Қ. Жұбановтың дыбыстық емле тұжырымдары және 1929 жылғы Әліппеміз бұқарашыл болсын мақаласының маңызы


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Қ. Жұбановтың дәлелді баяндамасы және дыбыстық емле жайы

Қ. Жұбанов өз заманында қазақ ұлты мен қазақ тілінің болашағы үшін дұрыс шешім қабылдай білген лингвист ғалымдардың бірегейі болды. Ал ұлт тілі үшін дұрыс шешім қабылдауы, ғалымның ұлт болашағының жанашыры екенін дәлелдейді.

Қ. Жұбановтың 1929 жылы шыққан «Әліппеміз бұқарашыл болсын» мақаласында ұлт тілінің қарапайым халыққа ыңғайлы, түсінуге жеңіл болғанын қалайтыны анық көрінеді. Ол дыбыс жүйелі емле керектігін мысал келтіре отырып, сатылап дәлелдейді.

Баяндамада қазіргі фонетикада кең қолданылып жүрген үндесдік заңы жақсы көрініс табады. Баяндама материалында қарапайым халықтың ерте заманнан келе жатқан сөздерін өзгерте алмаймыз деген мәселеге кеңінен мән берген. Туыс негізді емлені қолданар болсақ сөз негізі өзгеріссіз қалғаныменен, жалғау жалғанған кездегі сөз мағынасыз өзгереді деген пікір арқылы, туыс негізді емле қабылдай алмайтынымызды, ғалым жете ұқтырады. Жалғауды туыс негізде қашан, қай кезде шыққанын ешкім білмейді деуі арқылы ғалым өз сөзін жүйелі дәлелдеген.

Балалар деген сөзді туыс негізді емле арқылы жазсақ, шағатай тілінде «балатір», басқа түркі тілдерінде «балалер», «баладар» болып өзгеруі де әбден мүмкін. Бұл мысалдар арқылы ғасырлар бойы мұра болып келген әдеби-мәдени мұраларымыздағы көп сөздер өзгеріске ұшырап, қазақ халқы бірін-бірі түсінбейтін ұлтқа айналуы әбден мүмкін деген мәселе шығады. Ұлттың ұлы перзенті өзінің ел-халқына жанашырлығын көрсетіп, қазақ тілін көп қиындықтар мен ала шұбарлықтан сақтап қалды.

Жалғаудың қай түрі тұңғыш, қайсысы көне шыққан мәселесі арқылы, туыс емлені қабылдау керек деген ұлт жанашырларына ой салады. Яғни, бұл мәселенің түйіні. Түйінді түсінген адам әрі қарай ойын ой елегінен өткізіп, дыбыс емлені қабылдау керек екеніне көз жеткізеді.

Қ. Жұбанов сөз негізінің туыс емлесі негізінде жазылғанын құптайды. Бұл бұрынғы және қазіргі кезде де өзінің дұрыс мәнін жоғалтпаған пікір. Мысалы:топырақ деген сөз түркі тілдерінде негізгі мағынасын сақтап, қырғыз, түрік, түркмен тілдерінде дәл солай айтылады. Бірақ оған жалғау жалғанғанда әр тілде әртүрлі жалғаулар жалғанады. Осыдан сөзді айтқан кезде сөз басқаша естіледі. Осы арқылы-ақ Жұбановтың ой-пікірлері жүз жылдан аса уақыт өтсе де өз маңызын жоймағанын көре аламыз.

Лингвист ғалымның тағы бір негізді дәлелдемесі - түркі халқын ортақ тіл арқылы жақындатқаннан гөрі, ортақ тарих пен әлеуметтік-шаруашылық шарттар арқылы жақындатқан тиімді екені айтылады. Бұл шарттар еліміз тәуелсіздік алған жарқын болашақ дәуірінде орындалып, түбі бір түркілерді біріктіруші мәдени-тарихи мұралар да көптеп табылып жатыр. Солардың бірегейлері - түркі әлеміне ортақ, тасқа жазылған Күлтегін, Тоныкөк ескерткіштері т. б. Бұл жағдайлар арқылы Қ. Жұбановтың өз заманындағы озық ойлы, мәлімдемелерін терең көзқарас арқылы жасаған жаңашыл тұлға екенін көре аламыз.

Ғалымның жүйелі дәлелдеулері арқасында әліппеміз халықтық әліппеге айналды. Бір реформа бір ұлттың тағдырын шешкен заманда, ұлттық тіліміздің жақсы сақталуына ғұлама ғалымның сіңірген еңбектері көптеп саналады. Әліппеміз біраз қиыншылықтар мен түрлі реформалар кезеңінен өтіп, бүгінгі күнге шейін қалпын бұзбай, аман сақталды. Қазіргі кезде бұл көңіл қуантарлық жағдай боп саналады.

Қорытындыласақ, 1929 жылы шыққан «Әліппеміз бұқарашыл болсын» баяндамасы қазақ тілінің емлесін қабылдауға үлес қосып, дұрыс шешімнің бастамасы болды. Сан ғасырлар бойы келе жатқан тіліміздің қалпын бұзбай сақталуына үлес қосты. Қай уақытта да бұқараның тілі әліппенің бастамашысы болған. Жұбановша айтсақ, әліппеміз бұқарашыл болсын!

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың әліпби және емле тұжырымдары
Қ. Жұбановтың терминдерге қойылатын талаптары мен жазу және емле реформалары
Құдайберген Жұбановтың Абай туралы мақаласының аналитикалық талдауы
Қ. Жұбановтың мұраларындағы тілтанымның антропологиялық парадигмасы
Қ. Жұбановтың Хожа Ахмет Яссауй шығармаларын танымдық-тілдік зерттеуі
Қ. Жұбановтың зерттеулеріндегі ұлттық дидактика: тарихи негіздері мен оқыту әдістері
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Ұлы даланың жеті қыры мақаласының қазіргі қоғамдағы маңызы
К. Маркстің әлеуметтік құрылым теориясы және тарихи материализм: тұжырымдары мен сыны
Құдайберген Жұбановтың қазақ тіл білімі мен әдістеме саласындағы еңбектері
Құдайберген Жұбановтың зерттеулеріндегі тіл мәселелері: фонетика, морфология, синтаксис және әдістемелік негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz