Әдебиеттану ғылымындағы нарратор құбылысы



1 Нарратор
2 Автор мен нарратор
Қазақ әдебиеттануында кейінгі кезеңде жаңашылдық бағыттар байқалады. ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасыр басындағы қоғамдық өзгерістерге байланысты əдеби процесте де көптеген өзгерістер пайда болды. Ол, әсіресе концепт, архетип, дискурс, нарратор сынды жекелеген атау, ұғымдары.
«Нарратор (ағылш. narrator, фр. narratuer – әңгімеші, баяншы) – бұл көркем шығармадағы оқиғаны, әңгімені баяндау қызметі жүктелген фигура». Әлемдік әдебиеттану да нарратология атты арнайы зерттеу саласы қалыптасқан. Бұл бағытта жазылған еңбектер қатарына В. Шмидтің «Нарратология» еңбегі, сондай-ақ ғылыми пікір, тұжырымдар жинақталған екі томдық жинақты атауға болады. Әдебиет теориясы нарратор мен авторды бір-біріне қарама-қарсы ұғымдар ретінде қарастырады. Автор шығармадан тыс болса, нарратор, керісінше, оның бір бөлшегі, сол себепті ол болмаса, баяндау мазмұны болуы мүмкін емес. Әдебиетте бұларды атауда әңгімеші және баяншы терминдері қолданылады [1, 128].
1. Әдебиеттанудың теориялық мәселелері және Р. Нұрғали зерттеулері [Текст]: халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары, 1 маусым 2015 жыл / жалпы редакциясын басқарған Е.Б. Сыдықов; редакциялық алқа: Д. Қамзабекұлы, С.А. Қасқабасов, Қ.Р. Нұрғали, Ж.Ә. Аймұхамбет (жауапты редактор); ҚР Білім және ғылым министрлігі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.- Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2015.- 363 б.
2. Шмид В. Нарратология. – М.: Языки славянской культуры, 2003. – 312 с. – (Studia philologika).
3. Хазагеров Г.Г., Лобанов И.Б. Основы теории литературы. Ростов-на- Дону. «Феникс», 2009.
4. Қирабаев С.Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. – Алматы: «Білім», 1998. – 224 бет.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ НАРРАТОР ҚҰБЫЛЫСЫ
Қазақ әдебиеттануында кейінгі кезеңде жаңашылдық бағыттар байқалады. ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасыр басындағы қоғамдық өзгерістерге байланысты əдеби процесте де көптеген өзгерістер пайда болды. Ол, әсіресе концепт, архетип, дискурс, нарратор сынды жекелеген атау, ұғымдары.
Нарратор (ағылш. narrator, фр. narratuer - әңгімеші, баяншы) - бұл көркем шығармадағы оқиғаны, әңгімені баяндау қызметі жүктелген фигура. Әлемдік әдебиеттану да нарратология атты арнайы зерттеу саласы қалыптасқан. Бұл бағытта жазылған еңбектер қатарына В. Шмидтің Нарратология еңбегі, сондай-ақ ғылыми пікір, тұжырымдар жинақталған екі томдық жинақты атауға болады. Әдебиет теориясы нарратор мен авторды бір-біріне қарама-қарсы ұғымдар ретінде қарастырады. Автор шығармадан тыс болса, нарратор, керісінше, оның бір бөлшегі, сол себепті ол болмаса, баяндау мазмұны болуы мүмкін емес. Әдебиетте бұларды атауда әңгімеші және баяншы терминдері қолданылады [1, 128].
Әңгімеші мен баяндаушы тұлға арасында жекелеген айырмашылықтар мен ұқсастықтар бар. Ол белгілі шығармаларды талдау деңгейінде көрініс береді.
В. Шмидтің Нарратология еңбегінде жалпы нарратор, нарратология ғылымы туралы мол мәліметтер берілген. Нарратология - баяндау (әңгімелеу) теориясы. Нарратология 1960 жылдары структурализм кезеңінде Батыста пайда болған, дәстүрлі типологиялардан өзіндік ерекшелігі бар, көркем әдебиет аясында, роман немесе әңгіме жанрларына қатысты, әр түрлі нарративтердің жалпыға ортақ құрылымдарын, яғни кез келген функционалдық және жанрлық әңгімелеуші шығармаларды ашуға ұмытылады. Қазіргі нарратология категориялары орыс теоретиктері мен мектептері, әсіресе, орыс формализмінің өкілдері: В. Шкловский, Б. Томашевский. 1920 жылдардағы В. Пропп, М.Бахтин, В. Волошинов сияқты ғалымдар мен Мәскеу-Тартым мектептерінің теоретиктері (Ю. Лотман, Б. Успенский) елеулі ықпалымен құрылды [2, 91].
Автор мен нарратордың өздеріне тән айырмашылықтары бар. Ол айырмашылықтар:
1) Бір автор өзінің әр түрлі туындысында түрлі баяндау тәсілін таңдауы мүмкін. Мысалы, Мұхтар Әуезовтің Көксерегі мен Қаралы сұлуында, Ж. Аймауытовтың Ақбілегі мен Әншісінде баяндау тәсілдері әр түрлі болып келеді.
2) Әдеби туындының қайнар көзі ретінде автор нарраторды, яғни оқиғаны әңгімелейтін нақты немесе жалған тұлғаны (кейіпкерді) туғызады. Көркем туындыда баяндалатын ойдан шығарылған оқиғаны шын мәнінде болғандай етіп баяндайды. Нарратор автормен кереғар қалыпта ғана тұрмайды. Бұл екі тұлға арасында түбегейлі айырмашылық жиі байқалады [3, 114-115].
Мысалы: Мұхтар Әуезовтің Қара сұлуы психологиялық терең иірімдер мен сан-салалы адам жанының нәзіктігін дәл жеткізетін көркем шығарма. Бұл шығармада қаралы сұлу Қаракөздің ойда жоқта Болатқа сыр алдырып қоюы, адам жанынан тыс болып жатқан әрекет. Баяндаушы сол кездегі Қаракөздің әрекетін мына жолдарға сыйғызды: Қаракөз таныды. Бірақ, іштегі қара жылан өмірінде бұл күнге шейін болмаған асаулықпен иіріледі... Бойы ұйып кетті. Қалың жапырақтың арасында үндемей, көзін ала алмай қатып тұрғанда, ыстық жас ағып-ағып барады. Баяндаушы тарапынан шығарма кейіпкерлерінің сан қырлы бейнелері шебер суреттеледі. Қаракөз бен Болаттың кездеуі елеусіз деталь арқыл беріліп, шығарма ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдебиеттану ғылымындағы автор бейнесі категориясының зерттелу сипаты
Композиция, сюжет және нарратив. Композициялық тәсілдер. Баяндау (нарратив) және оның түрлері Авторлық баяндау
Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы мен кезеңдері. Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясының методологиясы
Әдебиеттанудағы дәстүрлі және жаңа ізденістер мәселелері
Қазіргі әдебиеттану теориясындағы ғылыми ағымдар
Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы
Қазақ әдеби сынының зерттелу тарихы
А.Байтұрсынов – қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салушы
ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ әдебиеті
POЗA МҰҚAНOВA ШЫҒAPМAШЫЛЫҒЫНДAҒЫ НAPPAТOP ҚЫЗМEТI
Пәндер