ЕЛ ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ АКАДЕМИК СЕРІК ҚИРАБАЕВ


ЕЛ ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ АКАДЕМИК СЕРІК ҚИРАБАЕВ
Ел тәуелсіздігі - ұлттық мұрат пен танымға, рухани құндылықтар мен мәдени дамуға жаңаша леп берді. Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Алдымызда асу асу белдер бар, ұлт жолында ұйтқи соққан желдер бар. Бел де талар, жел де беттен қағар. Бәріне төзу керек, бәріне көну керек», -деп айтқандай жаңа уақыт ұлт руханиятының кемелденуіне, ұлт парасатының биіктеуіне мүмкіндік берді[1:5] . Қоғамда орын алған оңды өзгерістер, келелі бастамалар, тәуелсіздігіміздің жиырма бес жылдығымен бірге келген игілікті істер - соның айғағы. Оң өзгерістер нәтижесінде ұлттық сөз өнері басқаша бағытқа бет бұрып, сараланып, «ақтаңдақтар» әлемінің сыры жан-жақты ашылды.
Өшкенімізді қайта жаңғыртып, өткенімізді саралап, бұл игі бастамалардың басы-қасында жүрген отандық ғалымдарымыз көптеп саналады. Солардың бірі де бірегейі, қазақ әдебиеттану ғылымының зерттелуіне мол үлес қосқан, өз зерттеулерінде нақты деректерге сүйене отырып, Алаш ардақтыларының мол мұраларын жинақтап, өмірі мен шығармашығын зерттеп, зерделеп, оқырман назарына ұсынған ғалым, академик Серік Қирабаев. Ғалымның ғылыми мұрасы өзінің нақтылығы мен дәйектілігінің арқасында ғылым әлемінде шынайы бағыт-бағдар көрсететін, сүбелі дүниелердің бірі. Ол «ақтаңдақ әлемнің» сырларын ашуға ұмтылып, бұл жолда аянбай еңбек етті.
«Қай заманда болса да әдебиет уақыт шындығы мен тарихты жазу арқылы өрістеген, - дейді, академик Серік Қирабаев. Ақтаңдақтар әлемі - қазақ әдебиетінің бастан кешкен сан алуан қиындықтарымен үндес, сабақтас, 20-30 жылдардағы «жазықсыз жала құрбандарынан» бастап, сол кездегі саясаттың әсерінен қиянаттың зіл батпан салмағын көтерген қазақ әдебиетінің тұтас бір кезеңі»[2:302] .
Ұлт руханияты кемелденіп, ұлт іргесі беки түскен қазіргі кезеңде Алаш пен тәуелсіздік бір-бірінен ажырамас егіз ұғым саналады. Елі үшін бар күшін сарқа жұмсаған ұлт зиялылары, Алаш ардақтыларының түбі бір түркі жұртына ортақ мол рухани-әдеби мұралары қасаң саясат арқасында жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрды. Бұл мұралардан айрылу ұлт үшін зардабы мол қасірет, кешірілмес күнә іспетті еді.
Ұлт тағдыры қыл арқанда тұрған шақта ұлттық сөз өнерінің майталмандары бұл мәселеге бей-жай қарамады. Тәуелсіздікпен тұспа-тұс келген Алаш ардақтарын ақтау жұмысына бел шешіп кірісіп кетті. Бұл жолда аянбай тер төккен Серік Қирабаетың да еңбегін ерекше атап өтуімізге болады.
Бұл жолда академик Серік Қирабаевтың «Жүсіпбек Аймауытов» атты монографиясы мен «Әдебиеттіміздің ақтаңдақ беттері» деген зерттеу еңбектерінің алатын орны айрықша.
Серік Смайылұлы Тәуелсіздік кезеңі әдебиеттануының міндеттерін нақты айқындап, былай деп көрсетеді: «Ендігі жерде ұлттық әдебиеттің өзіндік көркем тәжірибесін жинақтайтын теориялық еңбектер жазылуы керек. Әдебиет дамуының ұлттық, басқаға ұқсамайтын сыпаттарын ашу, оны теориялық жағынан дәлелдеу - біздің көркемдік ойымызды жалпыадамзаттық ортақ мұраға апаратын бірден-бір жол». [3: 216] .
Осы ретте академик Серік Қирабаетың «Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері» еңбегі арқылы ұлт руханиятының негізгі бағыттары айқындалды. Олар:
- ұлттық сөз өнері үшін айрықша маңызға ие «ақтаңдақ әлем» сырларын ашуға ұмтылыс;
- тұтас кезеңді қамтыған ауқымды ғылыми зерттеу;
- бай мәдени мұраны, оның ішінде салт-сана, фольклор және ауыз әдебиетінің нұсқаларына кең көлемде талдау жасау;
- ұлттық әдебиет қалыптастыруда ұлт зиялыларын ардақтау;
- сан ғасырлар арасындағы сабақтастық;
- ұлттық сана-сезім мен ұлттық мұрат қалыптастыруға бағытталған әдебиетіміздің мол мұраларын жинақтап, кең көлемді ғылыми-зерттеу жұмысы;
Серік Қирабаевтың еліміз егемендік алған кезеңде жазған «Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет» атты зерттеулер мен мақалалар жинағы ғалымның сан жылдардағы ізденісінің жемісі. «Ұлт тәуелсіздігі - әдебиет мұрасы» атты мақаласында ғалым Жанақ ақын, Шортанбай Қанайұлы, Ақан сері, Абай Құнанбайұлы сынды тұлғалар жөнінде ғылыми толымды пікірлер айтуымен ерекшеленеді. Бес жылдай Әдебиет және Өнер институтында «Абайтану» бөлімін басқарған Серік Смайылұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойын өткізуге мұрындық болып, Абай өлеңдерін текстологиялық тұрғыдан талдады. Бұрынғы жіберілген қателіктер түзетіліп, Абай өлеңдері екі томдық академиялық жинақ болып басылып шықты.
Саяси кезеңдер мен түрлі қысылтаяңдарда тура жолды бағыт етіп ұстаған ғалым тұлғасы әдебиеттану ғылымы үшін зор биікте тұр. Қазақ әдебиетінен өз шалқарымды табамын деген ілтипатты шәкірттері мен қарымдас, қатарлас қаламгерлерге ғылым жолы үлгі-өнеге. Ғалымның жүрген жолы, мол мұрасы қызығып қарайтын, ынтамен оқитын сәулелі дүниелер.
Әдебиеттер:
1. Назарбаев Н. Ә. Тәуелсіздік белестері. - Алматы: Атамұра, 2003. - 335 б.
2. Академик Серік Қирабаев және ХХ ғасырдағы әдебиеттану ғылымы: академик Серік Қирабаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған жинақ / жауап. ред. С. А. Қасқабасов. - Алматы: Unigue Service. 2007. -480 б.
3. Тұрысбек Р. С. Парыз бен парасат: Әдеби толғамдар. Зерттеулер. Портреттер - Алматы: Қазақ университеті, 2003. -376 б.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz