«Микроэкономика» пәні бойынша лекциялық курс
Кіріспе 5
Курстың мақсаты мен міндеттері 6
«Микроэкономика» курсы бойынша лекциялық сабақтардың бағдарламасы 7
I модуль. Сұраныс және ұсыныс, олардың өзара байланысы Тұтыну теориясының негіздері.
Тақырып 1. Сұраныс пен ұсынысты талдаудың негіздері 10
Тақырып 2. Сұраныс және ұсыныс икемділігінің теориясы 19
Тақырып 3. Тұтынушы талғамы теориясы 25
Тақырып 4. Өндіріс теориясы 36
Тақырып 5. Өндіріс шығындары 43
II Модуль. Әртҥрлі нарық ҥлгілеріндегі бағақалыптасу
Тақырып 6. Жетілген бәсекелестік нарықтағы ұсыныс 48
Тақырып 7. Монополия 53
Тақырып 8. Монополиялық бәсекелестік 57
Тақырып 9. Олигополия 62
Тақырып 10. Өндіріс факторларының нарықтары 69
Тақырып 11. Нарықтық дәрменсіздік 75
Әдебиеттер 85

Микроэкономика дербес ғылыми пән ретінде ХІХғ. соңғы үш онжылдық- тарында дами бастады. Микроэкономиканың ғылым ретінде қалыптасуын әдет- те экономикалық ой-пікірдің дербес бағыты болып есептелетін маржинализм- нің дамуымен және туынды ұғымына негізделген шекті талдау әдістерінің кеңі- нен қолданылуымен байланыстырады.
«Микроэкономика» термині алғашқы рет 1933ж. Норвегия экономисті Р.Фриштің «Экономикалық экономикада импульстің мәселелері мен таралу мәселелері» атты ғылыми мақаласында кездеседі.
ХХғ.-да микроэкономикалық талдаудың экономикалық қызметтің нақты жағдайларына және нақты тәжірибелік шешімдерді жасау әдістеріне жақындау тенденциялары айқын көріне бастады.
Осыған байланысты, микроэкономика толық емес ақпарат пен капитал салымдарының тиімділігі мен тәуекелді бағалау теорияларымен және функ- ционалды әдістемелермен толығып, пайдалана бастады.

Ф. 7.11-19
ДОСАЛИЕВ Ө.К.
МИКРОЭКОНОМИКА
Микроэкономика пәні бойынша лекциялық курс
.
ШЫМКЕНТ, 2012ж.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТАНДАҒЫ ОҢТҤСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Экономикалық теория кафедрасы
ДОСАЛИЕВ Ө.К.
ШЫМКЕНТ, 2012ж.
ӘОЖ 330.101.54 (083.13)
ББК 65
Досалиев Ө.К.. Микроэкономика.Микроэкономика пәні бойынша лекциялық курс.
Шымкент қ., М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2012 жыл, 88 бет.
Лекциялық курс оқу жоспарының талаптары мен Микроэкономика кур- сының типтік бағдарламасына сай құрастырылған және де курстың тақырып- тарын кеңінен ашу үшін қажетті мәліметтерді қамтиды.
Лекциялық курс барлық экономикалық мамандық студенттеріне арналған.
Лекциялық курста лекциялық сабақты жүргізудің бағдарламасы, жоспары және пайдаланылатын әдебиеттердің тізімі беріліп отыр. Лекциялық сабақтың мазмұндылығын арттыру үшін әрбір дәріс қосымша талқыланатын және бақы- лау сұрақтарымен толықтырылған.
Сарапшылар: Ертаев Е.Ж. - э.ғ.к., Академиялық инновациялық универси-
тетінің Экономика және құқық факультеті- нің деканы
Уразбаева Г.Ж.. - э.ғ.к., доцент, М.Әуезов атын. ОҚМУ Эконо- микалық теория кафедрасының меңгерушісі
Экономика және қаржы факультетінің әдістемелік кеңесі (хаттама № 10 ,
30 05 2012ж.) мен Экономикалық теория кафедрасының мәжілісінде (хаттама № 10 , 15 05 2012ж.) талқыланып, университеттің Әдістемелік Кеңесінде қаралуға ұсынылды.
Әдістемелік нұсқау М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Әдістемелік Кеңесімен баспаға ұсынылды, хаттама № 6 , 9 07 2012ж.
(C) М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2012ж. Баспаға шығаруға жауапты: Досалиев Ө.К.
Кіріспе
Микроэкономика дербес ғылыми пән ретінде ХІХғ. соңғы үш онжылдық- тарында дами бастады. Микроэкономиканың ғылым ретінде қалыптасуын әдет- те экономикалық ой-пікірдің дербес бағыты болып есептелетін маржинализм- нің дамуымен және туынды ұғымына негізделген шекті талдау әдістерінің кеңі- нен қолданылуымен байланыстырады.
Микроэкономика термині алғашқы рет 1933ж. Норвегия экономисті Р.Фриштің Экономикалық экономикада импульстің мәселелері мен таралу мәселелері атты ғылыми мақаласында кездеседі.

Микроэкономиканың басты қарастыратын мәселелері өндірушілер мен тұтынушылар, олардың өндіріс көлемі, сату, сатып алу, тұтыну көлемін қа- жеттілік, баға, шығындар, пайданы ескеріп шешім қабылдауы болып табылады. Жеке мінез-құлық пен жүріс-тұрыстың экономикалық талдауы тұтыну- шылық сұраныс теориясына, сонымен қатар еңбек ұсынысы теориясына негіз- деледі. Фирманың әрекетін талдау ұтымды өндірістік шешімдер қабылдауға
және баға теориясына негізделеді.
Микроэкономиканың негізгі бөлімдері: тұтыну теориясы, фирма теория- сы мен нарық құрылымы, монополия мен бәсеке мәселелері, мемлекет пен жеке сектордың өзарабайланыс мәселелері, еңбек нарығы мен ресурстарды өзара алмастыруды талдау, табысты бөлу мәселелері, жеке және жалпы экономика- лық тепе-теңдік, сыртқы әсерлер мәселесі және қоғамдық игіліктердің оңтайлы өндірісі.
Студенттердің Микроэкономика курсынан алған теориялық білімдерін бекіту үшін әдістемелік нұсқауда тапсырмалар: есептер мен тесттік сұрақтар берілген.
Ұсынылған тапсырмалардың мақсаты - келтірілген есептер мен альтер- нативті нұсқалар сараптамасы негізінде студентке көмек беру, басқару шешім- дерінің оптималды таңдауын қамтамасыз ету және олардың қорытындысын кәсіпорын (фирма), мемлекет және әлемдік масштаб деңгейінде есептеу. Беріл- ген тапсырмаларды шешу үшін студенттерге оқу курсының жекелеген бөлім- дерін ғана емес, арнайы қосымша әдебиеттерді де тереңірек меңгеруді қажет етеді.
Көрсетілген бөлімдер бойынша ұсынылған әдебиеттермен, ақпараттармен жүргізілген жүйелі жұмыс тұрақты дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз етеді, тәжірибелік жағдайларда дұрыс бағыт алуға және талдауға мүмкіндік береді.
Курстың мақсаты мен міндеттері
Микроэкономика - бұл жекелеген экономикалық құбылыстарды, үрдіс- терді, субъектілерді (тұтынушылар, үй шаруашылықтары, фирмалар, нарық үлгілері), олардың қызметін және олардың арасындағы экономикалық қатынас- тарды зерттейтін экономика ғылымының бөлімі.
Бұл ғылым нарық жағдайында экономикалық субъектілердің мінез-құл- қын, жүріс-тұрысын түсінуге негіз болады, сонымен қатар ресурстардың шек- теулі жағдайындағы ұтымды шешім қабылдау тәсілін жасауға көмек береді.
Курсты оқытудың негізгі мақсаты - жекелеген экономикалық бірліктер мен олардың топтары деңгейінде, сонымен қатар олардың өзара және мемле- кеттік өзарабайланысын талдау үшін экономиканың қызмет етуін түсіну үшін - қажетті білімдерді студенттердің алуында болып табылады.
Курстың негізгі міндеттеріне мыналар жатады: экономикалық құбы- лыстарды бейнелеудің каузалды және функционалды әдістемесін (методология- сын) меңгеру және практикалық сұрақтарды шешу үшін теориялық білімді пай- далану бойынша машықтану, сонымен қатар экономикалық талдаудың қазіргі кездегі әдістерін және микроэкономикалық үлгідерді құру және пайдалануды үйрену.
Курстың пререквизиттері: жоғары оқу орнының бағдарламасы көлемінде
Микроэкономика курсын оқуды меңгеру үшін студент экономикалық теория және математикалық талдау бойынша білімдері болуы қажет, ғылыми әдебиет- термен жұмыс жасай алуы керек, ақпараттарды талдай алуы қажет, ғылыми- зерттеу жұмыстарына үлкен мән беріп қарау, сонымен қатар компьютерді пай- далануды үйренуі қажет.
Курстың постреквизиттері: берілген курсты оқу нәтижесінде студенттер экономикалық үрдісстер мен құбылыстарды суреттеу және болжау үшін, соны- мен қатар тәжірибелік ұсыныстарды жасау үшін микроэкономикалық үлгілер мен әдістерді пайдалануды үйренеді.
Микроэкономика курсы бойынша лекциялық сабақтардың БАҒДАРЛАМАСЫ
I модуль. Сұраныс және ұсыныс, олардың өзара байланысы.
Тұтыну теориясының негіздері.
Тақырып-1. Сұраныс пен ұсынысты талдаудың негіздері
Құндылық туралы түсінік және бағалар. Сұраныс. Сұраныс функциясы. Сұраныс көлемі. Сұраныс қисығы. Сұраныс өзгеруі. Сұраныс көлемінің өзгеруі. Сұранысқа әсер ететін факторлар. Тауарлар мен қызметтер ұсынысы. Ұсынысқа әсер ететін факторлар. Ұсыныс қисығы. Ұсыныс өзгеруі. Ұсыныс қисығының өзгерісі. Нарықтық тепе-теңдігінің қалыптасуы. Сұраныс және ұсыныс заңдары. Гиффен парадоксы. Нарықтық тепе-теңдік.
Тақырып-2. Сұраныс және ұсыныс икемділігінің теориясы.
Икемділік туралы түсінік. Сұраныстың бағалық икемділігі. Сұраныс қи- сығының икемділігі. Нүктелік икемділік. Доғалық икемділік. Өте икемді және өте икемсіз сұраныс. Сұраныстың икемділігі және түсім өзгеруі. Сұраныстың бағалық икемділігіне әсер ететін факторлар. Сұраныстыңс қиылысқан бағалық икемділігі. Сұраныстың табыстық икемділігі. Сұраныстың табыстық икемді- лігіне әсер ететін факторлар. Нарықтық тепе-теңдікке салықтың әсері.
Тақырып-3. Тұтынушы талғамы теориясы.
Пайдалылық ұғым. Пайдалылықтың сандық теориясы. Пайдалылықтың реттік теориясы. Шекті пайдалылық. Госсеннің бірінші заңы - шекті пайдалы- лықтың азаю принципі. Тұтынушының пайдалылықты максималдау шарттары. Тұтынушы талғамын максималдау шарты. Госсеннің екінші заңы. Реттіліктің толық және аксиомасы. Транзиттілік аксиомасы. Тойымдылық аксиомасы. Тұтынушының тәуелсіздік аксиомасы. Талғамсыздық қисығы. Талғамсыздық қисықтарының қасиеттері. Бірін-бірі толық ауыстыратын тауарлар үшін алмас- тырудың шекті нормасы (MRS). Алмастырудың кемімелі шекті нормасы. Бюд- жет сызығы. Бюджет сызығының теңдеуі. Бюджет сызығының көлбеуі. Тұты- нушының тепе-теңдік шарты. Бұрыштық тепе-теңдік. Салыстырмалы статика және сұранысты талдау. Баға-тұтынуң қисығы. Нарықтық және жеке сұраныс.
Табыс-тұтынуң қисығын. Сапалы және сапасыз тауарлар. Энгельс қисығы. Кәдуілгі тауарлар, сапасыз тауарлар және Гиффен тауарлары үшін табыс және тұтыну тиімділіктері.
Тақырып-4. Өндіріс теориясы.
Өндіріс туралы ұғым. Өндіріс факторлары. Өндіріс технологиялары. Өн- діріс функциясы және оның қасиеттері. Изокванталар. Изокванталар картачы. Шекті өнімділіктің азаю заңы. Тұрақты және айнымалы өндіріс факторлары. Өндірістің айнымалы факторларының жалпы, орташа және шекті өнімдері. Қысқа және ұзақ уақыт мерзімдері. Орташа және шекті өнім арасындағы байла- ныс. Өндіріс стадиялары. Технологиялық алмастырудың шекті нормасы. Өнді-
ріс факторларының шекті өнімдерінің өзгеруінің MRTS-ке тигізетін әсері. Тех- нологиялар мысалдары. Қолданылатын өндіріс факторларының арасындағы белгіленген пропорция кезіндегі изокванта. Өндіріс факторлары бірін-бірі то- лық алмастыра алатын жағдайындағы изокванта. Кобб-Дуглас функциясы. Тех- нология өзгерісінің изоквантаға әсері. Өндіріс масштабының тиімділіктері.
Тақырып-5. Өндіріс шығындары.
Шығындарң туралы түсінік. Өндіріси шығындары және балама шығын- дар. Айқын және айқынсыз шығындар. Шығындар функциясы. Ұзақ және қыс- қа мерзімдегі шығындар. Бухгалтерлік және экономикалық шығындар. Бухгал- терлік және экономикалық пайда. Кәдуілгі пайда. Изокоста. Шығындарды тө- менгі деңгейге жеткізу шарты. Қысқа уақыт мерзімдегі шығындар. Тұрақты және айнымалы шығындар. Орташа айнымалы, орташа жалпы және шекті шы- ғындар. Олардың арасындағы қатынас. Қысқа уақыт мерзіміндегі барлық шы- ғындар түрінің қисықтары. Шекті шығын мен шекті өнімділік арасындағы байланыс. Изокванталар және ауқымнан әртүрлі берілу мүмкіндігіндегі ұзақ мерзімдегі шығындар қисықтары. Ұзақ мерзіміндегі шекті және орташа шығын- дар. Қысқа және ұзақ мерзімдегі шығындар арасындағы байланыс. Ұзақ мерзім- дегі шығындар қисығының қысқы мерзімдегі шығындар қисығымен ұқсастығы.
II модуль. Әртҥрлі нарық ҥлгілеріндегі бағақалыптасу Тақырып-6. Жетілген бәсекелестік нарықтағы ұсыныс.
Нарық құрылымдарының алуан түрлілігі. Нақты және идеал құрылым- дар. Жетілген бәсекелестіктегі нарық үлгідеріне қойылатын шектеулер. Қысқа уақыт мерзімінде пайданы мейлінше арттыру. Қысқа уақыт мерзімінде шығын- дарды минимадау. Қысқа уақыт мерзімінде шығындарды азайту үшін өндірісті тоқтату. Қысқа уақыт мерзіміндегі фирманың ұсыныс қисығы. Қысқа мерзім- дегі өндіріс саласының ұсыныс қисығы. Қысқа уақыт мерзіміндегі бәсекелес фирманың тепе-теңдігі. Ұзақ мерзіміндегі ұсыныс икемділігі. Тұрақты, өспелі және кемімелі өндіріс шығындары бар өндіріс саласы. Тұтынушы және өндіру- ші ұтымдарына талдау.
Тақырып-7. Монополия.
Монополия түрлерінің алуандығы. Таза монополия. Салаға кіру үшін тос- қауылдар. Монополистің өніміне деген сұраныс. Монополистің шекті түсімі. Монополистің максималды пайда нүктесі. Қысқа мерзімдегі монополиялық тепе-теңдікті графикалық талдау. Сұраныстың бағалық ережесі. Лернер коэф- фициенті. Ұзақ уақыт мерзімінде пайданы максималдау. Бәсекелестік тепе-тең- дік пен монополиялық тепе-теңдікті салыстыру. Монополиялық биліктің әлеу- меттік шығындары. Монополиялық биліктің болуының тиімділігі. Жоғарғы деңгейдегі шектеулі баға орнату. Бағалық дискриминация. Бағалық дискрими- нация үлгісі.
Тақырып-8. Монополиялық бәсекелестік.
Жетілмеген бәсеке және өнімді сараптау. Монополиялық бәсекенің мәні. Монополиялық бәсекенің ерекшеліктері. Монополиялық бәсеке нарығы. Өлi жүк шығындары. Монополияға қарсы экономикалық аргумент. Қысқа мерзім- дегі баға мен өнім көлемін анықтау. Табиғи монополиялар масштабтан өсу қай- тарымы. Бағаның соңғы шегiн орнату. Ұзақ мерзімдегі монополиялық бәсеке- лес фирманың тепе-теңдігі. Жетілмеген бәсеке нарығы. Ұзақмерзімді кезеңде сала ұсынысы. Жеке фирманың мoнoполиялық биліктерін шектеу.
Тақырып-9. Олигополия
Олигополияның негізгі сипаттамалары. Олигополия нарығының ерекше- ліктері. Фирмалардың стратегиялық әрекеттері. Олигополиялық фирмалардың өндірістік шешімдері. Дуополия. Курно үлгісі. Фирмалардың сезіну әсер сы- зықтары. Тепе-теңдік. Олигополияны жетілген бәсекелестікпен және монопо- лиямен салыстыру. Баға белгілеудегі жетекшілік. Штакельберг үлгісі. Тұрлаулы баға және сұраныстың сынық сызығы. Салаға кіруге тосқауыл болатын баға элементтері. Нэш және Парето тиімділіктері. Келісім және картель.
Тақырып-10. Өндіріс факторларының нарықтары.
Өндіріс факторларының нарығындағы сұраныс және ұсыныс. Таауарлар мен қызметке деген сұраныстың туындысы ретіндегі ресурсқа деген сұраныс. Еңбектің ұсыныс қисығы. Ресурстарға деген шекті шығын қисығы. Жұмыс және демалыс арасындағы таңдау. Еңбекақы кемімелі ұсыныс қисығы. Еңбекке деген фирманың сұраныс қисығы. Өндіріс факторларының бәсекелестік нарық- тағы тепе-теңдік. Өндіріс факторларының нарығындағы монопсондық бидік. Моносопия және монополия.
Тақырып-11. Нарықтық дәрменсіздік.
Қоғам игілігі. Экономикалық игiлiктердi жiктеу. Жекеменшік және қоғам- дық игілік. Бәсекеге түспейтін және сатуға шығарылмайтын игіліктер. Таза қоғамдық игiлiктердiң нольдiк бәсекелiгi. Қоғамдық игiлiктерге сұраныс. Шектi қоғамдық пайда. Қоғамдық игiлiктiң оңтайлы көлемi. "Билетсiз адам" пробле- масы. Тепе-теңдік шарты. Қоғамдық талғам теориясы. Лоббизм.
Сыртқы әсерлер. Сыртқы оң және теріс әсерлер. Шекті және қоғамдық тиімділік. Коуз-Стиглер теоремасы. Ассиметриялық ақпараттар. Тұрлаусыздың сапа. Нарық дабылдары. Ассиметриялық ақпараттар мәні.

Тақырып 1. Сұраныс пен ұсынысты талдаудың негіздері.
Дәріс-1. Сұраныс және ұсыныс.
0.1. Сұраныс ұғымы, заңы, қисығы мен функциясы.
0.2. Ұсыныс заңы, қисығы, функциясы.
Сабақтың мақсаты: нарықтық механизмнің негізгі элементтері, заңдылықтары туралы түсі- нік беру; сұраныс, ұсыныс және тепе-теңдік ұғымдарының мәнін ашу, олардың өзара- байланыстарына талдау жасау.
2.1. Сұраныс ұғымы, заңы, қисығы мен функциясы.
Талдаудың принциптерi мен алғышарттарын қолданып, нарықтық меха- низмдi жалпы түрде көрсетуге тырысамыз. Ең алдымен нарықтық категория - сұранысты қарастырамыз.
Сұраныстың ең алдымен сапалық жағын қарастырайық. Сұраныс адам- дардың қажеттiлiгiмен тiкелей байланысты. Бiрақ барлық қажеттiлiктi нарықта ескере алмаймыз. Сондықтан ол төлеу мүмкiндiгi бар қажеттiлiк болуы қажет. Берiлген тұтынушының сұранысы ол алғысы келген қажеттiлiктермен емес, оның берiлген жағдайда сатып алу қабiлетiмен сипатталады.
Сұраныс тұтынушының максималды мүмкiндiктерiмен немесе оның бе- рiлген тауарды сатып алуға берген максималды мүмкiндiктерiмен, немесе оның берiлген тауарды сатып алуға берген максималды төлемiмен анықталады.
Сонымен қатар, сандық жағынан да қарастырсақ болады. Сандық жағынан әр түрлi қағидалар бар, соның бiреуi сұраныс көлемi максималды қажеттiлiктi белгiлi бiр жағдайда берiлген уақытта сатып алумен анықталынады. Бұл анық- тамаға екi түсiнiктеме берiлуi қажет. Сатып алу кезiндегi жағдайлар да сұраныс көлемiне әсер етедi, өйткенi ол тұтынушының қандай ортада тұрып шешiм қа- былдағанын анықтайды. Бұл ортада тұтынушы таңдауына келесi факторлар әсер етедi:
берiлген тауар бағасы (Р);
берiлген тауарды орынбасушы немесе субститут - тауарлар бағасы (p1[s],...,pn[s]);
берiлген тауарды толықтырушы немесе комплиментарлы игiлiктер
m
(p1[с],...,p [с]) бағасы; берiлген тауарды сатып алуға бөлiнген тұтынушы табысы (I);
тұтынушы талғамы мен таңдауы (Z);
жалпы, сыртқы тұтыну жағдайлары (N);
тұтынушы күтiмi (Е).
Факторлар жиынтығының сұраныс көлемiне әсер етуiн, жоғарыда келтi- рiлген белгiлеулердi қолдана отырып талдауға өте аламыз.
Сұраныс функциясы деп сұраныс көлемiнiң берiлген факторлар ша- масына тәуелдiлiгiн айтамыз:
Q[D]=f(P, P1[s],...,Pn[s],P1[c],...,Pm[c], I,Z,N,E)
Сұраныс функциясы арқылы айнымалылардың арасындағы тәуелдiлiктi олар белгiсiз болса да анықтауға болады, бұл байланысты келесi функционалды формада көрсете аламыз:
P↓ -- Q[D] ↑
Сұранысқа әсер етушi фаркторлар тiзiмiн ұлғайтсақ та болар едi. Бiрақ кел- тiрiлген факторлар жиынтығы практикада ұзақ есептеу үшiн жеткiлiктi. Нақты түрде, бұл қалған факторлар тұрақты болған кезде қолданылады. Шектi жағ- дайда сұраныс көлемi мен тауар бағасы арасындағы тәуелдiлiктi келесi түрде көрсетемiз:
Q[D] = f(P)
Бұл тәуелдiлiктi кесте немесе график түрiнде статистикалық көрсеткiш нәтижесiнде құруға және дәлелдеуге болады:
Тауар бағасы
10
20
30
40
50
60
70
Тауар саны
90
80
70
60
50
40
30
Сұраныс функциясын анықтаудың әртүрлi жолдарында олардың барлы- ғына ортақ бiр қасиет бiрiктiредi: баға өсумен (басқа факторлар тұрақты) тұты- нушы сатып алуға қабiлеттi тауар саны азаяды және керiсiнше бұл керi тәу- елдiлiк сұраныс заңы деп аталады.
Осы график арқылы көрсететiн сұраныс қисығы керi иiлiс түрiне ие болады (1.1-сурет):
D
Р
Р1
0
Q 1.1-сурет
Q1
d
Сонымен қатар баға мен сатып алу санын керi бағытта қарастыруға бола- ды. Осы жағдайда сол қисық графикте келесi жағдайды көрсетедi: берiлген тауар санына тұтынушы қандай ең максималды бағаны төлеуге дайындығы (1.2-сурет): P
P1
0 Q1 Q
6.2 -сурет
Керi тәуелдiлiктi көрсету үшiн бағандардың баға мен тауар саны орнын өзгерту қажет, мысалы:
Тауар саны
90
80
70
60
50
40
30
Тауар бағасы
10
20
30
40
50
60
70
Аналитикалық формада мұндай керi байланыс сұраныстың керi функ- циясы арқылы көрсетуге болады:
P[D]=h(Q)
Бұл керi тәуелдiлiк кемiмелi: сатып алу баға өскен сайын азаяды. Сұраныс функциясының түзу және керi байланыстарын келесi сызықтық тәуелдiлiк ар- қылы көрсетуге болады:
Q[D]=a - b*P; b*P[D] = a - Q; P[D] = ab - (1b)*Q
Сонымен қатар сызықтық емес сұраныс функциясын келесi түрде көрсе- темiз:
Q[D] = KP; P[D]*Q = KQ;
Тiгiнен және көлденеңнен график осьтерiнiң сұраныс қисығымен қиылы- суы қаншалықты тұтыну тегiн болса да, ол да шектеулi, яғни аз алынатын- дығын қарастырады (немесе керiсiнше максималды баға кезiнде, одан жоғары бағаға тұтынушы тауар алмайды).
Егер тауар бағасы өзгерсе, онда өзгерiс сызық бойынан жылжиды. Егер де басқа факторлар - басқа тауарлар бағасы, табыс, талғам өзгерсе, онда қисық сызықтың өзi толығымен жылжиды. Яғни сызық бойымен және сызықтың өзi- нiң жылжыуын ажырата бiлу қажет, және ол сұраныс көлемiнiң өзгерiсi және сұраныс өзгерiсi деп аталады.
2.1. Ұсыныс заңы, қисығы, функциясы.
Ұсынысты талдауды сапалық жағынан қарастырамыз. Берiлген тауарды шығару және нарыққа апару жеткiлiктi емес.
Ұсыныс экономикалық субъектiнiң өндiрген тауарын нарықта сату келi- сiмiн алғанда ғана пайда болады. Ұсыныс көлемi белгiлi бiр жағдайға байла- нысты сатуға дайын максималды тауар санымен анықталынады.
Ұсыныс көлемi де уақытқа байланысты анықталынады. Сондықтан берiл- ген ұсыныс көлемi қай уақытқа арналған соны бiлуiмiз қажет. Сонымен қатар, ұсынысқа әсер етушi факторлар да маңызды роль атқарады.
Сатушы таңдауына әсер етушi факторлар келесiлер:
тауар бағасы (Р);
субститут (орынбасушы) тауарлар бағасы (p1[s],...,pn[s]);
m
комплиментарлы (толықтырушы) тауарлар бағасы (p1[с],...,p [с]); өндiрiс шығындары, оған өндiрiс технологиясы, қажеттi ресурстар мен олардың бағасы кiредi (С);
салықтар және субсидиялар (Т);
өндiрiстiң жалпы, сыртқы жағдайлары (N');
өндiрушiлер күтiмi (Е').
Ұсыныс функциясы осы, факторларға ұсыныс көлемiнiң тәуелдiлiгiн си-
паттайды:
n
1
Q[S] = f(P, P1[s]...P [s], P [c]...P
c, С, Т, N', E')
m
Сұраныс функциясына сәйкес бiрiншi фактордан басқа факторларды тұ- рақты деп санасақ, онда ол формуланы келесi түрде қысқартып көрсете аламыз: Q[S] = f(P);
Ұсыныс көлемi мен тауар бағасы арасындағы тәуелдiлiктi кесте, график түрiнде көрсете аламыз. Ұсыныс кестесi келесi түрде болады:
Ұсынылған тауар бағасы
10
20
30
40
50
Ұсынылған тауар саны
350
450
600
800
1050
Барлық зерттеулердi қорытындылай отырып (басқа факторлар тұ-рақты болса) тауар бағасы өскен сайын, сол уақытта ұсыныс көлемi ұлғаяды. Бұл тура тәуелдiлiк ұсыныс заңы деп аталады.
Графикте (1.3-сурет) көрсетiлген ұсыныс қисығы оң иiлу түрiнде болады.
Ұсыныс функциясын қарапайым түрде келесi сызықтық формада көрсетемiз:
Q[S] = a + b * P
мұндағы: а және b - баға мен ұсыныс қисығы байланысының параметрлерi және ол статистикалық есептеулер арқылы анықталған.
Сызықты емес формада дәрежелiк тәуелдiлiк қолданылады:
Q[S] = a + b * P[а]
Графикте көрсетiлген ұсыныс қисығын керi тәуелдiлiк арқылы анықтауға болады, яғни сатушы сатуға келiскен белгiлi бiр тауар санына минималды бағаға келiскен төлемдi көрсетедi (1.4-сурет).
S
P
P1 0
Q1 Q
6.2 -сурет
P P1
S
1
0 Q Q
1.4. сурет
Бұл байланысты төмендегi кестеде тауар бағасы мен оның саны орна- ласқан бағандардың орнын ауыстыру арқылы көруге болады, мысалы:
Тауар саны
350
450
600
800
1050
Тауар бағасы
10
20
30
40
50
Аналитикалық формада бұл сатушы келiскен төменгi минималды баға мен тауар саны арасындағы байланысты керi ұсыныс функциясы арқылы көрсе- темiз: P[S]=g(Q)
Бұл керi байланыс ұлғаймалы тауар саны ұлғайған сайын, минималды ба- ғасы да өседi, өйткенi салыстырмалы шығындар ұлғаяды. Түзу және керi ұсы- ныс функциялары арасындағы байланысты келесi сызықтық тәуелдiлiк арқылы көрсетуiмiзге болады:
Q[S] = a + b*P; b*P[S] = Q - a; P[S] = (1b)*Q - ab.
Талқылауға арналған сұрақтар.
Тұжырымдардың дұрыстығын бағалаңыздар:
1. Адам қажеттiлiгi шексiз, ал ресурстар шектеулi;
2. Экономика не, қалай және кiм үшiн деген сұрақтарға жауап бередi;
3. Экономикалық теорияның басты мақсаты кәсiпкерлiк қызметтен пайда көру;
4. Микроэкономика жалпы елдiң экономикасын зерттейдi;
5. Экономика талдаудың ғылыми әдiстерiн пайдаланбай, нақты ғылым бола алмайды;
6. Өндiрiстiң мүмкiншiлiк шегiн қосымша өндiрiс факторларын тарту мен ресурстарды тиiмдi пайдалану арқылы кеңейтуге болады;
7. Нарықты экономикада кiмде табыс көп солар тауарды көбiрек сатып ала алады.

Дәріс-2. Нарықтық тепе-теңдік пен теңсіздік.
7.1. Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы.
7.2. Нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасу механизмдері.

2.1. Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы.
Тауар бағасы өзгерген кезде, соған сәйкес сұраныс функциясы мәнi де өзгередi; сұраныс шамасы басқаша болады және нарықты коньюктураның ка- тысты нүктесi бiздiң графикте сұраныс қисығы бойымен белгiленедi. Таблицада сұраныс көлемi мен баға парынан басқасына өтемiз. Егер де сұраныс өзгерiсi басқа факторларға байланысты болса, онда ол сұраныс функциясын толығымен өзгертедi.графикте ол сұраныс қисығын солға - төмен немесе оңға - жоғары жылжытады. Соған сәйкес таблицаны қайта жазу қажет болады. Мұндай өзге- рiстердi, яғни сұраныс өзгерiсi мен сұраныс көлемiнiң өзгерiсiн ажырата бiлу қажет.
Ұсыныста да осындай жағдай қалыптасады, яғни тауар бағасы өзгерсе, онда ұсыныс функциясы да өзгередi. Баға өссе ұсыныс ұлғаяды, онда нарық коньюнктурасының нүктесi сызық бойымен жылжиды. Баға мен ұсыныс көлемi бiр пардан екiншiге ауысып отырады.
Егер де ұсынысқа бағадан басқа факторлар әсер етсе, онда ол ұсыныс қи- сығын толығымен жылжытады. Ұсыныс ұлғаюы, оның оңға-төмен жылжуын көрсетедi, ал ұсыныс азаюы қисықты солға-жоғары жылжытады.
Соған сәйкес ұсыныс кестесiн де қайта жазу қажет. Егер бұл байланыстар- ды схема түрiнде көрсетсек, онда бiзде келесi тiзбек пайда болады.
Жалпы ереже бойынша, егер айнымалылар берiлген функция сипаттама- ларының бiреуiнен пайда болса, онда осы функцияның мәнiнiң бiреуi басқа- сымен алмастырылады. Ал егер нақты түрде ескерiлмеген фактор өзгерсе, онда берiлген функциямен қамтылған шамалардың барлық байланысын жаңадан анықтау қажет.
S
A IV
II
I
Б
В
D
III
Е
Жоғарыда талданған сұраныс және ұсыныс функцияларының әрқайсысы берiлген тауар нарығының өзiнiң бөлек жағын сипаттайды. Берiлген нарық қалай жұмыс iстейдi, және осының нәтижесiнде нарықтық бағамен сатылатын тауар саны қалай белгiленетiнiн түсiну үшiн келесi кезеңде бiз сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысын қарастыруымыз керек. Бұл үшiн сұраныс қи- сығының графигiн ұсыныс қисығының графигiне беттестiремiз. Берiлген талдау кезiнде тiкелей де, керi де функцияларды қолдануға болатынын атап өтейiк. Егер бiз сұраныс пен ұсыныстың керi функцияларын таңдап алсақ, онда сұра- ныс қисығы тұтынушылардың қандай максималды бағамен (сұраныс бағасы) тауарлардың әрбiр берiлген санын сатып алуға дайын екенiн көрсетедi, ал ұсы- ныс қисығы өндiрушi қандай максималды бағамен (ұсыныс бағасы) тауардың әрбiр берiлген санын сатуға мүмкiндiгi барын көрсетедi. 2.6-сурет.
P PA
PB
P* PБ
QБ Qв QА Q* Q
1.5- сурет
Сондықтан осы қисықтардың әрқайсысы (1.5-сурет) нарықтың кеңiстiктiң мәнi жағынан қарама-қарсы бөлiкке бөледi: графикте сұраныс қисығынан жоғары орналасқан бағаларға тұтынушылардың қолы жетпейдi, ал ұсыныс қисығынан төмен орналасқан бағалар өндiрушi лердi құлдырауға апарады.
Сонымен бiрге өздерiне максималды бағадан төмен бағада сатып алушылар ынталанады, жеке, дәл осы сияқты сатушылар да өздерiне минималды бағадан жоғары бағаны қалайды. Осының нәтижесiнде нарық кеңiстiгi 4 секторға бө- лiнiп тұрады.Оларды кезегiмен қарастырайық.
I бөлiкте сатып алушылар үшiн максималды бағадан жоғары және сату- шылар үшiн минималды бағадан төмен бағалар орналасқан. Бұл шарт ешкiмге қолайлы болмайды, сондықтан осы сектор берiлген нарықтың "өлi аймағы" болып табылады.
II аймақта сатушының бiр жаңты қызығушылығы айқын көрiнедi. Бұл сатудың мүмкiндiк аймағы, бiрақ тауардың осы бағамен осындай мөлшерiн сатып алу мүмкiн емес.
III аймақтағы көрiнiс керiсiнше тауардың берiлген санының бағасының төмен болуы сатып алушыға тиiмдi. Жоғарыдағы 3 аймақ та берiлген нарықта сату-сатып алу болмайтын жағдайды сипаттайды.
Тек IV аймақ - бұл сатушылармен сатып алушылардың қызығушылығы сәйкес келетiн аймағы. Бұл жерде сату да, сатып алу да мүмкiн. Осы сектордың әрбiр нүктесi сату, сатып алудың мүмкiн болатынын шартын көрсетедi. Мы- салы, сұраныс қисығындағы А мүшесi берiлген нарықта берiлген тауардың QA мөлшерiн PA бағасымен сатуға, сатып алуға болатынын көрсетедi. Осыған ұқсас, ұсыныс қисығындағы Б нүктесi тауардың QБ мөлшерiн PБ бағасымен сатуға, сатып алуға болатынын көрсетедi.
Осы екi шарттың айырмашылығы келесi: бiрiншi жағдайда сатып алушы өз мүмкiндiктерiнiң шетiнде болады (экономикалың әдебиетiне осындай жағдай өз шарттарын жүзеге асырушы "сатушы нарығы" деп сипатталады). Әрине, егер берiлген нарықтағы күштердiң өзара қатынасы бiр жақтың айқын басымдығы туралы айтқызбаса, онда нарықтың конъюнктура сұраныс және ұсыныс қисық- тарының арасында жатқан В нүктесiмен берiлуi мүмкiн, яғни сауда РВ баға- сымен QB көлемiнде болады.
Келiсiмдердiң нақты параметрлерi берiлген нарық субъектiлерi күштерiнiң өзара қатынасына ғана байланысты емес, басқа да факторларға, мысалы, қаты- сушылардың ақпараттану деңгейiне немесе нарықтық қатынастарға араласу деңгейiне (әкiмшiлiк экономикада көптеген кәсiпорындар шикiзатқа шығындар- ды көбейтуге ұмтылатын, себебi олар есептi жалпы көрсеткiштердi ұлғайтатын) байланысты. Сонымен VI аймақ берiлген нарықтағы мүмкiн болатын жағдай- ларды сипаттайды, бiрақ олардың басым көпшiлiгi нарық шарттарының норма- сынан ауытқуына, кемшiлiктерiне жатады. Осындай жағдайлар көбiнесе сатып алушыларды дискриминациялауға мүмкiндiк беретiн ауыспалы экономика немесе нарықтық экономикалық билiгi күштi мемлекеттерде болады. Бұл жердегi сұраныс және ұсыныстағы бағалар мен көлемнiң сәйкестiгiн тұрақты деп айтуға болмайды, себебi ең болмағанда бiр жақтың қалыптасқан жағдайда өзгертуге ынтасы бар.
3.1. Нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасу механизмдері.
Нарықтың тұрақты жағдайы, тек бiр ғана нарықтық конъюнктура, графи- гiмiзде Е нүктесiмен, сипатталатын кезде мүмкiн. Бұл нүкте сұраныс пен ұсы-
ныс қисықтарының қиылысында жатыр. Сонда тауардың берiлген көлемi Q* кезiнде сатып алушылардың тауар үшiн бере алатын максималды бағасы (сұ- раныс бағасы Р[D]) және сатушылардың тауарды сата алатын минималды баға- сына (ұсыныс бағасы P[S]) сәйкес келедi, яғни бұл нарықта бiрыңғай тұрақты P* тепе-теңдiк бағасы орнатылып, тауардың Q* тепе-теңдiк мөлшерi осы баға- мен сатылатынын бiлдiредi (1.6-сурет).
Аналитикалық түрде, сұраныс және ұсыныстың керi функцияларын қол- дана отырып, мұны:
деп жазуға болады.
P[D](Q*)=P[S](Q*)=P*(Q*)
Осы жерде екi жақ та қалыптасқан жағдайды өзгерткiсi келмейтiнiн атап өткен жөн. Бағаның тепе-теңдiктен төмен түсуi тек сатушыларға ғана емес, сатып алушыларға да тиiмсiз, себебi ұсынылатын тауарлар саны азаяды, ал бағаның тепе-теңдiк деңгейiнен жоғары өсуi сатып алушыларға ғана емес, сатушыларға да тиiмсiз, себебi сатылатын тауар көлемiн азайтады. Сонда баға- ның тепе-теңдiктен аталған ауытқулары кезiнде берiлген нарықтық жүйенiң өзiнде оны бастапқы қалпына қайта келтiретiн күштердiң туындайтынын көре- мiз.
Тепе-теңдiк тауар көлемiнiң Q* айналымдағы тауар мөлшерiнiң ауытқуы кезiнде берiлген нарықтың iс-әрекетi дәл осындай болады: оның асып кетуi бағаның төмендеуiне әкеледi, және сатушылардың өздерiне тиiмсiз болады, ал тауардың жетiспеуi бағаның өсуiне ықпал етедi және сатып алушыларға тиiмсiз болады. Аналитикалық түрде сұраныс пен ұсыныстың тура функциялары үшiн берiлген P* тепе - теңдiк бағасы кезiндегi сұраныс көлемiнiң Q[D] ұсыныс көле- мiне Q[S] теңдiгi келесiдей түрде жазылады:
Q[D](P*)=Q[S](P*)=Q*(P*)
Бұл Q* және P* параметрлердегi қалыптасқан нарықтық тепе-теңдiк тұ- рақты байланысты бiлдiредi (сатушылар мен сатып алушылардың iс-әрекеттерi өзгерiп, оларды сипаттайтын сұраныс және ұсыныс қисықтары графиктегi орын өзгерткенге дейiн).
Тепе-теңдiктi сатушылардың да, сатып алушылардың да жоспарларының жүзеге асуы ретiнде қарастыруға болады.
1.6-сурет нарықтық тепе-тедiктiң тек бiреу ғана болатынын көрсетедi (бұл жерде нарықтық сұраныс сызығы DD нарықтық ұсыныс сызығымен SS коорди- наталар Q* және P* болатын жалғыз E нүктесiнде қиылысады).
Ендi нарықтық тепе-теңдiк параметрлерiн анықтау үрдісiн қадағалайық. Ең алдымен бiз нарықтың әрқашан тепе-теңдiкте бола бермейтiнiн анық түсiнiп алуымыз керек. Мысал ретiнде өзiмiздiң жүрiс-тұрысымызды қарастырайық. Бiз қозғалысты бастамай тұрғанда тепе-теңдiкте болатынымыз анық. Сонан соң, бiз сәл еңкейiп өзiмiздi тепе-теңдiктен шығарамыз. Шын мәнiнде бiз құлай бас- таймыз, бiрақ аяғымызды алға басып, оған сүйенгенде бiз құлауды тоқтатып жаңа тұрақты қалыпқа өтемiз. Бiз бiрiншi қадамды осылай iстеймiз, содан кейiн бәрi қайталанады. Нәтижелей отырып, бiздiң жүрiсiмiздегi бiрiн-бiрi қайталай- тын тепе - теңдiк жағдайлардың қатары жеке бiр тұрақты жағдайдан келесi
тұрақты жағдайға өту деп айта аламыз. Дәл осылай нарықта көрiнiс алатын үрдістердi де сипаттауға болады. Бұл кезде талдауда негiзгi көңiлдi нарықтың периодты түрде орын алатын жағдайларға бөлемiз және оларды бiр-бiрiне салыстырамыз. Қарастырудың осындай тәсiлi салыстырмалы статика деп аталады.
D
S
E
D
S
P
P*
0 Q* Q
1.6-сурет
Талқылауға арналған сұрақтар.
Тұжырымдардың дұрыстығын анықтаңыздар:
а) Сұраныс қисығы бағаның өсуi кезiнде сұраныс көлемiнiң өсуiн көрсетедi. ә) Ұсыныс қисығының оңға жылжуы өндiрушiлердiң әр бiр баға деңгейiнде
өнiм көлемiнiң көп санын ұсынатындығын бiлдiредi.
б) Егер қандай да бiр тауарға баға тұрақты болса, онда ол сұраныс пен ұсы- ныс қисығының қиылысу деңгейiнде орнатылғандығын бiлдiредi.
в) Егер үкiмет бағаның өсу деңгейiнiң жоғары шегiн орнатса, онда берiлген тауарға сұраныс пен ұсыныс көлемi әрқашан тең болады.
г) Ресурсқа бағаның кез-келген өзгерiсi сұраныс пен ұсыныс қисығының тепе-теңдiк нүктесiнiң сұраныс қисығының бойымен жоғары немесе төмен жылжуына әкеледi.
ғ) Тұтынушылық табыстың өсуi барлық тауарға сұраныстың өсуiне әкеледi. д) Егер нарықтық баға тепе-теңдiк деңгейiден төмен болса, онда ол төмендей
бастайды, себебi мұндай жағдайларда сұраныс төмендеп, ал ұсыныс өсе бас- тайды.
е)Тауарға бағаның төмендеуi оның субститут тауарға сұранысының өсуiне әкеледi.
Қосымша бақылау сұрақтары:
1. Негізгі экономикалық түсініктер: микро-, мезо-, макро- және мегаэко- номика. Экономикалық үлгі (модель).
2. Экономикалық қызметтерді ұштастырудағы экономикалық жүйелер.
3. Экономикалық талдау және үнемдеу мәселелері.
Тақырып 2. Сұраныс және ұсыныс икемділігінің теориясы.
3.1. Икемділік ұғымы, оның мәні мен коэффициенті.
3.2. Сұраныстың баға, табыс және қиылысқан икемділігі. Ұсыныс икемділігі.
3.3. Икемділікті микроталдауда қолдану.
Сабақтың мақсаты: икемділік ұғымының мәнін ашу, оның түрлері мен қасиеттерін тал- дау; сұраныс және ұсыныс икемділіктерінің нарық заңдылықтарында қолданылуын талдау.
3.1. Икемділік ұғымы, оның мәні мен коэффицтенті.
Сұраныс пен ұсыныстың өзгермелi нарық жағдайларына бейiмделу қабi- летi икемдiлiк деп аталады.
Бiзге белгiлi, өзгермелi жағдайларға жауап реакция қарқындылығы әр түрлi бола алады. Мысалы, тауарға деген нарықтық бағаның өзгерiсiне әр түрлi сатып алушылар мен өндiрушiлер әр түрлi жауап беруi мүмкiн. Тұтынушылар мен өндiрушiлердiң қандай да бiр жағдайлардың өзгерiсiне сезiмталдығын зерт- теу жалпы нарықтық реакциясын болжауға мүмкiндiк бередi. Экономикалық есептеулер жүргiзгенде, әсiресе өндiрушiлер мен тұтынушыларға қажеттi бол- жамдар жүргiзу кезiнде, тауарға қажеттiлiк өте жиi туындайды және ол жерде сұраныс пен ұсыныстың жалпы көрiнiсiн айыру оңай емес, бiрақ нақты жағ- дайда сұраныс өзгерген кезде бақылау жүргiзу қажет.
Бiрақ, барлық үлгідердiң мақсаты экономикалық өзгерiстердiң бiр-бiрiмен байланысын бiлу және басқа да факторларға әсер етуi және олардық экономи- калық өзгерiсiн түсiндiру болып табылады. Бұл жерде экономикалық көрсет- кiштiң және онын факторларынын өзгерiске қаншалықты сезiмтал екенiн тү- сiндiру қажет.
Икемділікті талдауды алдыменен баға мен сұраныс көлемi арасындағы байланыстан бастайсыз.
Баға бойынша сұраныс икемдiлiгi деп - бұл тауарға сұраныс көлемiнiң пайыздық өзгерiсiнiң, басқа да жағдайлар бiрдей болғанда, оның бағасының берiлген пайыздық өзгерiсiне қатынасы.
Сұраныс икемдiлiгiнiқ үш түрiн ажыратады, ол: икемдi, икемсiз және бiрлiктi икемдiлiк.
Икемдi сұраныс - бұл сұраныс көлемiнiң өзгерiсi бағаға қарағанда көбiрек пайызға өзгеретiн жағдайды айтамыз (2.1-сурет). (1EP )
Икемсiз сұраныс - бұл сұраныс көлемiнiң өзгерiсi бағаға қарағанда азырақ пайызға өзгеретiн жағдайды айтамыз (2.2-сурет). (0EP1)
Бiрлiк икемдi сұраныс - бұл сұраныс көлемi мен баға өзгерiсiнiң бiрдей пайызға өзгеретiн жағдайды айтамыз (2.3-сурет). (E=1)
Бiрақ, кей жағдайларда сұраныс бағаның кез-келген үлкен өзгерiсiне өте икемсiз, немесе керiсiнше өте икемдi болуы мүмкiн.
Өте икемсiз сұраныс кезiнде сұраныс қисығы көлденең болып келедi (Ed=0) (2.4-сурет), ал өте икемдi сұраныс кезiнде қисығы тiк болып келедi. (E1= ) 2.5-сурет).
d
P P
50 50
30 30
30 60 Q
1.1 -сурет. Икемді сұраныс.
d
P 50 10 20 30 40 50 Q
1.2 -сурет. Икемсіз сұраныс.
d
P
30
30 50 Q 50 Q
1.3 -сурет. Бірлік икемді сұраныс. 2.4-сурет. Өте икемсіз.
d
Q
P 50
3.5 -сурет. Өте икемді сұраныс.
3.2. Сұраныстың баға, табыс және қиылысқан икемділігі. Ұсыныс
икемділігі.
Сұраныс икемдiлiгiн талқылаған кезде оған дәл сандық баға беру қажеттi- лiгi де туындайды. Сұраныс теориясында үш түрлi икемдiлiк коэффициентi пайдаланылады, олар:
1) Бағалық икемдiлiк коэффициентi.
Сұраныс көлемінің пайыздық өзгерісі
E P ----------------------------------- ----------------=
(Q2 Q1 ) (Q1 Q2 ) = Q P
2
1
1
2
d
Бағаның пайыздық өзгерісі
(P P ) (P P ) P Q
2) Табыстық икемдiлiк коэффицентi
E P
Сұраныс көлемінің пайыздық өзгерісі Q I
d
Табыстың пайыздық өзгерісі
= I * Q
3) Қиылысқан икемдiлiк коэффицентi
Qda * Pb
E =
Qda * Pb
dab
Qda
Pb
Pb
Qda
Дәл солай талдаудың сезiмталдығына байланысты у = f(х) функциясымен берiлген, екi тәсiл бар:
1) Өсушi тәсiл: тәуелсiз айнымалы х өзгерiсi кезiнде у функциясы мағы- насы қалай өзгередi. Бұл тәсiл келесi байланыстарды қарауды қажет етедi:
фактордың өсуi ( х) iзделген көрсеткiштiң өсуi ( у).
Абсолюттi сезiмталдықтың шегiн, функцияның өзгеру жылдамдығы деуге болады. Сол нүктедегi функцияның шегi туынды деп аталады.
2) Қарқынды тәсiл: бiр процентке тәуелсiз айнымалының өзгерiсi кезiнде, функция мәнi қанша процентке өзгередi. Бұл тәсiл келесi байланыстарды көрудi қажет етедi. Факторлардың қарқында өсуi (% х) iздестiрiлген көрсеткiштiң өсу қарқыны (% у).
Туындының сипаттамасын еске түсiрейiк у=f(х) функциясы берiлген бол- сын және екi аргумент мәнi Х0 және Х1. Олар функцияның екi мәнiне сәйкес келедi, У0=f(Х0) және У1=f(Х1). Х=Х1 - Х2 аргументтiнiң өсуi болып, ал
F(x)
у
х
1 0 1 0 функцияның өсуi болады. Осы шамалардың геоме- триялық интерпретацияcының өсуi 2.6-суретте көрсетiлген. У У1
У0
0 х0 х1 Х
2.5 -сурет
Бiз егер
y x
қатынасын анықтасақ Х айнымалының өзгерiсiнiң у айны-
малыға абсолюттi сезiмталдық дәрежесiн өлшей аламыз. Мұндай сезiмтал- дықты анықтаудың кемшiлiгi ол аргументтiң өзгерiсi бастапқы қарастырыла- тын Х0 нүктесiне ғана емес, сонымен қатар жылдамдығы анықталатын Х интервалы шамасына да қатысты екендiгiнде. Осы кемшiлiктi жою үшiн туын- ды түсiнiгi енгiзiледi. (нүктедегi функция өзгерiсiнiң жылдамдығы). Нүктедегi функция өзгерiсiнiң жылдамдығын анықтауда Х0 және Х1 нүктелерi жақындап, соның салдарынан Х интервалын нольге жақындатады. Х0 нүктесiндегi (х)
функциясы өзгiрiсiнiң жылдамдығын Х0 нүктесiндегi f(x) функциясының туын- дысы деп атайды. Х нүктесiндегi у=(х) функциясының туындысын f * (x),y * (x) деп белгiленедi.
df (x) ; dy
dx dx
Бұл екі белгілер тең. Туынды табу операциясы функцияны дифференциал- дау деп аталады.
Егер сұраныс заңында нақты тауарға сұраныстың және бағалық шаманың өзгеруi әртүрлi бағытталған болса, сонда бағалық сұраныстың икемдiлiк коэф- фициентi терiс шама болады. Талдаудың қарапайымдылығы үшiн кейде "минус" белгiсi түспейдi. Бұл жағдайда абсолюттiк шама икемдiлiк коэффици- ентiнiң модулiне қатысты болады Е. Икемдiлiк коэффициентiнiң абсолюттiк шамасы 0 - ден шексiздiкке дейiн өзгеруi мүмкiн, бiрақ басты шегi бiр болады. Бастапқы баға өзгерiсiнен сұраныс көлемi аз болса онда Е1 дәрежелi өзге- рiсте, бiз тауардың икемсiз сұранысын қарастырамыз. (2.2-сурет). Бiрлiк икем- дiлiк кезiнде (Е=1) бастапқы импульс және жауапты реакция қатысты шамада дәл келедi. (2.3-сурет) Егер Е1 онда икемдi тауар сұранысын айтуға болады. Бiр жағынан нөлдiк икемдiлiк шектi жағдай болып табылады және онда өте икемсiз сұраныс (ұсыныс) болып ол тiк сызық түрiнде болады (2.7-сурет)
P
P
2.6 -сурет
Q Басқаша бұл шексіз икемділік.
Q
2.7 -сурет
Бұл жағдайда шектi сұраныс (немесе ұсыныс) тек горизонтальды болады.
2.1. Икемділікті микроталдауда қолдану.
Жоғарыда айтылғандай бiзге икемдiлiктiң әртүрлi коэффиценттерi ғылым және практикалық экономиканың қызметiнде кеңiнен қолданылатынын бiлемiз. Олар экономикалық жағдайлар мен үрдістердiң арасындағы байланыстарды нақты сандарға көшiруге көмектеседi. Икемдiлiк көрсеткiшiнiң тiкелей қолда- нылуы микроанализдегi басқа да бағыттарға жиi тартылады. Экономикалық шешiмдi қабылдау кезiнде жиi кездесетiн түйiндi мәселелердiң бiрi - ол сату- шының белгiлi тауар бағасы өзгерткендегi кiрiсi (тұтынушы шығындары) өзге- руi болып табылады. Ол нарықтың келiсiмiнiң қатысушыларының өмiрлiк қызығушылығына тiкелей әсер етедi.
Кiрiс (R) сатылған тауарлар саны мен оның бағасының көбейтiндiсiнен анықталады: R=P*Q
Бiзге белгiлi болғандай R функциясын оның Р аргументi өскенде оның көбейтiндiсiнiң таңбасымен анықтауға болады (егер көбейтiндi оң болса, онда
функция өседi, ал егер терiс болса кемидi). Егер бiз Q-дiң сұраныс функциясы екенiн еске түсiрсек (Q[д]=f(p)), онда түсiмнiң өсуi немесе кемуiн анықтау функ- цияның туынды көбейтiндiсiнiң таңбасымен анықтау жеткiлiкті.
R P *Q P * f ( p) :
R dR dP d(P *Q) (dP (dP *Q dQ * P) dP (dP dP) *Q (dQ dP) * P
Q (dQ dP) * P Q (dQ dP) * P * (Q Q) Q * (1 (dQ dP)) * (P Q) Q *(1 E)
1. Икемсiз сұраныс: Е 1; Е -1; (1+Е) 0 және R 0. Баға өскенде түсiм ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz