ГҮЛНАР САЛЫҚБАЙ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ СІЗ СЕМАНТИКАЛЫҚ КОНЦЕПТІ


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ГҮЛНАР САЛЫҚБАЙ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ

« СІЗ » СЕМАНТИКАЛЫҚ КОНЦЕПТІ

«Концепт - адам санасының ойлау бірліктері мен психикалық ресурстарын, білім мен тәжірибенің бейнелі көрсеткіштерін құрайтын, хабарлы құрылымдарды түсіндіруге мүмкіндік беретін когнитивті лингвистиканың негізгі ұғымдарының бірі. »

Концепт латын тілінде де бірнеше мағынаға ие: сonceptio - 1) жиынтық, жүйе, байланыс, қойма, заң актілерін тұжырымдау; 2) ұрық қабылдау; 3) сөйлем және т. б. мәнге негізделген [1] .

С. Аскольдов концепті ойлау барысында ғаламдағы бір-біріне жақын көптеген заттардың орнын алмастыратын ойлау құрылымы деп анықтаған.

С. Г. Воркачев концепті математикадағы көбейтумен салыстыра отырып, анықталуы күрделі және интуитивті деңгейде қабылданатын когнитологияның негізгі аксиоматикалық категориясы, түсінік (представления), схема, фрейм, сценарий, гештальттің гиперонимі деген анықтама береді.

Ал, концепт философиялық тұрғыда екі бағытта түсіндіріледі: біріншісі - рухани мәдениеттің өзекті сөзі, екіншісі - сөздің пайда болуына дәнекер алғашқы түсінік. Концептің басты белгілерінің бірі - оның мәдени реңкте болуы. Сондықтан ол ұлттық ерекше дүниетанымды түсінуде басты компонент болып саналады

Ғалым А. Исламның айтуынша, концептілерді талдау барысында төмендегідей бірізділік ұсынылады: сөздіктегі анықтамасы; концептің адамның күнделікті санасындағы түсінігі; концептің әмбебап белгілері; белгілі бір концептіге байланысты сюжеттің немесе образдардың пайда болуы

Концепт құрылымында образдың болуы қазіргі тіл білімінде кеңінен дамыған прототиптік семантикамен дәлелденген. Д. Лаккофтың тұжырымдауынша, прототиптер концепт классын тұтасымен елестетуге мүмкіндік беретін анық, ашық бейнелер деп санады [2] .

«Концепт» ұғымы әртүрлі ғылым салаларында әрқилы дәрежеде қолданылады. Бұл ұғым әдебиеттану ғылымына да жат емес. Бүгінгі поэзияда «сіз» семантикалық концепті кең тараған. Ақын өлеңдеріне эмоционалдық-экспрессивтік бояулар беріп, сыршылдық сипатын арттыруда бұл концептің атқаратын рөлі өте зор.

«Сіз» концепті ежелден әдептілік пен сыпайылықты саф алтындай бағалаған Шығыс жұртына жат ұғым емес. «Сіз» сөзі әдетте Шығыс халықтарында кез келген жасы үлкен адамдар мен бейтаныс жандарға арнап қолданылады. Бұл концепт қазақ жырларында да кең тараған. Лиро-эпостық «Қыз Жібек» дастанындағы Жібектің Төлегенге арнап айтқан мына бір жыр жолдары сөзімізді дәлелдейді:

« Жақсы айтасыз, Төлеген,

Сіздей-сіздей әр жерден,

Неше жігіт келмеген .

Бәрі де айтқан «Жібек-ау,

Сені алмасам демеген . . . » [3]

«Қыз Жібек» дастандағы осы жолдар арқылы қазақ қыздарына тән ибалылық, ер адамды сыйлау, оған құрмет көрсету сынды асыл қасиеттер сонау ықылым заманнан басталып, ғасырлар бойы өзгеріссіз жалғасын тауып келе жатқанын байқаймыз. Заман ағымы өзгеріп, поэзия жаңаша бағытқа бет бұрғанымен «сіз» концептінің қолданылу аясы тарылған емес. Керісінше, қазақ поэзиясында бұл ұғым басқаша түлеп, өлең реңкіне жаңаша бояу қосуда. Қазақ поэзиясында бұл концептің дамуына үлес қосып жүрген қазақтың ақын қыздарының бірі Гүлнар Салықбай десек қателеспейміз. «Қыз Жібек» жырындағы Жібек пен Гүлнәр ақынның бойында сонау ғасырлардан бері келе жатқан дәстүр сабақтастығы, генетикалық байланыс бар.

Гүлнар шығармашылығы - өзінің алдындағы толқын өкілдері

Ұ. Есдәулетов, Е. Раушановтармен қатар 80-ші жылдардағы қазақ лирикасының жарқын беті болып табылады . . . Гүлнар өз поэзиясында болмыс бояуын жіті сараптайтын жанары өткір, жаны биік, ойы күбілтесіз, сезімі жалғансыз лирикалық «меннің» жаңаша бітімін сомдады [4] .

Гүлнәр ақынның лирикалық мені де өзгеше. Гүлнәрдан кейінгі ақын қыздар түгелімен «сіз» деп жырлайтын болды. Бірақ бәрібір олар Гүлнәрдің эпигоны секілді әсер қалдырады. Өйткені, ол өлеңде «сіз» деген сөз болғанымен, Гүлнәр жүрегі сезінген махаббат пен ғадауат жоқ [5] .

«Тәрк етем ессіз жалғанды,

Тәңірге Сіздей сыйынып.

Алыста күлген арманды

Күтпеймін және күйініп.

Жапырақ көзі әлі өңді,

Оған да енді күз келер.

Қияр ем жарық әлемді,

Қажеті болса сізге егер . . . » [6] .

Лирикалық кейіпкердің сүйгені ол үшін Тәңіріндей табынатын ерекше жан. Оған «сіз» деуі арқылы, ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ қызына тән сыпайылықтан бөлек, Махаббаттың құдіреті күшті ұлы сезім екенін түсініп, сүйген адамын төмендеткісі келмеген нәзік жүректің лүпілін ұғындырады. Гүлнар ақынның осы бағытта жазылған «Гүлдердің сиреп кірпігі», «Сіз-Жер» деген өлеңдері де бар. Бұл өлеңдердегі лирикалық кейіпкердің ішкі жан-дүниесі бірдей болғанымен, ақынның «Сізі» бірде шыңдағы шынардай қол жетпесі, бірде Хантәңіріндей биігі. Осы адамды бар жақсылық атаулыға лайықты деп санау арқылы, лирикалық кейіпкер қажет деп тапса, тіпті соның жолына кең дүниені қиып беруге де әзір

« Сіз -Жер,

аспан,

ауа,

жұлдыз, Ай, қоңыз.

Жарық әлем сізден ғана тұрады.

Біздің жүрек-

жүк артатын жайлы өгіз-

Адалдықтың тұрағы . . . »

Өзін «төмендету» арқылы лирикалық кейіпкер рухани биіктей түседі. Сол адам (жігіт) бейнесін ақын реті келсе құдіреті күшті қара Жерге де, жарық әлемге де, шыңдарын мұз басқан алып Тауға да теңейді. Сол арқылы ол адам ақынның «қол жетпесіне» айналады.

Гүлнар ақын поэзиясының ерекшелігі - онда басқа ақындарда кездесе бермейтін «алыс та, жақын жан» бар. Ол бейне өткен шақтарда лирикалық кейіпкердің жақын адамы болып жанында жүреді де, кейіннен сан-салалы өмір ағысымен ақыннан алыстай береді. Ақын бірде:

«Алыста-сыз,

Жақында-сыз.

Адамсыз.

Әміршімдей көрінесіз маған Сіз . . . » деп жырласа,

Енді бірде:

«Жеңілді Сізден ақылым,

Жетер ме енді дауысым,

Жаңбырлы түндей жақыным,

Жаңбырлы түндей алысым?!» [7] .

деп алдыңғы жырындағы ойын бұл өлең шумақтарында жалғастырады. Жыр жолдарындағы ақын аңсаған жан бұрынғы кездегі ең жақын адамы болса да, ал уақыт өте келе «танысынан» «бейтаныс жанға» айналады. Кейіпкердің нәзік жан-дүниесі не оны жақынының қатарына қоса алмайды, не одан біржолата күдер үзіп, мүлдем танымас адамға да айналдыра алмайды. Лирикалық кейіпкерді екі оттың ортасында қалдырған «таныс-бейтанысы» да, ақынның өзі де қайтадан жақын жандарға айналуы үшін қадам жасамайды.

«Сіз сол кезде өтірік жыламай-ақ,

Оқымай-ақ ешқандай құран, аят,

Қабіріме қуана қарап алып,

Секіріңіз бақыттан да дара барып»

деп ақын бір «Сізіне» қатал үкім шығарады. Менің ойымша бұл адам лирикалық кейіпкерді дер кезінде бағалай алмай кеткен жан сынды. Ашық айтылмағанмен лирикалық кейіпкердің бойында бұл жанға деген реніш, өкпе сезімдері анық көрінеді. Әйтпегенде, жүрегі нәзік ақын ешбір жанды «Сіз сол кезде өтірік жыламай-ақ» деп ренжітпесе керек-ті.

«Алдымдасыз

аспандағы қиялдай,

Жерге қалай түсіп жүрсіз ұялмай?

Ертегіге сенеді кеп еріксіз,

Шексіз көңіл еш өлшемге сыя алмай.

Байлық біткен болмас Сізден бағалы,

Көздерімнің ең сүйікті тағамы . . . »

Лирикалық кейіпкердің «Сізі» аспандағы аңсары, көздерінің сүйікті тағамы, өзінің бағалысы. Ол жан бірде сағымдай қол жетпесі, бірде жақыны. Бірде ғажайыпқа толы аспанда жүргендей, бірде «мен де Жер ғаламшарының тұрғынымын дегендей ақынға жақындайды. » Осындай мотив орыс поэзиясында М. Цветаевада да бар:

«Я Вас люблю всю жизнь и каждый день.

Вы надо мною как большая тень,

как древний дым полярных деревень. »

Цветаева поэзиясындағы «Вы» Гүлнар поэзиясындағы «Сіздей»

бірде алыстап, бірде жақындамайды. Бірақ екі ақынға тән ұқсастық олардың «Сіздерінің» қол жетпес сағым бейнесінде болуы. Оның бұлдыр бейне ретінде көрінуі.

Поэзияда сағыныш мотивіне тоқталмаған ақын жоқтың қасы десе де болады. Себебі, сағыныш барлық адамның бастан кешіретін сезімдерінінің бірі. Ал ақындардың сыршыл жүрегі тым нәзік, жараланғыш, сезімтал болғандықтан, «сағыныш сазын» жырламаған ақын кемде-кем. Поэзияда біреулер аңсап сағынатын болса, біреулер зарыға күтеді, енді келесілері сағынғаннан құса да болады.

«Терезеге қарасам (сөзім - шындық!)

Көше жаққа кетеді көзім сүңгіп.

Сізді күтем.

Аты осы науқасымның.

Кейде осыдан қорқамын өзім сұмдық. »

Өлең мазмұнына терең үңілсек өлеңде сағыныш мотиві басым. Бұл мәңгілік сағыныш болмағанымен, бір адамның басына жетерліктей күту, аңсау, зарығу сезімдерін сыйлайды. Ақын «Сағынбай өмір сүрерміз енді тырысып» дегенімен, адам баласына ортақ қасиет ел еркесі ақынды да айналып өтпейді. Лирикалық кейіпкерді сағынтып, сабылтып қойған осы жан не бір келіп, көрініп кетуді ойламайды. Ал ақынның нәзік жаны сол адамды үмітпен тосудан шаршамайды.

«Так жили поэты .

Читатель и друг!»деп орыстың ақыны А. Блок жырлағандай, ақынның ең қымбаттысы, ең аяулысы, ең бағалысы - ол өзінің оқырмандары. Қазір шын поэзияны бағалайтын оқырмандар авторларының жинақтарын өздері тауып оқиды. «Сколько читателей у Пастернака столько голов, у Маяковского один читатель - Россия» деген пікірді Гүлнәр Салықбайға қатысты айтсақ, Гүлнәрдің оқырманы - ойлы да, сезімді оқырмандар [8] . Гүлнар ақын сол оқырмандарына да өлең арнауды ұмытпайды.

«Алматыға тағы да бір күз келді.

Сағындым сіздерді!

. . . Сіздер біздің кеудедегі пеш- сынды,

Ал, дүние бәрімізге өш-сынды.

Хош, аман бол, Күншығыс!»

Ақынның бұл жердегі «Сіздері» ерекше. Ол сіз бен біз, яғни оқырмандары. Ақын мен оқырмандар арасын жалғайтын алтын көпір- ақын шығармашылығы. Әрқайсымыз ақынмен оңашада отырып сырласуға мүмкіндік аламыз. Бұл жердегі «сіз» концепті ақынның оқырманға деген ерекше сүйіспеншілігі мен ризашылығын білдіріп, ерекше құрмет мағынасында жұмсалып тұр.

Дәстүр мен жаңашылдық - әдебиет пен өнердің даму барысында сабақтастық пен жаңғыртуды, мұрагерлік пен қайта жасауды, бұрынғы мен соңғының байланысын білдіретін ұғым. Дәстүрге ғасырлар бойы қалыптасып, сұрыпталған әдет-ғұрыптар, жол-жобалар көзқарас түсініктер жатады. Жаңашылдық - өткен өмірдің, кешегі күннің тәжірибесі мен жемістерінің ішінде мән-мағынасы бай, дәрежесі жоғары, заман талабына жауап беретін, бұрынғы-соңғының шеңберінен шы­ғып, болашаққа кең жол ашатын аса маңызды ізденіс-әрекеттер [9] .

«Шөп те өлең, шөңге де өлеңмен» жұрттың көзін шаршатуды мақсат етпейтін ақын Гүлнар Салықбайдың поэзияда салған өзіндік мектебі бар. Ақын «Сіз» концептін дәстүрге айналдырып, кейінгі ақындарға сара жол салып берді.

« Сіздегі күрсініс - жалғыздық,

Мендегі күрсініс - сағыну.

Аязға, мұзға да бергісіз,

Жүрекке сұп-суық ерді сыз.

Толқындар жеткізген үніңіз жауратты,

Сіздегі салқындық - үмітті жылату,

Мендегі салқындық… белгісіз…»

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі қазақ өлеңінің құрылысы: дәстүр және даму үрдістері
Г.Салықбаева лирикасындағы дәстүр жалғастығы
Қазақ тіл білімінде концептілердің зерттелуі
Интертекстуалдылық теориясы
Дүниенің поэтикалық бейнесі лингвоконцептуалдық талдау (ХҮ-ХҮІІІ ғасырдағы ақын-жыраулар поэтикасы бойынша)
Әдебиет қандай өнер
Сұлулық концептісінің тілдегі көрінісі
КОНЦЕПТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕ ЗЕРТТЕЛУІ
Жол концептісінің танымдық сипаты және когнитивтік негіздері
Қазақ тілі грамматикалық категорияларының антропоөзектілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz