Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың өмірі мен қызметі


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

РЕФЕРАТ

Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың өмірі мен қызметі

Кіріспе

1822 жылы Қазақстанның солтүстік-шығыс аудандарында тұңғыш рет «Сібір қазақстары жөнінде Устав» еңгізілді. Бұл заңның авторы М. М. Сперанский Уставты дайындай отырып, қазақтардың тұрмыс жағдайларына лайықтап өз алдына бөлек ережелер жасап шығарды.

Уставты қабылдағаннан кейін Қазақстанның солтүстік-шығыс аудандарында сібір қазақтарының Шекаралық басқармасы құрылып, қазіргі Қарағанды, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Семей, Шығыс Қазақстан облыстары мен Қостанай облысының кейбір өңірлеріндегі қазақстар осы басқармаға бағындырылды. Омбы қаласы осынау ұлан-байтақ өлкенің әкімшілік орталығы болып белгеленді. Шекаралық басқарманың ұйымдастырылуы мен бірге қазақ сахарасында бірте-бірте округтік приказдар, яғни жергілікті әкімшілік орталықтары құрыла бастады, оларды аға сұлтандар - қазақтың феодалдық бай-шонжарларының өкілдері басқарды. Бұл округтік приказдардың көпшілігі кейіннен мәдени және сауда орталықтарна айналды.

1854 жылы солтүстік-шығыс қазақтарының жергілікті өзін-өзі басқару орындары жойылып, сахаралық округтер орасан зор екі облысқа бөлінді: бірі - Сібір қазақтарының облысы ретінде құрылып, оның орталығы Омбы қаласы болды да, Семей облысы деп аталған екінші облыстың орталығы - Семей қаласы болып белгіленді.

Шоқан Уәлихановтың қоғамдық-тарихи майданда көріне бастаған дәуірі қазақ халқының тарихындағы маңызды кезең, қазақ халқының ұлы орыс халқымен және оның алдыңғы қатарлы демократияшыл мәдениетімен жақындасу дәуірі еді. Бұл жақындасу қазақ халқының экономикасы мәдениетінінің дамуына даңғыл жол ашты.

Шоқан Уәлиханов сияқты жан-жақты және терең білімді, алдыңғы қатарлы адамның тарихи майданға шығуы тек осы екі халықтың арасындағы экономикалық және мәдени қарым-қатынастардың нәтижесінде ғана мүмкін еді.

Шоқан Уәлихановты география саласындағы саяхатшы әрі географ-ғалым ретінде ерекше тұрғыдан қарауымыздың өзіндік себептері бар. Шындығында да, біз басқа зерттеушілердің қызметін сөз еткенде олардың Қазақстан аумағының белгілі бір бөліктерін ғана географиялық жағынан танып білу ісіне қосқан үлесін баяндаумен шектесек, ал Ш. Уәлихановқа жалпы мағынасындағы аса зерделі, тұңғыш отандық географ-саяхатшы ретінде қараймыз.

Жүріп өткен жерлерінің зерттеу деңгейіне және олардың танып білуге қолайлығына қарай Шоқан өз саяхаттарын екі кезеңге бөледі: бірінші кезең Жоңғарды аралап, Жетісу, Іле өлкесі арқылы Ыстықкөлге барған жолды қамтиды.

«Менің саяхатымның екінші кезеңі Сырдария өзенінің негізгі саласы болып табылатын Нарын өзенінің жоғарғы сағасынан басталады. Бұл ара осы меридианда Семенов сапарының ең шырқау шегі. Одан әрі менің алдымда әлі зерттелмеген, адам аяғы баспаған мүлде меңіреу өңір жатты», - деп жазды. Шоқан Уәлихановтың бұл кезеңі жемісті әрі географиялық жаңалықтар ашты.

Шоқан Уәлиханов (дұрыс есімі - Мұхамед-Қанапия, ал Шоқан - анасының еркелетіп қойған аты) 1835 жылы ноябрь айында Құсмұрын бекінісінде туған. Бұл деректің растығын СССР сыртқы істер министрлігінің архивындағы Шоқан Уәлихановтың қызметі жөніндегі формулярлық тізім дәлелдейді. Нақ осы дерек басқа ресми документтерде де кезедеседі. Мысалы, Шоқан Уәлихановты Орыстың географиялық қоғамының толық мүшесі етіп сайларда толтырылған анкеталық мәліметтерде 1835 жылы туған деп көрсетілген.

Шоқан балалық шағын әуелі Құсмұрында, содан кейін өзінің ата мекені - Сырымбетте өткізген. Сырымбет Солтүстік Қазақстандағы тарихи аңызға айналған ғажайып сұлу өңір.

Шоқан өте ширақ әрі ақылды бала болған. Оның балалық шағы сахарада, өзінің өткендегі ерлік істері жайлы көптеген аңыздарды есінде сақтап отырған халықтың арасында өтеді, сөйтіп сезімтал бала тарихи аңыздарға жастайынан құлақ қойып, халықтың қалың ортасынан шыққан адамдармен араласуға, қарапайым адамдардың өлең-жырлары мен әңгімелерін тыңдауға құштар боп өседі.

Шоқан әуелі Құсмұрындағы қазақ мектебінде оқиды. Мұнда ол араб жазуының негіздерін меңгереді және қарындашпен сурет салып үйренеді. Бұл схолистикалық мектепте тек шағатай тіліндегі орта ғасырлық әдебиет мұраларын оқумен, араб және парсы тілдерінде сөйлеп жаттығу және шығыс ақындарының өлеңдерін тақпақтап жатқа айтумен ғана айналысқан.

Шоқанның бала кезіндегі қатты құмартқан өнерінің бірі сурет салу еді. Бұл өнерді ол Құсмұрын бекінісіндегі Уәлихановтардың үйінде ұзақ тұрған орыстың суретші-топографтары мен геодезистерінен үйренеді. Оның үстіне Уәлихановьардың ауылына жиі-жиі қонаққа келіп жүрген орыс ғалымдары, инженерлер мен білімді офицерлер де қабілетті баланы көркемөнер мен әдебиетке құштарландыра түседі.

Жас Шоқан сұңқар салып, саяхаттық құруға өте құмар болған. Сахарада саяхаттап ұзақ жүру оның дағдысына айналған. Шексіз де шетсіз кең жазира, жасыл орман, өзен алабының қалың тоғайлары мен биік құздарды тамашалып, Шоқан өзінің туған елінің сұлу табиғатынан үлкен ләззат алған. Сонау бала кезінің өзінде-ақ ол Ақмола мен Баянауыл сахараларын аралап, Баянауыл тауларының маңындағы нағашыларына жиі барып, қонақ боп жүреді. Бұл сапарларынан алған әсерлері Уәлихановтың көпке дейін есінен кетпейді және сондағы көрген-білгендерін кейін кадет корпусының шәкірті болған кезде өзінің досы Г. Н. Потанинге әңгімелеп берген.

1847 жылы күзінде он екі жасар Шоқан туған елінен тұңғыш реет ұзақ сапар шегіп, әкесімен бірге Омбыға оқуға келеді. Шыңғыс өзінің орыс достарының көмегімен баласын Сібірдің сол кездегі ең жақсы оқы орыны деп саналатын Сібір кадет корпусына оқуға түсіреді.

Үлкен қала, байтақ өлкенің орталығы ауылдан жаңада ғана келген зерделі балаға күшті әсер етеді. Шоқан Омбының әсем көріністеріне қатты қызығып, солардың суретін сала бастайды.

Сібір кадет корпусы 1845 жылы сібір линиялық казактарының әскери училищесі негізінде құрылған және сол кездегі ең жақсы оқу орындарының бірі деп саналған. Декабрист И. Завалишиннің берген бағасы бойынша ол «ағарту ісі мен патриотизм ордасы» болған.

Шоқан кадет корпусына келгенде орыс тілін білмейтін, бірақ сирек кездесетін қабілетінің арқасында осы қиыншылықты тез жеңіп шықты. Ол үздік оқыды, тіпті өз құрдастарының алдына түсті. «Шоқан тез кемелденді, - деп еске алды оның мектептес досы Г. Н. Потанин - өзінің орыс жолдастарын басып озды. Оған көп адам ден қойып, зер салды, оның қабілеттілігі сондай, тіпті оқу орнына түсуден бұрын-ақ сурет сала бастаған еді».

Еңбеккерлігімен және жеке басының жоғары моральдық қасиеттерімен ұштасқан жас Шоқанның терең білімі, әдеттен тыс зеректігі корпустың көптеген оқытушыларын таңдандырды. Шоқанның ерекше қабілеті әсіресе тарихты, география және шығыс филологиясын оқып-үйрену тұсында айқын көрінді және осы қасиеттерінің арқасында ол жұрттың назарын өзіне аударды.

Арада екі-үш жыл өткеннен кейін Шоқан тек өз класының алды ғана болмай, тіпті жоғары класс оқушыларын да өзінің зеректігімен басып озды.

Шоқан туған еліне творчесволық жемісті еңбек етуді аңсады.

Ақыры ол осындай мүмкіндікке ие болды. Бұл сол кезде Қазақстанда Ұлы жүз қазақтары мен Ыстықкөл қырғыздарының Россияға өз Еркімен қосылуы нәтижесінде туған тарихи жағдайдың өзгешелігіне байланысты еді. Баршаға аян, Ұлы жүз қазақтары ХІХ ғасырдағы 40 жылдардың басында - Россияның мәңгі боданы болуға ант берді және осыған байланысты 1845 жылы жаңа Қапал қамалы салынды. Верный бекінісі ол кезде жоқ еді. Іле өлкесінде, Тянь-Шань тауында, сол секілді Шу алқабында атқарылуға тиісті үлкен де күрделіжұмыс тұрды. Мұнда Қоқан хандығының ықпалы әлі күшті еді, бұны Жетісу шонжары Тойшыбектің сөздерінен аңғаруға болады * . Оған Шоқан Уәлиханов жетекші роль атқарды.

Дегенмен жергілікті халықтың арасынан шыққан білімді адамдарға патша әкімшілігі өте зәру болды. Бұл жөнінде Шоқан Уәлиханов таптырмайтын адам еді. Жастығына қарамастан (18 жасар) ол қазақ халқының тұрмысын, әдет-ғұрпын, рухани және материалдық байлығын тамаша білетін, бірқатар шығыс тілдерін үйренген. Аталған себептер арқасында Шоқан осы маңызды міндетті орындауға тартылды.

1856 жылы Уәлихановтың ғылыми еңбегінің дамып, өркендей беруіне кең өріс ашылады. Ол Хометовский деген білімді офицердің басшылығымен ұйымдастырылған үлкен әскери-ғылыми экспедицияға қатысады. Экспедицияның мақсаты қырғыз халқымен танысу және Ыстықкөл алабын картаға түсіріп алу еді. «Бұл экспедицияға қатысуымыз үлкен абырой болды. Сөйтіп, Алатау қырғыздарының арасындағы екі ай жүріп, көбінесе солардың аңыздары мен тілін зерттеп, әрқилы пайдалы мәліметтер жинап алдық *1 -деп жазды Уәлиханов.

Ыстықкөл аңғарына келген экспедиция осы атақты тау көлінің бассейнін алғашқы топографиялық суреттерге түсірді. Планшеттерге Қашқарға баратын басты керуен жолы өтетін Кісенгірден Зауықы өзеніне дейін Ыстықкөлдің терістік шығыс және шығыс жағалаулары енгізілді. Тасма тауын, Жырғалаң өзенінің аңғарын қоса Ыстықкөлдің терістік шығыс бассейнінің барлық тармақтары топографиялық суретке түсірілді. Бұдан соң ол Сантас асуынан Қарқара, Шарын, Шелек өзендері мен Торайғыр жотасына дейін жүргізілді. Демек 1856 жылы топографиялық жұмыс бұдан бұрынғы Шелек пен Кеген алқаптарында жүргізілген істердің жалғасы болды деген сөз.

*Г. Н. Потанин Естеліктері «Сібір өмірі», 1916, №13

*1 Ш. Ш. Уәлиханов. Ыстықкөлге саяхаттың күнделігі.

1856 жылы август айының бас кезінде Шоқан Уәлиханов ресми түрде Құлжа қаласына барады және жолшыбай Батыс Қытайдың бірнеше шекаралық аудандарына соға жүреді. Ол Қытаймен екі арадағы сауда байланысын жақсартып, екі мемлекеттің достық қарым-қатынастарын орната отырып, қытай ұлықтарымен мәжіліс құрып, Құлжада бірнеше ай болады. А. К. Гейнстың сипаттауы бойынша, Уәлихановтың Құлжаға баруы «Тарбағатай келісіміне және елшілік ашуға * » негіз салды.

Шоқан Уәлиханов Құлжа өлкесінде үш айдай болып, содан кейін күздің соңғы айларында Омбы қаласына қайтып оралады.

1857 жылғы сапары, шынышда, Уәлихановтың Қашқар экспедициясы алдындағы сын қадамы болып табылады.

Бұл сапарында жас Шоқанның әсіресе, қырғыз халқының «Манас» атты атақты поэмасына алғашқы рет көңіл бөліп, бірінші рет оны ғылыми жолмен жазып алуының және ішінаралап орыс тіліне аударуының ерекше үлкен маңызы болды. Бұл поэмаға ол тұңғыш рет тарихи және әдеби тұрғыдан талдау жасап, оның легендарлы (аңызды) герой - Манас образына және басқа кейіпкерлеріне талдау береді.

Жас Шоқанның географиялық және тарихи зерттеулері П. П. Семенов-Тянь-Шаньский арқылы Петербург ғалымдарына белгілі болды. 1857 жылы февраль айының 27 күні Шоқан Уәлихановты Орыстың географиялық қоғамының толық мүшелігіне қабылдайды. Жас ғалым туралы П. П. Семенов-Тяньшанский мен В. И. Ламанский ауызша мінездеме береді. Олар Уәлихановты сол кезге дейін тексерілмей тың жатқан Орта Азия мен Қазақстанды зерттеуде, әсіресе көп пайдасы тиетін талантты зерттеуші ретінде ұсынады. П. П. Семеновтың қысқа әрі тұжырымды сипаттамасында былай делінген: « . . . Шоқан Уәлиханов Ыстықкөлдің Шығыс жағалауына саяхат жасап, қырғыз даласы жөнінде аса бай географиялық, этнографиялық және тарихи материалдар жинады және оларды тап қазір хабарла десе де әзір *1 ».

Шоқан Уәлихановтың Орыстың географиялық қоғамының толық мүшелігіне сайлануы, оның өте маңызды ғылыми еңбектерін жоғары бағалағандық болып табылады.

Шоқан Уәлихановтың ғылыми және ағартушылық істері ХІХ ғасырдың елуінші жылдарының аяқ шені мен алпысыншы жылдарының бас кезінде әсіресе өрлей түседі.

1858-1859 жылдары Шоқан өзін ер жүрек саяхатшы даңқына бөлеген атақты Қашқар саяхатына барып қайтады. Марко Поло мен иезуит Гоестон кейін (1603 жылы) бұл елге тұңғыш рет барған адам Шоқан еді. Европаға беймәлім болып келген бұл елдердің географиясы, тарихы, мәдениеті және саяси жағдайымен терең танысып, Шоқан Уәлиханов Шығыс Түркістанды ғылыми жолмен зерттеудің бастамасын жасады.

Шоқан Уәлиханов өзінің бұл саяхатын он ай, он төрт күнде ойдағыдай аяқтап, 1859 жылдың он иекінші апрелінде Верныйға (Алматыға) келеді. Онда бір жарым айдай дем алып, Омбыға қайтады да, өзінің жинаған материалдарын өңдеуге кіріседі.

Қашқар саяхаты Уәлихановтың денсаулығына үлкен зиян келтіреді. Ол бірнеше ай бойы науқасынан айыға алмайды. Петербургтегілер көргенше асық боп күтіп отырған экспедицияның есепті баяндамасын жазу ісі де осының салдарынан кідіре береді.

* Орталық мемлекеттік әскери-тарихи архиві, д. 35-695, л. 114

*1 Бүкілодақтық географиялық қоғамының архиві, 1857жыл, ф1д. 7

Уәлиханов сапарының ең басты нәтижесі «Алтышаһардың немесе Қытайдың Нан-Лу (Кіші Бұхара) » провинциясының шығыстағы алты қаласының дайы туралы деген күрделі еңбегі болды. Бұл Шығыс Түркістан халықтарының тарихы мен географиясы, әлеуметтік құрылысы жөнінде толық мағлұмат беретін алғашқы ғылыми еңбегі еді. Жаңа материалдарды қамтуы және мәселені терең талдауы жағынан Уәлихановтың еңбегі біздің отандық ғылымымызға қосылған үлкен байлық болды және күні бүгінге дейін өзінің маңызын жоғалтқан жоқ.

Шоқан Уәлиханов Капустиндер мен Гутковскийлердің үй іштерінен Достаевский туралы көп естіп, көп біледі Врангельдің айтуынша Уәлиханов Федор Михайловпен тұңғыш рет 1854 жылы Омбыда, Достаевский жиі барып жүретін Ивановтардың үйінде танысады.

Шоқан Шыңғысұлы мен Федор Михайловичтің достығы екеуінің Омбыда, Семей мен Петербургте бірге болған кездерінде бір үзілмейді және содан кейінгі алты жыл ішінде (1856-1862) бұл жостығы хат арқылы онан сайын нығая түседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ш.Уәлихановтың өмірі, қызметі, саяхаттары, ғылыми еңбектері
Шоқан Уәлиханов - ұлы ағартушы
Шоқан Уәлихановтың сапарлары
Ш.Уалихановтың қазақ тарихындағы орны
Қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов
Шоқан Уалихановтың қазақ тарихындағы орны
Шоқан Уалиханов тұңғыш қазақ ғалымы
Ш. Уәлихановтың атқарған қызметтері
Түркі халықтарының ортақ мәдениетіне назар аудару
Шоқан Уәлиханұлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz