қылмыстық және азаматтық істерді тергеу мен сотта қарау кезінде сот әділдігі органдарында туындайтын медициналық-биологиялық мәселелерді шешіп береді.

Сот медицина тәжірибесінде пайдаланылатын зерттеу әдістері мен тәсілдерінің санының барған сайын көбейе түсуі неғұрлым тереңірек негізделген және объективті қорытындылар беруге мүмкіндік туғызып отыр.

1. Сот-медицинасының түсінігі, міндеттері, әдістері және объектілері

Сот медицинасы құқықтық және медицина ғылымдарының, сот әділдігі және заңдылықтың талаптарында қолданылатын, биология және жаратылыстанудың әртүрлі мәселелерін зерттейді және өңдейді. Сот медицинасы - бұл өзінің зерттеу әдістері бар және нақты сұрақтар жиынтығына жауап беретін медицинаның жеке бір (дербес) саласы. Сот медицинасында қойылған сұрақтармен байланысты адамды зерттейтін көптеген арнайы зерттеулер қолданылады, олар:

  • денсаулыққа зиян келтірудің себептерін анықтау;
  • денеге түсірілген жарақаттардың уақытын анықтау;
  • оқ жарақаты кезіндегі сараптама жүргізу;
  • өлімнің туындаған ұзақтық мерзімін анықтау;
  • қанның (түрлік, топтық және жыныстық) түрін, тобын және қай жынысқа жататынын, т. б. анықтау.

Сонымен қатар, сот медицинасы патологиялық анатомия, биология, криминалистика, криминология, физика, химиядағы зерттеу әдістерімен анықталады және олармен тығыз байланысты.

Қазіргі таңда сот медицинасында онын мүмкіндіктерін елеулі түрде кеңейтетін электронды микроскопия, сұйық газды хроматография, эксперименталды-компьютерлі модельдеу және т. б. зерттеудің осы заманғы әдістері кеңінен қолданылуда.

Сот медицинасында тірі тұлғалар, мәйіттер, заттық дәлелдемелер, қылмыстық және азаматтық істердің материалдары зерттеу объектілері болып табылады. Сот-тергеу тәжірибесі бұрын және болашақта заңгерлердің сот медицинасы негіздерін оқып, білу қажеттілігін дәлелдейді. Олар жиі апат болған жерді және мәйітті қарауды жүргізу, шығу тегінің биологиялық-заттық дәлелдемелерін дер кезінде анықтап, алып және сараптамаға жіберу, өлімнің туу уақытын анықтау, сот-медицина сарапшысына сұрақтарды дұрыс қою, сот-медицина қорытындысының сапалығын және толықтығын бағалау үшін қажет.

Сонымен, сот медицинасы - бүл тергеу және басты сот талқылауы кезінде туындайтын медицинаның бөлімдерін қарастыратын, өңдеп және сараптамалық бағалау жүргізетін жеке медициналық ғылым болып табылады.

2. Сот медицинасының дамуының қысқаша тарихи дерегі

Сот медициналық қызметтің тарихын зерттеу ерекшелігі, ол - құқықпен, заңшығарушылық, сот-тергеулік мекемелерімен байланыстылығы. Бүл байланысты сот-медициналық қызмет тарихын зерттеуде ескеру қажет, себебі - заңшығарушылық сот медицинасының сұрақтары бойынша тәртіп сақтауды нығайту және қорғау қызметін атқарады.

Үнділердің (Айюр-Веда, б. д. д. VII ғ. ) және еврейлердің (Моисейдің кітаптарында) ежелгі заңдарының өзінде сот медицинасы сипатындағы мәліметтерге сүйенушіліктер кездеседі. Греция, Рим және де басқа ежелгі мемлекеттердің заң шығару тарихында кейбір сот-медициналық сұрақтарды шешуге дәрігерлердің қатысуы жөніндегі хабарламаларды (Гиппократ, б. д. д 460 ж. ) кездестіруге болады.

Зерттеушілер сот медицинасының пайда болу уақыты деп 1532 ж. санайды, осы күні Швеция королі Карл V зорлық өлімнің себептерін анықтауға, түсік жасату және дәрігерді өз қызметін дұрыс атқармауына байланысты дәрігерлерді шақыруды заңдастырды. Бұл ғылым атақты француз хирургі Амбураза Парэнің (1579 ж. ) жарақат пен зорлаудан туындаған өлімге сот-медициналық сараптаманы бөліп көрсеткені жөніндегі, трактатында өз дамуын алды.

Француздың, немістің, кейінірек италияндық ғалымдардың еңбектерінің арқасында сот медицинасы жүйелі ғылым ретінде XVI ғ. бастап қалыптасты.

Сот медицинасының дамуы үшін көп көлемде монографиялардың, оқулықтардың, сот медицинасының бөлек сұрақтары жөніндегі, сот медицинасының зерттеу түрлері женіндегі оқу кұралдарының басылып шығуы зор үлесін қосты.

Олар: «Первоначальный наружный осмотр трупа при милицейском и розыскном дознании» (1929 ж. ), «Судебная медицина для медиков и юристов» (1930 ж. ), авторы - профессор Н. С. Бакариус. Болашақ заңгерлерге арналған оқулықтар: Н. В. Поповтың «Основы судебной медицины» (1950 ж. ), И. И. Авдеева «Курс лекций по судебной медицине» (1950 ж. ), М. И. Райскийдің, В. И. Смальяниновтың, т. б. авторлардың оқулықтары.

Бірқатар нұсқаулар мен оқу құралдары жарық көрді, олар: мәйітті табылған жерде қарау, мәйітті сот-медициналық зерттеу, тірі тұлғаларды сараптау, киімдерді және заттай дәлелдемелерді зерттеу; жарақаттардың бір қатар түрлері жөніндегі (шабатын және шаншып-кесетін қарулармен, белгілі оқтық қарумен, автокөліктік және теміржол көлігімен болған жарақаттар) монографиялар, механикалық асфиксия, улану, алкогольді масаюдың сараптамасы және тағы басқа бірқатар монографиялар жарық көрді.

Қазіргі күнге дейін мамандардың арасында кең қолданылатын профессор А. Н. Гремованың (1970 ж. ) «Сот медицинасы жөнінде дәрістер жиынтығы»; А. Р. Деньковскийдің (1968 ж. ) басқаруы бойынша шығарылған «Дәрігерлерге арналған нұсқау», осы сынды В. В. Томилиннің (1987ж. ) басылымы үлкен беделге ие.

Осылай сот-медицинасының тарихи деректерін қарастырудан, болашақ заңгерлерге оны оқып, білудің маңызды екені туралы шешім қабылдауға болады.

3. ҚР-да сот-медицина сараптамасының қүрылуы

1927 жылға дейін Қазақстанда сот-медицина сараптамасын кездейсоқ дәрігерлер жасап келді. 1928 жылдан 1933 жылға дейін Алматы қаласында К. В. Фрунзе округтік сот-медицина сарапшысы қызметін атқарды. 1935 жылы профессор С. М. Сидоров Алматы мемлекеттік медицина институтының сот-медицина кафедрасының меңгерушісі және республиканың Бас сот-медицина сарапшысы болып тағайындалды.

Қазақстанда сот-медицина сараптамасының дамуы Алматы медицина институты сот-медицина кафедрасының дамуымен және қалыптасуымен тығыз байланысты. 1935 жылы Қазақ КСР Денсаулық сақтау халық комиссариаты жөніндегі бұйрықпен өлкелік сот-медицина инспекторының кызметі белгіленді. Оған дейін сот-медицина сараптамасы Қазақ КСР Денсаулық сақтау халық комиссариаты кәсіптік емдеу басқармасының қарамағында болып келген еді.

1951 жылы Одақтық және Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрліктерінің бұйрықтарымен Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігі жанынан Республикалық сот-медицина сараптама бюросы, ал, облыстық денсаулық сақтау бөлімдері жанынан облыстық бағыныстағы қалалар мен барлық селолық аудандарға қызмет көрсететін облыстық сот-медицина сараптамасы бюролары құрылды. Сөйтіп, сол кездегі аумақтық бөлініс бойынша Қазақстанда осындай 15 бюро жұмыс істеді.

Кейіннен республикада сот-медицина сараптамасы қызметін одан әрі нығайтуға бағытталып, бірқатар облыстардың денсаулық сақтау бөлімдері жанынан облысаралық сот-медицина зертханаларын ашу, оларды дәрігерлермен және фармацевттермен, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және т. б. көзделді. Сөйтіп, 1959 жылы республикада бес сот-медицина зертханасы, үш сот-биология және физика-химия бөлімшесі жұмыс істеді.

Қазіргі таңда сот-медицина сараптамасының мемлекеттік жүйесі бар. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі сараптаманы басқаруды Бас сот-медициналық сарапшы арқылы жүзеге асырады. Сот-медициналық сараптама Орталығы ғылыми және әдістемелік жұмыстарды реттеп басқарады.

Республикалық, облыстық, қалалық сот-медициналық сараптама бюроларының филиалдары аймақтық сот-медициналық басқармалары болып табылады. Әр сот-медициналық сараптама бюросының құрамына сарапшы құқығына ие қалалық, аудандық сот-медицина сарапшылары кіреді. Олардың саны бір сарапшыға мың тұрғыннан бөлініп анықталады. Бюрода сот-медициналық сарапшылардан басқа биологтар, химиктер, физиктер және т. б. мамандар бар. Әрбір сот-медицина сараптамасы Бюросында:

  • тірі тұлғаларды сот-медициналық куәландыру бөлімі (сот-медициналық амбулатория) ;
  • сот-гистологиялық бөлімшесі бар мәйітті сот-медициналық зерттеу бөлімі (мәйітхана) ;
  • заттық дәлелдемелердің сот-медициналық зерттеу зертханасының келесідей бөлімшелері бар: сот-биологиялық, сот-химиялық, физика-техникалық.

Сот-медициналық сараптама Бюросының құрамы сот-медициналық зерттеу объектілерінің негізгі түрлеріне сәйкес келеді. Күрделі сараптамалар сот-медициналық сарапшылар Бюросы басшысының немесе оның сарапшы жұмысы жөніндегі орынбасарының басқаруымен жүргізілетін сарапшылар комиссиясы арқылы жүзеге асады.

Сот сарапшыларын дайындау және олардың дәрежелерін жоғарылату ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің дәрігерлер білімін жетілдіру институтында жүзеге асады.

Сот-медициналық сараптама ісін жүргізу және сот мекемелеріне арнайы мамандандырылған көмектен басқа денсаулық сақтау мекемелеріне тәжірибелік көмек те көрсетеді, олар науқастарға жүргізілетін емдердің сапасын жақсарту, ауруларды және өлімді азайту, тұргындар арасындағы жарақаттанудың алдын алу және медициналық қызметкерлердің кәсіптік қылмыс жасауының алдын алу шараларын жүргізеді.

4. Сот-медициналық сараптаманың процессуалдық негіздері

Сот-медициналық сараптамасы деп - тергеу барысында не қылмыстық немесе азаматтық істерді басты сот талқылауы процесінде пайда болатын тергеу органдарының қаулысымен, не болмаса соттың анықтауы бойынша медициналық және кейбір биологиялық сұрақтарға қорытынды беру үшін дәрігерлермен жүргізілетін ғылыми-тәжірибелік зерттеуді атайды.

Сот-медициналық сараптама олардың мазмұнын, тағайындау және өндіріс тәртібін анықтап беретін күші бар заң шығарушылық және заңға тәуелді актілерге сәйкес құрылады. Бұларға ҚР Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу, Азаматтық және Азаматтық іс жүргізу Кодекстерінің және де денсаулық сақтау Министрлігінің бұйрығымен бекітілген әдістемелік нұсқаулар мен ережелер, сілтемелер негіз болып табылады.

Сот-медициналық сараптама қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу және басты сот талқылауы кезінде медициналық, биологиялық және басқа сипаттағы арнайы білім қажет болған жағдайда тағайындалады. Мұндай сараптама сот - медициналық сараптама Бюросының дәрігерлері не болмаса анықтаушы, тергеуші, прокурордың қаулысы бойынша, не соттың анықтауымен басқа да қызметтегі лауазымды тұлғалары тарапынан жүргізіледі.

Тергеуші қаулы шығарып, онда: оның тағайындалуының негіздерін, сараптама жүргізетін мекеменің аты немесе сараптаманы жүргізуші сарапшының аты-жөнін; сарапшыға ұсынылатын материалдар, сот-дәрігер сарапшысының шешуге қажетті сұрақтары көрсетілуі тиіс.

Келесідей жағдайларда сот-медициналық сараптамасын міндетті түрде жүргізу қажет: өлімнің себебін, дене жарақаттарының сипатын, айыпталушының, сезіктігің және жәбірленушінің жасын анықтау үшін (бұл іске қатысты болып, ал, жасы туралы құжаттары жоқ болса) .

Сот-медицина сарапшысы болып, арнайы дайындығы бар дәрігер ғана тағайындалады.

Сарапшылар қатарына алынады:

  • сот-медициналық сараптама мекемесіндегі дәрігерлер мен басқа да мамандар (штаттық сарапшылар) .
  • сот-медицина кафедрасының профессорлары, доценттері мен оқытушылары.

Келесідей жағдайларда сарапшыға қарсылық білдіреді, егер де ол:

  • осы іс бойынша жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе осы істің куәсі болса;
  • осы істе анықтаушы, тергеуші айыптаушы немесе қорғаушы болып табылса;
  • жәбірленушінің, талапкер, жауапкер, айыпталушының туысы немесе айыптаушының, қорғаушының, тергеушінің, анықтаушының заңдық өкілі болса;
  • айыпталушыға, жәбірленушіге қызметтік немесе басқа да жағдайда бағынышты болса;
  • материалдары қылмыстық істі қозғау үшін негіз болған, осы іс бойынша тексеріс жүргізген болса;
  • құзыреттілігі жоқ болған жағдайда.

Сот-медициналық сараптаманы жүргізуді прокурор, сот, тергеуші өз қарастырулары бойынша қандай да бір анықталған сарапшыға немесе сараптау мекемесіне тапсыруына болады және де сот-медициналық сараптаманың қорытындылары заң алдында тең болып табылады.

Сот-медицина сарапшысы міндетті:

  • тергеушінің, прокурордың немесе соттың шақыртуы бойынша келуге;

- оның алдына қойылған сұрақтарға объективті сот-медициналық қорытынды беруге;

- сараптамаға қажетті материалдарды талап етуге;

- қорытынды беру қиын болса немесе мүмкін болмаса, егер де қойылған сұрақтар сарапшының арнайы білімінің шегінен шықса немесе алынған материалдар сот-медициналық қорытынды беруге жеткіліксіз болса, онда тағайындаған мекемеге жазбаша түрде хабарлауға тиісті;

Сот-медицина сарапшысы құқылы:

  • сараптаманың мақсаты мен міндетін білуге;
  • сараптаманы жүргізу үшін іс бойынша анық, қажетті сұрақтарды алуға:
  • қылмыстық іс материалдарымен танысуға;
  • қорытынды шығару үшін қосымша материал алу мақсатында өтініш жасауға;
  • жауап алу кезінде, басқа да тергеу және соттық іс-әрекеттерге қатысуға;
  • сараптамада қажетті мамандардың катысуы туралы (сот-медициналық қорытындыны бірлесіп шығару үшін) сот-медициналық сарапшы өз зерттеулерінде ҚР ДСМнің бекітілген арнайы ережелерінде және әдістемелік нұсқауларында көрсетілген немесе сот-медицинасы туралы оқулықтар мен қолжазбаларда көрсетілген әдістерді ғана қолдана алады.

Заңгерлер сот-медициналық сараптаманың түрлерімен таныс болуы тиіс. Сот-медициналық сараптаманы келесі түрлерге бөліп қарастырады:

  • алғашқы - субъектінің мәліметтерінің нәтижесі бойынша алғаш жүргізілген сот-медициналық зерттеуі;
  • қосымша - алғашқы сот-медициналық қорытынды жеткілікті түрде айқын болмаған немесе толық емес жағдайда туатын сұрақтарға жауап береді;
  • қайталама - алғашқы сараптаманың қорытындысы айқындалмаған жағдайда немесе күмәнді болған кезде жүргізіледі (ол басқа сарапшыға, не сарапшыларға тапсырылады) ;
  • комиссиялық - бірнеше дәрігер-мамандардың қатысуымен өтетін күрделі қылмыстық істер бойынша жүргізіледі (әдетте, кәсіптік қызметін бұзғаны үшін медицина қызметкерлерін қылмыстық жауапкершілікке тарту кезінде) ;
  • кешенді - ғылымның әр түрлі салаларындағы мамандардың қатысуын қарастырады (химиктердің, криминалистердің, психиатрлардың, хирургтардың, гинекологтардың) .

Тергеуші сараптама жүргізу кезінде қатысуға құқығы бар. Өз кезегінде сот-медициналық сарапшы тергеушінің рұқсатымен өзіне сот-медициналық қорытынды беруге қажетті, нақты ақпараттарды алу үшін жауап алу, оқиға болған жерді қарау, тергеу экспериментін жүргізуге қатысуға құқылы. Алдын ала тергеу кезінде сот-медицина сарапшылары (не басқа сала дәрігерлері) іс жүргізу әрекеттерінде мамандар ретінде қатыстырылуы мүмкін. Мысалы:

  • оқиға болған жерді қарау кезінде;
  • өлік табылған жерінде сыртқы қарауды жүргізу кезінде;
  • қылмыс жасады деп сезікті ретінде ұсталған тұлғаны куәландыру кезінде;
  • салыстырмалы зерттеу үшін қажетті үлгілерді алу мақсатында тінтуге қатысу (биологиялық немесе басқа) .

Сондай-ақ, сот-медициналық сараптама басты сот талқылауы кезінде тағайындалуы мүмкін (яғни, қылмыстық және азаматтық істерді қарау кезінде) . Осындай жағдайларда сот, әдетте алдын ала тергеуде қорытынды берген сот-медицина сарапшысын шақыртады, ал, ол келе алмай қалған жағдайда басқа сарапшы шақыртылады.

Сот отырысы кезінде сот-медицина сарапшысы сараптамаға қатысты іс жағдайын зерттеуге қатысады. Ол соттың рұқсатымен сотталушыға, жәбірленушіге, куәге сұрақ қоюға, заттай дәлелдемелер мен оқиға болған жерді қарауға катысуға, тергеу экспериментіне және де басқа сот-тергеу әрекеттеріне қатысуға, жәбірленуші не айыпталушыға қатысты қайталама сараптама жүргізуге, өлікті және заттай дәлелдемелерді қайта қарауға құқығы бар.

Сот-медицина сарапшысы өз қорытындысын жазбаша түрде ұсынып, сот отырысында хабарлайды. Сондай-ақ, оған өзі ұсынған сот-медициналық қорытындыдан, оны анықтау және толықтыру үшін сұрақтар қойылады.

Сот-медициналық сараптаманың негізгі құжаты - сот-медицина сарапшысының қорытындысы екенін ерекше атап өту қажет. Ол кіріспе, зерттеулік (сипаттамалы) бөлімдер мен қорытындыдан тұрады.

Кіріспе бөлімінде: қандай негізде сот-медициналық сараптама жүргізілді, қашан, қай жерде және кіммен (тегі, аты, әкесінің аты, білімі, мамандығы, оқу дәрежесі және ғылыми атағы, атқарып отырған лауазымы) жүргізілгені, сараптама жүргізу кезінде кімдердің қатысқаны, қандай материалдар қолданылғанын, 11 қандай зерттеулер жүргізілгенін, сарапшыға қандай сұрақтар қойылғаны көрсетіледі.

Зерттеу (сипаттау) бөлімінде - сот-медициналық сараптама объектілерін зерттеу кезінде сарапшының анықтаулары толық көрсетіледі (мәйіттің, киімнің заттай дәлелдемелері), осы кезде қандай әдістердің қолданылғаны көрсетіледі. Келесілерді бөліп көрсету қажет:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сот медицинасының түсінігі
Қазақстан Республикасындағы сот-медициналық сараптаманың жүйелі құрылуы
Кейбір жағдайларда өлікті қылмыс болған жерде тексеріп қарау
Сот медицинасы пәні және оның мазмұны
Сот медицинасы пәні. Сот медицинасының заңдық және ұйымдастыру негіздері
Бейбітшілік және соғыс уақыты кезіндегі төтенше жағдайларда тұрғындарға шұғыл медициналық көмекті ұйымдастыру
Бейбіт және соғыс уақыты кезіндегі ТЖ тұрғындарға шұғыл медициналық көмекті ұйымдастырудың негізгі принциптері
Эмпирикалық медицина және оның ерекшелігі
Анатомиялық элементтер мен белгілер
Қылмыстық іс жүргізудің түсінігі, мәні, міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz