Қазақстандағы валюта нарығының қалыптасу мәселелері



ЖОСПАР

Кіріспе 2

1 Қазақстан Республикасындағы валюта нарығының қалыптасу мәселелері 2
1.1 Валюталық нарықтар 2
1.2 Қазақстан Республикасының валюталық саясаты 8

Қорытынды 13

Пайданылған әдебиеттер 14
Кіріспе

Қазақстан егемендігін алғаннан кейін мемлекеттік тілдің қоғам дамуының әр түрлі салаларында - сыртқы дипломатиялық, ішкі әлеуметтік-экономикалық; педагогикалық, кәсіпкерлік және басқа көптеген салалар дамыды.
Соның ішінде ерекше орын алатын сала ол: "валюта саясаты".
Бұл жұмыста, ақша бағамынан бастап, Қазақстан Республикасындағы банктық реформалар, банктың қызметі мен операциаларының жаңа жағдайда өзгеруі, халықаралық валюталық -несиелік қатынастар, биржа ісі, т.б мәселелерді қамтиды.
Қазіргі Қазақстан экономикасы, соның ішінде несие - ақша және қаржы шаруашылығы: ақша-несие жүйесін реформалау; қатаң инфляция жағдайында бізде бұрын-соңды болмаған жаңа ақша-несие қатынастары; несие-қаржы институттарының жаңа түрлерінің пайда болуы; нарық экономикасымен және меншіктің көп түрлі формасына бейімделген екі буынды банктік жүйенің қалыптасуы; жоғары дәрежеде монополияланған мемлекеттік банктік құрылымдардың әкімшілік-әміршілдік басқару жүйесінен - пайда табуға, коммерциялық жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған жеке және ұжымдық меншікке негізделген несиелік мекемелерғе өту тәрізді бірқатар маңызды өзгерістерді жүзеге асыруда.
Бұл жағдайда отандық және шетелдік банктік тәжірбиені салыстырудың өзіндік мәні зор. Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды іске асыру үшін нарық экономикасы дамыған елдерде жинақталған ақша-несие қатынастары мен банк ісінің даму тәжірбиелерін қолдану қажет. Экономикалық жағдайлардың өзара салыстыруға келмейтіндігі себепті банктік технологиялар мен ақша-несие саясатының әдістерін көз жұма отырып, қаз-қалпында көшіріп алу мүмкін емес.
Ақша, несие, банктер - қазіргі өркениеттіліктің өзінен ажырағысыз белгілері, олардың қызметі қоғамдық өнімді өндіруді, бөлуді, айырбастауды және тұтынуды бір-бірінен бөлінбейтін үздіксіз процеске айналдырады. Оларды пайдаланбай ешбір шаруашылық субъектісінің ісі тынбайды, ал кез келген адам үнемі немесе анда-санда банк қызметін пайдаланады.
Пайданылған әдебиеттер

1. "Основы международных валютно-финансовых и кредитных отношений". СВ. Котелкин, Т.Г.Тумаров, А.В.Круглов. Москва. ИНФРА-М.1998
2. "Ақша, несие, банктер". Көшенова Б. Алматы. Экономика.
3. "Ақша, несие, банктер". Г.С. Сейтқасымов. Алматы. Экономика. 1999.
4. "Валютный рынок и валютные операции". К.Ж. Бертаева.
5. "Ақша айналысы және несие". С.Б. Мақыш. Алматы.Қазақ университеті. 2000.
6. Қазақстан Республикасының "Валюталық реттеу туралы" Заңы. 24 желтоқсан 1996.
7. "Международные валютно-кредитные отношения" Носкова И.Я.
8. "Финансовые и валютные операции" Носкова И.Я. Москва 1996.
9. "Актуальные проблемы международных валютно-кредитных отношений" Косарина, Москва 1986.
10. Ержов М.В. "Валюты в мировой торговле" Москва, 1992.
11 ."Международные валютно-финансовые организации" 1988.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
1 Қазақстан Республикасындағы валюта нарығының қалыптасу мәселелері 2
1.1 Валюталық нарықтар 2
1.2 Қазақстан Республикасының валюталық саясаты 8
Қорытынды 13
Пайданылған әдебиеттер 14

Кіріспе

Қазақстан егемендігін алғаннан кейін мемлекеттік тілдің қоғам дамуының
әр түрлі салаларында - сыртқы дипломатиялық, ішкі әлеуметтік-экономикалық;
педагогикалық, кәсіпкерлік және басқа көптеген салалар дамыды.
Соның ішінде ерекше орын алатын сала ол: "валюта саясаты".
Бұл жұмыста, ақша бағамынан бастап, Қазақстан Республикасындағы
банктық реформалар, банктың қызметі мен операциаларының жаңа жағдайда
өзгеруі, халықаралық валюталық -несиелік қатынастар, биржа ісі, т.б
мәселелерді қамтиды.
Қазіргі Қазақстан экономикасы, соның ішінде несие - ақша және қаржы
шаруашылығы: ақша-несие жүйесін реформалау; қатаң инфляция жағдайында бізде
бұрын-соңды болмаған жаңа ақша-несие қатынастары; несие-қаржы
институттарының жаңа түрлерінің пайда болуы; нарық экономикасымен және
меншіктің көп түрлі формасына бейімделген екі буынды банктік жүйенің
қалыптасуы; жоғары дәрежеде монополияланған мемлекеттік банктік
құрылымдардың әкімшілік-әміршілдік басқару жүйесінен - пайда табуға,
коммерциялық жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған жеке және ұжымдық
меншікке негізделген несиелік мекемелерғе өту тәрізді бірқатар маңызды
өзгерістерді жүзеге асыруда.
Бұл жағдайда отандық және шетелдік банктік тәжірбиені салыстырудың
өзіндік мәні зор. Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды іске
асыру үшін нарық экономикасы дамыған елдерде жинақталған ақша-несие
қатынастары мен банк ісінің даму тәжірбиелерін қолдану қажет. Экономикалық
жағдайлардың өзара салыстыруға келмейтіндігі себепті банктік технологиялар
мен ақша-несие саясатының әдістерін көз жұма отырып, қаз-қалпында көшіріп
алу мүмкін емес.
Ақша, несие, банктер - қазіргі өркениеттіліктің өзінен ажырағысыз
белгілері, олардың қызметі қоғамдық өнімді өндіруді, бөлуді, айырбастауды
және тұтынуды бір-бірінен бөлінбейтін үздіксіз процеске айналдырады. Оларды
пайдаланбай ешбір шаруашылық субъектісінің ісі тынбайды, ал кез келген адам
үнемі немесе анда-санда банк қызметін пайдаланады.

1 Қазақстан Республикасындағы валюта нарығының қалыптасу мәселелері

1.1 Валюталық нарықтар

Валюталық нарық қаржы нарығының құрамдас бөлігі болып табылады.
Валюталық нарық – бұл шетел валюталары мен шетел валютасындағы бағалы
қағаздарды сату және сатып алу операциялары жүзеге асырылатын арнайы
орталық болып табылады.
Валюталық операциялардың көлемі, сипатына және пайдаланатын санына
қарай байланысты валюталық нарықтар үшке бөлінеді.
халықаралық;
аумақтық;
ұлттық (жергілікті)
Халықаралық валюталық нарықтар ірі дүниежүзілік қаржы орталықтарында
орналасқан. Оның ішінде, Нью-Йорктегі, Майндағы Франкфуртта, Париждегі,
Цюрихтегі, Токиодағы, Сингапурдағы, Гонконгтағы ірі валюталық нарықтарды
халықаралық төлем айналымында кеңінен пайдаланылатын валюталар ұлттық
валюталық нарықтарда белгілі бір еркін алмастырылады, мысалы: Сингапур -
доллары, Сауд-риалы, Кувейт - динары т.б. орналасқан банктер өз
клиенттеріне валюталық қызметін түсіндіреді.
Валюталық нарықтағы операцияларға банктер функциональдық көзқараспен
қарасақ, валюталық нарық — халықаралық есеп айырысу, валюталық
интервенциялау, пайда табуды қамтамасыз ететін валюталық операциялардың
жиынтығын білдіреді.
Институционалдық жағынан қарасақ, валюталық нарық - Үкіметтің,
банктердің, инвестициялық компаниялардың биржалардың брокерлік
конторалардың және шетелдік банктердің жиынтығы.
Ұйымдастырылу-техникалық жағынан алсақ, валюталық нарық -банктерді
халықаралық есеп айырысу барысында өзара байланыстыратын басқа да
коммуникациялық жүйелер жиынтығын білдіреді.
Валюталық нарықты белгілеріне қарай келесідей түрде жіктеледі:
1. Орналасу аумағына қарай:
• халықаралық;
• ішкі;
• аумақтық;
2. Валюталық шектеуге қатысты:
• еркін нарық;
• еркін емес.
Валюталық шектеу қойылған валюталық нарықты - еркін емес нарық деп, ал
валюталық шектеу қойылмаған жағдайда оларды еркін валюталық нарық деп
атауға болады.
3. Валюталық бағамның қолданылу түріне қарай:
• бір ғана режимді;
• қос режимді.
Валюталық нарықтар уақтылы есеп айырысуларды жүзеге асыруды, валюталық
қаражаттарды біршама тиімді пайдалануын, валюталық операцияларға
қатысушылардың валюталық бағамдар айырмасы түрінде пайда алуын, валюталық
тәуекелдерді сақтандыруды, валюталық бағамдарды реттеуді, валюталық
саясатты жүргізуді қамтамасыз ете отырып, ішкі және халықаралық төлем
айналымына қызмет етеді.
Халықаралық есеп айырысудың өзіндік ерекшелігі барлық елдер үшін
жалпыға бірдей қабылданған төлем құралының болмауында. Сондықтан да сыртқы
сауда, көрсетілген қызметтер, несиелер, инвестициялар, мемлекетаралық
төлемдер бойынша есеп айырысудың қажетті шарты сатып алу-сату формасында
бір валютаны екінші біріне айырбастау болып табылады.
Валюталық нарықтарда шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныс ең
алдымен сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін валюталық түсім
алған экспортерлардан; сатып алған тауарлары мен көлік және кеме
компанияларынан алынған қызметтері үшін төлемдері төлеуде импорттерден;
сондай-ақ көрсеткен қызметтері үшін фрахты, сақтандыру сыйақысы, брокерлік
және банктік комиссия түрінде валюталар алатын сақтандыру қағамдары мен
банктерден; дивиденд төлеуге, займды, несиені және оған есептелген пайызды
және т.б. қайтаруға міндеттемесі бар заңды және жеке тұлғалардан туындайды.
Сонымен, валюталық нарықтарда валюталық операцияларды жүргізуге
халықаралық сауда мен оған байланысты көрсетілген қызметтер және
халықаралық капиталдар мен несиелер қозғалысы негіз болып табылады.
Валюталық нарықтар – сұраныс пен ұсыныс негізінде ондағы айналатын
валюталарға сауда-саттық жүргізілетін ресми орталықты сипаттайды. Қазіргі
валюталық нарықтарда мынадай ағымдарды бөліп қарауға болады:
• шаруашылық байланыстардың интернационалдануы негізінде нарықтардың
интернационалдануының күшеюі;
• байланыстың жаңа жүйелерін пайдалану;
• әлемнің барлық бөліктеріне тәулік ішінде үздіксіз операцияларды
жасау;
• банктердің корреспонденттік шоттары бойынша жазбаша түрде
негізделетін валюталық операцияларды жүргізу техникасын біртұтастандыру;
• коммерциялық валюталық мәмілелермен салыстырғанда алыпсатарлық және
арбитраждық валюталық мәмілелер көлемін ұлғайту.
Валюталық операциялардың көлеміне, сипатына және пайдаланылатын
валюталар тобына қарай қазіргі валюталық нарықтар халықаралық, аймақтық
және ұлттық (жергілікті) болып бөлінеді.
Халықаралық валюталық нарықтар ірі дүниежүзілік қаржы орталықтарында
шоғырланған. Олардың ішінде: Лондондағы, Нью-Йорктегі, Майндағы
Франкфуртте, Париждегі, Цюрихте, Токио, Сингапурдағы, Гонконгтағы валюталық
нарықтарды бөліп айтуға болады. Бұл нарықтарды халықаралық төлем
айналымында кеңінен қолданылатын валюталармен операциялар жүзеге асырылады.
Аймақтық және жергілікті нарықтарда белгілі бір конвертацияланатын
валюталармен операциялар жүргізіледі. Оның қатарында Сингапур доллары, сауд
риалы, кувейт динары және т.б.
Ұлттық валюталық нарықтар деп, ережеге сәйкес, халықаралық
операцияларды жүргізуге маманданбаған, өз клиенттеріне (олардың қатарында
компаниялар, жеке тұлғалар және банктер болуы мүмкін) валюта бойынша қызмет
көрсететін сол елдің аумағында орналасқан банктердің жүзеге асыратын
операцияларының жиынтығын айтады. Сонымен қатар, ішкі ұлттық нарықтағы
операцияларға жекелеген компаниялар арасында жасалатын операцияларды, жеке
тұлғалар арасындағы операцияларды, сондай-ақ валюта биржасында жүргізілетін
операцияларды жатқызады. Жоғарыда келтірілген сипаттамаға қарап,
Қазақстанда ұлттық нарықтың жұмыс жасайтынын айтуға болады.
Сол немесе басқа елдің ішкі валююталық заңдылықтарының
ырықтандырылуына байланысты ресми валюталық нарық "көлеңкелі нарықпен"
толықтырылуы мүмкін. "Көлеңкелі нарықтың" болуы барлық ТМД елдеріне тән
сипат. Қазақстанда Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің жүргізетін
саясаты, айырбас орындарының көптеп ашылуы пайда массасын өсіру үшін
банктер арасында бәсекені ұлғайта отырып, "көше" нарықтарында валютамен
сауданы азайтуға және соның нәтижесінде "көлеңкелі нарықтың" әрекет ету
аясының қысқаруына әкелді.
Институциональдық көзқараспен қарағанда, валюталық нарық банктер,
банкирлер үйін, брокерлік фирма және ірі корпорациялардың жиынтығын
білдіреді.
Қалған банктер мен блокерлік фирмалар өздерінің валюталық
операцияларының ірі коммерциялық банктердің жетекшілік етуімен, ережеге
сәйкес олардың қарамағында жүзеге асырады. Валюталық нарықтардағы валюталық
мәлімелердің 95 пайызға дейіні банктермен брокерлік фирмалардың үлесіне
келеді. Мұндай сызба, валюталық нарықты банк аралық нарық тәрізді
сипаттауға мүмкіндік береді.
Валюталық операцияларды жүргізуге құқылы банктер өкілетті немесе
девиздік банктер деп аталады.
Девиздік банктердің валюталық нарықтарғы операцияларға қатысу дәрежесі
көп факторларға: банк шамасына, оның беделіне, шетелдік бөлімдер және
филиалдар тораптарының даму дәрежесіне, жүргізілетін халықаралық есеп
айырысулар көлеміне, телекс, телефон және тағы басқа байланыс жүйелерінің
жағдайына, банк саясатына байланысты.
Әдетте, валюталық операциялар банктер арасында тікелей жүргізіледі
(телекс немесе телефон бойынша), бірақ кейбір елдерде (Скандинавия елінде)
Орталық банк өкілдерінің валюталық нарыққа қатысушыларымен кездесетін
валюталық биржалар сақталған. Мұндай жағдай Қазақстан Республикасында да
әрекет етеді, яғни Қазақстан қор биржасында аптасына 2 рет валютамен сауда
жүргізеді.
Нарықты қатысушы барлық мүшелерін екі негізгі топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа пассивті қатысушылар, яғни оларда валюталық операциялар
жүргізу қажеттілігі әр кездерде туындайды да, баға белгіленімін білу үшін
олар басқа банктерге өтініш жасайды (маркет-юзерлер). Активті қатысушылар
өздеріне баға белгіленімін білуге өтініш жасайтын банктер үшін бағаны
белгілейді (маркер-мэйкерлер). Осы қатысушылар арасында ілімнің барлық
жерлеріне таралған бөлімше тораптары және үлкен дилерлер штаты бар. 20-ға
жуық банктер ерекше бөлінеді. Бұл банктер 100 млн. АҚШ долларындағы ірі
сомаға мәміле жасай отырып, валюталық нарыққа маңызды ықпал етеді.
Дүниежүзінің тек өте ірі банктерінде валюталық департаменттер және
валюталық операциялармен айналысатын білікті дилерлер бар. Өз клиенттерінің
тапсырмаларын ғана орындайтын және валюталық операцияларды өз қаражаттары
есебінен жүргізбейтін, халықаралық валюталық нарықта жұмыс жасайтын
банктерге, өздерінің клиенттері мен банк арасындағы делдалдық рольді
жетістіктермен атқару үшін, валюталық операциялар туралы жалпы түсінігі бар
банктік қызметкер болса жеткілікті. Мысалға, 2000-ға жуық бөлімшелері мен
кеңсесі бар, бірақта үш бөлімінде ғана (Майндағы Франкфуртте, Дюсельдорфта
және Гамбургте) халықаралық банк аралық валюталық нарықта операциялар
жүргізетін валюталық департаменті бар Германияның ірі коммерциялық банкі -
Дойче Банкті алуға болады. Қалған бөлімшелері валюталық операцияларды
шектеулі сомалар бойынша, Дойче Банктің үш бөлімшесінің бірінің Сименс
каналы арқылы берілетін бағамдар бойынша жүргізе алады.
Банктердің басқа да топтары ірі, бірақ азырақ диверсификацияланған
банктер болып табылады. Әдетте, олар бір, екі-үш валюталармен операциялар
жүзгізуге маманданады және стандартты сомаларға баға қояды. Күнделікте
жұмыстарында бұл банктер брокерлік фирмалардың қызметтерін пайдаланады.
Брокерлік фирмалар 30 пайызға жуық валюталық операцияларға қызмет
етеді және сол банкпен жұмыс жасайтын нақты брокер тұлғасында, екі банкінің
арасында – валюталарды сатушы және сатып алушы банктер арасында делдал
ролінде де жүреді.
Брокерлер делдал ретінде бола отырып клиенттерден брокерлік
комиссиялық ақы алады (брокер арқылы сатылған немесе сатып алынған әрбір
миллион доллар үшін 20 АҚШ доллары), ол төлемді халықаралық тәжірибедегідей
сатып алушымен сатушы тең бөледі және онда котировка қосылмайды, әр ай
сайын тікелей брокерге төленіп отырады.
Брокер мәміле жасайтын және баға белгілейтін өзінің банк-клиенттеріне
толық тәуелді. Брокер арқылы жұмыс істеудің айтарлықтай артықшылығы
мыналар: котировка процесінің үздіксіздігі және брокер белгілейтін кез-
келген бағамен мәміле жасау мүмкіндігі, мәміле жасағандығы құпиялық және өз
бағасын ұсыну мүмкіндігі. Дилер мен брокердің арасындағы іскерлік
ынтымақтастық тек өзара түсіністік, сенім және сыйластық болғанда ғана
мүмкін және ол тығыз өзара қатынас негізінде қалыптасады.
Банктердің валютамен жасалатын операциялары клиенттердің есебінен де,
сондай-ақ өздерінің есебінен де жүзеге асырылады.
Шетел валютасы халықаралық төлем айналымында әдетте ақшалай белгілер
түрінде болмайды, ол банктік және несиелік айналыс құралдары формасында -
шетел валютасына сәйкес телеграфтық және пошталық аударым, чек, тратта
түрінде болады.
Аударым - бұл басқа елдегі банк-корреспондентіне өзінің клинентінің
өтініші бойынша және оның есебінен телеграфтық немесе пошталық аударым
негізінде белгілі бір ақша сомасын шетелдік алушыға (бенефициарға) төлеу
туралы банктің бұйрығы. Аударым барысында банк екі операцияны бір уақытта
жүзеге асырады: өз клиентіне ұлттық валютаға шетел валютасын сатады және
шетел валютасын шетелге аударады. Бұл жерде телеграфтық аударым жасау
барысында есеп айырысуды жеделдетеді және арнайы код қолдану арқылы
қорғауға кепіл береді.
Банктік чек – шетелдік банк-корреспондентке чекті ұстаушының ағымдық
шотынан белгілі бір ақша сомасын төлеу туралы банктің жазбаша. Экспортер,
ондай чекті ала отырып, оны өзінің банкіне сатады.
Банктік вексель – осы елдің банкінің шетелдік банк-корреспондентке
берген траттасы (аудармалы векселі). Импортерлер өздерінің банктерінен бұл
вексельді сатып алады және оны олардың экспортерлеріне жіберу арқылы
өздерінің борыштық міндеттемесін өтейді. Ал осы елдің банкінің міндеттемесі
мерзімі жеткенде вексельді төлеуді өзінің корреспондентінің шотын қажетті
валюталық қаражаттарымен қамтамасыз ету болып табылады.
Бұл жерде чектер мен тратталарды тек қана банктер емес, сондай-ақ
сауда және өнеркәсіптік фирмалардың, жеке тұлғалардың бере алатынын да есте
сақтау қажет.
Несиелік айналыс құралдары халықаралық төлем айналымынан алтын мен
шетел валюталарын ығыстырып, әр түрлі елдердің банктері арасында
корреспонденттік қатынастардың дамуына және шетел валютасында ағымдағы
корреспонденттік шоттарды жүргізу тәжірибелерінің таралуына қатты ықпал
етті. Бұл өз кезегінде операцияларды қолма-қолсыз түрде жүргізуге, есеп
айырысуларды жеделдетуге және айналыс шығынын азайтуға мүмкіндік жасайды.
Халықаралық есеп айырысулардың сызбалы механизмін былай беруге болады:
тауарды экспорттаушы сатқан тауары үшін импорттаушыдан алған шетел
валютасына жататын чек, аударым және басқа да төлем құжаттарын өз еліңде
коммерциялық банкіге сата отырып, оның орнына экспорттық өндіріс үшін
ұлттық валютаны алады. Коммерциялық банк өзінің шетелдегі банк-
корреспондентіне бұл төлем құжаттарды жібереді де төлеушілер мен борыш
қорлардан, жіберілген құжаттар бойынша валюталық қаражаттарды төлеуін талап
етеді. Алынған шетел валютасындағы соманы шетел банкі экспортер банкінің
корреспонденттік шотына түседі. Халықаралық есеп айырысулардың осындай
механизмі қолма-қол ақшаны пайдаланусыз, қарама-қарсы талаптарды өзара
есепке алу жолымен банк-корреспонденттер арқылы сыртқы экономикалық
операциялары бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы валюта нарығының ерекшелігі халықаралық рынокқа
шығу мәселесі тұрды. Қазақстанның халаыққаралық рынокқа шығуына кедергі
болып тұрған кедергілердің негізгісі теңге конвертациялануы мәселесі. Шын
мәнісінде қазақстандық теңге, бір қатар валюталық шектеулері бар
болғанымен, жартылай конвертацияланатын валюта болып табылады. Тек осы бір
себептен ғана Қазақстандық әлемдік валюта нарығының толық құқықты
қатысушысы бола алмайды.
Қазақстан валюта рыногі әлі құрылған жоқ, ол әлі қалыптасу сатысында.
Қазақстандық рынок мөлшерінің кішілігіне байланысты кез келген үлкен қаржы
институты (оның ішінде шетелдік те) өзіне пайдалы екенін көрсе, кішкене
ғана сілкініс тудыруға мүмкіншілігі бар. Коммерциялық банктермен сыртқы
қарыздарды өтеу кезеңінде нарықтан маңызды валюталық қаражаттың алынуы іске
асады. Бұл теңге бағамында шағын көрінісін табады. Валюталық заңдар толық
емес және қайшылыққа толы. Отандық валюталық рыноктің ерекшелігі, оның
пайда болу кезінде Үкімет теңгенің ішкі конвертациялануын енгізу жолына
тұрды. Валютаны еркін сату-сатып алу жылдам отандық экономиканың
долларлануына алып келді. Оның деңгейі төмендемейді, керісінше өсуде.
2003 жылдың аяғына ел ішінде айналымда жүрген шетел валютасының көлемі
Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметі бойынша 270 млрд. теңгеге жуық ақша
массасынан асып түсті. Шынында теңгенің ел ішіндегі маңызды функцияларын
шетел валютасы атқарады. Көптеген тауарлар мен қызметтердің құны долларлық
бағалармен көрсетілген: тұрғын үй, автомобиль, жиһаз, т.б.
Қазақстандық теңгенің әлсіздігі келесілермен шартталған, үкіметтің
қатаң ақша саясаты әсерінен экономика ақша суррогаттары көбейіп,
векселдерге, қазыналық міндеттемелерге және басқа да псевдоақша түрлеріне
толып кетті. Жалпы көлемі қазіргі уақытта теңгенің ақша массасымен
салыстырарлықтай. Қазақстан Ұлттық банкі теңгенің долларға қатынасындағы
бағамы өзгеруінің шектерін белгілеуін тиіс. Былайша айтқанда "валюталық
коридор". Бұл елде теңгенің долларға қатынасындағы бағамын қуаттап тұратын
механизм құрылған деген мағына береді. Белгілі уақыт аралығында Ұлттық банк
оны жетілдіріп тұрады.
Ішкі рынокта қатты валютаның барлық түрімен дерлік операциялар іске
асады. Бірақта операциялардың басым көпшілігі АҚШ долларымен жасалады,
басқа валюталардың үлесі аз. Валютаның ішкі конвертациялануы бірқатар
валюталық шектеулермен сай келеді. Мысалы, жеке тұлғалардың валюта сатып
алуына салық, валютаны шетелге шығаруды шектеу және т.б.
Қазақстанның халықаралық валюта нарығына толықтай қатысуы, ең сорақы
валюталық шектеулерді жою мен теңгенің сыртқы конвертациялануын енгізуді
болжайды. Теңгенің толық конвертациялануына өту Қазақстан Республикасы
Үкіметінің халықаралық валюта-қаржы және несие қатынастары саласындағы
стратегиялық міндеті болып табылады. Бұған жетудің маңызды сатысы – ТМД
елдерінің валюта одағының құрылуы.
Қазақстанның Халықаралық Валюта Қорына енуі, оның жақын және алыс шет
елдермен макроэкономикалық қатынастарының айтарлықтай өзгергенін білдіреді.
Біріншіден, жақын шет елдермен қатынаста валюта одағын қалыптастыру мақсаты
жеңілдей түседі. Бұл салада Қазақстан, Ресей, Белоруссия және Қырғызстан
ұлттық валюталарының толық конвертациялануы негізінде валюталық одақ құру
әбден мүмкін. Ағымдағы операциялар бойынша валюталық шектеулердің
сақталуымен бөлек топталу шектерінде валюталардың толық конвертациялануының
енгізілуі Халықаралық валюта қорының уставына қарсы келмейді және валюталық
саясатты тең құқықтан айыру жайлы жағдайға түседі.
Екіншіден, қазақстандық фирмалардың халықаралық келісімдер бойынша
төлемдер мен есеп айырысуларды іске асырудың мүмкіндіктері кеңейе түседі.
Оларда экспорттық пайданы теңгеге сатудың керегі болмайды, яғни, импорттық
жеткізулерге шетел валютасын сатып алумен байланысты ешқандай қиындық
тумайды.
Үшіншіден, халықаралық есеп айырысу құралы, қаражаты есебінде теңгені
қолданудың жаңа мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл шарттармен шетелдік фирмалар-
резидент еместер өздерінің қазақстандық әріптестерімен есеп айырысуда
теңгені еркін қолдана алады. Сонымен қатар олар Қазақстанның ішкі валюта
нарығында кез келген тұрақты валютаны теңгеге сатып алу құқығына ие болды.
Төртіншіден, Қазақстанның Халықаралық валюта қорына мүше болуы
инвестиция құйылымының кеңею жағынан өте маңызды. Валюталық шектеулердің
жойылуы, шетелдік инвесторлардың капитал салудан түскен пайдасын сыртқа
шығару құқығын заң жүзінде мойындау болып табылады.
Берілген жоспарлардың іске асуы, қазақстандық теңгенің халықаралық
статусының көтерілгенін білдіретін болады, оның толық конвертациялануына
жетуінің маңызды жылжуы, ал елдің валюта рыногі өзінің көрсеткіштерімен
халықаралық стандартқа жақындай түседі. Бірақ та валютаның толық
конвертациялануы заң актілерімен жасалмайды. Ол – ел экономикасының табиғи
дамуының нәтижесі. Егер елдің экономикалық жағдайын ескерсек қазақстандық
теңгенің конвертациялануы жайлы мәселенің жақын арада шешіле қоймайды.
Тәжірибе көрсеткендей дамыған елдердің өзінде өз валюталарының шектелгеннен
толық конвертациялануына өтуіне бірнеше онжылдықтар кеткен.
Қазақстандық теңгенің конвертациялануының қазіргі деңгейі, елдің
әлемдік валюта рыногіндегі операцияларға толық құқықты қатысуын қамтамасыз
ете алмайды. Халықаралық қаржы-валюта және несиелік қатынастар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Дүниежүзілік валюталық жүйе
Халықаралық валюталық өтімділік
Қаржы нарығы жайлы
Қаржы нарығы туралы ұғым және оның құрылымы
Банк шығаратын бағалы қағаздар есебі
Экономикалық факторлар тербелістерінің қаржы нарығына әсерін бағалаудың теориялық негіздері
Қазақстанда қор биржасының дамуы
ҚР валютасы және оны тұрақтандыру мәселелері
Қаржы нарығының теориялық негiздерi және оның ұғымы
Пәндер