Жаңа технологияларды пайлану арқылы бастауыш сынып оқушыларының ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Жаңа технологияларды пайлану арқылы бастауыш сынып оқушыларының ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту

«Надан жұрттың күні - қараң, келешегі тұман», - деп М. Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет - оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру арқылы, ойлау қабілеттерін дамыту. Осы қабілеттерді дамытуда жаңа технологияларды қолдану бүгінгі күннің басты талабы. Мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты - білімнің жаңа үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс - тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды сабаққа тиімді пайдалана білу. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады.

Жалпы «технология» грек сөзі, қазақша «өнер, шеберлік» деп аударылады. «Педагогикалық технология» ұғымының қазір 300 - ден астам балама анықтамалары бар. Мәселен, осы проблеманы көптеген зерттеп жүрген Ресейдің белгілі педагог және т. б. ғалымдары оған төмендегідей анықтамалар береді:

- «Технология» - қалыпты өзгерту, өңдеу әдістері, өнері, шеберлігі, іскерлігі жөніндегі ғылым жиынтығы. (В. М. Шепель)

- «Педагогикалық технология» - жоспарланған оқыту нәтижелеріне жету процесін сипаттау болып табылады. (И. П. Волков)

- «Педагогикалық технология дегеніміз - оқушы мен мұғалім үшін барлық жағынан өте қолайлы жағдайлар жасай отырып, оқыту үрдісін жобалаудың, оны ұйымдастырудың және өткізудің бүге - шігесіне дейін ойластырылған, әрі бірлесіп жүзеге асырылатын педагогикалық қызметтің моделі» (В. М. Монахов)

-«Педагогикалық технология дегеніміз - оқыту үрдісін жүзеге асыратын мазмұнды техника» (В. П. Беспалько) .

- «Педагогикалық технология» - оқыту, тәрбиелеу құралдары түрлерін, әдістері, тәсілдерін үйлестіретін, әрі анықтайтын арнайы жинақ, психологиялық - педагогикалық ұстанымдар жиынтығы; (Б. Т. Лихачев)

Педагогикалық технологияларды бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай қолдана білу керек. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамыту үшін жаңа технологиялардың мына түрлерін қолданған жөн:

1. Модульдік оқыту технологиясы- мұғалім сабақты оқушылармен бірлесе отырып ұйымдастыратындықтан, мазмұнды логикамен сабақтастырып, соның нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытуға мүмкіндік беретін технология.

2. Дамыта оқыту технологиялары- бұл технологияны дұрыс, тиімді пайдалану оқушылардың ойлау, таным қызметін ойдағыдай дамытуға, шығармашылықпен өздігінше жұмыс істеу біліктерін жетілдіруге мүмкіндік туғызады. Оқушылардың шығармашылық қабілеттері, ойлау, есте берік сақтау қабілеттері дамиды. Дамыта оқыту технологиясы оқушының ізденімпаздық, зерделілік қасиеттерін қалыптастырады.

Логикалық тұрғыдан жүйелі ойлау мен есепті шапшаң шығаруға бағыттайды.

3. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктері мен жеке қабілетіне байланысты ойын технологиясын сабақта қолдану оң нәтиже береді. Ойын - қоғамдық тәжірибені қайта қалпына келтіретін және меңгертетін іс - әрекет түрі. Оқыту үрдісінде пайдаланылатын ойындардың көпшілігінің мынадай ерекшеліктері болады: оған оқушылар өз еріктерімен қатысады, шығармашылық, бәсекелестік, эмоциялық сипаты болады. Сонымен қатар ойын мынадай қызметтер атқарады: оқушыларды бір-бірімен тығыз қарым - қатынас жасауға үйретеді, олардың өз мүмкіндігін жүзеге асыруына жағдай жасайды, қиындықтарды жеңе білуге үйретеді. Оқушылардың көңілін көтеруі- ойынның негізгі қызметінің бірі. Педагогикалық ойындардың түрлері: дидактикалық, құрылымдық, мазмұндық, жас ерекшеліктеріне байланысты болып бөлінеді.

Және бұлардан басқа да педагогикалық технологиялардың түрлері өте көп. Бірақ бастауыш сынып оқушыларының жекелеген ерекшеліктерін ескере отырып, технологиялардың жоғарыда көрсетілген түрлері басқаларына қарағанда кеңінен қолданылады. Педагогикалық технологиялардың жоғарыда көрсетілген түрлерін тиімді қолдану, оқушы-

лардың ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамытып қана қоймай, дүниетанымын кеңейтіп, жан-жақты ойлайтын, білімді де алғыр ұрпақ тәрбиелеуге көмектеседі.

Бастауыш мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаты оқушыларға білім беру ғана емес, сонымен бірге олардың ойлау қабілеттерін дамыту және белсендіру. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту туралы М. Жұмабаев: «Ойлау деген жанның ең бір қиын әрі терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр, сондықтан басқыштап іс істеу керек. Оқулықтағы берілген тапсырмалар оқушылардың білімге деген құштарлығын оятуы керек» деген екен. Оқу материалы балалардың жас ерекшеліктеріне сай беріліп, оқу процесі оқушылардың қабылдау мүмкіншілігіне орай ұйымдастырылса ғана, олардың ойлау қабілеттерінің дамуына мүмкіншілік туады.

«Логикалық ойлау- логикалық сөйлеудің негізі. Ал осы логикалық сөйлеуді ұстаз дамытуы тиіс» деп К. Ушинский айтқандай, оқушының ойлау қабілетінің дамуы ұстаз еңбегінінің нәтижесі. Логикалық ойлау-оқушыны дұрыс қорытынды шығарып, қорытыныдыларының шындыққа сай келуіне жетелейді. Н. Н. Поспелов, Ю. А. Петров, А. Н. Леонтьев, И. А. Гибш сынды педагог ғалымдар логикалық ойлау ұғымына нақты аныктама берген. Олардың пікірлерін жүйелесек, логикалық ойлау дегеніміз - логика заңдылықтарын пайдала отырып ұғымдарды, ой-пікірлерді, тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі.

Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін:

1. Барлық ойлау операцияларын (талдау, жинақтау, салыстыру,
жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрде қалыптастыру;

2. Ойлау белсенділігін, өз бетімен жұмыс жасау қабілетін дамыту;

3. Трансформация әрекетін, яғни объектіні өзгерте білу қабілеттерін
жетілдіру.

Ойлау белсенділігін, өз бетімен жұмыс жасау қабілетін дамыту үшін:

1. әртүрлі болжам, пікір айта білу;

2. мәселені шешудің бірнеше әдістерін ұсыну тәсілдері қарастырылады.

Бастауыш сынып оқушыларының ойлауын дамытуда екі негізгі саты байқалады. Бірінші саты - ол шамамен 1-2 сыныптағы оқушыларға тура келеді. Оқу материалдарын талдау барысында көрнекі әсер ету жоспары басым болады. Мұнда балалар нақты заттарға немесе оның дәл баламаларын бейнелеуге сүйенеді. Мұндай талдау кейде тәжірибелік немесе сезімдік деп аталады.

Ойлауды дамытудың екінші кезеңі мұғалім оқушылардың қабілеттері мен жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқу процесін шығармашылық әрекеттер арқылы жалғап, оқушылардың шығармашылық белсенділігі мен ойлау қабілеттерін дамыту болып табылады.

Оқушыларға өз бетінше жасаған ой операцияларының дұрыс- бұрыстығын тексерткізу, оларды бір мәселенің өзін түрлі жолдармен шешуге үнемі бағыттап отыру, тапқырлық пен зеректік қасиеттерін дамыту, логикалық ойлауды қажет ететін мысалдар құрастырту, есептер шығарту, шығармалар жаздыру баланың логикалық ойлауын тәрбиелеудің тиімді жолы. Баланың ой операциясын дамытып талдау, жинақтау, топтау және классификациялауға арналған арнайы жаттығулар жүргізу баланың ойлау ұшқырлығын анықтаудың ең тиімді жолы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу іс-әрекеті
Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулудың теориялық негіздері
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағын оқытуда көрнекі құралдарды пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытудың жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетерін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының логика ұғымын айқындау
Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру
Бастауыш мектеп оқушыларының ғылыми - зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту тақырыбында
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мүмкіндіктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz