«Бастапқы есеп және құжат айналымы» пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныс


Ф. 7. 03-03
«Бастапқы есеп және құжат айналымы» пәннің оқытылуы бойынша
әдістемелік ұсыныс
Шымкент, 2016 ж.
Пәннің оқытылу бойынша әдістемелік ұсыныс «Бастапқы есеп және құжат айналымы» пәннің оқу бағдарламасына сәйкес жасалынды «Есеп және аудит» кафедрасының мәжілісінде талқыланып бекітілді
Хаттама №1. «31» 08. 2016ж
Кафедра меңгерушісі
1 Жалпы сипаттама
Кредиттік оқыту жүйесі- жекелеу, оқу процесін регламенттеу шеңберінде білім беру траекториясын таңдауға болатын өз бетінше білім алу деңгейін көтеруге және білімді шығармашылықпен игеруге және білім көлемін кредит түрінде есепке алуға бағытталған білімберу жүйесі.
Кредиттік оқыту жүйесі ұлттық білім беру бағдарламасын халықаралық деңгейде мойындауын қамтамасыз етуді, білім алуды ұйымдастыратын студенттер мен профессор-оқытушылық құрамның мобильділігіне жағдай жасау, сонымен қатар білімберу сапасын көтеруді мақсаттайды.
Кредиттік жүйені қолданып оқу процесін ұйымдастырудың басты міндетіне:
• Білім деңгейін унификациялау;
• Оқуды максимальды жекелеуүшін жағдай жасау;
• Білім алушылардың өз бетінше жұмысының ролі мен тиімділігін күшейту;
Кредиттік оқыту жүйесі ұсынады:
• Оқытудың интерактивті әдістерін қолдану;
• Білім беру бағдарламасын игеруде студенттердің өзіндік жұмысын активтеу;
• Оқу процесін барлық қажетті әдістемелік материалдармен қағаз күйінде және электрондық тасымалдағышта қамтамасыз ету;
• Оқу сабақтары активті шығармашылық формаларда (кейс-саты, іскерлік ойындар, тренингтер, пікір таластар, дөңгелек столдар, семинарлар және т. б. ) өтілуі керек;
- Әр пән бойынша оқытушыға және білім алушыға жұмсалған еңбегін бағалауға арналған кредиттік жүйеге кіріспе;
- Жеке оқу жоспарында формаланған, оқу жоспарына кіретін таңдау пәнін оқушылар ерікін таңдау;
- Оқушыларды ерікін таңдау;
- Оқыту траекториясын таңдауға әсер ететін, оқу процесіне эдвайзерді жұмылдыру;
- Оқытудың интерактивті әдісін қолдану;
- Оқу бағдарламасын меңгеруде студенттердің өзіндік жұмысын белсендету;
- Оқу процесін ұйымдастыруда университете академиялық еркінділік;
- Оқу процесін барлық қажет оқулықтармен және әдістемелік материалдармен қағаз жүзінде және эектронды тасмалдағышта қамтамасыз ету;
- Әрбір оқу пәндері бойынша студенттердің білім алу дәрежесін балды - рейтинг жүйеде бағалауды қолдану;
- Пәнді оқытуды шығармашылық формада белсенді ұйымдастыру, яғни- тренингтер, пікір таластар, кейс-сатысы, дөңгелек стол, диспут, іскерлік ойындар, семинар және т. б.
Білім берудің кредитті технологиясының артықшылығы болып, оқу процесін ұйымдастырудың біліктілігін жоғарылатуда, жоғары тәжірибемен алмасуда, педагогикалық іскерлікті барлық уақытта жаңартып отыруды талап етуі саналады. Сонымене қатар, білім берудің кредитті технологиясының артықшылығы болып әкімшілік өкілдерінің және ғылыми жұмысшының, оқытушының, студенттің мобильділігін демеуге, оқытудың әр түрлі деңгейіндегі оқу процесіндегі аккумуляцияны қолдануға жатқызуға болады.
Мобильділіктің астарында көбінесе студенттер жеке қажеттілігіне немесе өзінің мәдениетін және білім деңгейін жоғарылатуға тырысып студенттердің басқа оқу орнында және басқа елдерде оқуын жалғастыуын түсіндіреді.
Оқу процесі шығармашылық жағын көрсететін жағдайда және көбіне өздігінен білім алуға негізделгенде, білім берудің атқаратын ролі өзгереді.
Студент қажет деңгейде білім алуы бүгінде жеткіліксіз, демек студент өзінің даму деңгейіне жетуді көрсететін нақтылы жаңалықтарды және іскерлікті игеруі қажет.
2 Пәннің мақсаты, мәні және оқу жүйесіндегі оның орны
2. 1 Пәнді оқытудың мақсаты
Пәннің оқытутдың мақсаты ұлттық қаржылық есептілік және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына, сондай-ақ нормативтік-құқықтық құжаттарга сәйкес кәсіпорындардағы бухгалтерлік есеп жұмысының ұйымдастырылуының негізін окыту болып табылады.
2. 2 Пәнді оқытудың міндеті
«Бастапқы есеп және құжат айналымы» пәні студенттерге бухгалтерлік есеп беру, синтетикалық және аналитикалық есеп, мекеменің меншікті қаржылық жағдайы, қаржылық есептің жүргізу концепциясы, бухгалтерлік ақпараттарды дайындау және қолдануды түсіну, басқару шешімдеріне сай шешім қабылдау, нарықтық экономикадағы мекемелердің стратегиясы мен тактикасын айқындауды үйретеді.
2. 3 Пәнді оқу нәтижесінде алатын білім мен дағдылары.
«Бастапқы есеп және құжат айналымы» пәнін игерген студент бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуын, шаруашылық жүргізуші субъектілерде болған операцияларды бухгалтерлік үлгілерге түсіріп, кәсіпорынның балансын жасауды меңгере алады.
Пәннің пререквизиттері.
- «Экономикалық теория»;
- «Макроэкономика»;
- «Микроэкономика»;
- «Экономистерге арналған математика».
Пәннің постреквизиттері.
- «Бухгалтерлік есеп негіздері»;
3 Оқу жоспарынан көшірме
3. 1 Күндіз оқитын бөлімге
Практ.
сабақ
Зертханалық сабақ
Сстуденттердің жеке жұмысы
Курстық жоба, жұмыс
СӨЖ
ОСӨЖ
3. 2 Сырттай оқитын бөлімге
Практ.
сабақ
Зертханалық сабақ
Сстуденттердің жеке жұмысы
Курстық жоба, жұмыс
СӨЖ
ОСӨЖ
4 Білімін бағалау
2 Курс саясаты:
- СӨЖ арналған тапсырмалар бірінші аптада беріледі.
- Студент қатыспаған сабақтарын кафедрада бекітілген кестеге сәйкес тапсырады.
- Ағымды аптада тапсырманы дер кезінде орындамаған жағдайда бағасы 20% төмендетіледі.
- Студент семестр барысында оқытушы анықтайтын тізбеге сәйкес кем дегенде 6 тапсырма орындауы тиіс.
- Әрбір тапсырма оқытушымен 100% дейін бағаланады, пайызды баллға компьютер есептейді
- Әрбір межелік бақылау 30 баллдан есептеледі
- 30-дан кем емес балл жинаған студент емтихан тапсыруға жіберіледі.
- Аралық аттестациалық (емтихан) 40 баллға дейін бағаланады, төменгі балл- 20.
Студенттердің білімін бағалау
Лектордың келісімімен басқа жеке тапсырманың тірлерін (лабораториялық қондырғыны құру, макеттер, видеолекция, мультимедиялық өңдеулер, интеллект- карт және т. б. ) орындауға болады.
Ағымдағы бақылауды студенттің оқу процесін үлгерімі бойынша әрбір тапсырманы орындауымен 100 балл деңгейде бағалау.
Аралық бақылау және ағымдағы бақылаудың қорытынды нәтижесі академиялық аралықта алған, барлық жинаған бағаларының орта арифметикалық қосынды есебі.
Студенттердің білімінің қорытынды бағасы
Пәннің құрылымы
Дәріс- пәннің негізгі теориялық материалдарымен танысу мен меңгеру. (Дәріс түрлері-Ақпараттық, пресс конференция, сұхбаттасу, ) . Әрбір дәріс кезінде өткен тақырыптары қорытындылау үшін тестік бақылау, сұрақ-жауап жүргізіледі.
1. Тақырып. Бухгалтерлік есептің мәні мен мазмұны
2 Тақырып. Бастапқы есепке алу және құжатайналысы
3 Тақырып. Құжаттарды жүйелеу мен олардың сақталуы
4. Тақырып. Екіжактылық принципі және баланстық теңдік
5. Тақырып. Екі жақты жазу және бухгалтерлік есеп шоттары
6 Тақырып. Есеп саясаты
7. Тақырып. Ақша қаражаттарын есепке алу
8. Тақырып. Дебиторлық борыштарды есепке алу және құжаттау
9. Тақырып. Қорларды есепке алу
10. Тақырып. Негізгі құралдарды есепке алу
11. Тақырып. Материалдық емес активтер есебін құжаттау
12. Тақырып. Міндеттемелер есебі және оны құжаттау
13. Тақырып. Капиталды қалыптастыру және оны құжаттау
14. Тақырып. Қаржылық есептіліктің құжаттық рәсімделуі
Практикалық сабақ -дәрістен кейін жүргізілетін, пәннің негізгі бөлігін оқытады. Практикалық сабақ практикалық есептер шығарумен, жағдаятты шешумен, іскерлік ойын жүргізумен, миға шабуыл, іскерлік ойын, коллоквиум түрінде жүргізіледі. Практикалық сабақта студент өткен сабақтар бойынша барлық тапсырмаларды орындауы керек, сонда ғана студент толық сабаққа қатысты деп есептеледі.
«Бастапқы есеп және құжат айналымы» пәнінен студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастыру
Пән бойынша студенттің өзіндік жұмысын (СӨЖ), оқу ізденіс жұмысын (ОІЖ), ғылыми-ізденіс жұмысын (ҒІЖ) айыра білу қажет, СӨЖ әрбір тақырыпта кездеседі, оқу жоспар шегінде жүргізіледі, пәнді меңгерудегі міндетті элемент болып табылады.
Студенттің оқу ізденіс жұмысы жеке тақырып бойынша ұйымдастырылады, сондықтан ол терең меңгеруді талап етеді, ол бойынша лабораториялық сабақтар қойылған, студент ғылыми ізденіссін жалғастыра алады, эксперементтер жүргізу және түрлі нұсқаларын қарастыру арқылы. « Бастапқы есеп және құжат айналымы» пәні бойынша - бұл эссе , баяндама жазба, тақырып бойынша реферат, презентация дайындалуы мүмкін.
СӨЖ нәтижесі көп жағдайда дұрыс жоспарланумен анықталады .
СӨЖ материалды өз бетінше меңгермен және үй жұмысын орындау.
ОСӨЖ - аудиториялық сабақта оқытушының көмегімен материалды меңгеру (Office House) . СӨЖ және ОСӨЖ тапсырмалары практикалық сабақта жүргізіледі, сондықтан барлық оқу материалдары Syllabusта ұсынылған.
Дәріс конспектісі студентке тақырыпты меңгеру барысында жол көрсетіп отырады. Пәнді жеткілікті түрде меңгеру үшін студент міндетті түрде барлық ұсынылған әдебиеттерді қарастыруы қажет және өзіндік жұмыстың толық көлемін орындауы керек.
Тест тапсырмалары студенттің пән бойынша өз білімін тексеруге көмектеседі.
- жүргізіп(тез) оқу(Skim) - «Бағдарламалық оқытуға (Syllabus) » сәйкес берілген материалды оқу.
- тақырып бойынша шолу (Review) - қысқаша түрде әдебиеттен 1-2 бет жазба жұмысын ұсынылған тақырып бойынша шығарылымдардағы қосымша материалдарды және интернеттегі ақпарат ресурстарын пайдалана отырып жазу.
- глоссарий жазу (Glossary) - ұғымдар мен терминдер анықтамасын түсіндіріп жазу.
- презентация (Presentation) - таңдаған тақырыбы бойынша студенттің өз ойын - пікірін дүниетануын білдіруі және оны қорғауы. Презентация тақырыпты қалай айқындауы, ашуы, қызықтыруымен бағаланады (8-10 минут) .
- Айқындап жағдайды үйрену-нақты жағдайларда қойылатын сұрақтарға өз ойынша жауап беру немесе жауаптарды өзінше жобалау.
- Іскерлік ойын (Business Game) -Болашақ мамандығына қажетті дағдыларды қалыптастыру мақсатында келешек мамандығында атқаратын жұмыстарын ойын ретінде белгілі рольде, топта ойнау (алдын-ала дайындалу керек) .
- Топтық жоба, - 4-5 студенттен құралған топтар, оқу материалы бойынша өз жобаларын жасап, оларды қорғайды. КТК (КВН) түрінде өткізуге болады.
- Жеке жоба- маңызды және өте қызық ғылыми зерттеулер нәтижелері, жетістіктерді қамтитын баяндамалар білім деңгейі жоғары студенттер ұсынысы бойынша тақырыпқа сәйкес жасалады.
Ескерту: барлық тапсырмалар студенттермен орындалады және қатаң түрде бекітілген мерзімде оқытушыға тапсырылады.
«Бастапқы есеп және құжат айналымы» пәні бойынша ОСӨЖ сабағының ерекшеліктері:
- Берілген тақырыптар бойынша студенттердің өзіндік жұмыстары және дәріс материалдары меңгерілгеннен кейін жүргізіледі.
- Бақылау-кеңес беру аудиториялық сабақ түрінде жүргізіледі.
- Материалды қорытындылау үшін практикалық сабақ ретін орындауда, студенттке қиын тақырыпты қайта тыңдауға мүмкіншілік береді.
- Осы сабақта студент қарастырылған бағдарламадағы бақылау тақырыптарын өткізеді (СӨЖ, глоссарий, эссе және т. б. ) .
- Жоғары баға алу үшін керекті (жетіспеген) баллдарды жинау мүмкіншілігі.
- Экспериментальды жұмыс оқу жоспарына енетін, барлық пәндерден студенттің өзіндік жұмыстарында, педагогигалық мақсатты тұрғыдағы көмек үшін ұсынылған.
- Студенттерге бағдарлама материалдарын меңгеру үшін қажет, жұмыс тәсілдерін таңдауға көмектеседі.
- Ереже ретінде, арнайы тақырыпқа арналады, студенттер терең дайындалу үшін.
ОСӨЖ жүргізу тәртібі: сұрақ-жауап нысаны; оқытушының студенттермен сұхбаттасуы; практикалық тапсырмалар мен жаттығуларды орындау; творчестволық тапсырмаларды орындау және т. б.
Ескерту:
Білімін бақылауды жүргізу (студенттің қаншалықты тапсырманы меңгергенін анықтау мақсатында ауызша жауап алу)
Баға қою және студенттерге хабарлау
Үлгермеуші және сабақты жіберген студенттер үшін жеке кеңес
Тапсырманы орындамаған жағдайда, жалпы (қорытынды) бағасы төмендейді.
Пәнді әдістемелік қамтамасыз ету
Әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер
1. Мырзалиев Б. С. Кәсіпкерлік қызметте бухгалтерлік есепті ұйымдастыру : оқу құралы / Б. С. Мырзалиев, Р. С. Әбдішүкіров. - Алматы: Заң әдебиетi, 2006. - 163 с
2. Мырзалиев Б. С. Методика составления бухгалтерских проводок : практикум / Б. С. Мырзалиев, Т. К. Бекжанова, Р. С. Абдушукуров. - Алматы : Юридическая лит., 2007. - 118 с
3. Мырзалиев Б. С. Основы бухгалтерского учета : Учебное пособие / Б. С. Мырзалиев, Р. С. Абдушукуров. - Алматы : Юридическая лит., 2006. - 160 с
4. Мырзалиев Б. С. Практикум по бухгалтерскому учету на предприятиях и организациях: Специальный курс : учебное пособие / Б. С. Мырзалиев, Р. С. Абдушукуров. - Алматы : Юридическая лит., 2006. - 232 с
5. Нурсеитов Э. О. Путеводитель по международным и национальным стандартам финансовой отчетности : словарь-справочник / Э. О. Нурсеитов, Д. Э. Нурсеитов. - Алматы : ТОО "Союз Эксперт Инфо", 2008. - 208 с
6. Нурсеитов Э. О. Руководителю и бухгалтеру о контроле сохранности имущества / Э. О. Нурсеитов. - Алматы : ТОО "Союз Эксперт Инфо", 2007. - 112 с
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz